Күрті өзеніндегі су қойма торабын жобалау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 102 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Дипломдық жобаның мақсаты - Күрті өзеніндегі су қойма торабын жобалау.
Су қойма торабы Күрті өзенінің ағынын реттеуге және ауылшаруашылық жерлерді суармалауға арналған. Су қойма торабына грунттық плотина, бөгет, су жібергіш, су қашыртқы кіреді.
Бөгет суару қажеттілігін қамтитын су қорын жасау үшін арналған. Дипломдық жобада бөгеттің құрамына кіретін сушібергіш ауылшаруашылық жерлерге су тұтыну графигіне байланысты суды жіберу үшін арналған. Су қашыртқыш су қоймадағы көктемгі артық суларды және су қоймасын толық немесе жартылай ағызу үшін арналған.
Бөгеттің түрін (типін) қабылдау жергілікті топографияға, гидрогеологиялық жағдайға, құрылыс материалдардың баршылығына және т. б. байланысты. Дипломдық жобада барлық мүмкін варианттарды қарастырып, олардың ішінен техникалық-экономикалық салыстыру арқылы, экономикалық тиімді вариантты қабылдаймыз. Дипломдық жобада бір текті жер бөгетін қабылдаймыз. Бөгеттің грунтты-саздақ. Оның себебі жақын маңайда саздақ грунттық карьері бар.
Бөгеттің беткейлері әр-түрлі. Табанына қарай құлама коэффициенті үдейе түседі. Бөгеттің биіктігі 42, 0 м. Бөгеттердің сынық түрі экономикалық ең тиімді құрылымның кескінін қабылдауға мүмкіншілік береді.
Бөгеттің жоғары беткейін әр-түрлі әсерден қорғау үшін таспен бекітіп, нығайту қарастырылған. Бөгеттің қырын жобалағанда - жұмысты жүргізу, бөгетті пайдалану мәселелері қарастырылып СНИП 2. 06. 05-84 бойынша жолдың категориясына байланысты бөгет қырының енін анықтаймыз. Дипломдық жобада дренаж түрін бөгеттің типіне байланысты, климаттық жағдайға, жергілікті құрылыс материалдардың баршылығына байланысты, және варианттарды технико-экономикалық сараптау арқылы қабылдаймыз. Дренаж призмасын қабылдадық. Бөгеттің табанында фильтрацияға қарсы элемент - тісті қабылдаймыз. Себебі су өткізбейтін қабатқа дейінгі тереңдік үш метрден кем. Т < 3 м.
Дипломдық жобада біріккен су жібергіш - су қашыртқы қабылдаймыз. Құбырдың түрін тек төртбұрышты, өлшемдері есеп бойынша қабылдаймыз. Құбыр сұйық бетоннан жасалған дайындыққа орнатылады.
Құрылымның шет жақтарын грунтпен жабу алдында ыстық битуммен жағылады. Су жібергіш - су қашыртқының құбырының соңында суұрма құдықты жобалаймыз. Оның мақсаты құбырдың соңындағы ағынның энергиясын баяулату. Суұрма құдықтың өлшемдері есеппен анықталады.
Су қашыртқыны жобалағанда келесі шарттардың орындалуын қараймыз.
- бөгеттен су тасымас үшін су қашыртқы есепті максималды өтімді өткізу қажет;
- су қашыртқының кіре берісі бөгеттің жоғары беткейін бұзбас үшін қажетті есепті өтімді өткізу қажет;
- су қашыртқының шығатын жағы төменгі беткейдегі ағын әсер етпейтін арақашықтықта орналасуы қажет. Судың энергиясын бәсеңдеткіш - суұрма құдық түрін қабылдаймыз. Конструкцияның өлшемдері түсіндіретін жазбада көрсетілген.
Су койма торабының
Паспорты
1. Су қоймасы
-Көтеріңкі тежеулі деңгей
Мазмұны
Кіріспе
1. Табиғи климаттық және өндірістік-шаруашылық
жағдайды сараптау 8
1. 1 Рельеф 8
1. 2 Климат 8
1. 3 Гидрологиялық сипаттама 9
1. 3. 1 Жылдық ағын 9
1. 3. 2 Жыл ішіндегі ағын үлестірімі 10
1. 3. 3 Максималды өтімдер 10
1. 3. 4 Тасындылар ағындысы 13
1. 4 Инженерлік-геологиялық және гидро-геологиялық
жағдай сипаттамасы және бағасы 15
- Су қойма құрылысының инженерлік-геологиялық
Сипаттамасы 15
1. 4. 2 Ауданның сейсмикасы 16
1. 4. 3 Бөгет тұстамасының инженерлік-геологиялық
жағдайы 16
1. 4. 4 Есепті жердің тоң тереңдігі 17
1. 5 Топырақтар 17
2. Суды пайдалану, ауыл-шаруашылық дақылдардың
суғару режимі 18
2. . 1 Ауыл-шаруашылық дақылдарды суармалау режимі 21
2. 2. 3 Есепті су өтімі 24
2. 3 Суару әдістері және суару техникасы 26
3. Су шаруашылық есептер 32
3. 1Топографиялық сипаттама 32
3. 2 Су қоймасының есебі 33
3. 3 Су қоймасының лайлануы 35
3. 4. 1 Қабылданған су шаруашылық есеп
методикасы (әдістемесі) 37
3. 4. 2 Су қоймасының су беру мүмкіншілікті анықтау 37
3. 4. 3 Су қоймасының тексеру есебі 37
4. Гидротехникалық құрылымның есебі және жобасы 38
4. 1 Жер бөгеттің жобасы
4. 1. 1 Бөгеттің түрін және тұстамасын қабылдау. 38
4. 1. 2 Бөгет қырын, еңі мен белгісін жобалау. 39
4. 1. 3 Бөгет беткейлерінің бекінісі және пішіні. 45
4. 1. 4 Кәріз, фильтрацияға қарсы элементтер 46
және бөгет денесінің табанымен, жағалаумен түйістіру 46
4. 1. 5 Кері сүзгі құрамын қабылдау 47
4. 1. 6 Бөгеттің және табанының фильтрациялық есептер 48
4. 2 Су жібергіш түрін қабылдау және оның есебі 52
4. 2. 1 Су әкетуші магистралды каналдың есебі 54
4. 2. 2 Құбыр есебі 56
4. 2. 3 Шығу құлағы соңындағы энергия бәсеңдеткіш есебі 58
4. 3 Су қашыртқының түрін қабылдау және есебі 60
4. 3. 1 Гидравликалық есеп 62
4. 3. 2 Құрылымды үйлестіру нұсқауы 64
4. 3. 3 Ашық су қашыртқы есебі 66
5. Жұмыс өндірісін ұйымдастыру жіне технологиясы 70
5. 1 Жер бөгеттің жұмысын жүргізу 70
5. 1. 1 Жұмыс көлемі 70
5. 1. 2 Машиналарды қабылдау 71
5. 1. 3 Технологиялық картаны құру және сметалық есептеулер 73
5. 1. 4 Тармақты графикті құру 74
5. 1. 5 Жұмыс күшінің жылжу графигі 74
6. Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі 81
6. 1 Қоршаған ортаны қорғау 81
6. 1. 1 Су қоймасының табиғатқа әсері 81
6. 1. 2 Су қоймасының табанын дайындау 81
6. 1. 3 Су қоймасының гидрохимиялық режимі және
төменгі жерлерге оның әсері 87
6. 1. 4 Жобадағы құрылымдардың қоршаған
ртаға әсері және экологиялық болжам 87
6. 1. 5 Су эрозиясын болжау және есебі 88
6. 2 Өмір тіршілік қауыпсіздігі 90
6. 2. 1 Су қойма құрылысының қауыпсіздігі 90
6. 2. 2 Құрылыс алаңының санитарлы-дағдарыс қызметі 92
6. 2. 3 Беткейлер тұрақтылығын тексеру 93
6. 2. 4 Азаматтық қорғаныс. Ауылшаруашылық жерлер
радиоактивтік заландыу кезәнде атқарылатын іс-шаралар 93
7. Гидротехникалық құрылымдарды пайдалану 94
7. 1 Пайдалану қызметін ұйымдастыру 94
7. 2 Негізгі пайдалану-техникалық іс-шаралар 94
7. 2. 1 Су қоймасының торабы 94
7. 2. 2 Жер бөгет 95
7. 2. 3 Құбырлы су қашыртқы-суалғыш 95
7. 2. 4 Су қоймасы жұмыс режимі 96
8. Экономикалық тиімділік
8. 1 Жалпы өнім және оның құны 97
8. 2 Жылдық мелиоративтік шығындар 97
8. 3 Мелиоративтік шығындардың бөлінуі 98
8. 4 Өнімнің өзіндік құны және дақылдар бойынша пайда 99
8. 5 Малшаруашылықтың жалпы өнімі, оның құны
және таза табыс 100
8. 6 Еңбек шығыны және өнімділік 100
8. 7 Күрделі қаражаттың экономикалық тиімділігінің
көрсеткіштері 100
Қорытынды 103
Әдебиеттер 104
1. Табиғи-климаттық және өндірістік-шаркашылық жағдайды сараптау
1. 1 Рельеф
Күрті массивінің рельефі масштабы 1:500 генпланда көрсетілген. Аймақтың рельефі күрделі. Микрорельеф және рельеф орта күрделі. Күрті өзенінің жағалық рельефі кейбір жерлерде сайлы. Орташа еңістік 0, 001-0, 010 маңында, Массив рельефі беттік өзіндік еркін суғару түрін қабылдауға мүмкіншілік береді.
1. 2 Климат.
Алматы облысының климаты өте үлкен тампературалық өзгерістермен және жыл ішінде жауын-шашын айлар бойы әртүрлі, булану процесі өте интенсивті мінезделеді. Массивтің солтүстік жағы құрғақ агроклиматтық ауданда орналасқан. Эффективті температуралар қосындысы 3400 0 -3900 0 С құрайды, ГТС 0, 25-0, 31. Жауын-шашын қосындысы 45 . . . 145мм. Жыл ішінде 30℅-дан аз салыстырмалы ауаның ылғалдылығы 160-170 күнді құрайды. Құрғақ жел қайталанып тұратындығы 120-140 күн. Аяздар сәуір айының екінші жартысында-мамыр айының басында жоғалады. Күздің күні аяздар қыркүйек айының соіында, желтоқсан айының басында басталады. Аязсыз ұзақтылық ауада 140 . . . 180 күн, топырақ бетінде 125 . . . 165 күн. Көктемгі және күзгі күндердің ұзақтылығы шамамен 45 . . . 50 күн. Жер бетінде қардың тұрақты жатуы желтоқсанның бірінші жартысында басталып65-96 күннен кейін кетеді. Орташа шамамен алғанда ең үлкен қардың қалыңдығы 10-25мм. Қардағы судың құрамы 15-25мм құрайды. Аяздар 39 0 -40 0 С-ға дейін жетеді. Жердің қату тереңдігі 80 см-ге дейін жетеді.
Күрті массивінің орталық жағы құрғақ ыстық агроклиматтық ауданда орналасқан. Эффективті температуралар қосындысы 3500 0 -3700 0 С маңында болады және ГТК 0, 3-0, 5. Жылдық жауын-шашын қосындысы 200-300мм. Ауаның ылғалдылығы 30℅-дан аз 120-140 күнді құрайды. Жыл ішінде екпінділігі әр түрлі құрғақ жел 110-130 күн тұрады, өте қатты 20-30 күндей тұрады. Оның бағыты батыстан-шығысқа қарай тұрақты қардың жату мезгілі-желтоқсанның бірінші жартысынан бастап 60-90 күн бойы жатады. 54-57 күн ішінде күн жылып қар ериді. Күрті массивінің таулы аймағы тау бөктерінде құрғақ агроклиматтық ауданында орналасқан. Эффективті температуралар қосындысы 3000 0 -3500 0 . Жыл бойы жауатын жауын-шашын 300-400мм құрайды. Жыл ішінде ауаның ылғалдылығы өте төмен күндер 120-130 күн, құрғақ жел 90-100 күн тұрады, оның ішінде 10 күн өте қатты тұрады. Тұрақты қар жер бетінде желтоқсанның бірінші жартысында түсіп, 60-100 күннен кейін кетеді.
Ауаның шеткі оңтүстік бөлігі таулы баяу агроклиматтық ауданда орналасқан. Эффективті температуралар қосындысы 3000 0 С шамасында, жауын-шашын қосындысы 170мм, жылдық 450-500мм. Тұрақты қардың жер бетінде жатуы қараша айының ІІІ декадасында немесе желтоқсан айының І декадасында түседі. Қардың қалыңдығы 20-70мм. Қардағы судың құрамы 80-120мм. Қардың жерде жату мерзімі 180 күн. Тегіс қардағы ауаның шамасы 32 0 -37 0 С, төменгі жерлерінде 32 0 -42 0 С. Күн жылыған кездерде және қатты жел тұрған кездерде жер беті қардан босайды.
1. 3 Гидрологиялық сипаттама
1. 3. 1 Жылдық ағын
Күрті өзенінің жылдық ағынының есепті гидрологиялық мінездемесі өзеннің 25 жылдық бақылау мәліметтері арқылы анықталады. Гидрологиялық мінездеменің эмпирикалық жылдық ауытқу мүмкіншілігі мына формуламен анықталады
P
m
=
. 100℅ (1. 1)
мұнда m- тәртібі бойынша орналасқан гидрологиялық мінездеменің қатарлық саны
n- қатардағы мүшелер саны
Q- көпжылдық орташа мөлшерінің орналасуының аналитиклық қисығының параметрлері, С v - вариация коэффициенті және С s -ассиметрия коэффициенті ең үлкен шындыққа ұқсастық әдісі бойынша анықталады.
λ 2 және λ 3 статистикалар байланысы мына формуламен анықталады
;
; (1. 2)
мұнда Q i -су өтімінің табиғи шамасы, м 3 /с
Q f -су өтімінің орташа арифметикалық шамасы, м 3 /с
Q гидрометриялық бақылау жылдар санына байланысты анықталады
; (1. 4)
Берілген мәліметтерді пайдаланып анықтаймыз:
Q орт =1, 43 м 3 /с; λ 2 =-0, 1488; λ 3 =0, 1477 анықталған λ 2 және λ 3 ;
Q орт =1, 43 м 3 /с, мәліметтерді пайдаланып номограммалар бойынша есепті С v және С s -ті анықтаймыз.
С v =0, 48; С s =2, 1; С v =0, 92;
Жылдық ауытқу мүмкіншілігінің эмпирикалық қисығын экстраполяциялау үшін үш параметрлі гамма-ауытқуын пайдаланамыз.
әр түрлі. Берілген қамтамасыздықтық берілген су өтімдері:
Q 50% =1, 32 м 3 /с; W=41, 6 млн. м 3
Q 75% =0, 93 м 3 /с; W =29, 36 млн. м 3
Q 85% =0, 75 м 3 /с; W =23, 7 млн. м 3
Q 95% =0, 52 м 3 /с; W =16, 4 млн. м 3
1. 3. 2 Жыл ішіндегі ағымның үлестірімі
«Поверхностные воды Южного Казахстана» монографиясында көп сулы, орта, аз сулы жылдарға байланысты есепті ағымның үлестірімі (% жылдыққа қарағанда) берілген, 25, 50, 75, 95% қамтамасыздықтарға сәйкес. Салыстырмалы жылдық ағымның үлестірімінен сәйкес орта айлық өтімдерге ауыстыру үшін келесі кестеде көрсетілген қатысты айлық ағым мөлшерлері қажет.
Кесте-1. 2
Күрті өзенінің жылдық ағымының үлестірімі
1. 2 Кестенің мәліметтері бойынша 85% қамтамасыздығы ағымның гидрографын тұрғызамыз.
1. 3. 3 Судың максималды өтімдері
Есепті судың өтімдері су жинау ауданы 8920км 2 . Ұзын-Ағаш пунктінің нақты 25 жылдық бақылауы бойынша анықталған.
Үлестірім аналитикалық қисығының параметрлері моменттер әдісі бойынша анықталады.
С v - вариациялар коэффициенті және С s -ассиметрия коэффициенті келесі формулалар бойынша анықталады:
(1. 5)
(1. 6)
(1. 7)
;
;
Q 0 =16. 9 м 3 /с.
Максималды өтімдердің есепті мөлшері берілген қамтамасыздықты, биномды ассиметриялық қамтамасыздық қисығы бойынша ортасынан бастап C
v
=1. 0; жағдайда қабылданады. Берілген кесте бойынша
формуламен ординаталар мөлшері анықталады. Кесте бойынша R-модульдік коэффициентті Р% қамтамасыздықты анықтау үшін Р
р
шамасын С
v
шамасына көбейтіп қмтамасыздық қисығының бір мөлшерін қосу керек. Берілген есепті қамтамасыздықты ағым модулі Ұзын-Ағаш пункті үшін
;
Мұнда F-сужинау ауданы, км 2
Q р -есептік өтім, м 3 /с
Құрылым бьефіндегі есепті өтімдер:
Q 0, 1% =152 м 3 /с
Q 0, 5% =113 м 3 /с
Q 1% =99, 6 м 3 /с
Q 3% = 75, 6 м 3 /с
Q 5% = 64, 2 м 3 /с
Q 10% =48, 6 м 3 /с
Q 20% =36, 0 м 3 /с
Күрті өзенінің ортажылдық су өтімінің қамтамасыздық қисығын тұрғызу есебі
төмендеу
Q ср м 3 /с


Ұзын-Ағаш ст. Күрті өзенінің ортажылдық су өтімінің қамтамасыздық қисығының есебі
Қатар
лық номер
Жыл
дар





м
3
/с
1. 3. 4 Тасындылар ағындысы
Тасындылар ағындысы Ұзын-Ағаш станциясының Күрті өзенінің физикалық 17 жылдық бақылау қатары бойынша анықталады.
Үлестірім қисығыныңаналитикалық параметрлері моменттер әдісі бойынша анықталады. Теру әдісі бойынша қарастырылып жатқан нүктелер үшін есепті теориялық қамтамасыздық қисығы тұрғызылады.
кг/с; C
v
=1, 53; C
s
=4C
v;
M
R
=23, 3 т/км
2
Ұзын-Ағаш станциясы бойынша тасындылар ағындысы:
R 50% = 0, 18 кг/с W 50% =5677 т M R =12, 3 т/км 2
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz