"Көктем келді" тәрбие сағаты


1 Көктем келді. Тақпақ
2 Сергіту сәті
Қорытынды
Қыс бойы қора – қопсының айналасында жатып әбден кірлеген сүрі қар көктемге қарай ериді. Ауланың маңы лайсаңға айналады. Оның үстіне дәл осы кезде ауа райы да құбылмалы, бұзылғыш келеді. Ауық – ауық соқыр тұман басып, біресе сібірлеп, біресе нәсерлеп дегендей, жаңбыр да жиі жауады. Кейде тіпті арты қарға айналып барып ашылады. Содан соң күн жылынып, бүр шығарады. Жер бетіне көк қылтияды. Жан-жануарлардың арқасы кеңіп, жәндіктерге де жан бітіп, құрт – құмырсқа қыбырлай бастайды. Көктемнің осы сәтіне адамдар да, жан – жануарлар да сағынып жететін сияқты. Әйтеуір, балалардың жыл құсын сағына күтетіні анық. Қар кетер кетпестен-ақ жыл құстары қайтып оралып, ұя салады. Ең алдымен қараторғай жетеді. Содан соң қарлығаш, саралақаз, сонау көкте үшбұрыш жасап тізіле, тыраулап ұшқан тырналар, бозторғай... Түрлі – түсті көбелектер де шыға бастайды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 4 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат




Мұғалім:
Көктем келді. Көлдің мұзын күн тесті, Аппақ тонын жер шешті. Жан - жақтан күн күркіреп, Жаңбыр жауды сіркіреп.
Жерді жапты көк кілем, Ондай кілем жоқ, білім. Көктем келді күлімдеп, Міне, саған гүлім! - деп.
Қыс бойы қора - қопсының айналасында жатып әбден кірлеген сүрі қар көктемге қарай ериді. Ауланың маңы лайсаңға айналады. Оның үстіне дәл осы кезде ауа райы да құбылмалы, бұзылғыш келеді. Ауық - ауық соқыр тұман басып, біресе сібірлеп, біресе нәсерлеп дегендей, жаңбыр да жиі жауады. Кейде тіпті арты қарға айналып барып ашылады. Содан соң күн жылынып, бүр шығарады. Жер бетіне көк қылтияды. Жан-жануарлардың арқасы кеңіп, жәндіктерге де жан бітіп, құрт - құмырсқа қыбырлай бастайды. Көктемнің осы сәтіне адамдар да, жан - жануарлар да сағынып жететін сияқты. Әйтеуір, балалардың жыл құсын сағына күтетіні анық. Қар кетер кетпестен-ақ жыл құстары қайтып оралып, ұя салады. Ең алдымен қараторғай жетеді. Содан соң қарлығаш, саралақаз, сонау көкте үшбұрыш жасап тізіле, тыраулап ұшқан тырналар, бозторғай... Түрлі - түсті көбелектер де шыға бастайды. Үлкендер болса, әуелі малдың аузы көкке тиді, содан соң көкке тойды деп қуанады. Сөйтіп, қыстан жүдеп шыққан малдар да, аңдар да тойынып, масайрап қалады. Сөйтіп, қыстан жүдеп шыққан малдар да, аңдар да тойынып, масайрап қалады. Бұл - басымыз ауырмасын дегені. Алғаш күн күркірегенде, сүт көп, көмір аз деп, үйді айнала жүгіріп, шөмішпен сыртынан ұрып шығады да, сосын шөмішті әкеліп керегінің басына іліп қояды. Мұны шөміш қағу дейді. Көк енді тез көтеріледі. Қар астынан жарып шығатын бәйшешек солып, жауқазын қызыл, сарғыш гүл ашады. Балалардың жауқазын қазып ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік - тұғырым. (Тәрбие сағаты)
"Жыл мезгілдері" тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты «елбасы еңселеткен елорда»
"Төтенше жадайлар" тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты: «Салауатты өмір салты»
Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»
Діни экстремизм . Тәрбие сағаты
Ана - біздің күніміз (тәрбие сағаты)
Тәрбие сағаты мәдениеттілік
Көліктер тақырыбына тәрбие сағаты
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь