Экономикалық өсу - экономикалық дамудың маңызды көрсеткіші



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ . ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШІ.
1.1 Экономикалық дамудың маңыздылығы
1.2 Экономикалық өсудің эволюциялық теориясы
1.3 Экономикалық өсудің циклдық теориялары

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТИПТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің типтері мен факторлары
2.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің тенденциясының сараптамасы
2.3 Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторларының сараптамасы

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 Экономикалық өсудің кластерлік принципке көшуі
3.2 Қазақстандағы экономикалық өсу мен адам арасындағы байланыс
3.3 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің инновациялық дамуы

ҚОРЫТЫНДЫ
Кіріспе

Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес. Ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді. Әрқашан экономикалық өсудің соңғы мақсаты болып тұтыну есептеледі. Экономикалық өсу - бұл мөлшерлі ұлғаю және қоғамдық өнім мен оның өндіріс факторларының жоғары сапаға көтерілуі. Экономикалық өсудің басты мақсаты - халықтың материалдық тұрмысын жоғарылату және халықаралық қауіпсіздікті қолдау. Материалдық тұрмыстың жоғарылауы келесі маңызды міндеттерге жинақталады: халықтың орташа табысының ұлғаюы, cапаның жоғарылауы, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің әр түрлілігінің өсуі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу факторларын оқып түсіну, танысу.
Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін мына талаптар қойылады:
1) Экономикалық өсудің негізін, типтері мен факторларын анықтау.
2) Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің факторларын, тенденцияларын талдау.
3)Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің мүмкіншіліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім,қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен құралады. Негізгі бөлім 3 тараудан тұрады. Бірінші тарауда экономикалық өсудің эволюциясы, маңыздылығы мен циклдық теориялары; Екінші бөлімде экономикалық өсудің типтері мен факторлары, тенденциялары мен өсу факторының сараптамалары; Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің кластерлік принципке көшуі, экономикалық өсу мен Қазақстандағы адам арасындағы байланыс және инновациялық дамуы қарастырылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Баркалов И.Б. Производственные функции и модели экономического роста. -М.,1981. -562б.
2.Журнал Қаржы-қаражат . -53б.
3.Жалпы экономикалық теория/[Шеденов Ө.Қ.,Сағындықов Е.Н.,Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С.,Комягин Б.И.]; -А.2004. -172б.
4.Камаев В.Д. Экономическая теория: Учебник для студ. высших учебных заведений. – М.: ВЛАДОС, 2003. -640 с.
5.Қазақстан өңірлері 2007.-Астана 2007.-228б.
6.Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері. –А., 2002. -240б.
7.Социально-экономическое развитие Северо-Казахстанской области (комплексный доклад)2003-2007.Петропавловск,2008г.-6.
8. Шишкин А.Ф. Экономическая теория: Учебное пособие для вузов. –М.:ВЛАДОС, 1996.-С.303
9.Экономическая теория: Учебник / Под ред. Акад. В.И.Видяпина, А.И. Добрынина.-М.:ИНФА-М,2002.-С.446
10.Экономика: Учебник по курсу «Экономическая теория» / [С.А.Бартенев, И.И. Большакова, А.С. Булатов и др.]; Под ред. А.С. Булатова, 2-е изд., перераб. и доп.— М.: Бек, 1997. – 314 с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШІ.

1.1 Экономикалық дамудың маңыздылығы

1.2 Экономикалық өсудің эволюциялық теориясы

1.3 Экономикалық өсудің циклдық теориялары

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТИПТЕРІ МЕН
ФАКТОРЛАРЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ

2.1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің типтері мен факторлары

2.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің тенденциясының
сараптамасы

2.3 Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторларының сараптамасы

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ БОЛАШАҒЫ

3.1 Экономикалық өсудің кластерлік принципке көшуі

3.2 Қазақстандағы экономикалық өсу мен адам арасындағы байланыс

3.3 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің инновациялық дамуы

ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе

Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең
маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың мәңгі
проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін
іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі.
Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік
шарықтаулары мен құлдырауларын емес. Ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында
өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ
мерзімді өзгерістерін білдіреді. Әрқашан экономикалық өсудің соңғы мақсаты
болып тұтыну есептеледі. Экономикалық өсу - бұл мөлшерлі ұлғаю және
қоғамдық өнім мен оның өндіріс факторларының жоғары сапаға көтерілуі.
Экономикалық өсудің басты мақсаты - халықтың материалдық тұрмысын
жоғарылату және халықаралық қауіпсіздікті қолдау. Материалдық тұрмыстың
жоғарылауы келесі маңызды міндеттерге жинақталады: халықтың орташа
табысының ұлғаюы, cапаның жоғарылауы, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің
әр түрлілігінің өсуі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы экономикалық
өсу факторларын оқып түсіну, танысу.
Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін мына талаптар қойылады:
1) Экономикалық өсудің негізін, типтері мен факторларын анықтау.
2) Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің факторларын,
тенденцияларын талдау.
3)Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің мүмкіншіліктерін
анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, негізгі
бөлім,қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен құралады. Негізгі
бөлім 3 тараудан тұрады. Бірінші тарауда экономикалық өсудің эволюциясы,
маңыздылығы мен циклдық теориялары; Екінші бөлімде экономикалық өсудің
типтері мен факторлары, тенденциялары мен өсу факторының сараптамалары;
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің кластерлік
принципке көшуі, экономикалық өсу мен Қазақстандағы адам арасындағы
байланыс және инновациялық дамуы қарастырылады.

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШІ

1.1 Экономикалық дамудың маңыздылығы

Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру
қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық
мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория экономикалық
өсу категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады?
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі:
бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі
топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы
қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне
немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типі негізінде дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі
есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы
қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс
күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста
немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда,
ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған
елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық
жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету,
қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады,
осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық
механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін
алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті
қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта
экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге
жетіспеушілігін жатқызамыз. Экономикалық өсу қайта өндіру типтерімен
сипатталады: экстенсивті қайта өндіруде экономикалық өсу өзгермейтін
технологиялық негіздегі өндіріс факторларымен қолданылатын сандық
ұлғаю, интенсивті қайта өндіруде - өндіріс факторлары сапалық
жетілдіру жолымен жетеді. Экстенсивті өсуде шынайы өндіріс көлемі
қарқыны мен шынайы жиынтықтарының арасында күнделікт і пропорциялар
сақталып қалады. Интенсивті өсуде шынайы өндіріс көлемінің қарқыны
шынайы жиынтық өзгеріс қарқынын көтереді. Өсудің тура факторлары 2
топқа бөлінеді: экстенсивті, интенсивті. Экстенсивті түр - өте қарапайым,
тарихи бірінші болды. Уақыт өте келе оның қорлары жойылды. Ол шикізат,
еңбек, капитал жиынтығы деген үш бағытты иемденетін өсудің интенсивті
түріне көшу қажеттілігіне әкелді. Бұл бағыттардың үйлесімі сапалы түрде
экономика дамуының жаңа түрін жасайды. Әдетте, бұл жағдайда туындаған
кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қомайлы емес пайдалы
қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады.
Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін
өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы
пропорционалдылық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды
(қосымша1).

1.2 Экономикалық өсу теориясының эволюциясы

Классикалық макроэкономикалық ойлар А.Смит, Ж.-Б.Сея, Дж. См. Миль
көзқарастарынан орын алып жатады. Ұзақ уақыт бойы Д. Рикардо, Дж. С. Миль
және А. Маршалл т.б, көптеген экономист ғалымдар қайта өндіру мүмкін емес
деген классикалық макроэкономикалыұ ұстанымды ұстанды. Тіпті ұлы депрессия
уақыты, АҚШ жұмыс күшінің бір бөлігі жұмыссыз жүрген кезінде белгілі
экономист Пигу былай деп жазған болатын: Еркін бәсекелестікпен бірге ылғи
да мықты тенденция жүреді. Кейнстің жұмысбастылық және тұрақты саясат
концепциясы нарықтық индустриалдық экономикада көптеген экономистерді
біріктірді. Бірақ соңғы екі онжылдықта монетаризм және рационалды кідіріс
теориясымен қоса альтернативті макроэкономикалық концепцияларға ұсыныс
жасалды. 1976 ж. Монетарист мектебінің интеллектуалдық көшбасшысы болып
табылатын Милтон Фридмен экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты кейнс
теориясы болжағандай, экономикалық белсенділік және баға деңгейін анықтауда
ақшаның маңызы зор деп көрсететін тәжірибелік және теориялық зерттеулердің
негізін салды, Монетаристер: тұрақтылық және еркін бәсекелестік.
Монетаризмнің идеялық бастаулары экономикалық теорияларға келіп тіреледі.
Қамтамасыздандырылған нарықтық бәсекелестік, бағалардың өзгермелілігі және
жалақы мөлшері шығын жиынтықтарының өзгерісі өнім және шикізат бағаларына
әсер етеді деген тұжырымға әкеледі. Осындай ретпен, нарықтық жүйе
мемлекеттік айналымға, экономикалық жүйеге әсерін тигізбейді. Ол
макроэкономикалық тұрақтылық және өсуді қамтамасыз етеді. Монетаризмнің
негізгі қалыптасқан теңдеуі алмасу теңдеуі болып табылады. MV=PQ, M- ақша,
V- ақша айналымының жылдамдығы, P- баға деңгейі, Q- өндірілген заттардың
көлемі. Кейнс теориялық сипаттардың жұмыстарын жазды. Оның негіздемелері
және қорытындылары экономикалық саясаттың маңызды ұстанымдарын құру
негіздерін көрсетеді. Өзінің жалпы теориясында ол өсу факторы және жоғары
деңгейді анықтайтын нәтижелі сұранысты қамтамасыз ету мақсатында келесі
ұстанымдарды көрсетеді:
1) Ақша саясаты, пайыздық мөлшердің (дәреженің) реттелуі. Несиедегі
пайыздарды төмендету ұсынылған еді. Бірақ пайыздық мөлшердің төмендеуі бұл
басты жол емес.
2) Кейнс болжағандай, ақша айналымы өсуін тоқтатқан жоқ, ал пайыздық
мөлшердің төмендеуі тоқтатылды. Өтімділік араны.
3) Бюджеттік саясат. Нәтижелі сұранысты реттеу үшін Кейнс мемлекеттік
шығындарды, инвестицияларды мемлекеттік тауарларды сатып алуды ұлғайту
керек деп ұсынды. Бірақ Кейнс ең бастысы шығындарды өсіру болып табылады
деген.
Әлеуметтік топтарда кірісті бөлу. Бұл әлеуметтік топтардың
сұраныстарын ұлғайту үшін осындай саясат ұсынылған еді. Қоғамда қолдану
икемділігі ұлғайтылуы тиіс.
4) Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі аясының кеңеюі, жұмыссыздық алдын
алуға бағытталған толық жұмысбастылық саясаты. Ең басты құрылымы ретінде
Кейнс бюджеттік саясатты қарастырды. Сонымен қатар ол мемлекеттің
инвестициялық әрекетін және шығындардың өсуін қарастырды. Мұндай реттеу
әдістері, пайыздық мөлшердің төмендеуі аз нәтижелі болып саналды. Ғалымның
жұмысын жалғастырушылар неокейнстер деп аталған. Оның жұмыс жоспарларының
көрнекті үлгісі Самуэльсон – Хикс үлгісі болып табылады. Бұл үлгі идеялық
шарттарға арнап жоспарланған. Ол қолдану икемділігі мен акселератор
ұлғайтылуының төрт маңызды үйлесімділігін көрсетеді. Әр үйлесім
экономикалық өсуді, ал басқасы өндіріс динамикасын анықтай алады
(қосымша2). Мультипликатор және акселератор қатынасында ұлттық кіріс
динамикасының нұсқаулары. Егер де мультипликатор және акселератор I облысын
көрсететін болса,теңдікті бұзғаннан кейін график сұраныстарының қорытындысы
жаңа теңдік деңгейге өтеді деп көрсетті. Егер де мультипликатор және
акселератор III облысын көрсететін болса, ұлттық кіріс динамикасы тербеліс
сипаттарын көрсетеді. IV облысының комбинациялары теңдікті бұзғаннан кейін
график шексіздікке ұмтылады деп көрсетеді. Акселератор бірлікке тең болса,
ұлттық кіріс теңдіктері пайда болады дейді. Экономикада III және IY
облыстары егер де МРС пен акселератордың үйлесімділігі тұрақты емес. Ал ол
бұзылған жағдайда ұлттық кіріс үлгілері шындыққа сай келмейтін ұғымдарды
қабылдай бастайды. Ұлттық кіріс мөлшері толық жұмысбастылық кірісін ұлғайта
алмайды. Бұл жоғарыдағы ұлттық кіріс көлемі тербелісінің амплитудасын
шектейді.

1.3 Экономикалық өсудің циклдық теориялары

Экономикалық цикл - бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде
оның төрт фазасы бар. Фазаның бірінші (бастапқы) циклы - өндіріс
құлдырауының дағдарысы. Дағдарыс құбылысының болуы сұраным төлем
қабілеттілігімен салыстырғанда тауарды артық өндірумен түсіндіріледі.
Дағдарыс кезеңінде өткерілмеген өнім саны тез ұлғайып, жұмысшылар
босатылады, жұмыссыздық ұлғайып, несие-ақша байланыстары бұзылып, құлдырау
толқыны ұлғайды және кәсіпорындар құлдырап, жойыла бастайды. Экономикалық
циклдың келесі фазасы депрессия (depressio - латын сөзі, төмендеу,
тереңдеу дегенді білдіреді. Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқталады.
Жайлап болса да запастағы тауарлар өткеріледі және еркін ақша капиталы
пайда болады. Келесі фаза – тірілу, бұған тән нәрсе өндістірті ұлғайту,
демек пайда бар деген сөз. Ол кезенгінде өндірістің дамуын ынталандырады.
Циклдың кезекті фазфасы - өрлеумен алмасады. Өрлеу өнім өндірудің
қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден жоғары,
жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк пайызының
(%) нормасы төмендейді (сурет 1).

Өрлеу Дағдарыс Депрессия Тірілу Өрлеу
Дағдарыс
Сурет -1. Циклдар фазалары

Нарық жағдайында өндіріс козғалысының циклдық себептеріне
экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық козқастар бар.
Мәселен, К.Маркс артық өнірудің циклдық дағдарысының реттілікпен
қайталану себептерін тұрақты капиталдың оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен
қарастырған. Ағылшын экономисі Дж.Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы
күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері (шекті тиімділік)
пайыз мөлшерінедейін төмендесе, онда мынаған алып келеді: кәсіпкердің
өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.
Қазіргі Дж.Кейнстің ізбасарлары – неокейнстіктер - мәселен американ
экономисі - Пол Самуэльсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдық
сипаты ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор
жеделдету іс-әрекетіментүсіндіріледі. Олар күрделі қаржы тербелісінің
амплитудасына және уақыт бойынша үлестірілуіне оң немесе теріс әсер етіп,
өндірістің өсуінен оның қысқаруына бет бұрыс жасайды.
Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған монетаристік мектеп
өкілдері неокейнстіктерден айырмашылығы олар нарықтық экономиканың
циклдық дамуының басты себептерін ақша факторынан іздейді. Ақша сұранымы
арасындағы алшақтық және тұрлаусыз ақша ұсынымы нарықтық экономика
тұрақсыздығының себебі болып табылады.
Монетаристік мектептің негізін қалаушы Милтон Фридменнің ойынша,
дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатын нашар жүргізуінен туындайды.
Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрақтандыруға
бағытталуы қажет. Осы ойларын Милтон Фридмен өзінің АҚШ-тың монетарлық
саясаты еңбегінде баяндаған. Бұл жұмыс 1963ж шыққан болатын.
Нарықтық экономиканың циклдық дамуын жою жолдары немесе жұмсартуды
жоғарыдағы аталған әр түрлі мектеп өкілдерінің ойлары мынаған әкеледі:
мемлекет антициклдық бағдарламаларға қатысуы немесе экономиканы тікелей
реттеуі қажет.
Мәселен, Ф.Энгельстің пайымдауынша, нарықтық анархияны өндірісті
қоғамдық-жоспарлы реттеу арқылы жоюды алға тартады. Дж. Кейнстің
пайымдауынша, стихиялы нарықтық экономика олқылықтарын мемлекеттің араласуы
арқылы жоюға болатындығын айтады. Мемлекет өндірістің құлдырауын жеке
күрделі қаржыландыруды өзі ынталандыруы болдырмау үшін қажет.
Қазіргі кезде циклдық дамудың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар екінші
дүниежүзілік соғыстың, ғылыми-техникалық революцияның әсерінен және
мемлекеттің экономикалық рөлінің өсуімен туындаған. Экономикалық
дағдарыстар тым жиіледі және тереңдей түсті, сонымен қатар депрессия фазасы
ұзақтығының ұлғаюымен ерекшеленді. Мұндай құбылыстар 1974-1975 және 1980-
1982 жылдардағы экономикалық дағдарыстар кезеңінде байқалды. Бұл құбылыстар
көптеген индустриалды – дамыған елдердің эеономикасын қамтыды.
Дағдарыс кезеңі сипатында жаңа құбылыс – инфляция пайда болды.
Дағдарыс құбылысының инфляциямен қосылуы стагфляция деп аталды. ҒТР
жағдайында, әлемдік қауымдастықтағы көптеген елдерде экономиканың салалық
құрылымында өзгерістер болуда.
Бір жағынан макроэкономиканың ғылым сіңіргіш жаңа салалар – прибор
құрау, робот құрау қарқынды дамуда, екінші жағынан дәстүрлі салалар –
көмір, металлургия, тоқыма және т.б. құлдырады, бұл олардың техникалық ,
технологиялық артта қалуымен түсіндіріледі. Осылай құлдырау құбылысы
құрылымдық дағдарыс деп аталады.
Циклдық теорияны жасауда айрықща орынды Николай Дмитриевич Кондратьев
(1892-1938жж.) алады. Ол Петербург университетінің түлегі, кейіннен сонда
профессор болған. Экономика институты ғылыми кеңесінің мәжілісінде 1926ж. 6-
ақпанда жасаған Коньюктураның үлкен циклдары баяндамасы оған әлемдік атақ
әкелді. Зерттеудің толық нәтижесі осы атпен 1928ж. шыққан кітапта
баяндалды. Экономикалық циклдардың 7-11 жылға созылатындығы белгілі болса,
бұдан басқа да 48-55 жылға созылатын ұзақ циклдардың бар екендігі белгілі
бола бастады. Мәселен, Н.Д. Кондратьев мынандай үлкен циклдарды қарастырды.
Ол (цикл) қоғамдық өндірістің технолнгиялық базасының радикалды өзгеруімен
және оның құрылымдық қайта құрылуымен түсіндірілді.

Әдетте циклрды классификациялағанда екі критериі қолданылады:
ұзақтығы немесе циклдың мерзімділігі; оны қозғаушы циклдар, бұл соңғысы оны
жүзнге асырудың генезисі мен механизмін алдын-ала анықтайды. Осы
криерийлерге сәйкес циклды классификациялаудың белгілі айқындамалары
қабылданған:
1. Н.Д.Кондратьевтің циклдары немесе ұзақтығы 40-60 жылға созылған ұзын
толқынды циклдар. Оның басты қозғаушы күші – технологиялық өндірістегі
технологиялық базаның радикалды өзгеруі және оның құрылымдық қайта құрылуы.
2. Белгілі американ экономисі С.Кузнецтің (1901-1983жж.) циклдары және
олардың ұзақтығы 20 жылмен шектеледі. Ал қозғаушы күштері - өндірістегі
ұдайы өндіріс құрылымының жылжуы болып табылады (бұл циклдер көбінесе ұдайы
өндірістік немесе құрылыс болып та аталады).
3. Жеке шаруашылықтың циклдары. Бұл 1 жылдан бастап 12-і жылға дейінгі
кезеңді қамтиды және инвестициялық белсенділіктің тербелісіне байланысты
өмір сүреді.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІНІҢ ТИПТЕРІ
МЕН ФАКТОРЛАРЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ

2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің типтері мен
факторлары

Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар.Оның
артта қалуы XX ғ. 50-жылдары басталған ғылыми-техникалық революция
дамуының сәйкестігімен байланыстырылады. Экономикалық өсу сапалық жаңа
дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында өндірістің
интенсификациялау негізінде жүзеге асады. ҒТР-ның қазіргі дәуірі
технологиялық революция айдарымен жүзеге асып (70-80 ж. басталды), ол
мынаны байқатады:
- еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни
робототехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай-ақ
машинасыз технологияны қолдану - өнімді машинаны қолданбай-ақ дайындау
(мұндай технологияларға: плазмалық, электронды-сәулелік, радиациялық,
биологиялық және т.б. түрлері);
- ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді
өңдеу арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат
атмосфераға жіберуді, ағынды суға қоқыс, үйінді тасталуын жою, яғни
қоршаған ортаны ластамау;
Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді: бірінші
орынға сандық мәселе емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі.
Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі - өндірістің прогрессивті
құрылымының құрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес
салмағының артуымен түсіндіріледі. Олар ҒТР нәтижелерін ендіруді және
қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Қазіргі жағдайда ғылым ролінің
өзгеруімен экономикалық өсу жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Ғылым
қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуы аяқталып келеді. Жоғарыдағы
аталған барлық жағдайлар экономика қозғалысына, экономикалық дамуына
жаңа сапалық сипат береді. Экономика өсуінің қайнар көзі -
экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру
жатады. Олар атқаратын қызметтің көлемін ұлғайтуға және сапасын
арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды. Нарықтық
экономиканың негізін жеке меншік құрайды және ол әрбір адамның
жігер – қайраты арқылы дамып, олардың жеке экономикалық мүдделерін
жүзеге асырады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің негізгі
қайнар көзі - экономикалық саясат және ол қоғамдағы мәуелеп тұрған
тұтыныстарды дөп көрсетеді. Экономикалық дамудың ерекше қайнар көзі
инвестиция (күрделі қаржы) болады. Бүгін салынған қаржы көлемі
келешектегі табысты ұлғайтуды көздейді. Бұған Жапония елі айқын
дәлел: халық шаруашылығын дамытуға жұмсалған жоғарғы деңгейдегі
инвестиция әлемдік қауымдастықта оны дамыған мемлекеттің қатарына
көтерілуге ықпал жасады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің
түпкі мақсаты адам болып табылады. Оның ҒТР жетістігімен қаруланған
білімін, еңбегін де айта аламыз. Сондай-ақ оның барлық кездегі көп
түрлі тұтыныстары әлеуметтік-экономикалық прогрестің басты критериі
болмақ.
Экономикалық өсу факторының 3 тобы бар:
- ұсыныс
- сұраныс
- бөлу
Ұсыныс факторлары болып табылатындар:
- елдегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы
- елдегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы
- негізгі капиталдың көлемі
- технология
Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс
факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері
шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан
әлеуметтік - экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің
біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар
туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан
экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыруы (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін
таңдауы тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе керісінше, керексіздерін
тежеп отырады. Экономиканың нақты өсуі сондай-ақ сұраныс факторларына да
байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың
мүмкіндігін анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарында тұтынушылық,
инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің
есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік
рыноктағы бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады. Жоғарыда көрсетілген
факторлармен қатар экономиканың өсуіне бөлу факторлары да ықпал етеді.
Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға жататындар:
- өндіріс ресурстарының салалары, кәсіпорындар, елдегі аймақтар
бойынша нақты бөлу
- шаруашылық қызмет субъектілерінің арасында табыстарды бөлудің
қоғамда қолданылатын тәртібі
Қазақстандағы экономикалық өсудің факторлары тұрақты және дамып
отыратын қаржы жүйесі, кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеулері үшін
рамалық жағдайлар жасайтын және шетелдік инвестициялар түсімдерін
(құйылымдарын) ынталандыратын айқын заңнамасы жоқ кез келген елдің
экономикасы дами алмайды. Осылардың барлығы экономикалық өсуді
қамтамасыз ететін ішкі факторлар арқылы анықталады. Егер мемлекеттік
саясат отандық және шетелдік инвесторлармен санаспайтын болса, онда
экономиканы дамытуды қамтамасыз етуде үкімет сөзсіз елеулі
кемістіктерге кездеседі. Шетелдік және отандық инвесторлар өздерінің
капиталдарын жұмсау үшін анағұрлым пайдалы салалар іздестіре
бастайды. Оның үстіне, осы заманғы әлемде трансұлттық компаниялардың
(ТҰК) қаржы және интеллектуалды (зайырлы,зияткерлік) ресурстарын тарту
арқылы өз елінің экономикалық дамуын қамтамасыз етуге даяр
көптеген мемлекеттер бар. 2004 жылға арналған ішкі және сыртқы
саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына сәуір айындағы
Жолдауында (2003 ж.) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
бүгінгі таңда республикамыздың еншісінде отын-энергетикалық,
металлургиялық және химиялық кешендер бар екендігін атап көрсетті.
Сонымен бірге біздің алдымызда экономиканы баланстауды, өңдеуші
өнеркәсіптің озық дамуын, жоғары технологиялық және ғылымды
қажетсінетін өндірістердің, өндірістік инфрақұрылым мен агроөнеркәсіптік
сектордың дамуын қамтамасыз ету жөніндегі аса маңызды міндеттер тұр.
Осыларға сүйене отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық
банкі өндірісті дамытуды одан әрі ынталандыру жөніндегі шаралар
дайындауы тиіс, ол шараларды мына мәселелерге бағыттау керек:
- инфляцияның төмен деңгейін қамтамасыз етуге, экспорт дамуын
ынталандыратын теңгенің нақты айырбас бағамын ұстауға;
- халықтың депозиттік салым ақшаларын сақтандыруға және алтын-
валюталық резервтер мен Ұлттық қор активтері түріндегі қаржы жинақ
ақшаларының қорлануына;
- Үкіметтің сыртқы және ішкі борыштарын, сондай-ақ мемлекет
бюджетінің тапшылығын азайтуға;
- Мемлекеттік бюджеттің мемлекеттік инвестицияларға жұмсайтын
шығындарының үлесін ұлғайтуға;
- Зейнетақы және тұрғын үй - коммуналдық, денсаулық сақтау және
білім салаларында реформалар жүргізуге. Экономикалық саясаттың тағы
бір басқа стратегиялық бағыты ұзақ мерзімді перспективада шикізаттық
маманданудан шегінуді және қазақстандық қоғамның дамудың сапа жағынан
жаңа кезеңіне көшуін ұйғарады, оған еліміздің қаржы және
экономикалық әлеуетін (потенциалын) нығайтумен байланысты жоғарыда
аталған іс-шараларды жүагізгеннен кейін қол жеткізу мүмкін болады.
Барлық бағыттардағы жұмыстың жаңа сапасы әлемдік стандартқа сатылап
отырып (кезең бойынша) көшу, ғылым мен техниканың озық жетістіктерін
енгізу арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Басқаша айтқанда, қабылданатын
барлық саяси шешімдер Қазақстан – 2030 ұзақмерзімді даму
Стратегиясы мен соның аясында әзірленген өзге де құжаттарды іске
асыру призмасы арқылы қаралуы керек.[2,53б.]

2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің тенденциясының
сараптамасы

Қазақстан Республикасында экономика құрылымының ерекше белгілері
қоғамдық өндірістегі жоғары құндылығы, өндіріс ішіндегі салаларды игеру,
материалдық шикізаттарды қолданылатын ауылшаруашылықтың үлкен салмағы,
жоғары технологиялық өндірістің төмен салмағы, салааралық, салаішілік,
территориялық сәйкессіздіктің барлығы болып табылады. Қазақстандық
экономиканың құрылымдық мәселелері бірнеше онжылдықтың ішінде құрылған. 60-
жылдары Қазақстан Республикасының құрылымдық өзгерістер негізінен оң
сипатын әкелді (өндірістік қордағы жоғарғы норма, химиялық және
металлургиялық өндірістегі тауар шығарылымының өсуі Б тобы және
ауылшаруашылық салаларының дамуы). Бірақ, КСРО-дағы әскери өндірістің өсуі
60-жылдардың аяғында тұтынушы нарықтағы жетіспеушіліктің тууына және
қоғамдық өндіріс құрылымындағы 1-бөлімнің білім игеруіне әкеліп соқтырды.
Мұнай өндірісіндегі өсім халық шаруашылығындағы салмақтың өсуіне әкелді. 80-
жылдардың ортасында қуат тасушылардың әлемдік нарықтағы құрылымы сәтті бола
бастады. Ішкі саудадағы шарттардың төмендеуі Қазақстан экономикасындағы
дағдарыстық үдерістің дамуының жылдамдауына әкелді. 80-жылдардың аяғында
өндіріс көлемінің қысқартылуы басталды. Өндіріс көлемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам дамуы тұжырымдамасының қалыптасуы және дамуы
Экономикалық өсу теориясы
Сұраныс факторы
Экономикалық өсу: факторлары, кезеңдері, ерекшеліктері
Экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік негіздері
Экономикалық өсудің көрсеткіштері
Аймақтық дамудың негізгі теориясы
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ)
Денсаулықтың негізгі көрсеткішінің бірі дене дамуы
Экономикалық өсу және оның түрлері.
Пәндер