Тәлімі егіншілік аймағындағы арамшөптермен күресу шараларының ерекшеліктері



I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
2.1. Арамшөптерден келетін залалдылық әсері.
2.2. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
2.3. Арамшөптерді агробиологиялық топтарға жіктеу жəне олардың өкілдеріне қысқаша сипаттама .
2.4.Паразитті арамшөптердің өкілдері жəне оларға қысқаша сипаттама
2.5.Паразитті емес жасыл арамшөптер жəне осы топтың өкілдеріне сипаттама
2.6.Арамшөптермен күресу шаралары
2.7.Арамшөптермен күресудің химиялық əдісі
2.8.Арамшөптермен кешенді күрес шаралары
III. Қорытынды.
IY. Пайдаланылған әдебиеттер.
Егістік жердерде өніп -өсіп , ауыл шаруашылығына зиян келтіретін өсімдіктерді арамшөптер деп атайды . Олар тек егіс алқабында ғана емес , сонымен қатар жайылымдықтар мен шабындықтарда , орман алқаптарында да кездеседі. Егер негізгі ауылшаруашылығы дақылдары егісінде басқа мəдени өсімдіктер кездессе , оларды арамшөп қоспасы дейді . Мысалы , бидай егісінде арпа , сұлы , не болмаса басқа мəдени өсімдіктер өссе олар арамшөп қоспасы болып есептеледі . Кейбір арамшөптердің мəдени дақылдарға бейімділігі соншалық олардың даму кезеңдері , тұқымдарының көлемдері ( ені , ұзындығы) бірдей болып келеді . Сондықтан , ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын осындай арамшөптерден тазалау қиынға түседі . Мысалға сұлы егісіндегі қарасұлы , тары егісіндегі итқонақ арамшөп тұқымдарын келтіруге болады . Мұндай арамшөптерді маманданған , немесе айырылмас серіктес арамшөптер деп атайды . Кейінгі кезде кеңшарлар мен ұжымшарлардың таратылып , олардың орындарына пайда болған ұсақ шаруашылықтарда агротехникалық шаралардың орындалмауына , ауыспалы егістіктердің жойылыуына , гербицидтердің шамалы қолданылуына , жердің дұрыс жəне дер кезінде өңделмеуіне байланысты ауылшаруашылық дақылдарының егістерінде арамшөптер етек алып жайылып кетті . Əсіресе , республиканың астықты солтүсітік өңірде қарасұлы жəне атпатамырлы арамшөптер ( егістік сары қалуен, далалық шырмауық тағы басқалары ) қайтадан қаулап өсе бастады .
1. Егіншілік негіздері . Оулық. Жаңабаев Қайырбек Шабантайұлы - Алматы , ҚазҰАҮ, 2012. 160 б.
2. http://studopedia.info/6-76728.html
3. https://ru.wikipedia.org/wiki
4. ЖанабаевҚ.Ш. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» Алматы,

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі


Кафедра: _____________________________

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Тәлімі егіншілік аймағындағы арамшөптермен күресу шараларының ерекшеліктері.

Қабылдаған:
Орындаған:
Тобы:


АЛМАТЫ

Жоспар:
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
2.1. Арамшөптерден келетін залалдылық әсері.
2.2. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
2.3. Арамшөптерді агробиологиялық топтарға жіктеу жəне олардың өкілдеріне қысқаша сипаттама .
2.4.Паразитті арамшөптердің өкілдері жəне оларға қысқаша сипаттама
2.5.Паразитті емес жасыл арамшөптер жəне осы топтың өкілдеріне сипаттама
2.6.Арамшөптермен күресу шаралары
2.7.Арамшөптермен күресудің химиялық əдісі
2.8.Арамшөптермен кешенді күрес шаралары
III. Қорытынды.
IY. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Егістік жердерде өніп -өсіп , ауыл шаруашылығына зиян келтіретін өсімдіктерді арамшөптер деп атайды . Олар тек егіс алқабында ғана емес , сонымен қатар жайылымдықтар мен шабындықтарда , орман алқаптарында да кездеседі. Егер негізгі ауылшаруашылығы дақылдары егісінде басқа мəдени өсімдіктер кездессе , оларды арамшөп қоспасы дейді . Мысалы , бидай егісінде арпа , сұлы , не болмаса басқа мəдени өсімдіктер өссе олар арамшөп қоспасы болып есептеледі . Кейбір арамшөптердің мəдени дақылдарға бейімділігі соншалық олардың даму кезеңдері , тұқымдарының көлемдері ( ені , ұзындығы) бірдей болып келеді . Сондықтан , ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын осындай арамшөптерден тазалау қиынға түседі . Мысалға сұлы егісіндегі қарасұлы , тары егісіндегі итқонақ арамшөп тұқымдарын келтіруге болады . Мұндай арамшөптерді маманданған , немесе айырылмас серіктес арамшөптер деп атайды . Кейінгі кезде кеңшарлар мен ұжымшарлардың таратылып , олардың орындарына пайда болған ұсақ шаруашылықтарда агротехникалық шаралардың орындалмауына , ауыспалы егістіктердің жойылыуына , гербицидтердің шамалы қолданылуына , жердің дұрыс жəне дер кезінде өңделмеуіне байланысты ауылшаруашылық дақылдарының егістерінде арамшөптер етек алып жайылып кетті . Əсіресе , республиканың астықты солтүсітік өңірде қарасұлы жəне атпатамырлы арамшөптер ( егістік сары қалуен, далалық шырмауық тағы басқалары ) қайтадан қаулап өсе бастады . Қазақстанның оңтүстік жəне оңтүстік -шығыс аймағындағы жағдай дəл осындай . Мəдени егіншіліктің ең басты көрсеткіші танаптың арамшөптерден тазалығы, кері жағдайда олар ауыл шаруашылығына орасан зиян келтіреді . Олардың ең бастыларының ішінен мыналарға тоқтауға болады . Көптеген арамшөптердің тамыр жүйелері өте күшті дамыған . С.А.Воробьевтің деректері бойынша қарасұлының тамыры 2,0 метр , ал егістік калуендікі бірінші жылы 3,5 метр , екінші жылы 5,75 метр , үшінші жылы 7,2 метр тереңдікке дейін өседі . Сондықтан , олар тіпті топырақтың терең қабатында жатқан ылғалды , коректік заттарды жақсы пайдаланылады . Тамыр жүйелернің күшті дамуына байланысты арамшөптер мəдени өсімдіктерге қарағанда ылғалды əлдеқайда көп жұмсайды . Бұған арамшөптер мен ауылшаруашылық дақылдарының транспирациялық коэффиценттерін салыстыру арқылы көз жеткізуге болады . Мысалы , бидай 1 грамм құрғақ зат құруы үшін 400 грамм, тары 250 грамм ылғал жұмсаса , ал осы астық тұқымдастарына жататын қарасұлыға 600 грамм ылғал керек , яғни ол ылғалды бидайға қарағанда 1,5 есе , ал тарымен салыстырғанда 2,1 есе көп жұмсайды . Академик А.И. Мальцевтің деректері бойынша жылдық жауын -шашын қорының 20 пайызынан астамы арамшөптердің өніп -өсуіне жұмсалады . Мұның өзі жауын -шашын мөлшері аз Қазақстан Республикасы үшін өте зиян . Міне , сондықтанда арамшөптермен күрес - ылғал үшін күрес . Арамшөптер өсіп -дамуына тек ылғалды емес , сонымен бірге қоректік заттарды ауылшаруашылық дақылдарына қарағанда жылма -жыл топырақтан əлдеқайда көп əкетеді . Соның салдарынан топырақтың құнарлылығы төмендейді . Мысалы , егістік калуен арамшөбі 36 центнер көк балауса түзу үшін əр гектардан 14 кг азот , 30 кг фосфор жəне 120 кг клий сіңіріп алады . Осы жұмсалған коректік заттар əрбір гектар жерден 31,8 центнер күздік бидай , немесе 250 центнер қант қызылшасын өндіріуге жетер еді . Арамшөптер топырақтың коректік заттарын ғана емес , сонымен бірге танапқа берілген минералдық тыңайтқыштардың 25-30 пайызын пайдаланады . Ауылшаруашылық дақылдары мен арамшөптердің арасында жарық үшін де күрес жүреді . Биік бойлап өсетін арамшөптер мəдени өсімдіктерді көлеңкелеп , фотосинтез процесін баяулатады , осының салдарынан өсімдіктердің көмір қышқыл газын сіңіруі нашарлайды жəне оларда органикалық заттардың түзіліуі төмендейді , яғни алынатын өнім азаяды . Биік өскен арамшөптер топырақтың беткі қабатын көлеңкелеп оның температурасын 2-40С-қа төмендетеді , сондықтан себілген тұқым көпке дейін өнбей топырақта жатып шіриді , немесе əртүрлі ауруларға шалдығуы мүмкін жəне кешігіп шыққан егін дəл уақытында пісіп жетілмей күзгі суыққа ұрынады . Бұл əсіресе жазы қысқа, күзі ерте түсетін Қазақстанның солтүстік облыстары үшін өте қауыпты жағдай . Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдерін тарататын мекені болып табылады . Мысалы , қант қызылшасының қауіпті зиянкесі қант қызылшасы бізтұмсығының мекені алабота болса , ал егістік шырмауықта шалғындық көбелек дамып , ол кейіннен мəдени өсімдіктерге зиян келтіреді . Кейбір арамшөптердің жемістері , тұқымдары улы болып , адамдарды жəне малдарды уландырады ( қырықбуын , сарғалдақ, қара меңдуана , үйбидайық, кəдімгі қарамықша ), ал жекелеген арамшөптердің жағымсыз иісі малдардан алынатын өнімдерді бүлдіреді . Мысалы , ермен , жуа сүтке ащы , кермек дəм береді . Жусан жапырақтары ойран шөп тозаңдары адамдарда пішен қыздырмасын қоздырады . Арамшөптер жəне олардың тамырлары топырақ өңдегенде ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының кедергісін 30 пайызға дейін арттырады . Осының нəтижесінде де еңбек өнімділігі төмендейді , жанар -жағар майдың шығыны көбейеді .

II.Негізгі бөлім.2.1.Арамшөптерден келетін залалдылық әсері.
Паразитті арамшөптер мəдени өсімдіктердің бойындағы шырынын сорып , олардың өніп -өсуіне кедергі жасайды , тіпті опат болуына əкеп соқтырады . Мысалы , күнбағыс сұңғыласы , арамшырмауық көкөніс дақылдарын , темекіні , картопты осындай жағдайға душар етеді . Арамшөптер тамырынан бөлініп шығатын улы заттар мəдени дақылдардың дамуына кедергі жасайды . Мысалы , итқонақ арамшөбінің тамырынан бөлініп шығатын улы зат жүгерінің биіктігін кемітесе , ал татар ақсүттігені тамырынан бөлінетін зат жазғы бидай тұқымының өнгіштігін кемітеді . Ошаған , қарасұлы сияқты арамшөптер тікенектер , қылқандары , ілгіштері арқылы малдарға зақым келтіріп , олардан алынатын өнімдердің, əсіресе жүннің сапасын төмендетеді . Арамшөптер басым болған алқапты бірнеше рет өңдеуге тура келеді , ол топырақтан үгітілуіне жəне ылғалдың жоғалуына əкеліп соғады. Жел эрозиясы қауіпі бар жəне жауын -шашын мөлшері аз Қазақстан Республикасы үшін бұл өте зиян . Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының өнімін күрт төмендетеді . Орыс агрономиясының классигі А.П.Костычевтың айтуынша арамшөптер алынатын өнімнің тең жартысын , қала берсе 30 пайызын төмендетеді екен . П.П.Колмаковтың деректері бойынша республиканың астықты Ақмола , Қостанай , Павлодар жəне Солтүстік Қазақстан облыстарында əр жылы орта есеппен тек қарасұлының кесірінен 170 млн . пұттан астам астық кем жиналады екен . Л.Т.Шалдаевтың мəлметі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының шаруашылықтарында арамшөптер жаздық бидай өнімін əр гектардан орта есеппен 3,8 центнерге кемітеді .
Арамшөптер ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін 79,3 пайызға (жаздық бидай ), ал мақта түсімін 8,5 есеге дейін төмендетеді . Келтірілген деректерден , тары бидай мен мақтаға қарағанда арамшөптерден көбірек зиян шегетінін байқауға болады . Бұдан басқа арамшөптерден көкөніс дақылдары көп зиян шегеді . Мысалы , А.В. Бешанов пен И.И. Əбілғазиевтің зерттеулері бойынша бір шаршы метр жерде 60-75 дана алабота болса , онда сəбіздің түсімі 80-100 пайызға дейін төмендейді .
Арамшөптер тек ғана ауылшаруашылық дақылдарының өнімін азайтып қоймайды , сонымен қатар олардың сапасын төмендетеді . Атап айтқанда , бидай дəніндегі ақуыз , майлы дақылдар дəніндегі майдың мөлшері , талшықты өсімдіктердің талшығының сапасы нашарлайды .

2.2. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері .Арамшөптерге қарсы қаншама күрес шараларын қолдансақта , оларды толық жоя алмаймыз , оның себебі кейбір арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерінде екен .
Арамшөптердің басты биологиялық ерекшелігі - зор тұқым өнімділігі . Мысалы , кəдімгі гүлтəжінің бір өсімдігі 500 мың дана ұрық, алабота -12 мың, ал қарсұлы 600 дана тұқым береді , яғни арамшөптер дəнді дақылдармен салыстырғанда 5 тен 37 есеге дейін өсімтал келеді
Көптеген арамшөп тұқымдарының əр түрлі икемділігі арқасында олар кеңістікке түрлі жолдар арқылы (жел , су , құстар , малдар , жолкөлігі жəне басқа) жеңіл жəне тез тарайды . Мысалы , күрделі гүлдер тұқымдастырна жататын арамшөптер ( егістік калуен , бақ-бақ) ұшпа ұрықтары , кəдімгі кəріқыз бен тікенді сарысояу тіркестері мен ілгіштері арқылы таралады . Т.Клингман мен Ф.Эштонның қабарлауы бойынша егістік шырмауықтың тұқымы ішек жолынан өткеннен кейін бұзауларда 22,3 пайыз , жылқыларда -6,2 пайыз , қойларда -9,0 пайыз , шошқаларда -21,0 пайыз , балапандарда -0,0 пайызға дейін тіршілік қабілетін сақтайды екен . Мұндай арамшөп тұқымдары малдың жас қиы арқылы таралуы мүмкін . Сондықтан , жас қиды органикалық тыңайтқыш ретінде қолдануға болмайды . Ал қарсұлының бұратылған иінді қылтанағы топырақ дымқылданғанда жазылады да , құрағанда бұралып шиырылады . Бұл дəншіктің орын ауыстыруына , тұқымның жарықшақтарға, топырақ түйіршігінің астына түсуіне мүмкіндік береді . Арамшөптердің өте бір ерекшелігі - олардың тұқымдарының бір мезгілде жəне біркелкі көктеп шықпауы. Сол себепті егін себу алында , тіпті парды өңдеу кезінде де арамшөптер толығымен жойылмайды . Арамшөп тұқымдарының біркелкі өнбеуін көптеген себептермен түсіндіруге болады : тұқым қабағының құрылысының ерекшелігі мен алуан түрлілігі ( алабота ), итқонақ ( күн сəулесіне реакциясы ). А.Г.Дояренконың мəліметі бойынша алабота тұқымы жарықта , ал итқонақ тек қараңғыда ғана көктейді . Арамшөп тұқымдарының бір мезгілде тегіс көктеп шықпауы олардың тыныштық кезеңіне байланысты . Кейбір арамшөп тұқымдарының тыныстық кезеңі тым ұзақ болады . Арамшөптердің тұқымдары топырақта өздерінің өнгіштік қабілетін ұзақ мерзімге дейін сақтайды . Кейбір арамшөптердің тұқымдары топырақта өз тіршілігін ондаған жылдар бойы сақтайтындығы тəжірибе жүзінде дəлелденген . Мысалы , егістік қышаның тұқымы топырақта өнгіштік қабілетін 7 жыл , ал бақажапырақ 9 жыл бойы сақтайды . Арамшөптер қоршаған сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына (құрғақшылық, төменгі жəне жоғарғы температуралар тағы басқа) өте төзімді келеді . Арамшөптердің биологиялық ерекшелігінің бірі - олардың тұқымдары топырақтың 0-5 см тереңдігінен жақсы көктеп шығатындығы. Оны А.Н.Киселев пен Г.А.Чесалиннің зерттеулері анық дəлелдеді . Олардың зерттеулері бойынша егістік шырмауықтың тұқымы 1,5 см , ал қарасұлыныкі 5 см тереңдіктен өніп шығады . Көпжылдық арамшөптер əр түрлі вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді . Бұл жолмен көбеюдің потенциалдық мүмкіндігі өте зор , өйткені бір өсімдікте бірнеше жүздеген , тіпті мыңдаған бүршіктер болады . А.И. Мальцевтің деректері бойынша атпатамырлы егістік қалуен арамшөбінің бір түбі 1609 дана бүршік беріп , оның ұзындығы 76 метрге , салмағы 1003 грамға жетеді екен , ал тамырсабақты жатаған бидайықтың осыған сəйкес көрсеткіштері 5997 дана , 170 метр жəне 690 грамға тең. Осы келтірілген арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерінен олардың егістік жерлерде өніп -өсуге жақсы икемделгенін көрсетеді. Арамшөптер ауыл шаруашылғына зор зиян келтіретіндіктен оларға қарсы тұрақты күрес жүргізіледі . Ол тиімді болу үшін , арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерін терең білу қажет . Мысалы , азжылдық арамшөптердің көгін бір қабат отау , оларды жоюға əкеп соғады , ал атпатамырлы арамшөптерді бір қабат отау керісінше олардың көбейуін күшейтеді .

2.3. Арамшөптерді агробиологиялық топтарға жіктеу жəне олардың өкілдеріне қысқаша сипаттама .
Республиканың территориясында 300-ден астам арамшөптер түрлері өседі . Əрине , əр бір арамшөпке қарсы күрес шарасын қолдану мүмкін емес . Сондықтан оларды биологиялық топтарға бөліп жіктеген дұрыс . Арамшөптер мекендейтін орны бойынша егістік немесе аңыздық, тұрғын үй, қора -қопсы маңында өсетін сыпырынды жəне шабындықтар мен жайылымдықтарда өсетін арамшөптер болып үш топқа бөлінеді . Алайда , мекендейтін орны бойынша арамшөп өсімдіктерінің осы үш тобының арасында айқын шекара жоқ. Мысалы , түйетікен құлан далада , жайлауда жəне тіпті аңыздарда да өсе береді . Алабота , гүлтəжі - тұрған үй маңында жəне ауылшаруашылық дақылдарының егісінде де кездеседі . Арамшөптер өсімдіктерінің биіктігіне қарай жоғарғы қабаттың (қалуендер , ащы жусан тағы басқалар ), мəдени өсімдіктермен бір биікте орналасқан орта қабаттың арамшөптері (шомыр , қарасұлы ) жəне төменгі қабаттың (кəдімгі казтабан, егістік қанатжеміс , кəдімгі жұмыршақ) болып үш топқа бөлінеді . Төменгі қабаттың арамшөптері көлеңкеге төзімді . Кейде даму жағынан қалыс қалған орта қабаттың арамшөптері төменгі қабатта өседі (итқонақ, кəдімгі гүлтəжі ). Олар көлеңкелікке (қараңғылыққа) нашар төзеді жəне тұқымдық өнімділігін күрт төмендетіп , күшті əлсіреген жағдайда болады . Арамшөптерді агробиологиялық топтар бойынша жіктеудің өндірістік мəні бар , сондықтан ол ең көп таралған . Қоректену тəсілі бойынша барлық арамшөптер паразитті , жартылай паразитті жəне паразитті емес немесе жасыл арамшөптер болып үш топқа бөлінеді . Паразитті деп өсімдік иесі арқылы коректеніп өмір сүретін арамшөптерді атайды . Бұлар фотосинтез процесін жүргізуге бейімділігін жоғалтқан , себебі олардың жапырақтары жетілмеген , сондықтанда ограникалық заттар мен суды басқа өсімдік иелерінен сору арқылы алады . Өсімдік иесінің қай мүшесінен коректік заттарды алуы бойынша парзитті арамшөптер екіге бөлінеді . Егер , қоректік заттарды өсімдік иесінің сабағынан алатын болса , онда оларды сабақ арқылы коректенетін паразитті арамшөптер дейді . Бұған жөргемшөптің барлық түрлері жатады . Ал егер арамшөптер қоректік заттарды өсімдік иесінің тамырынан алатын болса , оларды тамыр арқылы қоректенетін паразитті арамшөптер дейді .

2.4.Паразитті арамшөптердің өкілдері жəне оларға қысқаша сипаттама
Жөргемшөп, арамсояу (Повелика полевая , Cuscuta arvense). Шырмауық тұқымдасына жататын біржылдық паразиттік арамшөп. Сабағы сары түсті , жіп тəрізді , жуандығы 0,8 мм . Бұл арамшөптің тамыры мен жапырағы болмайды . Өзіне керекті коректік заттарды басқа өсімдік иесінің сабақтарына жабысып сорып алады . Арамсояу тұқымы арқылы жəне вегетативтік жолмен көбейеді . Тұқымның мөлшері 0,9-2 мм . Арамсояудың бір өсімдігі 20 мыңға дейін тұқым береді . Топырақта өнгіштік қабілетін 4-5 жылға дейін жоғалтпайды . Жер көктемде 20-30 градусқа қызғанда ол 4 см тереңдігінен жақсы өніп шығады . Егер , ылғал жеткілікті , ал температура қолайлы болса , топырақтағы тұқым үш аптаның ішінде толық өніп шығады . Көктеп шыққан өркен екі апта бойы тұқымдағы қоректік заттарды пайдаланып 4-5 см -ге дейін өсіп үлгереді . Бұл арамшөп сабақ кесінділері арқылы вегетативтік жолмен көбейе алады . Егер , сабақ кесінділерінің ұзындығы 12-15 см шамасында болса , ол өзінің өніп -өсу қабілетін толық сақтайды . Арамсояу карантинді арамшөптер қатарына жатады . Қазақстанда оның екі түрі басым кездеседі . Бірі , осы сипаттама беріп отырған егістік арамсояу , ал екіншісі -құлмақ түсті арамсояу . Бұл арамшөп негізінен Қазақстанның оңтүстік - шығыс аймағында кең таралған . Ол əсіресе қант қызылшасы , темекі , картоп , жоңышқа, беде жəне басқа дақылдардың егістіктерін ластайды .
Күнбағыс сұңғылшы ( Заразиха подсолнечниковая , Огова nсhе сumаna). Сұңғыла тұқымдасына жататын біржылдық паразитті арамшөп. Сабағы қоңыр -сары түсті , түбіне қарай жуандай түседі , биіктігі жарты метрге дейін жетеді . Бұл арамшөп тұқымы арқылы көбейеді . Жемісі қауашық, онда 2000 -ға дейін тұқым пайда болады . Бір өсімдігі 100-160 мыңға дейін тұқым бере алады , ал бір гектардағы тұқым саны 90 млн . данаға жетуі мүмкін . Тұқымы ұсақ (мөлшері 0,5-0,45 мм ) жəне жеңіл , сондықтан желмен жəне сумен кеңістікте тез тарайды . Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 5-10 жыл бойы сақтай алады . Жер 20-25 градусқа қызғанда өніп шығады . Сұңғыланың көктеуі күнбағысты сепкеннен соң 1,5-2 айдан кейін басталады . Ең алдымен тамыр жүйесі дамыған кезде топырақтың төменгі қабатында жатқан тұқымдар өніп шыға бастайды , бірақ олардың саны аз . Сұңғыла темекі , көкөніс , бау -бақша жəне басқа дақылдарды күшті ластайды . Картоп , сəбіз қырыққабат (капуста ) дақылдарын онша ластамайды , ал дəнді дақылдарды , сарымсақты , пиязды , ас қызылшасын мүлде зақымдамайды . Бұл арамшөпте фотосинтез процесі жүрмейді , сондықтан ол қоректік заттарды өсімдік иесінен сору арқылы алып өмір сүреді . Сұңғыла шырынын сорып алған өсімдік - иесі əлсіреп , аяғында қурап қалады . Сұңғыламен ластанған дақылдардың өнімі 50-70 пайызға дейін кемиді . Празитті арамшөптермен күрес шаралары . Жоңышқа, беде дақылдарының тұқымынан жөргемшөп тұқымын арнайы тазартқыш машинасы арқылы тазалау керек . Егістіктердегі , жол жағасында өсіп тұрған жөргемшөпті оның тұқымы пісіп -жетілгенше толық жою оң нəтиже береді . Арамсояудың тұқымы топырақтың беткі қабатын ластайтын болғандықтан , жерді терең етіп сүдігерге жырту керек . Содан кейін ерте көктемде жөргемшөп өскен танапты тырмалау , культивациялау сияқты агротехникалық шараларды жүзеге асыру қажет . Арамсояуды биологиялық əдіс арқылы да құртуға болады . Ол үшін оған қарсы арамсояу бізтұмсығын , немория жəне басқа көбелектерді қолданады . Күнбағыс сұңғыласымен күрестің агротехникалық шаралардың ішіндегі ең бастысы - ауыспалы егіс жүйесін енгізу , былайша айтқанда сұғыладан зиян шегетін дақылдарды өз орнына 6-8 жылдан кейін ғана себу керек . Өңдіріске күнбағыстың жəне басқа дақылдардың сұңғылаға төзімді сорттарын енгізу . Сұңғыла көп өскен танапқа сүрлемдік жүгері жəне басқа дақылдарды себу , оларды жинап алғаннан кейін жерді терең етіп сүдігерге жырту . Өсіп шыққан сұңғыланы отап алып өртеу жəне басқа жұмыстар жүзеге асырылуы керек .

2.5.Паразитті емес жасыл арамшөптер жəне осы топтың өкілдеріне сипаттама
Паразитті емес арамшөптер өздерінің тіршілік ұзақтығы бойынша азжылдық жəне көпжылдық болып екі топқа бөлінеді . Азжылдық арамшөптер деп тұқымы арқылы көбейетін , өмір сүру ұзақтығы 1-2 жылдан аспайтын өсімдіктерді айтады . Олардың ішіндегі көп тарағандары жаздық, қыстап шығатын , күздік жəне екі жылдық арамшөптер . Жаздық арамшөптер деп көктемде шығып күзде ұрық беріп өзінің вегетациясын аяқтайтын өсімдіктерді айтамыз . Олар көктеп шығу мерзіміне байланысты ерте жəне кеш пісетін жаздық арамшөптер болып екі топқа бөлінеді . Ерте пісетін жаздық арамшөптерге тұқымдары топырақ шамалы қызғанда , яғни ерте көктейтін , сондықтан ерте пісіп жетлетін өсімдіктерді жатқызады . Олардың негізгі өкілдеріне алабота , қарасұлы , егістік қыша жəне басқалары жатады . Алабота ( Марь белая, Chenopod іum album). Ол өзі аттас тұқымдастарына жататын ерте пісетін жаздық арамшөп. Алаботаның жапырақтары мен сабағы ұн тəріздес жұқа ақ қабатпен жабылған . Гүлдері өңсіз . Алаботаның тұқымының сыртында қатты қауашығы бар , сондықтан оларды алдын ала буландырмаса малдардың асқазанында қортылмай , қиымен бірге түседі . Көңді органикалық тыңайтқыш ретінде қолданғанда танаптарды ластайды . Топырақта алаботаның тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін 10 жəне одан да көп жыл бойы сақталады . Алабота негізінен дəнді дақылдар ( күріштен басқа), бұршақ тұқымдастар , жүгері , мақта , зығыр , қант , қызылшасы , картоп егістерін латайды . Егістік қыша (Горчица полевая , Sіnap іs arvens іs). Айқышгүлділер тұқымдасына жатады . Сабағы тармақтанған , түкті , биіктігі 100 см -ге дейін жетеді . Тұқымы бұршаққында өсіп -жетіліп , жерге шашылып төгіледі . Бір өсімдік 4000-ға дейін тұқым береді . Олар топырақты жəне дақылдардың дəндерін ластайды . Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін он жылға дейін сақтай алады . Ең қолайлы көктеп шығатын тереңдігі 5 см -ге дейін . Көктемде егістік қышаның тұқымы алғашқы кезде баяу өседі , ал кейін оның өсіп шығу қабілеті күшейеді . Бұл арамшөп бейтарап , тіпті сілтілі топырақтарда жақсы өседі . Егер егістік қыша жем -шөпке араласып кетсе , онда сүттің сапасын төмендетеді . Ал арпаға осы арамшөптің тұқымы араласса , онда шошқаларды уландырады . Кеш пісетін жаздық арамшөптер деп тұқымдары топырақ əбден қызғанда (14-16 0С) көктейтін , əрі кеш пісіп жетілетін арамшөптерді айтады . Кейде оларды аңыздық арамшөптер деп те атайды . Олардың көп тараған өкілдеріне қурай , қызылқұйрық гүлтəжі , итқонақ, тауықтары жəне басқалары жатады . Қурай (Қаңбақ, Salsola ruthen іca) алаботалар тұқымдасына жататын , біржылдық кеш пісіп -жетілетін арамшөп. Сабағы тармақты , түксіз . Оның биіктігі 10 см -ден 100 см -ге дейін болады . Қурай тұқыммен көбейеді . Бір өсімдік 200 мыңға дейін тұқым береді . Тұқымы ұсақ, ені 1,5-2,5 мм шамасында , өзінің өнгіштік қабілетін топырақта екі жыл бойы сақтай алады . Қурайдың тұқымы көктемде кеш , яғни топырақ əбден қызғанда өніп шығады , сондықтан да ол кеш пісетін жаздық арамшөп деп аталады . Бұл арамшөп алғашқы кезде баяу өседі , ал жаздың екінші жартысында күшті қарқынмен дамиды . Қурайды басқаша қаңбақ дейді . Ол желдің күшімен домалап отырып өзінің піскен тұқымын шашып танаптарды жылдам ластайды .
Қыстап шығатын арамшөптердің негізгі өкілдері егістік қанатжеміс , жұмыршақ жəне басқалары . Егістік қанатжеміс (Тhlasp і anvense). Айқышгүлділер тұқымдасына жататын біржылдық арамшөп. Сабағы тік болып 20-50 см биіктікке дейін өседі . Бұл тұқыммен көбейетін өсімдік . Бір өсімдігі он мыңнан астам тұқым береді . Оның түсі қарақоңыр , көлемі кішкентай (мөлшері 1,2-2,0 х1,5 мм ). Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 3-5 жыл аралығында сақтайды . Малдардың асқорыту жүйесі арқылы өткенде оның өнгіштік қабілеті 40 пайызға дейін сақталады . Пісіп -төгілген жылы топырақтың 4-5 см тередігінен жақсы өнім шыға алды . Бұл арамшөптің жаздық, күздік жəне қыстап шығатын түрлері бар . Негізінен топырақты ластайды . Өсімдіктің сарымсақ тəріздес исі болады , сондықтан сиырларға жеуге болмайды , себебі сүттің дəмін бүлдіреді . Жұмыршақ (Пастушья сумка , Capsella bursa pastor іs) айқышгүлдер тұқымдасына жататын біржылдық қыстап шығатын арамшөп. Сабақтары жеке де , бұтақты да болып əр түрлі биіктікте өседі , биіктігі 50 см дейін жетеді . Бұл өсімдікте басқа азжылдық арамшөптердей тұқымымен көбейеді . Тұқымы бұршаққын тектес , түсі қоңыр немесе қара , қоңыр , сары . Бір өсімдік 70 мыңға дейін тұқым береді . Қолайлы жылдары екі -үш рет ұрпақ беруі мүмкін . Пісіп -жетілген жылы толық қаулап шықпайды , ал қыстап шықаннан соң ерте көктемде топырақтың 22-23 см тереңдігінен тез жəне біркелкі қаулап өседі . Өзінің өнгіштік қабілетін топырақта 7-11 жыл бойы жоғалтпайды . Бұл арамшөптің жаздық, күздік жəне қыстап шығатын түрлері бар . Қыстап шығатын түрлері күзге қарай тамыр жағасын құрайды . Жұмыршақ негізінен барлық дақылдарды , оның ішінде сирек өскен күздік жəне жаздық дəнді дақылдарды ластайды . Сонымен қатар ол жолдың жиегін , бау - бақшаны жəне басқа жерлерді де ластауы мүмкін . Екіжылдық арамшөптер жəне өкілдеріне сипаттама
Дəрілік түйежонышқа ( Донник лекарственный , Mel іlotus off іcіnal іs) Бұршақ тұқымдасына жататын екі жылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 1,5- 2 метр аралығында . Құрғақшылыққа төзімді өсімдік , тамыры өте тереңге бойлайды , сондықтан топырақты кептіріп жібереді . Бұл арамшөп тұқымымен көбейеді . Бірінші жылы дегелек фазасында қыстайды , ал екінші жылы тұқым құрайды . Бір өсімдік 17 мыңға дейін тұқым береді . Тұқымның ұзындығы 1,8-мм , ал көлденеңі-1,25-1,50 мм шамасында . Ол өзінің өзінің өнгіштік қабілетін топырақта ұзақ сақтайды . Көптеген ғылыми -зерттеулердің мəліметі бойынша дəрілік түйежоңышқаның тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін 5 жылға дейін , ал Америка Құрама Штаттары ғалымдарының зерттеулері бойынша 70 жылға дейін сақтайтын көрінеді . Күзде жəне көктемде , яғни ылғал жеткілікті болған мезгелдерде топырақтың 5 см -ге дейінгі тереңдігінен жақсы өніп шығады . Ол көгеріп шыққан кезде улы болып , көп жағдайда ірі қара малды , қойды , жылқыны уландырады . Күздік жəне жаздық дəнді дақылдарды , жүгері , күнбағыс , асбұршақ егістіктерін ластайды . Азжылдық арамшөптермен күресу жолдары . Азжылдық арамшөптерге қарсы қолданылатын агротехникалық шаралардың ішінде күзде жерді сүдігерге жырту жақсы нəтиже береді , өйткені көптеген азжылдық арамшөптердің, əсіресе ерте пісетін түрлерінің, тұқымдары шашылып , топырақтың беткі қабатында (0-5см ) қалады , содан көктемде қаулап өсіп танапты ластайды . Сондықтан , сүдігер өңдеу арқылы оларды топырақтың беткі қабатынан оның астыңғы қабатына тереңге (22-25 см ) сіңіргеннен кейін жер бетіне көктеп шықпайды . Азжылдық арамшөптер тұқымдарын жоюда өршіту əдісінің маңызы зор . Ол үшін топырақтағы тұқымдардың көктеп шығуына қолайлы жағдай жасап (топырақты қопсыту , ептеп ылғалдандыру ), арамшөптер көктеп шыққаннан кейін оларды егін себер алдында тырмалау , культивациялау , дискілеу арқылы қырқып жою керек . Бұл тəсілді Қазақстанның күзі ұзақ əрі жылы оңтүстік жəне оңтүстік -шығыс аймақтарында сүдігер жыртқанға дейін , ал республиканың күзі ерте түсетін жəне салқын солтүстік өңірлерінде ерте көктемде қар кеткеннен егін сепкенге дейінгі топырақ өңдеу жүйесінде жүргізуге болады . Аталған əдісті пар өңдеу жүйесінде Қазақстанның барлық аймағында жүзеге асыруға болады . Азжылдық арамшөптерді жою үшін оларға қарсы гербицидтер қолдану жақсы нəтиже береді . Əсіресе , дəнді дақылдар егісін ластап , оларға көп зиян келтіретін қарасұлыны жою үшін иллоксан гербицидін қарасұлының 2-4 жапырағы пайда болған кезде жаздық жəне күздік бидай егістерінде əр гектарға 2,5-3.0 əсер етуші заты бойынша 5 литр шамасында бүріккен дұрыс , ал триаллатты егін себер алдында əр гектарға 1,7-3,4 литр шамасында бүрке шашып , топыраққа тез арада сіңіру керек , кері жағдайда ол ұшып кетіп , ешқандай əсер бермейді .
Атпатамырлы арамшөптер , өкілдері , қысқаша сипаттамалары
Олар негізінен атпатамырлары , яғни тамыр бұтақшаларының көмегімен өніп өседі , əйткенмен тұқымымен де көбейе алады . Бұл топтағы арамшөптерді тамыр жүйесінің терең орналасуына байланысты құрту қиын , сондықтан да олар егістікке көп зиян келтіреді . Атпатамырлы арамшөптердің негізгі тамырынан өніп -өсу тамыры деп аталатын жіп тəріздес тамырлар шығады . Бұларда бүршіктер болады . Мысалы , бір шаршы метр жерде егістік қалуеннің мұндай бүршіктерінің саны 1609-ға дейін жетеді . Міне , осы бүршіктерден жерасты тармақшалар -атпатамырлар өрбіп өседі . Бүйір -бүйірге тараған тамырлар өз алдына бұтақ жаядыда , жаңа сабақтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті туралы
ОҚО Төлеби ауданы Зертас ауылы жағдайында сұлы дақылынан жоғары өнім алудың технологиясын жасау
Күздік арпаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Егіншілік жүйесінің талдау ерекшеліктері
Солтүстік Қазақстан жағдайында жүгері негізгі сүрлемдік дақыл
ХІХ-ХХ ғасырдағы егіншіліктің дамуы
Ауыл шаруашылығы жерлерінде арамшөптердің өсімдіктердің пайда болуы
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар
Қазақстанда арпа селекциясының қалыптасуы
Оңтүстік Қазақстанның жерлерінде күздік бидайды тікелей егу жұмыстарын жүргізу
Пәндер