Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жеміс бағын отырғызу жобасын құру


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі

Кафедра

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жеміс бағын отырғызу жобасын құру.

Қабылдаған:

Орындаған:Мирамбекқызы Айжан

Тобы:

АЛМАТЫ

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2. 1 Жеміс бағында өсірілетін жеміс-жидектер және олардың сорттары.

2. 2 Солтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы, табиғаты, геологиясы.

2. 3 Жеміс бағын отырғызу жобасын құру

  1. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларының бірі - бақша шаруашылығы, дүниежүзі елдерінің барлығына дерлік тән. Жылдық өнімділігі 600 млн т, оның 70%-дан астамын Азия шаруалары өсіреді. Жоғары маманданған бақша шаруашылықтары ірі қала маңдарында шоғырланған. Ал жеміс-жидек шаруашылығы табиғат жағдайлары колайлы және көлік түрлерімен жақсы қамтамасыз етілген жоғары маманданған арнаулы аудандар құрайды. Бақша сияқты бұл да көп еңбекті қажет етеді.

Жеміс-жидек шаруашылығы - жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т. б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т. б. ), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы - өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б. з. б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б. з. б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б. з. б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т. б. маңызы зор.

Жеміс салу мерзімділігі - жеміс ағаштарында генерациялық кезеңдік болуына байланысты өнімді, аз өнімді және өнімсіз жылдардың алмасып келуі. Өсімдіктердің жеміс салуының алғы шарты - генерациялық бүршіктердің дифференциясы мен олардың орналасуы болып табылады. Шекілдеуікті дақылдарда айқын мерзімділіктің болу себебі өсу мерзімдерінің, жемістердіңдамуының және генерациялық бүршіктерінің дифференциясының біркелкілігі болып табылады. Жеміс ағаштары жеміс салу мерзімділігіне ауысқанда бүршіктер мен гүлдер температураның төмендігінен, түрлі аурулар мен зиянкестердің зақым келтіруінен, өсімдіктің шамадан тыс өнім беру әсерінен әлсіреп, жаппай қурай бастайды. Сонымен қатар жеміс салу мерзімділігінің ретсіз болуына ағаштардың генетик. қасиеті, мыс., гүлдер мен түйіндердің шамадан тыс шоғырланып орналасуы да әсер етеді. Жеміс салу мерзімділігіне бейімділік алма ағашында көбірек, алмұртта азырақ, ал сүйекті дақылдарда тіпті аз байқалады. Алманың барлық сорттарында өнім жоғары жылдары генерациялық бүршіктер аз болады. Ағаштардың жеміс беруі өте жоғары болған жылдары өнімді жинауда, тасымалдауда, сақтауда және өңдеуде қиындықтар туады. Сондықтан гүлдер мен түйіндерді химиялық, т. б. тәсілдермен сиретіп, өсімдіктің ылғалдылық және қоректік режимін жақсартатын әдістерді қолдану қажет. Сонда жеміс ағаштарының жыл сайын бірқалыпты жеміс салуына жағдай туады. Ал ағаштың жасы ұлғайған сайын бұтақтарын кесіп отыру қажет. Бұл өсуді қалпына келтіреді және генерациялық бүршіктердің шамадан тыс орналасуын азайтады. Бақты дұрыс орналастыру да өте маңызды. Әрбір аумақта ағаш саны жеткілікті жағдайда шекілдеуікті жемістерден жыл сайын тұрақты өнім алуға болады

Жеміс-жидек өсіру - жеміс ағаштарының морфологиялық құрылысы, өсуі, дамуы, өнуі, жемістенуі және агротехникасы туралы ғылым. Жеміс-жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дами бастады. Аймақтық тәжірибе станциясы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының қарамағына берілді. 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының гендік қорын құру мәселелері зерттелді (А. Н. Кацейко, М. П. Левина, А. Д. Виновец, Н. Ю. Нұртазина, М. Т. Нұртазин, т. б. ) . Орта Азиядағы ең ірі жеміс және жидек дақылдарының 3000-нан астам сортының коллекциясы жасалды. Жеміс дақылдарын көбейтудің әдісі мен технологиясы (К. Г. Карычев, И. П. Савеко), таулы және жазық жерлердегі бақтарда жеміс өсірудің қарқынды технологиясы (А. Жанғалиев, И. С. Голованов, Ю. Л. Кудасов, Е. Г. Раузин, А. С. Куцуков), ағаш өсімдіктерін түзуші тіндері арқылы өсіру (С. Г. Долгих, Н. П. Клоконос), жидек дақылдарын өсіру технологиясы (С. Н. Олейченко) жасалды. Топырақ құнарлығын сақтау және бақ агроценозын құру (Г. П. Адрианова, Е. М. Коваленко), өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау (М. М. Исин, Г. Н. Қайырова), егістіктерді суару (В. Х. Арст, А. И. Бондарцев), ауқымды процестерді механикаландыру (Ж. Мағажанов) мәселелері зерттелді. Құрамы реттелетін ауада жемістерді ұзақ сақтау (В. П. Гудковский, Т. Л. Урюпина) және жеміс шикізаттарын өңдеу (Д. Ізбасаров) технологиялары жасалып, өндіріске енгізілді.

Бақшада күнделікті пайдаланылатын көкөністер өсіріледі. Бұларды бақша дақылдары дейді. Бақша дақылдары өсірілетін жер бақшалық деп те аталады. Негізінен сулы жерлерде, өзен бойларында өрістейтін бақша өсіру кәсібімен отырықшы қазақтар ертеден айналысқан. XIX ғасырда қазақ даласы туралы жазған Л. Мейердің еңбегінде 1847 жылы Сыр қазақтарының бау-бақша өсіргендігі, әсіресе терек, тұт ағаштарынан басқа өрік, алқоры, жүзім тәрізді ағаштардың жақсы өсірілгендігі туралы айтылады.

Негізгі бөлім

2. 1. Жеміс бағында өсірілетін жеміс-жидектер және олардың сорттары.

Қазақстанның жекелеген табиғи-климаттық облыстары және аймақтары бойынша жеміс-жидек өсімдіктерінің тұқымдары мен сорттарының проценттік қатынастары

Обл
Бүлдірген
Тұшала
Обл: Солт. Қазақ стан
Бүлдірген: 3
Тұшала: 3

Бүлдірген (Fragarіa) - раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, жидекті дақыл. 2 түрі: орман Бүлдіргені (F. verca), жасыл Бүлдірген (F. vіrіdіs) бар. Олар көбінесе таулы аудандарда, ормандардың ашық беткейлерінде және өзендердің бойында өседі. Бүлдіргеннің биіктігі 5 - 25 см, бұтақталған сабағы ұзарған жер асты өркенін құрайды. Тілімденген ұзын сағақты жапырағы үш-үштен топтасады. Гүлі ақ немесе сары, қос жынысты, гүлшоғыры - көпгүлді қалқанша. Жемісі - жидек (қызыл, қызғылт шырынды) . Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жер үсті бөлігі ұзын сағақты жапырақшалардан, гүл сағақтарынан және мұртшалардан тұрады. Қысқа мүйізшелері гүл бүршігімен аяқталады, келесі жылы олардан гүл сағағы өсіп шығады. Бұтағы арқылы көбейеді. Бүлдіргендер бал-шырынды және дәрілік өсімдіктер. Жемісі дәмді, хош иісті, құрамында А, В1, В2, … В9, РР, К витаминдері, органик. қышқылдар, фосфор, темір, кальций және т. б. пайдалы заттар болады.

Бүлдіргеннің зиянкестері: қой бүлдірген ұзынтұмсығы, бүлдірген жұмыр құрттары, бүлдірген кенесі. Аурулары: ақұнтақ(қалталы саңырауқұлақтардан туындайтын өсімдік ауруы), шірік, т. б. Жемісін жинап алғаннан кейін мұртшаларын қиып, мезгілімен суарып, түбін қопсытып, тыңайтқыштармен қоректендіреді. Қазақстанның суғармалы жерлерінде өсетін бірнеше сорттары бар. Олар: «Мәншүк», «Комсомолка», «Фестивальдық», «Талисман», «Зинга-Занга», «Талғарлық», т. б. [1] Бүлдірген - раушан гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, жидекті дақыл.

Бүлдіргеннің Қазақстанда 2 түрі: орман бүлдіргені, жасыл бүлдірген бар. Олар, көбінесе, таулы аудандарда, ормандардың ашық 225 алаптарында және өзендердің бойында өседі. Бүлдіргеннің биіктігі 5-25 см, бұтақталған сабағы ұзарған жер асты өркенін құрайды. Тілімденген ұзын сағақты жапырағы үш-үштен топтасады. Гүлі ақ немесе сары, кос жынысты, гүлшоғыры - көп гүлді қалқанша. Мамырда гүлдеп, маусымда қызыл, қызғылт шырынды жеміс береді. Бұтағы арқыны көбейеді. Бүлдіргендер балшырынды және дәрілік өсімдіктер. Жемісі дөмді, хош иісті, құрамында А, Вр В2, . . . В9, РР, К витаминдері, органик, қышқылдар, фосфор, темір, кальций және т. б. пайдалы заттар болады. Жемісін жинап алғаннан кейін мұртшаларын қиып, мезгілімен суарып, түбін қопсытып, тыңайтқыштармен қоректендіреді.

Солтүстік Қазақстанда өсетін бүлдірген сорттары:

C:\Users\Администратор\Downloads\рубиновая.jpg

Рубиновая

C:\Users\Администратор\Downloads\фестивальная.jpg

Фестивальная

V. Тұшала (Grossularіa) - тасжарғандар тұқымдасына жататын көп жылдық бұтатектес өсімдік, жемісті дақыл. 50-ден аса түрі бар, Солтүстік Америкада 45 түрі кездеседі. Қазақстанда Тұшаланы қарлыған деп те атайды (1 түрі - тікенді қарлыған) . Оның жабайы - алтайлық түрі Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында кеңінен таралған. Биіктігі 0, 5 - 2 м-дей. Қолайлы жағдайда 15 - 20 жылға дейін тіршілік ете алады. Тұшала өркендерінде қалыңдығы, пішіні және түсі әр түрлі, ұзындығы 4 - 18 мм болатын тікендері болады. Вегетац. кезеңі гүлдегенге дейін 20 - 25, ал гүлдеу кезеңінің ұзақтылығы 10 - 18 күнге созылады. Бүкіл вегетац. кезеңінде топырақты қопсытып, арамшөптерін жұлып отырады. Тұшала қара және қызыл қарақатқа қарағанда құрғақшылыққа төзімді, бірақ қатты суыққа (-35С аязға) төзімсіз. Вегетативті тәсілмен (көлденең және доға тәрізді сұлатпа сабақтары, жасыл және сүректелген қалемшелері арқылы) және ұрық арқылы көбейеді. Тұшаланы отырғызар алдында ық жер, ылғалы мол, құнарлы топырақ таңдап алынады. Отырғызардан бір жыл бұрын жерді 35 - 40 см тереңдікте жыртып, органикикалық және минералды тыңайтқыштар енгізеді. Бір жылдық көшеттерді отырғызу қолмен немесе мех. тәсілмен жүргізіледі. Отырғызғаннан кейін 2 - 3-жылы жеміс бере бастайды, толық жеміс салуы 6 - 7-жылдан басталады. Әр бұта 25 - 30 кг-ға дейін өнім береді. Жемісі - жидек, кейбір сорттары жемісінің салм. 60 г-ға дейін жетеді, шар немесе кең эллипс тәрізді. Жасыл, сары немесе қарақошқыл түсті. Жаңадан піскен жидектерінде қант (8 - 11%), органик. қышқылдар (1, 2 - 1, 7%), пектиндік заттар (0, 88%), С витамині (30 - 60 мг%), А витамині (0, 1 мг%), В витамині (0, 04 мг%), темір тұздары, каротин, фосфор бар. Оларды жас және өңделген (тосап, шырын, шарап) күйінде пайдалануға болады. Қазақстанда тұшаланың Смена, Мысовский 17, Мысовский 37, Хаутон, т. б. сорттары өсіріледі.

Солтүстік Қазақстанда өсірілетін тұшала сорттары:

C:\Users\Администратор\Downloads\смена.jpg

Смена

C:\Users\Администратор\Downloads\хаутон.jpg

Хаутон

C:\Users\Администратор\Downloads\челябинский зеленый.jpg

Челябинский зеленый

2. 2. Солтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы, табиғаты, геологиясы.

Солтүстік Қазақстан облысы - Қазақстанның солтүстігінде орналасып, (Сары-Арқа) Қазақтың ұсақ үстүртінің бір бөлігін және Батыс Сібір ойпатының қиыр оңтүстігін алып жатыр.
Облыстың аумағы 98, 04 мың шаршы км. Теңеліп, республика аумағының 3, 6 пайызын құрайды. Облыс аумағының көп жері Батыс Сібір ойпатының қиыр оңтүстігінде орналасып, жер деңгейінің биіктігі 200м. аспайды және Тобол мен Ертіс өзендерінің ара алқабының көп кеңістігін Альп, ескі өзен неоген платосына қарайды.

Солтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы салыстырмалы түрде қолайлы, республиканың шеткі және Ресеймен шекаралас ауданы. Біріншіден, Ресейдің Орал жәнө Батыс Сібір экономикалық аудандарымен шектеседі. Екіншіден - аумағы аркылы ірі темір жол магистралі өтеді.

Солтүстік ауданның табиғат жағдайы да қолайлы. Жер бедері, негізінен жазық болып келеді.

Облыс аймағы толығымен құнарлы қара топырақ аймағында орналасқан.

Кей жерінде сортаң, тақыршық, шабындық толпырақ пен сортаңдар кездеседі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басым кездесетін топырақ түрлері - қарапайым және оңтүстік қара топырақ және облыстың оңтүстігінде қара-талшынды және талшынды қара топырақ. Бонитеттің орта шамамен алынған ұпайы 33.

Негізгі су артериясы -Есіл өзеңі, облыс аймағы бойынша ұзындығы 720 км. Көлдердің жалпы саны, 4 600 ш. м. жуық жалпы сомаланған ауданды қоса алғанда 3000 құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысы орманды дала және дала аймағының шеңберінде орналасқан. Орманды дала оңтүстік орманды дала мен бытыраңқы орманды далаға бөлінеді. Оңтүстік орманды дала облыстың солтүстік жағында орналасқан және сілтіден айырылған қара топырақ пен шабындық қара топырақты жердегі әртүрлі шөпті - астық тұқымдас шабындық далалары бар сортаңдардағы және сұр орманды топырақтағы қайыңды және көктерек-қайыңды ормандардың үйлесуімен көрсетілген, қияқ шалғын батпақтары кейде тал тоғайларымен кездеседі. Бытыраңқы орманды дала Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігін алады. Көктерек-қайың ұсақ ормандары сортаңдардағы сиректелген орман алқаптарын құрайды. Қарапайы қара топырақтарда әртүрлі-селеулі далалар, әсіресе жыртылғандары, басым кездеседі. Аймақтың 8 % жуығын орманмен жабылған аумақтар құрайды, ормандары көбінесе қайыңды.

Солтүстік Қазақстанның ең үлкен материк тереңдігіндегі орны оның климатының күрт континентальдылығымен сипатталады, оның тәндік белгілері қатты желдер мен дауылды ұзақ қыс, бірақ ыстық жаз.

Ең суық қаңтар айының көпжылдық орташа температурасы - 18. 5 о С жуық солтүстігінде, - 17. 6 о С жуық оңтүстігінде, ал ең суық күндері - 45 о С жетеді. Шілдеде температура орташа +19 о С дейін солтүстігінде және +19. 5 о С оңтүстігінде, ал ең ыстық күндері +41 о С дейін жетеді. Күн көзінің жарқырауы 2000 бастап 2150 сағатқа дейін жетеді. Радиациалық баланс 25-30 ккал/см2 дейін жылына, қарашадан бастап наурыз айына дейін - қарама-қайшы. Солтүстік Қазақстан үшін күн-райының тұрақсыздығын шақыратын ауа массаларының жиі алмасуы тән, қысқы уақытта континентальді арктикалық ауаның кірігуі температураның күрт төмендеуіне себепті, ал ауыспалы кезеңде көктемгі-күзгі қатқақтар байқалады. Атмосфераның циркуляциясы температураның және жауын-шашынның жылдан жылға күрт өзгеру себебі болып табылады.

2. 3. Жеміс бағын отырғызу жобасын құру

ЖЕМIС БАҒЫН ҚҰРУ. Жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру

Бақ алқабын құру. Бақ алқабын құруды дұрыс ұйымдастыру маңызды роль атқарады. Өйткені, бұл шараларды дұрыс жүргізудің арқасында механикалық құралдарды, эрозияға қарсы шараларды тиімді қолдануға болады. Бақ алқабын құруды ұйымдастыру олардың жобасын жасаудан (техникалық жоба) басталады. Онда кварталдарды, бақ қорғайтын жолақтарды, жол жүйелерін, шаруашылық құрлыстарын, суару жүйелерін, тұқымдастардың жəне жергілігті жер жағдайларына қоятын талаптары ескеріліп қамтылады.

Бақ отырғызу жобасын құру тек жеміс өсімдіктерді отрығызылған бақтың пайдалы көлемін анықтаудан басталады (4- кесте. ) . Жалпы баққа арналған алқапты аудан 100 процентке теңестіріліп алынады. Бақтардың жалпы көлемі 100 га асапаса, шаруашылық құрлыстарына, бақ қорғайтын жолақтарға, жолдарға олардың 15- %-ті бөлінеді, бақтың көлемі 100 га асса, онда 12 % бөлінеді. Шаруашылық құрлыстары (қоймалар, жаппа қалқалар, жеміс сақтайтны қоймалар, ауыл шаруашылық машиналарын, улы химикаттарды жəне минералды тыңайтқыштарды сақтайтын орындар, бақта істейтін жұмысшылардың демалыс жайлары) жолға жақын кварталдардың біреуіне орналастырылады. Алқаптың пайдалы көлемі мына формула бойынша есептелінеді: П =Ж -А;

Мұнда П - пайдалы көлемі, га

Ж - жалпы көлемі, га

А - бақты қорғайтын жолақтарға салынған жолдарға, шаруашылық құрлыстарына бөлінген алқап көлемі, га Есептеу нəтижесін 4- кестеге толтырады.

1-кесте. Бақтың пайдалану ауданы

Көрсеткіштер
%
Гектар
Көрсеткіштер: Баққа арналған алқаптың жалпы ауданы
%: 100
Гектар: 48
Көрсеткіштер: Бақты қорғайтын жолақтар, жолдар, шаруашылықтың құрылыстары
%: 12-15
Гектар: 6
Көрсеткіштер: Бақты пайдалану ауданы
%: 88-85
Гектар: 42
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеміс жидек дақылдарының сорттарына сипаттама
Бақ шаруашылығының қазіргі даму жағдайы. Алматы облысы, Шелек ауданының климаттық жағдайына, топырағына, өсірілетін жеміс – жидектерге сипаттама
Жеміс - жидек дақылдар сорттарына сипаттама
Жеміс тұқымдарының ауданы
Алматы облысы Ұйғыр ауданына отырғызуға рұқсат етілген жеміс дақылдарының сорттарына сипаттама
Алматы облысы Төменгі таулы жемісті аймағында 117 гектар жерге жеміс бағын орналастыру
Қазақстандағы жеміс шаруашылығы туралы
Бақты қорғайтын, шаруашылық құрылыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы Cарыағаш ауданы жағдайында 36 га жеміс бағын отырғызу, 5% себінді бұламада
Алматы облысының табиғи-климаттық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz