Өзен кен орнындағы осы және басқа да проблемалар шешімдерін табу


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 102 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе.

1. Технико-технологиялық бөлім.

1. 1. Өзен кен орны туралы жалпы мәліметтер.

1. 2. Өзен кен орнының геологиялық құрылымы .

1. 2. 1. Стратиграфия.

1. 2. 2. Тектоника.

1. 3. Мұнайгаздылығы.

1. 4. Кеніштердің энергетикалық күйінің сипаттамасы.

1. 5. Кен орнын жобалау және өңдеу тарихы.

1. 6. Өндіру жағдайы.

1. 6. 1. Мұнай және газ өндіру көлемі

1. 6. 2. Ұңғы қорының жағдайы.

1. 6. 3. Қабат қысымын ұстау жүйесі.

1. 6. 4. Ұңғыма өнімдерін жинау және дайындау.

1. 7. Күрделі жөндеу жұмыстары.

1. 7. 1. Ұңғымаларды саңылаусыздандыру.

1. 7. 2. Ұңғымаларды цементтеу

1. 7. 3. Тампонажды материялдардың кейбір мәліметтері.

1. 7. 4. Ұңғымаларда екінші оқпанды кесу және бұрғылау.

1. 7. 4. 1. “Терезені” ашуға орын таңдау.

1. 7. 4. 2. Ұңғымаға ауытқышты түсіруді дайындау.

1. 7. 4. 3. Ауытқышты түсіру және бекіту.

1. 7. 4. 4. Ауытқыштың бағытталған төмен түсуі.

1. 7. 4. 5. Тізбекте “терезе” ашу.

1. 7. 5. Жуғыш сұйықтар.

1. 7. 5. 1. Ерітінділерді химиялық өңдеу.

1. 7. 6. Геофизикалық зерттеулер.

1. 7. 7. Ұңғыманы шегендеуші құбырлармен бекіту.

1. 7. 8. Тізбекті түсіру.

1. 7. 8. 1. Тізбекті цементтеу.

1. 7. 9. Екінші оқпанды кесіп бұрғылағаннан кейін ұңғыманы меңгеру

1. 7. 9. 1. Пайдалану тізбегін гермитизациясына таксеру

1. 8. Кесу әдісімен және екінші оқпанды бұрғылаумен қайта келтірілген ұңғыма конструкциясын таңдау.

1. 8. 1 “Терезенің” ұзындығын анықтау:

1. 8. 2 Хвостовикті цементтеу есебі.

2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

2. 1. Өзенмұнайгаз акционерлік қоғамының ұйымдастыру

сипаттамалары

2. 2. Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру

2. 2. 1. Техникалық жабдықталу. Автоматтандыру мен

телемеханикаландыру дәрежесі

2. 2. 2. Материалдық - техникалық жабдықтауды ұйымдастыру

2. 2. 3. Кәсіпорын транспортын ұйымдастыру

2. 2. 4. Ұңғымаларды күрделі жөндеуді ұйымдастыру

2. 3. Өзіндік құнды анықтау

2. 4. Экономикалық тиімділікті анықтау

3 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ

3. 1 Өзен кен орнында қауіпті және зиянды факторларды талдау

3. 2 Қорғану шаралары.

3. 2. 1 Техника қауіпсіздігі

3. 2. 2 Өндірістік санитария.

3. 2. 2 Скважиналарды күрделі жөндеу кезінде техника қауіп-сіздік шаралары.

3. 2. 4 Өрт сөндіру қауіпсіздігі

4 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ

4. 1 Өндірістің биосфера компоненттеріне әсерін талдау

4. 1. 1 Атмосфераға әсер ету

4. 1. 2 Гидросфераға әсер ету

4. 1. 3 Литосфераға әсер ету (топыраққа және жер қойнауына)

4. 2 Ұйымдастырылған шаралар

4. 3 Техникалық шаралар

4. 3. 1 Атмосфераны қорғау

4. 3. 2 Гидросфераны қорғау

4. 3. 3 Литосфераны қорғау

4. 4 Кен орынды игерудің қоршаған ортаға әсері

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы үшін ең басты экономикалық мәселе материалдық - техникалық базаны жасаудан маңызды роль ауыр индустрияға тиесілі, және оның ішінде алдымен энергетика, қара металлургия, мұнай, газ, химия және мұнайхимия өнеркәсіптері, машина жасау.

Қазіргі кезде материалдық өндірістің бірде - бір саласы мұнай мен газ өнеркәсібінің өнімін пайдаланбай дами алмайды.

Мұнай мен газдың мұнайхимия өндірістерде шикізат ретінде қолданудың өсуіне байланысты мұнай мен газ өнеркәсібінің ары қарай жетілуі қарастырылған.

Өндіру тиімділігін жоғарлатуға рационалды игеру жүйелерін қолдану, бұрғылау жұмыстарының технологиясын жетілдіру, олардың техникалық жабдықталуын жақсарту, қабаттар мұнай бергіштігін арттырудың қазіргі жаңа әдістерін кеңінен еңгізу және прогрессивтік технологиялық процестерді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.

Қазіргі кезде су айдау - мұнай кен орындарын пайдаланғанда қолданылатын ең негізгі әдістердің бірі. Су айдаудың әртүрлі әдістері болады, бірақ олардың әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Жобалау кезінде су айдау жүйесін таңдау толығымен кеніштің құрылысына байланысты.

Өзен кен орны өнеркәсіптік игеруге 1965 ж. берілген. 1998 ж. мұнай өндіру жоспары орындалған жоқ, бұған ең басты себептердің бірі - игерудің басынан бастап ұсынылған жобалық технологиялық ережелердің сақталмауы (су айдауға көшірілудің тым кеш болуы, әсіресе ыстық суға) .

Дипломдық жобада Өзен кен орнындағы осы және басқа да проблемалар шешімдерін табу көзделген.

1. Технико-технологиялық бөлім

1. 1 Өзен кен орыны туралы жалпы мәлімет

Өзен кен орны оңтүстiк Маңғышлақ ойпаты деген атпен белгiлi Маңғышлақ жарты аралының оңтүстiк шөлдi бөлiгiнде орналасқан. Кен орны аумағтық бойынша Қазақстанын Маңғыстау облысы кұрамына кiредi. Орографиясы бойынша оңтүстiк Маңғышлақ кен түрде тараған биiк келген Үстiрттен тұрады. Абсолюттiк биiктiгi теңiз жағасынан, оңтүстігінде 260 м-ден, солтүстiгiнде 24 м-ге дейiн жетiп, оңтүстiк, оңтүстiк батысына қарай құлап жатыр. Районның орталық және оңтүстiк бөлiгiнде жалпы бiркелкi емес, соның iшiнде кен орнының түртiпсiз орналасқан ойпаттарының бiрi болып тiк абсолюттi тереңдiгi 132 м. болатын Қарақия ойпаты орналаскан. Өзен кен орнының жер бедерi өте күрделi. Құрылымның орталық бөлiгiн Өзен және Төңірекшың ойпаттарының ортасында орналасқан Үстiрт қыраты орналасқан. Батысында және солтүстiк батысында кен орны алаңының көлемiнде Өзен ойпаты жағынан бұзылыс жарықтар кен тараған. Өзен ойпаты алаңы 500 км 2 ауданды алып жатыр. Ойпаттың фундаментi терең жарықтармен кесiлген. Кен орны алаңының шығыс бөлiгiнде Төңірекшың ойпаты орналасқан. Ол меридиан бағытымен созылып жатыр. Көлемi мен тереңдiгi Өзен ойпатына жетпейдi, жоғарғы көрсеткiшi 132 м. Өзен кен орны Солтүстiк Маңғышлақ мұнайгазды провинциясының Орталық Каспий мұнайгаздылы обласына жатады. Бұл кен орны жалпы Қазақстан аумағындағы ең iрi кен орындарының бiрi болып есептеледi. Жалпы алғанда Орталық Каспий мұнайгаздылы обласы аумағы, геологиялық, тектоникалық орналасу жағынан ерекшеленедi. Өзен кен орнының өнiмдi қабаты көп тарағандықтан, олардың литологиялық, фациялық және т. б. қасиеттерi ерекше қаралып зерттелген.

Өзен кен орын әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасының Маңғыстау обласына қарайды.

Обылыс орталығы Ақтау қаласы, ол кенорыннан 150 км. қашықтықта орналасқан, бұдан басқа елді мекендер Жаңаөзен қаласы 5, 5 км., Жетібай елді мекені 67 км., ал Құрық елді мекені 150 км. қащықтықта орналасқан.

Өзен кен орыны Өзен-Атырау-Самара магистральды мұнай құбырына және Өзен-Жетібай-Ақтау газ құбырына жақын орналасқан. Кенорынның шығыс жағынан Орта Азия-Орталық магитральды газ құбыры өтеді. Жүк темір жол және автобиль транспорттарымен тасымалданады.

Аймақтың климаты континенталды. Жаз айлары ыстық және ұзақ болып келеді. Кейбір жылдары ауаның температурасы + 45 º С ыстыққа дейін жетеді. Қыс айларында қар аз жауады және күшті желді болып келеді, жиі боран соғады. Желдің орташа жылдамдығы секундына 6-8 метр болады. Қыс айларында кейбір жылдары ауаның температурасы -30 º С дейін томендейді.

Өсімдік әлемі шөл және жартылай шөлейіт аймаққа тән. Жабайы аңдардан қарақұйрық, киік, қоян, қарсақ, түлкі және қасқыр көп кездеседі.

1. 2. Өзен кен орының геологиялық құрылымы

1. 2. 1. Стратиграфия

Өзен кен орны терең барлау арқылы ашқанда тұнба жыныстар қалыңдығы 3000 м-ге жеткен. Құрамында триас (Т), юра (J), бор (К), төртiк (Q) жүйелерi кiредi. Кен орнының мұнай газдылығы юра (J) және бор (К) қабатының кейбiр бөлшектерiмен байланысты болып келедi. Геологиялық тiлмеде кен орнының юра (J) және бор (К) жүйелерiнiң қабаттарын 26 горизонтқа бөлген. Жоғарыдан төмен қарай 1-12 горизонттары бор (К) жастылары, газдылы қабаттар болып келедi. 13-18-шi горизонттары жоғарғы және ортанғы юра (J3, J2) жастылары өзiне тән мұнай газдылы қабаттар басым болып келедi, бұл горизонтар кен орының негiзгi өнiмдi қабаты болып саналады. Жекелеген күмбездерде төменгi юра (J1) жасты 19-24 горизонттарында мұнай газ қабаттары белгiленген.

Триас жүйесi (Т)

Триас жүйесi (T) ритмдi кезектесiп келетiн құмтасты, аргиллитi жынысты қалыңдықтарынан тұрады. Құмтастар - сұр, ашық сұр, ұсақ түйiрлi, сазды, алевролиттi, тығыз, кварцты-далашпатты құрамнан тұрады. Аргиллиттер- қара сұрлы, алевриттi қабаттан және жарықшақты каолиниттен, гидраслюдалы хлориттерден тұрады. Триас жүйесiнiң (Т) жалпы қабат қалыңдығы шамамен 100-110 м болып келген.

Юра жүйесi (J)

Юра жүйесi (J) төменгi, ортанғы және жоғарғы бөлiмдерiнен (J1, J2, J3) тұрады. Юра жүйесi (J) триас жүйесiмен (Т) үйлесiмдi орналасқан. Негiзiнен бұл жүйе құмтастардан, алевролиттер, ұсақ түйiрлi саздардан құралған және де мұнда фауна, флора қалдықтары да кездеседi. Юра жүйесiнiң (J) жалпы қалыңдығы шамамен 850-1000 м аралығында.

Төменгi юра бөлiмi (J1)

Төменгi юра бөлiмi (J1) триас жүйесiнiң (Т) жекелеген жуылып ашылған горизонттарының үстiнде үйлесiмдi орналасып жатыр. Бөлiм негiзiнен алевролиттiң, құмтастардың қайта пайда болуынан, өсiмдiк қабаттары бар саз және iшiнара көмiр қабаттарынан құралған. Төменгi юра бөлiмi (J1) 26-25 горизонттарына бөлiнедi. Қабаттың қалыңдығы шамамен 120-130 м аралығын құрайды.

Ортанғы юра бөлiмi (J2)

Орта юра бөлiмi (J2) континенталды, теңiз, жағалық және ұсақ су фациялары барлығымен сипатталады. Бұл бөлiмi аален (J2al), байосс ( J2b) және бат (J2bt) ярустарынан тұрады. Бұл қабаттың жыныстық құрамы төменгi юра (J1) және триас (Т) тақталарымен араласып орналасқан. Қабаттың жыныстық құрамы құмтастардан, гравелиттерден, конгламераттардан, алевролиттерден және ұсақ түйiрлi саздардан құралған. Орта юра бөлiмiнiң (J2) қабаттарының жалпы қалыңдығы 330-350 м-ге жетедi.

Байосс ярусы (J2b)

Бұл қабат негiзiнен континенталды және лагуна-континенталды фациялармен, тақталанған құмтас, алевролит және көмiрге айналған органикалық заттармен, өсiмдiк, көмiр линзалары мен қабатшалары араласқан сазтастардың барлығымен сипатталады. Байосс ярус жинақталуларында тiлiктерiнiң төменгi бөлiгiнде сазды және алевролитті-сазды жыныстардың пайда болуы байқалады. Байосс ярусы қабаттарының жалпы қалыңдығы шамамен 500-520 м-ге дейiн өзгерiп тұрады. Бұл ярус 2 подярусқа бөлiнедi: 1. 22-17 горизонттары алып жатқан төменгi байосс (J2b1), қалыңдығы 100-120 м . 2. 16, 15, 14 горизонттарын алып жатқан жоғарғы байосс (J2b2) болып келедi.

Жоғарғы юра бөлiмi (J3)

Жоғарғы юра бөлiмi (J3) негiзiнен нашар сақталған теңiз фаунасының ұсақ қалдықтарымен түзелген. Қалыңдығы шамамен 250 м. Бұл бөлiм келловей және оксфорд (J3k, J3of) ярустарынан тұрады.

Келловей ярусы (J3k)

Бұл ярус негiзiнен кезектескен құмтас, алевролит және сазтастардан тұрады. Кейбiр жерлерiнде мергел және iзбестастардың белгiлерi кездеседi. Келловей ярусы (J3k) 13-14-шi горизонттарынан тұрады.

Оксфорд ярусы (J3of)

Оксфорд ярусы негiзiнен сазды және мергел қабаттарынан тұрады. Бұл ярустың астынғы бөлiгi көбiнесе сазды жыныстардан тұрады, ал жоғарғы бөлiгi мергелдерден құралған. Оксфорд ярусының қалыңдығы, төменгi бөлiгiнде 90-100 м арасында болып келсе, ал жоғарғы бөлiгiнiң қалыңдығы шамамен 50-55 м-ге дейiн барады.

Бор жүйесi (К)

Бор жүйесi (К) қабаты негiзiнен ашылған үстiнгi юраның (J) үстiне үйлесiмдi орналасқан. Құрамы негiзiнен теңiз қалдықтарынан тұрады. Литологиялық және генетикалық белгiлерi бойынша бор жүйесi (К) үшке бөлiнедi:

  • төменгi- терригендi - карбонатты
  • орта - терригендi - карбонатты (альб, сеноман)
  • жоғарғы - карбонатты (туран, дат)

Бор жүйесiнiң (К) жалпы қалыңдығы шамамен 1000-1100 метрге жуық.

Төрттiк жүйесi (Q)

Кайнозой эрасының (KZ) барлық жүйелерi, олар негiзiнен палеоген, неоген және төрттiк бұларды бiрiктiрiп қарастыруға болады. Төрттiк жүйесi негiзiнен палеоген, неоген жыныстарынан тұрады.

Палеоген қабаты зоогендi мергелдер, iзбестастар жыныстарынан құралған. Қалыңдығы шамамен 150-170 м.

Неоген қабаты тортон, сармат ярустарынан тұрады. Тортон ярусының қалыңдығы 20-25 м. Сармат ярусының қалыңдығы 80-90 м шамасында.

Төрттiк қабаты суглинка, құм, саз, эллювиалды, деллювиалды пайда болған континенталды фациялардан тұрады. Жалпы қалыңдығы 5-10 м шамасында.

Юра жүйесi (J) түзілімдерінің литофациялық құрамы

Өзен кен орнының негізгі өнімді қабатының кездесетін, яғни мұнай газдылы қабатының геологиялық жасы юра жүйесі (J) болып есептеледі. Сондықтан да кен орнының юра жүйесі (J) жасты қабатының литофациялық құрамын анықтау, мұнай газ қабатының қалыптасуының басты факторы болып есептеледі.

Литологиялық- стратиграфиялық тілмеде көрсетіліп кеткеніндей юра жүйесі(J) бұл кен орнының басты өнімді қабаты болып саналады. Мұнда көрсетілгендей юра жүйесі (J) үш бөлімнен тұрады, олар төменгі, ортанғы және жоғарғы бөлімдер. Бұл бөлінген бөлімдердің әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар негізінен бұл бөлімдерінің әрқайсысындағы жыныстардың таралу, түзілу, қалыңдық және құрамдық өзгешеліктерінде жатқанын байқауға болады. Айта кететін бір жай, бұл юра жүйесінде (J) ең негізгі және ең басым горизонттар тараған. Бұл горизонттар өз кезегінде әр жасты, әр құрамды және әр қалыңдықта тарағандарын көруге болады. Сонымен бірге юра жүйесінде (J) көптеген фауна- флора организмдерінің таралғанын көреміз.

Литофациялық құрамы мен жаралу тегіне келсек, онда мында негізінен континенталдық, теңіздік және жағалық фацияларының басым екенін көруге болады. Фациялық талдау жағынан келсек Өзен кен орнынынң негізгі құрастырушы шөгінді жыныстары ретінде құмтастар, алевролиттер және де саздар болып келеді. Осы ерекшелігіне байланысты юра жүйесі (J) бөлімдерінің өздері ярустарға жіктеледі. Олар негізінен ортанғы (J2) және жоғарғы (J3) бөлімдерде байқалады. Сол себептен, осы ерекшеліктерге сүйене отырып, біз Өзен кен орнының өнімдік қабаттарының 60-70% - ін ортанғы және жоғарғы юра бөлімдерінде тарағанын байқаймыз.

Төменгі юра бөлімінің (J1) литофациялық құрамы

Бұл бөлімнің триас жүйесімен (Т) үйлесімді жатқанын еске ала отырып, олардың литофациялық құрамының айырмашылығын көруге болады. Мұндағы қабаттың литологиялық құрамы негізінен алевролиттер мен құмтастардан тұрағандығын біле отырып, қабаттың теңіздік литофациялық жаратылыстан пайда болғанын байқауға болады. Сонымен бірге бұл қабатта өсімдік қалдықтары бар саз және көмір қабаттарын байқауға болады.

Құмтастар сұр және қара - сұр, орта және ұсақ түйірлі келген . Алевролиттер ұсақ түйірлі, ақ - сұр түсті. Ал саздар қара және сұр түсті. Төменгі юра бөлімінің жалпы қалыңдығы шамамен 150 - 200 м-ді құрайды.

Ортанғы юра бөлімінің (J2) литофациялық құрамы.

19 - 24 - ші горизонттарының ортанғы юра бөлімінің аален - байосс ярустарының жинақталуы қалыңдығы кезектесіп келетін ырғақты терригенді жыныс, күрделі құмтаспен, алевролит және сазбен континенталды және жартылай континенталды генезис екенін көрсетеді. 19 - 22 - ші горизонттар жыныстары ортанғы юра бөлімінің байосс ярусына қатысты болып келеді. Литологиялық құрамы бойынша, олар негізінен континенталды түрде кезектесіп келетін құмтастардан және алевролиттерден бөлінген қабаттармен саз және көмірленген қабаттар, көмірмен оның линзасы арқылы өседі.

Құмтас пен алевролиттің майдаланған құрамы полимиктілі болып келеді . Кварц құрамы 19, 5 - 38 %, дала шпаты 21, 5 - 40, 2 % жыныс сынықтары 33 - 49, 5%, эффузивтер 0, 8 - 2, 8 %, кремнийлі жыныс сынықтары 1, 2 - 1, 7 %, слюдалар 15% - ке дейінгі аралықта өзгереді.

Саздар - горизонт пачкаларымен қабат бөлігі болып табылады. Қара сұр, бірқалыпты емес алевритті слюдалы, тығыз қысыммен немесе ұсақ және ірі детритті, сидеритті және кальцитті . Саз текстурасы негізінен жолақты. 23 - 24 - ші горизонттары ортанғы юра бөлімінің аален ярусына қатысты қалыңдығы әр түрлі, ұсақ түйірлі құмтастардан, саздар, алевролиттер қабаттарына тәуелді және ұсақ конгломераттардан тұрады.

Аален ярусының төменгі шекарасы құмтасты - гравелитті қабат арқылы өтеді, шағылысатын бастапқы жаңа седиментациялық циклі арқылы. Жоғарғы шекарасы өз кезегінде байосс ярусының құмтас - гравелитті қалыңдық, алевролитті сазды комплекс жыныстары арқылы және жұқа кальцилі комплекс арқылы өтеді.

23 - 24 - ші горизонттарының коллекторлық жыныстары негізінен құмтастармен, алевролиттермен көрсетіледі. Құмтастар сұр, қоңыр - сұр, ұсақ, орта және ірі түйірлі. Орташа қаттылығы гравилитті түйірлермен араласқан. Құмтас және алевролиттің пайдаланған құрамы полимиктілі болып келеді. Цементті гидрослюдалы - каолинитті және контактивті. Дөрекі түйірлі құмтастар аален ярусының төменгі бөлігінде кеңейген. Тілме бойынша жоғарғы жағында саздылық көбейіп құмтас және алевролиттер өткені байқалады.

Жоғарғы юра бөлімінің (J3) литологиялық құрамы

13 - 14- ші горизонттарының жоғарғы юра бөлімінің келловей ярусының шөгінді жинақтары әр түрлі құрамды келетін терригенді жыныстардан құралған. Бұл жыныстардың жаралу тектері континенталды және жағалаулық фация болып келеді. Литологиялық құрамы жағынан мұнда негізінен ұсақ түйірлі құмтастардан, алевролиттерден және саздардан құралған. Құмтастардың түрлері полимиктілі болып келеді.

Саздар басым горизонталды және қара - сұр түсті келген. Өз кезегінде құмтастар тығыз келген және де ақшыл сұр түсті болып келген. Бұл ярустың жыныстарының түйірлерін цементтеп тұрғаны гидрослюдалы - каолиниттер болып келеді.

14 - 15 - 16 - ші горизонттарының жоғарғы юра бөлімінің оксфорд ярусының қабатындағы шөгінділер жинағы қалың қабатты, кезектесе орналасқан терригенді - карбонатты жыныстардан құралған. Негізгі литологиялық құрамы, мұнда құмтастар, алевролиттер, аргиллиттер және саздар болып келеді. Мұндағы құмтастар мен алевролиттер ұсақ және майда түйірлі, ақшыл сұр және қара сұр түсті келген. Ал саздар өз кезегінде майда түйірлі, жіңішке қабатты, ашық сұр түсті келеді. Қабаттың негізгі құрастырушысы ретінде каолиниттер болып келеді.

1. 2. 2. Тектоника

Өзен қатпары Жетібай - Өзен зонасының біршама ірі құрылымы болып есептеледі. Келловей ярусының табаны бойынша, оның изогипс контуріндегісі 900 м, ұзындығы 45 км, осі бойынша 9 км, теңселу шегі 200 м.

Өзен қатпарының геоморфологиясы өзінше ерекше келген. Ол зоналарының өткір кескінделген ассиметриясымен және периклиналімен кескінделген. Иілістердің бірінде ұзын формалы Өзен және Төңірекшың ойпаттарының арасында биіктіктері ұштастырылған. Қатпардың солтүстік қанаты көлбеу, ойысты келген. Онда жазық тектес аудандар пайда болуына шөгінді жыныстар біркелкі емес әсер етеді. Әсіресе шығыс және солтүстік бөлігінде қанаттары мен бұрыштарында елеулі өзгеріс білінеді.

Жалпы алғанда Өзен қатпарлы белдемі Солтүстік - Кавказ - Маңғышлақ мұнай газ правинциясы құрамына жатады. Солтүстік - Кавказ - Маңғышлақ провинциясы негізінен жас платформалар қатарына кіреді. Мұндағы жас платформаға тән бір қасиет, ондағы терең опаңдарда қатпарлы іргетастармен, қалқанды кешендермен байланыста болып келетін шөгінді - вулканды қабаттар кездеседі. Метоморфизм жағынан шөгінді - вулканды қабаттары палеозой жасты каледондық және төменгі герциндік жыныстарынан жаралып пайда болған болеп келеді. Олардың жалпы қалыңдықтары платформалық іргетас қалыңдықтарымен сәйкес келеді. Өз кезегінде Солтүстік - Кавказ - Маңғышлақ мұнай газ провинциясы Оңтүстік- Маңғышлақ мұнай газ обласынан тұрады. Оңтүстік - Маңғышлақ обласының пермь - триас қабатының қалыңдығы 4- 5 км - ді құрайды және де карбонатты - терригенді жыныстардан құралған. Геологиялық жағынан келгенде Оңтүстік - Маңғышлақ обласы Солтүстік - Кавказ - Маңғышлақ провинциясының шығыс бөлігінде эпигерцинді платформаның бір бөлігі болып есептеледі. Герцин жасты түзілімдердің қатпарлы іргетасының жалпы тереңдігі - 9-10 км құрайды.

Өзен қатпарының платформалық іргетасында үш құрылымдық кабат бөлінеді, олар: 1) J-ға дейінгі жасты. 2) J-P жасты. 3) N-Q жасты. Мұндағы шөгінді қабаттың қалыңдығы шамамен 8 - 9 км дейін. Бұл қабаттардағы РТ түзілімдері бізге негізінен мұнай газ түзілімдерін іздеу ретінде керек болып табылады. Бұл түзілімдер жер батіне Маңғышлақ таулары районынан шығады. Оңтүстік - Маңғышлақ обласының Өзен - Жетібай қатпарында бұл түзілімдер 4 - 5 км шамасында орналасқан. Бұл түзілімдер өз кезегінде J - T түзілімдерімен тік құлау бұрыштары арқылы үйлесімсіз орналасқан. Мұндағы J - T түзілімдері терригенді - карбонатты, қызыл, қызыл-қоңыр түсті алевролиттерден, аргиллиттерден және линзалы конгломераттардан тұрады.

Өзен қатпарлы қабатының P - T жасты қабатының тереңдігі 2292 м шамасында. Структураның негізгі биіктігінен батысқа қарай жергілікті индуляциялық мінезді күмбез байқалады: Батыс және Шығыс Қарамандымас, Пасумурын, Шығыс Пасумурын, Солтүстік-Батыс, Ақсай және Хумурун күмбездері. Іс жүзінде өңдеуге оның үшеуі ғана қатысады. Парсумурун, Солтүстік-Батыс, Хумурун қарастырылып отырғандарының ең ірісі күмбезі батысында Өзен көтерілімінің орталық бөлігімен бірігеді және одан тектоникалық бұзылу 10-15 м амплитудалы субмеридианалды бағытта бөлінеді, көтерілім барлық структуралық карталарда жақсы байқалады, оның размері 10, 8 * 4 км, амплитудасы 105 м.

Литологиялық-стратиграфиялық қатынасында батыс күмбездерінің 22 - 24 горизонттарында қабат Өзен кен орнының негізгі бөлігіндей, жасы бойынша J2 аален, байосс ярустарымен байланысты және терригенді жыныстардың кезектесіп келетін кезекті қалыңдығын көрсетеді. Күрделі құмтастар, алевролиттер, континенталды саздар және жартылай генезистерден тұрады. Коллектор жыныстары алевролиттік, полимиктілі және құмтастармен сипатталады. Бөлшек болып келетін сазды горизонттар пачка қабаттары арасында қара-қоңыр бірқалыпты емес, алевристік слюдалы, тығыз өсімдік детритінен құралған. Осының нәтижесінде Өзен қатпары көп қабатты, жарылым бұзылыстардан құралған, күрделі келген алып құрылымдық қабат болып табылады.

1. 3. Мұнайгаздылығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңаөзен кен орыны туралы
Оқу-жобалық іс-әрекет процесінде болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Трансшекаралық аумақ шеңберіндегі Сырдария мен Амудария өзендерінің мәселесі
Өнім сапасын басқару жөніндегі американдық тәжірибесі туралы
Су айдау
Ұңғыма қорының жағдайы
Кәсіпорында ұйымда басқару шешімдерін қабылдау процестерінің теориялық аспектілері
Бастапқы қор мың тонна
Құжаттар түрлеріне түсініктеме және құжаттарды құрастыру және рәсімдеу технологиясы
Өнім сапасын басқару жөніндегі американдық тәжірибесі туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz