Алматы облысы Райымбек ауданы жерлерін есепке алу және бағалау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1. 1 Қазақстанда жер кадастрын жүргізудің . . . 10
2. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН КАДАСТРЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ
2. 1. Жерді есепке алудың мазмұны мен сипаттамасы . . . 23
2. 2. Жер санаттары, алқаптар бойынша жердің санын және
сапасын есепке алу . . . 26
3. РАЙЫМБЕК АУДАНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
3. 1 Райымбек ауданның ауыл шаруашылығына сипаттама . . . 31
3. 1. 1 Ауданның мал шаруашылығы саласы . . . 35
3. 1. 2 Ауданның егіншілік саласы . . . 42
4. ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ
4. 1. Жер қатынастарының дамуы . . . 59
4. 2. Қазақстанда жер ресурстарын басқарудың қазіргі жүйесін
қалыптастырудың әдістемесі . . . 61
4. 3. Жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру
шылық құрылымдары . . . 62
4. 4 Жер нарығының қалыптасуы және жермен нарықтық
Қатынастар . . . 66
5. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК
5. 1 Өндірістегі жарақаттарды талдау. Еңбек процесіндегі қауіпті
катертүрлері . . . 69
5. 2 Ауылшарушылық дақылдарын суғару кезіндегі қаіпсіздік
шаралары . . . 70
5. 3 Өндірістік кәсіпорындарының құрылуына қойылатын
санитарлық гигеналық талаптар . . . 71
ҚОРТЫНДЫ . . . 75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 77
Кіріспе
Кез келген мемлекеттің жер ресурсы оның ұлттық байлығы болғандықтан, ол байлықты тиімді пайдалану жер ресурстарын басқару жүйесінсіз мүмкін емес. Қалыптасқан жер ресурстарын басқару жүйесі мемлекет пен қоғамның құқықтық, саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жағдайларын ескереді.
Нарықтық экономикаға көшу, жерге әртүрлі меншік нысандарын енгізу, жер пайдаланудың ақылы болуын, жердің, оның өндіріс құралы, кеңістіктік базис және шектелген маңызды табиғи ресурс сияқты басты функцияларын сақтай отырып, жылжымайтын мүлік және құқықтық реттеу нысанасы ретінде заң тұрғысынан танудың объективті қажеттілігін туғызады. Сондықтан жер ресурстарын басқарудың теориялық және әдістемелік жағдайын жетілдіру қажеттілігі туды. Жер ресурстарын басқарудың негізгі функционалдық іс-әрекеттері: жер құрылымы, мемлекеттік жер кадастры, жер мониторингі т. б. болып табылады.
Барлық әкімшілік-территориялық деңгейде жер ресурстарын басқарудың маңызды факторларының бірі - мемлекеттік жер кадастры. Ол жер ресурстарын басқарудың ақпараттық негізі болып табылады. Жер ресурстарын басқару - жүйелік, белгілі бір мақсатты көздейтін жер қатынастарына қатысты мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы. Бұл қарым-қатынастар мемлекеттің жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану мақсатындағы объективті заңдылықтарға негізделген.
Қазақстан аса бай жер-ресурстық әлеуетті иелене отырып, оларды пайдалануға ерекше көңіл бөліп, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау стратегиясын бекітіп, елдің нарықтық экономика жағдайларына байланысты жер қатынастарын жетілдіру қажет.
Нарық жағдайында жер ресурстарын басқару жер қатынастары жүйесінің социалистік түрімен ерекшеленеді. Алғашқы кезде жер мемлекеттің айрықша меншік құқығында болып, жер қатынастарының тек бір түрі - жер пайдалану ғана танылған. Жер жер пайдаланушыларға ақысыз беріліп, салық салынбайтын, жер учаскесі жылжымайтын мүлік мәртебесіне ие болмаған, жерді жалға алуға тыйым салынған.
Демек, жерге жеке меншік құқығы, жер пайдаланудың ақылылығы, азаматтық және нарықтық айналымға жер учаскесін енгізу сияқты мәселелер заңдарда көрініс таппаған. Жоғарыда көрсетілген объективті факторлар жер ресурстарын басқару әдістері мен қағидаларын өзгерту және осы салада зерттеу жүргізу қажеттілігін негіздейді.
Нарықтық қатынастардың дамуы және нарық айналымына жер учаскелерін енгізу, экономиканы мемлекеттік басқарудың дамуы жердің физикалық, экономикалық, құқықтық сипаттамасына негізделген фискалдық құралдардың дамуын (салық салу, жалға алудың төлемі), жерді есепке алу саласындағы қызметті жетілдіруді талап етіп отыр. Мұндай есепті жүргізуді мемлекеттік жер кадастры жүзеге асырады.
Жер туралы, жер учаскесінің меншік иелері және жер пайдаланушылар туралы толық, нақты және жедел ақпарат жер саясатын жүзеге асыруға көмектесіп, жер және өзге де реформалардың жүзеге асуын бақылауға, жерді пайдалану және қорғауды реттеу және қадағалауға мүмкіндік береді.
Жер қатынастарындағы болып жатқан өзгерістер жер кадастрының функционалдық міндеттерін өзгерту қажеттілігін тудырады. Бұл мәселе жердің аумақтық кеңістік, табиғи ресурс және негізгі өндіріс құралы қызметін сақтай отырып жылжымайтын мүлік мәртебесіне ие болуына байланысты. Бұл жағдайда әрбір жер учаскесі заңды түрде жылжымайтын мүлік мәртебесіне иеленіп жеке және заңды тұлғалардың мүліктерінің құрамына енуі керек.
Сондықтан, жер нарығының дамуына үлесін қосатын, фискалдық саясатты (салық салу және өзге де жер төлемдерін алу) және жер ресурстарын басқаруды жүзеге асыруға негіз болатын қазіргі заманға сай жер кадастры қажет. Яғни, нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік жер кадастры жүйесіне және бірінші кезекте жер учаскелерін тіркеу және олардың кадастрлық бағасын анықтауға қойылатын талаптар қатаңдылығы. Сондықтан, мемлекеттік жер кадастры жаңа жер құрылысына, және жер қатынастарына негізделіп құрылуы керек. Демек, әлемдік талаптарға сай келетін мемлекеттік жер кадастрын қалыптастыру өзекті мәселе болып табылады.
Жер кадастрлық қызмет қазіргі заманға сәйкес кадастрды құру мен қолдауға бағытталған, жер кадастрлық іс-шараларының біртұтас жүйесіне біріктірілген және мемлекеттік жер кадастры аясында жүргізілетін жерді бағалау, жер пайдалануды тіркеу жерді мемлекеттік есепке алу жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
Жерді пайдалануды жоспарлау, жердің есебін жүргізу, жерді пайдалануды тіркеу, жерді бөлу және қайта бөлу, халық тұратын жерлерді жоспарлау, жер дауын шешу, жерді пайдалануды мемлекеттік бақылау, жер қорын мемлекеттік басқарудың жалпыға мойындатылған қызметтері болып табылады. Аталған әрбір қызмет өзіне тиесілі басқарушылық қызметтің негізделген түрін, оны атқаратын органдардың жүзеге асыру әдісі мен нысанын көрсетеді. Жер қорын мемлекеттік басқару жүйесінде пайда болған жер кадастрлық қызмет қоғамдық өндірістің жалпы және жердің табиғи ресурстарының есебінсіз пайда болуы мүмкін еместігінен туындайды.
Кадастрлық қызмет - табиғи ресурстардың экономикалық жағдайы, сандық, сапалық ақпараттармен толықтыру, жаңарту, сақтау, жүйелеуге бағытталған мемлекеттік органдардың ұйымдастыру - басқару іс-шараларының түрі.
Дипломдық зерттеудің мақсаты кадастрлық қызметті жүзеге асыру, жалпы теориялық сұрақтарды талдау, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы әрекет етуші заңдылықты анық білу, ұсыныстар мен тұжырымдар дайындау, қоршаған ортаны қорғау мен табиғат қорларын пайдалану саласындағы кадастрлық қызметті қалыптастыруға бағытталған зерттеу жүргізу болып табылады.
Алматы облысының ауылшаруашылық өндірісін тиімді көтеру деңгейі, оның жерді пайдалану ғылыми-негізделген қорытындыға байланысты. Нарықтық қатынастар аспектік болжамдар жүйелеріне, шаруашылықтың стратегиясын таңдауда және салалық азық- түлікпен қажеттілігін экономикалық тұрғыдан жүргізуге, сонымен қатар шаруашылықта нарықтық-механизмдерді құру, ауыл шаруашылық мекемелеріндегі жерді пайдаланудың жаңа ұйымдастыру формаларын дамыту оңтайлы шарттарды құрайды сонымен қатар талаптарды кеңейтеді.
Қазақстан Республикасының Жер заңдарына сәйкес жер мемлекеттік меншік болып табылады, сонымен қатар жер сатылмайды, жер тұрақты немесе уақытша ұзақ мерзімге пайдалануға беріледі. Жерге орналастыру, жұмыстары атқарушы жер учаскесі иелерінің және жер пайдаланушының өтініші бойынша, сонымен қатар жер ресурстарын басқару жөніндегі атқарушы органдардың шешімі бойынша жүргізіледі. [1]
- Кадастрлық қызмет - табиғи ресурстардың экономикалық жағдайы, сандық, сапалық ақпараттармен толықтыру, жаңарту, сақтау, жүйелеуге бағытталған мемлекеттік органдардың ұйымдастыру - басқару іс-шараларының түрі. дайындық жұмысы;
- мәліметтерді жинау мен өңдеу;
- территорияны аудандастыру;
- облыс, аймақ және республикадағы топырақ топтарының жүйелі тізімін жасау;
- жерді бағалау көрсеткіштерін есептеу мен бағалау шкаласын құру;
- шаруашылық және аудандар жерін бағалау жұмыстарын жүргізу.
Сонымен қатар есепке алу жұмыстарын да жүргізеді. Есепке алу кезінде мына деректерді көрсету міндетті болып табылады:
- жер учаскесі иесінің немесе пайдаланушының аты-жөні;
- жер учаскесінің көлемі;
- жер учаскесіне меншіктің нысаны;
- жер учаскесінің мақсаттық тұрғысы;
- жер учаскесін пайдалануға шектеу;
- жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі;
- жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
- жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлік туралы мәлімет.
Сонымен қатар есепке алу жұмыстарын да жүргізеді. Есепке алу кезінде мына деректерді көрсету міндетті болып табылады:
- жер учаскесі иесінің немесе пайдаланушының аты-жөні;
- жер учаскесінің көлемі;
- жер учаскесіне меншіктің нысаны;
- жер учаскесінің мақсаттық тұрғысы;
- жер учаскесін пайдалануға шектеу;
- жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі;
- жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
- жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлік туралы мәлімет.
Ауылшаруашылық бағыттағы жерді жекешелендіру шарттарын енгізуде және Қазақстандағы нарықтық жер қатынастарының келешекте дамуына құқықтық және экономикалық механизмді реттеу жаңа мемлекеттік басқару жүйесін тиімді пайдалану және ауылшаруашылық жерлерді қорғау қажет. Бұл тапсырманы шешу, теориялық және әдіснамалық базаны жасауға жер қорын басқарудың жаңа жүйесін құрастыру, көп мақсатты автоматтырылған ақпараттық жүйенің жер кадастрі негізінде пайдалану, нарықтық айналымды реттеу, кадастрлік бағалау және ауылшаруашылық жерлерге салық салуға байланысты.
Райымбек ауданының жер реформасын сұрыптау көрсеткендей яғни жаңа жер қатынастарының дамуы және жер ресурстарын басқару жүйесін тиімді пайдалануды және ауылшаруашылық жерлерді қорғауды әлі толық қамтамасыз ете алмайды, себебі жер нарығының оның инфрақұрылымының құқықтық қатынастарының және ауылшаруашылық жерлерді қорғауды қамтамасыз етудің жай дамуы. Нарықтық шарттарда жер қорын басқаруды тиімді пайдалану үшін, саны туралы нақты мәлімет, әртүрлі санаттардағы жердің сапасы мен жағдайы, олардың орналасқан орны, жер учаскесінің бағасы, жерге салық салуы туралы нақты мәлімет қажет болуы керек. Ақпараттық-техникалық, көпфункционалды жүйелер, барлық жер учаскелеріндегі нақты мәліметтерді сұрыптауға, жинауға мүмкіндігі бар, ол мемлекеттік жер кадастры болып есептеледі. Бұрында қалыптасқан облыстық (аудандық) деңгейдегі жер кадастрінің жүйесі, әдіснамалық параметрлерін қайта қарастыруын қажет етеді және жаңа автоматтандырылған мақсатты ақпараттық жүйенің базасын құрайды.
Жоғарыда келтірілген мәліметтер тақырыптың өзектілігін, ғылыми және зерттеудің тәжірибелік мәнін көрсетеді, яғни жасалған ұсыныстар маңызды халық шаруашылығының тапсырмасын шешуге бағытталған-нақты шарттарда Райымбек ауданының ауылшаруашылық жерлерін қорғауды және тиімді пайдалануды қажет етеді, бұл жағдайдың үлкен экономикалық және экологиялық мәні бар. Ауылшаруашылық бағыттағы жерді жекешелендіру шарттарын енгізуде және Қазақстандағы нарықтық жер қатынастарының келешекте дамуына құқықтық және экономикалық механизмді реттеу жаңа мемлекеттік басқару жүйесін тиімді пайдалану және ауылшаруашылық жерлерді қорғау қажет. Бұл тапсырманы шешу, теориялық және әдіснамалық базаны жасауға жер қорын басқарудың жаңа жүйесін құрастыру, көп мақсатты автоматтырылған ақпараттық жүйенің жер кадастрі негізінде пайдалану, нарықтық айналымды реттеу, кадастрлік бағалау және ауылшаруашылық жерлерге салық салуға байланысты. [2]
1 Әдебиеттерге шолу
1. 1 Қазақстанда жер кадастрын жүргізудің тәртібі
Мемлекеттік жер кадастры табиғи ресурс кадастрлары арасында маңызды орын алады. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабына сәйкес, мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі.
Бүгінгі күнде қазіргі талаптарға сай кадастрлық жүйенің және заңдылығының қалыптасу процесі, табиғи ресурстар кадастрларының құрылуын жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастар қалыптасу үстінде. Жер туралы, жер учаскесінің меншік иелері және жер пайдаланушылар туралы толық, нақты және жедел ақпарат жер саясатын жүзеге асыруға көмектесіп, жер және өзге де реформалардың жүзеге асуын бақылауға, жерді пайдалану және қорғауды реттеу және қадағалауға мүмкіндік береді.
Жер қатынастарындағы болып жатқан өзгерістер жер кадастрының функционалдық міндеттерін өзгерту қажеттілігін тудырады. Бұл мәселе жердің аумақтық кеңістік, табиғи ресурс және негізгі өндіріс құралы қызметін сақтай отырып жылжымайтын мүлік мәртебесіне ие болуына байланысты. Бұл жағдайда әрбір жер учаскесі заңды түрде жылжымайтын мүлік мәртебесіне иеленіп жеке және заңды тұлғалардың мүліктерінің құрамына енуі керек. Сондықтан, жер нарығының дамуына үлесін қосатын, фискалдық саясатты (салық салу және өзге де жер төлемдерін алу) және жер ресурстарын басқаруды жүзеге асыруға негіз болатын қазіргі заманға сай жер кадастры қажет. Сондықтан мемлекеттік жер кадастры жаңа жер құрылысына және жер қатынастарына негізделіп құрылуы керек. Мемлекеттік жер кадастры мемлекеттік тіркеу, жердің кадастрлық құнын анықтау, бағалау қызметінде маңызды рөл атқарады. Жерге әр түрлі меншік нысандарын енгізу, жер пайдаланудың ақылы болуын, жердің кеңістіктік базис және табиғи ресурс сияқты басты функцияларын сақтай отырып, жылжымайтын мүлік және құқықтық реттеу нысанасы ретінде заң тұрғысынан танудың объективті қажеттілігін туғызады. Сондықтан да жер ресурстарын басқарудың теориялық және әдістемелік жағдайын жетілдіру қажеттілігі туды. Жер ресурстарын басқарудың негізгі функционалдық іс-әрекеттері: жер құрылымы, мемлекеттік жер кадастры, жер мониторингі және т. б. болып табылады.
Кадастр сөзі латынның “салық салынатын тізімі” деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр деп салық салынатын заттардың тізімі тіркелген кітапты айтатын. Есепке, бағалауға алынған обьектіге байланысты жер, су, орман және тағы басқа кадастрлары болып бөлінді. Сонымен бір жақты түсінікте жер кадастры- жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте - жерге салық салу үшін жер туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әрекеттер жүйесі. Кадастрлардың басым түрлерінен жер кадастры өзінің обьектісімен ерекшеленеді. Жер кадастры әдістемесі келесі ерекшеліктермен сипатталады:
- Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді. Ауылшаруашылығында жер тек қана өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана емес, ол еңбектің заты және құралы болып табылады. Ауылшаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып табылады.
- Жер кеңістікте көлемі бойынша шектелген және ешнәрсемен ауыстырылмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа, жетілдірілген, эұрғыда ұтымды құралдарға ауыстырла алады.
- Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Ауылшаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше жақсарады, сөйтіп оның құнарлылығы жоғарылайды.
- Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орнының тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады.
Жердің айрықша ерекшілігі ауылшаруашылық өндірісінде оны пайдалану сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақыл түрлері өсіріледі.
Жердің осындай ерекшеліктері жер кадастрының мазмұнын, оны жүргізу әдістерін және тәсілдерін алдын-ала есептейді. Жалпы түрде жер кадастры былай бөлінеді:
- Жерлерді есепке алу.
- Жерлерді баяндау.
- Жерлерді бағалау.
Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы олардың көлемдері, құрамы және сапасы анықталады.
Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс тарихы және экономикалық қасиеттері анықталып жазылады.
Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құнарлылығы және пайдалылығы анықталады.
Кадастрдың осы аталған әр әрекеттері өзінше бірқатар техникалық тәсілдерден тұрады. Ал олар барлығы бірге жердің санына, сапасына, негізгі қасиеттеріне, нышандарына толық сипаттама береді және салық салу обьектісі ретінде салыстырмалы құндылығын көрсетеді.
Жер кадастры салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иелерінің салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдың құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол арқылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.
Жер кадастрлық материалдарды жер-құқықтық мәселелерді шешуде кеңінен қолданады. Олар тек қана салық салу мүддесінде емес, басқа да қажеттіліктер үшін пайдаланылады. Мысалы: жерді сату, сатып алу, жалға беру, пайдалану және топырақ эрозиясымен күресу бойынша ұсыныстарды жасау. Жер кадастрының негізгі міндеті - жер иелері алатын пайданың бөлігін мемлекетке алу мақсатымен тиісті мәліметтермен қамтамасыз ету болып қала берді.
Жер кадастры жерді арнайы есепке алып, бағалау шарасы ретінде қоғам дамуының бір сатысында пайда болып жетіле берді. Ең алдымен зерттеу, есепке алу, бағалау, алқап түрлері және олардың сапасы бойынша топтастыру әдістерін, тәсілдерін жетілдіре түсті. Жаңа әдістерді, құралдарды қолдану арқасында жүйелі түрде жер кадастрлық ақпарат дәлдігі жоғарылады, құжаттардың рәсімі, мазмұны жетілді. Жер кадастры арнайы дайындықты, білімді талап ететін күрделі шараға айналды.
Мемлекеттік жер кадастрының құрамдас бөлігі болар алдында жерді тіркеу, есепке алу, бағалау халық шаруашылығының ертеректегі даму кезеңдерінен басталып, көптеген белгілі өзгерістерден өтті. Бірақ олардың арасында әрқашан да бір белгілі байланыс болды. Сондықтан олардың дамуы, жетілу тарихы, шын мәнінде тұтас жүйе ретінде кеңестік жер кадастрының қалыптасуы, даму тарихы деп қарауға болады.
Жерді есепке алу бастапқы және күнделікті деп бөлінген. Ол әр облыстық бойынша жеке жүргізілген, үйлестіруге жатқызылған, жатқызылмаған барлық жерлер есепке алынған. Есептік дачаның ауданы межелеу мәліметтері бойынша есептеліп әр учаскеге орналасуына байланысты тиісті есептік дачаға тіркелген, ал алқаптар ыңғайлы және ыңғайсыз деп бөлінген. Ыңғайлы алқаптарға- жайылым, шабындық, орман, бұта, бау-бақшалар, аула жерлері; ыңғайсыз алқаптарға- жыралар, құмдар, батпақтар, сулар есептелінген. Жерді есепке алуды жүргізу нәтижесінде барлық болыстық жерлердің есептік тізімдері, карталары пайда болды.
Мемлекеттік жер кадастыры мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:
- Жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
- Жердің мөлшері мен сапасын есепке алуды;
- Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субьектілерін есепке алуды;
- Мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;
- Жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;
- Жер учакелері мен олардың субьектілері туралы деректер банкін, сондай- ақ басқа да жер- кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өндеу мен жүргізуді;
- Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;
- Жер-кадастр карталарын, оның ішінде сандық карталарды дайындау мен жүргізуді;
- Жер-кадастр кітабы мен біріңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;
- Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындауды.
Жердің мелиорациялық кадастры мемлекеттік жер кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады. Суармалы жер учаскелерінің мелиорациялық жай-күйі, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебі туралы мәліметтер жүйесін құрайтын суармалы жердің мелиорациялық кадастры деп аталады. Шаруашылық-ұйымдастырушылық қызметтің құралы ретінде қолданылатын, жер туралы мәліметтердің жиынтығын көрсететін мемлекеттік жер кадастрының түсінігімен қатар, жер кадастры оған қатысты туындайтын қоғамдық қатынастар және оларды құқықтық реттеу қатынастарының мазмұнын ашумен тығыз байланысты.
Жер кадастрлық құқықтық қатынастар дегеніміз - жер құқығының нормаларымен реттелген, жер кадастрын жүргізу, яғни жер туралы кадастрлық мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және оларды мүдделі тұлғаларға беру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастардың ерекше құқықтық нысаны.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz