Ақпараттық себепті жасаудың белгілі бір алгоритмін жасау



КІРІСПЕ ... ... 3
1.ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ СЕБЕП: ТҮСІНІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... ... ... ... ..5
2.ТАРАУ.БАҚ.ҚА АРНАЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... 10
2.1.Жаңалықтар түсінігі және оны БАҚ.та дайындау технологиясы ... ... ... ... ... 10
2.2.Ақпараттық оқиғаны жасау технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3.ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ СЕБЕПТІ ЖАСАУ САТЫЛАРЫ
3.1.Жоспарлау және хабарлау сатысы ... 20
3.2.Оқиғаны өткізу орны ... 21
3.3.Мақсатты аудиторияның басты тұлғаларын таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
4.ТАРАУ.ЖҰМЫСТЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІГІ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
Демократиялық даму жолын таңдаған басқа да көптеген елдер сияқты Қазақстанда да қазіргі кезде қатысушылары мемлекеттік және қоғамдық институттар, әлеуметтің және ұйымдардың мүшесі ретіндегі азаматтар болып келетін көпшілікке арналған белсенді коммуникациялар жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Дамушы демократия және өркениетті қоғамдық коммуникация тән болып келетін қоғам әлеуметтік қызметтің жаңа бағытын туындатады – қоғаммен байланыс (паблик рилейшнз, PR).
Қазақстандағы қоғаммен байланыстың қазіргі жағдайы PR-тәжірибе жетістіктері мен оның ғылыми, теориялық мәнін ұғынудың синтезімен, PR-қызметпен кәсіби түрде айналысатын мамандандырылған құрылымдардың пайда болуымен сипатталады. Паблик рилейшнз саласында қазіргі уақытта іске асып жатқан PR-тәжірибелердің барлық жиынтығы көрсетілген. Паблик рилейшнз мақсаты әлеуметтік субъектінің ол үшін маңызды болатын орта сегменттерімен әлеуметтік өзара әрекеттесуін оңтайландыруды қамтамасыз етуші қоғаммен тиімді коммуникация жүйесін қалыптастыру екенін назарға алатын болсақ, коммуниканттардың ақпараттық саясатының және оны қалыптастыру технологиясының маңыздылығы айқындалады.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ СЕБЕП: ТҮСІНІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... ... ... ... ..5
2-ТАРАУ.БАҚ-ҚА АРНАЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1.Жаңалықтар түсінігі және оны БАҚ-та дайындау технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2.Ақпараттық оқиғаны жасау технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3-ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ СЕБЕПТІ ЖАСАУ САТЫЛАРЫ
3.1.Жоспарлау және хабарлау сатысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
3.2.Оқиғаны өткізу орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.3.Мақсатты аудиторияның басты тұлғаларын таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... . 24
4-ТАРАУ.ЖҰМЫСТЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .35
Кіріспе
Демократиялық даму жолын таңдаған басқа да көптеген елдер сияқты Қазақстанда да қазіргі кезде қатысушылары мемлекеттік және қоғамдық институттар, әлеуметтің және ұйымдардың мүшесі ретіндегі азаматтар болып келетін көпшілікке арналған белсенді коммуникациялар жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Дамушы демократия және өркениетті қоғамдық коммуникация тән болып келетін қоғам әлеуметтік қызметтің жаңа бағытын туындатады - қоғаммен байланыс (паблик рилейшнз, PR).
Қазақстандағы қоғаммен байланыстың қазіргі жағдайы PR-тәжірибе жетістіктері мен оның ғылыми, теориялық мәнін ұғынудың синтезімен, PR-қызметпен кәсіби түрде айналысатын мамандандырылған құрылымдардың пайда болуымен сипатталады. Паблик рилейшнз саласында қазіргі уақытта іске асып жатқан PR-тәжірибелердің барлық жиынтығы көрсетілген. Паблик рилейшнз мақсаты әлеуметтік субъектінің ол үшін маңызды болатын орта сегменттерімен әлеуметтік өзара әрекеттесуін оңтайландыруды қамтамасыз етуші қоғаммен тиімді коммуникация жүйесін қалыптастыру екенін назарға алатын болсақ, коммуниканттардың ақпараттық саясатының және оны қалыптастыру технологиясының маңыздылығы айқындалады. Нақты зерттеу паблик рилейшнзтың тиімді құралдарының бірі, дәлірек айтқанда - ақпараттық оқиғаны жасау технологиясының қалыптасу мәселесіне арналған.
Бұл мәселенің бастауын Ежелгі Римнен табуға болады. Шешендік өнер туралы 12-томдық еңбектің авторы Римдік ритор Квинтилиан, б.д.д. I ғ., егер қандай да бір оқиға немесе іс-әрекет жайында келесі жеті сұраққа жауап белгілі болатын болса: quis, quid ubi, quibus, auxillis, cur, quomodo, quando (кім? не істеді? қайда? қандай жолмен? не үшін? қалай? қашан? бұл оқиға немесе іс-әрекет жайында пікір айтуға болады деп есептеген. Дәйексөз: Н. Пальгунов. Ақпарат жайындағы ескерту. М., 1967. С. 17.
Қазіргі таңда насихаттауға, жарнамаға, паблик рилейшнзке байланысты әр түрлі сипаттағы эмпирикалық және теориялық материалдар жинақталған, алайда шын мәнінде, бұл зерттеулер жергілікті жәненемесе іс жүзіндегі мәселелерді шешу деңгейінен әрі жылжыған жоқ.
Әдебиетте жаңалықтық оқиға түсінігі мүлдем жоқ. Осылайша, қазақстандық қоғамның және бұқаралық коммуникация құралдарының қазіргі жағдайына сай келетін өңделмеушілік, жаңалықтық оқиғаны жасау технологиясы нақты сипатталатын теориялардың болмауы біздің осы мәселені қарастыруымыздың теориялық негізі болып табылады.
Нақты жұмыстың мақсаты ретінде ақпараттық себепті жасаудың белгілі бір алгоритмін жасау саналады және PR, жаңалықтық журналистика саласындағы мамандардың танымал еңбектеріне және мамандандырылған баспа материалдарына сүйене отырып, бұл үдерістің негізгі сатыларын көрсетеміз.
1-тарау. Ақпараттық себеп: түсінігі мен ерекшелігі
Қоғаммен байланысқа коммуникативті тәсілдердің, әдістердің және технологиялардың көптеген түрлері тән болып келеді. Ақпараттық себеп - PR құралдарының бірі.
Ақпараттық себеп - көпшіліктің: оқырмандардың, көрермендердің немесе тыңдармандардың қызығушылығын тудыра алатын оқиға. Ақпараттық себепті таңдау - сапалы пресс-релиздің негізі.
Ақпараттық себепті жазбаша түрде тұжырымдаудың маңызы неде?
Біріншіден, бұл тұжырымдама жиі түрде пресс-релиздің кірістемесі немесе басылымның тақырыпшасы болады.
Екіншіден, бұл тұжырымдама журналистпен телефон арқылы сөйлесу кезінде оқиға желісінің қысқаша түсінігін жеткізу үшін қажет;
Үшіншіден, дұрыс тұжырымдалған ақпараттық оқиға жаңалықта нақты фактінің бар екендігін, оқиғаның шынайылығын, жаңалықты тексеру мүмкіндігін көрсетеді.
Ақпараттық себептің ерекшелігін түсіну үшін бұл түсініктің себептілік категорияларымен байланысы жоқ екенін анықтаудан гөрі, оның субъектаралық өзара әрекеттесу және субъекті-объектілі қарым-қатынастар жүйесіндегі орнын анықтау анағұрлым маңызды. "Оқиға" түсінігінің "субъект"-"объект" категориялық жүйесіндегі жағдайы туралы сөз қозғауды заманауи зерттеулер жайында біршама жиі айтылатын ағылшын тілді түсініктік аппараттың орыс тілді аудармасының дұрыс еместігі жөніндегі мәлімдемеден бастаған дұрыс.
Алғашқы университеттер заманындағы секілді, өткен ғасырдың соңында оқу құралдары бірінен соң бірі аударылды, аударылған монографиялар мен мақалалар ондаған санмен басылып шықты. Аударма қандай да бір білім саласындағы мамандармен емес, аударылатын мәтіндерге қатысты нақты ғылым саласын зерттемеген кәсіби аудармашылармен жүзеге асырылды. Осыдан "ықшам" ғылымдардың (соның ішінде қоғаммен байланыс, жарнама теориясы және т.б. ғылымдар) заманауи тілінің эклектикасы, бірқатар жеке терминдердің дұрыс емес түрдегі аударылуы, яғни тура мағынасының бұрмалануы және басқа түсініктермен байланысының жоғалуы пайда болды. "Ақпараттық себеп" түсінігі басқа да көптеген терминдер секілді, ақпараттық қызметпен айналысатын мамандар тілінің құрамдас бөлігі екенін айтуға болады, ол алғашында АҚШ-та пайда болған. Тарихи дамуда ақпараттық себеп түсінігін білдіру үшін cause (себеп) сөзімен қосарлы болатын reason сөзі мүлдем қолданылмаған. Бастапқыда ақпараттық себеп inject сөзі арқылы сипатталған. Оқырмандардың басым бөлігі заманауи автокөліктердің бөлшегі инжектор немесе бүркегіш екенін біледі. Медицина тілінде инені инъекция немесе дәрі жіберуші (тері асты, бұлшықетішілік немесе тамыр ішілік) деп атайтынын да ескерте кету керек. Физиктерге инжекция ұғымы белгілі - бөлшектерді одан әрі жылдамдату немесе жинақтау мақсатында зарядталған бөлшек түйінін жылдамдатқышқа енгізу. Көріп отырғанымыздай, барлық мысалда бүрку, лақтыру, бір нәрсені енгізу жайында сөз қозғалып отыр. Ақпараттық себеп түсінігі бастапқыда inject сөзі арқылы сипатталған және қазіргі уақытқа дейін осылай сипатталады, inject сөзі сәйкес мағынаны білдіретін латын түбірінен (латынша injitio - лақтырамын; injection - лақтыру) шыққан. Сондай-ақ inject сөзі оның subject және object түсініктерімен тұтастығын айқын түрде (тіпті формасы бойынша да ұқсастығын) көрсететіндер үшін де тиімді. Ақпараттық үдерістің субъектілері мен объектілерінің өзара әрекеттесу теориясы тұрғысында ақпараттық себеп дегеніміз не? Ақпараттық себеп - бұл объектінің ерекше түрі. Нақтырақ айтатын болсақ, ақпараттық себеп - ақпаратты ақпараттық кеңістікке енгізу үшін ақпарттық үдеріс субъектісінің мақсатты түрде қолданатын объектісі. Ақпаратты ақпараттық кеңістікке дайын немесе осы мақсатта арнайы жасалған объектіні пайдаланбай енгізуге мүмкін бе? Йә, мүмкін. Алайда бұл жағдайда енгізілетін ақпаратқа басқа субъектілердің және аудиторияның назарын аударту үшін бірталай күш салуға тура келеді. Яғни, ақпарат ешкімнің назарынан тыс қалмауы үшін, оны объектіге айналдыруға тура келеді. Сондықтан бастапқыда объект жасау (немесе бар объектіні таңдау) және енгізілетін ақпаратқа назар аударту үшін осы объектіге аударылатын ақпараттық үдеріс субъектілерінің және аудиторияның назарын қолдану оңайырақ болады.
Аудитория назар аударатын объекті мен енгізілетін ақпарат арасындағы логикалық байланысты орнату басты міндет болатыны айқын. Нақты мазмұндағы логикалық байланыс - бұл аудиторияның күмәнін тудырмайтын, яғни бұқаралық санада бар, координаттар жүйесіне енетін, аудитория мақсаттары арқылы қалыптасқан байланыс. Мысалы, аудитория көзқарасы тұрғысынан, медициналық қызметкер күнінде дәрігердің кез келген мәлімдемесі, шекарашының немесе энергетиктің мәлімдемесіне қарағанда қисынды болып келеді. Олимпиадалық ойындар қарсаңында аудитория назарын дене шынықтыруды және спортты мемлекеттік қолдау жөніндегі мәлімдеме аудартады, ал 1-қыркүйек қарсаңында назар тудыратын орта білім беруді мемлекеттік қолдау жөніндегі мәлімдеме Олимпиада қарсаңында аудитория назарынан тыс қалуы мүмкін.
Ақпараттық қызмет бойынша мамандар өздерінің кәсіби жаргонында ақпараттық себепті "инжект" немесе "инжектор" деп атайтынын, сондай-ақ қазіргі уақытта ақпараттық себепті біздің мұхиттың арғы жағындағы әріптестеріміз қалай атайтынын түсіндіріп өту керек. Біз жоғарыда inject сөзінің ақпараттық себептің тарихи мағынасы екендігін бірнеше рет атап өттік. Ал бұл түсінік одан кейінгі уақытта қалай дамыды? Ақпараттық қызмет тәжірибесінің одан әрі дамуы және бұл қызмет түрінің кәсіпке айналуы ақпараттық себеп ұғымын мағынасының біршама айқындала түсуіне алып келді. Ақпараттық қызмет бойынша жұмыс істейтін қазіргі американдық мамандар ақпараттық себеп орнына, connection - байланысу, байланыс, байланыс орнату сөзін жиі қолданады. Американдық пресс-релиздерде жиі кездесетін "in this connection..." сөз тіркесін "осы ретте" деп аудару әдетке айналған ("Осы ретте Дональд Трамп былай мәлімдеді..."). Осы арадағы оның нақты мағынасы "осы ақпараттық себепке байланысты".
Ережелер бойынша таңдалған және құрылған ақпараттық себеп пресс-релиздің расталатын және аудиторияны қызықтыра алатын нақты фактілер негізінде жазылатынын көрсетеді.
Белгілі бір жағдайларда ол ақпараттық хабарлама (жаңалық) жасауға мүмкіндік туғызады.

Оқиғаның жаңалық тудыра алатын бес сипаттамасы:
1- тең дәрежелі оқиғалар арасында қоғамның элиталы бөлігіне байланысты оқиғалар біршама ұнамды;
2- оқиғада көпшіліктің өзімен теңестіруіне мүмкіндік беретін басты кейіпкер (жағымды) болуы тиіс;
3- тең дәрежелі оқиғалар арасында біршама жағымсыз оқиғалар ұнамды;
4- көпшілік оқиғаны бірегей түрде түсінуі қажет;
5- оқиға жаңалықтың ең көп айтылатын тақырыптарымен барынша сәйкес болуы қажет.

2.1. Жаңалықтар түсінігі және оны БАҚ-та дайындау технологиясы
Ең алдымен, жаңалықтың не екенін анықтап алайық. Жалпылама түрде жаңалық - бұл аудиторияның қабылдауына есептеліп жасалған, әлеуметтік бағдарлануда көмектесетін, күтпеген, сенсациялық қабылдаудың мәнділікпен үйлесуі арқылы шығармашылық тұрғыда түрлендірілген фактілер.
жаңалықтың гносеологиялық түсінігімен қатар онтологиялық түсінігі де бар, Мұнда ол қоғамның үлкен бөлігінің қызығушылығын тудыратын және бұрын белгісіз болып келген ұғым ретінде анықталады.
С.Холлдың пікірі бойынша, соңғы жиырма төрт сағат ішінде орын алған қызықты, ерекше және маңызды оқиға ғана жаңалық бола алады (Холл С. Өз-өзіңмен оңаша әлемде: Жаңалық дайындауағылшын тілінде - Нью-Йорк, 1972. - 85-94 Б.). Яғни, ең алдымен, іс-оқиғалардың немесе айтылған пікірлердің өз уақытында сезілуі, олардың аудиторияға айқын жақындығы, драматизм, жалпы адамзаттық тақырыптарды қозғауы және әдеттегіден ерекше болуы маңызды.
Зерттеушілер Эверетт Деннис және Джон Мэрилл келесідей анықтама береді:
Жаңалық - бұл нақты мәселеге, оқиғаға немесе үдеріске қатысты шындыққа заманауи көзқарас көрсетілетін хабарлама. Жаңалықта жеке тұлға немесе қоғам үшін маңызды болып табылатын өзгерістер бақыланады, олар жалпыға түсінікті немесе қарапайым мазмұнда ұсынылады. Жаңалық аудиторияны не қызықтыратыны, сондай-ақ сәйкес редакцияның жұмыс барысында тап болатын ішкі және сыртқы шектеулері жайында бекітілген келісімді есепке ала отырып безендіріледі. Ол - редакция ішінде ұжымдық келісімге жету, нақты уақыт аралығында орын алған оқиғаларды тез бұзылатын өнім жасау мақсатында сұрыптау бойынша күн сайын жаңартылып отыратын ойынның нәтижесі. Жаңалық - сырттай және іштей қысым көрсету жағдайында асығыс шешім қабылдаудың аяқталмаған нәтижесі (Деннис Э., Мерим Д. Бұқаралық ақпарат құралдары жайындағы әңгімелер. М., 1997. 205 Б.).
Отандық журналистикада жаңалықтың келесідей негізгі түрлері бөліп көрсетіледі: оқиға, іс-оқиға, іс-шара, қызмет нәтижелері, жоспарлау. Батыстық зерттеушілер басқаша түрдегі жіктеуді ұсынады. Олар жеті категорияны бөліп көрсетеді: белгілі бір мән-мағынасы бар: әлеуметтік, экономикалық, саяси, адами жаңалық; драмалық-жаңалық; тосын сыйлы-жаңалық; тұлға жайындағы жаңалық; жанжалдық жаңалық, соның ішінде қылмыстық; ауқымды оқиға жайындағы жаңалық; оқиғаның ақпарат тұтынушысына жақындығы. (Хезерингтон А. Жаңалықтар, газеттер және ТВ ағылшын тілінде - Лондон, 1987. - 8 Б.).
Бұқаралық коммуникация саласындағы зерттеушілер мен теоретиктер жаңалықты басты және екінші ретті әрекет етуші тұлғалардың, қаһармандар мен жауыздардың болуымен сипатталатын әңгіме ретінде қарастырады, сәйкесінше, даму сатыларынан тұратын, яғни басы, ортасы, соңы, сюжетте белгіленген драмалық айналымы бар іс-әрекет және ол аудитория үшін үйреншікті сценарийге сәйкес келеді.
Жаңалықтың нарративтік құрылымы аудиторияға хабарланып отырған оқиғаның қатысушы тұлғаларына бастапқыда толықтырылмаған және кездейсоқ бақылауларға мағына беруді жеңілдететін қандай да бір себепті анықтауға мүмкіндік береді.
Бірқатар ғалымдардың санауы бойынша, жаңалықтар сызбасының шешуші элементтеріне (ауызша реакция, оқиға, пікір білдіру) сәйкес келетін нарративті дискурстың (анекдот, аңыз, астарлы әңгіме) референтті функциялары бар базалық стратегияларын қоюға болады. .(Белл А. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. - Лондон, 1991. (Bell, A. (1991). The Language of Mass Media. Oxford: Blackwell) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп журналының электрондык түрі
Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Жаңа ақпараттық технологиялар, оны білім беру жүйесінде пайдаланудың маңыздылығы
Курстық жобаның тақырыбы
Деректер қорының моделі
Оқушылардың білім сапасын арттырудаға оқу іскерліктерін қалыптастыру процесін зерделеу
Информатика пәнінен әдістемелік құрал
Машиналық оқыту алгоритмін құжаттарды топтау үшін қолдану
Параллельді алгоритімді ақпараттық қауіпсіздікте қолдану
Пәндер