Ағылшын тілі сабақтарындағы драма арқылы оқыту әдісін теориялық тұрғыдан негіздеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ4

1. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ДРАМАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ6

1. 1. Ағылшын тілін үйретуде драмалық әдісті қолданудың тиімді жақтары6

1. 2. Ағылшын тілін оқытуда драмалық әдісті жүзеге асыру жолдары14

1. 3. Ағылшын тілін үйретуде қолданылатын драмалық әдістерге арналған оқулықтарды талдау19

2. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ДРАМАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘСІЛ МЕН ДӘСТҮРЛІ ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУ НЕГІЗДЕРІ32

2. 1 Ағылшын тілін оқытуда қолданылған драмалық әдістер мен тәсілдер32

2. 2. Ағылшын тілін оқытуда драмаға негізделген сабақ жоспарлары мен жаттығулардың жинағы40

2. 3. Ағылшын тілін драмалық негізде оқытудың қорытындысы48

ҚОРЫТЫНДЫ57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ59

Қосымша62

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені, елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә Назарбаевтың бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән берілуде. Тілдердің үштұғырлығы елдің бәсекелестік қабілетінің көрінісі болып табылады. Жаһандану процесінің күшейіп, әлемдік интеграцияның қарқын алуы дүние жүзіндегі тілдік кеңістіктердің өзгеруіне алып келді. Халықаралық қатынастар, бизнес, туризм, әлемдік экономика, саясат, білім және ғылым салалары, озық ақпараттық-танымдық технологиялар, құқық пен мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі екені айдан анық. [1]

Болашақта елімізді жан-жақты дамытып, дамыған елдермен қарым қатнаста болу үшін біз ағылшын тілін жетік меңгеруіміз керек. Ағылшын тілінің маманы болатын оқушылардың тілді жетік меңгеріп, оны жұмыс барысында сауатты қолдана білуі үшін ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік шеберліктерінің жоғары болуы талап етіледі.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Шет тілін оқыту әдіснамаларының ішінен ағылшын тілі сабағында драма әдісін қолданудың маңызы мен тиімділігі өте зор. Бұл әдістеменің негізі оқытушының оқу процесінің басқарушысы ретінде, барлық жағдайды ескере отыра, білім алушының белгілі бір бағыт бойынша жұптық жұмыстар жүргізуі, бір-бірімен ақпараттармен ауысып, алға қойған мақсатқа жету үшін, сабақ барысының жан-жақты қарастырылғанын ескеру болып табылады. Драманы сабақта қолданудың бір аспектісі “оқытушылар оқушыларды жаңа идеяларды шығарып және оларды біріктіруге, сонымен қатар өз кейіпкерлері мен жағдайларын арқау етіп өздеріне және басқаларға мағыналы болып келетін қойылым құру әрекеттеріне ынталандырады” [2, 22-23] . Драмада тақырыпқа сай жаттығулар тобын елестету оңайырақ. Рөлге бөлініп ойнау, диалог, ойдан құрастыратын ойындар секілді жаттығулар оқушыларға мағыналы мәнмәтінде алған білімдерін пайдалануға жағдай жасайды. Өзінің болжауға келмейтін табиғатына байланысты драма сыныпқа күлкілі және ләззат алатын сәттерді көрсетеді және жаңа материалды түсінуге әрі жаттап алуға мүмкіндік береді. Драма тәсілі түсіндіру арқылы үйренуге өте қиын болып келетін прагматикалық мақсатпен оқушыларға оқып жатқандарын өмірде қолдануларына жол ашады. Оқытушы оқушыларды ортаға шығара отырып және оларға сол тілмен жұмыс жасауға орын қамтып, рахаттанарлық, есте қаларлық, тұрақты түрде түрленіп отыратын әдісті ұсынады [3, 27] .

Оқу үрдісінде драма оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті драмалық ойын әрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. Бұл әдіс арқылы оқыту оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтырады.

Зерттеудің мақсаты. Ағылшын тілі сабақтарындағы драма арқылы оқыту әдісін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытынды шығарып, тиімділігін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

-білім беру саласындағы драма әдісінің теориялық негіздерін зерттеу;

-ағылшын тілі сабағында драма әдісін қолданудың маңызы мен тиімді жақтарын қарасыру;

-ағылшын тілін оқытуда драмалық ойындарды қолдану ерекшеліктерін қарастыру;

-мектептегі ағылшын тілі сабағында драмалық ойындарды қолданып оқушылардың ой-өрісін дамытудың әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеу жұмысының нысаны. Ағылшын тілін меңгеруші оқушылардың білімін драмалық әдіс арқылы жетілдіру процесі.

Зерттеу пәні. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, тілдік дағдыларын қалыптастыруда драмалық әдісті қолдану тәсілдері.

Зерттеу әдістері: ғылыми-әдістемелік және психологиялық-педагогикалық әдібиеттерді талдау; практикалық тәжірбиені зерттеу; бақылау; сауалнама жүргізу; тестілеу; психологиялық-педагогикалық эксперимент.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Бұл жұмыста ағылшын тілі сабағында драма әдістерін қолданудың тиімділігі мен ерекшеліктері қарастырыла отырып, драмалық ойындар арқылы оқушылардың белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеру және драмалық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтау.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Ағылшын тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері, оқушылардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері, ағылшын тілін оқытуда оқушыларға қарым-қатынастық біліктілігін қалыптастыру, дамыту керектігін және сабақты қызықты өткізудегі факторлар, әдіс-тәсілдерді қолдану керектігін қарастырады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Ағылшын тілін оқытуда драмалық ойын әрекеттерін ұйымдастырудың жолдары.

Зерттеу жұмысының құрылымы.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ДРАМАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1. 1. Ағылшын тілін үйретуде драмалық әдісті қолданудың тиімді жақтары

Қазіргі таңда ағылшын тілін үйретудің көптеген әдістері мен тәсілдері бар. Сонымен қатар, түрлі зерттеушілердің қорытындысы драманың аса тиімді тәсіл екендігіне келіп тоқтамақ. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылықтарын ұстап қалу ағылшын тілі мұғалімдерінің негізгі мақсаты. Алайда, көпшілік мұғалімдер драма жаттығуларының құнды екендігін біле бермейді. Мысалы, аталмыш жаттығулар оқушылардың өз-өзін бағалау деңгейін, тіл деңгейін көтеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, өз ойларын ұшқыр әрі шығармашыл тұрғыдан жеткізе алуын қалыптастырады. Бұндай типтес жаттығулар тұлғаның қоғамға деген икемін арттырып, оқушылардың мәдениет тұрғысындағы білімін көбейтуіне қызықты түрде, яғни драмалық тұрғыдан жол ашады [4, 334] .

Алдымен “драма" деген не. Драма дегеніміз - елестету арқылы өзіңнен басқа белгілі бір жанды немесе жансыз заттың образына, күйге еніп жасалатын әрекет. Ол адамды кез келген жерге немесе кез келген уақытқа ой сарынында және сезім сарынанда алып барады. Драма тек қиялмен немесе елеспен шектелмейді, ол қатысушылардың қорқыныш сезімі, көшбасшымен, я болмаса мұғалімнің нұсқауымен шектелуі мүмкін.

Негізінде, драма әрқашан бізді қоршап тұрады. Ол тек қана театрдың төрт қабырғасында, адамдар шоғырында орналасқан жоқ. Әрине, өздігінен өмір секілді, драма да кішкене бөлшектерден тұрады. Бүгінгі таңда немесе өткен шақта ұстаздар бұл әдісті драма екенін өздері мойындамай-ақ сабақ барысында қолданып жүрген немесе қолданған болар. Сабақ беру және үйрену процесінде драма басқа әдіс-тәсілдердің ішінде ерекше біреуі болып табылады. Себебі оның айқын педагогикалық мақсаты бар. Ол мақсат қатысушылардың жеке және қоғамдық дамуына негізделеді [5, 17] .

Білім берудегі драма театрдағы қолданылатын әдістермен, құралдармен әрекет етеді. Дей тұрғанмен де, театрдағы қойылымның негізгі мақсаты көрермендердің көңілінен шығу болса, сынып қабырғасындағы драмалық қойылым бұл мақсат оқушылардың ағылшын тілін жетік меңгеруіне аударылмақ [6, 69] . Оқу барысында драма нұсқамасы бойынша бірнеше жолдармен жүзеге аса алады. Бірақ шет тілін үйретуді драма арқылы жүзеге асырудың ең тиімді жолы оны жұмыстың әдісі ретінде қарастыру болып табылады. Драма қатысушылардың тәжірибесіне, олардың іс-әрекетті орындауына тікелей байланысты. Сондықтан ол оқушының тұлғалық қасиетін, шығармашылықты, әсерленгіштікті және қоғамшылдықты дамытады. Оқу процесінде қолданылған драма қиял әлеміне сапар шегу мүмкіндігін, түрлі рөлдерді ойнау, өздік ашулар, яғни жаңалықтар жасауды, жаңа нәрселерді жасап көру, өз тәжірибесі арқылы жаңа әрекеттерге үйрену сынды мүмкіндіктермен қамтамасыз ете отырып, қоршаған орта шындығына деген қарым-қатынас пен өз орнын табуға себеп болады. Клипсон-Бойлес [7, 11] көптеген оқытушылар драманы көп адамдың қатысуын талап ететін және айтарлықтай зиян әкелетін ойраңдатушылыққа әкеліп соғатын әдіс деп ойлайтындығын атап өтті. Десек те бұл шындыққа жанаспайды. Драма үшін көп жан толғанысы не болмаса арнайы сахана керек емес. Сондықтан ең кішкентай қойылым, ең аз дәрежедегі сезінушілік те драма болмақ.

Сонымен, драма аз уақыт аралығында қойылуы да мүмкін. Ол сабақты түрлендірудің бір амалы бола алады. Осы тұрғыдан, тәжірибелі ұстаз драманы пайдалана отырып, тілді үйрету мен оқушылардың өз тәжірибесін ұштастыра алады. Осындай сабақтың болмысы тиімді оқу жолында уәждемелі және ұнамды болмақ.

Мектептерде драманы сабақ беру барысында қолдану жаңа түсінік емес. Шет тілін үретуді драмаластыру әдіс ретінде ең алғашқы рет Англияда бастау алды. Питер Слейд және Брайан Уэй осы тәсілді мектеп қабырғасында бірінші болып қолданғандар ретінде есептеледі [8, 93] . Олардың драмаластыру идеясы, оқушылардың шығармашыл тұлғалар ретінде қалыптасуының құралы ретінде деген тұжырымы ары қарай бұл арнадағы әдістемелік теориялардың жалғасын табуына зор әсерін тигізіді. П. Слейд және Б. Уэй ойынша дәстүрлі мектеп жаттығулары балалардың табиғилығы мен шығармашылығын бұзады. Олардың драмаластыруға негізделген жаттығулары оқушыларды елестетуге, сезімін дамытуға, дене қимылын, ымдауды қолдануға бағытталған. Ал тапсырмалары болса шын өмірдегі коммуникативтік жағдайлардағы тілдік қарым-қатынасқа ықпалы бар деп қарастырылады. Біріншіден, драманы сабақ үстінде қолданудың мақсаты қойылымдық іскерлікті арттыру емес екенін айқындап алғанымыз жөн. Оның негізі ол түрлі салаларға бейімдеп, оларды біріктіре алуында жатыр.

Драма мен шет тілін үйрету арасындағы байланыс шет тілін үйретуден бақылана алатын тиімділіктен бастау алады. Гамильтон және Маклеод бұл байланысты былайша сипаттайды: “Тіл мұғалімдеріне көптеген сөйлесу жолдарын бір мезетте ұсынатын әдістен басқа әдістер жоқтың қасы. Мысалы, монологтар, жұптасып сөйлесу, рөлге бөлініп ойнау, топтық талқылаулар, баяндаулар, басқа да ынталандыру сұрақтарына жауап беру, мәселені шешу, сценарийді дамыту, сезімді әрекет арқылы көрсету, түсіндіру, шағымдану, мадақтау, көндіруге келіспеу, кешірім сұрау, өтіну, бір сөзбен алғанда тілдік функциялардың барлығын дерлік қамтиды”, -деген болатын [9, 5] . Сонымен қатар драма міндетті түрде тілдің функцияларын, грамматикалық құрылымдарды немесе белгілі бір сөздік қорды машықтандыруға міндетті емес. Ол оқу аралық сабақ бергенде, яғни тақырыптар шет мәдениеті мен басқа да мектеп пәндерімен байланысты болса, оңай және ең тиімді түрде қолданыла алады. Филиптың ұсынғанындай, ұстаз драманы алға тарта отырып, басқа пәндердің тақырыптарын қамти алады, балалар тарих сахнасында орын алған жайтты көрсете алады, немесе олар оқу бағдарламасындағы тақырыптармен, идеялармен, мәселелермен, мысалы, табиғатқа деген құрмет пен жол қауіпсіздік ережелерімен жұмыс жасай алады [10, 8] . Жоғарыда атап өткеніміздей, оқытуда қолданылған драманың көптеген жақсы жақтары бар. Оның тәсілдері мен техникасы ұстаздар қауымын оны қолдану жолында ынталандырады.

Алдыңғы бөлімде көргеніміздей, драманың анықтамасы “елестетіп көрейік” сөзімен дәлме-дәл келеді. Қытайдың “Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, істегенімді түсінемін”, -деген көне мақалын негізге алсақ, біз драманың оқу үрдісіне тәжірибе мен белсене қатысу арқылы әкелетін жақсы әсерін толықтай түсінеміз. Түрлі білгір мамандар, мысалы Дьюей, оқу процесіндегі драманы “істеу арқылы үйрену” десе, басқалары, яғни Болтон, драманы қолдану жолы “драмалық сомдауға” үйрету дейді. Болтонның айтуы бойынша, драма жолымен үйрену өте маңызды дәрежеде жаңадан көмкеру іспеттес, яғни оқушының санасындағы бар білімі жаңа перспективалармен алмаспақ. Сонымен қатар, ол оқу орындарының оқушылардың табиғи түсінушілігін қалыптастыруда көмегін тигізбейтінін атап өтті. Болтон драма оқушыларға мына заманауи қоғамда қарым-қатынас қиыншылықтарын жеңе білуге көмектесе алады деп ойлайды.

Асимуламның айтуынша ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытудың сәтті болу болмауы мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігінде жинақтаған әдіснамалық жұмысына байланысты [11, 27] . Ол айтқандай, бұрыннан бергі және қазіргі таңда да көрініс беретін негізгі күрделі мәселе мұғалімдердің грамматикаға көп мән беруінде жатыр. Себебі ұстаздар қауымы бұл жолдың ең тиімді екеніне сенеді. Бұл идеяға қарсы, Асимулам бұл әдіске зақым келеді дейді. Өйткені тәлімгерлердің тілді шынайы жағдаяттарда үйренуге мүмкіндігі жоқ, себебі олардың қарым-қатынас аясы шектеулі. Мунзер дәстүрлі ағалшын тілін үйрететін сабақ пен драма техникасымен оқитын сабақтарды алып салыстырады [12, 212] . Оның бақылауынша дәстүрлі ағылшын тілі пәні оқушыларға тілді сенімді қолдануға және оны шапшаң пайдалану қабілетін арттыруға мүмкіндікті қанағаттандырарлық дәрежеде бермейді. Ал келесі баламалы әдіс, яғни драма арқылы сабақ беру тыңдалымға жақсы жағдай жасайды және оқушыларды тілге бейімдеп немесе оларды өз тілінің элементтерін қолдануға мәжбүрлейді. Қорытындылай келе, драма техникасын ағылшын тілі пәні сабақтарында қолдана отырып, оқушылар тілді санауи және дұрыс түрде үйрену мүмкіндігіне қол жеткізе алады. Ал бір қалыптағы дәстүрлі жолмен ағылшын тілін үйрету кәдеге жарамайтын және сабақ кестесі зерігетін болып табылады.

Әдеттегі ағылшын тілі сабақтары мен драма техникасын қолдану арқылы үйрету сабақтарының айырмашылықтарына байланысты Уэссельс коммуникация дағдысын ерекшеледі [13, p. 12] . Оның пайымдауынша “шынайы қарым-қатынас” қоршаған ортаны, сезімдерді, қатынастарды, дәрежені, дене қимылын және тағы басқа паралингвистикалық құрылымдарды негізге алады. Алайда, көптеген сыныптық тәжірибелерде немесе презентацияларда дәл осы шынайы қарым-қатынасқа мән тұрғылықты дәрежеде берілмейді. Көп оқушылар сыныптан тыс жағдайларда тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай алмайды немесе қиналады. Драманы қолдану шынайы қарым-қатынастың біршама аспектілерін қамтар еді.

Шет тілін үйретудегі драманың қамтамасыз ететін тиімді жақтары:

1. Бүкіл сыныпқа ортақ болуы. Драманың ең маңызды ерекшеліктерінің бірі, Алдаверо айтпақшы, ол оқушыларға тек ағылшын тілін үйретіп қана қоймай, сонымен бірге сөздік қорды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл кез келген деңгейдегі оқушыларға, яғни ағылшын тілін ұшқыр білетіндерге және ағылшын тілін бірінші рет қолданып тұрған сөйлеушіге де тиімді. Бір жаттығу түрлі деңгейлерде қолданыла алатын болғандықтан, оқушылар оны бір уақыт мезетінде пайдалануға ерікті. Драма әдісті қолдану барысында оқушылар барлық мүмкіндіктерді қолданады (көру, есту, дене қимылы) және сол тіл әр оқушыға ең дұрыс жол арқылы түсінікті болады.

2. Үміттендіруші және ынталандырушы. Филипс драма жаттығулары тілді үйренушілер мен үйретушілерді қызықты тәсілдермен ынталандыратындығын айтады. Алдыңғы бөлімде айтылып кеткендей, драма - әр адам өмірінің бөлігі және бұл тілді меңгеруді белсенді процеске айналдыруға мүмкіндік бере алады. Себебі, драмамен біз бір уақытта ойнай, қозғала, әрекет ете аламыз. Джереми Хармер ынталандыруды “адамды белгілі бір мақсат үшін итермелейтін ішкі қозғаушы күштің бір түрі ” дейді [14, 51] . Драма оқушыларға әрекет арқылы, яғни “тәлімгерлердің тәжірибе процесіне енуі арқылы білімге жетуіне” кең жол ашады. Бұл механикалық тұрғыда жаттағаннан гөрі жақсырақ. Оқушының ынтасын алар болсақ, ол екі түрге бағытталады: сыртқы және ішкі. Сыртқы түрге біршама сыртқы факторлар әсер ете алады. Мысалы, қоғам, отбасы немесе замандастар қатынасы. Ал, ішкі түрге сынып ішіндегі оқиғалар әсер етеді:мысалы, оқушылар қатысатын оқытушының әдістері немесе жаттығулары. Сонымен қатар, Хармер ұсынысы бойынша, егер біз “оқушыларды сабаққа енгізе білсек немесе олардың қызығушылықтарын арттыра алсақ, қатысуға ынталандырсақ, олардың сабаққа деген қызығушы- лығын қалыптастыруға көмектескен болар едік”, -дейді. Драманы қолдану оқытушылар тұрғысынан оқытушылардың ішкі ынтасын арттыруға қолданатын тәсілі екені күмәнсіз. Ол оқытушы мен оқушы арасында жақсы қарым-қатынас болуының бастамасы ғана емес, сонымен қатар ол барлық студенттерді бүкіл уақытта сезімде ұстап тұрады. Драма үшін ынталандыру керек емес, себебі, жеке процеске кірігуден қияли түрде ләззат алынады [15, 63] . Малей және Даф түсіндірмекші, “драма жаттығулары міндеттеуден келетін селқостық, ұялшақтық пен зерігушіліктен құтылуға көмектеседі”. Малей мен Даф тағы бір драманың ынталандыру сипатын атап өтті. Ол драманың жан-жақтығында және кездейсоқтығында. Егер драма ынталандырушы болса оның себебі ол сыныптың күллі адамзат қорын өзіне тарта алады және қай уақытта қолданылса да аталмыш техника белгілі бір жолмен әртүрлі әрі бірегей нәтиже бере алады. Драма толық дәрежеде іс-әрекет арқылы үйрену түсінігін қамтиды. Ол тек оқушылар тұрып, дүниенің жаңалықтарын өз тәжірибелері арқылы ашыңдар деп сұралғанда ләззат алу тұрғысынан ғана ынталандырмайды, сонымен қатар белсенді қатысу когнитивтік процеске, мысалы жаттау қабілетін арттыру немесе мәліметті есте көп уақыт бойы ұстауға жол ашады.

3. Оқушылардың ойлау және елестетуін ынталандырушы . Драма адамның елестетуін тұрақты түрде талап етеді. Ол оқушының тиімдірек түрде ойлануын артырады [16, 51] . Ол балалардың шығармашылығын және елестету қабілетін дамытады. Себебі, ол оқушылардың күнделікті керегіне жатпайтын тілді қолдануына мүмкіндік жасайды. Катц бойынша оқушылар драманың рөлдеріне, яғни образдарға кіре алса, олар ойлаудың биік деңгейіне жетеді, мысалы, ойлап табу, ойдан шығару, толғану, қорытындыға келу, анализдеу, кемелдену және пікір айту.

4. Ауызша қарым-қатынасты дамытуы . Алдында айтып өткендей, “шынайы қарым-қатынас” орнату маңызды болып табылады, себебі, ол түрлі аспектілермен жүзеге асады. Мельвиль драма табиғи, кенеттен туатын ауызекі ағылшынды қалыптастарып, грамматикалық тұрғыдан қатесіз және дұрыс тілді қолдануға көмектеседі дейді [17, 17] . Себебі ол орынмен және күймен анықталады. Гудвин бұл дыбыстарды шығаруды үйретуде ерекше тиімді құрал деп ой қосады. Өйткені, түрлі қарым-қатынастың компоненттері біріккен түрде пайдаланылады.

5. Сөздік қорды арттыру мен тілдің құрылымын үйренуге тиімді. Малей мен Даф драма тілдің құрылымы мен сөздік қорын жаттау мақсатында колданыла алатындығын айтады. Және осы драма мәліметті қайталау және бекіту үшін тиімді техника болып табылады.

6. Сезімдік және тұлғалық тұжырымдамалар. Малей мен Даф бойынша драма техникалары ұмытылған тілдік сезімдік мазмұнды алға тартады [18, 72] . Бұл техника тұлғаны бүкіл жақтан дамытады; ол оқушылардың тілді кенеттен пайдалануы үшін қажетті сенімділікті және өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылатуға сеп болады. Белгілі бір рөльге ие бола отырып, оқушылар образға ене алады, өз ұялшақтықтарын доғарады. Ойын барысында оқушылар топтық жұмыс істеуге және әрдайым талқылауға, келісімге келуге, бір-бірін тыңдауға, бір-бірінің ұсыныстарын бағалауға міндетті болғандықтан, олар басқалармен бірге сезімдерін бөлісе отырып, жақсырақ сұхбат құрушы бола алады.

7. Мәнмәтіннің мағынасы түсіну

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі мұғалімдерінің оқу процесінде интерактивті әдістерді қолдануы
Ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту
Шет тілі сабақтарының ұйымдастырылу ерекшеліктері
Жобалау мен шығармашылық
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ
Қазақ әдебиеті сабақтарындағы қолданылатын әдіс-тәсілдерінің жалпы сипаты мен ерекшеліктері
Оқытудың белсенді әдістерін жіктеу
Дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу
Шетел тілін оқытуда мультимедиялық құралдарын қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz