Ауыспалы егіншілік,ауыстырылмайтын егіс, қайталап себу,монокультура



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Ауыспалы егістер және қайталап егу. .
2.2. Дақылдар себілген танаптарды ауыстырып тұрудың себептер.
2.3. Негізгі алғы дақылдардың сипаттамасы.
2.4. Ауыспалы егістің жіктелуі

2.5. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қолданылатын ауыспалы егістердің схемалары.

2.6.Монокультура


III.Қорытынды
Ауыспалы егіс – топырақ құнарын сақтау және арттыру, тұрақты мол өнім алу мақсатында дақылдарды және танаптарды алмастырып отыру жүйесі. Ауыспалы егістің б.з.б. қолданылуы туралы мәліметтер Рим шежірелері (Катон, Варрон, Вергилий, т.б.) арқылы жеткен. Қазақстанда қара топырақты, ылғалдылығы жеткілікті аймақтарда 5 танапты және 8 танапты Ауыспалы егістің кеңінен қолданылады. Ауыспалы егістің жүйесі ауыл шаруашылығында өндірілетін өнім түріне қарай егістік, мал азықтық және арнайы болып үш түрге бөлінеді. Егістік ауыспалы егістің жүйесі бойынша ылғалдылығы мол жерлерде егістік дақылдарды (сұлы, арпа, жүгері, қызылша,күнбағыс, картоп, т.б.) себердің алдында танапқа 2 – 3 жыл жоңышқа егіледі. Ал қуаңшылық аудандарда сірі жер танабын бос қалдырады. Мал азықтық ауыспалы егіс жүйесі бойынша көп жылдық жоңышқа өсіруден кейін оның орнына отамалы дақылдар (бір жылдық, көп жылдық шөптер, сүрлемдік жүгері) өсіріледі. Арнайы ауыспалы егіс жүйесінде көкөністерді, мақтаны, темекіні, күрішті, т.б. жыл сайын орын ауыстырып егеді.
1. «Егіншіліктің аймақтық жүйесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар. Семей-2013
2. Қ.Әубәкіров, Т. Атақұлов, А.Ахмет Мал азығын өндіру Алматы, 2011
3. «Өсімдік шаруашылығы» Алматы, 2011, Қ. К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А. Қ. Апушев, Н. А. Серікпаев, Н. А. Шестакова, С. С. Арыстанғұлов
4. И.С. Сейiтов, Қ.Өрiсбаев ―Суармалы егiншiлiк өнiмiн арттыру‖ Алматы ―Қайнар‖— 1984ж.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі


Кафедра____________________________ ______

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ауыспалы егіншілік,ауыстырылмайтын егіс, қайталап себу,монокультура.

Қабылдаған:
Орындаған:
Тобы:


АЛМАТЫ

Жоспары:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Ауыспалы егістер және қайталап егу. .
2.2. Дақылдар себілген танаптарды ауыстырып тұрудың себептер.
2.3. Негізгі алғы дақылдардың сипаттамасы.
2.4. Ауыспалы егістің жіктелуі

2.5. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қолданылатын ауыспалы егістердің схемалары.

2.6.Монокультура


III.Қорытынды

Кіріспе.
Ауыспалы егіс - топырақ құнарын сақтау және арттыру, тұрақты мол өнім алу мақсатында дақылдарды және танаптарды алмастырып отыру жүйесі. Ауыспалы егістің б.з.б. қолданылуы туралы мәліметтер Рим шежірелері (Катон, Варрон, Вергилий, т.б.) арқылы жеткен. Қазақстанда қара топырақты, ылғалдылығы жеткілікті аймақтарда 5 танапты және 8 танапты Ауыспалы егістің кеңінен қолданылады. Ауыспалы егістің жүйесі ауыл шаруашылығында өндірілетін өнім түріне қарай егістік, мал азықтық және арнайы болып үш түрге бөлінеді. Егістік ауыспалы егістің жүйесі бойынша ылғалдылығы мол жерлерде егістік дақылдарды (сұлы, арпа, жүгері, қызылша,күнбағыс, картоп, т.б.) себердің алдында танапқа 2 - 3 жыл жоңышқа егіледі. Ал қуаңшылық аудандарда сірі жер танабын бос қалдырады. Мал азықтық ауыспалы егіс жүйесі бойынша көп жылдық жоңышқа өсіруден кейін оның орнына отамалы дақылдар (бір жылдық, көп жылдық шөптер, сүрлемдік жүгері) өсіріледі. Арнайы ауыспалы егіс жүйесінде көкөністерді, мақтаны, темекіні, күрішті, т.б. жыл сайын орын ауыстырып егеді. Сондай-ақ арнайы ауыспалы егіс жүйесін қолдану үшін жер құнарлығы жоғары, ылғал, температура жеткілікті болуы керек. Ауыспалы егіс мол өнімді дақылдар егіп, халықты азық-түлікпен, малды жемшөппен және техниканы жыл бойы жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дақылдар алмастырылып егілгенде, өнім көрсеткіштері жақсарады, жердің құнарлылығы артады, топырақ эрозиясы төмендейді, егістіктің ластануы, зиянкестер мен ауру қоздырғыштардың көбеюі азаяды.
Егіншілік жүйесі -- өсімдік шаруашылығы саласын ғылыми тұрғыдан жүргізу. Еліміздің егіншілік жүйесіне белгілі орыс ғалымы профессор А.Н. Сонетов (1826-1901 жж.) ғылыми негізде түсінік берді. XX ғасырдың басында академик Н.Р. Вильямс минералды тыңайтқыштардың аз өндірілетінін ескере отырып, шөптанапты егіншілік жүйесін ұсынды, яғни топырақ құнарлылығын минералды тыңайтқышсыз көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің көмегімен қалпына келтіруге болатынын дәлелдеді.

II.Негізгі бөлім.2.1. Ауыспалы егістер және қайталап егу. Ауыспалы егіс дегеніміз-танаптардағы ауыл шаруашылық дақылдары менарды ғылыми ұсыныстарға сүйене отырып ауыстырып отыру.Дақылды жылда бір жерге себе берсе, оның өнімі бірте-бірте төмендейді екен. Көп жағдайда танапқа тыңайтқыштар берілсе де бұл төмендеу тоқтамайды. Өнімді төмендетудің бір жолы ғылыми деректерге сүйене отырып, дақылдардың орынын ауыстырып тұру керек екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Ауыспалы егістіктің көмегімен топырақтың құнарлылығын арттыру дақылдардың өнімін көтеру, өнімнің сапасын жақсарту, танаптардағы арамшөптердің санын азайту, өсімдіктерді ауырулардан, зиянкестерден қорғау, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау мәселелері шешіледі.
Ауыспалы егістің экономиялық негізі-ғылыми ұсыныстарға сүйеніп анықталған егілетін дақылдардың алатын жер көлемі.Әр дақылдың алатын жер көлемін белгілегенде мына жағдайлар есептеледі.
Келешек шаруашылық орналасқан жердің ауа райы, топырағы шаруашылықтың өркендеу уақыты.
-Ауылшаруашылық өнімдерін сату жоспары
-Мал шаруашылығына қажет жем-шөппен толық қамтамасыз етілуі.
Егер дақыл көп жылдар бойы бір жерге егіле берсе, оны ауыспайтын дақыл, шаруашылық тек бір дақылды егетін болса, оны дарадақыл, дақыл бір жерге сегіз жылдан кем егілетін болса оны кайталап егу деп атайды.Ауыспалы егістің алмасуынан уақытша шығарылған танапты шықпа танап дейді. Әдетте шықпа танап ретінде көп жылдық шоп егілетін танап қалдырылады. Мысалы; жоңышқа егілген танап 4-5 жыл ауыспалы егістен шығарылып тасталады. Бұл мерзім өтіп, жер тыңайғаннан кейін бұл танап ауыспалы егіске енеді де басқа бір танапқа жоңышқа себіліп ауыспалы егістен шығарылады.
Ауыспалы егістегі дақылдар мен пардың белгілі тәртіппен танаптарда ауысып тұратын ауыспалы егістің ротациялық кестесі деп атайды.
Ауыспалы егіске кіретін әрбір танаптың өзінің номері болады, бұл номер рим цифрімен белгіленеді.
Дақылдар мен пардың ауыспалы егісте орналасу ретін оның схемасы дейді.
2.2. Дақылдар себілген танаптарды ауыстырып тұрудың себептер. Танапқа бір дақылды жыл сайын себе берсе, оның өнімі төмендей беретін адамдар ерте заманнан ақ білген. Көне заманда өмір сүретін Рим оқымыстыларының бізге жеткен жазба еңбектерінде астық дақылдары мен бұршақ дақылдарын жыл сайын орындарын алмастырып егу керек екенін, ал орындары ауыспай бір жерге еге берсе бұлардың өнімі кемитіні айтылады.
Табиғат жөніндегі ғылым дамыған сайын оқымыстылар бұл процестін себептері жөніндегі өз болжауларын айта бастады. Мысалы; швейцар ботанигі Декандоль мынандай пікір айтқан.Өсімдіктері топырақтан сумен қоректік заттар сіңіріп қана қоймайды, сонымен қатар өзіне зиянды заттарды тамыры арқылы өсіп тұрған жерге бөліп шығарады. Келесі жылы сол жерге қайта себілген кезде ол өзі шығарған зиянды заттарынан зардап шегеді, оның өнімі төмендейді. Бұл дақылдың бөліп шығарған заттары сол дақыл үшін ғана зиянды, басқа дақылға еш залалы жоқ, сондықтан басқа дақылдардың өнімі төмендемейді, кейде тіпті жоғарылайды.
Неміс ғалымы Тэер астық дақылдарының ауыстырылмай еккен жағдайда олардың өнімінің төмендеуінің себебі топырақтағы қарашіріктің, гумстың азаюынан деп есептейді. Ол уақытта өсімдіктер органикалық заттарды сіңіре алмайтынын ол тек минералды заттарды сіңіріп, солармен ғана қоректене алатыны ғылымға белгісіз болатын.
Кейінірек өсімдіктердің тек минералдық заттарды ғана сіңіре алатыны анықталған соң ғылымдар(Ю.Либих) дақылдың орнын ауыстырмай еге бергенде өнімнің төмендеуін топырақтағы минералдыққоректік заттардың азаюынан деп есептейді.
Соңғы жүз жылдың ішінде ғылымда ауыспалы егістер жөнінде көптеген деректер жиналды.
Қазан революциясына дейін қазақтардың ең басты дақылы тары болған.Ол дақылды жылма- жыл бір жерге еге берсе, өнімі төмендеп кететінін қазақ диқандары да білген.Олар тарыны бір жерге көп болса 1-2 жыл ғана егіп,содан кейін ол жерге 10-15 жыл ештеңе екпей тыңайтуға қалдырып,тарыны тың жерге егіп отырған.
Ауыспалы егістің қажеттілігін, ауыстырмай егілгенде өнім кемуіне мынандай жағдайлардың себеп болатынын ғылым дәледеп отыр.
Бірінші себеп,химиялық тұрғыдан - өсімдіктердің қоректенуіне қатысты себептер. Әр турлі дақылдар өсу барысында топырақтан қоректік заттарды бойына әр турлі мөлшерде сіңіреді, бидай,арпа сияқты масақты дақылдар азот пен фосфорды көбірек , калийді азырақ сіңіреді, ал қант қызылшасы, күнбағыс,картоп сияқты дақылдар керісінше азот пен фосфорға қарағанда калийді көбірек сіңіреді.Осы тұрғыдан алып қарағанда танапқа ылғи астық дақылдарын еге берсек, азот пен фосфордың мөлшері жылдан жылға азая береді екен де, калий топырақта көбірек сақталады. Сөйтіп, қоректік заттардың бастапқы арақатынасы бұзылады.
Қант кызылшасын , кунбағысты,картопты да үздіксіз бір жерге еге берген уақытта да жылдан жылға калий баска қоректік заттарга қарағанда көбірек азайып, тағы да топырақтағы қөректік заттар біржақты жұмсалынып, қоректік заттардың қалыпты арақатынасы бұзылады.Ал масақтық дақылдар мен техникалық дақылдарды ауыстырып еккен ұақытта топырақтағы заттар тең жумсалып,танаптан ұзақ жылдар бойы жақсы өнім алуға мүмкіндік туады.
Көптеген дақылдар топырақта ылғи тапшы болып жататын азотты азайтумен болса, бүршақ тұқымдас дақылдар керісінше топырақтағы азотты көбейтеді (олардың тамырында өмір сүретін бактериялар ауадағы азотты сіңіре алады, сөйтіп азотпен дакылды қамтамасыз етеді, топырақтағы азотты көбейтеді ). Сондықтан бұршақ тұқымдас дақылдарды басқа дақылдармен алмастыра егіп отырғанда, жалпы дақылдарға қажетті қоректік заттардың тапшылығы азаяды. Жалпы алынатын өнім мөлшері артады.
Дақылдардың түріне қарай олардың тамырлары да әртүрлі болады. Мысалы, астық тұқымдас дақылдар шашақ тамырлы болып келеді де, көбіне 40-50 см тереңдікке дейін ғана тарайды.Қызылша, күнбағыс сияқты дақылдардың тамыры 3метр тереңдікке дейін, ал жоңышқаның тамыры 5-6 метрге дейін кетеді. Ал осы дақылдарды кезектестіріп еккенде топырақтың тек бетіне жақын маңдағы қоректік заттар ғана пайдаланылып қойылмайтереңде жатқан қоректік заттар да іске асады.
Қарақұмық, люпин сияқты дақылдардың тамыры топырақтағы нашар еритін қоректік заттарды жақсы сіңіреді. Бұл өсімдіктерден кейін топырақта басқа дақылдар жеңіл сіңіре алатын қоректік заттар көп қалады да, олардан кейін егілген дақылдардың қоректенуі жақсарады. Қорыта келгенде , танапқа әртүрлі дақылдарды егіп, ауыспалы егіс қолданған уақытта өсімдіктердің қоректенуі жақсарып, өнім мөлшері көбейеді.
Екінші физикалық тұрғыдағы себеп-топырақтың физикалық қасиетіне байланысты себептер. Танапқа масақтың , әсіресе топырақты жиі өңдеп тұруды қажет ететін қызылша, мақта, картоп сияқты отамалы дақылдарды жылма-жыл еге берсек, топырақтың құрылымдық түйіршіктерінің көбісі трактор дөңгелегінің , жер өңдейтін құралдардың әсерінен жойылып, топырақтың физикалық қасиеті нашарлайды екен. Яғни, топырақ түйіршіктері ұлпаға айналады дамұндай топырақтар суды тереңдікке жөнді сіңірмейді. Су тисе болды топырақ беті былжырап, ериді де, кепкен уақытта қабыршықтанып қатып қалады. Мұндай қабыршықтарды өркендер бұзып, жер бетіне шыға алмайды. Сондай-ақ өсімдік тамырына оттегінің баруы қиындайды., оның өніп-өсуі нашарлайды, дақылдар әр түрлі ауыруларға ұшырайды.
Биологиялық себептер; Дақылдарды қоршаған әр түрлі тірі организмге байланысты себептер. Танапқа бір дақылды еге берген жағдайда бұл дақылдың зиянкестері көбейеді, ауыруға шалдығуы жиілейді және арам шөптер де жылдан жылға көбейе түседі. Мұның себебін былай түсіндіруге болады.
Ауылшаруашылық зиянкестерінің кейбіреулері дақылдардың бір түрімен немесе соған жақын түрмен, не бір семьяға жататын өсімдіктермен ғана қоректенеді. Танапқа бір дақылды үздіксіз егу кезінде сол зиянкестерге жақсы жағдай туады да, олардың саны жылдан жылға көбейе түседі, соған орай бұлардан келетін зиян да арта береді. Мысалы; Қазақстандағы қант қызылшасының соңғы жылдары өнімінің күрт кеміп кетуі зиянкестер мен аурулардың зардабынан болды. Қызылша нематодасы деп аталатын зиянкес қант қызылшасының тамырына жабысып,оның сөлін сорып тіршілік етеді. Ол қызылшаны еккен сайын топырақта көбейе береді де, ақыры қызылша тамырын өсірмей тастайды. Өнім төмендейді. Бұл зиянкестің масақты дақылдарға , жүгеріге, картопқа, көп жылдық шөптерге ешқандай зияны жоқ. Олармен қоректене алмайды да бұл дақылдар егілген жерде жыл өткен сайын жойыла бастайды, бірнеше жылдан соң құрып бітеді.
Дақылдар аурулары да сол сияқты, бірінің ауруы екіншісіне көбінде жұқпайды. Бір жерге дақылдарды жыл сайын еге берсек, оның ауруға шалдығуы күшейеді. Себебі ауру тудыратын микроорганизмдердің споралары сол танаптағы өсімдік қалдықтарында, топырақта сақталады да, келесі жылы тағы да әлгі дақылды ауруға шалдықтырады. Мысалы Қазақстанда қант қызылшасының өнімінің қатты төмендеп кетуіне осы аурулардың да кесірі тиіп жүр. Бір жерге ауыстырмай себіле бергендіктен, ауру тудыратын микроорганизмдер топырақта көбейіп тамырды шірітіп жіберетін болады.
Танапқа ауыстырылмай егіле берсе тек қана қант қызылшасы емес, басқа дақылдар да ауруға шалдығады, оның зиянкестері көбейеді.
Капустаны үнемі бір жерге отырғызу кила ауруының дамуына апарып соғады, мақта солдырма ауруына, күздік бидай тот және тамыр шіріндісі, зығыр мен сора фузариоз, күнбағыс жалған ұнтақ, картоп фитофтора ауруына шалдығады.
Арам шөптер де ауыспалы егіссіз жылдам көбейіп кетеді. Мысалы, жаздық дақылдар үнемі қайталап егілген жерде жаздық арам шөптерге жақсы жағдай туып, олардың саны өсе береді. Ал сол жерге күздік бидай, әсіресе күздік қара бидай егілсе, жаздық арам шөптер күрт азаяды.Себебі күздік дақылдар сентябрь айында егіледі, олар қысқа дейін тамырланып, түптеніп кетеді де, көктемде ерте көктеп жаздық арам шөптерден бұрын жетіліп, оларды өздерінің көлеңкесінде қалдырады. Көленкеде қалған арам шөптер жөнді өсіп жетіле алмай, көбінесе өліп қалады.
Ал күздік бидай бір жерге қайталанып егіле берсе, онда күзде өсетін арам шоптерге қолайлы жағдай жасайды. Күзде өсетін арам шөптер күздік бидаймен бірге өніп шығады да, өсіп жетілуі жөнінен бидайдан кем қалмайды.Бидай пісіп ораққа іліккенше олар дәнін төгіп үлгереді, ал келесі жылы олар бұл жерде бірнеше есе көбейеді.Күздік бидайды сепкен сайын күзде өнім шығаратын арам шөптердің саны арта береді. Бұл арам шөптерді осы жерге жаздық дақылдар егіп қана құртуға болады. Ол үшін көктемде жаздық дақыл егер алдында бұл танапты жақсы культивациялау керек. Сол культивациялау кезінде күзде өніп шыққан арам шөптер оталып құрып бітеді. Сөйтіп күздік дақылдармен жаздық дақылдарды ауыстырып отырып, арам шөптердің санын күрт азайтуға болады.
Күнбағыс, темекі сияқты дақылдарды бір жерге еге берсе, бұл танапта күнбағыс пен темекіні сорып күн көретін сұңғыла қаптап кетеді. Бұл паразит арам шөптермен күресудің басты тәсілі ауыспалы егіс қолдану. Бұл паразиттік арам шөптер астық тәріздес дақылдар арқылы өмір сүре алмайды да, 6-7 жылда топырақтағы тұқымдары өліп бітеді.
Экономикалық - ұйымдастыру себептері; Ауыспалы егіс қолданғанда ешқандай қосымша шығынсыз - ақ өнімнің мөлшерін көбейтуге, өндірілген өнімнің өзіндік құнын кемітуге болады, яғни дақылдарды өсіру жұмысының рентабельдігі жоғарылайды. Шаруашылыққа түсетін таза табыс артады.
Әртүрлі дақылдар егілгенде техника мен жұмысшы күші тиімді пайдаланылады. Мысалы; күздік бидай, қыркүйек, қазан айларында егілсе, жаздық дақылдар көктемде егіледі. Трактор мен сеялкалар күзде де көктемде де жұмыс істейді. Күздік бидай жаздық дақылдардан ертерек піседі, оны жинап бітірген кезде, жаздық дақылдар ораққа ілінеді. Сөйтіп комбайнды ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік туады. Бұл жағдайда техника өзін-өзі жылдам ақтайды, таза табыс көбейтеді.
2.3. Негізгі алғы дақылдардың сипаттамасы. Алғы дақыл деп өткен жылы танапта болған ауылшаруашылық дақылын немесе парды айтамыз. Себілген дақыл түріне байланысты, топырақтың құнарлылығы азды көпті өзгеріп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егістерде топырақтағы органикалық заттардың баланысын есептеу
Егістік танаптардың структурасын негіздеу
Егіс. Егіншілік
Топырақ құрамында азотты тыңайтқыштар
Егістік жұмыстардың технологиясы. Себу, күтіп-баптау,сұрыптау, жинау және есептеу туралы ақпарат
Ауыспалы егіс
Жүгерінің өсіру технологиясымен танысу және зерттеу
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті
Ауыспалы егіс жерлерін және олардың территорияларын ұйымдастыру
Агрономиялық терминдерді пайдалана отырып ауыспалы егістерді жіктеу
Пәндер