Шалғындық және жайылымдық мал азығын өндіру


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі

Кафедра:

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Шалғындық және жайылымдық мал азығын өндіру.

Қабылдаған:

Орындаған:

Тобы:

АЛМАТЫ

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Мал азығының түрлері.

2. 2. Мал азығының қоректілігін бағалау .

III. Қорытынды

IY. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанда мал азығы негізінен табиғи жерлерден жəне егістіктен өндіріледі. Табиғи шабындықтар мен жайылымдар көлемі республика бойынша 180 млн гектардай, олар барлық аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерден қарапайым жақсарту жұмыстарын жүргізіп, тиімді пайдаланған жағдайда арзан да сапалы мал азығын алуға болады. Шалғындықтарды жақсарту технологиясы күрделі емес, оны əр шаруашылық өздері жүргізе алады. Ол үшін көп қаражат та жұмсалмайды. Қазіргі кезде шет елдерде жəне республиканың алдыңғы қатарлы шаруашылықтарында өндіріске тиімділігі жоғары мəдени жайылымдар мен шабындықтар енгізіліп жатыр. Мəдени жайылымдар əсіресе, сауын сиырлар үшін өте тиімді. Оны жылдың жылы мезгілдерінде ұзақ пайдаланып, көк шөптің жоғары өнімін алу арқылы сауын сиырларының сүттілігін айтарлықтай көтеруге болады. Мұндай жайылымдар мал төлдерін бағуға да тиімді. Егістікте мал азықтық дақылдарды өсіріп дəрумен-протеин мөлшері тепе-тендікте болатын сапалы мал азықтарын дайындау жұмыстары да ауыл шаруашылығы мамандарының алдында тұрған негізгі міндеттері. Кезінде (1990 ж) егістікте 10 млн гектардай мал азықтық дақылдар өсірілсе, қазір оның көлемі 2, 7 млн гектардан аспайды (2007ж. ) . Егістікте негізінен мал шаруашылығы өнімін көтеруде аса қажетті сүрлемдік, жемдік дақылдар, пішеннің жəне көк шөптің қоректілігін көтеретін бұршақ тұқымдастар өсіріледі. Сонымен қатар, ферма жанындағы егістіктерде сүрлем жəне басқадай құнарлы азықтар дайындайтын əдеттен тыс жаңа мал азықтық өсімдіктер өсіріледі. Мал өнімінің сапасын көтеруде мұндай мал азығының ролі өте жоғары. Соңғы жылдары көпшілік аймақтарда астық егістігінен шығарылған тыңайған жерлер көптеп кездеседі (республика бойынша 18-20 млн га) . Келешекте міне, осы жерлерді мал азықтық дақылдар, бір жылдық жəне көпжылдық шөптер себуге игерсе, барлық аймақтарда мал азығы проблемалары шешілер еді. Мұндай жұмыстар бір жағынан республикада нашарлап кеткен экологиялық жағдайларды жақсартуға да үлкен əсерін тигізетіні сөзсіз.

Мал азығында кездесетін витаминдер органикалық заттар тобына жатады. Витаминдер аз мөлшерде мал организміне биологиялық белсенді зат ретінде өте қажет. Егер олар мал азығында болмаған жағдайда малдың өнім беруі азайып зат алмасу процесі бұзылады жəне мал өнімінің (сүт, ет, жұмыртқа, т. б. ) сапасы төмендейді. Кейбір жағдайларда витаминнің жетіспеуінен малдар авитаминоз ауруына шалдығуы мүмкін (цинға, рахит, т. б. ) . Барлық витаминдер латын алфавитімен белгіленеді (А, В, С, Д, Е) . Мал шаруашылығында пайдаланатын мал азықтары бірнеше топтарға бөлінеді: 1. Ірі азықтар (пішен, пішендеме, сабан) ; 2. Көк азықтар (көк балауса, жайылымдық мал азықтары) ; 3. Шырынды азықтар (сүрлем, тамыр жəне түйнек жемістілер, бақша дақылдары) ; 4. Құрама азықтары ( дəн, астық дəні қалдықтары, құрама жем т. б. ) ; 5. Өсімдік жəне жануарлар қалдықтары (кебек, күнжара, қызылша сығындылары, ет-сүйек ұндары жəне басқа да өндіріс қалдықтары) . 7 Қазіргі кезде қолданылып жүрген мал азықтарының 95% астамы табиғи шалғындықтардан жəне егістікте өсірілетін өсімдіктерден алынады. Мал азығының негізгі бөлігі жайылымнан жəне шабындықтан (қысқы мал азығы) жиналады. Сол себепті оның сапасына жəне малға керекті витаминдермен қамтамасыз етілуіне көп көңіл бөлінуі тиісті.

Егістікте мынадай мал азықтық дақылдар өсіріледі: 1. Көпжылдық астық тұқымдас шөптер; 2. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер; 3. Біржылдық астық тұқымдас шөптер; 4. Біржылдық бұршақ тұқымдас шөптер; 5. Сүрлемдік дақылдар; 6. Жемдік астық дақылдары; 7. Мал азықтық тамыр жемістілері; 8. Мал азықтық бақша дақылдары. Бұдан басқа соңғы уақытта кейбір шаруашылықтарда өнімі жəне сапасы жағынан жоғары жаңа, əдеттен тыс мал азықтық дақылдар енгізіліп өсіріле бастады.

II. Негізгі бөлім. 2. 1. Жем-шөп түсінігі. Жемшөп - малды азықтандыру үшін пайдаланатын өнімдер. Олар өсімдіктекті, жануартекті және минералдық болады. Жемшөп құрамында сіңімді қоректік заттар көп. Жемшөпті түсіне, иісіне, дайындау әдісіне, т. б. қарап бағалайды. Өсімдіктекті жемшөпке жасыл азық, ірі азық, пішендеме, тамыр-түйнектер, техникалық дақылдардың дәнді және өсімдікті қалдықтары, құрама азық жатады. Жасыл азық (табиғи және екпе жайылым шөптері, тамыр жемістілердің жапырақтары, т. б. ) жазда күйіс қайыратын малдың азық құрамын құрайды. Ірі азық (пішен, сабан, т. б. ) құрамында күйіс қайыратын малдың асқорыту процесін қалыптастыратын клетчатка болады. Пішен - күйіс қайыратын малға қыста берілетін жемшөптің бірі. Пішендеме сәл кептірілген әр түрлі шөптерден дайындалады. Оны малға пішен, сүрлем орнына беруге болады. Шөп ұны бұршақ және астық тұқымдас шөптердің қоспасынан дайындалады. Ол ақуыз бен витаминге бай. Сүрлем - шырынды азық. Негізінен, қыста, ал жазда қосымша жемшөп түрінде қолданылады. Тамыр-түйнектер ( қызылша, сәбіз, картоп , т. б. ) мен шырынды жемістерді ( асқабақ, қарбыз , т. б. ) барлық малға береді. Олардың құрамында көмірсу, С витамині, каротин көп болады. Дәнді азыққа дәнді ( арпа, сұлы, жүгері , т. б. ) және бұршақ ( бұршақ, жасымық , т. б. ) тұқымдас дақылдар жатады. Дәнді дақылдарда көмірсу, негізінен, крахмал, бұршақта ақуыз (протеин) көп. өн тартқанда, май шайқағанда, қант қызылшасын өңдегенде, т. б. қалатын қалдықтар да (кебек, күнжара, сірне, сығынды, т. б. ) құнарлы азық ретінде қолданылады. Жануартекті азыққа балық ұны, ет-сүйек ұны, майы алынған сүт, т. б. жатады. Бұлардың құрамында протеин, минералды заттар, витаминдер көп. Жас төлдерді, құстар мен мамық жүнді аңдарды азықтандыруда қолданылады. Минералды азықтың маңыздылары - ас тұзы, бор, әктас, сүйек ұны, т. б.

Жемшөп дақылдары - ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру үшін өсірілетін дақылдар. Жемшөп дақылдарына тамыржемістілер мен түйнекжемістілер, бақша дақылдары; сүрлемдік және жемдік астық дақылдары жатады. Бұлар жайылым ретінде, жасыл азық, пішен, пішендеме, шөп ұны, сүрлем, дән, т. б. түрінде пайдаланылады. Жемшөп дақылдарын егістік және жемшөптік ауыспалы егісте, сондай-ақ, ауыспалы егістен тыс телімге де өсіреді. Жемшөптік өсімдіктерден бұршақ және астық тұқымдасқа жататын бір жылдық және көп жылдық шөптер өсіріледі. Азықтық тамыржемістілерден - азықтық сәбіз, азықтық қызылша; ал азықтық түйнекжемістілерден картоптыңжемге арналған сорттары, жер алмұрты; азықтық бақша дақылдарынан азықтық қарбыз, кәді, асқабақ; сүрлемдік дақылдардан жүгері, күнбағыс, азықтық орамжапырақ, жер алмұрты егіледі. Жасыл азыққа дәнді бұршақ дақылдары (асбұршақ, қытайбұршақ, жасымық) және дәнді дақылдар (қара бидай, сұлы, арпа, тары) өсіріледі. Жемдік астық алу үшін дәнді бұршақ дақылдарын (сиыржоңышқа, асбұршақ, егістік бұршақ, азықтық бөрібұршақ) және дәнді дақылдарды (сұлы, арпа, жүгері, т. б. ) пайдаланады. Қазақстанның барлық аудандарында жемшөп дақылдары сол жердің ауа райына, топырақ ерекшелігіне қарай өсіріледі.

2. 2. Мал азығының қоректілігін бағалау . Қазақстанда малды қорада ұстап бағу əр аймақта əр түрлі. Оңтүстік аймақтарда бұл көрсеткіш 4-6 айдай болса, солтүстік аймақтарда 7-8 айға дейін созылады. Жəне де кейбір аймақтарда (далалық, шөлейт) табиғи жайылымдардың жаздың екінші жартысында өнімділігі күрт азайып мал жаюға тиімсіз болып қалады. Сол кездері қолдағы малды екпе жасыл конвейер жасау арқылы қоректендіреді. Осының бəрін ескере келгенде мал азығының 60-70% мөлшері малды қорада ұстап (стойловый период) баққанда жұмсалады екен. Сол себепті шалғындықтан жəне егістіктен алынған жем- шөптің азықтық бағалығын есептеу керек. Ол үшін Россияның В. Р. Вильямс атындағы мал азықтық ғылыми-зерттеу институты ұсынған анықтаманы пайдалануға болады. Ұсынған анықтамаларды пайдалана отырып, егістіктің 1 гектарынан алынған көк балаусаның мал азықтық өнімін шығаруға болады. Қазіргі кезде мал азығының қоректілігін анықтау үшін азықтық өлшем (а. ө. ) қолданады. Ол дүниежүзілік стандарт бойынша 1 кг сұлыдағы энергия мөлшеріне тең етіп алынған.

Өсімдіктің қоректілігін бағалау. Өсімдіктің қоректілігі оның химиялық құрамына байланысты. Өсімдікте су мөлшері жəне құрғақ зат мөлшері анықталады. Құрғақ затында күл мөлшері, одан кейін протеин, ақзат, май, клетчатка жəне азотсыз экстрактивті заттар анықталады.

Өсімдіктің желінуі . Бұл көрсеткіш 5 балл бойынша анықталады: 5-өте жақсы желінетін өсімдік; 4-жақсы желінетін өсімдік; 3-орташа желінетін өсімдік; 2-нашар желінетін өсімдік; 1-өте нашар жəне кей кездері ғана желінетін өсімдіктер; 0-мал жемейтін өсімдіктер. Улы жəне зиянды өсімдіктер. Улы өсімдіктерге мал жегенде ауыратын не болмаса уланатын өсімдіктер жатады. 29 Мал азықтық өсімдіктерді ботаникалық топтарына жəне тұқымдастарына қарай қоректілігін бағалау. Ол үшін өсімдіктерді 4 топқа бөледі: астық, бұршақ, қияқ (өлең) жəне аралас шөптер.

Қазіргі кезде əр гектардан түсетін мал азығы мөлшерін есептеу үшін əр түрлі анықтамалар мен əдістемелер пайдаланалады. Солардың негізгісі болып М. Ф. Томмэнің (1964ж. ) «Корма СССР. Состав и питательность» көлемді анақтама кітабі. Бұл анықтамада мал азағының 3100-ге тарта түрлерінің 6500- ден астам талдаулар көрсеткіштері келтірілген. Қазақстанның мал азығы түрлерінің қоректілігін анықтау үшін М. Ф. Мартовицкаяның (1976 ж. ) «Химический состав и питательность кормов Северного Казахстана» анықтама кітабін пайдалануға да болады. Осы жəне басқа да анықтама кітаптарында сараптамаға алынған мал азығы түрлері, үлгілердің талдауға алынған уақыты, өсірілген жері, өсу кезеңі, ондағы мал азығы өлшемі, 1кг немесе 100 кг азықтағы қорытылатын протеин мөлшері жəне де азықтың химиялық құрамы (-%) - су, протеин, ақзат, клетчатка, азотсыз экстрактивті зат, олардың қорытылу коэффициенттері мен мөлшері келтіріледі. Мал азығындағы азықтық өлшем ондағы құрғақ заты мөлшерімен тығыз байланыста. Былайша айтқанда мал азығының ылғалдылығы төмен болған сайын оның мал азықтық өлшемі жоғары болады. Ал енді шабылмай тұрып қалған шабындықтан түсетін өнімнің құрғақ затының мөлшерінің жоғары болуы оның қорытылу сапасының төмен екенін көрсетеді.

Жемшөп өндіру (орыс. кормопроизводство ) - мал азығын өндіру туралы ғылым. Мал азығына табиғи және екпе жайылым мен шабындық оты, көк азыққа және сүрлем, пішендеме салуға өсірілген техникалық дақылдар, азықтық тамыр-түйнек жемістілер мен бақшалық дақылдар, мал азығына жұмсалатын астық пен бұршақ тұқымдастар дәні, олардың өңдеу қалдықтары мен сабаны, түрлі техникалық өңдірістің азықтық жем, сірне, кебек, күнжара, шрот секілді қалдықтары жататын білім саласы табиғи жөне мәдени жайылым отын жақсарту, шабындық өнімділігін ұлғайту, сапалы пішен мен шөп ұнын дайындау, пішендеме мен сүрлем салу технологиясын жетілдіру, дайындалған жемшөп қоректілігі мен құнарлылығын ұзақ мерзім сапалы сақтау жағдайларын зерттейді.

III. Қорытынды.

Республикамыздағы егін шаруашылығында малазықтық дақылдар 2, 7 млн. га. жерде орналасқан, яғни барлық егіс аумағының 16%-ын алып жатыр. Қазақстанда малдар қорада тұратын кезеңде және жазда үстемелеп азықтандыруға алатын мал азығы үшін жыртылатын жерлерде малазықтық дақылдар өсіріледі, оларды негізгі топтарға бөлуге болады:
1. Сүрлем дақылдар.
2. Көпжылдық бұршақ тұқымдастар.
3. Көпжылдық астық тұқымдастар.
4. Біржылдық бұршақ тұқымдастар.
5. Біржылдық астық тұқымдастар.
6. Малазықтық тамыржемістілер.
7. Малазықтық бақша дақылдар.
8. Жемазықты дақылдар.
Одан басқа аз тараған және дәстүрлі емес малазықтық өсімдіктер тобын көрсетуге болады, бірақ та олар қазірше маңызды өндірістік рөл атқармайды. Қазақстанда негізгі сүрлем дақыл ретінде жүгері, күнбағыс, ақ жүгері және судан шөбін өсіреді. Дақылдардың негізгі өсіру мақсаты - сүрлем алу және жаздың екінші жартысында (тамыз-қыркүйек басында) жасыл балаусамен үстеме азықтандыру.
Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, дәруменді шөп ұны және жазғы уақытта жасыл балауса мал азығына өсіріледі. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер құрамындағы сіңімді протеиннің жоғары мөлшерімен сипатталады: олардан алынған мал азығында жинау технологиясы сақталған жағдайда 1 а. ө-ге 180-250 г сіңімді протеин келеді. Бұл дақылдар тобы мал азығын өндіруде энергетиканың көзі ретінде ғана, малдар рационын ақуызбен алмастырылмайтын аминқышқылдар мен толықтыру үшін де маңызды. Бұршақ тұқымдас шөптер ретінде республикамызда жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, қызыл беде өсіріледі.
Көпжылдық астық тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, көк балауса дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын негізгі дақылдар еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, шалғындық бетеге және т. б.
Біржылдық шөптер пішен, пішендеме, жем азық дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдар жасыл конвейердің маңызды шикізат көзі болып табылады. Қазақстанда өсірілетін негізгі біржылдық шөптерге судан шөбі, итқонақ, қонақтары, малазықтық шай жүгері, сұлы, арпа, сиыржоңышқа, асбұршақ, ноғатық т. б. жатады.
Малазықтық тамыржемістілер күзгі-қысқы мерзімде шырынды диетикалық және дәруменді мал азығын дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдардан біздің елімізде қант қызылшасы, малазықтық сәбіз.

  1. Introduction

Forage is produced mainly in natural areas and fields. The volume of natural grasslands and pastures in the country of 180 million hectares, which are located in all regions. It is simple to carry out work to improve the effective use of the places you can get a cheap high-quality forage. Meadows enhancement technology is not complicated, and each household will be able to hold their own. A lot of money is spent. At present, foreign countries and highly efficient production farms of the country's leading cultural pastures and hayfields are being introduced. Cultural pastures, especially, is very beneficial for dairy cows. Using it in the warm seasons long, green grass of high-yielding milk cows by the significant increase in milk productivity. Such grazing calves effective care. Forage crops grown in the fields of fortified protein balance tendikte the size of the work on the preparation of high-quality feed main tasks facing the agricultural workers. (1990), 10 million hectares of fodder crops growing in the fields, now more than 2. 7 million hectares (2007. ) . Necessary to raise livestock products, mainly in the fields for silage, forage crops, hay and raise the green grass of nutrients legumes are grown. In addition, the fertile farm fields next to the silo and other unusual new forage plants are grown in the preparation of hotels. To improve the quality of livestock products such fodder role is very high. In recent years, many regions there are a lot of grain in the fields fallow lands (18-20 million hectares of the country) . In the future, these lands, forage crops, planting annual and perennial grasses development and solving problems in all regions of forage. Such work has been deteriorating in the country on the one hand, will certainly have a great impact on the improvement of environmental conditions.

Belongs to a group of organic matter in the fodder vitamins. A small amount of vitamins in animal body is very important as a biologically active substance. If you do not feed if they violated Supplier of decreased metabolism of animals and animal products (milk, meat, eggs, etc. ), quality declines. In some cases, the incidence of animals due to the lack of vitamin avitaminosis (cïnğa, rickets, etc. ) . All the Latin alphabet of vitamins (A, B, C, D, E) . Livestock feed use are divided into several groups: 1. roughage (hay, hay, straw) ; 2. Green Hotels (blue, green, grazing forage) ; 3. Juicy Hotels (silos, efficient use of roots and tubers, melons) ; 4. United forage (dən dəni waste grain, fodder, etc. ) ; 5. Plant and animal waste (bran, sunflower meal, beet extracts, meat and bone undarı and other industrial waste) . More than 95% of the existing livestock forage are natural herbs, meadows and cultivated fields. The main part of fodder pasture and hay (winter forage) going. For this reason, and the quality of its cattle should be more attention to the provision of the necessary vitamins.

Forage crops grown in the following fields: 1. long-term grain grass; 2. The perennial legumes grasses; 3. The annual grain grass; 4. The annual legumes herbs; 5. silage crops; 6. feed grain; 7. forage root jemistileri; 8. fodder melons. In addition, in recent years some of the farms in terms of the quality of products and introduced a new, unusual, forage crops were grown.

II. Primary section. The concept of 2. 1. Jem grass.

Products used for feeding cattle fodder. They are of plant, animal and mineral. Feed containing more digestible nutrients. Feed the color, the smell, the method of preparation, etc. evaluate. Plant food, green fodder, roughage, haylage, roots and tubers, cereals, technical crops and plant waste feed. Green food (natural and cultivated pasture grass root jemistilerdiñ leaves, etc. ) in the summer of ruminant animal feed. Roughage (hay, straw, etc. ) to create a ruminant animal's digestive process fiber. Hay - feed for ruminant livestock in the winter. A little hay made from a variety of dried herbs. Cattle hay, silage can be given instead. Grass flour, beans and grain made from a mixture of herbs. It is rich in protein and vitamin. Silo - juicy food. Mainly used as feed in winter and summer. Roots and tubers (beets, carrots, potatoes, etc. ) and fruit juice (pumpkin, watermelon, etc. ) all animals. They contain carbohydrates, vitamin C, carotene. Cereal feed grains (barley, oats, corn, etc. ) and legumes (peas, lentils, etc. ) are breeds of crops. Grain carbohydrates, mainly starch, soybean protein (protein) . when oil shaking throughout the processing of sugar beet, etc. the remaining waste (bran, sunflower meal, corn syrup, extract, etc. ) is used as a nutritious food. Livestock feed fish meal, meat and bone meal, oil, milk, etc. . These protein, minerals, vitamins and more. Calves, feeding birds and fur animals. The most important mineral food - salt, chalk, limestone, bone meal, etc.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шалғындық мал азығы шаруашылығы
Қазақстан Республикасы бойынша жайылым мен шабындық жерлердің жағдайы,көлемі,өнімділігі.
Шабындық және жайылымдарды жақсартудың негізгі шаралары
Көпжылдық шөптердің тұқымының марфологиясы
Мал азығын өндіру
Сабақтану және жапырақтануына қарай өсімдіктің түрлері
Көпжылдық шөптердің биологиясы
Қазақстан Республикасының жайылымдық жер ресурсына кешенді – географиялық баға беру
Шөп тұқым шаруашылығы жүйесі
Мал азықтық бақша дақылдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz