Отбасы және мен


Мақсаты: Отбасы түсінігіне түсінік беру, оқушыларға отбасының маңыздылығын түсінуге көмектесу. Отбасылық қарым - қатынас дағдысын дамыту. Отбасындағы жағдайға көңіл бөлуге балалардың қаншалықты жауапты екендігін түсіндіру. Әдісі: сұрақ - жауап. Мұғалім: Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке - біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата - бәйтерек, бала - жапырақ», «Әкеден - ақыл, анадан - мейір», «ағасы бардың - жағасы бар, інісі бардың - тынысы бар», - дейді халық. Сондай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүру - әр адамның зор бақыты. Атамнан басталар, Әжеммен қосталар Отбасым мыналар: Ең жақын адамдар - Әкем мен анам бер, Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар . . . Бәрін жақсы көремін, Еркелеймін, еремін!
Халқымызда мынадай мақалдар бар: 1. «Сыйлап үлкен кісіні, аялағын кішіні». 2. «Ана алдында - құрмет, ата алдында - қызмет». 3. «Ананың алды - ақ жайлау». 4. «Анаңа ауыр сөз айтпа». 5. Әдепті бала ата - анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар. 6. «Жақсы аға - орман, Жақсы іні - қорған».
Мұғалім: Балалар мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер жауап бересіңдер. Ал дайын болсандар мен бастайын. 1. Ата - ананың айтқаның тыңдайсыңдар ма? 2. Ата - ананың сені еркелеткенде айтатын жылы сөздері? 3. Сендерді үйде көп еркелетеді ме? 4. Сенің отбасында неше адам тұрады? 5. Ата - анаңды ренжіткенде кешірім сұрайсың ба? 6. Егер сендер сыйқыршы болсаңдар, отбасыңа қандай жағдай жасар едің? 7. Сендер аға - әпкелеріңді айтқаның тыңдайсыңдар ма? 8. Ата - аналарына, аға - әпкелеріне көмектесесіңдер ме? 9. Отбасы дегеніміз не?
Отбасында ата-ана өзінің баласын қандай адам етіп тәрбиелеуді өздері алдын-ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдет, дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескертіні бар. Көптеген ғылыми-педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде қоғамдық мекемелердегі тәрбие қаншалықты ғылыми негізді болса да баланың дамып қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалының аса пәрменді болатынын көрсеткен. Бұлай болуының басты себебі - отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатында екені тағы белгілі. «Отбасын әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана және бала денсаулығы» секілді ұйымдар қызмет етуде. Атаулары көрсетіп тұрғандай бұл ұйымдардың әрқайсысының өз функциясы бар болғанымен олар ата-аналардың педагогикалық сауатын ашу, отбасы тәрбиесінің шарттарымен қаруландыру мәселесін шешпейді. Отбасында бала тәрбиелеу ешкандай дайындықты керек етпейтін қарапайым әрекет секілді болып көрінеді. Көпшілік қауымның осындай көзқараста екені оларға қойылған сұрақтар мен өткізілген сауалнамалар, әңгімелерден белгілі болды. Жалпы мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі, бастауыш мектеп жасындағы бала тәрбиесі жан-жақты зерттеліп келгенімен ауылды жерлердегі ата-аналарды отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыруға даярлау не болмаса педагогика, психология саласынан элементарлы болса білім беріп, сауатын ашу мәселесі Отанымызда әлі күнге зерттелуге алынбаған. Сондықтан бұл мәселелер зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды. Отбасы - қоғамның ең маңызды әлеуметтік институты, онда жаңа өмір өсіп-өнеді, дамиды, баланың жеке басы қалыптасады, оның мәдени, адамгершілік-рухани, азаматтық қалыптасуы жетіледі, жынысына байланысты әлеуметтік рольді меңгереді. Баланың әйелдік және ер азаматтық рөлді меңгеруі көбінесе отбасының әдет-ғұрпы, ата-аналардың тәжірибесі, отбасылық қарымқатынастар, ата-аналардың, туысқандардың, достардың басымдылығының құндылығымен және мәдениетілік әлеуетімен анықталады. Дәстүрлі түрде, біздің қоғамымызда, біздің халқымызда отбасын дәріптеу сақталған, оның жаңа ұрпақты тәрбиелеудегі, қоғам мен мелекеттің ілгері дамуын қамтамасыз етудегі рөлі жоғары. Отбасының басшысы ерлер болатын (патриорхальды) құрылымын нақты реформалау тенденциясы және гендерлік теңдік, әріптестік және ынтымақтастыққа бағытталған әртүрлі жаңа үлгідегі отбасылар пайда болғаны байқалады. Қазақстанда отбасы және бала мәселесі жөнінде жеткілікті құқықтық база құрылған. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (27 бап) «Неке және отбасы» ана болу, әке болу және балалық қоғам мен мемлекеттің қорғауында. «Неке және отбасы туралы» заң отбасылық - некелік қарым-қатынасты орнатады және реттейді. Оның негізгі ұстанымы - отбасында жұбайлардың (ерлі-зайыпталардың) теңдігі, балалардың отбасындағы тәрбиесінің басымдылығы, кәмелетке толмағандар және жұмысқа жарамсыз отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Мемлекет балалық шақтың адам өміріндегі маңызды кезең екенін мойындайды және өзінің идеологиясын балаларды қоғам өміріне толыққанды дайындаудың басымдылығы қағидасына негіздейді. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялады. “Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы” заң қабылданды. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде Балалардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. 2007 жылы Қазақстанның барлық өңірлерінде аумақтық балалардың құқықтарын қорғау департаменттері құрылды. Қорытынды: Ата - аналарыңды сүйіңдер, бағалаңдар және құрметтеңдер - олардың орнын ешкім ауыстыра алмайды. Жалқауланбаңдар, әр уақытта ата - аналарыңа көмектесуге даяр болыңдар бұл оларға қуаныш әкеледі. Бүгінгі «Біздің шаңырақ» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz