Сырдария өзенінің гидрологиялық режиміне анторпогенді факторлардың әсерін зерттеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-6
1. СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ АРНАСЫНДАҒЫ СУ САПАСЫНЫҢ . . . ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАСЫ . . .
- Сырдария өзенінің қазіргі кездегі гидрографиялық бассейін жүйесі . . . 7-11
- Сырдария өзенінің бассейініне байланысты суармалау жүйесінің тарихи . . .
дамуы . . . 11-17
- Сырдария өзенінің антропогенді ағысының өзгеруін кезеңдік есеп бойынша негіздеу . . . 17 -24
- Бірінші бөлім бойынша қорытынды . . . 24-25
2. СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ ГИДРОХИМИЯЛЫҚ РЕЖИМІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРДІ ЗЕРТТЕУ . . . 26
2. 1 Сырдария өзеніне құйылып жатқан ағынды және коллекторлы-кәріз сулардың өзен арнасындағы судың химиялық құрамына әсері . . . 26-28
2. 2 Сырдария өзеніне ашылатын тұстамалардағы ағынды сулардың химиялық мінездемесі . . . 28 -30.
2. 3 Екінші бөлім бойынша қорытынды . . . 30-31
3. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГИДРОХИМИЯЛЫҚ РЕЖИІМДЕГІ АҒЫСТЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ . . .
3. 1 Сырдария өзенінің ағысы мен гидрохимиялық режимінің антропогенді өзгеруі . . . 32-39
3. 2 Өзен ағысының өзіндік табиғи қалпына келуінің мінездемесі . . . 39-46
3. 3 Болашақтағы өзен ағысының антропогенді өзгерісі және бағасы . . . 46-49
3. 4 Антропогенді факторлардың өзен суының тұздануына әсерін зерттеу. . 49-60
3. 5 Сырдария өзенінің гидрологиялық және гидрохимиялық режиімдерінің экологиялық байланысы . . . 60-76
4. СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАБИҒИ ТАЗАЛАУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ . . .
4. 1 Сырдария өзенінің арнасындағы су сапасын жақсарту жолдарына ұсыныстар . . . 77-79
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 79-82
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 82-84
ҚОСЫМШАЛАР . . . 85-86
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
- (г/п) - гидрологиялық тұстама
- (АРТУР) - Арыс-Түркістан ирригациялық аудан
- (ЧАКИР) - Шыршық-Ахангар-Келесс ирригациялық аудан
- (КВД) - коллекторлы-дренажды су
- (КПД) - пайдалы әсерлік коэффиценті
- (ГЭС) - гидроэлектрстанция
- (ВБ) - жоғарғы бьеф
- (НБ) - төменгі бьеф
- (КМК) - Келінтөбе магистрал каналы
- (ПМК) - Оңтүстік жағалау магистрал каналы
- (КазНАУ) ҚазҰАУ - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
- (Казгипроводхоз) - Қазақ су-шаруашылығы жүйесін жобалау институты
- (Казгидромет) - Қазақстан Республикасы ауа райы және қоршаған орта мониторгы және гидрометеорологиялық басқару
КІРІСПЕ
Тақырыбтың өзектілігі. Қазіргі таңда сумен қамтамасыз ету Қазақстан
Респуликасы үшін басты мәселенің бірі болып отыр. Судың тапшылығы көбінде оңтүстік және оңтүстік-шығыста көптеп кездеседі, Қазақстан бойынша табиғи су қорының мөлшері мен сапасының төмендеп кетуі ойландыратын дәрежеде. Сырдария өзеніне құйылатын коллектор-кәріздеу және төгінді лас сулардың артуынан экологиялық қиындықтарға ұшырауда, өзеннің төменгі ағысының санитарлық жағдайының төмендеуі жақын елді мекендегі және осы аймақта орналасқан халық денсаулығы мен өмір сүру жағдайы төмендеп кетті.
Өндірісті, ауыл шаруашылығының және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудегі тағы бір мәселенің бірі болып, Орта Азия мемлекеттерінің өз - ара Сырдария өзеніндегі суды бөлісуде өз әсерін тигізуде. Сырдария өзенінің табиғи су сапасына антропогенді жүктемелердің әсерін анықтауда көптеген ғалымдар еңбек еткен. Төменгі ағыстағы су шығынының жоғары-төмен бірден ауытқып отыруы антопогенді кешенің әсерінен және жыл бойында жүретін табиғи факторлардың әсері ғана емес, сондай-ақ айлық және күндікте өзеннің гидрохимиялық режимінің нашарлауына айтарлықтай өз үлесін қосып жатады. Өзен ағысының гидрологиялық және гидрохимиялық режимдері бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Су сапасын бағалаудағы тәжірибелік ұсынысты жазу кезінде, олардың тығыз байланысын айланып кету мүмкін емес. Гидрологиялық факторлардың рөлін бақылау негізінде су сапасын анықтауда, жалпылық есептеу әдісін анықтауға болады әрі зерттеу деректері жетіспеген кезде қолдануға болады. Сондай-ақ су мол болатын жылдарды анықтауда және өзендегі су сапасының болашақтағы жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Өзенен шығындалатын су мөлшерінің маңызыдылы сондай, гидробиологиялық және гидрохимиялық үрдістерді бір қалыпты сақтап отыруға, су сапасының қалыпты күйінің сақталуына, өзен арнасының санитарлық жағдайының жақсаруына және өзенің төменгі ағысының бойындағы су тұтынушылардың денсаулығының жақсаруына жағдай туғызады.
Өзен арнасындағы су сапасының жақсаруы мен қалыптасуы өзінің өзін - өзі тазалау үрдісінің салдарынан туындайды (гидрохимиялық жиынтық, биологиялық, химиялық және физикалық үрдістер) . Өзенің өзін-өзі тазалау қасиеті, лас сулардың келіп құйылатын арасының қашықтығы да әсер етеді. Сырдария өзенінің өзін-өзі тазалау қасиеті тәжірибелік тұрғыдан зерттелмеген.
Сырдария өзенінің бассейнің экологиялық бірқалыптылығы бұзылған, оған әсерін тигізген көптеген шаруашылықтардың болуы. Бірақта факторлардың гидрологиялық және гидрохимиялық режимге әсерін бақылау жеткіліксіз. Сондықтанда бұл диссертацияданың зерттеу мақсаты негізінен анторопогенді факторлардың сапалық және сандық құрамының су сапасына әсерін, сонымен бірге гидрологиялық және гидрохимиялық режимдердің өз ара байланысын зерттеу, Сырдария өзенінің төменгі ағысының өзін-өзі тазарту қасиетінің су сапасын сақтау мен жақсарту өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Сырдария өзенінің төменгі ағысының су сапасы мен химиялық құрамына антропогенді жүктемелердің тигізетін әсерін бағалау және осы жағдайдағы өзен суының негізі гидрологиялық және гидрохимиялық режимдеріне байланыстылғын зерттеу болып табылады.
Қойылған мақсатты орындау үшін төмендегі мәселелер қаралды:
- сырдария өзенінің гидрологиялық режиміне анторпогенді факторлардың әсері зерттелді;
- өзгерістерді анықта үшін-есептік кезеңдерді негіздеу және бөлу, табиғи және антопогенді факторлардың әсерін ескере отырып. Сырдария өзенінің төменгі ағысына сипаттама берілді;
- коллектор-кәріз суларының химиялық құрамын зерттеу және оның суғармалы жердің тұздануына тигізетін әсері сипатталды;
- коллекторлы-кәріз және төгінді сулардың Сырдария өзенінің төменгі ағысынадағы судың химиялық құрамына тигізетін әсері анықтау;
- Сырдария өзенінің төменгі ағысының су сапасының қалыптасу ерекшелігі зерттелді;
- өзендегі судың сапасын сақтау жолында гидрологиялық режимге қойылатын талаптар белгіленді.
Зерттеу әдістемесі. Өзен ағысына кешендік шаруашылық әсерін анықтауда жалпыға бірдей гидрологиялық және гидрохимиялық әдістер қолданылды. Су өтіміне қарай минералдануды табиғи және өзен режимінің бұзылуы кезіндегі өз арар байланысын гидрологиялық және гидрохимиялық әдістермен зерттедік. Сонымен бірге статистиканы, есептеуді, аналитиканы, графиканы, мүмкіндік және көптеген сандық анализ әдістері, гидроэкологиялық зерттеулерде қолданатын әдістер қолданылды.
Материалдарды қолдану. Автордың өз еңбектері . Жұмыс барысында: «Қазгидромет» жүйесіндегі судың шығыны және көпжылдық станциялық бақылау материалдары бойынша минералдануы. Қызылорда облысындағы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының деректері бойынша өзен суының химиялық құрамы және коллекторлы-кәріз су, Қызылорда облысындағы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станция деректері, Қызылорда ОКГП, Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы департаменті, Арал-Сырдария БВУ, ҚазҰАУ-нің ғылми-зерттеу жұмысының есебі, ҚазҒЗИВШ, ИГ, САРНИГМИ, Қазгидроводхоздың фондтық материалы, әдеби көздер, тәжірибелік қортындылар мен теориялық зерттеулер, автордың 2006-2008 жылдардағы орындаған ғылыми жұмыстары. Барлық эмпирикалық тәуелділік, өзіндік деректер, ұсыныстар, жұмыстың қорғалатын заңдылығы және қортындылары, зерттеушінің өзінің жаңалығы немесе бақылау кезіндегі қолданылған материалдарда көрсетілген жаңалықтар.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы : Қазақстан бөлігіндегі Сырдария өзенінің гидрологиялық және гидрохимиялық параметрлерінің өзара тығыз байланысындағы антропогенді басымдылығы мен табиғи фактордың заңдылықтарына байланысты соңғы 10-15 жылдың ішінде бірнеше рет өзгеруін анықтау.
- коллекторлы-кәріз суларының және төгінді сулардың Сырдария өзенінің суның химиялық құрамына әсерін бағалау;
- Су өтімі мен минералданудың ара қатынасын анықтау, гидрохимиялық картасын құру ;
- тәжірибелік зерттеу кезінде алғаш рет Қызылорда аймағындағы суармалы жерлердің топырағының тұздану баланысы анықталды;
- Шардара суқоймасынан өтетін су көлемінің гидробайламдардан өтуін негіздеу, өзен арнасындағы су сапасын қалыптастыру және коллекторлардың орналасуы;
- Сырдария өзенінен алынатын су көлемі және болашақта сумен қамтамасыз етудегі өзенің ағысы мен минералдану дәрежесін болжау;
Қорғалатын жағдайлар:
- Сырдария өзенінің төменгі ағысының гидрологиялық және гидрохимиялық режимдерінің антропогенді жүктемелердің әсерінен өзгеру динамикасы;
- өзеннің гидрологиясы мен гидрохимиясының тұздану кезеңдегі өзара байланысы;
- өзеннің төменгі ағысындағы су сапасын сақтау мақсатындағы экологиялық талаптар.
Жұмыстың тәжірибелік мағанасы: Ғылыми зерттеу жұмысының негізі болып, Шардара су қоймасының мақсатты түрде су мөлшерін өткізу ұсынысын жасау және төменгі өзен ағысының су сапасын сақтау мен су құрамының химиялық құрамы бойынша картасын салу, сондай-ақ Сырдария өзеннің төменгі ағысы. Бұл ұсыныстар «Қызылорда су шаруашылығы» ОКГП, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасыда және Арал-Сырдария БВУ экологиялық жағдайды сақтауда, табиғат қорғауда және Шардара су қоймасынан суармалы жерге бөлінетін су мөлшері реттеуде және сумен қамтамасыз етудегі әр түрлі тәсілдер қолданудағы Сырдария өзенінің төменгі ағысының экологиясыда қолданылу мүмкін. Сонымен қатар диссертациялық жұмыстың нәтижесі ҚазМемАгру -дың есебіне енді, әрі тақырыбы бойынша: «Сырдария өзенінің төменгі ағысының су ресурстарының гидрохимиялық режимі және суды ластайтын көздерді зерттеу, су сапасын сақтау ұсынысын жасау» 2001-2007 жж. және Қызылорда мемлекеттік «Қорқыт ата» оқу орнындағы «Мелиорация және гидроэкология» кафедрасында оқыту барысында қолданылуда.
Жұмыстың таралуы: Сырдария өзенінің өзін-өзі тазалау және тұстамалардағы номограммалардағы деректер бойынша жалпы минералдану мен су шығынының тиеслі мағанасын анықтауда, 4403-«Гидромелирация» және 4306- «Сумен қамтамасыз ету, суды тарату және су ресурстарын қорғау» мамандықтары бойынша графикалық-есептеуде, курстық және дипломдық жұмыстарға кіргізілді. Сондай-ақ автор ОКГП «Қызылорда су шаруашылығы» тәжірибелік практикада «Сырдария өзенінің төменгі ағысының су сапасын сақтау ұсынысы» жасауда ат салысты.
Бекітіліу: Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «гидравлика және ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету» кафедрасындағы ғылыми талқылау жұмысында мақұлданып, қабылданды.
Мақалалары: Ғылыми зерттеулер бойынша екі мақала жарық көрді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық арграрлық зерттеулер орталығының ғылыми-теориялық журналы «Жаршы» № 7., 2008 ж. . «Ағынды сулардың салдарынан туындайтын әлеументтік экологиялық шығындар», «Қазіргі кездегі сырдария өзенінің төменгі ағысының су сапасының химиялық құрамы және сапасын сақтау жолдары»
Жұмысының көлемі мен құрлымы. Магистрлік диссертациялық жұмыс компьютерде терілген 100 беттік мәтіннен тұрады. Оның мазмұны кіріспеден, негізгі тараудан, зерттеу нәтижелерінен, қортындыдан, өндіріске арналған ұсыныстардан, өндіріске енгізілгендігі туралы актілер мен қосымша материалдардан тұрады. Диссертацияда 25 кесте және 20 суреттер бар. Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне 126 еңбектің аты кіреді.
1. СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ АРНАСЫНДАҒЫ СУ САПАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАСЫ
1. 1 Сырдария өзенінің қазіргі кездегі гидрографиялық бассейін жүйесі
Сырдария өзенінің бастауы Батыс Тянь-шянь, Қарадария, Ферган және Алай шатқалдарынан жиналған сулардан және Нарын өзенінің бірігуінен пайда болады. 1988 ж. бастап кіші аралға құя бастады. Сырдария өзенінің ұзындығы 2212 км құрады, ал арал теңізінің тартылуына байланысты өзен ұзындығы 46 км [2] ұзарды. Өзен жүйесі келесі өзендерден құралады: оң жағында Падиша-Ата, Қасансай, Гава-Сай, Чаадак-Сай, Ахангаран, Ширшық, Келес және Арыс, ал сол жағында Исфарамсай, Шахимардан, Сох, Исфара, Ходжабакирган, Ақсу, Зааминсай және Санзар. Әр бір өзенің өзіндік ірі және кіші келіп құятын ағымд су жыйнау жүйесі бар. Бұл аумақ Тянь-шянь, Түркістан және Алай жоғарғы шатқалдарындағы жазықтықтардағы сусыз суарылмайтын алаптарда, теңіз бетінен 1500 м орналасқан; Ал ортаңғы ағыс тау аралық аллювиалды жазықтықтарда орналасқан ( Фергана, Шыршық) және шөл, Дальверзин және Джизак далалары кіреді. Төменгі ағысы Шардара су қоймасынан төмен орналасқан; Өзенің ұзындығы басынан аяғына дейін 1800 км 2 . жетеді [2, 6] .
Алыбтың бөлімдері Орта Азиядағы төрт мемлекеттің жерінде жатыр. Сондықтан Нарын өзені: Чатқалдың екі беткейі, Ферган, солтүстік Түркістан беткейі және Алай шатқалдары Қырғыз Республикасының территориясяында орналасқан. Ортаңғы бөлігі Ферган аңғарында, Чарвак өзен алыбы, Ахангаран және Пскем Өзбекстан Республикасындағы территорияда орналасса, ал оңтүстік беткейі Кұрама аңғарында, бір бөлігі солтүстік беткейлердің батысына қарай біткен Түркістан шатқалдарында ол Тәжікстан Республикасының жерінде орналасқан. Арыс өзенінің алыбы, оңтүстік-батыс беткейдегі Қаратау шатқалы мен төменгі Сырдария ағысы Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан. Сырдария алабы келесі бөлімдерге бөлінеді: Сырданрия өзенінң жоғарғы ағыс: Нарын, Қарадария, Шыршық және т. б. адам шаруашылығы әсеріне аз тәуелді бекетердердің жоғарғы жағы және ағының гидрографы мұздық тар мен қар және жер асты суларымен қоректенеді, жылдық ағысқа бөлгенде: су өрісі науырыз-сәуір айларында басталады да қыркүйек айында аяқталады. Осы судың өрістік кезінде жылдық ағыстың 75-80%құрайды [3] . Судың өрісі кезінде суармалауға алынып отырды, су шығыны маусым айында жоғарлады, сондай-ақ тасықын кезінде су шығыны артты. Өзен ағысын қалыптастыруда бассейінің әр түрлі бөліктерінде болатын жылдық жауын-шашынға байланысты бөлу басты рөл атқарады. Мысалы: Нарын өзеніне түсетін жылдық есептегі жауын-шашын үлесі қыс кезінде 8-18 % құраса, жаз айында 41-57 %құрайды /3, 4, 6/. Тоқтағұл (1970ж), Андижан (1978ж), Чарвак (1970ж), Қарақұм (1956ж), Шардара (1965ж) және қазіргі кезгі су шаруашылықтарын үздіксіз іске қосу арқылы Сырдария өзенінің су ресурсын толығымен 0, 96 дәрежеде басқаруға мүмкіндік туып отыр.
Өзен арнасын орталық Азия мемлекеттері өзара бөліп алуы. В. М Стародусов [7] Сырдария өзенін таулы тұсы, бұл жерде өзен арнасындағы су ағысы қалыптасады (ауданы 150 мың. км 2 ), ал өзеннің ортаңғы және төменгі бөлігі Өзбекстан (Көкбұлақ) шегарасынан ары қарай Аралға дейінгі орталық деп бөледі.
К. В Цыценко [9] Сырдария өзенінің төменгі арна ағысына Шардара су қоймасынан ары қарайғы қашықтық деген болжау жасайды. Ал Э. И Чембарисов [10] Сырдария өзенінің бассейінін 3 гидрологиялық белдеуге бөледі, жоғарғы су жүктемелерінен, жер асты суларының сызаттана шығуы және грунт суларына таралудан тұрады. В. А Духовный [11] геграфиялық тұрғыдан өзен бассейінін 3 бөлікке бөледі: өзеннің табиғи қалыптасуы-Сырдария өзенінің жоғарғы ағысы; антропогенді қалыптасу белдеуі-Сырдария өзенінің ортаңғы бөлігі және периферия ағыс, бұл ағыс Шардара су қоймасының тұстамасында бітеді; ағыстың таралуы төменгі белдеуде - бұл бөлікте өзен арнасына ешқандай табиғи өзен сулары мен ағыстары қосылмайды, тек қана суармалаудан және дренажды-коллекторлы сулар ғана қосылады.
Е. Г Иванов., Г. Х Исмайлов [12] дерекрері бойынша Сырдария өзенін жоғары таулы, таулы, тау алды және жазық аудандарға бөледі. Соның ішінде соңғы екі ауданын шаруашылықтарда игеру бөлігіне енгізеді. И. Б Вольфцун, В. В Сумарокова [13] Сырдария өзенінің арнасындағы су мөлшерін қалыптасу, транзит және суды шығындау бөліктеріне бөледі. Көптеген ғалымдар [14 . . . 18] жоғарғы және ортаңғы, төменгі ағыстар деп бөледі. Басты назарды соңғы бөлікке аударады, су мөлшерінің азаюы оны жоғалтуға байланысты және қайтымсыз алынатын су мөлшеріне байланыстырады. Бұл бөлік Шардара тұстамасынан басталады. Сырдария өзенінің су бассейінің бөліктерін, жоғарыда келтірілген мәселердің қорытындысы бойынша бөлу:
а) жоғарғы ағыс, Сырдария өзенінің негізгі саласы: Нарын, Қарадария, Шыршық және т. б. жоғарғы тіректік бекеттер адам қолымен аз зақымдалған және олардың гидрографтары мұздықтармен, қарлармен және жер асты қоректермен анықталады. Бұл жоғарғы бөлік суармалау жерлері жоқ жерлерде және Тянь-Шянь, Түркістан және Алай шатқалдарының 1500 м теңіз деңгейінің биіктігінде орналасқан.
б) ортаңғы ағыс, тауаралық аллювилды аңғалдарда (Ферган, Шыршық) және Голод, Дальверзин және Джақ далаларында алып жатыр. Өзенің сумен толғуы оның табиғи бастауынан және антропогенді қайтымды сулардан және алуан түрлі адам баласының қолымен жасалған шараладың салдарынан зақымдалған. Бұл бөлік Шардара суқоймасының тұстамасының төмен жағынан бітеді.
в) Сырдария өзенінің төменгі бөлігі Шардара суқоймасының төмен жағынан басталад. Оның ұзындығы Сырдария сағасына дейінгі аралық 1679 км құрайды. Бұл бөліктің ерекшелігі ағыстың транзиттілігі, бүйірлік қосылатын ағыстар мүлдем болмайды және суармалауға алынатын су осы тұста өте жоғары болады.
В. М Боровский [19] Сырдария өзенінің ланшафты древней динамикасын 3 топқа бөлді:
1) төменгі Сырдария ағысы - аккумулятивті жазық, өзен- релеьфі желдің салдарынан қалыптасқан, ауданға жат; 2) Сырдарияның томенгі ағысы - аккумулятивті аллювиалды жазық, Сырдария, Шу, Сарысу өзендері адасқан аудан екендігімен түсіндіріледі; 3) Сырдария төменгі ағыс жазығы - тілімденген эрозиялы өзен жазығы.
Сырдария өзенінің табиғи су ресурсы (қалыпты нормада 37, 0 км 3 / ж) толығымен дерлік шығындалады деуге болады, артылған бөлігі өзен арнасының динамикасына құйылады. 1920 ж 1, 0 млн. га бассейін суармалауға жұмсалған, 1965 ж 1, 9 млн. га, 1990 ж 3, 2 млн. га [12] .
Өзен бойындағы суармалау жүйесі 120 мың. км дейін жетеді. Өзен арнасынан 1500 канал ашылады, оның 40 ірі, орташа суқоймалары және 300 жуық кәріз суларының қосылатын тұстамалық қашықтығы 83 мың. км құрайды.
Егін ың қарқынды дамуы Сырдария өзенінен алынатын судың мөлшері мен жиналатын су мөлшерін одан әрі жоғарлатып жіберді. 50 жылдардың бірінші ораңғы шегінде 42, 5 км 3 / ж, 70 -80 жылдардың соңында суды жинау 50 . . . 55 км 3 / ж жетіп, жоспарланған әрі болжанған көрсеткіштен 1, 4 есеге артып кетті, қайтымды суларды қайта пайдалану салдарынан. Егін суаруда қолданатын су мөлшері 90% [8, 11, 12, 20] жетті.
Қазіргі кезде коллекторлы-кәріз қайтымды сулардың көлемі әр -түрлі баламаны құрайды 10, 5 - 18. . 22 км 3 / ж, яғни жиналған судың 60-65% қайтымсыз мөлшерін құрайды. Қайтымсыз суларға Арнасай төмендеуіне құйылатын суды жатқызамыз. Біздің дерктеріміз бойынша соңғы 8 жылдың ішінде (2001-2008 жж) 29, 0 км 3 бағалы су шығындалған.
Сырдария өзенінің арналық су бассейінің қалыптасуы 30-35 мың жыл бұрын болған, Тянь-Шянь мен Памир тауларындағы таулардың қалыптасуымен және третикалық уақыттың соңына қатысты деген деректерді [3, 20, 21] авторлар келтіреді. Сырдария өзенінің жоғарғы белдеуі палеогеннің соңғы уақыты мен неогеннің басталу кезінде қалыптасқан, тектоникалық уақыттың белсенді кезінде, сол кезде жер түбінің дүмпулік-көтерілуінен және төмендеп-сайлануынан туындаған. Төртік кезеңнің басталуымен таулардың өсуі, таулар арасындағы жерлердің көшінді материалдармен және жалғасып жатқан тектоникалық қозғалыстар климаттық жағдайды және таудың мұздықтарының дәрежесін мүлдем өзгертіп жібереді [20, 21] . Гидрографикалық өзгерістер жүйесі әліде болса тоқтаған жоқ, адам қолымен жасалған шаралар мен суды жинаудан айтарлықтай өз әсерін тигізіп жатыр.
Өзен бассейіне 29784 өзен кіреді, жалпы ұзындығы 108624 км [3] құрайды. Осы саның 94 %-ның, яғни өзендердің ұзындығы 10 км жетеді. Жалпы ұзындығы 55 %, осы бассейінің барлық өзендерінің сандық ұзындығы (кесте 1) .
Өзен көздерінің орташа жиілігі (каналдарды санамағанда) Сырдария бассейінің таулы бөлігі бойынша 0, 5 км/км 2 , Нарын өзенінің бассейіні - 0, 58 км/км 2 , Шыршық өзені бойынша - 0, 63 км/км 2 , Ахангаран - км/км 2 . Өзен аңғары бойынша 2 типке бекітілген, таулы және жазық. Таулы өзендер бастауы мұздықтар мен қарлардан басталса, жазық бөліктегі Сырдария бассейіні 300 мың. км 2 құрайды.
1-кесте Сырдария бассейіндегі өзендердің саны мен ұзындығы [3]
Сырдария өзенінің қалыптасу тұсынан келіп түсетін су ресурстарының жылдағы орташа ағының қалыптасқан су мөлшері 37, 0 км 3 / /ж, ал орташа жылдық су 95%-ға төмендегенде, яғни 25, 4 км 3 сумен қамтамасыз ете алады және ал жылына 25 % -ға жоғарлап сумен қамтамасыз ету 42, 3 км 3 / ж жетеді, ал жылдардағы 5 % -дық қамтамасыз ету 50, 0 км 3 дейін жетеді [23] . Бекетердегі бақылаулар келтірілген (кесте 2) .
2-кесте Сырдария өзенінің төменгі ағысының гидрологиялық бақылауының нәтижелері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz