Мал басына жазғы жайылым кезінде жем-шөп көлемін жоспарлау әдістері



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Жем.шөп түсінігі.
2.2. Мал азығының қоректілігін бағалау .
2.3. Азықтық бірліктегі қорытылатын протеин мөлшерін есептеу əдістерін үйрену.
III.Қорытынды
IY.Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстанда мал азығы негізінен табиғи жерлерден жəне егістіктен өндіріледі. Табиғи шабындықтар мен жайылымдар көлемі республика бойынша 180 млн гектардай, олар барлық аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерден қарапайым жақсарту жұмыстарын жүргізіп, тиімді пайдаланған жағдайда арзан да сапалы мал азығын алуға болады. Шалғындықтарды жақсарту технологиясы күрделі емес, оны əр шаруашылық өздері жүргізе алады. Ол үшін көп қаражат та жұмсалмайды. Қазіргі кезде шет елдерде жəне республиканың алдыңғы қатарлы шаруашылықтарында өндіріске тиімділігі жоғары мəдени жайылымдар мен шабындықтар енгізіліп жатыр. Мəдени жайылымдар əсіресе, сауын сиырлар үшін өте тиімді. Оны жылдың жылы мезгілдерінде ұзақ пайдаланып, көк шөптің жоғары өнімін алу арқылы сауын сиырларының сүттілігін айтарлықтай көтеруге болады. Мұндай жайылымдар мал төлдерін бағуға да тиімді. Егістікте мал азықтық дақылдарды өсіріп дəрумен-протеин мөлшері тепе-тендікте болатын сапалы мал азықтарын дайындау жұмыстары да ауыл шаруашылығы мамандарының алдында тұрған негізгі міндеттері. Кезінде (1990 ж) егістікте 10 млн гектардай мал азықтық дақылдар өсірілсе, қазір оның көлемі 2,7 млн гектардан аспайды (2007ж.). Егістікте негізінен мал шаруашылығы өнімін көтеруде аса қажетті сүрлемдік, жемдік дақылдар, пішеннің жəне көк шөптің қоректілігін көтеретін бұршақ тұқымдастар өсіріледі.
1. https://kk.wikipedia.org/
2. https://kk.wikipedia.org/wiki
3. «Мал азығын өндіру практикумы» Қ.Ə. ƏУБƏКІРОВ, Т.А. АТАҚҰЛОВ, А.С. КАРАКАЛЬЧЕВ. Алматы 2009
4. Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Кафедра: ____Агрономия_______________

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Мал басына жазғы жайылым кезінде жем-шөп көлемін жоспарлау әдістері.

Қабылдаған:
Орындаған:
Тобы:


АЛМАТЫ

Жоспары:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Жем-шөп түсінігі.
2.2. Мал азығының қоректілігін бағалау .
2.3. Азықтық бірліктегі қорытылатын протеин мөлшерін есептеу əдістерін үйрену.
III.Қорытынды
IY.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстанда мал азығы негізінен табиғи жерлерден жəне егістіктен өндіріледі. Табиғи шабындықтар мен жайылымдар көлемі республика бойынша 180 млн гектардай, олар барлық аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерден қарапайым жақсарту жұмыстарын жүргізіп, тиімді пайдаланған жағдайда арзан да сапалы мал азығын алуға болады. Шалғындықтарды жақсарту технологиясы күрделі емес, оны əр шаруашылық өздері жүргізе алады. Ол үшін көп қаражат та жұмсалмайды. Қазіргі кезде шет елдерде жəне республиканың алдыңғы қатарлы шаруашылықтарында өндіріске тиімділігі жоғары мəдени жайылымдар мен шабындықтар енгізіліп жатыр. Мəдени жайылымдар əсіресе, сауын сиырлар үшін өте тиімді. Оны жылдың жылы мезгілдерінде ұзақ пайдаланып, көк шөптің жоғары өнімін алу арқылы сауын сиырларының сүттілігін айтарлықтай көтеруге болады. Мұндай жайылымдар мал төлдерін бағуға да тиімді. Егістікте мал азықтық дақылдарды өсіріп дəрумен-протеин мөлшері тепе-тендікте болатын сапалы мал азықтарын дайындау жұмыстары да ауыл шаруашылығы мамандарының алдында тұрған негізгі міндеттері. Кезінде (1990 ж) егістікте 10 млн гектардай мал азықтық дақылдар өсірілсе, қазір оның көлемі 2,7 млн гектардан аспайды (2007ж.). Егістікте негізінен мал шаруашылығы өнімін көтеруде аса қажетті сүрлемдік, жемдік дақылдар, пішеннің жəне көк шөптің қоректілігін көтеретін бұршақ тұқымдастар өсіріледі. Сонымен қатар, ферма жанындағы егістіктерде сүрлем жəне басқадай құнарлы азықтар дайындайтын əдеттен тыс жаңа мал азықтық өсімдіктер өсіріледі. Мал өнімінің сапасын көтеруде мұндай мал азығының ролі өте жоғары. Соңғы жылдары көпшілік аймақтарда астық егістігінен шығарылған тыңайған жерлер көптеп кездеседі (республика бойынша 18-20 млн га). Келешекте міне, осы жерлерді мал азықтық дақылдар, бір жылдық жəне көпжылдық шөптер себуге игерсе, барлық аймақтарда мал азығы проблемалары шешілер еді. Мұндай жұмыстар бір жағынан республикада нашарлап кеткен экологиялық жағдайларды жақсартуға да үлкен əсерін тигізетіні сөзсіз.
Мал азығында кездесетін витаминдер органикалық заттар тобына жатады. Витаминдер аз мөлшерде мал организміне биологиялық белсенді зат ретінде өте қажет. Егер олар мал азығында болмаған жағдайда малдың өнім беруі азайып зат алмасу процесі бұзылады жəне мал өнімінің (сүт, ет, жұмыртқа, т.б.) сапасы төмендейді. Кейбір жағдайларда витаминнің жетіспеуінен малдар авитаминоз ауруына шалдығуы мүмкін (цинға, рахит, т.б.). Барлық витаминдер латын алфавитімен белгіленеді (А, В, С, Д, Е). Мал шаруашылығында пайдаланатын мал азықтары бірнеше топтарға бөлінеді: 1. Ірі азықтар (пішен, пішендеме, сабан); 2. Көк азықтар (көк балауса, жайылымдық мал азықтары); 3. Шырынды азықтар (сүрлем, тамыр жəне түйнек жемістілер, бақша дақылдары); 4. Құрама азықтары ( дəн, астық дəні қалдықтары, құрама жем т.б.); 5. Өсімдік жəне жануарлар қалдықтары (кебек, күнжара, қызылша сығындылары, ет-сүйек ұндары жəне басқа да өндіріс қалдықтары). 7 Қазіргі кезде қолданылып жүрген мал азықтарының 95% астамы табиғи шалғындықтардан жəне егістікте өсірілетін өсімдіктерден алынады. Мал азығының негізгі бөлігі жайылымнан жəне шабындықтан (қысқы мал азығы) жиналады. Сол себепті оның сапасына жəне малға керекті витаминдермен қамтамасыз етілуіне көп көңіл бөлінуі тиісті.
Егістікте мынадай мал азықтық дақылдар өсіріледі: 1. Көпжылдық астық тұқымдас шөптер; 2. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер; 3. Біржылдық астық тұқымдас шөптер; 4. Біржылдық бұршақ тұқымдас шөптер; 5. Сүрлемдік дақылдар; 6. Жемдік астық дақылдары; 7. Мал азықтық тамыр жемістілері; 8. Мал азықтық бақша дақылдары. Бұдан басқа соңғы уақытта кейбір шаруашылықтарда өнімі жəне сапасы жағынан жоғары жаңа, əдеттен тыс мал азықтық дақылдар енгізіліп өсіріле бастады.

II.Негізгі бөлім.2.1.Жем-шөп түсінігі.Жемшөп -- малды азықтандыру үшін пайдаланатын өнімдер. Олар өсімдіктекті, жануартекті және минералдық болады. Жемшөп құрамында сіңімді қоректік заттар көп. Жемшөпті түсіне, иісіне, дайындау әдісіне, т.б. қарап бағалайды. Өсімдіктекті жемшөпке жасыл азық, ірі азық, пішендеме, тамыр-түйнектер, техникалық дақылдардың дәнді және өсімдікті қалдықтары, құрама азық жатады. Жасыл азық (табиғи және екпе жайылым шөптері, тамыр жемістілердің жапырақтары, т.б.) жазда күйіс қайыратын малдың азық құрамын құрайды. Ірі азық (пішен, сабан, т.б.) құрамында күйіс қайыратын малдың асқорыту процесін қалыптастыратын клетчатка болады. Пішен -- күйіс қайыратын малға қыста берілетін жемшөптің бірі. Пішендеме сәл кептірілген әр түрлі шөптерден дайындалады. Оны малға пішен, сүрлем орнына беруге болады. Шөп ұны бұршақ және астық тұқымдас шөптердің қоспасынан дайындалады. Ол ақуыз бен витаминге бай. Сүрлем -- шырынды азық. Негізінен, қыста, ал жазда қосымша жемшөп түрінде қолданылады. Тамыр-түйнектер (қызылша, сәбіз, картоп, т.б.) мен шырынды жемістерді (асқабақ, қарбыз, т.б.) барлық малға береді. Олардың құрамында көмірсу, С витамині, каротин көп болады. Дәнді азыққа дәнді (арпа, сұлы, жүгері, т.б.) және бұршақ (бұршақ, жасымық, т.б.) тұқымдас дақылдар жатады. Дәнді дақылдарда көмірсу, негізінен, крахмал, бұршақта ақуыз (протеин) көп. өн тартқанда, май шайқағанда, қант қызылшасын өңдегенде, т.б. қалатын қалдықтар да (кебек, күнжара, сірне, сығынды, т.б.) құнарлы азық ретінде қолданылады. Жануартекті азыққа балық ұны, ет-сүйек ұны, майы алынған сүт, т.б. жатады. Бұлардың құрамында протеин, минералды заттар, витаминдер көп. Жас төлдерді, құстар мен мамық жүнді аңдарды азықтандыруда қолданылады. Минералды азықтың маңыздылары -- ас тұзы, бор, әктас, сүйек ұны, т.б.
Жемшөп дақылдары -- ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру үшін өсірілетін дақылдар. Жемшөп дақылдарына тамыржемістілер мен түйнекжемістілер, бақша дақылдары; сүрлемдік және жемдік астық дақылдары жатады. Бұлар жайылым ретінде, жасыл азық, пішен,пішендеме, шөп ұны, сүрлем, дән, т.б. түрінде пайдаланылады. Жемшөп дақылдарын егістік және жемшөптік ауыспалы егісте, сондай-ақ, ауыспалы егістен тыс телімге де өсіреді. Жемшөптік өсімдіктерден бұршақ және астық тұқымдасқа жататын бір жылдық және көп жылдық шөптер өсіріледі. Азықтық тамыржемістілерден -- азықтық сәбіз, азықтық қызылша; ал азықтық түйнекжемістілерден картоптыңжемге арналған сорттары, жер алмұрты; азықтық бақша дақылдарынан азықтық қарбыз, кәді, асқабақ; сүрлемдік дақылдардан жүгері,күнбағыс, азықтық орамжапырақ, жер алмұрты егіледі. Жасыл азыққа дәнді бұршақ дақылдары (асбұршақ, қытайбұршақ, жасымық) және дәнді дақылдар (қара бидай, сұлы, арпа, тары) өсіріледі. Жемдік астық алу үшін дәнді бұршақ дақылдарын (сиыржоңышқа, асбұршақ,егістік бұршақ, азықтық бөрібұршақ) және дәнді дақылдарды (сұлы, арпа, жүгері, т.б.) пайдаланады. Қазақстанның барлық аудандарында жемшөп дақылдары сол жердің ауа райына, топырақ ерекшелігіне қарай өсіріледі.
2.2. Мал азығының қоректілігін бағалау .Қазақстанда малды қорада ұстап бағу əр аймақта əр түрлі. Оңтүстік аймақтарда бұл көрсеткіш 4-6 айдай болса, солтүстік аймақтарда 7-8 айға дейін созылады. Жəне де кейбір аймақтарда (далалық, шөлейт) табиғи жайылымдардың жаздың екінші жартысында өнімділігі күрт азайып мал жаюға тиімсіз болып қалады. Сол кездері қолдағы малды екпе жасыл конвейер жасау арқылы қоректендіреді. Осының бəрін ескере келгенде мал азығының 60-70% мөлшері малды қорада ұстап (стойловый период) баққанда жұмсалады екен. Сол себепті шалғындықтан жəне егістіктен алынған жем- шөптің азықтық бағалығын есептеу керек. Ол үшін Россияның В.Р. Вильямс атындағы мал азықтық ғылыми-зерттеу институты ұсынған анықтаманы пайдалануға болады. Ұсынған анықтамаларды пайдалана отырып, егістіктің 1 гектарынан алынған көк балаусаның мал азықтық өнімін шығаруға болады. Қазіргі кезде мал азығының қоректілігін анықтау үшін азықтық өлшем (а.ө.) қолданады. Ол дүниежүзілік стандарт бойынша 1 кг сұлыдағы энергия мөлшеріне тең етіп алынған.
Өсімдіктің қоректілігін бағалау. Өсімдіктің қоректілігі оның химиялық құрамына байланысты. Өсімдікте су мөлшері жəне құрғақ зат мөлшері анықталады. Құрғақ затында күл мөлшері, одан кейін протеин, ақзат, май, клетчатка жəне азотсыз экстрактивті заттар анықталады.
Өсімдіктің желінуі. Бұл көрсеткіш 5 балл бойынша анықталады: 5-өте жақсы желінетін өсімдік; 4-жақсы желінетін өсімдік; 3-орташа желінетін өсімдік; 2-нашар желінетін өсімдік; 1-өте нашар жəне кей кездері ғана желінетін өсімдіктер; 0-мал жемейтін өсімдіктер. Улы жəне зиянды өсімдіктер. Улы өсімдіктерге мал жегенде ауыратын не болмаса уланатын өсімдіктер жатады. 29 Мал азықтық өсімдіктерді ботаникалық топтарына жəне тұқымдастарына қарай қоректілігін бағалау. Ол үшін өсімдіктерді 4 топқа бөледі: астық, бұршақ, қияқ (өлең) жəне аралас шөптер.
3.1-кесте. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жайылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастырылуы
Шалқар ауылдық округі, орталығы Жылтыр ауылы
Жерге орналастыруды жобалаудың жалпы принциптері
Мал жаю әдістері
Биелерді физиологиялық мезгіліне қарай азықтандыру
Жерге орналастырудың жұмыстары
Көк азықтармен азықтандыру
Егіншілікте мал азығын өндіру
Сауын сиырларын қысқы сауым мезгілінде азықтандырудағы қажетті азықтар
Ірі қара малдың қазақтың ақбас тұқымын толық құнды азықтандыру
Пәндер