Жамбыл облысы «НОДФОС» АҚ төгінді суларын екпе ағаш суғаруға пайдалану технологиясы



Кіріспе...
1. Климаттық жағдайы.
1.1 Климат...
1.2 Инженерлік.геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлар ... ... ... ...
1.3 Топырықтың мелиорациялық жағдайы..
2. Төгінді сулардың химиялық құрамы және оларды пайдалану жағдайы..
2.1 Төгінді сулардың химиялық құрамы
2.2 Төгінді суды егін суғаруға пайдалану.
2.3 Суғармалы танаптарға берілетін төгінді судың жүктеме қалабы ... ... ...
3. Екпе ағаштарын төгінді сумен суғару режимі.
3.1 Суғару режимі
4. Төгінді сулардың топыраққа,дақылдардың өніміне әсері ... ... ... ... ... ...
4.1 Төгінді сулардың топырақ құнарлығына,мелиоративтік жағдайына
әсері..

5. Төгінді суларды ауыл шаруашылығында пайдаланудың экономикалық тиімділігі.
6. Қоршаған ортаны қорғау..
7. Адам қауіпсіздігі..
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер...
Өндіріс пен тұрғын үй – коммуналдық құрылыстардың қарқынды дамуы, қалалардың кеңейіп, өнеркәсіптің өркендеуі төгінді сулардың үлкен көлемде пайда болуыны әкеліп соқтыруда. Қазақстан қалалары жыл сайын орта есеппен 6млрд.м3 – тен астам төгінді су бөледі. Бұл сулар жоғары концентрациялылығымен және күрделі химиялық құрамымен ерекшеленеді. Олардың құрамында улы тұздар, ауыр металлдар мен көптеген биогенді элементтер бар. Бұл сулар химиялық құрамы бойынша механикалық тіпті биологиялық жолмен тазартудан кейін де ашық су көздеріне қосу үшін санитарлық талапқа сай болмайды.
Республикамыздың облыс орталықтарынан, тіпті шағын қалалардан шыққан төгінді суларды жинап ұстау күрделі мәселе болып отыр. Жамбыл облысы маңындағы сыйымдылығы 1млрд.м3 болатын «НОДФОС» зауытының жинағышында төгінді су шыққан. Дәл осындай жағдай республикамыздың басқа қалаларында да байқалады.
Кейбір қалалардың маңындығы жинағыштар ойпаңдар мен фильтрация алқаптары төгінді суға толған. Су жинағыштарын кеңейтуге, жаңаларын салуға үлкен көлемде қаржы қажет екендігі белгілі. Төгінді судың осыншама шектен тыс көп жинақталуы қоршаған ортаның қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсер етуде.
1.Зубайров О.З. Орошение сточными водами в Казахстане.
Алматы,1994.-176, бет.
2. Есполов Т.И. и др. Экологические основы сельскохозяйственного использования сточных вод. Алматы, 1994. -25, бет.
3. Зубайров О.З., Айманов А.Т., Мусаев А.И., Константинов В.М. Использования сточных вод для орошения сельскохозяйственных культур в Казахстане перспективы его развития. Сборник труда ВНИИССВ. Москва,1982.-116-122, бет.
4. Зубайров О.З., Жургенев Ж.С. Интенсификация кормопроизводства путем орошения их сточными водами. Журнал «Исследования, результаты» №2. КазНАУ, Алматы, 1999. -20-72, бет.
5. Рябцев А.Д., Зубайров О.З. Эффективность почвенной доочистки сточных вод на полях орошения. Сборник «Валихановскихе чтения -6». Материалы международной научно-проктической конференции, том 14, 2001. -24-28. бет.
6. Рекомендации по установлению нагрузки на поля орошения при возделывании кормовых культур. Алматы, 1995. -70, бет.
7. ГОСТ. Водное хозяйство. Нормы, состав и свойства сточных вод для орошения. Москва, 1988. -27. бет.
8. Методические рекомендации по организации поливов очищенными сточными водами. Алматы, 1990, - 19. бет.
9. Рекомендации по использованию сточных вод накопителя Сорбулак на орошение кормовых и технических культур. Алматы,1994, -39. бет.
10. Зубайров О.З., Рябцев А.Д. Очистка сточных вод при использования их в сельском хозяйстве. Журнал «Вестник сельскохозяйственных наук Казахстана». №9 Издательство Бастау, 2001. -18-21. бет.
11. Есполов Т.И. и др. Экологические основы сельскохозяйственного использования сточных вод. Алматы, издательство «Аслико» 1994. -17, бет. 12. Рекомендация по подбору и видовому составу сельскохозяйственных культур при вращении на ОССВ в условия юга и юга-востока Казахстана. Алматы, 1992, -30. бет.
13.Койбеков Б.М. и др. Рекомендации по установлению норм нагрузки на полях орошения при возделывании кормовых культур. Алматы,1995г.
14. Койбеков Б.М. Орошения в Северном и Центральном Казахстане. Алматы, 2000, -243. бет.
15.Хачатурьян В.Х., Айдаров И.П. Концепция улучшение экологической и мелиоративной ситуации в бассейне Аральского моря. Мелиорация и водное хозяйство. М., 1990, № 2.С.5...12; 1991, № 1. - С. 2...9.
16.Заурбеков А.К., Байбулатов Ж.К., Джакашев Э.Ш. Обоснование эффективности оросительных мероприятий с учетом охраны окружающей среды. Вестник с-х науки Казахстана, 1989, № 8. Алматы, С. 77-80.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Жаңатаев Қамбар Шораұлы

Жамбыл облысы НОДФОС АҚ төгінді суларын екпе ағаш суғаруға пайдалану технологиясы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 050810 - Мелиорация жерді қорғау және баптау

Алматы 2012

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Орман, жер және су ресурстары
факультеті

Су ресурстары және мелиорация
кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жамбал облысы НОДФОС АҚ төгінді суларын екпе ағаш суғаруға пайдалану технологиясы

Көлемі, __________ бет
Сызбалар мен иллюстрациялық
материалдардың көлемі ______
Қосымшаның көлемі _________

Орындаған ________Жаңатаев Қамбар Шораұлы__________
Диплом қорғауға жіберілді ____ _____________________ 2012 ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ Тілеуқұлов А.Т.__ __
Жетекші ___________ ___Зубайров О _____
Арнайы тараулар кеңесшілері:
_________________________ ________________ __Набиоллина М___
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
_________________________ ________________ ___Абдезова К_______
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
Норма бақылау
___________________ ________________________________
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы ___________________ ___________________________

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Орман, жер және су ресурстары факультеті

050810 - Су ресурстары және су пайдалану мамандығы

Су ресурстары және мелиорация кафедрасы

Дипломдық жобаны орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент ___________________________________ _________________________________
(аты-жөні)
Жұмыс (жоба) тақырыбы: Жамбыл облысы НОДФОС АҚ төгінді суларын екпе ағаш суғаруға пайдалану технологиясы

Университет бойынша 20___ж __________________ № _____ бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 20___ж __________________

Жобаның бастапқы мәліметтері
1. Климаттық жағдайы
2. Төгінді сулардың химиялық құрамы және оларды пайдалану жағдайы
3. Екпе ағаштарын төгінді сумен суғару режимі
4. Төгінді сулардың топыраққа,дақылдардың өніміне әсері

Дипломдық жобада (жұмыста) қарастырылатын тараулар мен сұрақтар
(көкейтестілігі, мақсат мазмұндамасы, жаңалығы, графикалық материалдар тізімі
КІРІСПЕ

Ұсынылған негізгі әдебиеттер:

Жобаның графикалық бөлімі

Жұмыстын (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы

Кафедра меңгерушісі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

қолы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

аты-жөні

Жоба (жұмыс) жетекшісі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

қолы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

аты-жөні

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

қолы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

аты-жөні

Дипломдық жобаны орындау
графигі

Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі

Ескертулер
1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

Кафедра меңгерушісі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

қолы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

аты-жөні
Жоба (жұмыс) жетекшісі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

қолы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

аты-жөні
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

қолы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

аты-жөні

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1. Климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
1.1 Климат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
1.2 Инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлар ... ... ... ...
14
1.3 Топырықтың мелиорациялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
2. Төгінді сулардың химиялық құрамы және оларды пайдалану ... ... ... ... ..

жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
2.1 Төгінді сулардың химиялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
17
2.2 Төгінді суды егін суғаруға пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
19
2.3 Суғармалы танаптарға берілетін төгінді судың жүктеме қалабы ... ... ...
25
3. Екпе ағаштарын төгінді сумен суғару режимі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
29
3.1 Суғару режимі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
29
4. Төгінді сулардың топыраққа,дақылдардың өніміне әсері ... ... ... ... ... ...
39
4.1 Төгінді сулардың топырақ құнарлығына,мелиоративтік жағдайына ... ...
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

39
5. Төгінді суларды ауыл шаруашылығында пайдаланудың ... ... ... ... ... ... .

экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
62
6. Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
66
7. Адам қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
71
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
72
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
73

Кіріспе
Өндіріс пен тұрғын үй - коммуналдық құрылыстардың қарқынды дамуы, қалалардың кеңейіп, өнеркәсіптің өркендеуі төгінді сулардың үлкен көлемде пайда болуыны әкеліп соқтыруда. Қазақстан қалалары жыл сайын орта есеппен 6млрд.м3 - тен астам төгінді су бөледі. Бұл сулар жоғары концентрациялылығымен және күрделі химиялық құрамымен ерекшеленеді. Олардың құрамында улы тұздар, ауыр металлдар мен көптеген биогенді элементтер бар. Бұл сулар химиялық құрамы бойынша механикалық тіпті биологиялық жолмен тазартудан кейін де ашық су көздеріне қосу үшін санитарлық талапқа сай болмайды.
Республикамыздың облыс орталықтарынан, тіпті шағын қалалардан шыққан төгінді суларды жинап ұстау күрделі мәселе болып отыр. Жамбыл облысы маңындағы сыйымдылығы 1млрд.м3 болатын НОДФОС зауытының жинағышында төгінді су шыққан. Дәл осындай жағдай республикамыздың басқа қалаларында да байқалады.
Кейбір қалалардың маңындығы жинағыштар ойпаңдар мен фильтрация алқаптары төгінді суға толған. Су жинағыштарын кеңейтуге, жаңаларын салуға үлкен көлемде қаржы қажет екендігі белгілі. Төгінді судың осыншама шектен тыс көп жинақталуы қоршаған ортаның қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсер етуде.
Қазіргі кезде қалаларда су пайдалану деңгейін азайтудың әр түрлі жолдарын қарастырылуда. Олардың ішіндегі өндіріс орындарының суды қайыра пайдалануы, тұрғын үйлер мен қоғамдық тамақтану орындарында пайдаланатын су мөлшерін шектеу, т.б. бар. Дегенмен, жоғарыда аталған тәсілдер қалалардан бөлінетін төгінді су мөлшерін азайтуға мүмкіндік жасайды деуге болмайды. Қазіргі кезде төгінді су мөлшерін азайтудың басқа да тиімді жолдары қарастырылуда.
Ауыл шаруашылық дақылдарын суғару мақсатында төгінді суды пайдалану оның көлемін азайтудың негізгі тәсілі болып табылыды. Бұл жағдайда суғару алқабы төгінді суды зарасыздандырып, табиғи тазалаудың аяқталғн звеносы ретінде қарастырылады.Төгінді сулар толығымен пайдаланылған жағдайда көптеген әлеуметтік - экономикалық, экологиялық және техникалық проблемалар шешіледі.
Төгінді суды егіс алқаптарын суғаруға пайдалану ашық су көздерін ластанудан қорғаумен қатар, көп көлемде минералдық тыңайтқыштарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын шаруашылықтық - тұрғын үй кешендерінен шыққан төгінді сумен шамамен 400 мың га жайылымдар мен шалғынды жерлерді тыңайтуға жететін 120 мың т. азот, 45 мың т. фосфор және 65 мың калий бөлінеді.
Қала маңында жинақталған төгінді суды жаз айларында су тапшылығына байланысты ауыл шаруашылық дақылдарын суғару мақсатында жиі пайдаланылады. Бұл кезде судың химиялық құрамы ескерілмейді, жұмысшылар сақтандырылмайды, суғару технологиясы сақталмайды және ешқандай бақылау жүргізілмейді. Суды осылайша пайлдалану орны толмас жағдайға әкеліп соқтырады. Сондықтан, біз, төгінді суды ауыл шаруашылық дақылдарын,екпе ағаштарын суғару мақсатында пайданылуды жөн көрдік.

1 Климаттық жағдайы
1.1 Климат
Қарастырылып отырған аймақтың табиғи-климаттық жағдайының күрт өзгеріп тұруына байланысты континенталдылығымен және қуаншылығымен ерекшеленеді.Ылғалдылығы мол жылдардың өзінде құрғақшылық кезеңдер болып тұрады,қарлы борандар немесе күшті дауылдар, әсіресе жазық аймақтарында жиі кездеседі.Жел бағытының бір сарындылығы таулы аймақтары және тау бөктерлерінен басқа аумағында бір қалыпты. Таулы аймақтардағы және тау бөктерлеріндегі желдің бағыты, сол жердің географиялық бедеріне байланысты болады.Таулы аймақтағы желдің орташа жылдамдығы 2,6-2,52мсек аралығында,кейбір жылдардағы жылдамдық 4-5мсек мәндерді көрсетеді. Жаз және көктем айларының соңына қарай күшті жел тұрып тұрады.
Жамбыл облысының агроклиматтық көрсеткіштері ретінде бақылау аумағының территориясына түскен жауын-шашын мөлшеріне және дақылдардың өсіп-жетілуі кезеңіндегі жылы температуралар қосындысының қатынасымен сипатталатын гидротермиялық коэффициент қабылданған. Дақылдардың өсіп-жетілуі кезеңінде жылу мен және ылғалмен қамтамасыздығы бойынша бақылау жүргізілген аудан таулы жазықты қуаңдау агроклиматтық ауданға жатады. Бақылау жүргізілген ауданның гидротермиялық коэффициенті 0,5-0,7 аралығында өзгереді. Жазық аймақтың шілде айындағы орташа температурасы 23-25С. Өте ыстық жылдарда ауаның температурасы 42-45С дейін көрсетіледі. Ноль градустан жоғары температураның жалпы қосындысы 3800-4000С құрайды. Он градустан жоғары температура қосындысы 3500-3600С. Аязсыз мезгілдің ұзақтығы 155-190 күн. Қаңтар айының температурасы минус 9-3С.
Ең төмен температура минус 37-42С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-300мм, оның үштен екі бөлігі жылдың жылы кезеңінде түседі. Алғашқы қар желтоқсан айының басында түседі, шамамен 80-100 күндей жатады. Қар жамылғысының қалыңдығы 10-25см дейін жетеді. Агроклиматтық көрсеткіштер туралы мәліметтер (1.1 кестеде) келтірілген.
Талас-Аса суғармалау танаптары орналасқан аймақтың температуралық тәртібінің бір ерекшелігі-жылдың жылы мезгілінің ұзақтығы.
Жазық аймақтағы жылы мезгілдің ұзақтығы 8 айға,ал таулы аймақтарда 7 айға дейін барады. Жылдың ең ыстық мезгілі шілде айы, температураның абсолютты максимум шамасы 40С, орташа айлық температурасы 24-27С.
Таулы аймақтағы орташа айлық температурасы 18-20С.Салқын мезгіл қазан айында басталады,қараша айында температура төмендейді.Қыс айларының бір ерекшеклігі:арагідік температура көтеріліп,күн жылынып тұрады.Ең төмен температура-қаңтар айында температураның абсолютты максимум шамасы 28С. Қаңтар айының орташа айлық температурасы,жазық аймақта-6-11С,таулы аймақта-17-19С.
Ауаның абсолютты ылғалдылығы температураның өзгеру тәртібіне тікелей тәуелді. Ең жоғарғы абсолютты ылғалдылық жаз айларында жазық аймақта-10-12,7мб, таулы аймақта-17-18мб. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жаз айларында -35-55%, қыс айларында-65-81%. Ауаның ылғал тапшылығы жылдың суық мезгілдерінде шамалы 1-0,8мб,ал жаз айларында температураның жоғарылауына байланысты өседі де,маусым айында 18-27мб шамасына жетеді.
Аймақтың басым көп бөлігі тау бөктерлерін айтпағанда қуаңдау жазықтағы жылдық жауын-шашын мөлшері 120-300 мм, тау бөктерлерінде 300-400 мм дейін барады, таулы аймақтарда 600-1800 мм. Жауын-шашынның жылдық мөлшерінің 50-60% көктем және жаз айларының басында түседі. Қыс мезгіліндегі түскен жауын-шашын мөлшерінің аз болуынан және арагідік күннің жылуына байланысты, қар қабаты қалың болмайды.
Ал таулы аймақтарда алғашқы қар қараша айының бірінші он күндігінде түседі, қаңтар айында қардың жоғарғы қалыңдығы 35-40 см жетеді. Бақылау жүргізілген жылдарда территорияның табиғи климаттық көрсеткіштерінің
(1.1 кесте) мәліметтері жинақталды.
Жылдың ең ыстық мезгілі шілде айында болады. Температураның шілде-тамыз айларында қатты жоғарлауы дақылдарды суғару мезгілінің жиілеуіне әсерін тигізеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы температураға тікелей байланысты. Көп жылдық жинақталған мәліметтер бойынша, ең төмен ылғалдылық жаз айларында болады.

.

Сурет 1.1 НОДФОС зауытының көрінісі

1.1Кесте
Зерттеу жүргізілетін алқаптың табиғи климаттық көрсеткіштері,орташа мәндері

Көрсеткіштер
А й л а р

I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
I X
X
XI
XII
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Орташа көп жылдық
Температурасы, t °С.
-4,7
3,1
2,2
11,1
17.1
21.9
24.4
22.4
16.6
9,2
1.5
3.2
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %.
75
80
76
65
57
47
41
40
44
58
74
79
Жауын-шашын мөлшері
Р, мм.
26,7
29
44
48,7
35
22
11,1
5,0
7,5
24.9
42
36.3
Бақылау жүргізілген жыл
Температурасы, t °С.
-11,2
-8
2,6
11,9
17.9
22,7
24.9
24.0
17.4
8.6
-0.6
-7
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %.
77
77
70
55
52
48
41
40
44
58
73
77
Жауын-шашын мөлшері
Р, мм.
33
27
28
57
60,2
36
39
44
38,8
21
19
15

12

1.1 кесте жалғасы
Көрсеткіштер
А й л а р

I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
I X
X
XI
XII
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Бірінші жыл
Температурасы, t °С.
-6.6
-5.4
-4.0
9.1
17.6
24.2
26.06
24.2
14.3
10.5
7.5
-0.6
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %.
78,0
78.6
77,0
66,0
62.3
46.0
37.6
36.0
46.3
56.0
76
88
Жауын-шашын мөлшері Р, мм.
14.4
12.63
37.9
76
27.5
16.3
_
_
8.3
19.7
95
51.3
Екінші жыл
Температурасы, t °С.
-5.5.
-1.53
3.2
12,0
17.6
23.56
26.0
23.8
18.4
10.0
6.2
-1.8
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %.
78.8

78.6

77.0

54,0

54.6

44.3

42.6

38.3

40,0

62.6

59

68.6
Жауын-шашын мөлшері Р, мм.
43.4
18.3
41.1
19,0
71.0
6.7
18.2
14.4
4,0
32,0

13.2
Үшінші жыл
Температурасы, t °С.
-6.6
-4.1
-1.2
9.4
16.5
22.4
24.8
22.6
18.4
10.1
-3
-7
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы а, %.
79,3
80,0
81,6
68,7
58,6
44,5
38,2
57,4
44,7
66,5
81
66,0
Жауын-шашын мөлшері Р, мм.
31.4
30.5
12.3
69
27.1
14.2
4.9
15.1
31.4
27.5
0.4
0.3

13

1.2 Инженерлік -геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлар

Инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларда аудандар бір-бірінен ажыратылады, ал гидрогеологиялық жағдайда бұл аймақтар нақты айқындалған ирригациялы типтегі, грунтталған сулар режимінде, тұрақты сипатта болады.
Грунт суларымен су сору горизонтында қоректендіруде суару каналдарында фильтрлеудің шығыны суармалы каналдарда жүзеге асады. Гидрогипс сипаттамасында барлық ағынды өзендердің аудандары малта тас пен құмдардың жақсы сіңіруімен ерекшеленеді.
Қазақстанның оңтүстігіндегі грунт сулары әдетті тұщы болады, бірақ оңтүстік бағытта судың минерализациялануы 1 гл-ға дейін өседі. Грунт суларының жалпы кермектілігі 4,7 - 25 мг-экв аралығында, беттік 3,8 - 4,4 мг-экв шамасына жетеді.
Өткен жылдардың материалдарын қарастыра отырып, осы егістік геоморфологиялык катынаста әлсіз толқындық жазықтыққа жатқанын көреміз.Осы шарттар жағдайында грунт суларының горизонтына сипаттама беріледі, себебі осы горизонт жерді мелиоризациялауға үлкен әсер етеді. Осы массивтегі сулы горизонт ұсак түйіршікті және шаң тәріздес кельтиминарлық свитті құмдардан тұрады.
Ретонды су қысымды палеогенді балшықтар болып табылады, шатырды 1,5 - 3,8 м тереңдікте қадайды. Грунт суларының химиялық құрамы сульфатты - хлоридті, натрийлі - магнийлі болып келеді.
Пайдаланылатын табиғи ресурстарға климаттың тиімді әсер етуінің негізгі формасы топырақтың агроклиматтық бағасы болып табылады.
Ол қазіргі уақытта негізгі үш типке бөлінеді:
- климаттык (биологиялық активті температураның суммасы (Еt°C), Жаңбыр суммасы (Ож), аязсыз периодтың ұзактығы (Т0), булану (Е0), фотосинтездік активті радиация (R), климаттың континенталділігі (K=:[+tmax°C+(- tmax°C)]), ауаның жылдык температурасы (Т°С);
- гидроклиматтық (гидротермиялық коэффициент (ГТК=ЮОс Zt°), ылғалдылық көрсеткіші (Md=OcZd), ылғалдану коэффициенті (Ку=ОсЕ0), ылғалдану бағасы (Ко=0с0,18 Zt°), құрғақшылық индексі (R=RLOc), мұндағы, L-жасырын жылулық туынды, ккалсм), құрғақшылық көрсеткіші, ылғалдылық дәрежесі;
- табиғи-экологиялык (топырақтың биологиялық өнімділігі (Б), топырақ түзуге жүмсалатын энергия (Q), топырақтағы гумустың болу мөлшерінің өзгерісі (Г), топырақты жэне грунт суларының ылғал алмастырушы интенсивтілігі (g), ауданның экологиялық жағдайы (Эк), топырак индексі (S), климаттың жағымдылық көрсеткіші (CL), ауылшаруашылық мәдени өсімдігінің өнімділігі (У).
Метеорологиялық станцияның көп жылдық еңбектер негізінде топырықтың өнімділігіне кешенді агроклиматтық баға берілген (1.2 кесте).
Сондықтанда, ылғалмен қамтамасыз ету сияқты көрсеткіште: ылғалдандыру коэффиценті (Ky)-0,20-0,25, ылғалдану көрсеткіші (Md)-0.05-
0.08, құрғақшылық индексі R)- 6,78-7,70 немесе гидротермиялық көрсеткіш (ÃÒÊ)-0,32-0,39, өсімдіктің өзіндік ылғалдануының өте төмен жағдайда екенін көрсетеді.
1.2 кесте.
Топырақтың өнімділігінің агроклиматтық бағасы

Көрсеткіш
Жамбыл
Pound10 ° С
3600-4200
d, мм
2750
Ос , мм
37,2-157,7
Т0, тәулік
180-200
K,°N
77,2
R, ккалсм2
42.76
Е о, мм
1060
Т°С
8.0
M d
0.06
К у - Ос Ео
0.15
R = RLOс
6.78
ГТК
0,37
1.3 Топырақтың мелиорациялық жағдайы
Жамбыл облысында беттік суармалы массив құмды - суглинисті бөліну негізінде жатыр, оның қуаттылығы 3,0-5,0 м аралығында болады.
Металдармен салыстырғанда грунттардың коррозияға белсенділігі негізінен төменнен орташа аралықта. Табиғи қысымда грунттардың отырып кетуі саздықтарда болмайды немесе шамамен 2 см құрайды. Массив грунттары тұздалмаған. Саздықтардың сүзілу коэффиценті орташа шамамен 0,26 мтәулік, супестерде 0,7 мтәулік шамасында.
Суараластырғыш түрлеріне құмдармен гравайлі - галечникті, азда болса, койтас қоспалы құмдауыт топырақпен толтырылу болып табылады. Грунт суларын орташа шамамен 5 м дейін тереңдікте құяды. материалдар негізінде бөлшекті топырақты зерттеулер мен физика-химиялық талдау аркылы келесі топырақтық әртүрліліктер анықталды:
орташабалшықты - шабындықты - суармалы сұржерлілік;
сұржерлі - шабындықты суармалы жеңілбалшықты;
сұржерлі - шабындықты суармалы орташабалшықты;
сұржерлі - шабындықты суармалы ауырбалшықты.
Шабындықты - сұржерлі суармалы орташа балшықты топырақтар екі контурмен оңтүстікте және оңтүстік - батыстағы массивте таралған.Жалпы аудан 89,0 га. Грунт сулары жер бетінен 3,6-4,2 м тереңдікте жатады.
Минаралдау 0,764 гл шамасына жетеді. Егістік көкжиегінде гумустың мөлшері 1,16 - 1,570. Суды сорып шығару мэліметтері бойынша топырақ сортаңданбаған және кез келген ауылшаруашылық мәдени өсімдігін агротехниканың барлық ережелерін сактай отырып өсіруге жағдай жасалған.
Сұржерлі -- шабындықты суармалы жеңілбалшықты. топырақтар оңтүстік - батыс массивте таралған. Жалпы ауданы 54,0 га. Грунт сулары жер бетінен 2,6 м тереңдікте жатады. Минералдау 0,529 гл шамасына жетеді, топырак жеңіл құнарлы болып табылады. Суды сорып шығару мәліметтері бойынша топырақ сортаңданбаған және тығыз қалдық 0,114 % шамасынан аспайды.
Сұржерлі - шабындықты суармалы ауырбалшықты топырақ солтүстік - батыста жэне солтүстік - шығыс массивінде таралған. Жалпы ауданы 60,5 га. Грунт суы 5 м тереңдікте жатыр. Минералдау 0,820 гл шамасында. Суды сорып шығару туралы мәліметтер бойынша топырақ сортаңданбаған, тығыз қалдық 0,101% мөлшерінен аспайды. Топырақ жоғары сапалы, агротехникалық ережелерді сақтай отырып, кез келген ауылшаруашылық мәдени өсімдігін өсіруге жарамды.
Сұржерлі - шабындықты суармалы орташа балшықты топырақтар орталық масивте таралған.Жалпы ауданы 118,5 га құрайды.Грунт сулары жер бетінен 5-6м тереңдікте жатыр. Минералдану 0,074 гл шамасында.Егістік көкжиегінде гумустың мөлшері 1,97-2,05 %.Суды сорып шығару туралы мәліметтер бойынша топырак сортаңданбаған, тыңыз қалдық 0,113% мөлшерінен аспайды.
Топырақ жоғары сапалы, агротехникалық ережелерді сақтай отырып, кез келген ауылшаруашылық мәдени өсімдігін өсіруге жарамды.Сініріп алу жылдамдығы 0,07 мсағ.Орташа фильтрациялау коэффиценті балшықтар үшін 0,14 мтәулік, ал ауыр балшықтылар үшін 0,2 мтәулік, орташа балшықтылар үшін - 0,3 мтәулік.
Бұл топырақтар механикалық құрамы бойынша орташа және ауыр балшықты топырактарға ұқсас, олардың негізі орман балшықтары болып табылады. Жаңбыр мен суарудан соң, топырақтар тез қатайып, беттерінде қабық пайда болады, ал ол өсімдіктің өсуіне кері әсерін тигізеді.Азотпен байытылудан топырақ кедей болып келеді, ал гумус 1,3-2,0 % шамасында.

2 Төгінді сулардың химиялық құрамы және оларды пайдалану жағдайы
2.1 Төгінді сулардың химиялық құрамы

Анықталған химиялық талдау мәліметтері бойынша (2.1кесте) НОДФОС акционерлік қоғамының төгінді суының сілтілігі 8.4-8.5 мгл, минералдылығы 610-870 мгл. Химиялану түрі катиондар құрамы бойынша натрий-кальций-магнийлік,ал аниондар құрамы бойынша хлорид-сульфат-гидрокарбонатты. Иондардан натрий басымдау 118,5 мгл, кальций мен магнийдің құрамы (3.0 + 2.5 мгэквл), рұқсат етілген мөлшерден (10 мг.эквл) аспайды. Гидрокарбаноттардың құрамы 2.88-3.68 және хлордың 4.0-5.36 мг.эквл, бұлардың төгінді судағы мөлшері рұқсат етілген мөлшерден жоғары. Гидрокарбонаттар 1.4 мг.эквл, ал хлор 0.3 мг.эквл аспау керек.
Төгінді судың құрамындағы негізгі қоректік элементтердің мөлшері мынадай: фосфор-13.8-15.5 мгл; азот-6.05-9.24 мгл; калий 6.5-26.5 мгл. НОДФОС акционерлік қоғамының төгінді суы суғаруға жарамдылығының жалпы классификациясы және тыңайтқыштық құндылығы бойынша құнарлығы төмен үшінші топтағы су қатарына жатады (2.1 кестеде).

2.1 кесте
НОДФОС акционерлік қоғамының төгінді суының химиялық талдау мәліметінің көпжылдық орташа мәндері, мгл

Реті сан
Көрсеткіштері
Орташа көп жылдардық
Бақылау жүргізілген жылдар

Тазалауға
дейін
Тазалаудан
кейін
Тазалауға
дейін
Тазалаудан
Кейін
1
2
3
4
5
6
1
рН
8.3-9.5
8.5
8.7-9.8
8.6
8.2-8.5
8.35
8.4-8.5
8.45
2
Құрғақ қалдығы
525-890
707
625-888
757
535-885
710
600-860
730
3
Карбонаттар
15.6-50.1
29.3
12.4-78.5
47.2
12.0-230
121
12.0-440
28
4
Хлоридтер
78.7-158
980
19.8-242.1
150.4
63.0-70.0
66.5
142-190
150
5
Гидрокарбонат

122-274
232
155.6-263
178
236-274
255
176-224
197
2.1кесте жалғас
6
Сульфаттар
69-324
259
70-381
225
105-274
125
41-250
145
7
Кальций
40-80
60
32-68
50
54-63
59
54-90
72
8
Магний
17-55
36
15-36
25
35-40
36
35-49
42
9
Натрий
50-140
95
38-150
94
60-84
72
113-124
115
10
Калий
2-14
7
2-10
6
3.5-5.5
4.5
6.5-26.4
16.45
11
Жалпы азот
1.12-8.9
4.2
4.48-11.2
8.25
2.0-6.05
4.1
1.42-9.24
5.33
12
Жалпы фосфор
10-31
20.5
6-37
13
5.3-6.0
8.0
13.8-15.5
14.45
13
Фтор
1.0-3.0
2.0
1.7-3.9
2.8
1.0-2.6
1.8
1.1-2.9
2.0
14
Жалпы минералдылығы
492-928
696
580-957
695
600-666
643
609-870
744

Ескерту: Алымында мәндер аралығы келтірілген,бөлімінде орташа мәндері келтірілген.
Төгінді судың химиялық құрамын анықтау үшін, бақылау жылдарында жүйелі түрде жүргізілген бақылау шаралары, химия зауытының төгінді суында олардың өндірістік белсенділігіне тән заттардың (қалдықтардың) құрамында айтарлықтай өзгерістердің болмағандығын көрсетеді. Ең қауіпті болып саналатын фтор мөлшері зерттеу жылдарында орташа мәндері 1,8-2,0 мгл болды.Суғаруға пайдаланатын судағы фтордың рұқсат етілген мөлшері АҚШ - 1,0; ТМД мемлекеттерінде 1,2-1,5; ФАО - 1,0; ТЭӨК (СЭВ) - 1,5-3,0 мгл.

2.2 Төгінді суды егін суғаруға пайдалану
Ауыл шаруашылық дақылдарын суғаруға пайдаланатын төгінді судың суғаруға жарамдылығы бірқатар сыртқы әсерлерге (факторға) байланысты екендігі белгілі. В.А.Ковда (1968ж.) өз еңбегінде бес басты мәселелерді атап көрсетеді: судың химиялық құрамы; дақылдарды суғару ерекшеліктері; топырақтың қасиеті; климат; қолданылатын агротехника. Осы әсерлердің бір-біріне байланысы, төгінді суды ауыл шаруашылығында пайдалану мүмкіндігін анықтайды.
Қазіргі уақытта төгінді судың суғаруға жарамдылығын, оның химиялық құрамы бойынша анықтау әдісі кеңінен қолданылады.Себебі, суда ерігіш тұздардың суғаруға пайдаланатын судағы және топырақтағы құрамы әр түрлі болуы мүмкін. Көп жағдайда бұл тұздар аралас үш катиондар - натрий, магний, кальций, сондай-ақ төрт аниондар - хлор, сульфаттар, гидрокарбонаттар және биокарбонаттар болып кездеседі. Төгінді суларды егістікті суғару үшін пайдаланар алдында, олардың химиялық құрамын анықтау керек.
Ол үшін алдымен, лабораториялық әдістермен химиялық құрамын анықтап, ирригациялық баға береді. Егер ол судың тұздылығы 1 гл-ден аспаса, ол егістікті суғаруға қауіпсіз деп табылады.Қазақстанның құм-сазды топырақтарында суғаруға пайдаланылатын судың тұздылығын 1,5 гл-ге дейін жеткізуге болады.
Өсімдік үшін ең қауіптісі натрий тұзы (сода) және хлор қоспалары болып табылады.Егер натрий.тұзы көп болса, онда топыраққа сіңген кальций және магний тұздары азайып кетеді.Бұл өте қауіпті: егер суғаруға бөлінген судың құрамы Na және К иондарының Са жэне Mg иондарының қатынасы көбейіп кетсе, онда топырақтың сортаңдануы мүмкін.
Топырақтың қатталып тұздануы болмас үшін, иондардың төмендегі қатынасы сақталуы керек (2.2 кесте)

2.2 кесте
Суғаруға арналған төгінді судың шектелген химиялық құрамы

Көрсеткіштер
Орман топырағы
Қара топырақ
Қоңыр топырақ
Құм сазды
Көп тұзданған
Ерітінді заттар (құрғақ қалдық гл)
3,5
2,5
2,0
1,5
0,6
Кальций, мгл
650
500
450
350
200
Калий, мгл
125
100
75
75
100
Хлорлар, мгл
400
350
300
250
150
Сульфаттар, мгл
500
400
350
200
150
Сілтілер, мгл
27,1
21,3
19,4
16,4
8,2
Амониялық зат, мгл
150
100
100
100
100
2.2 кесте жалғасы
Фосфор, Р205
75
75
75
75
75
ХПК, мгл
1800
1500
1350
1250
1100
Арнаулы органикалық заттар
200
300
200
250
150
Тұнба заттар
30000
3000
3000
3000
3000
Na:Ca
3:1

2:1
1:1
2:1
1:2

Соңғы кезде орыс ғалымы Л.Е.Кутепов (1970) көп жылдық ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, егістікті суғаруға арналған судың құрамына төмендегідей талаптар қойып отыр (2.3 кесте).
Егістікті тұздылығы 2...3 гл сумен суғарып отырса, жыл сайын күз-қыс айларында бір-екі рет сол жердің топырағын тұздан жуып-шайып тұру керек. Суғаруға пайдаланылатын төгінді судың химиялық құрамына топырақ түріне байланысты төмендегідей талаптар қойылды. Қалалардан шыққан төгінді сулардың құрамында өндірістік төгінді судың мөлшері 30...40 %-ке дейін жетуі мүмкін.
Мысалы, Жамбыл ауданынан шыққан төгінді сулардың 40 % өндірістік төгінді су. Міне осы жағдайларда төгінді су құрамында қауіпті ауыр металдар мен қауіпті заттар бар.Мұндай суларды егістікті суғаруға жарайтын-жарамайтын төмендегі (2.4 кесте) бойынша шамалауға болады.
Қазақстанның әр жерлерінде жүргізілген зерттеулердің негізіне сүйене отырып, егістікті суғаруға пайдаланылатын судың химиялық құрамы төмендегідей шектелуі керек.
Қалалардан шыққан төгінді сулар механикалық және биологиялық тазартулардан өтуі керек. Механикалық тазарту құрылыстарына төгінді сулар ірі қалқымалы және тұнба заттардан тазартылады.
Биологиялық тазарту екі түрге бөлінеді: табиғи жағдай және жасанды жағдай.Табиғи жағдайларда биологиялық тазартылу сүзілу танабында, биологиялық тоғандарда жүргізіледі.Ал екінші жағдайда биологиялық сүзгі.
Механикалық және биологиялық тазарту кезінде көптеген тұнба қалдықтар пайда болады.Олардың арнаулы құрылыстарды өңдейді.
Тұнба қалдықтар құнарлылығы жағынан көңнен асып түседі.Оның 100м3 мөлщері бір гектар жерге 25-30 тонна азот, 40-60кг фосфор және 5-10кг калий құрамындай болады.

2.3 кесте
Егістіктерге берілетін судың химиялық көрсеткіштерінің шегі.

Көрсеткіштер

Судың шектелген химиялық құрамы

Төгінді суды пайдалану жолдары

2.3 кесте жалғасы
РН
5,8...8,0
6,0...8,0
4,5...8,0
Топырақтың барлық түрінде
Қышқыл топырақта ғана
Сілтілік топырақта ғана
Натрий мг-эквл
8
Ауыр салмақты топырақта
Калий мг-эквл
8...10
Орта салмақты топырақта
Кальций мг-эквл
10...12
Жеңіл салмақты топырақта

Магний мг-эквл
20
Топырақтың барлық түрінде

20-45
Орта және жеңіл салмақты топырақта, егер топырақтың тұзын бір рет жуып шаятын болса

45-75
Осы топырақтарда, бірақ жуып-шаю мақсатында пайдалану керек

75-100
Жеңіл топырақтарда, бірақ жуып-шаю мақсатында жүргізу керек. Барлық жағдайда.
Кальций, магний, азот, мгл
80...120
Жетіспеген азот санын минералды тыңайтқыштармен толтырады. Өзен суымен салыстыру керек
Фосфор, мгл
20...130
Барлық топырақта
Калий, мгл
100...150
Барлық топырақта

Сондықтан да олар арнаулы дайындықтан өткен соң, топыраққа тыңайтқыш ретінде беріледі.
Өндірістен шыққан төгінді сулар алдымен тұнба қоймаларда, механикалық қондырғыларда екі фракцияға бөлінеді. Сүзбе қалдығы трактор арбаларымен арнайы жерге апарылып өңделіп, 5-6 айдан кейін, егістікке тыңайтқыш ретінде беріледі. Ал сұйық фракциясы тұнба қоймаға түседі. Ол жерде 5-6 ай тұруы керек. Сол мерзімде олар толық қауіпсізденеді. Содан соң оларды егістікке өзен суымен араластырып (1:5; 1:7 рет) береді. Егер сұйық фракцияда гельмиттер тағы да басқа микробтар табылса, онда қосымша өңдеу керек. Мал қоралардан шыққан төгінді суларды кейбір жерлерде биологиялық тазартудан өткізіп жүр, мұндай жүмыстар өте қымбатқа түседі.
Шаруашылықтарда төгінді суды дайындап тазартуда ең сенімді және тиімді әдісі деп биологиялық тазарту тоғандарын айтады. Олардың екі түрі болады: ағынды және ағынсыз. Ағынды түрі бірнеше бөліктен тұрады. Су бір бөлімнен екінші бөлімге ары үшінші бөлімге және т.б. өтіп жатады.Ал су ең соңғы бөлімнен алынады. Төгінді су құрамында металдар және органикалық заттардың мәндері белгілі шектеуден асып кетпеуі керек (2.4 кесте).

2.4 кесте
Егіншілікті суғаруға арналған сулардың құрамындағы металдар мен органикалық заттардың мөлшерінің шектелуі, мгл

Көрсеткіштер
Шектелген мөлшері
Көрсеткіштер
Шектелген мөлшері
Ацетон
40
Метанол
200
Барий
4,0
Метил эфирі
50
Бор
0,5
Мышьяк
0,2
Вольфрам
100
Никель
0,5
Детергент
30,0
Нитрат
0,5
ДДТ
0,5
Нитил актилді қышқылдар
100
Темір
20
Родажиди
2,0
Купралактом
200
Фенол
40
Кобальт
1,0
Формальдегид
50
Магний
300
Цианидтер
10
Марганец
1,0
Цинк
20
Ағынсыз түрінде бөлімшелердің бірімен бірінің байланысы болмайды. Биологиялық тоғанның бұл түрі едәуір жер алады.Су бір бөлімде бірнеше күн тұруы керек.Пайдалануға өте ыңғайсыз.
Шағын қалалардан щыққан-төгінді суды тазарту үшін, егер жиналған судан шьіққан су мөлшері тәулігіне 15 000 м3 тен аспаса, БОКС (биологиялық оксоидальды ағынсыз стабилизациялық) тоғанды пайдаланған жөн. БОКС тоғанда төгінді су 99,9 %-ке дейін әртүрлі ауру таратқыш бактериялардан тазартылады. Бұл тоған 6-7 секциядан тұрады. Әр секцияда төгінді су 6-7 тәулік түруы керек. Қазақстан ғалымдары боз топырақ жағдайында егін суғаруға пайдалануға төгінді судың химиялық құрамын ұсынған (2.5 кесте).

2.5 кесте
Қазақстанның боз топырағында егістікті суғаруға пайдаланатын төгінді судың химиялық құрамының шегі (О.З.Зубаиров)

Көрсеткіштері
Өлшемі
Мөлшері
Натрий
мгл
280...350
Кальций

мгл
100..250
Хлор

мгл
100..110
Биокарбонаттар

мгл
дейін 400
Сульфаттар
мгл
180..280
БПК
мгл
дейін 400
Тұнба қалдық
мгл
100

2.5 кесте жалғасы
Жалпы тұздылығы
мгл
1500
Өзіне тән органикалық заттар (фенол, формальдегид, протропин, диметилдиоксан) қатынасы
мгл
50...100
Коли-титр
мгл
Мөлшерде

БОКС тоғанының әр секциясында арнайы өсірілген микро су өсімдіктері өсіріледі. Олар тез арада көбейіп, тоғанның төменгі деңгейін толық қаптап кетеді. Міне, сол өсімдіктер лас судағы ауру таратқыш бактериялармен қоректенеді.Бұл тоғанның тереңдігі 0,6-1,0м болады. Тоғанның ең соңғы секциясы суға толып жатқанда, ең алдыңғы секциясынан суды егістікке беріп жатады. Қыс айларында төгінді су қысқы сақтағыш ашық тоғанға беріледі. Көктемде оған микро су өсімдіктерін жібереді.Содан соң 1-2 аптадан кейін, ол су микробтардан толық тазартылады да егістікті суғаруға пайдаланылады. Мұндай сулармен суғарған дақылдардың түрі мен сортын таңдай білу керек.Олар топырақтағы биохимиялық процестерді жылдамдату және оған себепкер болуы керек.Қосымша салмақ береді, ал кәдімгі сумен суғарғанда мұндай қосымша салмақ 9кг-ды құраған.
Можейко А.М және Воротник Т.К., Na мен K - дің қосындысы барлық катиондардың қосындысына қатынасы 65% аз болған жағдайда, мұндай төгінді суды ауылшаруашылық дақылдарын суғаруға жарамды деп есептейді.
Ал И.А.Антипова-Каратаева және Г.М.Кадера төмендегі шарт орындалған жағдайда ғана төгінді судың суғаруға жарамдылығын айтады.
(2.1)
М.Ф.Будановтың әдісі бойынша, егер де натрийдің кальцийге қатынасы бірден аз болса немесе натрийдің кальциймен магнийдің қосындысына қатынасы 0.7-ден аз болған жағдайда мұндай төгінді суды пайдаланудың еш қауіптілігі жоқ деп саналады.
АҚШ-тың ауыл шаруашылық департаментінің әдісі бойынша, топырақтың сортаңдауына әкеліп соғатын коэффициенті 8-ден жоғары болған жағдайда мұндай суды суғаруға пайдалану қауіпті деп санайды.
(2.2)
Төгінді судың химиялық құрамының анықтай отырып жоғарыда айтылған әдістері пайдаланып, қарастырып отырған су нысандарының төгінді суының ирригациялық жарамдылығы анықталды (2.6 кесте).
Кестеде келтірілген мәліметтер қарастырып отырған төгінді сулардың топырақтың сортаңдану қауіптілігі бойынша суғаруға ешқандай шектеусіз жарамды екенін көрсетті.
Ал катиондар қатынасына және химиялық элементтер қауіптілігі бойынша анықтау,өсірілетін дақылдарға немесе топырақтың түріне байланысты,оларды пайдалануда шектеуліктердің болатыны анықталды.
Төгінді сумен суғарылатын дақылдарды таңдау,пайдаланатын судың суғаруға жарамдылығымен қатар,алқабтың табиғи-климаттық жағдайын, нақты танаптағы ыза суының деңгейін ескере жүргізіледі. Дақылдарды таңдауда тағы бір ескерілетін мәселе, кез келген төгінді судың құрамында өндіріс орнының өнеркәсіптік белсенділігіне байланысты, сол кәсіпорынның төгінді суына тән минералды және органикалық өзіне тән қоспалар болады,ал олардың топырақтағы микроорганизмдерге және өсірілетін дақылдарға улылығы әр түрлі дәрежеде болады.
Сондықтан да дақылдарды төгінді сумен суғаруда танаптарда жүргізілетін мелиоративтік шараларды, дақылдардың өнімдерінде улы заттардың болмауын қадағалайтын мал дәрігерлік, санитарлық мекемелердің берген арнайы талаптарын қатаң сақтай отырып орындау керек.Азықтық және техникалық дақылдарды суғаруға жарамды екенін бізден де басқа ғалымдар (О.З.Зұбаиров,А.А.Акжанов,В.М.Конст антинов,А.И.Мұсаев,В.М.Петруни, К.Мұсабеков) дәлелдеп кеткен.
Ал НОДФОС акционерлік қоғамының төгінді суларымен мал азықтардың қай түрі болмасын суғаруға болмайды, 1988 жылы осы сумен жоңышқа, жүгері дақылдарын суғарып, олардың өнімнен алынған химиялық талдау малдарға беруге жарамсыздығын көрсетті.Сондықтан бұл суларды тек екпе ағаштарын суғаруға пайдалану керек.

2.6 кесте
Төгінді сулардың ауыл шаруашылық дақылдарды суғаруға жарамдылығы.

Судың жарамдылығын анықтау әдістері
Шектік мәндер
Химия өнеркәсібінің төгінді суы
Жамбыл ауданының суы
Төгінді судың ирригациялық жарамдылығын катиондар қатынасы бойынша анықтау
100Na(Ca+Mg+Na)

80,0
56
Na (Ca+Mg)

0,83
0,57
(Ca+Mg)(Na+0.23Cl)

1,10
0,25
2.6 кесте жалғасы
2Na(Ca+Mg)

1,66
3,17
Төгінді судың ирригациялық жарамдылығын топырақтың сортаңдану қауіптілігі бойынша анықтау
Натрий және калий катиондарының қатынасы

8,3

14

6,4

5,2

Бақылау жүргізілген жылдарда жинақталған химиялық талдау мәліметтері әр түрлі төгінді сулардың өздеріне тән, олардың құрамындағы ластағыш заттардың шамасын ескере отырып,төгінді суларды ауыл шаруашылық дақылдарын суғаруға пайдалануда, мелиоративтік шаралармен қатар,қоршаған ортаны ластанудан қорғау шараларын да қатар жүргізу керектігін көрсетеді.
2.3 Суғармалы танаптарға берілетін төгінді судың жүктеме қалыбы
Төгінді суларды пайдаланатын арнайы нысандар үшін, біздің жағдайда төгінді суды пайдалануға негізделген суғармалау жүйесі де, дақылдардың жалпы су тұтынуының немесе танаптарға берілетін төгінді судың жүктеме қалыбының маңызы зор.
Қазақстанда төгінді суды ауыл шаруашылық дақылдарын суғаруға пайдаланып ғылыми зерттеу жұмыстары 1970 жылдардан бастап жүргізілген.
Осы зерттеулер нәтижелері ауыл шаруашылық дақылдары суғаруда танаптарға берілетін төгінді судың жүктеме қалыбын анықтауда бастапқы мәліметтер беріп осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізуге негіз болды.Танаптарға берілетін жылдық төгінді судың жүктеме қалыбы, дақылдардың өсіп жетілу кезеңінде және күз-қыс айларында ылғалдандыру және тыңайтқыштық мақсатта берілген су мөлшеріне байланысты анықталады.
Күз-қыс айларында берілетін төгінді судың суғаруға қалыбы, топырақтың сіңіру мүмкіндігіне, химиялық, қарашірік құрамына, топырақтың құрамындағы әр түрлі компоненттердің шамасына байланысты анықталатын топырақтың физикалық, биологиялық, химиялық тазарту қабілетіне сәйкес белгіленеді.
Төгінді суды топырақ қабаттары арқылы тазарту әдісінің тиімділігі,суғармалы егістіктерге алынған ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің сапасы мен олардың экологиялық жағдайына байланысты анықталады.Әр түрлі төгінді суды ауыл шаруашылығында пайдалануда эколого-мелиоративтік аспектілерді қарастыру барысында, топырақтың су-физикалық,агрохимиялық, физика-химиялық қасиеттері, микробиологиялық белсенділігі төгінді суды топырақ қабаттары арқылы тазартудың тиімді екендігін көрсетеді.онымен қатар тағы бір ескерілетін жағдай,төгінді суды суғаруға пайдалануда олардың тыңайтқыштық құндылығының маңызы зор.
Суғармалы танаптардың мелиоративтік және экологиялық жағдайын қорғау үшін әрбір аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып,танаптарға берілетін төгінді судың жүктеме қалыбын анықтау қажет.Мал азықтық дақылдардың су тұтынуына, өнімділігіне әсер ететін ылғалдану коэффициентінің эксперименттік жолмен алынған мәліметтерін өңдеу,танаптарға берілетін жүктеме қалыбын дифференциялауға мүмкіндік берді.
Экологиялық заңдылық бойынша кез келген мелиоративтік жүйенің тиімділігі, кеңістіктігі белгілі бір уақыт аралығында ғана тиімді болуы мүмкін. Осы уақытқа дейін,төгінді суларды ауыл шаруашылық дақылдарын суғаруға пайдалануда гидромелиорацияның топыраққа және қоршаған ортаға кері әсеріне,дақылдардың қоректік элементтерге қажеттілігіне толық сараптама жасалынбаған. Дақылдардың су режимі геологиялық және биологиялық қатынастардың, ландшафтық зоналардың, су және тұз режимдерінің бір-бірімен өзара байланысын ескерусіз анықталған. Бұл экологиялық зардаптардың туындауына әкеліп соғуда.Түскен жауын-шашынның булануға кетуіне радиациялық тепе-теңдіктің қатынасын (R) кешенді гидротермиялық көрсеткіш (R) ретінде пайдалануға болады.Бұл көрсеткіш энергия мен заттардың тепе-теңдігін сипаттайды.
Топырақта жүретін биохимиялық және геохимиялық процестердің жеделдігін айқындайды және ауылшаруашылық дақылдарының суғару қалыбының экологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін анықтауда пайдалануға болады.Бақылау жылдарының жағдайында гидротермиялық режимінің көрсеткішін (қуаңшылықтың радиациондық индексін) мынадай түрде келтіруге болады:
R=RPd (2.3)
Мұндағы:
R зерттеу жылындағы радиациондық тепе-теңдік;
P-жауын-шашын;
d-будың пайда болуының өзіндік жылылығы.
Суғару жағдайында жалпы ылғалдылық жауын-шашын жиынтығы және суғару қалыбы (d) бойынша анықталады.
Сонда мынадай теңдеу жазуға болады:
R=Rd (P+d) (2.4)
бұдан шығатыны
R=Rd (P+d) (2.5)
Орташа көп жылдық мәндер бойынша
R=RdP (2.6)
R=RdP (2.7)
Мұндағы:
R; R; P - қуаңшылыққа, радиациондық индекске, жауын-шашынға сай келетін орташа көпжылдық мән.
(2.3) теңдеуді (2.4) теңдеуге бөлу арқылы мынадай формула аламыз:
R R=( R R) (P+ d) P (2.8)
Осы теңдеуді жүктеме қалыбына қатысты шеше отырып мынадай тәуелділік аламыз:
G=( R R) (R R) (P) - P (2.9)
Мұндағы:
G - жүктеме қалыбы.
Егер суғару жағдайында R=1 тең қабылдайтын болсақ, онда
G=( R R) (R R) - P (2.10)
R P=белгілейтін болсақ, онда
G= R R- P (2.11)
-радиациондық тепе-теңдіктің ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп жетілу кезеңінде орташа көпжылдық мәндерден ауытқуын есептейтін коэффициент.Радиациондық тепе-теңдіктердің мәндері анықталды, көптеген метеостанциялар бақылау жүргізбейді.Сондықтан да, ондай мәліметтер болмаған жағдайда жүктеме қалыбын теңдеу бойынша анықталады.
Сонда:
R=1 болған жағдайда:
G= RG - P (2.12)

Егер:
R= 0,8 болған жағдайда:
G= R0,8G - P (2.13)
Ертеректе осы өңірде жүргізілген төгінді суды пайдалану жұмыстары және соңғы жылдары НОДФОС алқабында жүргізілген бақылау негізінде жинақталған мәліметтер және жоғарыда келтірілген теңдеулер негізінде компьютерде жасалынған қолданбалы бағдарламалар көмегімен төменгі квадраттар әдісімен алгоритм түзеу арқылы және IBM, PC XTAT типіндегі электрондық есептеу машинасында математикалық модел арқылы,арнайы бағдарлама негізінде есептеулер жасалынды. Құнарлығы төмен төгінді суларды ауыл шаруашылығында пайдалануда, дақылдардың жалпы су пайдалану мөлшері және олардың суға деген сұранысын, дақылдың өнімділігіне (салыстырмалы түрде үш деңгейде) жыл ерекшеліктеріне (50,75,90%) байланысты есептеледі.

3 Екпе ағаштарын төгінді сумен суғару режимі
3.1 Суғару режимі
Бақылау жүргізілген НОДФОС акционерлік қоғамының учаскесінде топырақтың ылғалдылығының әр бір кезекті суғару алдындағы ЕСС-тан (еркінділік су сыйымдылығы) 70-80% болуы қамтамасыз етіліп, суғару қалыбы 350-850 мга аралығында болып, ал суғару аралық кезең 17-48 күнді құрады.Учаскінің 1м есептік қабатының ЕСС 19,5% аралығында.
Бірінші вариант (бақылау варианты) таза сумен суғару. Бақылау жылының бірінші жылында өсімдіктің өсіп жетілу кезеңінің басында топырақтың 0-100 см қабатындағы топырақтың ылғалдылығы оның құрғақ салмағынан 25,56% немесе ең төмен ылғал сыйымдылықтан 69,54% болды,бақылаудың екінші жылы топырақ ылғалдылығы 25,68% немесе ЕСС-тан 70,15 және бақылаудың үшінші жылы топырақтың ылғалдылығы 25,75% немесе ЕСС-тан 70,51% болды. Барлық варианттар бойынша компьютермен есептелген толық мәліметтер (3.1 кестеде) келтірілген.
Ғылыми зерттеу жұмысының алғашқы жылында 1-вариант бойынша топырақтың 70% ылғалдылықта болуын қамтамасыз ету үшін, суғару мөлшері 350-700 мга шамасында 4 рет су берілді.
Әр түрлі суғару тәртібін қолдана отырып, топырақтың ылғалдану үрдісін бақылау арқылы, өсімдіктердің белгілі бір мөлшерде ылғалмен қамтамасыз етілуінің, олардың өсіп-жетілуіне әсерін анықтауға болады. Екпе ағаштары мынадай тәртіппен отырғызылған: көшеттердің арасы 1.5 метр, ағаш қатарларының арасы 3.5 метр. Көшеттерді отырғызар алдында олардың жылдам көгеруін қамтамасыз ету үшін,танапқа 100 мга мөлшерінде су берілді.Көшеттерді отырғызғаннан кейін олардың тамыр алып кетуіне үйлесімді жағдай жасалынып, топырақтың жоғарғы дәрежеде ылғалдылықта болуы қадағаланды. Ағаштардың өніп, жетілуіне қарай топырақтың ылғалдылығы ЕСС-тан 70-80 дейін төмендетілді. Дақылдардың суғару мөлшерінің шамасына ыза суының орналасу деңгейінің тікелей байланысы бар екендігі бұрыннан белгілі.
Бақылау учаскесінің жер жағдайына байланысты өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңінің басында суғару мөлшерінің шамасы 300-500 мга аралығында,ал ыза суының деңгейінің тұрақталуына қарай суғару мөлшерінің шамасы 600-700 мга дейін жеткізілді.
Екпе ағаштарының жалпы су пайдалануының шамасы суғармалау мөлшерін жоспарлауға, ал екпе ағаштарының өсіп жетілу кезеңіндегі су ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төгінді сулардың топыраққа әсері
Сүрлемдік жүгері дақылын суғару ерекшелігі
Жамбыл облысы Жамбыл ауданының қостөбе бірлестігінің 400 гектар егістігін төгінді сумен суғару үшін қайта жобалау
Қызылорда қаласының төгінді суларын биологиялық жолмен тазартуды жақсарту
Алматы облысындағы кіші өзендердің суларын тазарту технологиясы (мысалға бір өзен базасын)
Шайынды сулардың топыраққа, дақылдардың өніміне әсері
Тіршілік аясы және оның ластануын алдын алу
Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануын бақылау жүйесі. Тіршілік аясы және оның ластануын алдын алу
Братья Махмадовы ЖШС- гі жайлы жалпы мәліметтер
Қаланың батыс және оңт
Пәндер