Заң терминдері. Олардың лексика - грамматикалық табиғаты


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Заң терминдері. Олардың лексика - грамматикалық табиғаты.

Мазмұны

Кіріспе . . . . . .

Заң терминдері. Олардың лексика - грамматикалық табиғаты

1. Лексикалық табиғаты . . .

2. Грамматикалық табиғаты . . .

3 . Заң терминдеріндегі жаңа атаулар . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер . . .


Кіріспе

Өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет ретінде өркениетке қадам басқан Қазақстан Республикасы бұл күндері ана тілімізге, оның тағдырына ерекше көңіл бөлуде. Әсіресе, мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қазақ тілінің қоғамдық қызметін жандандыру, қалыптастыру басты мәселеге айналды.

Осы орайда оның негізі туралы академик Әбдуәли Қайдаровтың "Ең алдымен оның тірек болар үш тағаны - жазу-сызуы (ұрпақ арасын жалғастырар алтын көпірі), ономастика (жер бетіндегі ескерткіші), терминологиясы (оның баю, жаңару көзі) берік емес екендігін мойындау қажет. " деген пікірі орынды айтылған.

Еліміздегі қарқынды қоғамдық әлеуметтік өмір туғызып отырған күнделікті қызметтегі қолданыстың қажеттілігін мынадан көруге болады: Бұрын термин жасау жұмысымен тек лексикографтар мен лексикологтар, шет ел тілдерінің мамандары аудармашылар айналысса, қазіргі ғылым мен техника заманында-логигтар мен математиктер, физиктер, медицина қызметкерлері, ауылшаруашылығы ғылымының өкілдері және басқа сала ғылымдары да жүйелі түрде шұғылдана бастады.

Атап айтқанда, орысша-қазақша әскери атаулар (Қызылорда 1927), Терминологический словарь (Агыбайулы, Алма-Ата, 1936), Қазақ тілінің терминдері (Қызылорда 1936), Русско-латино - қазахсий терминологический словарь (Т. 2), М. Исламбеков, Алма-Ата, Изд. Ан Каз. ССР, 1960), Краткий русско-казахский словарь литературоведческих терминов (Т. Абетов, Алма-Ата, Изд. Ан Каз. ССР. 1962), Русско-казахский краткий словарь лингвистических терминов (С. Кеңесбаев, Т. Жанузаков, Алма-Ата, 1963), Химия терминдерінің орысша-қазақша сөздігі ( Б. Бірімжанов, С. Омаров, Алматы, 1969), Орысша-қазақша қоғамдық - саяси терминологиялық сөздік (Алматы, "Қазақстан" баспасы, 1974) . Ғ. Сапарғалиев Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. (Алматы, 1995), Орысша-қазақша, қазақша-орысша терминдер мен атаулар сөздігі. Мемтерминком бекіткен. Алматы, 2004. Ғ. Қалиев. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2005 т. б.

Қазақ терминологиясын бұрынғыдан да гөрі түпкілікті етіп қалыптастыру, тілдік тұрғыдан түсінік беру, олардың нәтижесін әртүрлі салаға баянды етіп сіңіру мәселесі өте зор маңыз алып отыр. Осыған байланысты бүгінгі таңда үлкен қажеттілікке айналып отырған терминология мәселесі, оның ішінде заң терминдерінің мәселелері терең зерттеуді қажет етеді.

Тақырыптың өзектілігі: Терминология мәселесі, оның ішінде салалық термин мәселесіне аса көңіл бөлініп, салиқалы да жан-жақты зерттеу жұмысын жүргізу бүгінгі күннің зор талабы ретінде жұмысымның өзектілігін белгілейді.

Терминология - үздіксіз дамып келе жатқан ғылым саласы. Оның Қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда ілгерілеуіне біршама үлес қосқан, терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда А. А. Реформатскийдің, В. В. Виноградовтың, Н. А. Баскаковтың, В. И. Сифоровтың, Р. А. Будаговтың, О. С. Ахманованың, Б. О. Орузбаеваның, М. Ш. Гасымовтың, Т. Бертагаевтың т. б зерттеуші ғалымдардың еңбектерінің мәні зор болды.

Сонымен қатар, түрколог ғалымдар А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, С. Бәйішев Ә. Қайдаров, М. Балақаев, Ғ. Мұсабаев, Ш. Сарыбаев, Ө. Айтбаев, Ә. Әбдірахманов, С. Исаев, т. б еңбектерінде термин жасаудың принциптері мен шарттары белгіленіп, анықталып салалық термин жасау мәселесі жолға қойылды.

  • Салалық терминология мәселесін зерттеудің бірнеше себептері болды. Атап айтқанда ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай әрбір өркениетті елдің терминологиясы да заман талабына орай дамуға тиіс.
  • Екіншіден, қазақ әдеби жазба тілі - мемлекеттік тілдің негізі болса, терминология мен ғылым тілі оның жон арқасы болуға тиіс.
  • Үшіншіден, қазақ тілі терминологиясы әртүрлі жағдайларға байланысты қазіргі кезде үлкен дағдарысқа ұшырап отыр. Термин практикасы аяқасты болып, әркімнің өз бетінше термин жасауы барынша орын алып отыр.

Демек, қазіргі кезеңде мемлекеттік мәртебелі ана тіліміздің табиғатына сай жаңаша қалыптастырудың принциптерін белгілеу басты мақсат.

Қоғам дамуының жаңа кезеңіне көтерілгенде, халық тұрмысына, ғылымға, салалық өзгерістер енгенде көптеген жаңа атаулар, соны ұғымдар пайда брлып, соған байланысты тілдегі бұрыннан бар сөздердің мағыналары көбейеді немесе мүлдем жаңа сөздер, терминдер туады. Осындай жолмен туындайтын, халық тұрмысына өзгерістер болған сайын жетілдіріп отыруды қажетсінетін терминология саласының бірі - заң терминдері.

Республикамызда заң мамандарын дайындау XX ғасырдың 20-жылдарының аяғында басталды. Демек, сол кезден бастап қазақ мемлекетінде заң саласындағы терминдер қалыптаса бастады.

Ғылым мен мәдениттің шарықтай өскен заманында басқа терминдер сияқты заң терминдерінің құрамында да көптеген өзгерістер болды. Бұрынғы терминдер құрамындағы бірқатар атаулар ескіріп, оның есесіне жаңа ұғымды білдіретін соны атаулар пайда болды. Мысалы, болыс, би, қазы, ұлық т. б осы сияқты көне атаулар архаизмге: кеңес, сот, прокурор, қорғаушы, тергеуші т. б. сөздер осы кездегі әлеуметтік меншік пен мемлекетті қорғаушы субъектілердің мазмұнын білдіретін терминдік мәнге ие болды.

Заң терминдерінің негізін халықтың әдет-ғұрыптарынан, заңдарынан, жол-жолдарынан, қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдарынан, заң кодекстерінен, қылмыстық істер кодекстерінен кездестіруге болады. Мысалы, куә, халық соты, заң, шағым, бас бостандығы, қоғамдық тәртіпті қорғау, бап, құқық, еңбек тәртібі, борыш, жауапкер, талап арыздары, айыпкер, жаза, қылмыс, азаматтық істер, меншік, сот үкімі, сот билігі, қарсы талап, айғақ, куәлар, айыптаушы, аса ауыр қылмыс, тағы басқа сөздер бірер жылдың жемісі емес, халықтық қолданыста бар, кейбірі бұрыннан-ақ терминдік мән алған сөздер. Тілді жаңа термин байытудың ең тиімді де өнімді жолы сол тілдің көрнекті тіл мамандарының бәрі дерлік мақұлданған.

Осы кезге дейін бізге мәлім болып келген заң терминдерінің шығу тегі, жасалу жолдары да түр-түрлі болып келгенін білеміз. Бірқатар терминдер жалпытүркілік негізде жасалса, енді біреулері қазақтың жалпыхалықтық төл лексикасының негізінде, ал бірсыпырасы басқа тілден ауысқан кірме сөздердің терминдік қызмет атқарып қалыптасуынан пайда болды. Мысалы, әкімгершілік ұғымды білдіретін "хан", "тархан", "бек" сөздері көне түркі дәуірінен белгілі. " Жала", "құн", "айғақ", сияқты қылмыстық құқыққа қатысты сөздер байырғы қазақ тілінде бар атаулар. Ал "адвокат", "компетенция", "куә", "шара", "айып" сөздері - басқа тілден ауысқан кірме атаулар. Осындай пайда болу төркіні әртүрлі сөздердің де қай-қайсысының термин ретінде қалыптасу жолы, өз тарихы бар. Бұлардың бәрі де дүниенің әлеуметтік тынысымен, халық шежіресімен астасып жатады.

Сондықтан заң терминдерін бір ізге салудың, оларды қалыптастырудың маңызы зор. Бұл салада істелген біршама жұмыстар да бар.

Алғаш рет заң терминдерін жүйеге салып, сөздік жасаған ғалым Т. Күлтелеев. 1962-64 жылдар аралығында басылып шыққан заң кодекстері - заң терминдерінің қалыптасып дамуына игі әсерін тигізеді.

Мысалы, 1960 жылы шыққан С. Байсалов пен Ұ. Құдайбергеновтің орысша-қазақша терминологиялық сөздігінің үлкен пайдасы болды. Онда 2700-ге таяу заң терминдерін қамтылды.

Бұл сөздік - қазіргі кезде заң терминдерінен хабардар ететін бірден-бір лингвистикалық еңбек деп айтуға болады.

Заң терминдері ғана емес, жалпы терминология мәселесінің теориялық жақтары қазақ тіл білімінде әлі толық шешімін таппай отыр.

Демек, Қ. Жұбанов, С. Бәйішев, К. Аханов, Ә. Сатыбалдин, Ә. Әбдірахманов т. б. еңбектеріндегі және оқулықтарындағы берілген анықтамалар негізінде алынып, бүгінгі кезеңде арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет деп санаймыз.

Бүгінгі таңда Республикада заң терминдерін зерттеп білу міндеті өзінің көптеген шешімдерін күтуде. Солардың бірі - заң терминдерінің қалыптасу кезеңдерін анықтау, олардың шығу төркіні (генезисі), терминдік жүйе ретінде қалыптасуы арнайы зерттелген жоқ.

Заң терминдерін ғылыми жағынан зерттеудің маңызы зор. Әсіресе, жоғары оқу орындарындағы заң факультеттері студенттері, заң, сот мекемелерінде қызмет істейтін мамандардың күнделікті жұмыстарында пайдалануға аса қажет.

Демек, бұл айтылғандардың бәрі де зерттеп отырған мәселелердің өзектілігін дәлелдейді. Сондықтан қазіргі "қазақ тіліндегі заң терминдері" мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді.

Зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі заң терминдерінің мағынасы мен ерекшеліктері, жалпы қалыптасу принциптері мен заңдылықтары ескеріледі. Зерттеуде тілдік құбылыстардағы заң терминдерінің жүйелілігі, дәйектілігі негізінде алынды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

Қазақ тіліндегі терминдік ұғымдарды, оның ішінде заң терминдерінің ерекшеліктерін, олардың көпшілікке беймәлім жақтарын анықтап, топтастырып, ғылыми айналымға қосу мәселесіне назар аударды. Осыған сай төмендегі мәселелерге назар аудардық. Осыған сай төмендегі мынандай мәселелерді шешуге ұмытылыс жасалды:

  • заң терминдерінің лексикалық құрамын сипаттау;
  • заң терминдерінің құрылымы мен лексика-грамматикалық ерекшелігіне сипттама беру;
  • құқықтық терминдерді дұрыс пайдалану, оны жетілдіру бағыттары мен жолдарын анықтау.

Жұмыстың құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспе, тарау, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.


Заң терминдері. Олардың лексика - грамматикалық табиғаты

1. Лексикалық табиғаты

Заң терминдерінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері туралы оған қатыстыт бір қатар мәселелерді талдау жасау арқылы белгілі бір қорытынды жасауға боады. Олардың ең негізгілері мыналар: осы топқа кіретін атаулардың затқа, құбылысқа және солар туралы терминдік ұғымға қатысын ашып, осы негізде жіктеу (классификациялау) ; заң терминдерінің жалпыхалықтық лексикадан алатын орны, осы негізде мағыналық жағынан толығу не болмаса тарылу; заңдық ұғымды білдіретін ұғымды сөздердің басқа салалық терминдерге қатысты (ұқсастығы мен ерекшелігі) ; көп мағыналық омонимділік, синонимділік, антонимділік қасиеттер, олардың заң терминіне қатысы; образдылық ауыспалы мағыналылық сияқты лексикалық мағыналардың заңды ұғымды білдіруге қатысы т. б.

Заң терминдері де тіліміздің лексикалық құрамындағы кез-келген сөздер сияқты шындық дүниедегі заттар мен құбылыстар жайындағы ұйымдардың атауы болғандықтан олардың мағыналары сол ұғымдардан таралады. Бірақ олар құқықтық ғылымның білдіретін фунцияда жиі қолданып барып тұрақталуының негізінде ұзақ абстракциялану процесін басынан өткізген мағыналарды білдіреді. Сондықтан да ол сөздер терминдік мәнге ие болғанда, бастапқы мағыналарынан алшақтап жалпылық қасиетімен ерекшелеген жаңа мағынада қолданылады. ”Терминдер моносемиялы болады” дегенде, оны осы тұрғыда түсіну керек. Мысалы, сот процесінде қылмыстының ісін жеңілдету бағытында жұмыс жүргізетін құқық қорғау органының қызметкеріне ”қорғаушы” деген терминдік атау берілген. Бұл сөз қазақ тілі лексикалық құрамындағы басқа да стильдік топтарда қолданылады: ” Қайраттың ”қорғаушысы ” бүгін ерекше қимыл көрсетті, соның арқасында олардың қақпасына бір де доп өткен жоқ”, - дегенде, ”қорғаушы” - спорттық ұғымды білдіретін касіби атау, ал ”Жаудан Москваны қорғаудағы қазақстандықтардың жанқиярлық ерлігі мәңгі есте қалады”, - дегендегі ”қорғаудағы” сөзі жалпыхалықтық лексикадағы көп сөздердің бірі ретінде ”ерлік” сөзін анықтап тұр, арнайы лексиканың ешбіреуіне жатпайды. Сондықтан талданып отырған сөз "адвокат” ұғымын білдіргенде ғана термин болып саналады, осы функцияда ғана заңдық ұғымның атауы ретінде оның моносемантикалылығын мойындаймыз. "Кемсіту” сөзі "дискреминация” атауының болмысы ретінде "адамдардың ұлтына, нәсіліне қарап алалау құқығын шектеу” деген ұғымда заң терминдерінің қызметін атқарып келеді. Бұл сөз де тек осы мәнде ғана терминдік қызмет атқара алады. Ал осы сөз жалпыхалықтық лексикада басқа мағыналарда да қолданыла береді (ерден ердің кемдігі жоқ. Оны кластас оқушыларының бәрі кемсітуші еді т. б. ) . Тағы бір мысал: Ана тілімізде барлық байлық ұғымын білдіретін "қор” деген сөз бар. Бұл жалпыхалықтық лексикада омонимдік сипаттағы сөз. ( Асқар бұл күнде "қорланып қалды", - дегенде байыды деген ұғымды бірдірсе, "Қор болды-ау жаным", -дегенде бейшара болдым-ау, абыройым қалмады-ау тектес мәнде жұмсалады) . Ал осы сөз кейінгі кезде "белгілі бір мақсат үшін белгіленген ақша немесе материалдық құралдар. Бір нәрсенің негізгі қоры - (валюта қоры, тұрғын үй қоры т. б. ) " мағынасында заң терминдерінің қызметін атқара бастады. Соңғы мағынасының дараланып моносемиялануының нәтижесінде осы қызметте омонимдік қасиетінен арылды. Осы негізде кейінгі кезде көптеген жаңа сөздер пайда бола бастады. "Қонаев қоры", "Төле би қоры", "Балалар қоры", "Райымбек қоры" т. б.

Сонымен, заңдық ұғымды білдіретін сөздер өз бастауын жағынан абстракцияланады. Мысалы, ұлттық мемлекетіміздің құрылуымен байланысты келген көптеген құқықтық ұғымдарды білдіру үшін, атаулар керек болғанда, оларды ең алдымен төл лексикамыздың мүмкіншілігінен іздейміз. Сөйтіп, мағынасы сол ұғымға сәйкес не жуық келетін сөздерге жаңа терминдік ұғымды телиміз. Терминдердің жасалуы саналы түрде болады дегенде, осылар ескеріледі. Олардың терминдік мағынада өту жолдары әртүрлі: бірқатар көпмағыналы сөздердің бір мағынасының абстракциялануынан жасалса, енді бір тобы дара мағыналы сөздердің мағынасының өзгеруінен пайда болады. Мысалы, " сезікті" сөзі "қылмыс істеді деген сезіктен ұсталған адам және айып тағылмастан бұрын бұлтартпау шарасы қолданылған адам", - деген мағынада заң термині қызметін атқарса, " қауіптену" мағынасында жалпыхалықтық лексикада да жиі қолданылады: неден сезіктендің, орныңнан атып тұрдың ғой? Неден қорықтың балам, мен ешнәрсені сезіп тұрған жоқпын? "Сезікті секірер" (мәтел) . Осыған көңілім күптігендей болады да тұрады" деген мысалдарда " сезікті, қорықтың көңілім күптігей болу" сөздері синонимдес, "қауіптену" мағынасында қолданылған ал екінші сөйлемдегі " сезіп" атауы, "тұрған жоқпын", сөздерімен тіркесіп "білген жоқпын", "түсініп тұрған жоқпын", тіркестерінің мәнімен сәйкес келеді. Демек, бұл сөз белгілі жағдайда құқықтық ұғымды білдіру үшін қолданылғанда ғана заң термині бола алады және соңғы қызметті "қауіптену", "солай шығар-ау деп ойлау" мағынасының негізінде пайда болады. Осы арада айта кететін бір жай - сөздің бір мағынасы терминдік мағына алғанда, жаңа ұғымды білдіргендіктен басқа мағыналарының бүтіндей дараланып өз алдына дербес сөз ретінде танылады. Олай болса, сөздің термин болып қалыптасуымен бірге дүниеге жаңа сөз келеді де, тіліміздің лексикалық қорын байытады. Енді бір қатар сөздер терминге өткеннен кейін тек сол мағынада ғана жұмсалады. Мысалы, " кешірім " деген заң термині бар. Оның мәнін заң терминдерің сөздігінде (1986 жылы шыққан) былай түсіндіреді. "Помилование - кешірім . Сотталған адамға тағайындалған жазаны жеңілдету немесе оның сотталды деген атағын жою туралы акті. Кешірім беруді СССР Жоғарғы кеңесті Призидиумы мен Қазақ ССР кеңесі Президиумы жүзеге асырады ". Бұл күнде "кешірім сөзінің басқа мәні жоқ, осы мағынамен шектелген . Қазір заң терминніне айналған " беттестіру" де тек терминдік мәнде жұмсалатын болды. Ол жалпыхалықтық лексидада сирек қолданылады. Оның мағынасы: "Куәлардың жауаптарында қайшылық болған реттерде тергеуші немесе анықтама жүргізуші адам оларды беттестіріп, жауап алуға құқылы. Беттестіру бұрын жауап алған екі куә арасында ғана болады". Осы әрекетті " беттестіру" дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі
Қазақ тіліндегі ішкі терминжасам тәсілдері
Сөз тұлғасын зерттейтін тіл саласы - сөзжасам мен морфология саласы
Дипломатиялық құжат тілінің терминдері
Қазақ терминологиясының даму кезеңдері
Туынды сөздердің зерттелуі, қалыптасу негіздері
Біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орны
Когнитивтік парадигмадағы терминология
Терминдерді аудару барысында трансформациялардың қолданылуы (ағылшын және қазақ заң терминдері)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz