Үндістан Республикасы туралы мағлұмат


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Үндістан

Астанасы - Дели (Нью-Дели)

Халқы - 1 329 356 000

Жер көлемі - 3 287 263 км²

Тілі - ағылшын және хинди

Валютасы - үндістандық рупия

Үндістан Республикасы - Үнді мұхиты алабында, Азияның оңтүстігіндегі Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Батысында Пәкістанмен, солтүстік-шығысында Қытай, непал, Бутан елдерімен, шығысында Мьянма және Бангладешпен шектескен. Сондай-ақ, оңтүстік-батысында Мальдив аралдарымен, оңтүстігінде Шри-Ланкамен, оңтүстік-шығысында Индонезиямен теңіздік шекара арқылы жалғасады.

Тарихы. Археологтар Үндістаннан алғашқы тас ғасырына тән бірнеше қоныстың орнын тапты. Зерттеу барысында, Үндістан түбегін адамдар өте ерте замандардан-ақ мекен еткені айқындалды. Б. з. д. II мыңжылдықтың басында Үнді өзені бойында алғашқы қалалар мен ірі елдімекендер қалыптасты. Кең көшелер, жоспарлы түрде жүзеге асқан шаһар құрылысы, айырбас сауда, иероглифтік жазулар - мұның бәрі сол замандағы дамыған Үнді өркениетінен хабар береді. Алайда, б. з. д. ІІ мыңжылдықта қалыптасқан қоғам мен мәдениет құлдырап, кері кетіпті.

Халқы. Үндістан халқын хиндустандықтар (31%), бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар, маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар, раджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т. б. құрайды.

Үндістанның көптеген қалалары аса ірі қоныстану аймағы болып табылады. Мәселен, Нью-Делиде шамамен 23, 3 миллион халық тұрса, Мумбайды - 23 миллион, ал Калькуттаны 16 миллион адам қоныс еткен. Байқасаңдар, бір ғана қаласындағы халық саны біздің еліміздегі халық санынан да асып түсіп жатады екен. Дәл осындай халқы әлемдегі кейбір мемлекеттердің халық санынан асып түсетін басқа да бірнеше шаһар бар. Сондықтан, Үндістанды «Мегаполистер елі» деп атауға әбден болады.

Ресми тілдері ағылшын және хинди болғанымен, штаттарда тағы да 18 тіл ресми болып саналады.

Ежелгі үнді мәдениеті, өнер-білімі. Ежелгі Үндістан бүгінгі заманауи ғылымдардың көпшілігінің негізін қалады деуге болады. Б. з. V-VI ғасырларында үнді оқымыстылары жердің шар тәрізді екенін біледі. Қазіргі араб цифрлары да бастауын үнді жерінен алған.

Ауа райындағы өзгерістерді есептеп, жұлдызнамалық ілімнің негізін қалаған да осы халық. Олардың жыл санауы бойынша, бір жыл 360 күнге, ол 12 айға, әрбір ай 30 күнге бөлінді. Сонымен қатар, Үндістан шахматтың, сандардың, алгебраның, геометрияның, математиканың отаны саналады.

Әлемдегі ең алғашқы университет б. з. д. 700 жылдары Үндістанда салынған. IV ғасырда соғылған Наланда университеті де білім беру саласында жеткен жетістіктерімен тарихта қалды.

Ежелгі үнділік кітаптарда әртүрлі аурулардың аты кездеседі. Үнділіктердегі емдеу бақсылықпен қатар жүрген. Адамзат тарихындағы тұңғыш медицина мектебі - Аюр-веда осыдан 2500 жылы бұрын Үндістанда ашылды.

Астанасы. 23 миллионнан астам халқы бар Дели - көпұлтты, жарқын қала. Аңызға сенсек, ол қазіргі орналасқан жеріне орын тепкен сегізінші шаһар көрінеді. Ең алғашқы қала б. з. д. Х ғасырға дейін бой көтерген екен.

Астананың тарихи ескеркіштері арасында Бхайрон ғибадатханасы, әлемдегі ең биік мешіт мұнарасы - Кутб-Минар, «Үндістанның қақпасы» аталған Салтанатты қақпасы, Лалкота үйіндісі ерекше танымалдылыққа ие.

Тарихи нысандарға құрметпен қарайтын үнділер заманға сай дамуды да назардан тыс қалдырмайды. Мұны зәулім ғимараттар, бизнес-орталықтар бой түзеген Нью-Дели ауданынан байқаймыз.

Үндістанның ең әдемі діни ескерткіші - Хармандир-Сахиб ғибадатханасы. Алтын храм деген атауға ие болған ғимарат сикхтар үшін аса қасиетті орын саналып келеді. ХVІ ғасырда салынған нысанның жоғарғы қабаттары ХІХ ғасырда алтынмен қапталған.

Аджанта үңгірі. Жартаста орналасқан Аджанта үңгірлері б. з. д. ІІ мыңжылдық шамасында ойылған дейді зерттеушілер. Шамамен б. з. д. 650 жылдары үңгірге адамдар аяқ баспай қойған. Содан 1819 жылға дейін ұмыт қалады.

Үңгір ішінде жартасқа ойып салынған қабырға суреттері, мүсіндер мен бағаналар жақсы сақталған.

Тәж-Махал. Әлемдегі жеті кереметтің бірі - Тәж-Махал Үндістанның ғана емес, әлемдік архитектура жауһарларының қатарында. Аградағы жанума өзені маңында орналасқан нысан ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған бүкіләлемдік мұра. 1630 жылы басталған кесененің құрылысы 22 жылға созылған. «Өлмес махаббат» нышаны болып саналатын Тәж Махалдың тарихы мен атағы төрткүл дүниеге аян.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік азия халықтары
Пәкістан тарихы
Моғолдарға дейінгі Үндістанды жаулап алушы мұсылмандар
Қоғамдағы экологиялық жағдай, оның Қазақстандағы көрінісі
Мемлекет нысаны тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар
Қазақстан Республикасында зиярат ету діни туризмнің дамуы
«Шет елдер экономикасы» пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Захриддин мұхаммед бабырдың өмірі мен шығармашылығы
Әлішер Науаи (Низамеддин Мір Әлішер)
Арғытүркілердің мәдени мұрасы жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz