«Зар заман» ағымы ақындарының әдеби мұрасы


«Зар заман» ағымы ақындарының әдеби мұрасы
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1. «ЗАР ЗАМАН» АҒЫМЫ АҚЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ МӘНІ
1. 1. Зар заман ақындары және тарихи қоғамдық жаңалығы 5
1. 2. Зар заман ақындарының туындыларының ияеялық үндестігі 8
2. «ЗАР ЗАМАН» АҚЫНДАРЫНЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК КЕСТЕЛЕРІ
2. 1. Ақындар шығармашылығындағы көріктеуіш құралдарның қолданылу ерекшеліктері 132. 2. «Заман» бейнесінің суреттелу сипаты 23
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс өзектілігі: Зар Заман Ақындары - қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М. Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т. б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.
Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады. Зар заман ақындары шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдерден бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады.
Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады. Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман - ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің тып-типыл болуы турасындағы емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен ұлттың күйреуі сипатындағы ақырзаман. Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады.
Курстық жұмыс мақсаты: «Зар заман» әдебиетті өкілдері мен олардың туындыларына тән белгілер, тіл ерекшеліктерін айқындап, шығармаларына талду жасау.
Курстық жұмыс міндеті: Зар заман ақындарының шығармаларындағы ерекшеліктерді қарастыру бойынша келесі міндеттерді қарастыру:
- Зар заман ақындары және тарихи қоғамдық жаңалығын зерттеу;
- Зар заман ақындарының туындыларының ияеялық үндестігі қарастыру;
Зар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықтың белең алуынан басталады. Жыр жүйріктерінің бар құдіреті, бар қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зобалаңды алдын-ала ескертті, зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін жасады. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің кемістігін де түйреп өтті. Зар заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілі - Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестелеудің жаңа үлгісін жасады.
1. «ЗАР ЗАМАН» АҒЫМЫ АҚЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ МӘНІ
1. 1. Зар заман ақындары және тарихи қоғамдық жаңалығы
Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған. Жалпы “ауа көшу”, “қонысты тастау” ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. [1, 22б] Талауға түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндік, бостандыққа ұмтылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып, өткен күннің елесін іздеу, жастық дәуренді еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп, өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң-шермен астасып жатады. Ақындардың бірқатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зарлана жырға қосады. Зар заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік - келешекті көрегендікпен болжап, алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы. [2, 104б] Мұндай болжам өлеңдер Зар заман ақындары шығармашылығының бастапқы кезеңінде, яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығымен құнды. Бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарасақ, олардың ойлаған қаупі расқа айналғанына куә боламыз. Бұл ақындардың ішінде өлең-жырдың бар қуатын пайдаланып, ата-баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап бергені - Дулат Бабатайұлы.
Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қосты. [2, 50б] Кеңестік идеология үстемдік еткен кезеңде Зар заман ақындарының шығармаларын насихаттауға тиым салынды. Олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан Зар заман ақындары шығарм. әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетінің тарихын оқып-үйренуге арналған ғыл. жинақтарда олардың кейбір өлең-толғаулары арагідік жарық көрген тұстары да болды. Мысалы, 1978 жылы Ленинградта басылып шыққан “Поэты Казахстана” жинағында (құрастырған М. Мағауин) Зар заман ақындарының отаршылыққа қарсы жазылған бірқатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді. [3, 58б]
20 ғ-дың соңынан бастап зар заманның тарихи сипаты, Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері, көркемдік кестелері туралы бірқатар еңбектер жазылды. Зар заман ақындары шығарм. - жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.
Қазақ әдебиетіндегі байырлық рух ХVІІІ ғасырда жоңғарлар мен қарсы күресте ХІХ ұлт азаттық күресте, (Махамбет, Нысанбай ) қайта көтерілгенмен, Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды.
Қазақ жеріне қол салған патша үкіметі халықты жарылқау үшін келмегенді. Жерінен айрылған халық әдеп - ғұрып пен қазақы мінезінен де айрыла бастады . Патыша үкіметі енгізген жаңа әкімшілік шаралар қазақ болмысына тән еместі. Ұрлық, өсек, талас - тартыс, алауыздық, арызқойлық - қазақ қоғамының осы кезеңдегі жемісі болды.
Осы кезде өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының бір тобы қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстарды айаусыз сынға алды.
Олар Қазақстанның Ресейге қосылуымен капиталистік көзқарастардың енуін кері кеткендік деп есептеді. Өткен өмірді ансады, болашақ туралы өз болжамдары мен пікірлерін білдірді.
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М. Әуезов «Зар - заман » жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы М. Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды « Зар -заман » мектебінің ойшылдары деп атады. Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді.
Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң - зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбубәкір Кердері, Аубан Асан, т. б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды (зар - заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттың - бітімімен ажырамауға үндейді[3, 70б]
Еркіндікпен бостандықтың, дәстүр мен европалық метрополиядан еңген жаңа тәртіптердің шегінен шиеленісуі Шортанбай, Дулат және Мурат сияқты « зар - заман » ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады. Олар ХІХ ғасырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынайды. Әлеуметтік, үйлесімділік уақыты ретінде өткен дәуірді идеяландыра отырып, бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, түңіледі, қауіп жұбататын ешнәрсе таппаған Зар -заман ақындарының кеудесін кернеген мұң, зар, шер әбден күнәға батқан « замандастарының құлағына » жете қоймайды. Қазақ халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату сияқты империялық пиғылдар жүзеге асуына қарсыласы қозғалысы Зар -заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының ( 1843 - 1906 ) жырларынан айқын байқалады. Зар - заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы, қазақы қадір - қасиеті сақап қалуға үндеген, ой - пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдермен болжамдықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады. Зар -заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы - мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды, тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады. Олар елдің барлық түсінен Нәубетті ақыр заманың келгені деп ұғады. Зар - заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі - Шортанбай Қанайұлы ( 1818 - 1881 ) « зар - заман » атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін, көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын, әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел - жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады.
Шортанбай адамдарының әлеуметтік топқа бөлінуі олардың шыққан тегіне сәйкес болу керек деп есептеді[4, 207б]
Заманның бұзалғанына назары болған ақын «әуелгі заманны » енді қайта келмейтіндігіне «құдасы жоқ құлды, қонысы жоқ байдың» озатынына, «байдың тілін жарлы алмай, ханның тілі қара алма» өздері де жөнін біле алмайтынына қынжылыс білдіреді. «заман оңайлар еді, бірақ оған әуелден бас білдірдің» деп осы жағдайға душар еткендерді ренішін айтады (4, 29) .
Елде ұрлық пен парақорлықтың, өсек пен жалақорлықтың көбейін, ұлы атасын сыйламаған, атасы батасын бермеген әлеуметтік құбылысты заманақырға теңеген шортанбай оның себебін патша өкіметінің отарлау саясатынан іздейді. Шортанбай ақырзаманды «бүкіл адамзат ұрпағының» жойылуы деп ұқпайды. Оның ойынша, «ақырзаман» бұрынғы әдет- ғұрыптың бұзылуы адамдар арасындағы сыйластық байырмалдықтың азаюы әркімнің өз басын күйттеуі, қазақ халқының өз еркіндігінен айырылуы, орысқа бодан болуы. Хандық билікті аңсаған ақын « Жандарал ұлығың, майыр сынғаның болды», «кәпірді піріндей тілмәшті жеңгендей дуанды үйіндей көрдің », енді сені күтіп « абақты тұр қасында, қазылған қара көріндей» (5, 60 ) деп сақтандырады.
Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тұрмыс ерекшеліктерінің екінші халыққа күшпен енгізілуінің қаншалықты қатерлі екендігін түсіндіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан биліктің, әдеп-ғұрыптың кенеттен өзгеріске ұшырауын ол халықтың адамгершілік нормаларын бұзатын құбылыс ретінде бағалады. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын батыл айыптады, бұл жағдайдан шығудың жолдарын іздеп арпалысты[4, 78б]
1. 2. Зар заман ақындарының туындыларының ияеялық үндестігі
Қазақ әдебиетіндегі байырлық рух ХVІІІ ғасырда жоңғарлар мен қарсы күресте ХІХ ұлт азаттық күресте, (Махамбет, Нысанбай ) қайта көтерілгенмен, Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды.
Қазақ жеріне қол салған патша үкіметі халықты жарылқау үшін келмегенді. Жерінен айрылған халық әдеп - ғұрып пен қазақы мінезінен де айрыла бастады . Патга үкіметі енгізген жаңа әкімшілік шаралар қазақ болмысына тән еместі. Ұрлық, өсек, талас - тартыс, алауыздық, арызқойлық - қазақ қоғамының осы кезеңдегі жемісі болды.
Осы кезде өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының бір тобы қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстарды айаусыз сынға алды.
Олар Қазақстанның Ресейге қосылуымен капиталистік көзқарастардың енуін кері кеткендік деп есептеді. Өткен өмірді ансады, болашақ туралы өз болжамдары мен пікірлерін білдірді.
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М. Әуезов « Зар - заман » жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы М. Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды « Зар -заман » мектебінің ойшылдары деп атады. Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді.
Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң - зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан, т. б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды . зар - заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттың - бітімімен ажырамауға үндейді.
Еркіндікпен бостандықтың, дәстүр мен европалық метрополиядан еңген жаңа тәртіптердің шегінен шиеленісуі Шортанбай, Дулат және Мурат сияқты « зар - заман » ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады. Олар ХІХ ғасырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынайды. Әлеуметтік, үйлесімділік уақыты ретінде өткен дәуірді идеяландыра отырып, бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, түңіледі, қауіп жұбататын ешнәрсе таппаған Зар -заман ақындарының кеудесін кернеген мұң, зар, шер әбден күнәға батқан « замандастарының құлағына » жете қоймайды. Қазақ халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату сияқты империялық пиғылдар жүзеге асуына қарсыласы қозғалысы Зар -заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының
( 1843 - 1906 ) жырларынан айқын байқалады ( 3, 38 ) . Зар - заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы, қазақы қадір - қасиеті сақап қалуға үндеген, ой - пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдермен болжамдықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады. Зар -заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы - мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды, тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады. Олар елдің барлық түсінен Нәубетті ақыр заманың келгені деп ұғады. Зар - заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі - Шортанбай Қанайұлы ( 1818 - 1881 ) « зар - заман » атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін, көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын, әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел - жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады[5, 37б]
Шортанбай адамдарының әлеуметтік топқа бөлінуі олардың шыққан тегіне сәйкес болу керек деп есептеді.
Заманның бұзалғанына назары болған ақын «әуелгі заманның » енді қайта келмейтіндігіне « құдасы жоқ құлдың, қонысы жоқ байдың » озатынына, « байдың тілін жарлы алмай, ханның тілі қара алмай » өздері де жөнін біле алмайтынына қынжылыс білдіреді. « заман оңайлар еді, бірақ оған әуелден бас білдірдің » деп осы жағдайға душар еткендерді ренішін айтады .
Елде ұрлық пен парақорлықтың, өсек пен жалақорлықтың көбейін, ұлы атасын сыйламаған, атасы батасын бермеген әлеуметтік құбылысты заманақырға теңеген шортанбай оның себебін патша өкіметінің отарлау саясатынан іздейді. Шортанбай ақырзаманды «бүкіл адамзат ұрпағының » жойылуы деп ұқпайды. Оның ойынша, «ақырзаман »бұрынғы әдет - ғұрыптың бұзылуы адамдар арасындағы сыйластық байырмалдықтың азаюы әркімнің өз басын күйттеуі, қазақ халқының өз еркіндігінен айырылуы, орысқа бодан болуы. Хандық билікті аңсаған ақын « Жандарал ұлығың, майыр сынғаның болды », «кәпірді піріндей тілмәшті жеңгендей дуанды үйіндей көрдің », енді сені күтіп « абақты тұр қасында, қазылған қара көріндей » деп сақтандырады.
Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тұрмыс ерекшеліктерінің екінші халыққа күшпен енгізілуінің қаншалықты қатерлі екендігін түсіндіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан биліктің, әдеп - ғұрыптың кенеттен өзгеріске ұшырауын ол халықтың адамгершілік нормаларын бұзатын құбылыс ретінде бағалады. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын батыл айыптады, бұл жағдайдан шығудың жолдарын іздеп арпалысты.
Зар - заман ақындарының өлең - жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыңы орын алған. Жалпы «алға көшу», қонысты бастау ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. Таласуға түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндікке, бостандыққа ұмытылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып, өткен күннің елесін іздеу жастық дәуреннің еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп, өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң - шермен астасып жатады. Ақындардың бір қатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зорлана жырға қосады. Зар - заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік - келешекті көрегендікпен болжап, алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы. Мұндай болжам өлеңдер Зар - заман ақындарының шығармашылығын алғашқы бастапқы кезеңінде, яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығы мен құнды . бүгінгі көз қарасақ тұрғысынан қарасақ олардың ойлаған қауіпі расқа айналғанына куә боламыз. Бұл ақындардың ішінде өлең - жырдың бар қуатын пайдаланып, ата - баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап бергені. Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz