Ауылшаруашылық дақылдарын суғарудың инновациялық техникалары мен технологиялары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

УДК 628. 631. 8 (574)

Пәленшиев Пәленше

Ауылшаруашылық дақылдарын суғарудың инновациялық техникалары мен технологиялары

06. 01. 02 - Мелиорация, жерді баптау және қорғау

Магистрлық диссертация

Ғылыми жетекшісі

т. ғ. к., доцент

Аты-жөні.

Казахстан Республикасы

Алматы, 2011

КІРІСПЕ … . . .
4
КІРІСПЕ… . . .: 1
4: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЖЕР СУАРАТЫН ЖҮЙЕДЕГІ ЖЕР СУЛАНДЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ (әдеби шолу)
8
КІРІСПЕ… . . .: 1. 1
4: Ауылшаруашылық өсімдіктерін суару техникасы мен технологиясы . . .
8
КІРІСПЕ… . . .: 1. 2
4: Қазіргі замандағы күріш жүйесі және оларды жақсартудың жолдары . . .
21
КІРІСПЕ… . . .: 1. 3
4: Ауылшаруашылығында төгілмелі суларды пайдалану . . . …… . . .
25
КІРІСПЕ… . . .: 2
4: ЗЕРТТЕУ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ - КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
30
КІРІСПЕ… . . .: 2. 1
4: Зерттеу объектісінің климаттық жағдайлары . . .
30
КІРІСПЕ… . . .: 2. 2
4: Инженерлі - геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлар . . .
34
КІРІСПЕ… . . .: 2. 3
4: Тапырақты - мелиоративті жағдайлар . . .
36
КІРІСПЕ… . . .: 3
4: ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ …. … . . .
40
КІРІСПЕ… . . .: 3. 1
4: Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . . . . . .
40
КІРІСПЕ… . . .: 3. 2
4: Топырақтық тәжірибелердің сызбалары . . .
40
КІРІСПЕ… . . .: 3. 3
4: Зерттеу объектісінің әдістемесі мен агроклиматтық жағдайлары . . .
45
КІРІСПЕ… . . .: 3. 4
4: Тәжірибелік аймақтардың жалпы сипаттамасы . . . ……… . . .
49
КІРІСПЕ… . . .: 4
4: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТТЕРДІ ЖЕРДІ СУЛАНДЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ … . . . . . .
54
КІРІСПЕ… . . .: 4. 1
4: Жер суландырудың инъекциялық жүйесі . . . . . . … . . .
54
КІРІСПЕ… . . .: 4. 2
4: Жер суландырудың төменқысымды - тамшылы жүйесі . . .
57
КІРІСПЕ… . . .: 4. 3
4: Төгілмелі сумен жер суландырудың топырақішілік - инъекциялы жүйесі . . .
60
КІРІСПЕ… . . .: 4. 4
4: Инъекциялық әдіс кезінде силоспен жүгеріні суару режімін зерттеу . . .
63
КІРІСПЕ… . . .: 4. 5
4: Төменгіқысымды - тамшылы және инъекциялық жүйеде томаттарды (қызынықтырды) суарудың технологиясын зерттеу . . .
74
КІРІСПЕ… . . .: 4. 6
4: Әртүрлі суару әдістері кезінде томаттарды (қызынықтарды) суарудың режимін зерттеу . . .
88
КІРІСПЕ… . . .: 4. 7
4: Күріш суару технологиясы . . .
117
КІРІСПЕ… . . .: 5
4: ТЕХНИКАЛЫҚ ДӘНДІ ДАҚЫЛТЕРДІ СУАРУ ҮШІН ТӨГІЛМЕЛІ СУДЫ ПАЙДАЛАНАТЫН СУДЫ ҮНІМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ . . .
136
КІРІСПЕ… . . .: 5. 1
4: Төгілмелі су сапасын есептеу және оларды суаруға пайдалануға дайындау . . .
136
КІРІСПЕ… . . .: 5. 2
4: Талдықорған қаласында күнбағысты төгілмелі сулармен суаруды зерттеу . . .
144
КІРІСПЕ… . . .: 5. 3
4: Күнбағыс өсімдігінің өсуі мен дамуына төгілмелі сулармен суарудың әсері
147
КІРІСПЕ… . . .: 5. 4
4:

Қызылорда қаласында төгілмелі сулармен жоңышқаны суару режимі

(№5 тәжірибелік аудан) . . . . . .

150
КІРІСПЕ… . . .: 5. 5
4: Қызылорда қаласында төгілмелі сулармен жүгері астығын суаруды зерттеу (№ 6 тәжірибелік аудан) . . .
157
КІРІСПЕ… . . .: 5. 6
4: Ауылшаруашылық дәнді дақылтерін суару режимінде зерттеудің материалдарын талдау . . .
167
КІРІСПЕ… . . .: 5. 7
4: ТССЖ проектілеуінде суару техникасы мен суармалау режимін құрастырудың ұсыныстары . . . . . .
171
КІРІСПЕ… . . .: 5. 8
4: Қазақстанның тау суларын жинақтау, пайдалану және дайындаудың ұсынылған сызбасы . . . .
177
КІРІСПЕ… . . .: 5. 9
4: Алматы, Тараз, талдықорған және Қызылорда қалаларының төгілмелі суларын өзен суларының орнына пайдаланудың негізгі сызбасы . . .
179
КІРІСПЕ… . . .: 5. 10
4: Суаруға пайдаланылатын қалалық төгілмелі сулардың ұсынылатын химиялық құрамы . . .
184
КІРІСПЕ… . . .: 5. 11
4: Төгілмелі сулармен суарылатын бөлінетін дәнді дақылдарды іріктеу және өнім сапасын бақылау . . .
187
КІРІСПЕ… . . .: 5. 12
4: Ағые сулармен инновациялық суару әдістері тәжірибелерінің нәтижелері . . . . .
198
КІРІСПЕ… . . .: 6
4: ЖАҢА СУАРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ … . . . . . .
202
КІРІСПЕ… . . .: 6. 1
4: Экономикалық тиімдікті анықтаудың әдістемесі ………. . ……… . . .
202
КІРІСПЕ… . . .: 6. 2
4: Инъекциялық және төменқысымды - тамшылы суару жүйесін салудың экономикалық тиімділігі (пайдаланылудағы және ұсынылып отырған нұсқалар) . . .
203
КІРІСПЕ… . . .: 6. 3
4: Қалалық төгілмелі сулармен ауылшаруашылық мәдени өсңмдіктерді суарудың тиімді бағасы . . . . . . . .
207
КІРІСПЕ… . . .: 6. 4
4: Төгілмелі сулармен суару жүйесіне инвестициялық салымдар істеудің экономикалық тиімді бағасы . . .
211
КІРІСПЕ… . . .: 6. 5
4: Күрішті өңдеудің экономикалық тиімділігі . . . . . .
218
КІРІСПЕ… . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 221
КІРІСПЕ… . . .: ӨНДІРІСКЕ ҰСЫНЫСТАР … . . . . . .
4: 224
КІРІСПЕ… . . .: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … . . . . . .
4: 225
КІРІСПЕ… . . .: ҚОСЫМША … . . . ……… . . . . . . .
4: 239
КІРІСПЕ… . . .:
4:

КІРІСПЕ

Тақырыптың маңыздылығы. Ел экономикасында жер игерудегі мелиорациялау және суландыру маңызды рөл атқарады, себебі мемлекеттің өндірістік сұранысқа деген тәуелділігін шешуге үлкен үлес қосады және ауыл халқын жұмыспен қамтамасыз етеді. Су ресурстарының жетісіздігінің өсуі және оларды тиімсіз пайдалану, суармалы жер игерудің дамуына шек қою жағымсыз факторларға алып келеді: торыпақтың екінші ретті сорлануы, суландыру жүйесінің техникалық жағдайының және шаруашылықтардың экономикалық жағдайларының төмендеуіне алып келеді. Осының нәтижесінде жалпы аумағы 2, 32 млн. га жердің тек қана 1, 3 - 1, 4 млн. га ғана пайдаланылуда.

Қазақстан Республикасының ауылшаршашылық Министрлігінің жер игерудегі мелиорациядау мен суландыру жұмыстарын жоспарды түрде жүргізу туралы алдыға қойып отырған мақсаттары орынды. су ресурстарының жетіспеушілігі оларды рациональді және үнемді түрде пайдалану керектігін көрсетеді. Негізгі суды пайдаланушы ауылшаруашылығы болып табылады, мұнда төгілмелі сулар ауылшаруашылық дәнді дақылдарын суаруға пайдаланылады. Өсіп - жетілу (вегетациялау) кезінде суландыру жүйесі арқылы өсімдік түріне байланысты бір гектар жерге 4 пен 12 мың м 3 шамасында, ал күріш егістігіне 20 және одан да жоғары мың м 3 су жұмсалады. Бұл судың жер бетіне берілетін маңызды бір бөлігі топырақ бетінде физикалық булануға, фильтрацияға және торықтың өсімсіз бөлігіне жұмсалады. Яғни тек қана біраз бөлігі (10 - 15%) ғана өсімдіктің өсуі мен дамуына жұмсалады. Суды үнемдеу үшін, суарудың техникасы мен технологиясына орын бөлінеді. Суды суару кезінде жоғалтпай пайдалануға мүмкіндік беретін, қазіргі кезде пайдаланылатын барлық әдістер ішінде мүмкіндік беретін бірде бір әдіс жоқ. Бұл проблеманы шешуге жаңа іс шаралар қажет.

Грунт сулары мен тұздалған топырақтар тұздарының диффузиялануының әсерінен күннен күнге жоғарылып келе жатқан, суда еритін тұздардың жағымсыз кері әсерін азайту үшін, күріш егістіктерінде егістік аймақтарының ескіруінен, құрғауынан күріш чектеріндегі суларды жиі ауыстыруға тура келеді. Жер суаруға арналған сулардың негізсіз жұмсалуынан суармалы жерлердің мелиоративті жағдайы төмендеуде, коллекторлы - кәріз суларының үлкен мөлшерде жинақталуы, жоғары минерализациялануының ерекшеленуі, осының барлығы соңғы есеппен алғанда, ауылшаруашылық дәнді дақылдарының өнімділігін төмендетеді және жер бетіндегі сулардың сапасын төмендетеді.

Сонымен қатар, қалаға жақын және үлкен ауылдардың өзендерінде, егістіктерде сүзу кезінде қалалар жанында жиналмалы сулардың үлкен көлемі жинақталуда, ал оның мөлшері Қазақстан бойынша бүгінгі күні 6 млрд. м 3 шамасында және әр жыл сайын оның мөлшері өсуде. Бұл сулар, ғылыми - негіздеуге келетін болсақ, оларды өзен суларының орнына суармалы су есебінде пайдалануға мүмкіндік болатын еді. Бұл жағдайда екі бірдей проблема шешілер еді - беттік беттерді ластанудан сақтау және өзен суларын аграрлық сектордың басқа қажеттіліктеріне жұмсайтын едік. Келтірілген кешенді ғылыми - зерттеу жұмысы ауылшаруашылық дәнді дақылдарды суды үнемдей отырып суару технологиясын құрастыру мен жетілдіруге, беттік суларды өзекті бағыттарда тиімді және негізделген түрде жұмсауға негізделген.

Жер бетіндегі сулар жылдар өткен сайын азаюда. Егер республикадағы жылы өзен суларының жинақталуы жылына, мысалы, 1960 жылы 164, 9 км 3 , 1995 жылы - 145 км 3 , 2000 жылы - 105 км 3 , онда 2010 жыл 85, 95 км 3 , ал 2020 жылы 75 км 3 шамасын құрайды.

Бұл жағдайларда жер бетіндегі суларды экономды және негізде пайдалану өзекті проблема болып тұр. Бұл проблемаларды уақытында шешпеу орны толмайтын жағдайларға алып келуі мүмкін. Осыған байланысты ғылыми - практикалық мәні жаңа суды үнемдеуші әдістерді құрастыру мен ауылшаруашылық дәнді дақылдарын, беттік суару әдістерімен салыстырғанда, суармалы суды 30-дан 90%-ға дейін үнемдеуді қамтамасыз ететін суғару технологиясы құрастыруға негізделеді, осының негізінде суармалауға қажетті судың мөлшерін 20-30% азайтады, сонымен қатар, қаладан тыс аймақтарды өзен суларының орнына дайындалған төгіндіі суларды пайдалану туралы кешенді ғылыми зерттеулер және Қазақстанда бұрын жүргізілген зерттеулер негізіне анализдер (талдаулар) жасалды. Мұндай зерттеулер аудандардың топырақтық-климаттық ерекшеліктеріне және ауылшаруашылық дәнді дақыларының пайдалы суға қажеттілігіне сәйкес, суландыруға қажетті су көздерінен тоған суларының азаюын 40% - ға қамтамасыз етеді және де бұл осы жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- Қазақстанның оңтүстігі жағдайында ең алғаш рет жаңа технологиялық жаңалықтарды, мысалы, инъекциялауды пайдалана отырып, қызанақ пен жүгері сүрмелеудің суару көрсеткіштері зерттеледі және анықталды [1, 2, 3] ;

- ауылшаруашылық дәнді дақылдарды суаруда төменқысымды - тамшылатып әдісті пайдалану технологиясы [4, 5], ол энергия үнемдеуші құрылымдарсыз жұмыс істейді, израйлдік тамшылатып суару жүйесімен салыстырғанда тегеурінді су құбырларынсыз жұмыс істейді, осының арқасында материалдық шығынды 50% үнемдеуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар беттік суғарумен салыстырғанда суару нормасын 35% - ға азайтады;

- күрішті және күріш дақылдарының өзіндік айналымдарын суару жүйесінде суды үнемдеуші технологияны жетілдіру; осы кезде суаруға жұмсалатын сулар 25 - 30% - ға үнемделеді;

- қала сыртындағы аймақтарды суаруда өзен суларының орнына төгінді суларды инъекциялы - тамшылатып суғару әдісін пайдаланудың негізгі принциптері ұсынылған [6] .

Жұмыстың ғылыми - практикалық мағынасы:

- ауылшаруашылық дәнді дақылдарын суаруда атыздық суғару әдісімен салыстырғанда суаруға қажетті суды 90% - ға дейін үнемдеуді инъекциялық әдіс технологиясы қамтамасыз етеді;

- ауылшаруашылық дәнді дақылдарын инъекциялы - тамшылатып суғару технологиясы энергия үнемдеуші құрылымдарсыз және су құбырларынсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді, және де израйлдік тамшылатып суару жүйесімен салыстырғанда 2 есе жүйенің арзанға түсуі мен ішкі топырақты ылғалдандыруды қамтамасыз етеді.

Қорғауда ұсынылатын негізгі ұсыныстар. Диссертациялық жұмысты қорғаудың пәні мыналар болып табылады:

- инъекциялық әдіспен ауылшаруашылық дәнді дақылдарды суару технологиясы;

- төменқысымды - тамшылату әдіспен суғарудың режимі мен технологиясы;

- Беттік суғару әдісі кезінде суды үнемдеуші суару технологиясы.

Жұмыстың мақұлдануы (апробациясы) . Зерттеудің негізгі мәліметтері мен зерттеу нәтижелері ғылыми - практикалық және ғылыми - техникалық конференцияларда М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде (2009-2010жж. ) және Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде (2009-2010жж. ) жарияланған және баспаға шыққан.

Диссертация материалдардың баспаға шығуы. Диссертацияның негізгі материалдары ҚР Білім және Ғылым министрлігінің білім мен ғылым сферасын қадағалау Комитеті ұсынған баспаларда 2 статья түрінде баспаға шыққан.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс компьютерде басылған . . . тараулардан, . . . кестеден, . . суреттерден, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, . . . қосымшадан тұрады.

1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЖЕР СУАРАТЫН ЖҮЙЕДЕГІ ЖЕР СУЛАНДЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ (әдеби шолу)

1. 1 Ауылшаруашылық өсімдіктерін суару техникасы мен технологиясының дамуы

Қазіргі заман ауылшаруашылығының мелиорациялау (жақсарту) кезеңі су, энергия және материалдық ресурстардың үлкен тапшылығы мен ақылы түрде суды пайдалану кезеңімен сәйкес келіп отыр. Ауылшаруашылық мақсатта пайдаланылатын жерлердің жеке иеліктерге өтуінен, сонымен қатар фермерлік істерде өндірістік емес судың шығындалуы және тасымалдау мен суғару кезіндегі шығындар өзекті проблемаға айналып отыр. Өндірістік емес су шығындарының әртүрлі түрлерінің ішінде уақытша аумен фильтрациялау (сүзу) кезіндегі шығындардың мөлшері және егістікті суаруда топырақтың сортаңдану мен тұздануды негізгі себептер деп қарастыруға болады. Осыған байланысты бұл шығындарды азайту нәтижесіне қол жеткізу үшін суару жүйесін басқа да жоғары техникалық деңгейде жаңа суару технологияларын пайдалану кезінде ғана шешуге болатындығы өзекті проблема болып отыр. Бұл жағдайларда ауылшаруашылық өндірісінің суару техникасына қойылатын талаптар оның ғылыми негіздегі сапасының үздіксіз жоғарлауын талап етеді.

Суару техникасы мен технологиясын жетілдіру проблемасымен көптеген ғалымдар айналысқан: А. Н. Костяков [1], А. Н. Аскоченский [2], Я. В. Бочкарев [3], С. М. Кривовяз [4], Н. Т. Лактаев [5, 24], В. Ф. Носенко [6], А. Г. Рау [149, 165, 167], Ж. Т. Мұстафаев [7], М. С. Григорьев [8], Б. Б. Шумаков [9], Г. Ю. Шейнкин [10, 11], В. А. Сурин [12], И. А. Шаров [13], В. Я. Чичасов [14], В. А. Духовный [15], Э. В. Гершунов [16], О. 3. 3убаиров [17], А. С. Калашников [18], Д. А. Сүйінбаев [19], Н. Р. Хамраев [20], А. А. Тәттібаев [21], И. Г. Алиев [22], Л. В. Угрюмов [23] және тағы басқалар. Осы зерттеушілердің жұмыстарының көмегімен ауылшаруашылық өсімдіктерін суарудың техникасы мен технологиясын дамыту облысында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Бірақ қазіргі уақытқа дейін практика жүзінде шешілмеген проблемалар бар, мысалы, беттік шашырату кезінде өндірістік емес суды шығындау, терең сүзу, егістік бойымен суару кезінде тегіс бірдей ылғалданбау. Осы шешілмеген проблемалар негізгі сулы-жерді ресурстарды пайдалануға қиындықтар алып келеді. Ең соңында осы проблемалар суармалы жерлердің тұздануы мен сортаңдануына әкеліп соқтырады.

Беттік суарудың эффектілігін жоғарлату мақсатында тоғандарды ауыстыру арқылы суару әдісі ұсынылды [24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31] . Тоғандарды ауыстыру суарудың дамуы көптеген ғалымдардың жұмыстарында жазылған [32, 33, 34] . Тұйық жүйек бойынша, келесі жүйекке қабат тастау арқылы суару жүйелері практикада қолданылды [31, 35, 36, 37, 38, 39] . Бірақ оларда соңғы суару элементтерін тастауға мүмкіндік бермеді. Кейіннен суды дискреттік әдіспен жіберу ұсынылды [40, 41. 42, 43, 44, 45] . Мұндай әдіс 1984 жылы Техаста (АҚШ) 2, 5 мың га аумаққа пайдаланылды [45] . Бұл суару әдісі КПД- ны 50-70%-ға өсіргенімен [45], бірақ қарапайым суарумен салыстырғанда тек қана тиімділігі 40% шамасында. Дискреттік суаруды жетілдіру проблемаларымен ТМД -да Б. Б. Шумаков [46, 47], В. А. Арефьева [48], М. И. Пензин [49], Н. Беспалов, Х. Вапаев [50], В. Ф. Носенко [51] айналысты.

Дискреттік суарудың кемшілігі тек қана импульс бойымен ғана суаруды жүргізуге болатындығында, осының нәтижесінде тоған бойымен атыздау мен суғару фронты бойынша қалыпты таралуын қамтамасыз етпейді. Дискреттік суғаруды автоматтау мақсатында синхронды импульсті жаңбырлатудың кешендік жүйесі (СИЖК) ұсынылған [52, 53, 54, 55, 56] . Бірақ кешенге қызмет ету үшін қосымша тракторлар қажет және оны қысымсыз жүйелерге қолдануға мүмкіндік жоқ.

Ылғалдандырылудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында жаңбырлы суару ұсынылды (қарапайымнан импульске дейін және импульсті - синхронды), ол суғару процесін механизациялауға мүмкіндік береді: топырақ пен микроклиматтың ылғалдылығын сақтап отыру; өсімдіктерді минералды тыңайтқыштармен суғару кезінде тыңайту [57, 58, 59, 60, 61, 62] . Бірақ оның да кемшіліктері бар:

- топырақтың белсенді қабатын вегетациялық кезеңде жақыннан ыңғайлыға дейінгі аралықта (70-80%) ылғалдандырып отыру;

- үлкен жапырақты өсімдіктердің топырақтарын жеткіліксіз мөлшерде ылғалдандыру;

- суғармалы сумен бірге тыңайтқыштар мен минералдарды өсімдіктің тамыр аймақсына сіңіре алмауы;

- суармалы суды тазалауға деген үлкен талаптар қою.

Су ресурстарының жетімсіздігі жағдайында, суару әдістерінің ішінде тек қана суды ғана үнемдейтін, сонымен қатар оған қажетті пайдалы заттарды сіңіруді, яғни өсімдік тамырлар жүйесіне берілуін қамтамасыз ететін тиімді жүйені таңдап алу қажет. Бұл шарттарда ең тиімді жүйе аз көлемде суару болып табылады. Ол жерді пайдалану коэффицентін 955-ға дейін көтереді, булануға кететін өндірістік емес шығындарды және беттік тереңдетілген тастауларды жояды [63, 64] .

Ал көлемді суару әдістері бір - бірлерінен судың таралу сипаттамасы бойынша және суару ауданы бойынша ажыратылады (кесте 1. 1) .

Бұл сурау әдістері тереңдетілген және беттік тастаулардың болмауынан, сонымен қатар топырақ бетінен буланудың азаюынан суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Тәжірибеден көріп отырғанымызда, аз көлемді суару технологиясы мыналармен қамтамасыз етеді:

- өнімділікті 20…30% - ға жоғарлатады;

- мирожаңбырлату кезінде суармалы суды 30%, тамшылатып суаруда 50%- ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді;

- қоршаған ортаға кері әсердің көрсеткіштерінің минимумы;

- өнімнің көбеюі есебінен капиталдық салысдарды екі - үш жыл көлемінде өндіріп алу мүмкіндігі;

- материалдарды 25% - ға дейін, ал электрэнергиясын 50% - ға дейін үнемдеу [63] .

Аз көлемді суару әдістерінің ішінде ең тиімдісі тамшылатып сурау болып табылады. Тамшылатып суаруды практикада пайдалануды әртүрлі жылдары тәуелсіз елдер достастығының көрнекі ғалымдары үлес қосты: Б. Г. Штепа [65], Г. Ю. Шейнкин [64], Д. П. Семаш [65], Н. Ф. Носенко [66], Е. С. Акопов [67], В. С. Краснощеков [68], М. К. Гаджиев [69], М. И. Ромащенко [70], Н. В. Баширов [71], А. Олейник [72], Л. В. Скарипчинская [73], И. С. Флюрце [74] және т. б. ; сонымен қатар, шетел ғалымдары: Дж. Келлер мен Д. Кармелли [75], Р. Челестре [76], Д. Голдберг [77], Е. Д. Ремер [78], Е. Р. Хоаре [79], С. Мазе [80] және т. б.

Өсіп-жетілу кезеңінде тамшылы суару кезінде судың дозалы, бағытты берілуі өсімдіктің тамыр жүйесінде топырақтың ылғалды жеткілікті режимде алуын және ауылшаруашылық өсімдіктерінің өнімділігінің өсуін қамтамасыз етеді. Тамшылатып сураудың ұйымдастырылған және жүзеге асырылған жүйесі өзара құрастырмалы микротүрірілісдер элементтерімен, жұмысты басқару жүйесімен, суғару процесін автоматтандыру дәрежісімен және тағы басқамен ажыратылады [81, 82, 83] .

Мұндай технология мелиоративті және экологиялық қатынасымен беттік суарудан ерекшеленеді. Сондықтанда тамшылатып суару әдістері мен қолданылуы өсімдіктердің кездесу ортасы жағдайын нақты есептеуге, суғару техникасы мен технологиясы (тамшылатқыштар, суды тазалайтын фильтрлер, қысым және т. б. ) элементтеріне негізделуі керек. ТСЖ-нің жұмысының сенімділігі өте жоғары болуы керек және де екі кешенді көрсеткішке жауап беруі шарт: жұмыстың сапасы мен тоқтаусыздығы және суғарудың тепе-теңдігі [84] . Тоқтаусыздық көрсеткіші - бұл судың берілуі және белгілі бір уақытта пайдалы ерітінділердің өсімдіктерге жіберіліп отырылуы [109] . Мұндай көптеген факторлардың өзара байланысы мен өзара әсері өсімдіктерді өсіруде негізге алынған рационалды техника мен режимдерді таңдауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта тамшылатып суару әдісі көптеген елдерде пайдаланылады, оның жалпы көлемі 1 млн. га, оның ішінде 380 мың. га АҚШ-қа, 90 мың га Израилге тиесілі [85, 86, 87] . Бұрынғы Кеңестер Одағында тамшылатып суаруға арналған жер көлемі 15 мың га құрады, оның ішінде Молдавияға 6, 4 мың га, ал Украинаға 3, 4 мың га тиесілі [89, 90] .

Кесте 1. 1. Аз көлемді суару әдістерінің классификациясы және олардың негізгі параметрлері

Суару әдісі: Суару әдісі
Ылғалдандыру типі: Ылғалдандыру типі
Еңістік,%:

Еңістік,

%

Су қамалының типі: Су қамалының типі
Мүмкін болатын молдір еместік,мг/л:

Мүмкін болатын молдір еместік,

мг/л

Су шығарулардың шығымы, л/сағ: Су шығарулардың шығымы, л/сағ
Су шығарулардың саны, 1 га 1 бірлік:

Су шығарулар

дың саны, 1 га 1 бірлік

Гидромодуль, л/с га:

Гидро

модуль, л/с га

Суару әдісі: Тамшылатып
Ылғалдандыру типі: Локальді сызықты
Еңістік,%: 0, 6…0, 3
Су қамалының типі: Тамшылатқыш куысты ылғалдандырғыш
Мүмкін болатын молдір еместік,мг/л: 50-ге дейін
Су шығарулардың шығымы, л/сағ: 4 . . . 8
Су шығарулардың саны, 1 га 1 бірлік: 1600 . . . 1900
Гидромодуль, л/с га: 0. 35 . . . 0, 79
Суару әдісі: Төменқысымды - тамшылатып
Ылғалдандыру типі: Локальді
Еңістік,%: 0, 03…0, 2
Су қамалының типі: Төменқысымды сушығарушылар
Мүмкін болатын молдір еместік,мг/л: 250…500
Су шығарулардың шығымы, л/сағ: 16 . . . 20
Су шығарулардың саны, 1 га 1 бірлік: 400 . . . 500
Гидромодуль, л/с га: 0, 35 . . . 0, 55
Суару әдісі: Микрожаңбырлы
Ылғалдандыру типі: Локальді
Еңістік,%: 0, 2-ге дейін
Су қамалының типі: микросаптаулар
Мүмкін болатын молдір еместік,мг/л: 500 . . . 1000
Су шығарулардың шығымы, л/сағ: 30 . . . 40
Су шығарулардың саны, 1 га 1 бірлік: 300 . . . 350
Гидромодуль, л/с га: 0, 5 . . . 0, 77
Суару әдісі: Топырақішілік
Ылғалдандыру типі:
Еңістік,%: 0, 05 . . . 0, 2
Су қамалының типі: ылғалдандырғыштар
Мүмкін болатын молдір еместік,мг/л: 250 . . . 500
Су шығарулардың шығымы, л/сағ: 16 . . . 20
Су шығарулардың саны, 1 га 1 бірлік: 400 . . . 500
Гидромодуль, л/с га: 0, 35 . . . 0, 55
Суару әдісі: Ұсақ дисперсті жаңбырлы
Ылғалдандыру типі: Өсімдікті жалпы ылғалдандыру
Еңістік,%: 0, 6 . . . 0, 05
Су қамалының типі: микросаптаулар
Мүмкін болатын молдір еместік,мг/л: 300-ге дейін
Су шығарулардың шығымы, л/сағ: 40 . . . 50
Су шығарулардың саны, 1 га 1 бірлік: 200 . . . 250
Гидромодуль, л/с га: 0, 48 . . . 0, 68
Суару әдісі: Синхронды - импульсті жаңбырлы
Ылғалдандыру типі:
Еңістік,%: 0, 0 . . . 0, 2
Су қамалының типі: Жаңбырлы құралдар
Мүмкін болатын молдір еместік,мг/л: >500
Су шығарулардың шығымы, л/сағ: 700 . . . 800
Су шығарулардың саны, 1 га 1 бірлік: 59
Гидромодуль, л/с га: 0. 3 . . . 0, 8

ТМД елдерінің зерттеулері арқылы (В. И. Краковец [91], Т. Н. Аврамов, С. В. Ярощенко [92], Н. К. Нурмагов, Т. Сейфуллаев [93], Ю. Н. Кружилин [94], В. А. Сурин мен В. Ф. Носенко [95], Г. Г. Галифанов, Г. Аманов [96], В. И. Алексеев [97], А. О. Налойченко мен К. М. Кулов [98], А. Ж. Атаканов [99], Д. Л. Семаш [100], О. Е. Ясониди [101] және т. б. ) анықталғанындай, тамшылатып суарудың басты технологиялық жетістігі мен ерекшелігі - бұл суармалы суды өсімдіктерге дозамен беру мүмкіндігі, минералды микроэлементтермен, химмелиоранттармен қоректендіру, сонымен қатар ресурсты үнемдеушілік пен суарудың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қаратопырақтармен ылғалдандырудың локальды сипаттамасы.

Көптеген әдебиеттерде, әсіресе шетелдік әдебиеттерде тамшылатып суару технологиясының жеке параметрлерін сипаттайтын мәліметтер келтірілген. Тамшылатып суарудың негізгі құраушы технологиясы тамшылатушылардың шығыны, олардың мөлшері мен өзара орналасуы, суаруаралық уақытта суарудың ұзақтылығы, қаратопырақпен ылғалдандыру мөлшері мен дәрежесі, суармалымен суару мөлшері және басқа да анықталған өлшемдер сияқты жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егіс
«Ақтобе облысы Қарғалы ауданындағы суармалы жер учаскесін жобалау»
Ақпараттық оқыту технологиялары
Технология пәнін оқытуда оқытудың белсенді әдістерін қолдану жолдары
Қызылорда облысының картасы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Карық арқылы суғару
Сала кәсіпорындарын орналастыру
Модульдік оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы
Төгінді сулардың топыраққа әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz