Сапалы тұқым дайындау жолдары



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Тұқым шаруашылығы.
2.2.Сұрыптау.
2.3. Сапалы тұқым . мол өнім кепілі.

III.Қорытынды
Тұқым өсіру шаруашылығы - өсімдік өсірудің сортты тұқымдарды жаппай көбейтумен айналысатын саласы. Тұқым өсіру шаруашылығы селекциямен тығыз байланысты. Тұқым өсіру шаруашылығының негізгі міндеттері: барлық шаруашылықтарды жоғары сапалы аудандастырылған және мол өнім беретін сорттық тұқымдармен үздіксіз қамтамасыз ету; жаңа сорттар тұқымдарын жылдам көбейту және өндіріске енгізу; сорттарды өңдеу, сақтау кезінде әрбір тұқымның өнімдік және егістік сапасын төмендетпей, одан әрі жақсарту; шаруашылықтың барлық буындарында жоғары агротехникалық шараларды пайдалану; сорт алмастыру (аудандастырудан шығарылған сорттардың орнына мол өнімді жаңа сорттар қолдану); сортты тұқымдар өсіргенде сол сорттың тазалығын, биол. және түсімділік қасиетін сақтайтын шаралар қолдану; агротехника көмегімен жоғары сапалы егістікті қамтамасыз ету, тазалау, сорттау, дұрыс сақтау және тасымалдау; тұқым шаруашылығының барлық буындарында еңбек процесін жоғарылату және тұқымның өзіндік құнын төмендету. Жаңа, жоғары өнімді сорттарды көбейту және жылдам өндіріске енгізу (2 – 4 жыл аралығында) өнімділікті жоғарылатудың ең арзан және тиімді құралы. Бірақ шаруашылық жағдайында өсірілген сорттар белгілі бір уақыт өткен соң өзінің сорттық сапасын және өнімділік қасиеттерін төмендетуі мүмкін.
1.Агрономия негіздері. Қ.Әрінов,А.Нағымтаев-2007. Астана
2.Қазақстан республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық –түлік
3.Қ.К.Әрінов. Тұқымтану негіздері.-Ақмола,1995
4.Можаев Н.И., ӘріновҚ.К.,т.б. Өсімдік шаруашылығы.-Ақмола,1993.
5.А.Т.Тұрарбеков, А.В.Иванников.Солтүстік Қазақстан егіншілігі.-Алматы:Қайнар,1990.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Сапалы тұқым дайындау жолдары.

Қабылдаған:
Орындаған:
Тобы:


АЛМАТЫ

Жоспары:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Тұқым шаруашылығы.
2.2.Сұрыптау.
2.3. Сапалы тұқым - мол өнім кепілі.

III.Қорытынды

Кіріспе
Тұқым өсіру шаруашылығы - өсімдік өсірудің сортты тұқымдарды жаппай көбейтумен айналысатын саласы. Тұқым өсіру шаруашылығы селекциямен тығыз байланысты. Тұқым өсіру шаруашылығының негізгі міндеттері: барлық шаруашылықтарды жоғары сапалы аудандастырылған және мол өнім беретін сорттық тұқымдармен үздіксіз қамтамасыз ету; жаңа сорттар тұқымдарын жылдам көбейту және өндіріске енгізу; сорттарды өңдеу, сақтау кезінде әрбір тұқымның өнімдік және егістік сапасын төмендетпей, одан әрі жақсарту; шаруашылықтың барлық буындарында жоғары агротехникалық шараларды пайдалану; сорт алмастыру (аудандастырудан шығарылған сорттардың орнына мол өнімді жаңа сорттар қолдану); сортты тұқымдар өсіргенде сол сорттың тазалығын, биол. және түсімділік қасиетін сақтайтын шаралар қолдану; агротехника көмегімен жоғары сапалы егістікті қамтамасыз ету, тазалау, сорттау, дұрыс сақтау және тасымалдау; тұқым шаруашылығының барлық буындарында еңбек процесін жоғарылату және тұқымның өзіндік құнын төмендету. Жаңа, жоғары өнімді сорттарды көбейту және жылдам өндіріске енгізу (2 - 4 жыл аралығында) өнімділікті жоғарылатудың ең арзан және тиімді құралы. Бірақ шаруашылық жағдайында өсірілген сорттар белгілі бір уақыт өткен соң өзінің сорттық сапасын және өнімділік қасиеттерін төмендетуі мүмкін. Сондықтан тұқым өсіру шаруашылығы жүйесі тұқымды мерзімінде алмастыруды қажет етеді, яғни сорт жаңарту шараларын қолдану қажет. Тұқымның элиталық және суперэлиталық сорттарын ғылыми-зерттеу институттары мен ауыл шаруашылық институттарының тәжірибе және оқу-тәжірибе станцияларында өсіріп, тұқым өсіруге маманданған шаруашылықтарға береді. Содан кейін сорттық тұқымдардың жоғары дәрежелі тұқымын қалыптастыру (Қ - ҚҚҚ) үшін арнайы тұқым өсіру шаруашылығына жіберіледі. Ол жерде тұқымдық сорттарды ең құнарлы жерге егіп, өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай жасап, мол өнім алу үшін барлық агротех. шаралар қолданылады. Элита тұқымдарын өсіру тұқым өсіру шаруашылығының алғашқы буындарынан басталады, онда ұрпақ сортқа тән кешенді маңызды белгілерімен және қасиеттерімен бағаланады, жақсы ұрпақ іріктеліп алынып, ал нашары алынып тасталады, сол арқылы сорттың барлық белгілерінің сақталуы қамтамасыз етіледі. Қазақстанда тұқым өсіру шаруашылығы дербес сала ретінде Халком кеңесінің 1921 жылғы "Тұқым шаруашылығы жөніндегі" қаулысымен бекітілді. 1922 жылдан бастап көптеген аймақтық тәжірибе және селекция станциялары, аймақтық, облыс тәжірибе станциялары (Зырян, Қарабалық, Орал, Қарағанды, Алматы) құрылды. Елімізде дәнді және бұршақ дақылдары мен шөп тұқымдары жөніндегі зерттеулермен Қазақ астық шаруашылық ғылым-зерттеу инстытуты, Қазақ егіншілік ғылым-зерттеу институты, Қазақ ұлттық агр. университеті, облыс орталықтарында ауыл шаруашылық институттары, олардың бөлімшелері, облыс ауыл шаруашылық тәжірибе станциялары, ауыл шарушылық колледждері шұғылданады. Шөп тұқымдарын өсіретін 16 тұқым өсіру шаруашылығы бар. Жеміс, көкөніс тұқымдары көбіне шетелдерден әкелінеді. Тұқым өсіру шаруашылығының ғылым-әдістемелік негізі барлық елдерде бірдей. Бірақ, ұйымдастыру негіздері және тұқым шаруашылық жүйесінің құрылым элементтерінің бір-бірінен айырмашылықтары мол. Халықараралық ереже бойынша, әрбір тұқым партиясының сертификаты болуы керек және оларға арнайы этикетка тағылады.

II.Негізгі бөлім 2.1.Тұқым шаруашылығы
Тұқымтану негіздері. Ауылшаруашылық өндірісінде тұқым деп жоғары сапалы мол өнім алуға арналган өр түрлі тұқымдық жадығат (материал) айтылады, ол үшін мыналар пайдаланылады: -- нағыз тұқымдар (бұршақ, қырыққабат және зығыр тұқымдастар, мақта өсімдігі); -- жалаңаш және қабықты жемістер (қоңырбастар тұқымдасының дәндері -- бидай, арпа, сұлы, т.б.; күнбағыс шекілдеуігі, қарақұмық жаңғақшасы, т.б.); -- жеміс шоғыры (қызылша домалағы, т.б.); -- түйнектер (картоп, жер алмұрты).
Тұқымдар өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық құнды қасиеттерін иеленушілер, соның нәтижесінде олардың сапасы алынатын өнім мен оның сапа көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі тұқымнан басталатыны ежелден белгілі: егер танапқа сапасыз тұқым себілсе, алынатын өнім төмендеп кетеді. Мұндай жағдайда топырақ өңдеу де, тыңайтқышты қолдану да, егістікке жасалған күтім де, жауын-шашын да құр босқа зая кетеді. Көпжылдың тәжірибесіне сүйеніп, тұқымның керемет маңызына арнап, халық көптеген аталы сөздер мен дәл мағыналы мақал-мәтелдер құрастырған: Не ексең, соны орасың, Нашар тұқымнан мол өнім күтпе, т.б. Біздің заманымызда да, ауыл шаруашылығы күрделі өзгерістерге ұшыраған уақытта да, егіншілік техника және ғылым жаңалықтарымен қаруланғанда да бұл шаруалардың шындығы өзінің маңызын жойған емес. Керісінше, өсімдік шаруашылығының қарқынды дамыған заманында тұқымның маңызы әрқашан да арта түседі.
Тұқым өзінің үш сапасымен ерекшеленеді: себу сапасы -- олардың себуге жарамдылық дәрежесін анықтайтын тұтас тұқымдық қасиеттері; сорттың сапасы сорттық тазалығына, репродукциясына қойылатын талаптарға сөйкес келеді; өнімділік сапасы -- нақты жағдайларда белгілі бір мөлшерде өнім беру қабілеті. Бұл аталған тұқым сапасының көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты.
Тұқымтану -- тұқым туралы ілім. Ол мәдени өсімдіктер тұқымдарын, олардың құрылысы мен аналық өсімдікте пайда болу жағдайларын, тұқымдағы физиологиялық үрдістерді, тйбиғи орта мен агротехникалық шаралардың тұқым құрылуына әсерін, тұқымның себу сапасын анықтау әдістерін оқытады.
Тұқымтанудың өзіндік зерттеу объектісі бар, ол -- тұқымдық материал; арнайы мақсаты тұқымдық материалдық сапасын жақсарту және зерттеу әдісі бар, ол -- тұқымдық материалды бағалау әдісі. Сонымен тұқымтану тұқым сапасы мен қасиеттерін бағалаудың, жоғары сапалы тұқымдық материалды өсіру жағдайлары мен зерттеу әдістерінің ғылыми негізі болып табылады, қысқасы ол өсімдік шаруашылығының құрамды бөлігі мен теориялық негізін құрайды. Ол ботаникамен, өсімдіктердің биохимиясы мен физиологиясы және басқа көршілес агрономиялық пәндермен тығыз байланысты. Көпжылдық тәжірибе көрсеткендей, жоғары сапалы тұқым -- басқа агротехникалық шаралармен қатар, ауыл шаруашылығы, оның ішінде өсімдік шаруашылығын қарқындандырудың негізгі факторларының бірі. Сонымен қатар дақылдар өсірудің аймақтық қарқынды тех:нологиясы да тұқым сапасына маңызды орын береді, өйткені ауылшаруашылық дақылдарының аудандастырылған жақсы сорттарының жоғары кондициялы тұқымынсыз агротехникалық кешеннің барлық басқа буындарының тиімділігі кұрт төмендеп кетеді. Сонымен тұқым немесе тұқымдық жадығат (материал) -- танаптарға сеуіп, жаңа өнім алуға арналған өсімдік мүшесі.
Тұқымның себу сапасы. Ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін танаптарды жоғары сапалы тұқымдармен сепкен абзал. Өкінішке орай, Қазақстанда соңғы жылдары бұл мәселеге көңіл аз бөлінді, соның нәтижесінде егістіктерде кондицияға жеткізілмеген тұқымның үлесі көбейіп кетті. Атап айтқанда, Қазақстан бойынша 1991 жылы дөнді дақылдар егістігінің 74,0% I және II класты тұқымдармен себілген болса, 2001 жылыол көрсеткіш 37,0% ғанаболды. Бұл деген сөз күні бұрын астық өнімі мен сапасын төмендетіп, оның бәсекелестік қабілетін азайту болып табылады.
Шаруашылықтар мен агрономия мамандары бірінші кезекте тұқым сапасының көрсеткіштерін, олардың егін өніміне әсерін жақсы білуге міндетті. Тұқымның себу сапасының көрсеткіштері мемлекеттік үлгі қалыппен (МҰҚ) мөлшерленетін (тұқымның тазалығы, лабораториялық өнгіштігі, тұқымның ылғалдылығы, арамшөптер және басқамәдени өсімдіктер тұқымдарымен ластануы, т.б.) және мөлшерленбейтін (тұқымның өну энергиясы, 1000 тұқымның массасы, тіршілікке қабілеттілігі, тұқымның өсу күші, т.б.) болып ажыратылады.
Тұқымның тазалығы -- егістік жадығаттың (материалдың) негізгі сапа көрсеткіштерінің бірі. Өлі деп аталатын (сабан, топырақ кесектері, тас, т.б.) қоспалар тұқымдық жадығатта ең әуелі артық балласт болып табылады, әрі қарастырылып отырған тұқымның тазалық көрсеткішін (пайызын) төмендетеді, өрі сақтау мүмкіндігін нашарлатады, ал тірі қоспалар (тіршілікке қабілетті арамшөп және басқа мәдени өсімдіктердің тұқымдары) өсірілетін дақыл егістігін ластайды және осыған байланысты өнім мен оның сапасы төмендейді.
Егістік жадығаттың (тұқымның) тазалығы деп ондағы негізгі дақылдың пайызбен () көрсетілген массасын айтады. Көптеген дақылдардың, шөптерден басқа, тазалығын анықтағанда 1 кг талданған үлгіге есептегендегі басқа мәдени өсімдіктер мен арамшөптер тұқымдарының саны да (дана) есепке.алынады. Тұқымдық жадығатты тазалаудағы мақсат -- мүмкіндігінше барлық қоспаларды аластату. Қазіргі қолданыстағы тұқым тазалағыш машиналар да мұны толық іске асыра алмайды. Сондықтан тұқымның себу сапасын мемлекеттік үлгі қалыптаумен (МҰҚ) аздаған мөлшерде қоспа рұқсат етіледі.
2.2.Сұрыптау. Сұрыптау (Селекция; selection; Сортировка; sorting)
* баламалар арасынан таңдау;
* шақырулардың сұрыптаулық тізбесіне қосылған терминалды немесе оның құрауышын адрестеу; белгілі бір ережеге сәйкес жиын элементтерін топ бойынша үлестіру. Сұрыптаудың бір түрі мәліметгерді сұрыптау нышанының мәндерінің өсуі немесе кемуі бойынша ретке келтіру[1].
Сұрыптау терминінің біріне-бірі жақын екі мәні бар:
Адамға сапасы және қасиеттері үшін пайдалы жануарлар қолтұқымының, өсімдіктер іріктемесінің, ұсақ ағзалар себінділерінің жаңа туындыларын шығару үдерістері сұрыптау деп түсіндіріледі. Осы тұрғыдан алғанда сұрыптау бұрынғы тарихка дейінгі дәуірде басталған үдеріс болып есептеледі. Алғашқы адамдар ең алғаш жабайы жануарларды қолға үйретіп, тұңғыш рет өсімдіктерді еге бастаған сәттен бастап сұрыптау жүзеге аса бастады.
Сұрыптау дегеніміз - жануарлар қолтұқымын, өсімдіктер іріктемесін және ұсақ ағзалардың таза дақылдарының жаңа туындыларын шығарудың теориялық негіздері және әдістерін жетілдірумен шұғылданатын ғылым. Осы тұрғыдан алғанда сұрыптау XIX ғасырдың ортасынан бері өмір сүре бастады, өйткені сұрыптаудың теориялық негізі генетика жәнеэволюциялық теория болып табылады.
Әлемдегі әр түрлі елдерде көптеген ұрпак сұрыптаушылардың еңбегінің арқасында адамзат үлкен табыстарға қол жеткізді. Бұл өсімдіктердің өнімділігі өзінің жабайы ата тектерінен және болып өткен сұрыптау жұмысының нәтижесінен ондаған және жүздеген есе асып түсті.
Үндістан аумағына астық тұқымдастардың (күріш, бидай) осындай іріктемелерін пайдалану арқасында ашаршылық проблемасын шешуге мүмкіндік болды. Адамзаттың едәуір бөлігінің (30%-ға жуық) күні бүгінге дейін аузы асқа жарымайтынын, яғни қоректенудің ағза физиологиялық талабына сәйкес келмейтінін естен шығаруға болмайды. Осыған байланысты селекционерлердің бірінші кезектегі міндеті - қоршаған ортаға зиян келтірмей, қосымша шығынсыз аштық проблемасын шеше алатындай жоғары өнімді өсімдік іріктемелері мен жануарлар 􀀃қлтұқымын шығару.
Адамзат онсыз да агроценоздың (ауыл шаруашылық жер) және техногендік ландшафтың (қала, жол, шахта, кәсіптік нысандар) орасан үлкен аумағын жайлап алды. Табиғи ресурстарды игеру осы қарқынмен жүзеге асырыла берсе, адамзат экологиялық тепе-теңдікті түбегейлі бұзылып, табиғи ресурстар азып-тозады.
Жоғары өнімді ұсақ ағзалар себінділерін шығару фармакологияда пайдаланылады. Мәселен, сусамырды емдеу кезінде пайдаланылатын инсулиннің барлығы осылай өндіріледі. Пенициллиндік қатардың антибиотиктері - зең саңырауқұлақтар себенді әрекетінің нәтижесі.
Адамзат алдында гендік инженерия мүлде қиял-ғажайыпты болашаққа жол ашты. Қолдан сұрыптау - сұрыптаудың негізгі әдісі. Сұрыптаудың негізгі әдісі қолдан сұрыптау болды және бола береді. Адам әрқашан сапасы және қасиеттері жақсы жануарлар мен өсімдіктерді өсіруге қалдыруды ұнатты. Сұрыптау әдісіне іріктеу, будандастыру,мутагенез жатады. Алайда бұл үдеріс ұзақ уақыт ойланбай, ешқандай әдіс қолданбай жүргізіліп келді. Рас, адамдар арғы көне дәуірде тірі ағзалардың өте жақсыларын іріктеп алып, олардың арасында бұдан жүргізуге талпыныс жасады. Мұндай айла-амал қалаған нәтижеге жеткізе бермеді. Өсімдіктерді сұрыптауда жалпылама сұрыптау басым болды. Анығырак айтқанда, жақсы тұқымдардың барлығы егістік далаға бірге егілді де, олардың ұрпақтарынан ең жақсылары қайтадан іріктеп алынды. Алайда ата-ене жұбының әрқайсысынан алынған ұрпақтардың әрқайсысы бақыланбады. Көбінесе теріс іріктеу пайдаланылды. Мысалы, әлсіз, онша сапалы емес тұяқты жануарларды етке жұмсап, астық тұқымдастардың ең ұсақ тұқымдарынан ұн тартты. Алайда бұл әдістің тиімділігі болмады.
Алға жылжудағы ең үлкен қадам сұрыптау әдісіне тұқымдық аталық іріктеу әдісі қосылғанда жасалды. Ұрпақ бойынша ата-енелердің тұқымдық сапасына талдау жасау әдісін XIX ғасырдағы француз селекционерлерінің Вильморен әулеті зерттеп тексерді.
Вильморен әулеті - тұқым қуалаған селекционерлер. Сұрыптау негізін калаған - Филипп Виктуар (1746-1804), оның немересі - Луи (1816-1860), шөбересі - Анри (1843-1899). Вильморен - Арние фирмасы Францияда мәдени өсімдіктердің 450-ден астам іріктемелерін өсіруге жол ашты.
Бұл әдіс жеке шағылыстыруға және пайдалы сапалардың ұрпақтарға берілуін бакылауға негізделген. Қолдан іріктеудің бұл түрі дара сұрыптау деп аталады. Сөйтіп, қандай болса да өсімдіктер немесе жануарлар данасының қаншалықты құнды екенін анықтауға мүмкіндік туды. Дарақ тек пайдалы сапасымен ғана емес, сондай-ақ сапа-ны ұрпағына беретін осы сапаны тасып жеткізуші ретінде де (бұл маңыздырақ) бағаланады. Көбінесе ең жақсы (элитті) ата-енелер төмен сапалы ұрпақ береді ғой. Бұған келесі ұрпақтарында пайда болатын зиянды басылыңкы гендер емес, өзге де себептері болуы мүмкін. Ұрпақ бойынша тұқымндық ата-енелерді іріктеу әдісі енгеннен соң қалай болғанда да қолдан сұрыптау үдерісінің барлығы мақсатқа бағытталған, әдістік сипатта жүргізіледі және әлдеқайда нәтижелі бола бастады. Сөйтіп жалпылама сұрыптау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы бойынша жайылым мен шабындық жерлердің жағдайы,көлемі,өнімділігі.
Себу тәсілі
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Сапа менеджменті
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Күріш тұқымдарының сорттарынның сапасын анықтау
ОРМАН ЕКПЕЛЕРІ
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АУЫЛШАРУАШЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Өнім сапасын басқаруды ұйымдастыру
Қарбыз және қауын тұқымдарын егістікке себуге дайындау жұмыстарының өнімділікке әсері
Пәндер