Электронды ақпарат құралдарының қазіргі заман мәдениетіндегі орны
1 Рационализм
2 Мәдениеттің прагматикалануы
3 «Виртуалды шындық» ұғымын
2 Мәдениеттің прагматикалануы
3 «Виртуалды шындық» ұғымын
Қазіргі заман дегеніміз нені білдіреді? Ең алдымен осы сұрақтың жауабын тауып, осы мәселенің бетін ашып алған жөн. Адамзат мәдениетінің өткені қазіргісінде, қазіргісі болашағында тыныс табары да мәлім. Ендеше, біздің өзіміз қатынасушысы да, тұтынушысы да, жасалуына куәгері де болып отырған қазіргі мәдениеттің парадигмалары күні бүгін ғана пайда бола қалмағаны белгілі. Оның мазмұндық желісі, құндылықтарының сұрыпталуы, қазіргі даму деңгейіне жеткізген техника-технологиялық, ақпараттық, әлеуметтік алғышарттары үстіміздегі ғасырдан әріде даярланғаны мәлім. Сонымен, ХХ ғасыр мен осы табалдырықты енді аттап үлгерген ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығы мерзімдік тұрғыдан қазіргі заман мәдениетінің хронологиялық шектері болмақ.
Қанша жерден алуандылықтағы бірлік түп мақсатымыз десек те, әлемдік мәдениеттегі қазіргі жағдайды біз көбінде еуропалық өмір үлгісінің басымдылық танытуы деп қарастыруымызға негіз бар.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
Электронды ақпарат құралдарының
қазіргі заман мәдениетіндегі орны.
Қазіргі заман дегеніміз нені білдіреді? Ең алдымен осы сұрақтың
жауабын тауып, осы мәселенің бетін ашып алған жөн. Адамзат мәдениетінің
өткені қазіргісінде, қазіргісі болашағында тыныс табары да мәлім. Ендеше,
біздің өзіміз қатынасушысы да, тұтынушысы да, жасалуына куәгері де болып
отырған қазіргі мәдениеттің парадигмалары күні бүгін ғана пайда бола
қалмағаны белгілі. Оның мазмұндық желісі, құндылықтарының сұрыпталуы,
қазіргі даму деңгейіне жеткізген техника-технологиялық, ақпараттық,
әлеуметтік алғышарттары үстіміздегі ғасырдан әріде даярланғаны мәлім.
Сонымен, ХХ ғасыр мен осы табалдырықты енді аттап үлгерген ХХІ ғасырдың
бірінші онжылдығы мерзімдік тұрғыдан қазіргі заман мәдениетінің
хронологиялық шектері болмақ.
Қанша жерден алуандылықтағы бірлік түп мақсатымыз десек те, әлемдік
мәдениеттегі қазіргі жағдайды біз көбінде еуропалық өмір үлгісінің
басымдылық танытуы деп қарастыруымызға негіз бар. ХХ ғасырда мұндай
жағдайды еуропаорталықтық деп атағаны да белгілі. Олардың айтылуы, аталуы
түрліше болғанмен, түп мән-мағынасы сол күйінде қалғандығын мойындамасқа
болмайды. Еуроорталықтық болсын, батыстандыру болып аударылатын
вестернизация болсын – Батыстың өндірістік даму деңгейі биік елдеріне
тән өмір сүру тәсілі және стилі, сондағы құндылықтар мен экономикалық
даму моделінің басқа елдерді экспансиялау процессі.
Сонымен қазіргі заман мәдениетінің негізгі сипаттамаларына азғантай
тоқтала кететін болсақ, мына төмендегілерді баса айту керек сияқты.
Қазіргі заман мәдениеті адам өмірінің қай саласында болмасын
рационализмнің орныққандығымен анықталады. Рационализм – таным мен іс-
әрекеттің түп тамырын адамның ақылымен байланыстырып пайымдайтын
көзқарастар жиынтығы.
Рационализмнің соңынан ерген ғылым-білім ғасыры техника әлемі деген
ғаламатты туындатты. Техниканың жетістіктері адам мен оны қоршаған ортаны
танымастай өзгертті. Жеке бастың еңбек үдерісін көпшілік-конвейерлік
өндіріске дейін көтерген техникалық прогресс жер шарын бір үлкен фабрика-
зауытқа, ал тіршілікті қандай да бір алып механизмнің әрекетіне
айналдырып жібергендей. Қазіргі заман мәдениеті техницистік мәдениет,
яғни техникалық прогресс пен техниканың маңыздылығына құдайдай сенетін
мәдениет.
Мәдениеттің прагматикалануы, яғни пайда ұғымы тұрғысынан негізделуі де
осы қазіргі заманның айдары. Есеп, пайда және ұтымдылық – міне, бүгінгі
прагматикалық әлемнің ұрандары осылар.
Қазіргі заман мәдениетіндегі компьютерлендіру үрдісі адамсыз
технологиялар негізін салып, ақпараттандыру идеологиясын дүниеге әкелді.
Қазіргі заман мәдениетін басқашалай ақпараттық мәдениет деп те атайды.
Өйткені қазірде ақпарат қоғам өмірінің маңызды элементі болып, адам
өмірінің барлық саласына әсер етіп отыр.
Ақпарат алмасу саласындағы жаңа технологиялық төңкеріс болып табылған –
Ғаламтордың пайда болуымен етене байланысып жатқан әлемдегі адамзаттың
өзара тәуелді байланысының қалыптасуы жаһандану үдерісін туындатты.
Міне, қысқаша қайырсақ, қазіргі заман мәдениетіне тән сипаттамалар реті
осындай. Ары қарай қазіргі заман мәдениетінің бедерін салып отырған
ақпараттық технологияларға, олар туындатқан рухани мәдениет үлгілеріне
нақтырақ тоқталуды қажет көріп отырмыз.
Компьютерлік технологиялар жетістігінің арқасында адамда жаңа өмір
сүру кеңістігі (көзбояу болса да) – киберкеңістік пайда болды. Ол
кеңістікте бүкіл әлем бізге монитор экранынан нақты шындық іспеттес болып
көрінгенімен, ол өзінің қолмен ұстауға келерлік заттық тығыздығынан,
қаттылығынан айырылған мөлдір әлем.
Ғаламтор постмодерн (модерн дәуірінен кейінгі) заманының ұлы гипермәтіні
деуге болады. Қазірде ғаламтор бірнеше миллиондаған компьютерлер басын
қосып отырған ашық жүйе. Ғаламтор әу бастан либералды мәнге ие. Онда көп
нәрсеге рұқсат етілген. Ғаламторға ілінген мәтін еркін пайдалануға
берілген мәтін. Сондықтан мәтін авторы Ғаламторға ілген өзінің шығармасын
өзінен шеттетумен пара-пар әрекет жасайды деген сөз. Нәтижесінде авторлық
құқық, гонорар сынды баспа мәдениетіне тән ұғымдар өзінің бұрынғы мәнінен
айырылады.
Ғаламторды көз алдыңа жақсылап елестету үшін біз постмодерн дискурсының
өзіндік ұғымы ризомаға жүгінеміз. Бұл терминді Жиль Делез бен Феликс
Гварттари ботаникадан алған. Онда ризома – өсімдіктің неден ненің
тарағанын анықтап білу мүмкін емес болатындай шатасып-тұтасып кеткен
тарамдалып тамырлану түрі.
Ғаламторлық технологияларды сипаттауда ризома таптырмас бейнелі ұғым.
Ризома табиғатынан орталықсыздандырылған, иерархияға бой бермейтін
құрылым. Сондықтан оның ешбір нүктесі басқасына қатысты басымдық таныта
алмайды, сол сияқты, қос нүкте арасында да ешқандай айырықша бөлек
байланыс қалыптаспайды, өйткені онда бәрі бәрімен тікелей байланысты. Кең
мағынасында ризома постмодерн әлемінің бейнелі сипаты бола алады,
өйткені одан орталықтану, реттілік пен симметрия кеткен.
Бүгінгі қоғамды қоршаған ақпараттық шындық адамзатты 70-80 жылдары
қоршаған шындықтан мүлдем бөлек екендігі анық. Ол виртуалды шындық
туындатқан ғайып болмысқа байланысты. Осы виртуалды шындық тіркесі
қазір оңды-солды көп қолданылып жүргенімен, оның мағынасының түсініксіз,
көмескілеу екендігі белгілі. Әдетте бұл термин компьютермен байланысты
пайдаланылатындығы ғана анық.
Виртуалды шындық әлемінде бізге үйреншікті кітаби мәдениет мәтіні де
түрөзгеріске ұшырап отыр. Бұрынғы бірөлшемді, бір сызық бойына
тізбектелген бір жазықтықтағы түзу мәтін орнына көпөлшемді электронды
гипермәтін келді. Гипермәтін кеңістігінде бірнешеме мәтіннің қатар
орналасуы мүмкін, тіпті, мәтіндегі кез келген сөз немесе келтірілген
автор туралы бүкіл керекті мағлұматты ала алатын басқа сайт парақтары
тұруы мүмкін.
Кәдімгі кітапты оқып отырып біз оның кеңістіктегі шегінен аса алмаймыз,
онда көрсетілген сілтемелер бойынша қызықтырған нәрсені ол кітапты тастап
барып қана, басқасын іздеп тапқаннан соң оқи аламыз. Ал киберкеңістіктегі
виртуалды шындықта орналасқан гипермәтінде біз бір мәтіннен келесі
мәтінге алдыңғысында тұрып-ақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz