Бухгалтерлік есептіліктің қалыптасуы



1 Бухгалтерлік есептілікті қалыптастыруды жетілдіру
2 Бухгалтерлік есепті автоматтандыру
Қазіргі заман талабында біздің еліміздегі бухгалтерлік есептіліктің қалыптасуы қаржылық есеп секілді үлкен өзгерістерге ұшыраған, бұл бухгалтерлік есептің халықаралық стандарт талаптарына бейімделуімен байланысты. Халықаралық стандарт есебіне көшу бухгалтерлік есептілік қалыптасуының мақсаттарын қайта ойластырумен байланысты тұжырымдамалық сипаттағы өзгерістерді талап етеді, бұл бухгалтерлік есептіліктің сапалы сипаттамаларын ауыстыруды білдіреді [7, 232 б.].
Қазіргі заман жағдайында есептіліктің болашағы зор даму бағыттары ретінде келесілерді айтуға болады:
 шетелдік серіктестермен тиімді түрде жұмыс істеуге және тиімді менеджменттің қалыптасуына септігін тигізетін, қаржылық есептілік жасаудың нәтижелі және көп функционалды механизмі ретіндегі қаржылық есептіліктің халықаралық стандартының бағамы (ҚЕХС);
 еңбек және материалды ресурстардың айтарлықтай нәтижелілігі туралы мәліметтерді қамтитын кешенді есептілікті ұсыну. Ол есептілік қолданушыларына оның иелерінің және менеджерлердің әлеуметтік жауапкершілігі жайында мәлімет беруге бағытталған;
 ортаны талдау арқылы ұйым стратегиясын жүзеге асыруға ықпал ететін ресурстар жайында ақпараттар беру, бұл басқарудың бастапқы сатысы болып табылады [2, 182 б.].
 сандық түрде бағалау мүмкін болмайтын ұйым ресурстары жайындағы қаржылық емес сипаттағы мәліметтер ұсыну (әлеуметтік және адами ресурстар);
 басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті өзекті және болжамды мәліметтерді ұсыну.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі заман талабында біздің еліміздегі бухгалтерлік есептіліктің қалыптасуы қаржылық есеп секілді үлкен өзгерістерге ұшыраған, бұл бухгалтерлік есептің халықаралық стандарт талаптарына бейімделуімен байланысты. Халықаралық стандарт есебіне көшу бухгалтерлік есептілік қалыптасуының мақсаттарын қайта ойластырумен байланысты тұжырымдамалық сипаттағы өзгерістерді талап етеді, бұл бухгалтерлік есептіліктің сапалы сипаттамаларын ауыстыруды білдіреді [7, 232 б.].
Қазіргі заман жағдайында есептіліктің болашағы зор даму бағыттары ретінде келесілерді айтуға болады:
шетелдік серіктестермен тиімді түрде жұмыс істеуге және тиімді менеджменттің қалыптасуына септігін тигізетін, қаржылық есептілік жасаудың нәтижелі және көп функционалды механизмі ретіндегі қаржылық есептіліктің халықаралық стандартының бағамы (ҚЕХС);
еңбек және материалды ресурстардың айтарлықтай нәтижелілігі туралы мәліметтерді қамтитын кешенді есептілікті ұсыну. Ол есептілік қолданушыларына оның иелерінің және менеджерлердің әлеуметтік жауапкершілігі жайында мәлімет беруге бағытталған;
ортаны талдау арқылы ұйым стратегиясын жүзеге асыруға ықпал ететін ресурстар жайында ақпараттар беру, бұл басқарудың бастапқы сатысы болып табылады [2, 182 б.].
сандық түрде бағалау мүмкін болмайтын ұйым ресурстары жайындағы қаржылық емес сипаттағы мәліметтер ұсыну (әлеуметтік және адами ресурстар);
басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті өзекті және болжамды мәліметтерді ұсыну.
ҚЕХС түрлі мемлекет ұйымдарының өзара салыстырмалылығына ықпал етеді. ҚЕХС-тың дәстүрлі есептен негізгі ерекшелігі бухгалтерлік есептің инвестордың (меншік иесінің немесе қарыз берішінің) қаржылық салымдарын және ақшалай ағымдарын басқаруға бағытталуында болып табылады. ҚЕХС-тың қолданылуын қажет ететін ерекшеліктер: теңгерімнің басымдық мәні; ресурстарды есепке алу мақсатында активтерді басқарудан бас тарту; тарихи құннан кету [3, 54 б.].
Қазіргі таңда халықаралық стандарт бойынша есептілік жүргізу РБЕС бойынша есептілік құрумен салыстырғанда біршама өзекті болып келеді. Қазіргі уақытта Ресейде есептің және есептіліктің ҚЕХС қағидаларына қайшы келмейтін жиырма төрт ұлттық стандарты жасалған және енгізілген.
Бухгалтерлік есептің ҚЕХС сай келетін нормативтік-құқықтық негізі қалыптасып қойған деп айтуға болады, РБЕС негізгі бағыттар бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген. ҚЕХС-на өтуді қиындататын бірнеше факторлар бар (1-кесте).
Ресейлік компаниялардың ҚЕХС-на өту жоспарын қаржылық жетекшілер мен сарапшылар әр түрлі бағалайды. Олардың біреулері мұндай қадам ресей экономикасына пайда алып келеді десе, басқалары бұл тек жұмыс көлемін және материалдық шығындарды арттырады деп санайды. ҚЕХС бойынша жұмыс істейтін ресейлік кәсіпорындардың тәжірибесі, сондай-ақ ҚЕХС енгізуде еуропалық тәсілді қолдану мәселелерді және нақты үдерістің болашағын жеткілікті түрде объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Есептілікті ресейлік стандарт бойынша жүргізу келесідей міндеттер қояды: есептілікте көрсетілетін мәліметтердің сапасын жоғарылату; халықаралық стандарттарды қолдану аясын кеңейту; қаржылық және бухгалтерлік есептіліктің сапасын бақылауды жоғарылату; мамандардың білімі мен дағдыларын жетілдіру [4, 269 б.].
Бухгалтерлік есептілікті қалыптастыруды жетілдіру аясында есепті автоматтандыру мәселелеріне және міндеттеріне назар аударған жөн. Олар төменде келтірілген.
1. Бухгалтерлік есеп жүргізудің оңтайлы жүйесін жасау және ретке келтіру. Бұл ең алдымен, бастапқы мәліметтерді өңдеуге кететін уақытты қысқартуды, қажетті есептерді, анықтамаларды, көшірмелерді жасауды, соңғы нәтижені алуға қажетті пайдаланушы әрекеттерін барынша азайтуды білдіреді. Соның ішінде басты шектеулі ресурс болып табылатын - бухгалтерлік есепті жүргізуге кететін уақытты азайтуды шешуші фактор деп есептейміз.
2. Бухгалтерлік есеп жүйесінде оңтайлы ақпарат көлемін қалыптастыру. Нарықтық экономикада сыртқы қолданушыларға арналған ашық қаржылық (бухгалтерлік) есептілікті, сонымен қатар кәсіпорын менеджерлерінің бизнесті басқару бойынша шешім қабылдауы үшін қолданатын басқару есебін жасау қажеттілігі бар. Қаржылық есептілік дайындауда қолданылатын ұйымның бухгалтерлік есебі жүйесінің элементтері қаржылық есептің қосалқы жүйесін құрайды. Сәйкесінше, басқару есебінің қосалқы жүйесі басқару есебін дайындауды қамтамасыз етеді [12, 1285 б.].
Ақпарат көп те, аз да болмауы керек, ақпарат Клод Шеннон түсінігі бойынша ақпаратқа сай болуы тиіс, ол ақпаратты жойылған белгісіздік ұғымы бойынша сипаттады. Басқару объектісіне қатысты белгісіздік болған уақытта, ақпаратты ұлғайту қажет, бұл бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесінің сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Алайда ақпараттарды объектіге қатысты барлық белгісіздік жойылғаннан кейін ұлғайту пайдасыз болып келеді.
Нақты ереже 06.12.2011 Бухгалтерлік есеп жайында № 402 - ФЗ Федералды заңның қабылдануынан кейін ерекше маңызды болып табылады. Бұл заңның талаптарына сәйкес, ұйымдар бастапқы құжаттардың бірыңғай формасын қолдануға міндетті емес, олар жергілікті нормативтік актілерге бекіте отырып, өзінің жеке құжат формаларын дайындай алады. Бұл бұрын айтарлықтай көлемде орын алған ақпараттардың көшірілу жағдайларын азайтуға жол ашады.
Бұл орайда талдамалы белгілер санына үлкен назар аудару қажет, өйткені талдамалы белгілер бойынша ақпараттар жүйеде тіркеледі. Шектен тыс талдау пайдадан гөрі зиян алып келуі мүмкін.
3. Бухгалтерлік көрсеткіштерді бақылаудың кіріктірме алгоритмдерін қолдана отырып, бухгалтерлік есептегі қателер санын азайту. Осылайша, бухгалтерлік есеп бойынша Бухгалтерлік есептегі және есептіліктегі қателерді түзету (ПБУ 222010) Ережесіне Сәйкес, шаруашылық қызмет фактілерінің дұрыс емес көрсетілуіне немесе көрсетілмеуіне бухгалтерлік есеп жөніндегі заңнаманы және басқа да нормативтік құқықтық актілерді қате қолдану, есептеудегі қателіктер, шаруашылық қызмет фактілерін дәл бағаламау, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларының әділетсіз әрекеттері сияқты факторлар алып келеді.
Сондай-ақ қателердің пайда болуына алып келетін факторлар қатарына мыналар жатады: экономиканың дағдарыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтық есеп
Аудиттің мәні
Қаржылық есептіліктің Италияда дамуы және Қазақстан Республикасындағы қаржылық есептілікпен салыстыру
Жұмыспен қамтудың арнайы түрлері
Шаруашылық қызмет аудиті
Өндіріске жұмсалған шығындардың есебінің ұйымдастырылуы
Ұйымның шығыстарының есебі
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік
Қаржылық есептілік нысандары пайдаланушы үшін ақпарат ретінде
Ұйымдағы капиталдың қалыптасуы мен қозғалысы есебінің экономикалық маңызы мен мәнін қарастыру («УАТ» ЖШС-і мысалында )
Пәндер