Құран мен ертегіде ұқсастықтар бар ма?
Ең әуелі ұқсастықтарынан бұрын бұлардың айырмашылықтарын айтайық. Ертегілер – көп, ал Құран – жалғыз. Ертегілерді негізінен жан-тәнімен беріліп жас балалар, ал Құранды естері кетіп ересектер оқиды.
Ал енді Құран мен ертегінің ұқсастығы – бұл екеуі де ойдан шығарылған, ақылға симайтын қияли әңгімелер сияқты. Олай болатын болса, неге балалар ертегілерді ауыздарынан ашып, сілекейлерін шұбыртып, тамсана отырып тыңдайды да, ересектер Құранды аса қадірлеп, қастерлеп ұстап, әр сөзін қадалып оқиды? Осы мәселені тереңірек түсіну мақсатында біраз салыстырулар мен сраптамалар жасап көрейік. Ол үшін алдымен қарапайым ертегілерден бастайық. Ертегілердің барлығы да «Ерте, ерте, ертеде», «Баяғы өткен заманда», «Сонау бір атам заманда» деп басталады. Осының өзінде үлкен мән жатыр. Ертегі нақты уақыт білдірмейді. Себебі – өмірдің қашан басталғаны, одан бері қанша уақыт өткені бір Аллаға ғана мәлім. Сондықтан да ертегінің баян етпек болған уақыты – созылмалы, оның маңызы бұрын да болды, қазіргі күні де бар және болашақта да бола береді. Яғни, ертегі уақытқа бағынбайды, уақытқа тәуелді емес. Оған мына ертегі беташарына назар аударып толық көз жеткізуге болады:
Ертек, ертек ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен.
Ешкінің де, қырғауылдың да жүні мен құйрықтарының түр-түсі жыл маусымына қарай өзгергенімен, келесі жылдары без-баяғы қалпын қайталап отырады. Ертегілерді міндетті түрде осылай бастап айтқандығы ата-бабаларымыздың өте терең білім иелері болғандығын білдіреді. Осы бір ертегі беташарының өзі «адамды маймылдан шықты» дап оқытатын Дарвиннің эволюциялық теориясының қателігн кішкентай ғана бала білімінің деңгейінде дәлелдеп тұр. Ал ол теорияның қателігіне көптеген тәжірбиелер мен зерттеулер жүргізудің нәтижесінде ғалымдардың көздері енді ғана жетіп отыр. Адам маймылдан шыққан жоқ. Адам ата мен Хауа ана әуел баста жаратылып, ол екеуінен адамзат ұрпағы таралды. Маймыл да о баста жаратылды, қазір де сол баяғы маймыл. Барлық жан-жануарлар мен өсімдіктердің болмысы әуел баста жаратылып, төменгі дәрежеден жоғары қарай емес, өз деңгейлерінде, бір түрде бола тұрып, сапалық жағынан ғана заманға сай өзгеріске ұшырап келеді.
Біздер ертегіге «ойдан шығарылған, қиял ғажайып оқиғаларға толы ауыз әдебиет туындысы» деп анықтама беріп жүрміз. Осы уақытқа дейін олай деуге мәжбүр болған шығармыз, ал енді мына бүгінгі егемендік алып, алды-артымызға көз жіберіп, өткен-кеткен кемшілігімізді түгендеп, түзеп-түстеп, өзімізді өзіміз тамырын тереңге жайған тарихы бар жеке дара ұлт ретінде танып, рухани жаңғыруға ұмтылып жатқан кезде мұндай ой-қылықтарымызды оңдамасақ жарамас деп ойлаймыз. Себебі – ертегі кездейсоқ ойдан шығарылған арзан дүние емес, керісінше, халық ауыз әдебиетінің құрылым жағынан алғанда ең қарапайым, ал рухани құндылығы жағынан баға жетпес аса қымбат көркем туындысы болып табылады. Ертегі – рухани тәрбиелік мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын, материялдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті тілмен баян етілген көрінісі. Негізінде ертегілерді пайда болу кезеңі мен мән-маңызына қарай екі түрге топтастыру қажет секілді: қазақ жеріне Ислам діні кеогеннен кейінгі пайда болған ертегілер деп. Талдауды алдымен Ислам діні келгеннен кейінгі ертегілерден бастайық. Себебі, бұлар уақыт жағынан бізге жақынырақ, әрі мұнда тарихи деректер көбірек. Екіншіден, бұл ертегілерді Ислам дінінің негізгі қайнар көзі – Алланың сөзі болып табылатын Қасиетті Құран Кәрім мен соңғы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хадистерімен салыстыра отырып талдау көп жеңілдіктер туғызады.
Құран Кәрім негізінен екі тайпаға: адам баласы мен жын тайпасына түскен. Біз, адам баласы, өзімізді жақсы білгенімізбен, жын түсініктеріміз өте аз. Олар жайлы тек аңыз-әңгімелерден, нақтылы ғылымға жатпайтын деректер мен алып-қашпа әңгімелерден ғана білеміз. Құран Кәрімде жынның жаратылысы – от делінеді (55:14-16). Табиғаты от болғандықтан жын дене пішіні мен түсін оңай өзгертеді. Адам баласына көрінгісі келсе ғана көрінеді, кез-келген заттың кейпіне айналып кете береді. Жын тайпасының да Аллаға иман келтіріп құлшылық ететіндері аса назар аударылып, ерекше көп айтылатын шайтан – осы жын тайпасынан шыққан және Құдайдың қаһарына ұшыраған малғұн. Ертегілердегі жалмауыз кемпір, жезтырнақ, пері, дию сияқты образдар мен адамға қастандық жасайтын жағымсыз кейіпкерлердің барлығы да – шайтан мен жын кәпірлердің баламалыры. Құран Кәрімде адам баласын балшықтан жасап оған рух енгізілгені туралы осы күнгі ғылым деректерімен үйлесім табатын аяттар көп. Осы күні адам денесінің өте күрделі және негізгі екі бөлік – жан мен тәннен тұратыны баршамызға мәлім болып отыр, ал адам денесін жандандырып тұрған екі күш – рухани әлемнен келген рух пен табиғаты материялдық заттан құралған нәпсі болып табылады.

Ең әуелі ұқсастықтарынан бұрын бұлардың айырмашылықтарын айтайық. Ертегілер - көп, ал Құран - жалғыз. Ертегілерді негізінен жан-тәнімен беріліп жас балалар, ал Құранды естері кетіп ересектер оқиды.
Ал енді Құран мен ертегінің ұқсастығы - бұл екеуі де ойдан шығарылған, ақылға симайтын қияли әңгімелер сияқты. Олай болатын болса, неге балалар ертегілерді ауыздарынан ашып, сілекейлерін шұбыртып, тамсана отырып тыңдайды да, ересектер Құранды аса қадірлеп, қастерлеп ұстап, әр сөзін қадалып оқиды? Осы мәселені тереңірек түсіну мақсатында біраз салыстырулар мен сраптамалар жасап көрейік. Ол үшін алдымен қарапайым ертегілерден бастайық. Ертегілердің барлығы да Ерте, ерте, ертеде, Баяғы өткен заманда, Сонау бір атам заманда деп басталады. Осының өзінде үлкен мән жатыр. Ертегі нақты уақыт білдірмейді. Себебі - өмірдің қашан басталғаны, одан бері қанша уақыт өткені бір Аллаға ғана мәлім. Сондықтан да ертегінің баян етпек болған уақыты - созылмалы, оның маңызы бұрын да болды, қазіргі күні де бар және болашақта да бола береді. Яғни, ертегі уақытқа бағынбайды, уақытқа тәуелді емес. Оған мына ертегі беташарына назар аударып толық көз жеткізуге болады:
Ертек, ертек ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен.
Ешкінің де, қырғауылдың да жүні мен құйрықтарының түр-түсі жыл маусымына қарай өзгергенімен, келесі жылдары без-баяғы қалпын қайталап отырады. Ертегілерді міндетті түрде осылай бастап айтқандығы ата-бабаларымыздың өте терең білім иелері болғандығын білдіреді. Осы бір ертегі беташарының өзі адамды маймылдан шықты дап оқытатын Дарвиннің эволюциялық теориясының қателігн кішкентай ғана бала білімінің деңгейінде дәлелдеп тұр. Ал ол теорияның қателігіне көптеген тәжірбиелер мен зерттеулер жүргізудің нәтижесінде ғалымдардың көздері енді ғана жетіп отыр. Адам маймылдан шыққан жоқ. Адам ата мен Хауа ана әуел баста жаратылып, ол екеуінен адамзат ұрпағы таралды. Маймыл да о баста жаратылды, қазір де сол баяғы маймыл. Барлық жан-жануарлар мен өсімдіктердің болмысы әуел баста жаратылып, төменгі дәрежеден жоғары қарай емес, өз деңгейлерінде, бір түрде бола тұрып, сапалық жағынан ғана заманға сай өзгеріске ұшырап келеді.
Біздер ертегіге ойдан шығарылған, қиял ғажайып оқиғаларға толы ауыз әдебиет туындысы деп анықтама беріп жүрміз. Осы уақытқа дейін олай деуге мәжбүр болған шығармыз, ал енді мына бүгінгі егемендік алып, алды-артымызға көз жіберіп, өткен-кеткен кемшілігімізді түгендеп, түзеп-түстеп, өзімізді өзіміз тамырын тереңге жайған тарихы бар жеке дара ұлт ретінде танып, рухани жаңғыруға ұмтылып жатқан кезде мұндай ой-қылықтарымызды оңдамасақ жарамас деп ойлаймыз. Себебі - ертегі кездейсоқ ойдан шығарылған арзан дүние емес, керісінше, халық ауыз әдебиетінің құрылым жағынан алғанда ең қарапайым, ал рухани құндылығы жағынан баға жетпес аса қымбат көркем туындысы болып табылады. Ертегі - рухани тәрбиелік мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын, материялдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті тілмен баян етілген көрінісі. Негізінде ертегілерді пайда болу кезеңі мен мән-маңызына қарай екі түрге топтастыру қажет секілді: қазақ жеріне Ислам діні кеогеннен кейінгі пайда болған ертегілер деп. Талдауды алдымен Ислам діні келгеннен кейінгі ертегілерден бастайық. Себебі, бұлар уақыт жағынан бізге жақынырақ, әрі мұнда тарихи деректер көбірек. Екіншіден, бұл ертегілерді Ислам дінінің негізгі қайнар көзі - Алланың сөзі болып табылатын Қасиетті Құран Кәрім мен соңғы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хадистерімен салыстыра отырып талдау көп жеңілдіктер туғызады.
Құран Кәрім негізінен екі тайпаға: адам баласы мен жын тайпасына түскен. Біз, адам баласы, өзімізді жақсы білгенімізбен, жын түсініктеріміз өте аз. Олар жайлы тек аңыз-әңгімелерден, нақтылы ғылымға жатпайтын деректер мен алып-қашпа әңгімелерден ғана білеміз. Құран Кәрімде жынның жаратылысы - от делінеді (55:14-16). Табиғаты от болғандықтан жын дене пішіні мен түсін оңай өзгертеді. Адам баласына көрінгісі келсе ғана көрінеді, кез-келген заттың кейпіне айналып кете береді. Жын тайпасының да Аллаға иман келтіріп құлшылық ететіндері аса назар аударылып, ерекше көп айтылатын шайтан - осы жын тайпасынан шыққан және Құдайдың қаһарына ұшыраған малғұн. Ертегілердегі жалмауыз кемпір, жезтырнақ, пері, дию сияқты образдар мен адамға қастандық жасайтын жағымсыз кейіпкерлердің барлығы да - шайтан мен жын кәпірлердің баламалыры. Құран Кәрімде адам баласын балшықтан жасап оған рух енгізілгені туралы осы күнгі ғылым деректерімен үйлесім табатын аяттар көп. Осы күні адам денесінің өте күрделі және негізгі екі бөлік - жан мен тәннен тұратыны баршамызға мәлім болып отыр, ал адам денесін жандандырып тұрған екі күш - рухани әлемнен келген рух пен табиғаты материялдық заттан құралған нәпсі болып табылады.
Құран Кәрімде адам балалары жерге келу мақматтары мен сенімдеріне қарай әр түрлі топтарға бөлінеді, олар: ең әуелі пайғамбарлар, тақуалар, иман келтірген мүміндер, тілдерімен иман келтіргенімен жүректерімен сенбейтін мұнафықтар, иман келтірмейтін һәм Құдайдың барына сенбейтін кәпірлер және көп құдайшыл - мүшріктер. Ертегілерде тазша бала, ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбақ шал, қойшы кедей сияқты жағымды кейіпкерелер мен жауыз бай, сұғанақ молда, тойымсыз ұры сияқты жағымсыз кейіпкерлердің барлығы да - осы Құрандағы әр түрлі адамдардың баламалыры. Адам баласының мақсаты - оның жауы нәпсі мен шайтанды танып, оларға қарсы күресіп, ал досы періштеден көмек алып, жүрегін таза ұстап, жанын кірлетпей ең жоғарғы сатысы - жананға жеткізіп, Алласына аман-есен аттану екендігі Құран аяттарында анық, әрі нақты жазылған (50:33-34). Ертегілер желісі де осындай айқын мақсатқа негізделген: басталуы мен даму барысы, сол жолдардағы кездесетін кедергілер мен тосқауылдар, олардан өткенде адамның рухани өсіп, аяғында мұратына жететіндігі нақты жүйеге құрылған.
Пйғамбарлар - Алланың тікелей елшілері. Олардың мақсаты - адам мен Алла арасында дәнекер болу, мына жалған өмірдің сынақ екенін түсіндіріп, Жаратушы егесіне құлшылық қылуды үйрету. Алла тағала пайғамбарларды үлгі ете отырып, солардың мысалында өзіне жету жолдарын көрсетіп, адам баласын тәрбиелейді. Мұхаммед (с.ғ.с) - соңғы пайғамбар. Бірақ пайғамбарлардың келуі тоқтағанымен олардың істері тоқтамайды, себебі оны жалғастырушылар, адамдардың арасынан шығатын Алланың сүйікті Құлдары - әулиелер. Дін Ислам келгеннен бері әр елег пайғамбарлардың жолын жалғастырушы, хақ дінінің тіректері қарапайым халық арасынан шыққан, барлық ғылымның қайнары - Қасиетті Құран Кәрімнің рухани қыр-сырларын игерген қаншама әулиелер келді. Жалпы әулиелер туралы түсінік алу мақсатында халық жазушысы Әбіш Кекілбаев ағамыздың Бекет Ата кітабына жазған алғысөзіне бір көз жүгіріп өтейікші. Аспан мен Жер арасындағы тіректің бар сыр-сипатын түсініп болдық деуге әлі ерте. Тіршіліктің түп бастауы қайда? Ол қалай шалқар арнаға айналды? Бастауы бар құбылыстың ақыры да болар ма? Ендеше, мұншама жүйелі дүниеге осынша сындарлы сипат дарытып отырған күш қандай? Барлығына тыңғылықты жауап тауып болған жоқпыз.
...Алайда, сол түп бастау Жарасым мен Заңдылықты жер үсті Сақшылары жоқ, тіпті болмаған деп ойлау ақылға сыймас нәмәрттық болар еді.
Ондай Абзал Ақыл иелері болған! Болғанда қандай! Бола бермек те!
Қолыңыздағы кітап сондай Дара Прасат, Дара Рух, Дара Шарапат, Дара Шапағат иесі хақында ел жадындағы кептерді баян етеді.
Жаппай бірдейлікті әспеттеген кезеңде Даралық атаула мансұқ етілді. Айырықшалық атымен ғайбатталады. Айырықша икем, айрықша ықылас, айрықша қабілет, айырықша ыждаһат, айрықша қасиет атаулы түгел жоққа шығарылады.
Сондай жаппай иманнан безген кісәапар заманда Атырау мен Арал, Орал мен КопетДаг арасын алып жатқан ұлан байтақ өлкенің ежелгі тұрғындары Қасиетті Бекет Атаға бағыштап бір қиянат сөз айталмаған, зәредей де қиянат қылық жасай алмаған. Бұл өлкедегі әр шаңырақ қуанған кезінде де, құлазыған кезінде де Бекеттің атын ауызға алған. Бір кезде осынау кең байтақ өлкеге жан-жақтан көз алартқан басқыншыны Оның атын айтып ұрандап, Оның ұрпағына ту көтеріп, қол бастатып тойтарыс берген. Біздің талай әкелеріміз бен ағаларымыз кешегі қан майданда жан алқымға келгенде одан медет сұрап, көз жұмғанда да артындағы шиттей ұрпағын Оған аманат қып қалдырғаны кәміл.
Жақсы заманда да, жаман заманда да Оған деген ел сүйспеншілігіне қылау түсіп көрген жоқ. Өйткені, Ол тірісінде - елінің жел жақтағы Панасы,, ық жақтағы Саясы бола білген Азамат. Жаудан елді арашалаған Батыр. Дауда әділетті арашалаған Қази. Озбырлықтан обал мен сауапты арашалаған Пірәдәр.
Оның қыранның қанаты талар қиян даланы жайлаған Ата Жұртының, Ата Мекенінің барлық шекарасында қырандар түлек түлететін қия шыңдардан өз қолымен тас қашап, тауды үңгіп, жер асты ғимараттар салып, мешіт-медреселер ашуы да ескі аңыздардағы Прометей мен Фархадтард, Қасиетті кітаптардағы Мұса мен Әзірет Әліні еске түсіретіндей ерек өнер. Шөл кезіп, ерні кезерген еліне асасының ұшымен тас шұқып, кәусар бұлақ тауып берген. Мұса Пайғамбардың Маңғыстау мен Үстірттегі Бекет Атаға байланысты жердің бәрінде де балдай бұлақ, көк құрақ, маңыраған арқар, таутеке. Олар - Елдіктің шебі. Елдіктің төрі. Оларды жауға алдырған жұрт Ел болып тұра алмайды. Ондай Елдік Намыс пен Иман ұяларын қастер тұта білмеген жан иесі қатарға кіріп, адам санатына еніп, қалтырамай жер басып жүре алмайды...
Міне, әулиелер - табанды ізденіс пен Құдайға қалтқысыз құлшылық етумен осындай ерекше қасиеттерге ие болған адамдар. Олар Пайғамбарлардың адам сенгісіз мұғжизаларын қайталай алады, оны әулиелердің кереметтері деп атайды. Солардың бір мысалы Бекет Атаның замандасы, Алматыдағы өз атымен даңғылдың бойында жатқан Райымбек бабамыздың жоңғарлармен соғыста Іле өзенінің суын найза салып қақ бөліп, әскерін аман сақтап қалуы мен сусыз жерден найза шаншып су шығаруы. Бұл мұғжизаны осыдан үш мың жыл бұрын Мұса Пайғамбар жасаған еді. Ол Құранда да айтылған. Ал енді осы мұғжизаны жапонның екі ғалымы (Токио университетінің ғалымдары М. Ивасака мен С. Уено) лабораториялық жағдайда жасап, оны эффект Моисея деп атады. Көлденең тұрған шыны түтікше ішіне жартылай су құйып, дәл ортасынан қиып өтетін магнит өрісінің қуатын жердің магнит өрісінен бес жүз мың есе арттырғанда су түтікшенің екі жағына қарай ығысқан, яғни Мұса Пайғамбар жасаған мұғжиза мен Райымбек бабамыз жасаған кереметтің бос сөз емес, ғылыми тілмен түсіндіруге болатын құбылыс екені айдан анық.
Шын әулиелерді бақсы-балгерлер мен неше түрлі қияс қасиеттерге ие адамдардан ажырата білуіміз керек. Оларды бақсы-балгерлер мен кейінгі кезде қаптап бара жатқан әруақтармен тілдескіш сансыз емші-домшылармен шатастыруға болмайды. Олардың да қасиеттері бар, бірақ ол қасиеттер - жалған, Құдайдан емес, жын кәпірлері мен шайтанның әсерінен болады. Бұл жайында Құран Кәрімде ескертпелер өте көп.
Әулие деген сөз Құран тілінде Құдайдың достары деген мағына береді. Қазақта мынадай мақал бар: Әулие Құдай емес, Құдайдан былай да емес. Ол баста Алла Тағала адамды әулие болу үшін, өзіне дос-халифа, яғни жердегі орынбасары болуы үшін жаратқан еді. (35:39)
Осы айтылып отырған әулиелердің барлығы да осы өмірдің өзінде сол мақсатқа жеткен, Алланың үмітін ақтап, жердегі орынбасарлық дәрежеге ие болған адамдар. Міне, Құдайдың ризашылығына бөленіп, сүйікті құлдарына айналған әулиелердің бастарынан өткен оқиғалар ел аузында аңыздар, я болмаса хикаялар деп айтылады. Ертегілердің басым көбі - осы аңыздар мен хикаялардың
өзегіне негізделген, халқымыздың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігіне бейімделіп берілген ғажайып рухани туындылар.
Енді осы айтылғандардың барлығын да Түс сатып алған Тазша (Ертегілер, Жазушы баспасы, Алматы, 1988 жыл, 2 том, 134-бет) ертегісінің нақты мысалында қарастырып өтейік:
Ертеде бір бай болыпты. Байдың үйінде жүрген бір күң болыпты. Күң жатса түс көріпті: басынан ай туыпты, аяғынан күн шығыпты, жүрегінің тұсынан жұлдыз туыпты. Ертең ерте тұрыпты. Бір байдың сиырын баққан Тазша балаға келіпті. Бала айтыпты:
- Е, жеңеше, қайда барасың? Күң айтыпты:
- Сенің байыңа жалдаңғалы келдім. Сиыр баққан бала айтты:
- Сен өтірік айтасың, сен бірдеме іздеп барасың.
Күң айтты: Түсімді іздеп барамын.
Бала айтты: - Айтшы не қылған түс?
Күң айтты: Айтайын, ұйықтап жатыр едім, түсімде басымнан ай туыпты, аяғымнан күн шығыпты, жүрегімнің басынан жұлдыз туыпты. Сол түсімді іздеп келемін. Бала айтты: Осы түсіңді маған сатшы.
Күң: Не бересің? - деді. Құнан шығар өгізім бар, сол өгізімді берейін, - деді. Күң айтты: Жарайды, түсімді берейін.
Бала құнан өгізді берді, күң алды, үйіне кетті. Бала кешке сиырын айдап үйіне келді. Сиырын қораға қамады. Темірден етік тіктірді, темір таяқ соқтырды, ертең ерте тұрды, беті-қолын жуды. Сиырын жаймады. Темір етік киді, темір таяқты алды, кетті. Бірінші назар аударатынымыз, сөйлемдер қарапайым болғанымен, Құран аяттарының мысалындай көп мағына береді. Негізгі кейіпкер Тазша бала - қарапайым, ақылды, зерек. Оның зеректігі ертегіде күңнің жай жүрмегенін аңғарып қойғанынан білінеді. Ал күң болса - рухани ұстаз. Оның рухани іліміне ертегіде көрген түсімен беріліп тұр. Тазшаның күңнің түсіне қызығып, сатып алуы - халықтың ілімін іздеуші болғандықтан рухани ұстазға шәкірт болуы, ал өгізін сатуы - өзінің бар күш-жігерін жұмсап рухани ілімді игеруі. Темірден етік тіктірді, темір аяқ соқтырды, ертең ерте тұрды, беті-қолын жуды. Осы бір сөйлемнің өзінен дүниенің әңгімесі шығады. Себебі тарихтан білеміз, тас, мыс, қола дәуірлері көп мың жылдар бұрын өтті, ал қазір темір дәуірінде, яғни ғылыми-техникалық прогрестің ең дамыған кезеңінде өмір сүріп отырмыз. Темір - бүкіл ғылымның бастамасы. Барлық ғылымның қайнар бұлағы - Қасиетті Құран Кәрім 114 сүреден тұрады. Сүрелердің дәл ортасындағы 57-ші сүре Әл хадид сүресі. Арабша Хадид - темір деген сөз. Егер абжад есебіне салып есептейтін болсақ хадид деген сөз 26-ны береді, ал Әл хадид 57-ні береді (х=8, д=4, и=10, д=4 8+4+10+4=26; ә=1, л=30; 1+3+26=57) Темірдің Менделеев таблицасындағы реттік нөмері - 26, яғни ядросына 26 протон және оны айналып жүрген 26 электрон бар деген сөз. Бұл жай кездейсоқ емес, себебі осы Темір сүресінің 26 аятында темірдің қасиеті туралы айтылған. Жалпы 26 саны қазіргі ғылымда үлкен маңызға ие. Осы айтылған деректер мен Құран сүресінің жәй сөз емес екенін көрсету мақсатында мына бір темірге қатысты сыр сөздері келтіріп кеткіміз келеді.
Текше - куб, қағыбаның мағынасы бір,
Сол текшеде жиырма алты саны тұр.
Алты жақ, сегіз бұрыш текшеде бар,
Және оған қосыңыз он екі қыр,
Хадидті әбжәдпенен есептеп көр,
Айтылған жиырма алты санын берер.
Қадір түні тағы тағы да осы санға,
Сиғызған талай сырды Тәңірім шебер.
Басында есім сөздің әл деп келер,
Ғараби артиклі әркім білер.
Соны қосып есепке алған болсаң,
Әл хадид елу жеті санын берер.
Қағба, хиблаң бар осы санда,
Қара тас - темір тас қой тағы сонда.
Сол темір таразы бар жүрегінде.
Хиблаханаң таза ұста деген Алла.
Бұл сыр сөздерді марқұм Ақжан Машанов атамыз сонау комунистік партияның қылышынан қан тамып тұрған уақытында-ақ жазып кеткен екен. Бұл өлеңнің ең маңызды тармағы - Сол темір таразы бар жүрегінде. Құран Кәрімде де жүректі мизан-таразы (әр нәрсенің өлшемі) туралы сөз болады. Міне, рухани ілімнің негізгі - жүрек таразысы жайлы ғылымның жай жеңіл зат емес, өте терең күрделі дүние екенін осыдан-ақ байқауға болады. Оны тек бір Аллаға сыйынып, таза жүрек, талмас талаппен іздегенде ғана игеруге болады. Ақындардың құлағына алтын сырға, Құран Кәрімдегі жиырма алтыншы сүренің Ақындар деп аталуы мен онда мизан-жүрек таразысы жайлы екінші рет айтылуында да үлкен гәп бар, нағыз ақын оның мәнін айтқызбай-ақ ұғады. Сонымен, ертегіде темір туралы айтылған сөйлемнің мағынасы бір жағынан шәкірттің дүние ілімін игерген білдірсе, екінші жағынан тереңірек тағы бір мағынансы - темір етік пен темір таяққа байланысты. Тазша - қаражаяу, көлігі - аяғы, қаруы - таяғы. Бір сөзбен айтқанда, болашақтағы көлік пен құралдың темірден болатындығына ишара. Сиырын жаймады - бұрынғы кәсібін қойғаны. Темір етік киіп, темір таяқ қолға алып, ертең ерте тұрып, беті қолын жуып, жолға шығуы - белін бекем буып, біржолата рухани жолға түсіп, ілімін шыңдамақ болғаны. Ары қарай ертегі былай өрбиді: Бір уақытта темір етіктен теңгедей қалды, темір таяқтан тебендей қалды. Бір шаһарға келді.... Ертегіде осы бір сөйлемнің мағынасы Ақжан Машановтың Ай арысы кітабындағы мына бір үзінді аша түседі деп ойлаймыз: Темірдің тамаша қасиетінің айқын беруі - оның магниттік қасиеті. Арабша оны мағнатис дейді. Бұл сөзді Европалықтар өзінің әдетінше гректерден шығаруға тырысады. Біздің ойымызша бұл өте ерте заманнан келе жатқан халықаралық ежелгі түсінік.
Мұның Темір Қазық түсінігімен байланысты бар екенін айқын, өйткені магнит тіл солтүстікке Темір Қазыққа қарай бұрылады. Қазақтың Қырық өтірік аңызында Тазша бала жоғалған (бошалған) ала биесін құлынымен аспаннан табады: Айдың ар жағынан, Шолпанның бері жағынан. Оны іздегенде ол тауға шығады, таба алмайды, қолындағы құрығын (сырығын) жерге қадап, соның басына шығып қарайды, таба алмайды. Сонан кейін жанында тебен инесі бар еді, Соны жерге қадап қойып, соның үстіне шығады. Сонда ғана ол бошалап шығып кеткен ала биені құлынымен табады. Магнит қасиетін білмеген тосын адамға бұл өтірік болып көрінеді. Ал магнит қасиетін білген адамға Тазшаның магнит компасты пайдаланғаны көрініп тұр.
Жылқы баққан Тазшаның бошалаған ала биесі, ала құлыны (Алатайы), бұл - жыл басын бақылау. Жыл басына таласу аңызы да осыған соғады. Күн бұлт болса, түн айыз болса тау басынан де ешнәрсе көрмейсің. Жерге қада сырық шаншып соның көлеңкесі бойынша уақыт айыру, күн сағатын жасау ежелден бар нәрсе. Сол өнерді, ғылымды дамытқан әл-Фараби еңбегінен біз бұл мәселеге едәуір қанықпыз. Демек, күннің көзі жоқ кезде күн сағаты да еш нәрсе бермейді. Төңіректің төрт бұрышын айыруда, Аспан әлемін бақылауда компас жәрдем береді. Тебен деп қазық үлкен инені айтады. Арабша магнит тілін ине (абра) дейді. Ал компасты олар баусала (буссль), байт абра (ине үйі), немесе Күнбас деп атайды...
Араб елінде бір қиын жұмысты түйені ине көзінен өткізгендей деп келеді. Түйе - айдың жануары, ине - компас тілі. Оның аты өліарада жыл басын, жаңа туған айды іздеп дәл табу мағынасында болса керек. Бұл өзі екі елге ортақ. Наудың басы - даудың басы дегенге келеді.
Қазақ аңыздарында айтылатын бақташы, Тазша деген қаһарманды ұлы адамдар деп білу керек. Аязби - ол да сол Тазшаның сыңары... Жер қойнынан қазып алып, темір қорытқан халықтардың алғашқыларының бірі, немесе өзі, біздің түркі халқы.
Сонымен, Тазшаның келген шаһары - нағыз ғылымның қайнап тұрған жері. Ол өзінің іздеген жеріне келді деген сөз.
Ертегінің ендігі барысын қысқаша баян етсек, бұл шаһардан Тазша ойламаған жерден хан баласымен қашып кетпек боп тұрған ханның қызын алып бір-ақ шығаы: Қыз жігітті таң атқан соң таныды, ханның баласы емес екенін. Қызға ой түсті, қашайын деп еді, қаша алмады. Қашсам, мені бұл еркек тірі қоймайды ғой, қашпаймын! Мені қосқан Құдай шығар, тиейін, - дейді.
Бұл жерден Тазшаның екінші рухани деңгейі өте жоғары әулие-ұстазға жолығуын көре аламыз. Ертегінің осы бір тұсы өте әсерлі және асқан шеберлікпен құрылған. Біріншіден, рухани мағынасы айқын берілген болса, екінші жағынан рухани тәрбиелік мәні де өте зор. Алғашқы ұстаздың күң, ал кейінгі ұстаздың хан қызы екенінде де мағына бар. Жалпы ұстаздың әйел затымен беріліп тұрғанының себебі: ер мен әйелдің рухани жағдайлары екі түрлі болады. Әйел адамның негізгі мақсаты дүниеге алып келу болғандықтан, сол ұрпақты тәрбиелеу де ананың мойнына жүктеледі. Ал баланы рухани тәрбиелеу үшін тәрбиешінің жүрегі міндетті түрде жылы әрі жұмсақ болуы тиіс. Сол үшін де мейірімді Жаратушы Алла Тағала әйел затының жүрегін әуелден өте сезімтал әрі жұмсақ етіп жаратқан.
Рухани ұстаз болу үшін адам алдыменг өз жүрегін тазалап, рухани кемелдену керек. Рухани өсудің әрбір сатысының сынынан сүрінбей өту тиіс. Барлық жамандық қасиеттерді бойынан шығарып, адамгершілік, парасаттылық, асқан ақылдылық, сабырлылық пен шыдамдылық қаситтерге жасанды жолмен емес, іштей шынайы түрде жетуі керек. Сонда ғана ол рухани ұстаз болып, артына шәкірт ерте алады. Ертегідегі ұзтаздың әйел образында беріліп тұрғаны осған байланысты болса керек.
Рухани тәрбиелік мәніне келетін болсақ, бұл - ертегіні тыңдап отырған қыз балаларына үлкен сабақ. Себебі бұрындары ата-бабаларымыз негізінен құда түсу арқылы үйленген. Ал оның негізінде Құдайдың әміріне бой ұсыну мен тағдырдың жазғанына кейімей, қайта шүкіршілік етіп, соған қарай бейімделу мен өзін-өзі алдын ала дайындау жатыр. Тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай, тапқан-таянған жылы-жұмсағын аузына салып, бар күш-жігерлерін жұмсап тәрбиелеген ата-ана ризалығы үшін болашақ жұбаймен жұғысуды ойлап, іштей икемделу мен тәуекелге бел байлау да соның негізі болып табылады.
Біз қазір ислам дінінің негізімен астасып жатқан ата-бабалардың салт-дәстүрлерін ұмытып, көптеген әлеуметтік келеңсіз жағдайларды өз қолымызбен жасап отырмыз. Егер ақылға салып қарайтын болсақ, құда түсіп үйлену - ең тиімді әрі берік отбасының қалыптасуының кепілдігі. Себебі қыз бен жігіттің ата-аналары бірін бірі және балаларының қадам баспақ болып тұрған ерлі-зайыптылық өмір жолын бастарынан кешірген. Сондықтан өмірлік тәрбиелері өте мол. Еш ата-ана балаларына жаманшылық ойламайды, қайта солардың жақсы болып кетуін қалайды. Құда түсіп некелесу салт-дәстүрін ұстанған замандарда ажырасу деген проблема болмайтын. Отан отбасынан басталады демекші, жанұяның беріктігі елдің беріктігіне алып келеді. Ал қазіргі күні жылтыраған көздеріне қарап мас болып, өліп-өшіп сүйіп қосылған ғашықтар жылға жетпей ажырасып жатады. Отбасы ойран болып жатқанда, отан жайлы жайлы сөз қозғаудың да орайы келмейді. Бұл турасында Пайғамбарымыз үмметтеріне: Алланың рұхсат еткен халалдарының ішіндегі ең жек көретіні - ажырасу деп хабар береді.
Ата-анасын тыңдамай қосылып бір ренжітсе, ажырасып тағы да ренжітеді. Одан кейін ата-анасын былай қойғанда басқа жұртты да сыйлаудан қалады. Шариғатта Алла тағала ата-ана мен ұстаздың хақысын өзінің бірдей қояды. Демек, ата-ананы сыйламау - деген сөз.
Бес уақыт намазыңды жинамасаң,
Ораза ұстап жаныңды қинамасаң.
Алланың кешірмейтін бір күнәсі -
Ата менен анаңды сыйламасаң
деп Орманбай сияқты қаншама ақын-жыршылар өмірден шариғаттың туралығын насихаттап жырлап өткен. Ал олардың бәріне арқау болған Құран Кәрім Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) мына сияқты хадистері: Кім де кім Алла Тағалаға тәуекел етсе, Алла оның барлық арман-мақсаттарының орындалуына кепілдік береді, Жұмақ - анаңның табанының астында, Әкеге бағыну Аллаға бағыну, әкеге қарсы келу - Аллаға қарсы шығу. Бәрі де бір-бірімен үйлесіп жатқан рухани үндестіктер.
Ертегі оқиғасының негізгі қызығы енді басталады. Себебі шәкірттің рухани өсу үшін толып жатқан сынақтардан өтуі тиіс. Бұрынғы кездері әулиелер шәкірттерінің руханиятын сынау мен шыңдау үшін ел кезіп сапарларға шығатын болған. Сол сияқты аталмыш ертегідегі Тазша да талай сынақтан өтеді. Сынақтың сырлары мен қалай өткендігіне біз тоқталып жатпаймыз. Осында бірақ ерекше назар аударатын жайт бар, ол сынақ кезінде міндетті түрде қырық күн ғибадат ету керектігі жөнінде: Қатыны айтты: Қорықпай ханға барып, ханнан қырық күн мұрсат сұра! - деді.
Жігіт жүгіріп патшаға келді:
- Алдияр, жұмсаған жұмысыңызға барайын, қырық күн мұрсат бер! - деді.
- Жарайды, ал! - деді хан.
Жігіт үйіне келді. Мұрсат берді ме? - деді.
Жігіт айтты: - берді, - деді.
Қатына айтты: Бұл шаһарға бар, мойнында арқаны бар, арқасы жауыр бір шабдар ат сатып ал.
Жігіт шаһарға келді. Бір шабдар атты бір жігіт сатамын деп жетектеп жүр екен. Жүз елу сом беріп, жауыр шабдар атты алып үйіне келді.
Қатыны айтты: Сен қырық күн үйде отыр, оразаңды ұста, мен шабдар атты алып кетемін, семіртіп әкелемін, - деді.
Жарайды деп байы қалды. Қатыны шабдар атты жетектеп кетті. Қырық күн болды дегенде шабдар атты жетектепқайтып келді. Шабдар атты семіртіпті...
Ертегінің екінші (Алтын сандық, В.Радлов) нұсқасында соған сөйлем кеңірек берілген. Мұның өзі жыл өткен сайын ертегілердің түп нұсқасы әр түрлі өзгерістерге ұшырап, рухани мағналарының көп көмескіленгенін көрсетеді. Екінші толықырақ нұсқа: Қатыны айтты: Сен қырық күн үйде отыр, оразаңды ұста, бес уақыт намазыңды оқы, - деді. Мен шабдар атты алып кетейін, семіртіп әкелейін, - деді. Жарайды - деп байы қалды. Оразасын ұстады, намазын оқыды. Қатыны шабдар атты жетектеп кетті. Қырық күн болды дегенде шабдар атты жетектеп келді. Шабдар атты семіртіпті...
Анықтап қарайтын болсақ, шәкірт пен ұстаздың және ат сатушы жігіттің арасындағы әңгімелердің барлығы да жұмбақталып отырғанын аңғару қиын емес.
Мысалы шабдар ат және оның арқасының жауыр болуы, сонымен қатар оны ерттегенде алдыңғы айылын бос, артқы айлын берік тарту керек екендігінің барлығы да жұмбақталған нақты рухани мағынасы бар іс-әрекеттер мен деректер. Солардың бірі - ат. Ат еретегілерде ақылдың мағынасын білдіреді. Атқа қатысты айтылған деректердің барлығы да ақыл қасиеттерін сипаттайды. Ат - ер қанаты деген мақалдың рухани мағынасы осында жатса керек. Оларды анығырақ тоүсіну үшін алдымен Құранның мағынасымен терең таныс болуымыз шарт. Ал оның барлығын бір мақаланың көлмінде айшықтап отыру қиынға соғады. Сондықтан біз осында кездесетін қырық санының құпиясына тоқталып өтейік. Жалпы қырық саны бұл ертегіде ғана емес, ертегілердің басым көпшілігінде кездеседі. Сонымен қатар негізінен көп кездесетін сандар: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он екі, отыз, қырық, жүз, мың және олардың еселіктері. Осылардың ішіндегі алғашқы он санның әрқайсысының өзіндік сырлары мен маңызы бар, ал солардың ішіндегі ең жиі кездесетіні - жеті саны. Бұл заңдылықты түсіну қиын емес. Себебі жеті саны жердің саны болып табылады. Аптада жеті күн бар, аспан мен жер жеті қабаттан тұрады. Жердегі кезедсетін түстің барлығы да ақ жарықтың жетіге жіктелген шуақтарының (спектр) қосындысынан құралады. Бірақ үн мен дыбыс жеті әуезбен (нота) сипатталады, жер қыртысын құрайтын барлық химиялық элементтердің шектік валенттілігі - жеті. Сол сияқты шегі жоқ жер құрылымындағы сәйкестік заңдарының барлығы осы жеті санына негізделген.
Ал аспан саны - бес. Жердің құрылымы жеті санына сәйкестендірілгенімен төрт тектен тұрады. Олар - жер (қатты), су (сұйық), ауа (газ), және от (плазма). Айналасына ойлы көзбен қараған ақылы бар адам баласы Алланың белгілерін айдан анық көре алады. Ал өз денемізге бір зер салып қарасақ, одан да көп толып жатқан белгілерді байқауға болады. Ол туралы Құран Кәрімде де көп айтылған (41:53). Сол белгілердің бірі мынау: адам қолындағы бес саусақтың бірігіп тұрған төртеуі осы төрт текті, яғни адамның топырақтан жаратылғанын білдірсе, бесінші тіке тұрған бас бармақ аспанға қарап, Жаратушының жалғыздығын көрсетеді.
Жеті мен бестің қосындысы - он екі. Құранда аспандар мен жер деген тіркес жиі кездеседі. Одан жердің жалғыз, ал аспанның көп екендігі туралы мағына шығады, ал аспан әлеміндегі жер, күн, ай айналысы құбылыс заңдарының барлығы да осы он екі санына негізделген.
Қолдағы төрт саусақтың әрқайсысысы айқын бөлінген үш буыннан тұрады. Бұл - үш айдан тұратын жылдың төрт маусымы, ал бәрі бірігіп келгенде бір жылдағы он екі айды сипаттайды. Ал бас бармақтағы екі буын барлық нәрсенің қарама-қарсы екі зат, екі күй, екі қасиет, тағы да толып жатқан жұптылық заңын және оның барлығын да игеріп тұрған жалғыз Алла Тағала екенін білдіреді. Төрт саусақтың екеуі бірдей, бұл - көктем мен күзгі күн мен түннің теңелуі болса, қалған екеуінің бірі ұзын, бірі қысқа; бұлар қысқы және жазғы күннің ұзару мен қысқаруын білдіреді. Әр саусақтың алақан ішінде көрінбей тұрған тағы да бір-бір буыны мен бөлек-бөлек жатқан жеті жалпақ сүйек бар. Сонда адам алақанында он тоғыз саусақ буедары мен жеті алақан сүйектері, ал барлығы қосылып жиырма алты сүйек бар екен.
Саусақтардағы он тоғыз буын саны жоғарыда айтылған он екіге жетіні қосқанда шығады. Он тоғыз саны Құран Кәрімнің математикалық кілті болып саналады. Оны аналық сан деп те атайды және ол туралы Құран Кәрімде де аят бар (74:30). Ол өте терең әңгіме, бір сөзбен айтқанда, Құранның бүкіл математикасы мен жалпы математиканың үйлесімдік заңы осы санда жатыр. Оған тоқталмай, тағы да он тоғызға жетіні қосайық. Бұдан шығатын санның сырын көзі қырағы оқырман бірден түсінеді. Ол - жоғарыда әңгіме болған темір саны мен адам алаанындағы сүйектер саны - жиырма алты. Жиырма алтының одан да басқа толып жатқан сырлары бар. Оларға бөгелмей осы бағытпен жылжи берсек, келесі аялдама - отыз үшке тоқтаймыз. Отыз үш саны Құран Кәрімдегі Алла Тағаланың негізгі үш ұлы есімдерінен шығатын (Субхан - пәк, Алхам - мақтаулы, Акбар - ұлық), әрқайсысы отыз үшке топтастырылған тоқсан тоғыз есімін білдіреді. Таспиық санының отыз үш болатын осыған байланысты, себебі, мұсылмандар намазлан соң Аллаға зікір айтқанда осы есімерді мадақтайды. Сонымен қатар отыз үш саны ақырзаман алдында жерге қайтакелетін Иса Пайғамбардың жақсы болса, махшар күні барлық адамдардың бірдей боп тірілетін жасы да осы - отыз үш.
Егер осы отыз үш санын тағы да терең талдай беретін болсақ, Шәкәрім атамыздың Үш анық еңбегінің түйініне келіп тірелеміз. Шәкәрім атамыз бұл еңбегінде адам ұжданының қасиетін, оның мәнісін ашып көрсетеді. Ол - әділет, қанағат және мейірім қасиеттерінің жиынтығы. Бір сөзбен, имандылықтың белгісі деп те айтуға болады. Себебі иман жүзді адам дегеніміз - ұжданды адам деген сөз. Құдай мен дамды жалғастырушы - осы иман. Адам өз бойынан Алланың үш топқа жіктелген тоқсан тоғыз сипатын табуы тиіс. Сонда ғана оның иманы түгел, ұжданды болады.
Жеті мен қырықтың көбейтіндісі екі жүз сексен береді. Ал екі жүз сексен саны екінші жағынан отызды тоғызға көбейтіп, оған онды қосқанға тең. Он мен тоғыздың айырмасы - бір. Мұны басқа сөзбен тоғыз ай, тоғыз күн және бір деуге болады. (40х7=280=270+10=270+9+1=30х9+9+1). Бір - Алла деген сөз Сонда бала ана құрсағында жеті қырық күн жатады да екі жүз сексенінші күні Алланың әмірімен жарық дүниеге шығады. Дүниеге келген адамның рухани өсуінің жеті сатысы да ана құрсағында жатып даму заңдылықтарымен үйлестірілген. Осы жеті санының барлық санынан өткен адам ғана Құдайға жетеді, пайғамбар дәрежесіндегі ұлық әулие болады. Қырық күндік ғибадат туралы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисіне былай дейді: Кімде-кім Алла Тағалаға құлшылық қылып, қырық күн таң атырса, оның жүрегінен даналық пен хикметтер бұлақша ағып шығады. Ал Құран Кәрімде қырық күндік ғибадат Мұса (ғ.с) Пайғамбарға Тәураттың түсуімен көрсетілген (2:51). Бұдан мешітке қамалап, әйтеуір қырық күн құлшылық қылса болды, дбір сатыдан өтеді деген түсінік шықпау керек. Оның барлығы да терең сырлы рухани сынақтар.
Негізінде әулиелік қасиеттер адамның бойынан рухани өсудің үшінші сатысынан өткенде-ақ байқала бастайды. Сондай жүрек көздері ашылған әулилер қазақ даласында өте көп болған. Солардың ішіндегі Аллаға жетудің барлық жеті сатысынан өтіп, рухани кемелдікке жеткен жер бетіндегі әулиелердің бірегейі - өзіміздің Қожа Ахмет Иассауи бабамыз.Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың есімі мен оның құрметіне арнап Әмір Темірдің салдырған зәулім мешіт кесенесі бүкіл мұсылман елдеріне аян. Сол Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың ислам дінін түркі даласына нұр қылып шашып, Түркістанды әлемдегі екінші Мекке - руханияттың қайнар бұлағына айналдырған кездегі, шәкірт оқытып-тәрбиелеу үшін салынған мешіт-медреселерді мен осы күнге дейін сақталған. Бекет Атаның қазақ сахарасына дін тарату мақсатымен салған бес мешіт-медреселерінің үш ерекше ұқсастықтары бар. Олар - мешіт пен медресенің бір жерде орналасып, шәкірттердің сонда жатып оқуы және міндетті түрде зікірхана мен шілхананың болуы. Зікірхана Алланың әмір еткен ұлы ғибадаты - зікір салатын орын болса, шілхан - қысқы шілденің суығы мен жазғы шілденің ыстығы сияқты рухани кемелдену үшін сынақтың ыстық суығынан өту мақсатында осы ертегідегі әңгіме болып отырған қырық күндік ғибадат орындайтын орынболып табылады. Шілхана парсының чил - қырық сөзінен, қырық күндік ғибадат орны дегенінен шыққан.
Дәл осындай ұқсастықтарды Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың тәрбиелеп, жүрек көздерін ашып, Алланың хақ діні Исламды түркі даласына тарату үшін жер-жерге жіберген шәкірттері: Шопан Ата, Қараман Ата, Шақпақ Ата мешіт-медреселерінен де көре аламыз.

Бұл мешіт-медреселердің ерекшеліктері: тау жартастардан ойылып жасалғандықтан осы күнге шейін сақталған. Шын мұсылман мешіттерінің үлгісі мен дінінің қалай таралу керектігінің айғағы ретінде табиғаттың небір сұрапыл күштерінен тайсалмай, Құдайға құлшылық қылушыларын күтіп тұр. Бірақ өкінішке орай, бұл ғибадат емес, тарихи ескерткіш пен зиярат орындарына айналып кетті. Ал бүгінгі күні мешіттерде зікірхана да, шілхана да атымен жоқ, тіпті оның не екенінде ұмытқан. Зікірді ұмыту - Құдайды ұмытқанмен бірдей, себебі Алла тағала Құран Кәрімнің өзінде сексен сегіз аятпен бекітіп, зікір етуге бұйырады. Зікірдің мағынасы - Алланы еске алып, Ұлы есімдерін мадақтап, жасаған күнәләрға кешірім сұрау. Алла Тағаланың өзі Құран Кәрімде Мені еске алсаңдар, Мен де сендерді еске аламын деп ескертеді (2:152). Сексен сегіз аятпен зікірдің мағынасы мен маңызын ашып, зікір етуді парыз қылып бұйырады. Тіпті, мешіт зікір салатын орын және кім зікірге қарсы болып, мешітті бұзуға әрекет жасаса адамдардң ең залымы сол, оларға екі дүниеде де зор азап бар екенін анық айтады. (2:114).
Қызылдардың қылышы діндар адамдарды жаппай қырып, мешіт-медреселерді қираттқаннан кейінгі жетпіс жыл болғандықта зікір мен намаз түгілі, Құдайдың өзінде ұмыттық. Құдайға шүкір, егемендігімізді алып, хақиқатта қарай бет бұрған иман іздеуші жас-кәрілер көбейіп келе жатыр. Бірақ, өкінішке орай, көгеріп, гүлденіп жатқан дінінің көкжиегі көрінбейді. Себебі, иман табылмай жатыр, иман таза жүректен ғана табылады. Ал Пайғамбарымыз өз хадисінде: Барлық нәрсенің тазартқышы бар, жүректің тазартқышы - тек Алланы зікірі дейді. Құдайдың Құрандағы зікірін бақсы-балгерлердің зікірімен шатастыруға болмайды. Бақсы-балгерлердің зікірі көзге ерсі көрінеді. Олар естерінен айырылып, өз еркінен тыс тұрпайы іс-әрекеттер жасайды: отқа түседі, қызған темір жалайды, тілінен ине-жіп өткізеді, бірін-бірі ат қылып мінеді, қамшымен сабайды... Ал шын зікірде адамның барлық жасайтын іс-қимылы өз еркімен және белгілі бір тәртібі бар жүйемен жүреді, барлық адам бірге, бірдей жасайды. Зікірдің мағынасы мен мәнісін түбегейлі түсіну үшін оны ғылыми түрде, соның ішінде медицинаға сүйеніп талдау керек. Себебі, зікір салудың мыңсан рухани шараптары бар. Қазіргі ғылыми тілмен айтқанда: зікір салу - жай ғибадат қана емес, адам ағзасының барлық ауруларын алдын алатын, сонымен қарат жан мен тән кеселдерінен айықтырып, көңілі мен бет-келбетін едәуір жасқа жасаратын дүниеде теңдесі жоқ жүйелі, әрі қарапайым амалдар жиынтығы болып табылады. Зікірді ұғынған медицина мұсылмен дінін түбегейлі мойындап, өзіне тың ғылыми-практикалық серпілістер табар еді.
Зікірдің қазақ жерінде кешегі күнге дейін болғандығына дәлелдер мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz