Тұқым сапасына сыртқы жағдайлардың әсер етуі, тұқым жарақаттануы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тұқым сапасына экологиялық жағдайлардың әсері
2. Тұқым сапасына агротехникалық жағдайлардың әсері
3. Тұқымның жарақаттануы (зақымдануы) және оны азайтудың шаралары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Тұқымтану – тұқым туралы ілім. Алайда, ботаника мен өсімдік шаруашылығындағы «тұқым» түсінігі (термині) бір мағына бермейді.
Ботаникалық ұғымда тұқым – қосарлана ұрықтанудың нәтижесінде дамыған дән болып табылады. Ол ұрықтан, қоректік заттар қорынан және қабықтан тұрады.
Өсімдік шаруашылығында тұқым деп жоғары өнім алуға арналған әртүрлі тұқымдық жадығатты (материалды) атайды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі тұқымнан бастау алатыны ертеден белгілі ақиқат. Танапты сапасыз тұқыммен сепкенде жағдайды ешнәрсе түзей алмайды: топырақ өңдеу де, тыңайтқыш та, егістікті күтіп-баптау да, жауын-шашын да. Қасиеттінің қасиеттісі – тұқымдық қамбаға қол созғаннан гөрі аш отырғанды қалаған тікелей немесе жанама бабаларының амалдарынан көпшілік жүздеген мысалды келтіре алады.
1. Можаев Н.И., Әрінов Қ.К., Нұрғалиев А.Н., Можаев А.Н. Өсімдік шаруашылығы (оқулық), Ақмола, 1993, 358 бет.
2. Әрінов Қ.К., Можаев Н.И., Шестакова Н.А., Ысқақов М.Ә., Серікпаев Н.А. Өсімдік шаруашылығы практикумы (оқу құралы) Астана, 2004, 280 бет.
3. Аринов К.К., Шестакова Н.А. Агрономические основы семеноведения и семенного контроля на севере Казахстана. Астана, 2006, 107 с.
4. НургалиевА.Н., Сорокина Т.А., Аринов К.К., Искаков М.А. Вопросы семеноведения зерновых культур в Северном Казахстане (Учебное пособие). Целиноград, 1984, 78 с.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті


Кафедра____________________________ ______

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Тұқым сапасына сыртқы жағдайлардың әсер етуі, тұқым жарақаттануы.

Қабылдаған:
Орындаған:Мирамбекқызы Айжан
Тобы:

АЛМАТЫ

Жоспары:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тұқым сапасына экологиялық жағдайлардың әсері
2. Тұқым сапасына агротехникалық жағдайлардың әсері
3. Тұқымның жарақаттануы (зақымдануы) және оны азайтудың шаралары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Тұқымтану - тұқым туралы ілім. Алайда, ботаника мен өсімдік шаруашылығындағы тұқым түсінігі (термині) бір мағына бермейді.
Ботаникалық ұғымда тұқым - қосарлана ұрықтанудың нәтижесінде дамыған дән болып табылады. Ол ұрықтан, қоректік заттар қорынан және қабықтан тұрады.
Өсімдік шаруашылығында тұқым деп жоғары өнім алуға арналған әртүрлі тұқымдық жадығатты (материалды) атайды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі тұқымнан бастау алатыны ертеден белгілі ақиқат. Танапты сапасыз тұқыммен сепкенде жағдайды ешнәрсе түзей алмайды: топырақ өңдеу де, тыңайтқыш та, егістікті күтіп-баптау да, жауын-шашын да. Қасиеттінің қасиеттісі - тұқымдық қамбаға қол созғаннан гөрі аш отырғанды қалаған тікелей немесе жанама бабаларының амалдарынан көпшілік жүздеген мысалды келтіре алады.

1. Тұқым сапасына экологиялық жағдайлардың әсері

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі негізгі мақсаттардың бірі - жоғары сапалы тұқымдық жадығат өсіру, ал ол жоғары өнімділіктегі өсімдіктерден алынады.
Ауыл шаруашылығы дақылдары үлкен полиморфизммен ерекшеленеді, оларға кең экологиялық бейімділік тән және қоршаған орта жағдайларының әсерінен айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды: әртүрлі деңгейде топырақ-климат жағдайларын және жағырапиялық өсіру орындарына байланысты.
Италияныңбелгілі экологы Дж. Аццидің деректері бойынша тұқымның қалыптасу кезеңіндегі төменгі температура мен мол жауын-шашын оның сапасына теріс әсер еткен. Ылғалды ауа-райы кезеңінде қалыптасқан тұқымнан өнім құрғақ ауа-райына қарағанда 8% кем болған. Жоғары ылғалдылық тұқымда глюкозаның көп, ал сахарозаның аз мөлшерде жинақталуына әкеліп соғады, соның нәтижесінде өскіннің пайда болу жылдамдығы бәсеңдейді, кейіннен өсімдіктердің өсіп-даму қарқыны, болашақ өнімнің қалыптасу үрдісі төмендейді.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің өсімдік шаруашылығы кафедрасының (Н.А. Шестакова және т.б., 2006) зерттеулерінде тіпті бір облыс деңгейінде әртүлі сапада жаздық бидай тұқымы қалыптасты. Солтүстік Қазақстанның қара топырақты өңірінде - ылғал мол түсетін, белсенді температура жиынтығы төмен, бозқырау ерте түсетін аудандарында өну қуаты, өнгіштігі төмен тұқым қалыптасады және астық өнімі азаяды: Ақмола облысының қара қоңыр топырақтарында өсірілген жаздық бидай тұқымы 10,4-11,1 гац өнім бергенде, жоғарыдағы жағдайда өсірілген тұқым одан 0,6-0,9 гац төмен өнім қалыптастырды.
Тұқымның егістік сапасы әсіресе аурулармен залалданғанда, жапырылған егінде, дәннің ағуы байқалғанда төмен болады.
Тұқымның толысуы аяқталарда экологиялық жағдайлар оңтайлы қалыптасса (айтарлықтай жоғары температура, жеткілікті ылғал мөлшері, жарық күндер ж.б.), онда тұқымдық жадығаттың өну қуаты, өсу күші, сақталуы және өнімділік көрсеткіштері жоғары болады. Мұндай заңдылықты кезінде күздік бидай үшін Кулешев Н.Н. (1963), қарақұмық дақылында Строна К.Г. (1966) атап көрсеткен. Ал мұның іссаналық маңызы зор: тұқымның сақтық қорын, ауыспалы егістік қорын жыл сайын емес, тұқымның қалыптасу пісу кезеңдерінде ауа райы оңтайлы қалыптасқан жылдары ғана дайындаған абзал.
Өсімдіктердің жапырылуы да тұқым сапасын төмендетеді, өйткені жоғары ылғалдылықтан, қатты желден және т.б. жарық ережесі нашарлайды, фотосинтетикалық қызметі әлсірейді де пластикалық заттар баяу жинақталады. Бұл құбылысты болдырмаудың кейбір шараларын атап өтсек:
- дәнді және басқа көптеген дақылдарда қысқа сабақты сорттар шығару қажет. Мысалы, Украина селекционері Лукьяненко П.П. кезінде күздік бидай өсімдігінің биіктігі небәрі 78-80 см болғанның өзінде 80-90 цга астық өнімін беретін сорттар шығарды.
- агротехникалық шаралардан - азот тыңайтқышының мөлшерін шектей отырып, фосфор тыңайтқышын қолдану; Өсімдіктердің өсу биіктігін және жапырылуын шектейтін препараттарды (кампозан, тур және т.б.) қолдану; дақылдардың төменгі себу мөлшерін пайдалану және т.б.
Тұқымтануда маңызы бар шаралардың бірі - танаптық дақылдардың тұқымдары пісіп үлгермейтін солтүстік аудандар үшін оңтүстіктің жылу ресурсын молынан пайдалану. Атап айтқанда, жүгері тұқымын еліміздің оңтүстігінде өсіріп, солтүстіктің шаруашылықтарында сүрлемге өсіруге пайдалану тиімді.
Көптеген көпжылдық, біржылдық шөптердің тұқымдары Солтүстік Қазақстан аймағының жекелеген аудандарында пісіп үлгермейді немесе төмен сапалы тұқым өнімін қалыптастырады. Атап айтқанда, Ақмола облысының Сандықтау ауданында судан шөбінің тұқымы пісіп үлгермейді, ал осы облыстың Аршалы ауданында пісіп үлгіреді де сапалы тұқым қалыптастыра алады.
Экологиялық жағдайлардың дақылдың тұқымдық сапасына әсерін картоптың температуралық азғындануы мысал бола алады. Картоптың бұл ауруы картоп өсіру және сақтау кезеңдеріндегі жағдайлар оның биологиялық қасиеттеріне сәйкес келмейді (түйнектердің қорлануы жүріп жатқанда жоғары температураның қалыптасуы және т.б.). Бұл құбылыспен күресу үшін Оңтүстік облыстарда картоптың жазғы отырғызу мерзімі қолданылады, ойпаң жерлер таңдап алынады (температурасы 4-5ºC-ға төмен және т.б.).
Сонымен танаптық дақылдардың тұқымдық сапасына тұқымдық жадығат қалыптасқан жылғы аналық өсімдіктердің өсіп-даму ерекшеліктері елеулі рөл атқарады. Оңтайлы экологиялық жағдайларда қалыптасқан тұқым жоғары егістік сапасымен және өнімділігімен ерекшеленеді.

2. Тұқым сапасына агротехникалық жағдайлардың әсері

Агрономдар әзірше жоғары сапалы тұқым өсіруде экологиялық жағдайлардың (факторлардың) әсерін толық реттей алмай отыр. Алайда оның теріс әсерін азайтып, пайдалы жақтарын күшейтуді төзімді сорттар мен будандарды және тиісті өсіру технологиясын қолдану арқылы іске асыруға болады.
Есте ұстайтын қағида - жоғары өнімді сорттарға, будандарға - жоғары деңгейдегі өсіру технологиясын жасау. Осындай жағдайда ғана өсірілетін дақылдың потенциалды мүмкіндігі іске асады да, жоғары сапалы тұқымдық жадығат қалыптасады.
Көптеген ғылыми деректер көрсеткендей, Солтүстік Қазақстанның астықты аудандарында, әсіресе жаздық бидай үшін, кепілді өнім беретін алғы дақылға әлі де болса таза сүр танабы жатады. Оның үстіне мұндай танаптарда егістік сапасы жоғары тұқымдық жадығат қалыптасады. Мәселен, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің өсімдік шаруашылығы кафедрасының зерттеулерінде (Тютенов, 2005) орта есеппен 3 жылда Целинная 3С жаздық бидайында - сүр танабында өсіргенде 1000 тұқымның массасы - 35,7 г, өну қуаты-92 %, лабороториялық өнгіштігі - 96 % болғанда, 2-бидай алғы дақылында ол көрсеткіштер тиісінше - 34,3г, 91 және 95% (астық өнімі сүр жерде - 21,4 цга, ал 2-бидайда - 16,3 цга болған).
ҚР АШМ-нің А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік бірлестігі РММ-нің тәжірибелерінде жүгері мен сүріден кейінгі 2-бидай алғы дақылдарында өсірілген Саратовская 29 жаздық бидайдың тұқымдық жадығатының егістік сапасы сүрі танабынан қалыспағаны белгілі болды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары сапалы тұқымдық жадығат алу үшін оларды барынша жақсы алғы дақылдардан кейін (ылғал мол, қоректік заттармен теңдестірілген, арамшөптер, аурулар, зиянкестерден таза және т.б.) орналастырып, жоғары сапалы (себу кондициясына жеткізілген, құрғақ ауада қыздырылған және т.б.). Тұқыммен агротехникалық талаптарға сай (оңтайлы себу-отырғызу мерзімі, тәсілі, мөлшері, сіңіру тереңдігі) сепкенде (отырғызғанда) жиналатыны белгілі; оның үстіне егістікті тыңғылықты күтіп-баптау қажет және оны озық тәсілдер мен техникаларды қолдана отырып дер кезінде жинаған дұрыс.


3. Тұқымның жарақаттануы (зақымдануы) және оны азайтудың шаралары

Тұқымның жарақаттануы. Астық бастыру, екпе дақылдардың тұқымын өңдеу жұмыстары негізінен механикаландырылған. Комбайндар мен молотилкалардың, тұқым тазалағыш және сорттағыш машиналардың, кептіргіштердің әртүрлі тиеу құралдарының сепкіштер мен басқа машиналардың жұмыс органдары тұқымдармен түйісу және оларға әсер етудің нәтижесінде белгілі-бір дәрежеде оларды жарақаттайды. Әсіресе астық бастырғанда тұқымның ең көп жарақаттануы байқалады.
Зақымдану дәрежесіне қарай тұқым жарақаттануының екі түрі ажыратылады:
а) Макро-жарақаттар- тұқымның бір бөлігінің шығынына байланысты анық көрінетін зақымдар (уатылған, ұрылған, езілген, ұрықтың толық немесе бір бөлігінің болмауы). Тұқым тіршілігіне ең қауіптісі осылар, көбінесе өнгіштікті жоғалтуымен байланысты. Макрозақымданған тұқымдардың 8 түрі ажыратылады:
1. Ұрық толығымен ұрып шығарылған. Тұқымның өну қабілеті жоғалған.
2. Ұрықтың бір бөлігі ұрылған. Тұқым қалыпты өсімдік қалыптастыра алмайды, алайда лабороториялық жағдайда олардың кейбіреулері өнуі мүмкін.
3. Ұрықтың бір бөлігі ұрылған және эндосперм макрожарақат алған. Себілген тұқым опат болады.
4. Ұрықтың бір бөлігі ұрылған және микрожарақат алған. Тұқым көктей алмайды.
5. Эндоспермнің бір бөлігі ұрылған (жоғалған), лабораториялық жағдайда тұқым тез өнеді, бірақ танаптық (далалық) жағдайда әлсіз өсімдіктерді қалыптастырады.
6. Эндоспермнің бір бөлігі ұрылып жоғалған және ұрық микрожарақат алған, бұлар тұқымның өнуін және өскіннің әрі қарай дамуын әлсіретеді.
7. Тұқым қабығының бір бөлігі (немесе толық) жоғалған. Тұқым өнеді, бірақ тыңғылықты дәрілеуді қажетсінеді.
8. Тұқым кеміргіш зиянкестермен жарақаттанған. Мұндай жарақаттар өте қауіпті, өйткені әдетте оның қоректік ткані ғана жарақаттанады.
ә) Микрожарақаттар -- көрінбейтін, көзге шалынбайтын зақымдар. Бұл қабықтар мен ішкі тканьдердің жарықшағы, олар микроорганизмдер мен ішкі зиянкестердің әсерінен пайда болады. Микрозақымдардан олардың айырмашылығы сол, қазіргі тұқым тазалағыш машиналармен оларды бөліп алуға бол - майды. Олардың тұқым сапасына тигізетін теріс әсері, айтарлықтай, әсіресе ұрықтың зақымдары қауіпті.
Микрожарақаттардың 9 түрі ажыратылады. Оның үстіне микробтар және сорушы энтозиянкестердің жарақаттары ерекше орын алады:
1. Микроағзалармен (микробтармен) жарақаттанған ұлпалар өлі күйге айналады да тұқымнан ажыратылмайды және оның тіршілігіне қатынаспайды. Мұндай жарақаттар әруақытта микроағзалардың тіршілік әрекеттерінен интоксикация құбылысына ұрындырады, өсімдіктер тез арада опат болады.
2. Тұқымның сорушы және кеміргіш зиянкестермен жарақаттануы механикалық әсерден ғана емес, сонымен қатар физиологиялық үдерістердің бағыттылығы бұзылады да ұрықтың опат болуына ұрындырады.
3. Аналық өсімдіктен тұқымдардың ажырауынан болған жарақаттарда ерекше орын алады. Оның мәні мынада:тұқымның аналық өсімдіктен ажыраған орнында тоз (қорғаныс) қабығының түзіліп үлгермеуі себеп болады.
4. Ұрықтың жекелеген немесе көптеген жарақаттары. Мұндай жарақаттардан тұқымның көктеуі жиі түрде өзгермейді, алайда танаптық өнгіштік айтарлықтай төмендейді.
5. Эндоспермнің микрожарақаттары, олар өсімдіктердің дамуына көп әсер етпейді.
6. Бір мезгілдегі ұрық және эндоспермнің микрожарақаттары, олар жалғыз ұрық жарақатындай салдарға келтіреді (жарақаттайды).
7. Тұқым қабығының жарақаты, бұл қауіптірек, әсіресе ұрықта болғанда, эндосперм маңындағы жарақаттың қаупі азырақ.
8. Ішкі жарықшақ, бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәннің құрылымы мен оның анатомиялық бөліктерінің микроқұрылымының технологиялық маңызы туралы
Дәннің құрылымы және оның анатомиялық бөліктерінің микроқұрылымының технологиялық маңызы
Мемелекеттік сорт сынау әдістері мен түрлері
Дефектология негіздері пәнінен лекция тезистері
Сәуле ауруы
Мигроорганизмдер
Көпжылдық шөптердің тұқымдық егістерінің сапасын бағалау
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сапа көрсеткіштері
Сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіру, асылдандыру ерекшеліктері
Ноқат өзара тозаңданатын өсімдік
Пәндер