Алматы облысындағы кіші өзендердің суларын тазарту технологиясы (мысалға бір өзен базасын)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Орман, жер және су ресурстары» факультеті

Диханбаев Әділ Асқарханұлы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КІШІ ӨЗЕНДЕРДІҢ СУЛАРЫН ТАЗАРТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ (МЫСАЛҒА БІР ӨЗЕН БАЗАСЫН)

6N0805 «Су ресурстары және суды пайдалану»

магистрынің академиялық дәрежесіне

ұсынуға диссертация

Ғылыми жетекшісі т. ғ. д., профессор Зәуірбек Ә. К

Ресми оппоненті т. ғ. д., профессор Карлыханов Т.

Алматы 2010

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Орман, жер және су ресурстары» факультеті

«Келісілген» «Бекітілген»

кафедра меңгерушісі «Орман, жер және су ресурстары»

Қалыбекова Е. М. факультетінің деканы Абаева Қ. Т.

2010 ж. «» 2010 ж. «»

Диханбаев Әділ Асқарханұлы

(магистранттың тегі, аты, әкесінің аты)

МАГИСТРАНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ДЕРБЕС ЖОСПАРЫ

Дайындық бағыты

Мамандығы (білім беру бағдарламасы)

Магистратурада оқу мерзімі

Ғылыми жетекшісі

Магистерлік диссертацияның тақырыбы

Магистерлік диссертацияны ұсыну мерзімі

Магистерлік диссертация жұмысының жалпы жоспары

1-ші оқу жылы

Жұмыс көлемі мен қысқаша мазмұны
Орындау мерзімі мен есеп беру формасы
Жұмыс көлемі мен қысқаша мазмұны:
  1. Теориялық жұмыс
  2. Тәжірибелік жұмыс
  3. Диссертацияны рәсімдеу
Орындау мерзімі мен есеп беру формасы:

Магистр 20 _ ж. «»

Ғылыми жетекшісі 20 _ ж. «»

2-ші оқу жылы

Жұмыс көлемі мен қысқаша мазмұны
Орындау мерзімі мен есеп беру формасы
Жұмыс көлемі мен қысқаша мазмұны:

1. Теориялық жұмыс

2. Тәжірибелік жұмыс

3. Диссертацияны рәсімдеу

Орындау мерзімі мен есеп беру формасы:

Магистр 201_ ж. «»

Ғылыми жетекші 201_ ж. «»

Магистерлік жұмыстың кафедрада алдын ала қорғалуы

(кафедра)

(жылы, күні, айы)

Бағасы (баллмен)

Кафедра меңгерушісінің қолы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . .

1. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ӨЗЕН СУЛАРЫН ТАЗАРТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА ӘДЕБИ ШОЛУ . . .

2. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КІШІ ӨЗЕНДЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ. .

.

2. 2 Қаскелең өзенінің табиғи-шаруашылық жағдайы . . .

2. 1. 1 Ауданның физика - географиялық сипаттамасы . . .

2. 1. 2 Ауданның климаттық жағдайы . . .

2. 1. 3 Инженерлік - геологиялық сипаттамасы . . .

3 СУШАРУАШЫЛЫҚ ЕСЕПТЕРІ . . .

3. 1 Қаскелең өзенінің гидрологиялық сипаттамасы . . .

3. 2 Қаскелең өзенінің су ресурстары . . .

4 ТАБИҒИ СУЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ . . .

4. 1 Жалпы өзен бассейндерінің жағдайы . . .

4. 2 Қаскелең өзенінің қазіргі жағдайы . . .

5 ТАБИҒИ СУЛАРДЫ ЛАСТАЙТЫН НЕГІЗГІ КӨЗДЕР . . .

6 БЕТКІ СУЛАРДЫ ЛАСТАУДАН ҚОРҒАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ . . .

6. 1 Гидротехникалық құрылымның есебі мен жобасы . . .

6. 1. 1 Қисық сызықты әкелу арнасының есебі және жобасы . . .

6. 1. 2 Магистральды каналдың есебі . . .

6. 1. 3 Су алу торабындағы су қабылдағыштың есебі мен жобасы . . .

6. 1. 4 Су тастағыш бөгетін есептеу және құрастыру . . .

6. 2 Суды тазартуға арналған құрылымдар . . .

6. 2. 1 Магистральды каналдағы тұндырғышты жобалау . . .

6. 2. 2 Тұндырғыштың қою қоймалжыңын алып кететін құрылымды есептеу . . .

6. 2. 3 Өзін-өзі тазалау процессін қарқындататын биологиялық каналдың есебі . . .

6. 3 Жер бетімен тамшылатып суару . . .

7 ӨЗЕН СУЫН ТАЗАРТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ . . .

7. 1 Күрделі қаржы, жылдық шығын және жылдық зиян келтіру шығынының есебі . . .

7. 2 Құрылыс процестерін ұйымдастыру және технологиясы . . .

7. 2. 1 Жер жұмыстары көлемін анықтау . . .

7. 2. 2 Жер жұмыстары өндірісіне арналған транспортты таңдау . . .

7. 2. 3 Экскаватордың пайдалану өнімділігін есептеу және забойды жобалау . . .

8 ҚҰРЫЛЫС КЕЗІНДЕГІ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

РЕФЕРАТ . . .

РЕЗЮМЕ . . .

5

7

11

12

12

12

14

15

15

16

19

19

21

23

29

34

34

37

40

42

45

45

49

52

54

57

57

61

62

63

64

67

68

69

71

72

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қоғамда адамның ой-өрісінің үнемі дамуына байланысты ғылым мен техниканың, өнеркәсіптің өркендеуі заңдылық. В. И. Вернадский биосфераның қалыптасу және даму заңдылықтарын зерттей келе, биосфера күйінің адам белсенділігіне байланысты үнемі өзгеріп тұратындығын анықтаған. Адамзаттың өнеркәсіп өндірісі саласындағы белсенділігі ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи тепе-теңдікті бұзып, қоршаған ортаға орасан зор нұқсан келтіруде.

Яғни, қоғамымыз бен мәдениетіміздің дамуы, су шаруашылық жүйелер мен су тұтыну мөлшерлерімен тығыз байланысты. Дүние жүзінде 1990 жылдан 2005 жылға дейін су пайдалану орта есеппен 40 есеге дейін, ал Қазақстан Республикасында 30 есеге дейін жоғарылады. Сол мерзімде бұрынғы КСРО бойынша өнеркәсіп саласында суды пайдалану 100 еседен жоғары өсті. Су тұтыну мөлшерлерінің жоғарылауы өз кезегінде төгінді сулардың көбеюіне алып келді. Мысалға, Іле өзені суының Қазақстан шекарасындағы ластану дәрежесі 20-25 еседей өскен болса, Шу, Талас өзендері суларының ластануы 5-10 еседен асып отыр [1] .

Қазақстанның жер беті су ресурстарының орташа жылдық мөлшері 100, 5 км 3 -ті құрайды. Осы су ресурстарының 56, 5 км 3 ғана республикамыздың шекарасында қалыптасады. Ал қалған 44, 0 км 3 көршілес елдерден келеді: Қытайдан - 18, 9 км 3 , Өзбекстаннан - 14, 6 км 3 , Қырғызстаннан - 3, 0 км 3 , ал қалған 7, 5 км 3 Ресейден келеді. Сумен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында ең соңғы орынды алады. Жылына сумен қамтамасыз ету 1 км 2 -қа 37 мың м 3 және 1 адамға 6, 0 мың м 3 тең.

Қазіргі таңда су ресурстарын тау-кен өндірісі, металлургиялық және химиялық өнеркәсіп сонымен қатар қалалардың коммуналдық қызметі қарқынды түрде ластап, экологияға үлкен қауіп төндіруде. Қатты ластанған су көздері Ертіс, Нұра, Сырдария және Іле өзендері мен Балқаш көлі болып табылады. Қазіргі кезде ауызсудың негізгі көзі жер асты сулары да ластануда [2] .

Ауыл шаруашылығынан шыққан төгінді сулар да, яғни өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін қолданылатын минералдық тыңайтқыштар мен ауру мен зиянкестерден, арам шөптерден қорғаудың химиялық амалдарынан шығатын сулар да ластаудың негізгі көзі болып табылады.

Су ресурстарының ластануы адамның дамуы мен денсаулығына орасан зор зиянын тигізуде. Әсіресе Қазақстан үшін бұл жағдай шиеленіс үстінде.

Осыған орай су ресурстарын қорғап, тазарту барлық адамзаттың алға қойған негізгі мақсаты болып отыр.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Жобаның негізгі мақсаты ластанған суларды тазартып, экологиялық таза өнім алу арқылы халықтың денсаулығын жақсарту.

Жобаның міндеті:

  • суды тазарту әлістеріне шолу;
  • суды тазартудың түрлері;
  • тазарту мәселелері.

-

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Өзен суын тазартудың жаңа технологиясы, оның ішінде кешенді тазарту имараттарынан тұратын тұндырғыш пен биологиялық су тазарту каналы (өзін-өзі тазарту процесін қарқындататын канал) . Мұндай кешен әлі түзелмеген. Сонымен қатар, суды үнемдеу мен кәріз суларын тазартудың - жер бетімен суарудың жаңа әдісін түзеу.

Қорғалатын жағдайлар:

  • таңдалған су шаруашылық құрылымдар;
  • су сапасын жақсарту мақсатындағы тазарту технологиялары;
  • тамшылатып суарудың жаңа әдісі.

Жұмыстың тәжірибелік мағынасы. Ғылыми зерттеу жұмысының негізі болып Алматы облысындағы таулы өзеннің (Қаскелең өзенінің) су сапасын жақсарту мақсатындағы технологияларды анықтау, суды үнемдеу мен суарудан шыққан кәріз суларды болдырмас үшін жаңа тамшылатып суаруды енгізу.

1 ӨЗЕН СУЛАРЫН ТАЗАРТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА ӘДЕБИ ШОЛУ

Төгінді суларды механикалық, химиялық, физика-химиялық және биологиялық әдістермен тазартылады. Негізінен осы әдістердің барлығы төгінді суларды тазарту кезінде кешенді яғни тізбектелген түрде қолданылады. Ал, жеке-жеке қолдану төгінді сулардың құрамына байланысты болады [3] .

Механикалық тазартуда төгінді судың құрамындағы механикалық қоспалар тұндыру және сүзу арқылы тазартылады. Өлшеміне байланысты үлкен бөлшектер торлармен, құм ұстағыштармен және қи ұстағыштармен тазартылса, ал, жоғарғы қабаттағы ластағыштар мұнай ұстағыштармен, тұндырғыштармен және т. б. тазартылады. Механикалық тазартумен тұрмыстық төгінді сулардың құрамындағы ерімейтін заттардың 60-75 %, ал өнеркәсіптің төгінді суларының 95 %-на дейін тазартылады.

Химиялық тазартуда төгінді суға әртүрлі химиялық реагенттерді қосады. Сөйтіп ластағыштармен реакцияға түскен реагенттер ластағыштарды ерімейтін тұнбаға айналдырып тұндырады. Химиялық тазартуда ерімейтін қоспалардың 95 %-ға дейіні және еріген қоспалардың 25 %-ға дейіні тазартылады.

Физика-химиялық тазартуда коагулянттар қосу, қышқылдандыру, собция және экстракциялар арқылы кіші дисперсті, органикалық емес еріген қоспалардан тазартылады және органикалық заттар мен әлсіз қышқылданған заттарды бұзады. Бұл әдісте электролиз кең қолданылады. Бұл металдардан, қышқылдардан және органикалық емес заттардан тазартады және төгінді сулардағы органикалық заттарды бұзады.

Осылармен қатар төгінді суларды ультра дыбыс, озон, жоғарғы қысым және хлор көмегімен де тазартылады.

Өзендердің және басқа да су көздерінің биохимиялық және физиологиялық өзін-өзі тазарту заңдылығын қолданылатын төгінді суларды тазартудың ең маңыздысы ол биологиялық тазарту болып табылады. Бұл әдісте төгінді суларды тазартатын бірнеше биологиялық қондырғылар бар. Олар: биофильтрлер, биологиялық тоғандар және аэротенктер.

Биофильтрлерде төгінді сулар жұқа бактериалдық қабыршықпен қапталған, ірі дәнді материалдар қабатынан өткізіледі. Бұл қабаттан өткенде қарқынды түрде биологиялық қышқылдану процесі жүреді.

Биологиялық тоғандарда төгінді суларды тазартуға су айдынындағы барлық организмдер қатысады.

Аэротенктер - темірбетоннан жасалған үлкен резервуарлар. Мұнда төгінді сулар бактериялардың белсенді тұнбасынан және микроскопиялық жәндіктерден тазартылады [3] .

Қазіргі кезде төгінді суларды тазартудың мынадай: механикалық, химиялық, физикалық-химиялық және биологиялық әдістер бар [1] .

Бұл әдістердің барлығы жоғарыда көрсетілген.

Суларды тыңайтқыштармен және пестицидтермен ластанудан сақтау . Минералдық тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланатын болсақ, онда олар табиғатты қорғаудың тиімді түрі. Себебі оларды пайдаланғанда, топырақтың құрылымы жақсарады, оның сумен және желмен шайылу орнықтылығын күшейтеді [1] .

Тыңайтқыштардың су көзіне түспеуінің алдын алу үшін: тыңайтқыштарды беру мөлшерінің өсімдіктердің қажеттілігіне сәйкестігін сақтауы; жердің биохимиялық ерекшеліктеріне сәйкес тыңайтқыштарды берудің ең тиімді мерзімдерін анықтау; вегетациялық кезеңде тыңайтқыштарды бөлшектеп беру (әсіресе механикалық құрамы жеңіл топырақта) ; тыңайтқыштарды суарылатын сумен бірге беру олардың мөлшерлерін азайтады (мысалы, жаңбырлату кезінде сумен беру, кәдуілгі мөлшерін екі есе азайтады) ; тыңайтқыштарды топтастыру үлгіде пайдалану, топыраққа сіңімсіз заттардың енуін төмендетеді; жай әсер ететін сыртқы қабаты қоршалған азоттық тыңайтқыштардың түйірленген түрін немесе шайылуға төзімді және пайдалы әсер коэффиценті жоғары, нәрлі қоректерін топыраққа бірте-бірте беретін қоюланған несеп түрінде еретін тыңайтқыштарды қолдану; топырақ бактерияларының әрекетін төмендететін азот аммониін тез еритін түрге көшіретін нитрофикация ингибиторларын пайдалану; тыңайтқыштардың ашық сақталуын жою.

Пестицидтердің су денелеріне түсуін шектеу үшін төмендегідей шараларды қарастырады:

  • қолдану жүйелерін жетілдіру. Ең алдымен оларды тұрақты түрдегі дәрі-дәрмектерін (препарат) пайдалануды қысқарту; пестицидтерді зиянкестер өте көп тарағанда пайдалану;
  • пестицидтер қоршаған ортаға көп таралмауы үшін, оларды жолақты, ошақты немесе тегіс қолданудың орнына шеткілік (краевую) түрде өңдеу. Мұндай өңдеу кезінде өндірістік тиімділігі сақтала отырып пестицидтердің шығыны бірнеше есе рет қысқарды, себебі зиянкестердің табиғи жаулары сақталады. (энтомофоға және т. б. ) ;
  • пестицидтердің орнына биологиялық қорғану әдістерін кең қолдану;
  • уландырғыштығы өте төмен, суда өте тез еритін (еру жылдамдығы жоғары) және тасымалдану мүмкіншілігі өте төмен пестицидтердің қауіпсіздеу түрін табу. (жасау) . Соңғы талапқа пестицидтердің түйірленген түрі сәйкес келеді;
  • суарылатын жерлерді авиациямен химиялық өңдеуде тиым салу. Тыңайтқыштарды пайдаланудың негізгі әдісі өте кішкене көлемді бүрку болып табылады.

Тыңайтқыштар мен пестицидтердің ашық суаттарға түсуін жоюдың жалпы шарасына жағамаңылық суқорғау аймақтарын қалыптастыруды орман және сутехника мелиорациясымен және агротехникалық шаралармен біріктіріп жүргізу болып табылады [1] .

Суды көк-жасыл балдырлардың ластануынан қорғау. Пайдаланатын суқоймалардың көк-жасыл балдырлардың жаппай өркендеуімен күресу шараларына мыналарды жатқызуға болады: топырақтың шайылуы және ағынды сулардың арқасында суқоймаларына қосымша нәр қорларының келуін күрт төмендету; су өсімдіктері массаларын алу; ал соңынан оларды әр қилы шаруашылық мақсаттарға пайдалану; жергілікті, ең бірінші суқоймаларының жұқпа ошақтарында биогендік бөлшектер мен органикалық заттар едәуір жиналатын тұнбаларды алу және оларды топырақтың құрамын жақсарту үшін органикалық тыңайтқыштар мақсатында пайдалану; қосымша аэрациялау арқылы судың түптік қабаттарының оттек деңгейін жоғарылату.

Бұл шаралар тек қана судың сапасын жақсарту мәселелерімен бірге тамаша органикалық тыңайтқыштар алу мүмкіншіліктерін шешеді. Сонымен қатар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өсімдік массаларының биохимиялық құрамы қосымша шикізатпен қамтамасыз етеді. Оларды негізгі биохимиялық құрамы жөнінен өсімдік шикізатының бағалы түріне жатқызуға болады.

Көк-жасыл балдырлар тыңайтқыш ретінде көңмен пара-пар, ал кейбір кездерде олардан асып түседі. Бұл тәсілдің мүмкін және арзан әдісі көк-жасыл балдырларды судан бөлмей-ақ сораптардың көмегімен жинау. Егерде оны танаптарға бірден бере алмайтын болса, олар құмдақ бөлімшелердегі тұндырғыштарда жинайды. Кольматациядан кейін оларда жабайы өсімдіктер өсіп кетеді де, жел шайылуынан қорғайды [1] .

Көк-жасыл балдырларды пайдаланудың тағы бір мысалы - оларды техникалық шикізат ретінде ашыту өнеркәсібінде қолдану. 1 кг кепкен денеден шығатын пайдалы ашыту өнімдері, этил спирті - 25-120, бутил спирті - 200-500, ацетон - 6-40.

Көк-жасыл балдырларда азот құрамды заттардың, ең бірінші кезекте белок пен амино қышқылдары көп мөлшерде болатындығынан, оларды жем-шөп мақсатында және амино қышқылдарын алу үшін шикізат ретінде пайдалану. Көк-жасыл балдырларды арнайы өңдегеннен кейін (кептіру, қайнату, жуу) құстардың жем-шөп рационын ауыстыру мақсатында пайдалануға болады. Бұл балдырлар витаминдерге және микроэлементтерге бай.

Көк-жасыл балдырлардан әрі қымбат химиялық заттарды (герариол, әрқилы антибиотиктер, ферродоксин, нуклейн қышқылы, бірқатар ферменттер және көп мөлшерде хлорофилл) бөліп алудың фармацевт пен парфюмер өнркәсіптері үшін болашағы зор.

Суларды басқа көздерден ластанудың алдын алу шаралары. Атом мен жылу электр станциялары салқындату мақсатында табиғи су көздерін пайдаланбауы судың жылылық ластануын азайтады. Ол станциялар өздерінің салқындатқыш тоғанын, шашырату алқаптарын, қуатты градирнияларын салып алулары қажет. Ол ғимараттарда су шашыратылу негізінде салқындатылады. Климаты салқындау аудандарда салқындатқыш - тоғандарды балық өсіруге пайдалану тиімді.

Суды ластамау үшін су көліктері өзінің қалдықтарын арнайы жағалық немесе жүзетін қабылдау бекеттеріне өңдеу үшін тапсырулары керек. Теңіз суларын мұнай өнімдерімен ластамау мақсатында ТМД елдерінде корпусы екі қабатты экологиялық таза танкерлер жасала бастады. Сыртқы қабатты ақауланған жағдайда мұнай ішкі қабаттан теңізге төгілмейді [1] .

Суды ластаудан қорғау шараларын жалпы үш топқа топтастыруға болады [4] :

  1. Суаттарға төгінді суларды түсуіне жол бермейтін шаралар, яғни өндірістік ғамалияларды жетілдіруге бағытталатын шаралар (өндірістік ғамалиялардың озық технологиясы; сумен қамтамасыз етудің тұйықталған немесе айналымды жүйелері; суды тізбекте пайдалану) ;
  2. Төгінді суларды залалсыздандыру шаралары (тазартудың барлық түрлері; төгінді сулармен шабындықтарды, жайылымдарды суландыру және т. б. ; төгінді суларды сүзілу танаптарына жіберу; жинағыш тоғандарға ағызу; жер қыртысының су өткізбейтін қабаттарына айдап тастау (сораптау) ; булап тазарту; өртеу) ;
  3. Тікелей су көздеріне жүргізілетін шаралар (су қоймаларынан санитарлық жіберіліс; аэрация; суды биологиялық мелиорациялау; су бетінде жүзіп жүрген қоспалардан тазарту) .

2 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КІШІ ӨЗЕНДЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ

2. 1 Алматы облысындағы кіші өзендер

Алматы облысында 52 мыңнан астам өзендер мен уақытша арналар бар. Олардың жалпы ұзындығының қосындысы 137 218 км-ді құрайды.

Барлық өзендердің 2492-сінің ұзындығы 10 км-ден асады. Пайыздық көрсеткішпен саны жағынан жалпы санының 4, 7 %, ұзындығы жағынан 43, 7 % алып жатыр [23] .

Облыстағы негізгі үлкен өзендер: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Бақанас және т. б. Ал қалғандары (орташа және кіші) осы өзендердің салалары болып табылады.

Іле өзені бассейнінде 277 орташа және кіші өзендер бар. Олардың ішіндегі негізгі салалары: Шарын (F = 7720 км 2 , L = 427 км), Шелек (F = 4980 км 2 , L = 245 км), Түрген (F = 626 км 2 , L = 11, 6 км), Есік (F = 256 км 2 , L = 121 км), Талғар (F = 444 км 2 , L = 117 км), Кіші Алматы өзені (F = 710 км 2 , L = 125 км), Үлкен Алматы өзені (F = 425 км 2 , L = 96 км), Қаскелең (F = 3620 км 2 , L = 177 км), Ақсай (F = 566 км 2 , L = 70 км), Күрті (F = 12 500 км 2 , L = 123 км) және Хоргос, Барахудзир, Үсек (F = 1970 км 2 , L = 164 км) өзендері.

Қаратал өзені бассейнінде 68 салалары бар. Негізгілері: Көксу (F = 4670 км 2 , L = 205 км), Қарой (F = 484 км 2 , L = 69 км), Биже (F = 5490 км 2 , L = 177 км), Шиже (F = 682 км 2 , L = 390 км), Ақсу (F = 5040 км 2 , L = 316 км), Лепсі (F = 8110 км 2 , L = 417 км), Сарқант, Басқан және Биен өзендері.

Лепсі, Ақсу өзен бассейнінде үлкенді кішілі 27 өзендер бар.

Тентек өзені бассейндерінде 52 салалар кездеседі [23] .

Міне Алматы облысындағы осы өзендерді салыстыра келе, олардың ішіндегі қатты ластанған өзенді, яғни Қаскелең өзен арнасын тазартуды дұрыс деп шештім.

1 сурет - Алматы облысындағы өзендердін орналасу сұлбасы

2. 2 Қаскелең өзенінің табиғи-шаруашылық жағдайы

2. 2. 1 Ауданның физика - географиялық сипаттамасы

Құрылыс салынатын жер Алматы облысы Қарасай ауданының территориясын қамтиды.

Оңтүстігінде осы Қаскелең өзені бастау алатын Іле-Алатауы жотасы орналасқан. Таулы жағы тасты болып келеді. Одан төменіректе көктемде, жазда және күзде мал жайылатын жайылымдық болса, ал одан төмен рельефі теп - тегіс болып келеді.

2. 1. 2 Ауданның климаттық жағдайы

Қаскелең өзені рельефін үшке бөліп қарастыруға болады. Олар: таулы, тау алдындағы және жазықтықтар. Рельефіне байланысты климатыда өзгеріп отырады.

Таулы аудандары мәңгілік қар мен мұздықтар жамылған суық болып келеді. Ал тау алдындағы аудандар қысы жылы, жазы ыстық қоңыржай климатты құрайды.

Ауа температурасы

Тау алдындағы және жазық аудандарындағы орташа жылдық температура солтүстіктен оңтүстікке қарай 5 0 -тан 8 0 -9 0 аралығында өзгеріп отырады. Кей күндері ауа райы жазда +41 0 С-ге дейін көтерілсе, ал қыста -41 0 С-ге дейін төмендейді.

1 кесте - Айлық және жылдық орташа ауа температурасы (градуспен)

Айлар
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII

Орт

жылд

Мет. станция
Айлар: Қаскелең
I: -5, 8
II: -4, 5
III: 0, 9
IV: 8, 6
V: 13, 9
VI: 18, 2
VII: 21, 3
VIII: 20, 2
IX: 15, 0
X: 8, 1
XI: 0, 8
XII: -3, 4
Ортжылд: 7, 8

Бір тәуліктегі ауа темпратурасы t 0 -5; 0; +5 аралығында ауытқып отырады.

Қыстың күндері кейде ауа температурасы 20 0 С-ге дейін көтеріліп, бірден жылып кететін құбылыстарда байқалады.

2 кесте - Маусымдық жауын-шашын мөлшері (мм)

Айлар

Мет.

станция

Салқын мезгіл-де
Жылы мезгіл-де
Жылдық
Түзетілуден кейінгі жауынның мөлшері

Жылы мезгілдегі жауынның жылдық жауынға қатынасы

%

Салқын мезгілде

XI - III

Жылы мезгілде

IV - X

Жылдық
АйларМет.станция: Қаскелең
Салқын мезгіл-де: 59
Жылы мезгіл-де: 105
Жылдық: 164
Түзетілуден кейінгі жауынның мөлшері: 72
Жылы мезгілдегі жауынның жылдық жауынға қатынасы%: 117
189
62

Әр жылы жауын-шашын мөлшері орта есептен үлкен шамада ауытқып отырады. Мысалы, Қаскелең ауылында бір жылдағы жауын-шашын мөлшері ең төменгі көрсеткіш 69 мм болса, ал ең жоғарғы көрсеткіш 260 мм-ді құрайды.

Қар жамылғысы

Таулы аудандарда қар жамылғысының қалыңдығы 50-60 см болса, ал жазықтық жерлерде 10-20 см-ді құрайды. Солтүстігінде тұрақты қар қараша айының аяғы, желтоқсан айының басында түссе, оңтүстігінде желтоқсан айында түседі.

Оңтүстігінде қар жамылғысы наурыз айының басында ерісе, ал солтүстігінде осы айдың аяғында ериді.

3 кесте - Қар жамылғысының қалыңдығы (см)

Айлар
Қараша
Желтоқсан
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Айлар: Он күндік
Қараша: 1
Желтоқсан: 2
Қаңтар: 3
Ақпан: 1
Наурыз: 2
3
1
2
3
1
2
3
1
2
3
Айлар: Қар қалыңдығы
Қараша: 0
Желтоқсан: 0
Қаңтар: 8
Ақпан: 8
Наурыз: 16
19
21
22
21
19
18
16
5
0
0

4 кесте - Ауаның ылғалдылығы және ылғал тапшылығы

Айлар
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Орт жылд.
Айлар: Абсолюттік
I: 2, 2
II: 2, 4
III: 3, 5
IV: 5, 3
V: 7, 5
VI: 10, 1
VII: 10, 1
VIII: 9, 0
IX: 6, 1
X: 4, 5
XI: 3, 1
XII: 2, 4
Орт жылд.: 5, 6
Айлар: Қатынастық %
I: 52
II: 53
III: 55
IV: 46
V: 43
VI: 47
VII: 42
VIII: 34
IX: 30
X: 36
XI: 51
XII: 52
Орт жылд.: 46
Айлар: Тапшылығы
I: 1, 9
II: 2, 0
III: 2, 6
IV: 4, 9
V: 7, 2
VI: 8, 0
VII: 10, 6
VIII: 11, 6
IX: 9, 8
X: 6, 0
XI: 3, 0
XII: 2, 1
Орт жылд.: 5, 7
5 кесте -Желдің орташа айлық және жылдық жылдамдығы (м/с)
Айлар
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Орт жылд
Айлар: Қаскелең
I: 1, 6
II: 2, 0
III: 2, 6
IV: 3, 3
V: 3, 3
VI: 2, 7
VII: 2, 4
VIII: 2, 2
IX: 2, 3
X: 2, 3
XI: 2, 1
XII: 1, 6
Орт жылд: 2, 4

6 кесте - Булану, мм

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зеренді ауданының шағын өзен көлдерінің сипаттамасы
Техногендік факторлардың әсеріне өсімдіктердің тесттік реакциясы
Қазақстанның шекаралас мемлекеттері арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі
Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің жалпы сипаттамалары
Жамбыл облысының су көздерінің экологиялық жағдайы
Алматы қаласының ластанған суларын тазартудың тиімділігі
Ақмола облысы бойынша су ресурстарының экологиялық жағдайы
Қазақстанның трансшекаралық өзендері
ҚАЗАҚСТАН ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қаскелең өзені ресурстарының су сапасын жақсартудың экологиялық – экономикалық тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz