Дамыған орта ғасырдағы мемлекеттер. Қазақстанның экономикалық мәдени дамуы


Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Дамыған орта ғасырдағы мемлекеттер:
а) Қарахан мемлекеті
б) Қарақытай мемлекеті
в) Найман және Керейт ұлыстары
г) Қыпшақ хандығы
4. Қазақстанның экономикалық мәдени дамуы (XI-XII ғасырдың басы)
ІІІ. Қорытынды
ІV. Әдебиеттер
1. Тарих ғылымының адамзат және қоғам өміріндегі мәні мен маңызы ерекше және ол ежелгі ғылымдардың бірі болып табылады. Әрбір ұрпақтың өткен тарихты оқып үйренуі, одан тағылым алуға деген талпынысы барлық ұлттар мен халықтар үшін заңды құбылыс. Әрбір азамат өз елінің өткені мен тарихын білуге, Отан тарихының тәжірибесі мен құндылықтарын келесі ұрпаққа үйретуге міндетті. Тарих барлық ғылымдардың атасы деп бекерге айтылмаса керек. Қазақ елінің ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы әлемдік тарихтың құрамдас және маңызды бөлігі болып табылады.
Қазақ халқы қазіргі мекеніне басқа жақтан ауып немесе басқыншылық
жолмен келген жоқ. Олар ғасырлар бойы осы аймақты мекендеген тайпалар мен халықтардан қалыптасты және Қазақ халқының қалыптасу тарихы мейлінше терең және күрделі. Оның тарихы XIV-XVI ғасырлар мен ғана шектелмейді, бұл мәселенің түп тамырын Қазақстан аумағын мекендеген алғашқы тайпалардан іздеу керек. Қазақ халқының арғы ата тектері тарихта әр түрлі этнонимде белгілі, олар Еуразияның қатаң табиғат жағдайында тіршілк етіп, әрқилы тарихи оқиғаларды бастан кеше отырып, ішкі алауыздық пен ауыртапалықты жеңе білді, өздерінің бостандығы мен тәуелсіздігін сыртқы жаулардан жанқиярлықпен қорғады.
Еуразияның кең байтақ кеңістігіндегі көшпенділер өркениеті біздің жыл санауымызға дейінгі ХI ғасырдан бастап, біздің заманымыздың ХVIII ғасырына дейін өмір сүрді және осыншалықты ұзақ уақыт пен бірегейлік және біртұтастық қадір-қасиетін сақтаған дала өркениеті жеті мың шақырым аралықты қамтыды. Қазіргі монғол жерінен Донға дейін созылған географиялық аймақта этномәдени тұрмыстық өркениет қалыптасты, әлемдік дамуға едәуір үлес қосты. Қазірге дейін жеткен зороастризмді (тәңірлік дүние таным) таратты, металл қорытудың көне ордасы болды, төл жазуын, күн түзбесін ойлап тапты.
Қытай, Иран, Грек-Рим, Византия өркениеттерімен тоғысқан түркілер жаңа мәдениет типін қалыптастырды. Егер бірінші түрік қағанатында соғыды тілі үстемдік етсе, екінші түрік қағанатында руналық жазу тарады. Аталған аймақтан алтыншы VII-XIII ғасырларда жазылған 200-ден астам тас ескерткіштер табылды. Б. з. д V ғасырға жататын Есік қорғанынан табылған жазулар дала өркениетінің жазуын одна әрі де алыстата түседі.
Көп уақытқа дейін көшпенділерді өз бетімен дами алмайтын, жасампаздық қасиеттен мүлдем ада, қырып-жойғыш, бүлдіруші күш ретінде көрсету басым болып келеді. Бұл пікір көшпенділермен отырықшылардың өмірліқ рухани мүдделерінің ешқашан бітіспейтін, ежелден бірі-біріне деген жауластығы бар деген қисынға сүйінеді. Бұл қисынды өздерінің отарлық саясатында шебер пайдаланған Ресей жаулаушылары Орталық Азия кеңістіктеріне қол сұғушылықты өркениетті әлемнің қауіпсіздігіне жасалып жатқан қамқорлық ретінде түсіндіруге тырысты. Патша генералдары бастаған отарлық саясатты бүтіндей халықтардың санасын жаулап алуда кешегі кеңес өкіметінің тоталитарлық жүйесін еселей жүргізді. Халықтар тарихын қолдан бұрмалаудың қаншалықты зардапты болғандығы енді аңғарылып отыр
Көшпенді өмірдің болашағы жоқ бұлдыр қоғам ретінде дәріптелуі 20-30 жылдардағы тәркілендіріумен жаппай ұжымдастыру зобаландары кезінде айқын көрінді. Бар тіршілігі мен тұрмысы көшпенділікке негізделген қазақ қауымы үлкен күйзеліске ұшырады. Бұл бүтіндей бір халықтарды қыруды қолдан ұйымдастырған қызыл империяның нәубеті еді. Тарихи дамудың сан алуан жолының бәрі жоққа шығарылып, тек тап күресі ғана бір жақты дәріптелді. Оны мойындағысы келмегендер аяусыз жазаланды. Кеңестік жүйе адамдарды тариха снадан айру арқылы халықтарды тек өткенінен ғана емес, оны болашағынан айруды көздеді.
2. Біздің заманымыздың VI-ғасырынан бастап монғол шапқыншылығына дейінгі кезең отан тарихында «Түркі дәуірі»деп аталады. Бұл кезең біріншіден, Қазақстан тарихындағы күрделі өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл кезеңде әлемнің басқа аймақтарындағы сияқты қазақ даласында да феодалдану процесі жүрді. Қазақстан аумағын да қоса қамтыған үлкен империя құрылды. Екіншіден, байырғы халықтың, атап айтқанда қазақ халқының этникалық тегінің қалыптасуы тездей түсті. Үшіншіден, көшпелі шаруашылықпен бірге қала мәдениеті дамыды, қазіргі дейін келіп жатқан әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер және әлемдік өркениеттің бір бөлігі болып табылатын өзіндік өркениет-көшпелілер өркениеті одан әрі жетілдірілді. Төртіншіден, аталған уақытта Қазақстан аумағында түркі тілдес бірнеше мемлекет өмір сүрді. Олардың ұқсас шаруашылығы мен мәдениеті бір-бірін толықтыра түсіп және ерекшеліктері болды.
Қазақстан аумағындағы түрік мемлекеттерінің және оның тұрғындары түрік тілдес халықтардың өмір сүруі ғайыптан пайда болған жоқ. Оның да ұзаққа созылған үрдісі, қалыптасуы, орнығуы сияқты тарихи алғышарттары болды. Бұл кезеңді әлемдік тарихтан бөле-жара қарау мүмкін емес. Өйткені, бұл кезеңде құл иеленушілік заман аяқталып жаңа өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштер қалыптасып келе жатқан болатын. Тарихтың бұл үрдісінен Қазақстан аумағы және бізбен көршілес жатқан аймақтарда қалыс қалмады.
Түркі тайпаларының алғашқы мол легі Қазақстан мен Орта Азияның көп бөлігін мекендеп қалса, кейінгі тобы Иран мен Закавказьеге, Қара теңіз жағалауына, XI ғасырда оғыздар мен түркімендер кіші Азияға қоныс аударды. Осылайша қазіргі түркі тілдес мемлекеттердің-Түркияның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Түрікменстанның және Азербайжанның негізі қаланды. Сонымен бірге Ресей федерациясының құрамына Якут, Татар, Башқұрт, Тува, Шуваш, Шешен, Ингуш республикары және алтайлықтар, қарашайлар қумықтар, балқарлар, ноғайлар, және т. б. бар.
Қазіргі уақытта түркі дүниесінің тарихымен мәдениетін зерттеп, оны әлем жұртшылығына мойындату және жаңарту мақсатында едәуір жұмыстар атқарылуда. Бауырлас халықтардың ғалымдарымен зиялы қалым өкілдері бірлесіп жұмыс жасауда, өзара тәжірибелер алмасып, бұл салада бір-біріне қол ұштарын созуда.
3. а) Қарахан мемлекеті.
940 жлдан бастап Қазақстанның оңтүстігінде Қарахан мемлекеті пайда болды. «Қарахан»терминнің шығуы туралы дерек жоқ. Дегенменде тарихшыладрдың басым көпшілігі бұл терминді белгілі бір әулеттің атымен байланыстырады. Олар бұл әулетті Оңтүстік Тянь-Шаньді мекендеген яғма тайпасынан шыққан деп есептейді. Бұлай деп көрсетуге XII ғасырдағы Иран авторларының бірі «Яғма падишасын боғра-хан дейді» деп көрсетуі негіз болды. Яғни, боғра-хан атағын алғаш рет яғма тайпасынан шыққандар иеленген. Демек, мемлекеттің аты да оны басқарған әулеттің аты сияқты шартты болып табылады. Басшы, билеуші мағынасы «қарақақан» сөзіне негізделген. «Қарахандар» терминін алғаш рет XIXғасырдың ортасында орыстың шығыстанушысы В. В Григорьев енгізді.
Қарахан мемлекетінің құрылуына Қарлұқ мемлекетінің тайпалары ерекше зор роль атқарды. Қарлұқ мемлекетінің әлсірегенін пайдаланған қарлұқтардың чигиль және яғма тайпалары үстемдікке ие бола бастады. Қарахан мемлекетінің негізін Сатұқ Боғра хан қалады. Ол 942 жылы Баласағұнда билеушіні құлатып өзін жоғары қахандеп жариялады және ол басқарған мемлекеті қарахан мемлекеті деп аталды. Қарахан мемлекетінің аумағы Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдарья, Шу, Талас өзендерінің бойын алып жатты. Мемелекеттің астанасы Шу бойындағы Баласағұн қаласында орналасты. Боғра хан өлгеннен кейін мемлекет билігі оның баласы Мұсаға көшті. Ол 960-жылы Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады.
Қарахан билеушілері ұзақ жылғы соғыстан кейін 1004-1005 жылдары бүкіл Мауереннахр жерін басып алған. Жер үлесі бойынша Қарахан мемлекеті шығыс және батыс бөліктерден тұрды. Жетісу мен Шығыс Түркістан шығыс бөлігіне, Мауерененнахр батыс бөлігіне қарады. Шығыс бөлігінің саяси орталығы Баласағұнға жақын жердегі Орда, кейіннен Қашқар, батыс бөлігінің орталығы Өзгент. Кейіннен Самарқанд қаласы болды. Көп ұзамай мемлекеттің екі бөлігі бір бірімен жауласып жеке жеке екі мемлекетке, шығыс және батыс қағанаттарна бөлінді.
Мемлекет басшысы қақан деп аталды. Ол сонымен бірге қарахан әулетінің басшысы болып саналды. Қақанға ең жақын адам уәзір болып саналды, ол жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі қызметін атқарды. Барлық жер билеуші әулеттің меншігіне айналды. Мемлекет өз билеушілері басқарған аймақтарға бөлінген сондай ірі аймақтардың орталықтары Тараз, Испиджаб және Баласағұн қалары болды. XI ғасырдың басында Баласағұн жоғарғы қағанның үлес жері, Тараз бен Испиджаб олардың жақын туыстарының қолына шоғырланды.
ә) Қарақытайлар (қидандар)
X ғасырда Орталық Азияның көптеген аудандарында саяси үстемдікке Қытай билеушілерінің күш-қуатын талқандаған көшпелі қидан тайпаларынын көсмдері ие болды. Қарақытай-Манғол тілді қидандардың орта ғасырлық шығыс авторлары жазбаларындағы атау. Тарихи деректерде олар V ғасырдың екінші жартсынан бастап кездеседі. Олар бұл кезде Қытайдың солтүстігіндегі Мальчужрия мен Уссури өлкесін мекендеген X алғаш ширегінен бастап Тынық мұхиттан Алтайға дейінгі жерлер қидандардың қол астында болды. Қидандар мемлекеті бұл кезде Ляо империясы деген атпен белгілі болатын XI соңымен XII басындағы әлуметтік қайшылықтар Ляо мемлекетін әлсіретті. 1125 жылы қытайлық Сунь мен чжурчжендер бірігіп қидандарды талқандайды. Қидандардың бір бөлігі чжурчжендерге бағынса бір бөлігі батысқа қарай көшеді. 1125 жылы Қарахан әулеті оған бағынышты тайпалар арасындағы алауыздықты тиімді пайдаланған Қарақытайлар Қарахан мемлекетінің ішкістеріне араласы бастайды. 1128 жылы Қарақытай көсемі Елудаши Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнықтырады. Олар 1137 жылы Ходжентті, 1141 жылы Самарқанды жаулап, бүкіл Мауереннахр жерін өзіне бағындырды.
Қидан мемлекетінің басшысы гүрхан деп атылады. Баласағұн мемлекеттің астансына айналады. Қарақытайлардың ұстанған діні буддизм болғанымен олар өз діндерін жергілікті халыққа күштеп таратпады және Ислам дініне араласпады.
б) Найман және Керейт ұлыстары
Наймандар мен Керейттердің шығу тегі мен тарихы өте күрделі мәселе. Ғалымдардың көпшілігі оларды түрік тілдес халықтар десе, кейбіреулері манғол тілдес халықтар дейді. Бұл мәселеде ғалымдар бір тоқтамға келген жоқ. Сегіз оғыз атанған Найман тайпалары VIII ғасырдың ортасында Жоғарғы Ертіспен Орхон өзендері арасын мекендеген. Ал керейттер Наймандардың шығысында Селенга өзенімен Халкин-Гол аймағында өмір сүрген. XII ғасырдың екінші жартысында Тоғрылхан тұсында керейттер ұлысы күшейе түседі.
Керейттер мен Наймандардың мемелекеттік құрылымы берік болмады, үнемі көшпелі өмір сүрген бұл тайпалардың мемлекеттік құрылымы Ұлыс деп аталады. Ұлыс әскері ондыққа, жүздікке, мындыққа және түменге бөлінді. XII ғасырда найман ұлысында іс жүргізу қызметі де болды, ол ұйғыр жазуымен жүргізілді. Керейттер мен наймандар негізінен нестриондық бағыттағы христиан дінін ұстанады.
Наймандар мен керейттер көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Жылқы олардың басты байлығы болып есептелді. Наймандар мен керейттер сонымен бірге аң аулауды да кәсіп етті. Бірақ бұл кәсіптер қосымша маңызға ие болды. Наймандар мен керейттер оңай жиналып және оңай құрылатын киізбен жабылатын күркелерді тұрды.
XII ғасырдың аяғы мен ХIII ғасырдың басында наймандар мен керейттер Шыңғыс хан әскерлерінің шабуылынан ығысып, Орталық Азиядан Қазақстан хан қарахандарды талқандап Жетісуда өз билігін орнатады. Мұсылман дінін ұстанушыларды қудаланғандықтан Күшлік ханға хан әскерлерінен жеңілген наймандар Қазақстанның ішкі аймақтарына ығысады. Орталық Азия түкпіріне қашқан Күшлік хан кейіннен ұсталып өлтірілді.
в) Қыпшақ хандығы
Қыпшақтар-қазақ халқының және бірқатар түркі халықтарының негізін құраған тайпалардың бірі. Қыпшақтар тарихы әр уақытта Алтайдан бастап Шығыс Еуропа жерлерін мекендеген ірі ұлыстардың қатарынан орын алады. Махмуд Қашқаридың жазбаларында қыпшақтардың құрамына (ІХ ғ. ) имақ, қанды, бөрлі, субар, жете, қарабөрікті, тоқсаба және т. б. тайпалар мен рулардың болғандығы айтылады. Қыпшақтар аталған аумақта мемлекетін құра алды. Солардың бірі-қыпшақ хандығы.
Қыпшақ хандығы қазіргі Қазақстан аумағында ХІ ғасырдан ХІІІ ғасырдың бірінші ширегіне дейін өмір сүрді. Бірақ «қыпшақ» атауы бұдан да көп ертеректе ежелгі түрік жазбаларында кездеседі. VІІІ ғасырда Батыс түрік қағанаты құланғаннан кейін Алтай тауы мен Ертіс жағалауын қыпшақтардың көптеген тайпалары мекендеген. Қыпшақтар бұл кезде қимақтардың құрамында болған. VІІІ ғасырдың соңына қарай қыпшақтар қимақтардан бөлініп кету үшін батысқа қарай көшеді, бірақ тәуелсіздікке қолдары жетпейді. ІХ-Х ғасырларда қыпшақтар тарихы қимақтар тарихымен бірге дамыды, яғни қыпшақтар қимақ қағанатына саяси тәуелді болды. ХІ ғасырдың басында қимақ қағанаы құлағаннан кейін әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшеді.
ХІ ғасырдың екінші ширегінде қыпшақ тайпалары Сырдария бойынан және Арал, Каспий өнірінен оғыз тайпаларын ығыстырады. Осы кезден бастап бұл аймақта бұрын аталып келген оғыздар даласының орнына Дешті Қыпшақ аты пайда болады. ХІ ғасырдың орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден өтіп батысқа қарай жылжиды, олар оңтүстік орыс далалары арқылы Дунайға, Венгрияға дейін барады. Ертіспен Днестрне дейінгі үлкен аумақты алып жатқан қыпшақтар аумағын ғалымдар екі үлкен этникалық-аумақтық бірлікке бөлінеді. Біріншісі, Тоқсаба рулық әулиеті билеген Батыс қыпшақ бірлестігі, екіншісі, Ел-Бөрі руының хандары билеген Шығыс қыпшақ қағанаты.
Қыпшақ хандығының саяси билігінде хандар шешуші ықпалға ие болды. Өкімет билігі әкеден балаға мұра болып қалдырылды. Хан ордасына ханның дүние мүлкі мен армиясының ісін жүргізетін басқару аппараты болған. Дешті Қыпшақ мемлекетінің астнасы ұзақ жылдар бойы Сыр бойыындағы Сығанақ қаласында орналысты. Сағынақ сол кездері Дешті Қыпшақтың басты қақпасы атанған ірі сауда және әкімшілік орталығы ретінде әйгілінеді.
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік жағынан тең болмаған. Теңсіздіктің бірінші белгісі малға жеке меншілік болып табылады. Негізгі байлық жылқы малының санымен есептелді. Ірі байлардың жылқылары он мыңға дейін жетті. Жеке меншілік бұзған адам қатал жазаланды. Жеке меншілік малдарға рутайпа белгілері-таңбалар басылды. Соғыс кезінде қолға түскен құлдардың ешбір құқы болмады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz