Жемістін патшасы - Алма


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Қостанай облысы Науырзым ауданы білім беру бөлімі

Тақырыбы: Жемістін патшасы - Алма

Авторы: Дүйсенқызы Аружан 2 «В»

Жамбыл бастауыш мектебі

Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді селосы.

Жетекшісі: Салауатова Күлмай Бекентайқызы,

бастауыш сынып мұғалімі,

Жамбыл бастауыш мектебі, Қарамеңді селосы.

2017 жыл

Мазмұны

I. Кіріспе

1. 1 Аты - жөні

1. 2 Алма ағашының егу тәсілі

1. 3 Алманың түрлері

II. Негізгі бөлімі

2. 1 Алманың құрамында не бар?

2. 2 Алманың адам ағзасына пайдасы және кері әсері

2. 3 Алмадан не жасауға болады?

2. 4 Табиғи алманы жасанды алмадан қалай ажыратамыз?

2. 5 Алманың қасиеттері (Тәжірибе)

2. 6 Мәліметтен жинақталған пайдалы кенестер

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I. Кіріспе

C:\Users\Администратор\Desktop\Apple nutrition facts_health benefits of apples.jpg Алма (лат. malus) - раушангүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған дақыл, алма осы тұқымдас арасында таралуы жағынан бірінші орынды алады (2-3 млн га) . Алманың басқа жеміс дақылдарының арасында кең орын алуы оның жемісінің сапалылығы, жоғары өнімділігіне және әр түрлі өсіп-даму жағдайларына бейімділігіне байланысты. Алма өзінің биологиялық және шаруашылық ерекшеліктеріне қарай бағалы дақыл болып табылады. Алманың әлемде 5000 жуық сорттары болса, ал Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген 30-40 жуық сорттары бар, бұл сорттардың өнімділігі жағынан айырмашылығы айқын байқалады. Қазіргі кезде әлемде жақсы көрсеткіштері жағынан іріктеліп алынған 50 жуық сорттар бар, бұл сорттардың ерекшелігі ерте өнім салғыш қабілеттілігі, ағаш бөрікбасының аласалылығы, өнімдерінің тауарлық сапасы және көптеген вегетативті әсіресе ергежейлі телітушілермен C:\Users\Администратор\Desktop\appl1.jpg сәйкестілігі. Жемiс шаруашылығымен айналысатын елдердің барлық аймақтарында таралған. Алмалар жақсы тасымалданатын, көп сорттарының өнімдері жаңа өнiмге дейiн жақсы сақталады. Алма нәрлі заттарға бай, дәмі татымды және жасаң күйінде көп пайдаланады сонымен қатар қайта өңдеу үшiн жарамды. Олардың iшiнен тосап, шырын және сусындар, құрғақ жемiс, жемiстен жасалған кәмпит, пюре, мармелад әзiрлейдi. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді.

C:\Users\Администратор\Desktop\116705616_RRRSS.jpg C:\Users\Администратор\Desktop\plod_22.jpg

1. 1 Аты - жөні

C:\Users\User\Desktop\Аружан Дүйсенқызы\P1130362 — копия.JPG

Дүйсенқызы Аружан

03. 08. 2009ж

2 «В» сынып оқушысы

1. 2 Алма ағашының егу тәсілі

Алма ағашын отырғызу үшін шұңқырды көктемде - егуден 5 күн бұрын, күзде 15 күн бұрын қазады. Қазылатын шұңқырдың ені 100 - 120 см, терендігі 60 - 70 см, ал егілетін ағаштардың қатар аралықтары 6 м ал арақашықтығы 5 - 6 м

1. 3 Алманың түрлері

C:\Users\Администратор\Desktop\32069653.ygo60r3i2b.jpg C:\Users\Администратор\Desktop\s33676517.jpg Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10- 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 4-10 м болады. 3-12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.

C:\Users\Администратор\Desktop\116705658_large_pngz0nWEJVLVnARcbCz8PutKeWvuAi.jpg

II Негізгі бөлім

C:\Users\Администратор\Desktop\41479_35d34e13.jpg 2. 1. Алманың құрамында не бар?

C:\Users\Администратор\Desktop\Apple nutrition facts_health benefits of apples.jpg Алманың құрамында А, С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар. А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі, қараңғыда көруді жақсартады, шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді. В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. С дәруменi - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. Р дәруменi - жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді. Е дәруменi - бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Алма құрамында 83 - 88 % су, 7, 5 - 16 % қант, 0, 2 - 0. 8 % қышқыл, 9, 5 - 18, 5 % құрғақ қалдық, 0, 28 - 1, 0 % илік заттардан тұрады.
Сондай-ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды. Ал ең бастысы - алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет.

2. 2 Алманың адам ағзасына пайдасы және кері әсері C:\Users\Администратор\Desktop\1449469739_densaulyk-alma.jpg Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 - бөлігі - алмалар. Оны ежелден ем - дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы. Мамандардың айтуынша, алманы тұрақты түрде жейтін адамның терісі мен ағзасындағы зиянкес микробтар жойылып, жағымсыз процестердің жүруі бәсеңдейді. Оған басты себеп, жемістің құрамында флавоноид және полифенол заттары көптеп кездеседі екен. Бұл элементтер жүректің жұмыс істеуін жақсартып, қартаю процесін тежейді. Аталған зерттеу барысында анықталғаны, алма әйелдерді 17 жылға жасартады екен. Бұл ретте тек сыртқы келбеті сұлуланбай, нәзік жандылардың бүкіл ішкі құрылысы да жасаратын C:\Users\Администратор\Desktop\DSC_0158-680-x-452 (1).jpg көрінеді. Сондай - ақ тағы бір алма жемісінен ғажайып касиеті ол адамның қан қысымын түсіреді, ағзаның радиацияға қарсы күшін арттырады. Алманың қышқыл сорты сусамыр мен семіздікке, ал тәтті түрлері бүйректегі тасты түсіруге көмектеседі. Холестерин үшін: Алма зиянды холестеринді (LDL) азайтып, пайдалы холестеринді (HDL) көбейтеді. Арықтау үшін: Арықтау үшін өте жақсы жеміс. Калориясы төмен болғандықтан семірудің алдын алады, қанның құрамындағы шекерді реттейді және жоғарғы қан қысымына оңынан ықпал етеді. Иммунитет үшін: Алмадағы С витаминінің арқасында суық тию (тұмау) вирустары денеге кіре алмайды. Құрамындағы ферум С витаминімен бірлескенде ағзаға жақсы енеді. Жүрек үшін: Алмадағы Фенилаланин (алмастырылмайтын амин қышқылы) денедегі жүрек қызметіне көмекші болған Q ферментін белсендіреді.

Ал енді алманын зиян жағын талдап көрейік. Мамандардың хабарлауынша алманың адамның тісіне зияны газдалған сусындарға қарағанда, төрт есе жоғары екенін анықтаған. Адам алма жеп отырғанда жемістің қышқылы тістердің сапасын бұзып үлгереді екен. Бұл жайт 18 бен 30 жас аралығындағы 1000-нан астам адам қатысқан зерттеу барысында бел­гілі болды. Алманы сүйіп жейтін ерік­тілер арасында тіс дентинінің бұзылу қаупі 3, 7 есе жоғары болып шықты. Зерттеу нәтижесінде, маринад­талған пияз бен грейпфруттың, кері­сінше, тіске зияны жоқ екені анық­талды. Диетологтардың айтуынша алма колит ауруының пайда болуына әкеліп соқтырады және асқазан-ішек жолдарының жұмысына зиян тигізеді. Құрамындағы жеміс қышқылының шамадан тыс көптігі асқазандағы жараны ұлғайтып жіберу қаупі бар. Алма жапырағынан демделген шайды көп ішпегеніңіз абзал, мұның қант диабеті ауруына шалдықтыратындығы дәлелденге

2. 3 Алмадан не жасауға болады

C:\Users\Администратор\Desktop\121-300x221.jpg Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.

C:\Users\Администратор\Desktop\яблочный-джем.jpg C:\Users\Администратор\Desktop\imgpreview (4).jpg C:\Users\Администратор\Desktop\img150

2. 4 Табиғи алманы жасанды алмадан қалай ажыратамыз?

Жалпы жасанды алмалар бірден белгілі құрт түспеген

  • сырты жылтыр
  • иіссіз әрі дәмсіз
  • қанша сақтаса да бірқалыпты бұзылмай ұзақ тұрады.

C:\Users\Администратор\Desktop\konservirovannyj-ryabinovo-yablochnyj-kompot_460.jpg Мұндай өнімдерге қазіргі заманда басқа ағзалардың гендерін қосады. Мысалы, пингивиннің генін алмаға қосу арқылы суыққа үсімейтін жаңа алма түрін жасап шығарады. Бұл өнім адам ағзасына өте зиянды.

Қазіргі кезде бұл қауіпке ұшырамас үшін тек құрт түскен өнімдерді немесе, арнайы зертханада тексерістен өткен тағамдарды пайдаланған жөн.

2. 5 Алманың қасиеттері (Тәжірибе)

Тәжірибе №1

Алма құрамындағы темір элементінің ауамен әрекеттесуін анықтадым,

және оны әрекеттесу процессінен қалай сақтауға болатынын көрсеттім.

1. Алманы екіге бөлдім.

2. Дәл солай лимонды да кесіп алдым.

3. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығамыз да, екіншісін сол күйінде қалдырдым.

4. Нәтижесінде лимон шырынын құйған алма сол қалпында, ал лимон шырынына батырмаған алма қарая түскенін байқадым.

5. Тәжірибе нәтижесі: Лимон шырыны алма құрамындағы темірді ауамен

әрекеттесуінен қорғап қалғанын байқадым.

Тәжірибе №2

Ғалымдардың пайымдауынша піспеген алманың құрамында піскенге

қарағанда крахмал көп болады екен, осыған орай, тәжірибеде мен алманын

піскен немесе піспеген қалпын айыруды үйрендім.

  1. Піспеген алманың кішкентай бөлігін кесіп алып оның үстіне йод ерітіндісін тамыздым.
  2. Нәтижесінде йодтың түсі өзгермегендігін байқадым.
  3. Ал піскен алмадаға йодтың түсі қара көк түске боялғанын байқадым.
  4. Тәжірибе нәтижесі: Піскен алмада піспегенге қарағанда крахмал аз екендігін анықтадым.

2. 6 Мәліметтен жинақталған пайдалы кенестер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алма жемісі мен алма шырыны түрлері
Алма жемірі көбелектің систематикалық орны
Қазақстанның оңтүстік - шығыс аймағындағы алма бақтарына зиянкестердің әсері
Т а р а з
Алманың себінді телітушілері
Жемістер және көкөністер
Шырынды жемістерден тұқымын алу
Көкөніс дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау
Жеміс шырындарын өңдеу қалдықтарынан алынған биоактивті қосылыстар
Жеміс. оларға сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz