Психиканың пайда болуы және дамуы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І ТАРАУ. ПСИХИКАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1. Психиканың пайда болуы және дамуы . . . 4

1. 2. Психиканың негізгі ерекшеліктері . . . 5

ІІ ТАРАУ. Адам психикасының негізгі түрлері мен қасиеттерінің ерекшеліктері мен физиологиялық негіздері

2. 1. Адам психикасының негізгі түрлері мен қасиеттері . . . 11

2. 2. Адам психикасының физиологиялық негіздері . . . 13

2. 3. Адам психикасының айырмашылықтары . . . 16

ІІІ ТАРАУ. АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ПСИХИКАСЫНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

3. 1. Жануарлар психикасының түрлері . . . 20

3. 2. Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар . . . 30

ІІІ. Қорытынды . . . 33

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 34

Кіріспе

Өзіндік жұмыстың өзектілігі : Адам психикасының жануар психикасы-ның айырмашылығы. Психика-тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрыкша түрі. Психиканың ең қарапайым түрі жәндіктерге тән. Психиканың ең жоғағы формасы-адамның санасы. Сана-сыртқы дүние заттарымен құбылыстардың мидағы бейнесі. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз кошірмесі емес, адам басында, нерв жүйесінде жасалып жататын күрделі бейнесі. Сана-адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады. Адам психиканың ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттармен құбылыстарды, әр алуан нәрселерді түсіну, қабылдау, елестету арқылы көрінеді. Оларды адамның сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге, ұстап білуге болмайтын қасиеттер мен белгілер, абстрактылы ойлау формалары - ұғым, пікір, ой қорытындылары танылып, жанама жолмен бейнеледі және өзара шартты байланыста болады. Соның нәтижесінде біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстардың заңдылықтары, олардың пайда болуы және өрістеп дамуы адамның дүниені танып білуі мен бейнелеуін көрсетеді.

Зерттеудің міндеттері

  1. Адам психикасының функциларының дамуын теориялық тұрғыда қарастыру;
  2. Адам психикасының дамуын анықтау;

Зерттеудің теориялық маңызы:

Адам психикасының дамуы мен мәнін ашу барысында адамның психикалық процестерінің қалай дамитындығы туралы көрсетілген. Жұмыс барысында Карл Бюлердің психологиясы мен психика дамуы қарастырылған Сонымен қатар В. Штерн, Ф. Бергер, С. Шоспиро, Э. Герингтың, А. Н. Леонтьевтің әр түрлі жас жамаларындағы жанамаланған зейіннің дамуы, неміс ғалымы Э. Кречмердің дене құрылымы мен психикалық қасиеттерінің арақатынасын зерттеуі туралы көрсетілген.

І ТАРАУ. ПСИХИКАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1. Психиканың пайда болуы және дамуы

Ғылым бүткіл органикалық дүниенің мәңгі бақи бір қалыпта тұрмайтынын, ол сан алуан сапалы өзгерісер нәтижесінде пайда болғанын жаратылыстану ғылымдарының мәліметтеріне сүейене отырып түсіндіреді. Біз адам психикасы бірден жасалмағанын, оның өзі жануарлардың өткендегі талай ғасырлық даму жолдарымен біртіндеп даярланғандығын, екеуінің арасында сабақтастық байланыс бар екендігін жақсы аңғарамыз.

Психика органикалық материяның барлығында бірдей бола беретін қасиет емес. Ол өсімдіктер дүниесінде жоқ. Тіпті тірі организмдердің төмендегі фомаларынан да оны табу қиын. Психика материяның жоғары формаларының, жанды материяның ғана қасиеті. Тірі материяның, төменгі түрлеріне (мәселен, қарапайым организмдерге) тітіркенушілік (сыртқы әсерлерге жауап бере алушылық), ал оның жоғары түрлеріне сезгіштік (заттардың қасиеттерін бейнелей алу) қасиет тән. Сезгіштік - психиканның ең бастапқы белгісі. Бұл организм сыртқы ортаны түйсіне алу қабілеті. Түйсік орталық нерв жүейесі бар барлық жануарларда және адамдарда кездесетін қарапайым психикалық құбылыс.

Психикалық әрекеттің дамуы нерв жүесімен дамуымен шарттас. Ал нерв жүесі құрылысының күделене түсуі психиканың күрделене түсуіне, онң жоғарғы формаларының пайда болуына жағдай туғызған.

Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық - еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі - адамның санасы пайда болады.

Еңбек әрекеті адамды жануарлар дүниесін ерекшелейді. Егерде қоршаған ортаға жануарлар бейжай түрде бейімделсе, табиғаттың бергенін ғана пайдаланса, ал адам еңбек әрекеті үрдісінде табиғатқа белсенді және мақсатты әсер етеді, оны өзгертеді, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оған бейімделеді және пайдаланады.

Еңбек үрдісінде адам өзінің дене және рухани табиғатын өзгерте алады. Ф. Энгельстің айтуынша, адамды адам адам еткен еңбек. Алғашқа қауымдық кезеңнен бастап, еңбек үрдісінде адамны дене және психикалық қабілеттері жетілді, оның миы және сезім органдары, психикалық сапалары, қабілеттері қалыптасты.

Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық - еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі - адамның санасы пайда болады.

Еңбек әрекеті адамды жануарлар дүниесінен ерекшелейді. Егер де қоршаған ортаға жануарлар бейжай түрде бейімделсе, табиғаттың бергенін ғана пайдаланса, ал адам еңбек әрекеті үрдісінде табиғатқа белсенді және мақсатты әсер етеді, оны өзгертеді, материалдық және рухани қажеттілік-терін қанағаттандыру үшін оған бейімделеді және пайдаланады.

Еңбек үрдісінде адам өзінің дене және рухани табиғатын өзгерте алады. Ф. Энгельстің айтуынша, адамды адам еткен еңбек. Алғашқы қауымдық кезеңнен бастап, еңбек үрдісінде адамның дене және психикалық қабілеттері жетілді, оның миы және сезім органдары, психикалық сапалары, қабілеттері қалыптасты.

Адам санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы - бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы А. Н. Леонтьев өзінің «Іс-әрекет, Сана, Жеке тұлға» атты еңбегінде берген болатын.

1. 2. Психиканың негізгі ерекшеліктері

Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметіне байланысты тұр, ал екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады, сөйтіп адамның жан дүниесінің сырына айналады.

Психика - адам миында бейнеленетін таңба, әсер. Адам күнделікті іс-әрекетінде мақсатты істерін жүзеге асыру үшін сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп, табиғатқа ықпал етеді, оны мақсат - мүдделеріне лайықтап қайта жасайды. Адамның мұндай белсенді әрекеттері, еңбенктенуі оның өз табиғатына, психикасын дамытуға қолайлы жағдай тудырады.

Адам өзі өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланыста болып, белгілі заңдылықтар бойынша дамиды, сыртқы жағдайлардың әсеріне бейімделіп қана қоймай, оны саналы түрде өзгертеді. Сөйтіп, өз ықпалына бағындырады, сырттан алынатын сан алуан хабарларды қалыптасқан іс- тәжірибемен салыстырады. Ненің пайдалы екенін, ненің зиянды екенін, ой жүгіртіп сараптайды және саналы түрде ой қорытады. Адамның психикалық құбылыстарда бейнеленуі-адам миында қалай бейнеленгендігіне байланысты. Бұл әркімнің өмір тәжірбиесіне, білім дәрежесіне сәйкес бұл ерекшелік түрліше болып отырады.

Болмыс пен шындыктың қаншалықты дұрыс бейнелендігі адамның қоғамдық-тарихи тәжірбиесімен байланысты. Адам өзінің өмір тәжірибесіне сүйене отырып, бейнеленген ұғымды, ғылыми мағлұматтарды, мүддесін шындыққа жанастырады, олардың ақиқаттығын дәлелдеуге елеулі қадам жасайды. Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады. Бұл табиғи-заңдылық. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға сәйкес материяның ұзақ дәуірлер бойы эволюциялық дамуымен бірлікте қарастырылады.

Материя табиғатты зерттеу әрқилы қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс - материяның өмір сүру тәсілі, оның негізгі қасиеті. Қозғалыс - материя ішінде даму процесстері жүріп жатады. Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл әлем заттары, әлемнің өзі де мәңгілік қозғалыста болады, үнемі өзгеріп, дамып отырады.

Жанды материяның белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі туады. Ал материяның биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуы мен байланысты. Эволюциялық даму нәтижесінде тірі организмдер сыртқы жағдайлардың әсеріне тітіркеніп, бейнелеудің көптеген түрлері келіп шығады.

Тітіркену - барлық өсімдіктермен жәндіктер дүниесіне тән. Тітіркену - тірі организмдегі биологиялық мәні бар сыртқы әсерге жауап беретін биотоктық қасиет. Мұндай тітіркену қарапайым бір клеткалы организмдер - амебаларда болады.

Жәндіктер дүниесінде кездесетін тітіркенудің жаңа түрі - сезімталдық - тірі организмнің сыртқы әсерінен тітіркеніп, тіршілік етуге бейімделуі. Мұндай сезімталдық сигнал қызметін атқарады. Жануарлар психикасында инстинкт (соқыр сезім) әрекеттер мен дағдылар қалыптасады. Жануарлар психикасы дамыған сайын, оларда интелектік мінез пайда болады. Интелектік мінез - жануарлардың сыртқы ортаға бейімделуі ғана емес, олардың сол орта әсерін қабылдап, әрқилы әрекет- қимыл көрсетеді. Ал адам өзінің саналы әрекеті арқылы өмір сүрген ортасына бейімдеп қана қоймай, оны өзгертеді.

Эволюциялық дамуда психиканың бір орында тұрмайтындығы оның өсіп, дамып отыратындығы ғылымға ертеден-ақ белгілі болған. Оның сан алуан сапалы өзгеріс нәтижесінде пайда болғанын жаратылыстану ғылымдарының мәліметтеріне сүйене отырып түсіндіреді. Дарвиннің эволюциялық теориясы көп жаңалықпен қатар, осы мәселені анықтап шешуге жаңа тұжырымдар енгізді. Дегенмен, бұл теория жалпы дамудың сонымен бірге психикалық дамудың қалай өсетіндігін, ескінің жоғалып, жаңаның пайда болу проблемаларын шеше алмауы. Эволюциялық теорияда психиканың өсіп даму жөнінде, өсіп даму, жай ғана көбею немесе азаюды қайталаумен ғана пара-пар деп түсіндіреді. Ең әдепті пайда болган сараптар, бастапқы қалпын өзгертпей көбейіп, ұлғайып не болмаса азайып, кішіриіп отырады. Оларда сапалар пайда болып, көп өзгерістерге ұшырамай, сол күйінде құрып отырады, сөйтіп олардың орныңа жаңа белгілер, қасиеттер сапалар пайда болады. Даму-сапалық емес, жалғыз ғана сапалық даму. Ескі сапалар құрып, олардың орнына жаңа сапалар пайда болмайды. Даму -бір қалыпты, біркелкі жайбарақат қана дамып отырады. Даму процесінде революциялық жолға орын жоқ, даму -эволюциялық жолмен жүреді. Эволюциялық теорияның мұндай қате көзқарасының нәтижесінен бір санада ұшырайтын фактілерді ешбір өзгертпей басқа салаларға көшіруге болады деген жалған ұғым туады. Яғни, дамудың төменгі сатысында пайда болған қаситтерді техникалық түрде дамудың жоғарғы сатысына көшіруге болады. Мысалы төменгі сатыдағы тұрған хайуанаттардың психикалық әрекетін адамға, немесе адамдікін хайуанаттарға көшіруге түсінуге болады деп түсінуге болады. Мұны антроморфизмдік жол дейміз.

Сонымен Дарвиннің эволюциялық теориясы жалпы даму мәселесін, әсіресе психиканың өсіп дамуын, көзқарасын аша алмады дейміз.

Сонымен Дарвиннің эволюциялық теориясы жалпы даму мәселесін, әсіресе психиканың өсіп дамуын, көзқарасын жеткілікті аша алмды дейміз. Мұны тек диалектикалық материализм философиясы дұрыс жауап берді. Диалектикалық материализм көзқарасы бойынша, даму дегеніміз жай ғана өсу емес, ол даму кезінде ескі салалар өзгеріп, жойылып, олардың, орнына жаңа салалар пайда болды. Даму бірқалыпты жайбарақат өсіп отырмайды, өзгеріске секірмелі түрде өсіп дамиды, сандық өзгеріс сапалыққа айналады.

Оларда бір қалыпта тұрмай, әрдайым бұрынғыдан да жаңа сапалардың пайда болуыңа дайындық жасап, оған негіз болады. Олай болса даму процесінің төменгі сатысында тұрған жәндіктердің қылықтарын, жоғарғы сатыдағы хайуанаттардың қылықтарыңа теңеуге, кейінгілердің қылықтарын дамудың ең жоғарғы сатысында тұрған адамдардың қылықтарымен салыстыруға болмайды. Оларды арасынан сан жағынан емес, сапа жағынан да айырмашылық бар. Психиканың дамуына жалғыз сыртқы даму, сыртқы өзгеріс ғана емес, психиканың өзінің мазмұнындағы ішкі сапалық дамумен де байланысты. Психиканың мазмұны әсер етуші болмыс мазмұнына байланыс-ты, соларға тәуелді. Бірақ, психика өзіңдік әсер етіп, белсенді болса, сыртқы дүние сәулесі ретінде, өзінше сол дүниеге әсер ете алса, міне, осы жағдайда ғана өсіп, дами алады. Психика- жүйке саласының қасиеті. Тірі жәндіктерге психика пайда болу үшін оларда туысынан биологиялық жағдайлар болу керек. Ал, психикалық ол тек биологиялық негіздердің ғана нәтижесі ғана емес, сыртқы дүние бұл биологиялық негіздерге, яғни жүйке саласына әсер еткен жағдайда ғана психика пайда болып, өсіп, дамиды. Егер жалғыз ғана биологиялық жағдай болғанымен, оған сыртқы дүние әсер етпесе, психика пайда болмайды. Психика -сыртқы дүниенің сәулесі, хайуанаттарға сыртқы дүние, адамға - тарихи әлеуметтік жағдайлар адамның биологиялық негіздеріне әсер етеді, психиканың дамуын меңгеріп, басқарып отырады. Даму процестерінде жәңдіктердің жүйке саласы, сезім мүшелері пайда болады, ол күрделенеді. Ал адамда осы даму процесінде психиканың ең айрықша сапасы-сана пайда болады. Дүниедегі физикалық, яғни химиялық қоздырғыштар жәндіктердің организміне әсер етіп, олардың бұлшық еттерін ширатып, босаусытып отырады. Жәндік еріксізден - еріксіз өз қалауынсыз қимылдайды, әрекет етеді. Жак Лебтің зерттеуілерінде төменгі сатыда тұрған, жәндіктердің және құрт-құмырсқалардың әрекеттері сыртқы қоздырғыштардың әрекеттерінен тәнболатын физикалық-химиялық процестермен басқарылып отыратыныанықталған. Мысалы, күннің сәулексі түскен жаққа күн өзінің басын бұрады, кейбір гүлдердің ашылуын, ал, жәндіктердің әсер етуші заттарға қарай жылжуын тропизм әрекеттері деу болады. Бірақ, Лебтің тәжірбиелері қаншалықты қызықты болғанымен, олар төменгі сатыда тұрған жәңдіктердің күрделі қылықтарын дұрыс түсіндіре алмайды.

Американың биолог ғалымдары инфузориялармен тәжірбие жүргізіп, Лебтің теориясының дұрыс еместігін көрсетті. Олардың айтуынша жануарлар инфозурлық әсер етуші заттарға қарай жылжудан басқа да, өздігінен де әрекет етеді деп көрсетті. Жак Лебтің өз зерттеуінде суға инфузориялық электр тогын жібереді де, соған қарай жылжып отырады деген қағидасын, американдықтар жәндіктер әрекетінің бәрі түгелімен физикалық-химиялық қоздырғыштардың әсеріне бағынып, өздігінен ешбір әрекет атқара алмайды деуі қате түсінік Қоздырғыштардың сипатына қарай тропизмнің бірнеше түрін ажыратуға болады, фототропизм-жарықтың әсерінен пайда болатын тропизм, гемотропизм-күн сәулесінің әсерінен пайда болатын тропизм гемуатропизм-электр әсерінен пайда болатын тропизм, термотропизм-температураның өзгеруінен пайда болатын тропизм. Егер химия әсер етуші заттарға қарай беттелсе -оны беттелу тропизм деп, ал егер қимыл әсер етуші заттан кейін қайтса -оны шегіну тропизмі деп атайды. Жак Лебтің тропизм туралы теориясы -механистік теория. Ол адамның қылығынан психологияны алып тастап, оны физикалық-химиялық процестермен ғана түсіндірмекші болды. Леб хайуанаттардың соқыр сезімдерін (инстиктердің физикалық-химиялық процестері арқылы түсін-діруге болатын тропизмге, адам қылықтарын хайуанаттардың соқыр сезімді қылықтарына теңеді, сөйтіп, адамның да қылықтарын физикалық- химиялық әрекеттермен түсіндіргісі келді. Бұл теория бойынша адам белсенді түрде өздігінен әрекет ете алмайды, адам қылықтары сыртқы дүние дегі заттардың әсерінің ықпалында болады, сол заттар адамның әрекеттерін басқарып, билеп отырады деген пікірде болды. Психика органикалық материяның барлығында бола беретін қасиет емес. Ол өсімдіктер дүниесінде жоқ. Психика материяның жоғарғы формаларының, жанды материяның қаситі. Тірі материяның төменгі түрлері қарапайым организмдер тітіркенушілік (сыртқы әсерлерге жауап бере алушылық) ал жоғарғы түрлері сезгіштік заттардың қасиетіне бейнелей алу қасиет тән. Сезгіштік- психиканың ең бастапқы белгісі. Бұл организмнің сыртқы ортаны түсіну қабілеті. Түйсік орталық нерв жүйесі бар барлық жануарларда және адамдарда кездесетін қарапайым психикалық құбылыс. Психикалық әрекеттің дамуы нерв жүйесінің дамумен шарттас. Ал, нерв жүйесі құрылысының күрделене түсуі психиканың күрделене түсуіңе, оның жоғарғы формаларының пайда болуыңа жағдай туғызған.

Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйеніп айтады? Олардың ойынша, адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жынсайтан, диюу, су перісі т. с. с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады. Осыдан кейін идеалистер сананың құдіретін айтпақ болмақ. Ал, енді оларды діни адамдар өздігінше ойлап шығарған делік дейді әлгі идеалистер, сөйтіп, олар бұл мысалдан да ойдың, сананың өмір бейнесі емес, тек мидың өзінен шыққан деу керек деген қорытынды шығарды. Бұған не жауап қайтару керек. Әрине, жаңағы өмірде жоқ: «о дүние», «пері», «дию» сияқты ұғымдарды діндар адамдар ойлап шығарғаны рас. Бірақ ол ойлар жоқтан пайда болған демейміз, белгілі бір құбылыстарға еліктеу, мидың соларды ойша құрастыруы арқылы пайда болған. Сондықтан да қай халықта болмасын, жын да, сайтан да, басқалар да негізінде тек адам, жан-жануарлар бейнесінде елестетіледі. Мәселен, шайтанды (черт) көптеген халықтар мүйізі, сақалы, тұяқтары бар, ұзын құйрықты ешкі тектес, адамға зиянды рухани құбылыс етіп суреттейді. Өмірде мүлде жоқ, болмаған, ойға келмеген құбылыстардың бейнесін адам ешқашан ойдан шығарған емес. Тіпті техникалық жаңалықтарды да адам табиғатта бар нәрселерге еліктеп жасайды. Сондықтан жаңағы айтқан діни ұғымдарда да не жақсы адамдардың, немесе жаман адамдардың мінез-құлықтары бейнеленеді, негізсіз ой туындамайды. Мұның бәрі сананың тікелей мидан емес, ми арқылы объективтік дүниеден бейнеленіп алынатын материалдық заттар мен құбылыстардың көшірмесі, туындысы екенін байқатады.

Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түсініктерімізге әсер ететін - сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрине, адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми - ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана - оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл - дәлдік пен айырмашалық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана - материядан мүлде өзгеше сапа, рухани құбылыс.

Одан соң сана, бір жағынан, жинақталған білім, ал екінші жағынан - таным процесі. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық процесс. Өйткені, сана объективті дүниенің механикалық бейнесі (репродукциясы) емес. Сана тек негізгі принцип бойынша, шығу көзі жағынан, бейнеленуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Бірақ сана объективті өмірдің жұпыны бейнесі емес. Мәселен, санада ерік, ой толғау, әсірелеу, талдау, топтау, болжау, шығармашылық сияқты құбылыстар бар. Олардың объективті дүниеде дәлме-дәл баламасы болмауы да мүмкін. Сана тек бейнелеу емес, ол сонымен қатар белгілі бір қатынас. Айталық, бейнелеу жануарларда да бар. Бірақ оларда қатынас жоқ. Сана арқылы адам дүниені бейнелеп қана қоймайды. Ол оған әсер етеді, ойдан өрнек құрады, оны өзгертеді. Адам миында қобалжу мен арнаға түсу, елендеу мен басылу, қызығу мен жирену диалектикасы ұдайы тынымсыз жүріп жатады. Ол өзін қоршаған әлемге бейтарап қарамайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психика және сана түсінігі
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру
Зоопсихология пәні
Психика және іс - әрекет туралы
Мектептегі оқушының психикалық дамуына оқу әрекетінін тигізетін әсері
Жасөспірімдердің психикасы мен санасының дамуын анықтау
Психиканың пайда болуы және дамуы туралы жалпы түсінік
Адам психикасының айырмашылықтары
Психика мен сана дамуы
Жануарлар психикасының негізгі түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz