Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» шығармасындағы тілдік құралдардың қолданылу мақсаты


Кіріспе ... ... ... ... ... ...3.4
I.Шығарма тілінің лексика.фразеологиялық ерекшелігі.
1.1 Шығарма тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қызметі ... ... ... ... ... ..4.12
1.2 Шығармадағы мақал.мәтелдердің қолданысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13.18
1.3 Шығармадағы кірме сөздердің стильдік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.24
1.4 Антоним, синонимдердің қолданысы ... ... ... .25.29
II. Шығармадағы көркемдегіш.бейнелегіш тәсілдердің қолданысы.
2.1 Шығармадағы эпитет, теңеу қолданылу тәсілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30.36
2.2 Шығармадағы метафораның қолданысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37.38
Қорытынды ... ... ... ... ... 39.40
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... .41
Ж.Аймауытов - қазақ әдебиетіндегі орны бөлек тұлғалы қаламгердің бірі. Ол кешегі кеңестік заманында ашық айтуға болмайтын шыңдықты тың форма, ұтымды әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, жеткізіп отырды.Оның жазушылық ерекшелігі - кейіпкерлерінің әрекетінен гөрі, оның жан – дүниесіне көбірек үңілу, кейіпкерлер қатарына ортақ тән нәрсе – олардың жан тазалығы, сезімтал сергектігі, жақсылыққа жаны құштар екендігі. Сурет өнерінде әр қаламгер, қаламынан туған дүниесін өзінше пайымдайды. Сол сияқты Ж.Аймауытов та «Ақбілек» романын жаза отырып, басты кейіпкер бейнесін сомдауда оның образына сүйсінген тәрізді. Оның тылсым бейнесін үлкен махаббатпен суреттеген. Шығармада бас кейіпкерді тек періште етіп көрсете бермей, өмірдегі бар болмыс-бітімімен, өзіндік табиғи тіршілігімен, яғни пендешілік қателіктерімен қаз-қалпында бейнелейді. Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің озбырлығына үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды Жүсіпбек психологиялық тұрғыдан терең талдап, шебер береді.
Халықтың әлем туралы ой-тұжырым, дүниетанымынан туындайтын, өзіндік төл мәдениетімен ұштасып, этнос болмысының тікелей көрінісі болатын қымбат дүниесі – оның тіл әлемі, тіл байлығы. Тіл мен танымды жіктеп қарамай, оны құбылыс ретінде сабақтастыра қарау академик Ә.Т.Қайдаров ұсынған “тіл мен ұлт біртұтас” немесе “адамды тіл әлемі арқылы тану” деген қағидаларға сүйенетін қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттың қалыптасуына әкелді.
1. Кеңесбаев І. «Қазақ тілінің фразеолоиялық сөздігі». 1977, - 589 б.
2. Смағұлова Г. «Қазақ фразеологиясы лингвистикалық парадигмаларда»// Алматы «Арыс» 2010 ж. - 277 б.
3. Есіркепова К.Қ. «1960-80 жылдардағы әйел – ақындар поэзиясының тілі» // Қостанай ТОО «Центрум» - 153б.
4. Сыздықова Р. «Абайдың сөз өрнегі» // Алматы «Санат» 1995 ж. - 207 б.
5. Смағұлова Г. «Фразеологизмдердің варианттылығы» // Алматы «Санат» 1996ж. - 126 б.
6. Авакова Р. «Фразеология теориясы» // Алматы «Қазақ университеті» 2009 ж. – 291 б.
7. Мамева М.Қ. Фразеологизмді сөз тіркестері. Автореф. – Алматы- 2004
8. Қалиева С.Е. Көркем прозадағы фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктері. Автореф. Астана- 2007
9. Тұяқбаева Р.Р. Қазақ баспасөзі мен лексикасы мен фразеологиясы (1990- 2005 жылдар) Автореф. Астана- 2005
10. Қайдар Ә. «Халық даналығы» Алматы, «Толғанай Т» 2004 жыл - 560бет
11. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы”. – Алматы: Сөздік - Словарь” баспасы, 2006. – 264 бет.
12. Қанапина С.Ғ. «Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдердің танымдық бейнелілігі» // Қостанай ТОО «Центрум», 2010. - 180 бет
13. Үрімова Р. К. Қазақ тілінің аймақтық мақал- мәтелдері мен фразеологизмдерінің этноқұрылымдық сипаты. Автореф. Алматы- 2009
14. Қарсыбекова Ш.П. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді топтастырудың этнолингвистикалық принциптер. Автореф. -Алматы-2004.
15. Бекмұхаметов Е.Б. «Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» // Алматы «Қазақстан» 1977 ж. – 199 б.
16. Жиекбаева А.Б. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің терминденуі. Алматы- 2010
17. Мансұров Н. Б. XIX ғасыр поэзиясындағы араб, иран кірме сөздері. (Дулат, Шортанбай, Мұрат шығармалары бойынша) Автореф. Алматы- 2006
18. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі) //Алматы «Дайк-пресс» 2008 ж. – 968 б.
19. Болғанбаев Ә. «Қазақ тілінің лексикогиясы». // Алматы «Мектеп» 1988 ж. – 146 б.
20. Қоңыров Қоңыров Т. Тұрақты теңеулер сөздігі.- Алматы: «Арыс» баспасы, 2007.- 480 бет.
21. Қабдолов З.Қабдолов. «Сөз өнері». Алматы.2006ж. – 357бет.
22. Байтұрсынов А.Байтұрсынов Ақ жол. – Алматы, 1991. – 464 б.
23. Балақаев М.Балақаев Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. – Алматы, 1976.
24. Зайсанбаева Г.Н. метафоралы аталымдардың когнитивтік аспектісі (біріккен зат атаулары негізінде) // Автореф. Алматы -2004 ж.
25. Есқараева А.Д. З.Шүкіровтің поэзиялық шығармаларындағы метафоралық қолданыстар. //Автореф. Астана – 2002 ж.
26. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш // – Алматы, 2003. – 208 б.
27. Аймауытов Ж. Ақбілек //- Алматы: Атамұра 2003 ж. – 280 бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
I.Шығарма тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі.
1.1 Шығарма тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қызметі ... ... ... ... ... ..4-12
1.2 Шығармадағы мақал-мәтелдердің қолданысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..13-18
1.3 Шығармадағы кірме сөздердің стильдік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ..19-24
1.4 Антоним, синонимдердің қолданысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...25-29
II. Шығармадағы көркемдегіш-бейнелегіш тәсілдердің қолданысы.
2.1 Шығармадағы эпитет, теңеу қолданылу тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..30-36
2.2 Шығармадағы метафораның қолданысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...37-38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39-40
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41


Кіріспе
Ж.Аймауытов - қазақ әдебиетіндегі орны бөлек тұлғалы қаламгердің бірі. Ол кешегі кеңестік заманында ашық айтуға болмайтын шыңдықты тың форма, ұтымды әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, жеткізіп отырды.Оның жазушылық ерекшелігі - кейіпкерлерінің әрекетінен гөрі, оның жан - дүниесіне көбірек үңілу, кейіпкерлер қатарына ортақ тән нәрсе - олардың жан тазалығы, сезімтал сергектігі, жақсылыққа жаны құштар екендігі. Сурет өнерінде әр қаламгер, қаламынан туған дүниесін өзінше пайымдайды. Сол сияқты Ж.Аймауытов та Ақбілек романын жаза отырып, басты кейіпкер бейнесін сомдауда оның образына сүйсінген тәрізді. Оның тылсым бейнесін үлкен махаббатпен суреттеген. Шығармада бас кейіпкерді тек періште етіп көрсете бермей, өмірдегі бар болмыс-бітімімен, өзіндік табиғи тіршілігімен, яғни пендешілік қателіктерімен қаз-қалпында бейнелейді. Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің озбырлығына үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды Жүсіпбек психологиялық тұрғыдан терең талдап, шебер береді.
Халықтың әлем туралы ой-тұжырым, дүниетанымынан туындайтын, өзіндік төл мәдениетімен ұштасып, этнос болмысының тікелей көрінісі болатын қымбат дүниесі - оның тіл әлемі, тіл байлығы. Тіл мен танымды жіктеп қарамай, оны құбылыс ретінде сабақтастыра қарау академик Ә.Т.Қайдаров ұсынған "тіл мен ұлт біртұтас" немесе "адамды тіл әлемі арқылы тану" деген қағидаларға сүйенетін қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттың қалыптасуына әкелді. Этнолингвистиканың ғылыми-теориялық негізі Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов, М.Копыленко, Р.Сыздықова, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Р.Шойбеков, А.Жылқыбаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде қаланды. Соңғы уақытта қазақ тіл білімі лингвомәдениеттану, когнитивтік тіл білімі сияқты тілдік салалармен толығып, өз жемісін бере бастады [1, ҚТФС 1-3 бет].
Курстық жұмыстың өзектілігі: XX ғасырдың басында қазақ әдебиетінде әйел теңдігі, қазақ қыздарының бойындағы қайрат - жігері, жеңісі Жүсіпбек Аймауытовтың Ақбілек романынан көрініс табуы. Ақбілек- дәуір келбетін, сол тұстағы кезең шындығын суреттейтін шығарма.
Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі- дейді Ж.Аймауытұлы. Әлемді оның әдебиетімен танимыз десек, онда суреткердің шығармалары баға жетпес құндылық. Әр шығарма әлем аренасында ұлттық болмысты көрсетуге қызмет етеді. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алғаннан кейін,көркем шығармалардың тілін зерттеу маңызды мәселе болып табылады.
Жұмыстың мақсаты. Ж.Аймауытұлының Ақбілек шығармасындағы тілдік құралдардың қолданылу мақсатын айқындау, шығарманы көркемдейтін, айшықты ете түсетін сөздердің мәнін аша отырып, олардың шығармадағы қолданысына назар аудару,сол арқылы Ж.Аймауытұлы прозасы тілінің басқа суреткерлерден айырмашылықтары мен өзгешеліктерін көрсету, өзіндік қолтаңбасын анықтау.
Ж. Аймауытұлының фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді қолдану ерекшелігі, оларды қолданудағы авторлық өзгерістерді талдау.
Жұмыстың міндеті:
oo қаламгер прозасындағы фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің стильдік қызметін анықтау;
oo көркем шығармадағы лингвомәдени тілдік бірліктерді айқындау, олардағы ұлттық сипатты көрсету;
oo шығарма тіліндегі кірме сөздер, көнерген сөздердің стильдік ерекшелігін айқындау;
oo шығармадағы көркемдегіш-бейнелегіш тәсілдердің қолданысына тоқталу.
Зерттеу жұмыстың нысаны: Ж. Аймауытұлының Ақбілек романының лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: Кіріспе, екі тараудан: шығарма тілінің лексика-фразеологиялық ерешелігі және шығармадағы көркемдегіш-бейнелеуіш тәсілдердің қолданысынан; қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Фразеологизмдер мен портреттің көп қолданылуы.
Жұмыстың дерек көзі. Ж.Аймауытұлының Ақбілек шығармасы.

I. Шығарма тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелегі.

0.1 Шығарма тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қолданысы
Фразеология- тұрақты тіркестерді (кең мағынада) зерттейтін лингвистикалық пән. Сондай-ақ тілдердегі фразеологизмдерді қарастыратын тіл білімінің дербес саласы.
Тіл білімінде (көбінесе еуропа, славян зерттеушілері) фразеологизмдерді түрлі топтастырылуы бойынша қазіргі бөліп қарастырғанына қарай, қазақ тілінде: идиомдар, мақалдар,мәтелдер,коллокациялар деп бөледі.
Егер қазақ фразеологиясының зерттелу тарихына көз жіберсек, әрине, көптеген терминдер орыс тілінен ешбір өзгеріссіз алынған. Сондай-ақ, аударылғандары және калькаланғандары немесе балама түрі тәрізді қалыптасқандары бар.
Мамаева М.Қ. өз еңбегінде фразеологизмнің зерттелу жайы туралы: Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортсаынан бастап, бүгінгі күнге дейін толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулерді біз шартты түрде төмендегідей төрт кезеңге бөлдік:
1. 1 ХХ ғасырдың ортасы - 40-50-жылдар - қазақ фраеологизмдерін теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.
2. 60-70- жылдар - қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.
3. 80-жылдар - фразеологизмдерді жан-жақты зерттеу. Қазақ фразеологизмдерінің өзге тілдерге аударылуы мен басқа тілдегі фразеологизмдердің қазақ тілінде берілу жайлы.
4. ХХ ғасырдың соңғы он жылы - 1990-2000 - жылдар - фразеологизмдерді этнолингвистикалық және салғастырмалы фразелогия тұрғысынан зерттеу. [Мамаева М.Қ. Фразеологизмді сөз тіркестері 6 бет]
Алдымен ғылым саласының атауы фразеология деген не сұрағына келсек, бұрынғыанықтамалар бойынша мұнда пән атының екі қызметі бар болып шығады. Бірі- фразеологизмдерді зерттейтін ғылым саласынң аты, екіншісі - фразеологизмдердің тұтас жиынтығының аты.
Фразеология пәні туралы қазақ тілшілерінің анықтамалары мына тұрғыда: ...сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын лексикология дейтін болсақ, фразеологизм байлығын зерттейтін саланы фразеология деп атау орынды, - деп жазады І. Кеңесбаев (Қазақ тілінің фразеолоиялық сөздігі. 1977,589 б.). М.Балақаев: Қазақ тілі сөздік қорының аса маңызды бөлшегінің бірі - фразалар мен идиомалар. Ол екеуін қосып фразеологизмдер деп атаймыз (Қазақ әдеби тілі және тілдік норма. 1984,170 б.) [2, Смағұлова Г. Қаз.фраз.линг.пар. 9 бет]
Фразеологизмдерге тән белгілер:
1. мағына тұтастығы - белгілі бір тұрақты тіркестің ішіндегі сөздер бастапқы мағынасынан түгел немесе ішінара жартылай айырылып қалады да, шоғыр тіркес бір ғана мағына береді.
2. тіркес тиянақтылығы - белгілі бір тұрақты тіркестің ішіндегі сөздер бір бірімен жымдаса байланысады, олардың орын тәртібі нық келеді, барлық жағдайда дерлік бір шоқ тіпкесу өз қалпын сақтайды.
3. қолданылу тиянақтылығы - белгілі бір тұрақты тіркес әрдайым айна қатесіз, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай қайталан қолданылады.
Фразеологиялық тіркестер - түркі, оның ішінде қазақ тілінде ертеден келе жатқан құбылыс. Қазақ ғалымдары І.Кеңесбаев, К.Аханов, Ә.Қайдаров, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев, Х.Қожахметова, Ә.Хасенов, Р.Сыздық, Г.Смағұлова және т.б. еңбектерінде фразеология жайлы пікірлер айтылып, нақты тұжырымдар ұсынылды. [3, Есіркепова К. 1960-80жж әйел ақындар поэт.тілі 34 бет] Тіл-тілдің қай-қайсысында да ғасырлар, жылдар бойы қалыптасқан фразеологиялық қазынасы болады. Олардың ішінде образды тіркестер көркем әдебиет қажетін өтеуде халықтың эстетикалық талғамын ақтайтын ең бір күшті тілдік құрал болып келеді. Сондықтан әдеби мектептердің және тіл дамуы кезеңдерінің дәстүрлік, жалғастылық сипатын танытуда қомақты материалдарды фразеологизмдер береді [4, Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі 104 бет]
Халық тілінде қолданылуы қалпынша алып пайдаланған фразеологизмдер есімді және етістік мағыналы болып келеді. Олардың мағынасын ашып, топтастыратын болсақ, мысалы, етістік мағыналы фразеологизмдерге сағы сыну (беті қайту, көңілі кету), медеу ету (арқа сүйеу, тірек қылу), ат құйрығын үзісу (араздасу, ренжісу), шашасына шаң жұқпас (саңлақ, алды да болу), ұзақ таңды кірпік ілмеу (күту, ұйықтамау). Бұлар - зат есім етістік тіркесі арқылы жасалған фразеологизмдер. Қыл үсті (қауіпті, халі мүшкіл жағдай), мірдің оғындай (өткір,турашыл), қас қағым сәт (лезде, тез арада) есімді сөз тіркестерінен жасалған фразеологизмдерге жатады. [4, 107 бет]
Г. Смағұлова: Фразеологизмдердің құрамындағы сөздердің қатысы деген өте күрделі. Қазақ тіліндегі фразеологиялық тіркестерді тұтас жинақтап, қайсысы қай сөз табына жатады деп есептеу мүмкін емес. Ал тұрақты тіркес тұлғаларын белгілі бір сөз табы деп айту қиын. Алайда негізгі сөз табына орайлас келіп, сөйлемдегі бір мүшенің қызметін атқарады - дейді. [5, Смағұлова Г. Фраз.вар. 25 бет]
Г. Смағұлованың Мағыналас фразеологизмдер сөздігі еңбегінде қазақ фразеологиясының мағыналас топтары тілдегі адамдық фактор тұрғысынан жалпы ұғымдық қатыста түсіндірілетін фраза-семантикалық топтарға бөлініп, олар он төрт тақырыпты қамтиды. Бұл ретте мағыналас қатарлар алдымен жалпы фразеологиялық семантикаға (мағынаға) негізделе отырып, жалпыдан жалқыға сияқты иерархиялық принциппен жүйеленді. Тұрақты тіркестердің семантикалық нәтижесі-фразеологиялық мағына. Мағыналас фразеологизмдердің қатар басы фразеологиялық мағынаға бағыт беретін тірек сөз(доминант)- лексикалық мағынадан басталу керек. Мысалы: қателесу ұғымына қатысты мынадай мағыналас тіркестер қатар түзеді: аяғын шалыс басу - жаза басу - ағат кету - от басу.
Зерттеуші ғалым Қалиева С. Е. Фразеологизмдер туралы былай деген болатын: Фразеологимдер сөздердің тіркесіп, мағыналық әрі құрылымдық жағынан тұрақтануы негізінде қалыптасады. Фразеологизмлердің иұндай қалыптасу үрдісі - фразеологизмдену деп аталады.
Фразеологизмдену - сөздердің немесе сөйлемдердің теңеу, метафора, метонимия, гипербола, эвфемизм арқылы мағыналық ауысуы негізінде болатын құбылыс. Фразелогизмденуден өткен сөз тіркестері мн сөйлемдер және оның құрамындағы сөздер өздерінің бастапқы семантикалық қасиеттерінен айырылады да, десемантизация процесіне ұшырайды. Фразеологизмдену кезінде жеке компоненттер ғана емес, сөз тіркесі мен сөйлемдер мағыналарын бүтіндей өзгертеді. [Қалиева С. Е. Көркем прозадағы фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктері Автореф. 16 бет]
Р. Авакова фразеологизмдерді былай бөледі:
Адамның дене-мүшелеріне (соматизмдер) және қимыл-қозғалыстарына байланысты фраземалар.
Жануарлар (зооморфтық фраземалар) әлемі.
Төрт түлік мал.
Алғыс және қарғыс фраземалар.
Діни және мифологиялық фраземалаа(р.
Антропонимдік фраземалар. [6, Авакова Р. Фраз.теор. 69 бет]
Ақбілек романынының тілін Р. Авакова бойынша бөлетін болсақ:
Адамның дене-мүшелеріне (соматизмдер) және қимыл-қозғалыстарына байланысты фраземалар.
-Көз-
1. Уһ! деп демін бір алып, төңірегіне көз салды. [Ж.А. 105бет]
Көз салды-қарады; көзін тікті; көңілі бөлінді. [ ҚТФС 258 бет]
Бұл сөйлемдегі тіркестің мағынасы жан-жағына көз жүгіртті, қарады, көзін тастады деген мағынада қолданылып тұр.
2. Қалай Бадығұлдың жылқысын бақтым, солай көзім ашыла бастады. [Ж.А.83 бет]
Көзі ашылды. 1. Көкірегін, санасын оятты; санасы оянды, өмірді білді, таныды. 2. Сордан арылды, теңдікке, еркіндікке қол жетті. 3. Бір нәрсенің тиегі ағытылды; жолы ашылды, қолайлы жағдай туды. 4. Сауаттанды, білім алды. [ ҚТФС 260 бет] Бұл сөйлемде автор алғашқы мағынасын қолданған, яғни Мұқаш айналасына қарап, көкірегі ояна бастаған. Фразеологизм бірінші жақта, кейіпкердің өзін суреттеуі арқылы берілген.

3. Түндегі айқай-сүрен, аласапарында Мұқаштың қолында жетектеулі- екі ат, ойында- аман құтылу, көзге түспеу ғана бар еді. [Ж.А. 91 бет]
Көзге түсті-көрінді, көрініп қалды. [ҚТФС 254 бет]
4. Ақбілек жаңа шешесіне көз қырын салды. [Ж.А. 219 бет]
Көз қырын салды 1. Көзінің ұшымен қарады; қарап қойды. 2. Бас-көз болды; назарын салып жүрді. [ ҚТФС 257 бет] Бұл сөйлемде автор алғашқы мағынасында қолданып тұр.
5. Дүние-ай, мен де қара құлак болар ма едім деп, зығырланам, ертеңінде түсте қойды бұлақ басына жусатып өгізімді тұсап қойып, жарлауытқа арқамды сүйеп отырсам, көзім ілініп кетіпті [ Ж. А. 82-83 бет]
Көзі ілініп кету - ұйықтап қалу [ҚТФС 261 бет]
6. Түндегі айқай-сүрен, аласапыранда Мұқаштың қолында жетектеулі -- екі ат, ойында -- аман құтылу, көзге түспеу ғана бар еді [Ж. А. 91 бет]
Көзге түспеу - көрінбей қалу, көрінбеу [ҚТФС 254 бет]

-Тіл-
1. Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. [Ж.А. 72 бет]
Тіл жетпейді - тілмен айтып суреттеп шыққысыз. [ҚТФС 534 бет]
2. Тіл алмай, асқа, атқа өкпелеп, кісі боқтап, шалдуар боп, қожадан таяқты талай жесем де, аяғында хат таныдым. [Ж.А. 78 бет]
Тіл алды 1. Ақылын алды, айтқанды істеді. 2. Жұмсағанға барды. [ҚТФС 532 бет] Берілген сөйлемде автор фразеологизмді болымсыз түрде қолданған. Тіл сөзін ауыспалы мағынада шебер қолданған.
3. Өйткені біреу партиялықпен, біреу жегжаттықпен, біреу алым-салығы, біреу берімсегі, біреу ұрланған малы тимегені үшін, біреу қатыны кеткені үшін немесе қатынына, қызына барғаны үшін, ең болмаса тілі тигені үшін біреуді айыптап, біреуді қорғағаннан басқа, әркім өз есебін ойлап, бүйрегі бұрғаннан басқа, дәл жаңашырлық қылып әділ қағушы, әділ тексруші жоқ болды. [Ж.А. 100 бет ]
Тілі тиді-жаман сөзбен балағаттады, қатты сөзі өтті. [ҚТФС 536 бет]
Бұл сөйлемдегі тіркес біреуді балағаттады, жеке басына қол сұғушылық жасады деген
мәнде қолданылып тұр.

-Мойын-
1. Тоқал бұл күнде әкейдің мойнына мініп алды. [Ж.А. 77 бет ]
Мойнына мініп алды - 1. Басынды,басқа, иыққа шығып алды.[ҚТФС 393 бет] 2. Біреудің арқасында күн көрді, масыл болды. [ҚТФС 393 бет] Бұл жерде алғашқы мағынасында қолданылып тұр. Мойын бастан кейін орналасқан әрі адамның маңызды мүшесі. Сол себепті, бұл фразеологизмде мойын сөзі қолданылған.

-Қол-
1. Орыс сияқты жері мол, қолтығы кең жұрттың қол астына қарағанына қазақ тәубе қылу керек қой. [Ж.А. 80 бет]
Қол астына - қарамағына; билігіне. [ҚТФС 342 бет]
2. Ағайынды төртеуміздің ішінде ажарсызы мен болсам да, ерлігіммен герман соғысында қол бастап, бір рет шен алдым [Ж.А 79 бет]
Қол бастау - сарбаз ертті [ҚТФС 342 бет]

-Бет-
3. Көтегейі - Күршім жақ, бет алысы - Қараекем шаты. [Ж.А. 73 бет]
Бет алысы 1. Бағыты, бара жатқан жағы. 2. Ұстаған жолы, нысанасы. [ҚТФС 114 бет] Алынған мысалда бірінші мағынасында қолданылып тұр.
4. Ақбілек олардың бетіне тура қарай алмады, кіріп келгенде ғана немесе түрткенде ғана көзінің құйрығы түседі. [Ж.А. 87 бет]
Бетіне тура қарай алмады-жасқанды, қаймықты, жүзін тайдырды. [ҚТФС 118бет]
5. Сөйлесіп, тілін шығарып, бетінен алғызғаннан да анадайдан ығысып жүргенді тәуір көретін үлкен кісілердің бір әдеті ғой. [Ж.А. 93 бет]
Бетінен алды-көңілін қалдырды, тілдеді, қарсы келді. [ҚТФС 117 бет]
Бұл сөйлемдегі тіркес фразеолгиялық сөздіктегі мағынасына сай жазылған.

-Ауыз-
1. Әйтпесе бір ауыздан жалғыздап келіп, бізді ала алмайды. [Ж.А. 81 бет]
Бір ауыздан - түгел, тегіс, бәрі бірдей. [ҚТФС 132 бет]
2. Әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес. [Ж.А. 82 бет]
Аузы асқа, ауы атқа жарыды - енді ғана бірдеңеге қолы жетті мағынасында айтылады. [ҚТФС 64 бет] Берілген мысалда фразеологизм емес болымсыздық мәнді сөз арқылы шығарма кейіпкері Мұқаштың кедейлігін жеткізу үшін әдейі болымсыз мағынада қолданылған. Мұнда әр түрлі түбірге (ас, ат) бір түрлі жатыс септігінің жалғауы (-қа) жалғануы арқылы жүзеге асырылып тұр.
3. Бекболат ойына талай кесе де, өзіңе бірдеңе деуге аузы бармайтын. [Ж.А. 132 бет]
Аузы бармады- тура айта алмай жүрексінді, айтуға батылы жетпеді. [ҚТФС 64 бет]
4. Аққа қалай ауыз тиді, солай ірімшік, құрт қайнатам деп арпалысады. [Ж.А. 96 бет]
Ауыз тиді- дәм татты, аздап тамақ ішті. [ҚТФС 71 бет]
Бұл сөйлемде фразеологизм сөздікте берілген мағынасы бойынша емес, сүтті қалай алды, солай ірімшік, құрт қайнатам деген мағынада қолданылып тұр.
5. Аузы аузына жұқпайды. [Ж.А. 134 бет]
Аузы аузына жұқпады - жыпылдап тез өтеді. [ҚТФС 64 бет]


-Аяқ-
1. Аңдаусызда аяқ астынан әлдебір ит арс еткендей-ақ, Мұқаштың тұла бо йы шымыр ете түсті. [Ж.А. 93-94 бет]
Аяқ асты-кенеттен, бірден, күтпеген жерден, жоқ жерден. [ҚТФС 78 бет].
Бұл сөйлемдегі фразеологиялық тіркес табан астынан, тосын жерден деген мағынада қолданылып тұр.

-Бас-
1. Үйіндегі бас көтерер адам-қатыны, соның арқасымен кісі болып жүретін. [Ж.А. 126 бет]
Бас көтерді-орнынан тұрды, ұйқыдан оянды. [ҚТФС 96 бет ]

-Құлақ-

1. Енді өзі де қатын болып қалғандыкі ме, немене, әйтеуір құлағын салмайын десе де еріксіз сала береді. [Ж.А. 221 бет]
Құлағын салды - көңіл қойып тыңдады, зейін қойды, елеңдеді, елегізи тыңдады, құлағына құйып алды. [ҚТФС 360 бет]
2. "Қара құлақ" ойнағанда, мен ит, Балабек қасқыр болып, Рақымжанның Айша дейтін қызын өзен жаққа апарып тастады [Ж.А. 82 бет]
Қара құлақ - қатерлі, тағы айуанат туралы айтылады. Тыңшы, салпаң құлақ [ҚТФС 325бет]
3. Бекболат ептеп кіріп, босаға жақтағы бос орындыққа отырып әңгімеге құлағын тікті [Ж.А. 159 бет]
Құлағын тікті, түрді, салды, тосты, қойды - көңіл қойып тыңдады, зейін қойды, елеңдеді, елегізи тыңдады, құлағына құйып алды [ҚТФС 360 бет]

Жануарлар (зооморфтық фраземалар) әлеміне қатысты фраземалар:

1. Қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігітпін. [Ж.А. 77 бет]
қошқар тұмсық - дөң мұрын, қоңқақ мұрын мағынасында тұр [ҚТФС 352 бет]
2. Ел мені шоқынып кетті деп кірпідей жиырылды. [Ж.А. 84 бет]
Кірпідей жиырылды - жақтырмады, тыжырынды. [ҚТФС 297 бет]
3. Ру басы ақсақалы, атқа мінерлер өз пайдасына бола ру-рудың кедейлерін жауластырып, кедейді шоқпар қылды. [ Ж.А. 166 бет]
Атқа мінерлер - бұрын пысық, белсенді кісі туралы айтылған.[ҚТФС 53 бет]
Бұл тұста етістік заттанып келіп, көптік мағынада қолданылып отыр. Халқымызда жылқы малы ерекше құрмет тұтылатындықтан, әрбір қазақтың азаматы ат құлағында ойнай алуы керек деп есептелген. Бұл тұрақты тіркес ертеде, халқымыз ат үстінде жүрген кезде-ақ қалыптасқан десек қателеспейміз. Атқа деген құрмет, ер азаматқа деген құрметтен осылай аталған.
4. Әкесі мен екеуінің арасынан қара мысық өткендей, бір өткел түскенін Ақбілектің жүрегі сезді. [Ж.А. 183 бет]
Қара мысық өткендей - салттық ұғым, ырым.[ҚТФС 287 бет] Кісілер арасында алауыздық пайда болды, біреу от тастады. Қазақ халқында мысық та, қара сын есімі де жаман, қара ниетті деген түсінік қалыптасқан. Егер қара сын есімін қолданбай, тек қана мысық өткендей десек, онда соншалықты айшықты болмай қалар еді. Ал бұл фразеологизмде екеуі қатар қолданылып, ойды одан да әсерлірек еткен.
5. Құдай сендей әбиірі кеткеннен, орысқа салдақы болғаннан сақтасын! - деп, бастырмалатып, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шыққанын білмей бұрқырап жатқанда, Ақбілек шыдай алмай, еңіреп шыға жөнелді. [Ж.А. 223 бет]
Аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығу - аузына келгенін оттап, балағаттау. [ҚТФС 66 бет]

Шығарма тіліндегі алғыс және қарғыс мәнді фраземалардың қолданысы:

1. Қалай бұлтарсам да қоймады, қашағанға төселіп қалған арам қатқыр, қойсын ба, аттың бауырына алып жүріп, ал борсылдат, ал сой. [Ж.А. 83 бет]
Арам қатқыр! Қарғыс.
Арам қатты 1. Сеспей қатты, тұяқ серіппеді. 2. Қарадай жүріп тектен тек өліп кету. [ҚТФС 44 бет] Бұл жерде автор кейіпкер тілі арқылы фразеологизмді ешқандай өзгертпей, тек қана қарғау мәнін ғана емес, сонымен қатар байдың озбырлығын, сараңдығын да көрсеткен.

Шығармадағы діни және мифологиялық фраземалардың қолданысы:

1. Дауыс жер астынан шыққандай, селк етіп, зәресі зәндемге кетті, жығылып барып оңалды. [Ж.А. 86 бет]
Зәресі зәр түбіне кетті - қатты қорықты, жүрегі ұшты, үрейі қашты, көзі тас төбесіне шықты. [ҚТФС 229 бет]
Зәресі зәр түбіне кетті фразеологизмі авторлық өзгеріске түсіп , зәндем болып өзгертілген. Зәндем сөзі түпсіз, тұңғиық зындан деген мағынаны білдіретіндіктен [ҚТФС 343 бет] сөз әдейі ауыстырылған. Тұрақты тіркес құрамындағы сөздердің орны тұрақты болғанмен, кей жағдайларда қаламгерлер ойды айшықтырақ, әсерлірек ету үшін сөздерді басқа сөздермен ауыстырып қолдана береді.
2. "Енді ажалым жетті ғой", - деп Ақбілекте зәре жоқ. [ Ж.А. 88 бет]
Ажалы жетті-дүние салу мезеті, өлім сағаты жетті, күні бітті, дәмі таусылды;мерт болды. [ҚТФС 13 бет]
Бұл сөйлемдегі фразеолгиялық тіркестің мағынасы өлім аузында, дүниеден өтуге шақ қалды деген мағынада қолданылып тұр.
3. Маңайды жын ұрғандай қылды ғой. [Ж.А. 111 бет]
Жын ұрды - есі ауысты, жынданды. [ҚТФС 222 бет] Бұл сөйлемде автор фразеологизмнің екінші сыңарына -дай жұрнағын жалғау арқылы теңеу мағынасында қолданған.



Ж.Аймауытұлының Ақбілек романында тұрақты тіркестер біршама көп қолданылған. Жалпы 47 тұрақты тіркес теріліп, оның 29-ы талдауға түсті, соның ішінде 20 соматикалық фраземалар, 5 жануарлар (зооморфтық фраземалар) әлеміне қатысты фраземалар, 1 алғыс және қарғыс мәнді фразема, 3 діни және мифологиялық фраземалар теріліп, мағыналық жағынан сараланып талданды.

0.2 Шығармадағы мақал-мәтелдердің қолданысы
Қазақ халқының тілі - әрі бай, әрі көркем тіл. Сан алуан көрікті де қанатты сөздер, шешендік сөздер мен нақыл сөздер халық тілінде. Көркемдеп бейнелеуші, өрнектеп мәнерлеуші тәсілдер де сонда - деп белгілі ғалым М.С.Серғалиев дөп басып айтқан.
Түркі халықтары мақал-мәтелдерді аталар сөзі, даналық сөздер, нақыл сөздер, ақыл сөздер деп атап, Ақылың бар ма - ақылға ер, ақылың жоқ па - нақылға ер, Атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына қара, Мақал-мәтел - маржан сөз деуі - халықтың берген әділ бағасы.
Мақал-мәтелдер айтылатын ойдың бағытына қарай - тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, тыңдаушысына ой салады.
Мақал-мәтелдер шығармашылықтың нәтижесінде ғана дүниеге келіп, ұлттық болмыстың барлық саласына қатысты ұлттық дүниетанымның тілдегі бір көрінісі болып табылады. Мақал-мәтелдегі символ - халықтық дүниенің түйсінуінен хабар беретін қойма, яғни дүниенің тілдік бейнесі ретінде ұлттың эстетикалық таным-талғамын, шаруашылық кәсібін, мінез-құлқын, ырым-нанымын, салт-дәстүрін, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухты тек тілде ғана жан-жақты танытады. [Қанапина С. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі 4-6 бет]
Қарсыбекова Ш.П. айтуынша: Мақалды білу деген сөз - халықтың бүкіл болмысын танып білу дегендік. Өйткені, ММ-дер 10 жылда, 20 жылда пайда болған дүние емес, түп тамыры тереңде, сонау қазақ қауымы қауым болып қалыптасқан уақыттан, саналы өмір сүре бастағаннан бері, өмірден алған тәжірибесін, түйгенін рухани байлығымыз арқылы өрнектеп, ғасырлар бойы сақтап келе жатқан дүние. Мұны ММ-дердің өздері айтады. ММ-дердің мазмұнына пайымдап қарасақ, бүгінгі қолданылып жүрген халық даналығының 50-60 % пайызына дейін зерттеу заманындағы ұғымдарға байланысты қалыптасқандығын көруге болады. Басқа халықтар да осы сяқты. [Қарсыбекова Ш.П. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді топтастырудың этнол.принц. 12 бет]
Ақын М.Әлімбаев : Мақал дегеніміз - өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немес жалпылау байымдау, соңғысында қорытынды, түйінді айтатын бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы. Мәтел дегеніміз- халық арасына көп тараған, қорытындысы болмайтын, тұжырымы тиянақталмаған, қарама- қарсы шендестіруі жоқ ықшам да кестелі халық халық сөзі.
Мақал- мәтелдердің көпшілігі- ел арасына кең тараған, қазақ халқының жалпы тарихи тұлғалардың жеке басына, іс- әрекетіне байланысты қалыптасқан көне дүние. Ескі салт- дәстүрлер мен дүниетанымды уағыздап барысында қалыптасуы, олардың архаикалық құбылыс екендігін айқындай түседі. Мақал- мәтелдердің бүгінгі заман талабына сай жаңа үлгілері пайда болып, даналық қоры талссыз толығып, қат- қабат дамуда. [Ә. Қ. Халық даналығы 17 бет]
Қазақ тіліндегі диалектілік мақал- мәтелдер мен фразеологизмдер жиырмасыншы ғасырдың 60- жылдарынан бастап бүгінге дейінгі жарық көрген еңбектерде керегінше сөз болды. Орыс тіл білімінде диалектілік фразеологизмдер мәселесіне қатысты алғашқы ой- пікірлер он тоғызыншы ғасырда қалыптаса бастады. Диалектілік фразеологизмдердің өзіндік ерекшеліктері туралы ой-пікірлер үстіміздегі ғаырдың 70-жылдарынан бастап орыс тілі білімінде Л.И. Ройзензон, Е.Н. Шестакова, М.В. Орел, Б.В. Захаров, Л.А. Ивашко, Ф.И. Федоров, О.И. Блинова сынды ғалымдар еңбектерінде қарастырылды.[ Үрімова Р. К. Қ.т. аймақ.мақал-мәтелдері мен фраз. этноқұрылымдық сипаты. 8-9 бет]
Мақал-мәтелдер тілге ұлттық танымдық ерекше сипат, нақыш береді. Өйткені мақал-мәтелдер - ұлттық психологияны, оның тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойына сіңірген, соларды баяндайтын этномәдени бірліктер түрінде кездеседі.
Мақал-мәтелдер бір дәуірдің ғана жемісі емес, ұзақ жылдар өмір сүріп, атадан балаға мұра болып келе жатқан жасампаз құбылыс.
Мақал-мәтелдердің семантикасына жасалынатын талдау дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттық сипатты ашуға мүмкіндік береді. Әрине, мақал-мәтелдегі дүние бейнесінде адамды бағалау мен сипаттау құбылыстары образды-экспрессивтік және субъективтік бағалау формалары арқылы іске асырылатыны белгілі. Сондықтан да дүниенің тілдік бейнесін сомдауда мақал-мәтелдің атқаратын рөлі ерекше.
Мақал-мәтелдердің біразы өздерінің құрылысы жағынан өлең табиғаттас болып келеді, яғни, олар да белгілі бір ырғаққа, ұйқасқа, аллитерация, ассонансқа құрылады. Бұл мақал-мәтелдерді халықтың тез ұғынып, есінде сақтауына оңайлық туғызады және олардың құрамындағы сөздерді тұрақтандыруда ерекше рөл атқарады.
Алайда, поэзия үлгісінде келетін мақал-мәтелдердің өлеңдік сөз тігісінен бөтен, өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Ол, әсіресе, буын өлшемінен, шумақ санынан, ұйқас түрлерінен айқын аңғарылады.
Мақал-мәтелдің лексикалық бітімі қазақ халқының тарихи әлеуметтік жағдайын, тұрмыс-тіршілігін, үлгі-өнегелік мәселелерді қозғауда, сөз байлығының әр алуан қатпарларына бара білген.
Көркем мәтінде мақал-мәтелдерді қолдану жазушының көріктеу тәсілінің ең басты амалының бірі болып келеді. [Қанапина С. Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің танымдық бейнелілігі151-152 бет]

Шығарма тілінде кездесетін мақал-мәтелдер:

1. Асқанға тосқан деп, Совет үкіметі байлардың пейіліне бола келген бір тосу ғой. [Ж.А. 91 бет]
Асқанға тосқан деп авторлық өзгеріске түсіп қолданылып тұр, яғни, көп асқанға бір тосқан мәтелін одан да айшықты, әрі әсерлірек ету үшін автор әдейі мәтелдің негізгі идеясын ғана қолданған. Нақты бір стильдік мақсатқа байланысты фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің әр алуан өзгеріспен берілуі автор тілінде жиі кездеседі. [Тұяқбаева Р.Р. Қазақ баспасөзінің лексикасы мен фразеологиясы 21 бет]
2. Ел құлағы - елу ғой, суық жүрісті адам білінбей не тұрсын? [Ж.А. 100 бет]
Ел құлағы елу - ауыс. ел ішінде сөз жатпайды, себебі қазақ қауымында: ұзын құлақ, отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жайылады, екі елі аузыңа төрт елі қақпақ бола алмау т.б. осы тәрізді наным-сенім, салт-дәстүрдің қалыптасуы ел арасында айтылып қалған сөз сол сәтте-ақ қалың жұрт арасына тез тарап кетуін көрсетеді. Ертеректе, бүгіндей ақпарат (радио, теледидар, телефон, газет-журнал т.б.) құралдарын пайдаланбаған кезінде, ел өз құлақтарының есту, тыңдау қабілетіне мүмкіншілігіне ерекше мән берген (елу құлақ көп құлақ мағынасын білдіріп тұр) [Ә.Қ. Халық даналығы 282 бет]

3. Адам дегеніңіз басқа түссе баспақшы болады екен, абақты екеш абақтыға да, зынданға да, соғысқа да жүре-жүре адамның еті үйреніп,көндігіп кетеді деседі. [Ж. А. 102бет]
Басқа түссе баспақшыл - ауыс. адам басына қиыншылық іс түссе, оның істемейтін ісі, айналыспайтын тіршілігі жоқ, ол бәрін де, тіпті ең бір ауыр, былғаныш (мәс. тері иелеушілік) істі де орындауға мәжбүр болады, соған шарасыз көнеді демекші [ Ә. Қ. Халық даналығы 241 бет]
Бұл мақалдың соңғы мүшесінің соңғы л әрпі кейіпкер тілінде айтылмай қалған. Әдетте, бұл құбылысты, яғни, мақал құрамының кейіпкер тілінде өзгеріп айтылуы әрбір қаламгерге тән қасиет.
4. "Қорыққанға қос көрінген" шығар деп жориды. [Ж.А. 107 бет]
Қорыққанға қос көрінер ( қорқаққа қос көрінеді ) - 1. қорқыныш сезімі адамды үрейлендіріп, айналадағы заттарды әдеттегіден басқашалау түрде құбыжық етіп көрсетеді, яғни өзінен-өзі үрейі қашып келе жатқан қорқақтың көзіне бір қара екеу болып көрінеді; 2. ауыс. қорқақ адамға бәрі де құбыжық болып көрінуі [Ә. Қ. Халық даналығы 406 бет]
Мақал Халық даналығында қорқаққа қос көрінеді болып берілген.

5. Өлмегенге өлі киік деген осы да. [Ж.А. 108 бет]
Өлмегенге өлі киік - 1. аштан өлуге айналған адам өзен жағаласа, ең болмаса жағада өліп жатқан балық кездесуі мүмкін, ол соны пісіріп жесе де өлмейді деген сөз; 2. ауыс. ажалы жоқ адам қанша қиналса да, ол тірі қаларлықтай бір себептің болары сөзсіз. [Ә.Қ. Халық даналығы 453 бет]
Халық даналығы кітабында мақалдың Өлмейтінге өлі балық жолығады деген варианты берілген.
6. Мынаны көрген соң, "құлақ естігенді көз көреді" деген осы-ау деп ойлады. [Ж.А. 113 бет]
7. "Жаман иттің атын бөрібасар қояды" демекші, Бозінген әлгі бір "Шатасының" атын Әнуарбек қойған еді. [Ж.А. 123 бет]

Жаман иттің атын Бөрібасар қояды - 1. иесінің күшігіне үлкейгенде қасқыр алсын, өжет болсын деген үміт-тілекпен Бөрібасар деп қойған аты ол үлкейе келе төбет болғанда дәл сол ойлағанындай, бөрі басатын күшті алғыр болып өсуі де, өспеуі де мүмкін; 2. ауыс. әдетте, жақсы ниетпен жаңа туған нәрестеге атағы жер жарған, біртуар азаматтың, дара тұлғалардың есімін береді; алайда тегінде жоқ адамға қандай әйгілі есім берілсе де, ол сол есімдердің иесіне ұқсай бермейді. Демек, бұл сондай аты затына сай келмейтін адамдарды мысқылдау деген сөз [Ә.Қ. Халық даналығы 310 бет]

8. "Е!" дегені; "Ажалы жеткен қарға қаршығамен ойнайды" деген осы-ау. [Ж.А. 133бет] Деген көмекші етістігі арқылы мақалдың негізгі нұсқасын еш өзгертпей тырнақшада берген. Бұл мақалда оймен бірге ишарат та бар. Мақалды айтқанда ажалы жетіп тұрса да қаршығамен ойнап жүрген қарғаны емес, ең алдымен адам туралы, адамның әлеуметтік іс-әрекеттері туралы ойлаймыз. Бұл бір адамның өлер жерін білмейтін ұшқалақтығын көрсетіп тұр. Бұл Өлетін бала молаға қарай жүгіреді деген мақалмен синонимдес болып келеді.
9. Ет дегенде бет бар ма? - деп, Ықаңа бір қарап қарынын бүлкілдетіп күлген болды. [Ж.А. 151 бет] Бұл мақал қазақтың болмысын көрсетіп тұрған сияқты. Өйткені, қазақ халқы ежелден ет жеп өскен халық , әрі ет басты тағамдардың бірі болғандықтан ет келгенде ұялудың реті жоқ деген мәнге ие.
10. Зәрдің басын зәр алады" деп неге айтыпты? [Ж. А. 153 бет]
Зәрдің басын зәр алады деп қай ауру болмасын неден келсе, емі де содан болар деген мәнде айтылған. Бұл мақал У да - бір дәрі мақалымен синонимдес. [Ә.Қ.Халық данлығы 514 бет]
11. "Есептескен дос болмас" деп жұрт айтады. [Ж. А. 172 бет]
Халық аузындағы дағдылы қолданыста:
Есептескен ел болмайды,
Етектен кескен жең болмайды болып келетін мақалдың соңғы бөлімі мүлдем қолданылмай түсіп қалған болса, мақалдың бірінші бөліміндегі ел сөзі дос болып өзгерген. Бұл жерде екі түрлі құбылыс жүзеге асырылып тұр. Бірі - мақалдың бір компоненті (ел) басқа сөзбен (дос) алмастырылса, келесі эллипсис құбылысы негізінде мақалдың қысқартылып, екінші бөлімінің бүтіндей түсіп қалуы.
12. Ақырында "түс түлкінің боғы да" десіп, бірін-бірі жұбатты. [Ж.А. 194 бет]
Халқымызда түлкі қулық-сұмдықтың, өтірікшіліктің символы. Түлкіге қатысты сөз болғанда ол сөз не өтірік, не түкке тұрғысыз болып қалады. Сол себепті де түсті түлкінің боғына теңеген.
13. Етке тойғанда, құда мың жылдық деп қазақ босқа шатады. Мың жылдық болса, Мамекең құдасынан неге айрылды? [Ж.А. 217 бет]
Қазақта күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық деген мақал бар. Соның алғашқы бөлігін алмай, тек екінші бөлімін, құдала жайлы бөлігін ғана қолданған. Себебі, бұл жерде күйеу жайлы емес, тек құдалар жайлы, яғни Мамырбайдың байдың айтуымен құдасынан айрылғаны сөз болады.
14. "Ит ашуын тырнадан аладының" кері ғой, көзіне көрінгені, әлі жеткені - Ақбілек еді. [Ж.А. 227 бет]
15. Сабыр түбі - сары алтын, бипатпаға сиын, бипатпа піріңе, - деп кемпір байғұс күбірлеп, үшкірген боп, күлмен ұшықтаған боп, ішін сипап дамы көрмей жүр. [Ж.А. 229 бет]
Сабыр түбі - сары алтын, Сабыр етсең - бәрі алтын ауыс. Сабырлылық, салмақтылық, парасаттылық көрсету әрқашан да сап алтынның өзіне де, сарғая істеген ісіңнің алтынға бергісіз бағалы да игілікті нәтижесіне де қолыңды жеткізеді демекші[Ә.Қ. Халық даналығы 464 бет]
Шығармада автор тек алғашқы бөлігін ғана қолданған.
16. Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал тұрып сәлем берсін деген мәтелді есіне алып, үйде отырсам, қуанбаған боп көрінермін деп, тысқа шықты. [Ж.А. 273 бет]
Ертеден қазақ халқы жастарды аялаған, кішіге ізет көрсете білген. Осы мақалдан да қазақылықтың бейнесі көрініс тапқан. Бұл үлкендерге деген құрметсіздік емес, керісінше, кішіге деген ізеттің көрінісі. Оның үстіне амандасу салты бойынша жүріп келген адамға отырған адам тұрып сәлем беру керек.

17. Сауған сайын сүт молайып, шелегі күр-күр етіп ән салады, шелектің әнін тыңдап отырып Алтынай қызыл бұзауына мықты бас жіп қайдан табылар екен деген ойға батады, қойы жоқ үйге жіп-шу деген нардың пұлы емес пе? Одан-бұдан сұрап алған жүн қай бір жарытады. [Ж.А. 96 бет]
Халық тіліндегі ердің құны, нардың пұлы мақалының адыңғы бөлмін мүлде алып тастаған. Қазақтың бұрынғы заңдарының бірінде, егер біреудің өліміне себепкер болса оған құн төлеу туралы тармақ болған. Өлер адам өлген соң әрине оның құнын мал арқылы төлейтін болған. Міне, осы қағиданың негізінде жоғарғыдағы ерді құны - нардың пұлы мақалы дүниеге келген десек қателеспейтін сияқтымыз. Ал, Ж.Аймауытов романында қолданылған мағынасы мүлдем өзгеше. Мұнда, қызыл бұзаудың мойнына тағатын бас жіп істеу үшін Алтынайға керек болған жай бір жіп-шуды нардың пұлына теңеп ойын әсірелей жеткізген. Бұл тұста қайдағы бір жіп-шуды ердің құны болдырып, аспандатып жіберді десек те, қолында бір қойы жоқ кедей байғұстың жағдайында сол қайдағы бір жіп-шудың өзі нардың пұлына тең түсетінін әсірелеп жіберсе де әсерлі жеткізген.
18. "Жақсы лепес - жарым ырыс"деген мәтел өте-мөте өлімге бара жатқан адамға жылы тисе керек. [Ж.А. 105 бет]
Мұндағы лепес сөзі сөз, лебіз мағынасын білдіреді. [ҚТТС 571 бет]

Сонымен, қорыта келгенде, Ж. Аймауытовтың Ақбілек романынан жалпы 18 мақал-мәтел теріліп, оның 15-ң талдауға түсті. Ә. Қайдар Халық даналығы кітабы арқылы мақал-мәтелдерге түсініктеме берілді.

0.3 Шығармадағы кірме сөздердің стильдік ерекшелігі

Кірме сөздер
Өз дамуының ұзақ тарихында қазақ халқы да өзімен көршілес немес шеткері жатқан көптеген елдермен қарым-қатынас жасап келе жатқаны мәлім. Сондықтан сол халықтардың тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер және сөздік элементтер еніп, қазақтың тіл қорын молайтып, байыта түскен. Мысалы, көне замандардан бастап түрік тектес халықтар тілдерімен (башқұрт, татар, тува, өзбек, түрікмен, ноғай, құмық,қарачай,т.б.); монғол тілдерімен (монғол, қалмақ); славян тілдерімен (орыс, украин, беларус); қытай тілдерімен (хан, дұнған); иран тілдерімен (көне замандарда - тохар, соғды, кейініректе - тәжік,парсы,ауған) ; араб тілдерімен (ирак, сирия), сондай-ақ орыс тілінің дәнекерлігі арқылы феногур, герман, роман және де басқа да кейбір тілдермен аралас-құралас болып келді. Бірақ осы халықтармен және олардың тілдерімен араласудың себептері, жағдайы және жолдары әр түрлі болды, соған сәйкес сол тідерден қазақ тіліне енген сөздердің және басқа элементтердің саны мен сапалық ара қатынасы әр түрлі болып қала береді.
Ауыс сөздер мәселесімен шұғылдану белгілі бір тілдің даму тарихын зерттеу үшін қажет. [Бекмұхаметов Е. Б. Қ.т. араб-парсы сөздері 5-6 бет]
Зерттеуші ғалым Жиекбаева А.Б. өз еңбегінде араб-парсы тілінен енген кірме сөздерге тоқтала келіп: Қазақ терминалогиясын зерттеп жүрген ғалымдардың ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, біз де араб, парсы кірме элементтерінің қазақ тіліндегі терминдену процесіне қатысты тұрғысынан бірнеше кезеңге бөліп қарастырдық.
Бірінші кезең ХIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейінгі аралықты қамтиды;
Екінші кезең ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап, 1990 жылдарға дейінгі аралықты қамтиды;
Үшінші кезең ХХ ғасырдың 90-жыдарынан кейінгі кезең.
Бұл кезеңге бөлудегі басты сипат араб және парсы бірліктерінің жандануына, дамуына, оның тілдегі қызметіне байланысты болып отыр. деп жазады. [Жиекбаева Е.Б. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің терминденуі 8 бет]
Ал Мансұров Н.Б. кірме сөздердің зерттелу тарихына тоқтала келе: Әрине, бұл жайлы зерттелген материалдар қазақ тіл білімінде әлі де болса саусақпен санарлықтай, бірақ біршама баршылық. Атап айтқанда, Ж.Есеналиева Абай шығармаларындағы араб, парсы сөздерінің қолданылу ерекшелігі атты диссертациясында Абай шығармаларындағы сөздерге лексикалық талдау жасаса, Б.Жұбатова Қазақ қисса-дастандарындағы араб, парсы сөздері атты ғылыми еңбегінде XIX ғасырдың II жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ қисса-дастандарының тіліндегі араб,парсы элементтеріне лингвистикалық сипаттама береді. Ал ХI-XII ғасыр әдеби ескерткіштеріндегі араб элементтеріне зерттеу жасаған Г.Құлназарова ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Жүсіпбек Аймауытовтың Ақбілек романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Ж.Аймауытов шығармаларындағы тарихи сөздердің қолданылуы
Ақбілек романның ағартушылық сипаты
Ж. Аймауытов шығармаларындағы фразеологизмдер
Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ руханияты, тарих, таным, көркемдік арқауында
Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқыту
Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері. Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер
Жүсіпбек Аймауытов - әдебиет сыншысы жайлы ақпарат
Ж.Аймауытов еңбектерінде көтерілген педагогикалық мәселелер маңызы
Ж. Аймаутовтың өмірбаяны мен педагогика жөніндегі еңбек жолы
Пәндер