Қан айналым жүйесінің жұмыс істеу деңгейі мен дені сау адамдардың созылмалы күйзеліс жағдайында реттеуші механизмдердің күшею деңгейі арасындағы өзара байланыс



1 Жүрек ырғағының математикалық.статистикалық көрсеткіштері
2 Донозологиялық диагноз
3 Миокард инфаркты кезіндегі жүрек ырғағының математикалық.статистикалық сипаттамалары
Жүрек ырғағының математикалық-статистикалық көрсеткіштері функционалдық кернеу күйін танып білуде және реттеуші механизмдердің артық күш жұмсауы және әлсіреуі нәтижесінде қанағаттанбаған бейімделу күйіне өтуінде ең үлкен диагностикалық мәнге ие. Жүрек ырғағын реттеу өзгерістерін жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмыс істеу деңгейінің өзгерістерімен салыстыруда өте маңызды ерекшелік анықталады. Жас ерекшелігі факторы бұл жүйенің жұмыс істеу деңгейіне аз әсер етеді, алайда реттеуші механизмдердің жағдайына айтарлықтай түрде әсер етеді. Берілген мәліметтерді талдау көрсеткендей, жас кезінде ерлердің вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің белсендірілуі ағзаның функционалдық мүмкіндіктерінің төмендеуі кезінде, яғни қанағаттанбаған бейімделуде ғана айқын түрде маңызды бола түседі (АМ_о, ИН, ∆Х, σ бойынша). Бұл жаста функционалды күш салу күйі соғу жиілігінің және артериялық қысымның ұлғаюы арқылы көрінеді, сондай-ақ бұл өзгерістер гомеостатикалық реттеудің жеке диапазон шегінде орналасқан және басқарудың орталық деңгейлерін қосуды талап етпейді. 40 жастан жоғары жас шамасында функционалды күш салу күйіндегі соғыстың және артериялық қысымның жеке тербелістері гомеостатикалық реттеу мүмкіндіктерінің шегінен асады, бұл өз кезегінде вегетативтік жүйке жүйесінің сәйкес түрде белсенділікті жоғарылататын симпатикалық бөлімінің біршама жоғары деңгейдегі реттеуші жүйелерінің белсендірілуіне алып келеді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қан айналым жүйесінің жұмыс істеу деңгейі мен дені сау адамдардың созылмалы күйзеліс жағдайында реттеуші механизмдердің күшею деңгейі арасындағы өзара байланыс
Жүрек ырғағының математикалық-статистикалық көрсеткіштері функционалдық кернеу күйін танып білуде және реттеуші механизмдердің артық күш жұмсауы және әлсіреуі нәтижесінде қанағаттанбаған бейімделу күйіне өтуінде ең үлкен диагностикалық мәнге ие. Жүрек ырғағын реттеу өзгерістерін жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмыс істеу деңгейінің өзгерістерімен салыстыруда өте маңызды ерекшелік анықталады. Жас ерекшелігі факторы бұл жүйенің жұмыс істеу деңгейіне аз әсер етеді, алайда реттеуші механизмдердің жағдайына айтарлықтай түрде әсер етеді. Берілген мәліметтерді талдау көрсеткендей, жас кезінде ерлердің вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің белсендірілуі ағзаның функционалдық мүмкіндіктерінің төмендеуі кезінде, яғни қанағаттанбаған бейімделуде ғана айқын түрде маңызды бола түседі (АМо, ИН, ∆Х, σ бойынша). Бұл жаста функционалды күш салу күйі соғу жиілігінің және артериялық қысымның ұлғаюы арқылы көрінеді, сондай-ақ бұл өзгерістер гомеостатикалық реттеудің жеке диапазон шегінде орналасқан және басқарудың орталық деңгейлерін қосуды талап етпейді. 40 жастан жоғары жас шамасында функционалды күш салу күйіндегі соғыстың және артериялық қысымның жеке тербелістері гомеостатикалық реттеу мүмкіндіктерінің шегінен асады, бұл өз кезегінде вегетативтік жүйке жүйесінің сәйкес түрде белсенділікті жоғарылататын симпатикалық бөлімінің біршама жоғары деңгейдегі реттеуші жүйелерінің белсендірілуіне алып келеді.
Жалпы алғанда, әйелдерде жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмыс істеу деңгейі көрсеткіштерінің өзгерістері мен реттеуші механизмдердің күш жұмсау деңгейі арасында басқа байланыс түрі байқалады. Мұнда жүрек ырғағын басқаруды орталықтандыру жас және орта жастағы (40 жасқа дейін) тұлғалардың функционалды күш жұмсауында байқалады. Орта жаста қанағаттанбаған бейімделуге өту белсенділік күшеюі аз айқындалған вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің қыртысасты орталықтарының іске қосылуына алып келеді. Егде жаста ағзаның орта жағдайларына бейімделу деңгейінің төмендеуі жүрек ырғағының математикалық-статистикалық көрсеткіштерінің айқын өзгерістерін тудырмайды.
Денсаулықтан ауруға жалпы бейімделу синдромының жүйелік саты ретімен өтуі күйзелістік факторлар кешенінің ағзаға ұзақ уақыт бойы әсер етуінің нәтижесін білдіреді. Патологияның нозологиялық формаларының дамуын әдетте тірі жүйені ұйымдастырудың метаболизмдік және құрылымдық деңгейлерінде өзгерістердің пайда болуымен байланыстырады, осы орайда ағзадағы ақпараттық және энергетикалық өзгерістер заманауи клиникалық медицинаның назарынан тыс қалып отыр [Баевский, 1979]. Алайда донозологиялық диагноз қоюда бейімделудің үзілуіне дейін көп уақыт бұрын жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмыс істеу деңгейінің айқын өзгеруі байқалады [Казначеев және т.б., 1980]. Бұл өзгерістер өлшенетін көрсеткіштер мәнінің қалыпты түрлену ауқымында болатындықтан, дәрігер-мамандар оларды аурудың дамуы жайындағы ақпарат ретінде қабылдамайды. Сондықтан қан айналым жүйесінің жұмыс істеу деңгейінің өзгерістері мен реттеуші механизмдердің күш жұмсау деңгейі арасындағы өзара байланысты зерттеу ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан қызығушылық тудырады.
16-кестеде қоршаған орта жағдайларына бейімделу деңгейі әр түрлі, яғни донозологиялық жағдайлары әр түрлі адамдар тобының бірқатар кардиологиялық көрсеткіштерінің орташа мәндері ұсынылған. Жаппай тексеру мәліметтерінен 100 емделуші кездейсоқ іріктеу арқылы таңдалды, олар зерттеліп отырған популяцияның денсаулық құрылымына шамамен сәйкес түрде бөлінді. Денсаулық құрылымы деп зерттелген тұлғалардың жалпы санынан пайыз түрінде көрсетілетін, бейімделу деңгейі әр түрлі адамдар тобы арасындағы өзара қатынасты айтады [Казначеев және т.б., 1980].
Нақты жағдайда бейімделу деңгейі қанағаттанарлық болған тұлғалар 32%-ды, бейімделуі тоқталғандары 9%-ды құрады. Көрсетілген топтағы емделушілердің орташа жасы сәйкесінше былай болды: 28,8+-1,8 жыл, 34,3+-1,9, 49,9+-2,8 және 50,5+-2,1 жыл. Әйелдердің саны - 66, ерлердің саны - 34 болды.
Бір донозологиялық күйден басқасына өтуді қарастырайық (алдыңғысынан кейінгісіне). Функционалды күш жұмсаудың дамуы моданың ауытқу шегінің және күш жұмсау индексінің айқын өсуімен сипатталады, бұл реттеудің адренергиялық механизмі белсенділігінің күшеюін көрсетеді. Жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмыс істеу деңгейі де артады: артериалды қысым айқын статистикалық түрде өседі, БКГ және ЭКГ өзгеру дәрежесі артады. Алайда, бұл жағдайда артериалды қысым шамасы ереже бойынша, қалыпты ауытқу шегінде болатынын және дәрігерлік тексеру кезінде қалыпты деп белгіленетінін атап өту қажет. ЭКГ-ге келетін болсақ, 1-1,5 балл шегіндегі өзгерістер жүректің электрлік осінің ауытқуы, QRS және т.б. кешеннің аздап кеңеюі немесе ауытқуы секілді аздаған өзгерістерді білдіреді.
Қанағаттанбаған бейімделу күйіне өту адренергиялық жүйелердің біршама маңызды белсендірілуімен қатар жүреді, бұл моданың ауытқу шегінің және күш жұмсау индексінің әрі қарай өсуі арқылы ғана емес, ∆Х және SД мәндерінің айқын азаюы арқылы көрінеді. S0және Sд арасындағы өзара қатынас 1,23-тен 2,52-ге дейін жоғарылайды (орташа мәні бойынша), бұл жүрек ырғағын басқарудың біршама орталықтандырылғанын, қабық асты жүйке орталықтары белсенділігінің күшейгендігін көрсетеді. Сондай-ақ жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмыс істеу деңгейінің одан әрі жоғарылауы жүреді. Артериалды қысым дәрігерлік тәжірибеде 45-55 жастағы тұлғалар үшін шектік болып саналатын шамаға жетеді. Осы ретте ЭКГ өзгерістері клиникалық маңызды деңгейге жетпейді, өйткені 1,5-2,0 балл көрсеткіші Т-тісшелердің бірқалыпты төмендеуін, сирек бірліктік экстрасистолдардың пайда болуын және т.б. білдіруі мүмкін. Сонымен қатар, тексерілуші де, дәрігер де аса назар аудара бермейтін дене салмағының жоғарылауы байқалады (бейімделу үдерісіне ұйымдастырудың энергометаболизмдік деңгейінің қосылу белгісі ретінде).
Бейімделудің үзілу күйіне өтуінде ғана дәрігер клиникалық маңызды деп анықтайтын өзгерістер пайда болады, осыған байланысты аурудың диагнозын қою және емдеу тағайындау қажеттілігі туындайды. Бейімделудің үзілуінде артериалды қысымның жоғары шамасымен қатар ЭКГ жағынан да (2,5-3 балл ST-интервалының жылжуын, миокардтағы сезгіштік және өткізгіштік үдерістерінің бұзылуын көрсетуі мүмкін) айқын өзгерістер байқалады. Тағы бір маңызды жағдай ретінде үзілуге өтудегі жүрек ырғағының математикалық сипаттамаларында айқын өзгерістердің болмауын санауға болады. Бұл ағзаның түрлі жүйелері арасындағы, сондай-ақ қан айналым аппаратының жеке буындары арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуын басқара алмайтын деңгейге (гомеостаз) жеткен реттеуші механизмдердің әлсіреуінің дамуын білдіреді. Миокардиалы-гемодинамикалық гомеостаздағы баланстың бұзылуының айқын көрсеткіштерінің бірі баллистокардиографиялық мәліметтер болып табылады [Баевский, 1979]. Бізге белгілі мәліметтерден көрініп тұрғандай, минималды және максималды артериалды қысымды қосқандағы БКГ өзгеріс деңгейі реттеуші механизмдердің күш жұмсау деңгейімен сызықтық түрде байланысқан біршама мол ақпаратты қамтитын көрсеткіштер жиынтығын құрайды. Бұл байланыс түрлі донозологиялық күйлердегі жалпы бейімделу синдромының түрлі сатысында әрқалай көрінеді.
Күш жұмсауда қан айналым жүйесінің жұмыс істеу деңгейінің көтерілуі оның негізгі көрсеткіштерінің қалыпты түрленуі шегінде жүреді және сондықтан да дәрігерлік бақылаудан тыс болады. Реттеуші механизмдердің күш жұмсау деңгейінің бірқалыпты көтерілуі қорғаныштық-бейімделушілік сипатқа ие және күйзеліс жағдайында ағзаны энергетикалық және метаболизмдік қамтамасыз етуге қажетті функционалды қорлардың қарқынды жұмсалуына алып келеді.
Ағзаның қоршаған орта жағдайларына қанағаттанбаған түрде бейімделуінде, ағзаның функционалды мүмкіндіктерінің төмендеуінде қан айналым жүйесінің жұмыс істеу деңгейінің және реттеуші механизмдердің күш жұмсау дәрежесінің одан әрі жоғарылауы ағзаның негізгі жүйелерінің және қан айналым аппараты буындарының гомеостазын сақтау мақсатында жүреді. Бұл жағдайда барлық өзгерістердің ауырлық ортасы реттеуші механизмдерге түседі. Ағза артық күш жұмсау арқылы жеке көрсеткіштердің гомеостатистикалық ауытқу ауқымының жоғарғы шегіндегі қан айналым жүйесінің жұмыс істеу деңгейін сақтай алады. Мұнда дәрігердің көзқарасы бойынша, шекаралық сипатқа ие және сондықтан да үрей тудырмайтын, ағзаның функционалды күйінің көрсеткіштерінің өзгеруімен қатар жүретін субъективті сезілетін өзгерістер пайда болады. Сонымен қатар бұл сатыда созылмалы күйзеліс шарықтау шегіне жетеді, ол бейімделу механизмінің айқын өзгерістері арқылы көрінеді: артық күш жұмсау және осы механизмдердің әлсіреуі орын алады.
Артериалды қысымның және ЭКГ-нің айқын білінетін патологиялық қозғалыстары арқылы бейімделудің үзілуі ғана іс жүзінде дені сау адамды ауру санатына ресми түрде өткізуге, оны емхананың немесе стационардың тұрақты емделушісі етуге негіз бола алады.
МИОКАРД ИНФАРКТЫ КЕЗІНДЕГІ ЖҮРЕК ЫРҒАҒЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ-СТАТИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Миокард инфакты кезіндегі жүрек ырғағын математикалық талдау реттеудің және ағзаның жұмыс істеуінің бұзылуы биожүйені ұйымдастырудың барлық деңгейіне, құрылымдық деңгейге дейін таралатын күйзеліс жағдайындағы қойнаулық түйінді басқару жүйесінің күйін сипаттауға мүмкіндік береді. Миокард инфрактына алып келетін факторлар қатарына - аз қозғалысты өмір салты, психоэмоционалдық жүктеме, гиперхолестеринемия, дененің артық салмағы, көмірсуды мөлшерден тыс қолдану жатады. Бұл факторлар бейіндік механизмдердің артық күш жұмсауын және физикалық тұрғыда нашарлауын тудырады. Миокард инфаркты кезінде болатын бұзылыстарды бағалауға жүйелік түрде мән беру патологиялық үдерістің түрлі даму деңгейлеріне реттік өтуді қарастыруға мүмкіндік береді - ақпараттықтан энергетикалыққа, және одан әрі метаболизмдік және құрылымдыққа.
Миокард инфаркты дамуының алдыңғы кезеңінде орын алатын ақпараттық деңгейде болатын бұзылыстардың ерекшелігі азды-көпті айқын болатын симпатикалық тонустың орнатылуы болып табылады. Симпатикалық тонустың үстем болуына алып келетін біршама танымал фактор ретінде қозғалыс актісі орын алмайтын психоэмоционалдық жүктемелер саналады. Сондай-ақ салыстырмалы симпатикалық басымдық аз қозғалысты өмір салты жағдайында да дамиды. Психоэмоционалдық жүктемелер мен гипокинезияның үйлесуі біршама адамдарға тән болғандықтан, симпатикалық-парасимпатикалық қатынастардың үйлесімсіздігі кең түрде таралған [Рааб, 1963].
Басқару жүйесінде сипатталған қайта құрылу энергетикалық деңгейдегі бұзылыстың пайда болуына бастама болады. Митохондрия жасушаларына еркін майлы қышқылдардың түсуін ынталандыратын және Са2+ иондарының тасымалдануын белсендіретін катехоламиннің шектен тыс мөлшері тотығудың және фосфорланудың бөлектенуін тудырады. Нәтижесінде АТФ-ң тұтынылған оттегі бірлігіне шығуы төмендейді. Бұл жағдайларда жүректік шығарылымның ұлғаюы оттегі ұлпаларын қалыпты тұтынумен қамтамасыз етілмейді [Меерсон, 1975]. Метаболизмдік деңгейде тотығудың және фосфорланудың ажырауы еркін радикалды тотығудың белсендірілуімен қатар жүреді. Соңғысы лизосомалардың лабиалдануын және протеолиттік ферменттердің одан босап, жасуша цитоплазмасына және қан плазмасына өтуін тудырады. Құрылымдық деңгейде сипатталған өзгерістерге кальцийді тасымалдаудың мембранды аппаратының зақымдануы да жатады. Бұл катионды миофибриллалардан алып, сарколемма және саркоплазмалық ретикулум сақтау қоймасына орнату миокардтың қалыпты босаңсуының негізін құрайды, сіресу типіндегі өзгерістерге алып келетін босаңсудың ошақтық бұзылулары пайда болады. Ошақтық сіреспелі зақымданулар некробиотикалық өзгерістермен және резорбцияның, фибробластикалық түйіршіктердің қалыптасуына алып келетін бұлшықет жасушаларының жойылуымен қоса жүреді [Меерсон, 1975].
Әлсіреу сатысының элементтері аясында дами отырып, ауыру, температураның жоғарылауы, жүрек жеткіліксіздігі құбылысы түріндегі сәйкес клиникалық симптомдармен қоса жүретін миокардтың некротикалық өзгерістерінің өзі ағза үшін күйзелістік фактор болып табылады, және де өз кезегінде жаңа күйзелістік цикл тудырады. Аурудың алғашқы тәулігінде катехоламиндер [Рааб, 1959] мен глюкокортикоид [Корочкин және т.б. 1972] шығарылымының ұлғаюы және алармреакцияның басқа да көріністері байқалады. Бұл өзгерістер миокард инфаркты кезінде жүрек ұстамасы кезіне қарағанда біршама айқын түрде болады [Юренев және т.б. 1974; Петрова және т.б. 1975]. Қазіргі уақытта миокард инфарктының дамуында әлсіреу реакциясына тән қандай да бір белгілердің (ГГАЖ жұмыс істеу деңгейінің төмендеуі, мүмкіндік шегінде іске асатын реттеуші механизмдердің күш жұмсауы) нақты көрініс табатындығын растайтын көптеген әдеби мәліметтер бар.
Төменде миокард инфаркты бар науқастардың жүрек ырғағын бірыңғай әдістемелік тәсілдеме көмегімен зерттеудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық күйлердің жіктелуі
Оқушылардың мектеп ортасына бейімделу мәселелері
Оқушылар ағзасының функционалдық жағдайына мектеп ортасының әсері
Организмнің дене жүктемесіне бейімделуі
СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІ ФАКТОРЛАР ӘСЕРІНЕН ТУЫНДАҒАН ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
Студент-спортшылардың кардиореспираторлық жүйесі көрсеткіштерінің дене жүктемесіне бейімделу өзгерістерін зерттеу
Стресс және дистресс
Гипокинезия салдарынан ағзаның функциональдық жағдайының өзгеруі
ҚАЖ - қан ағынының жылдамдығы
Студенттердің еңбек және демалыс тәртібі
Пәндер