Ақшалай қаражаттар



1 Қаржылық коэффициенттерді
2 Түсім көздері және ақшалай қаражаттарды қолдану бағыттары
Ақшалай қаражаттар табыстылығының көрсеткіштері зерттелетін кезең ішіндегі ұйым құзырындағы (шығындалған немесе алынған) ақшалай қаражаттың бір теңгесіне таза ақшалай ағынның қандай көлемі сәйкес келетіндігін сипаттайды. Таза ақшалай ағын бойынша (таза пайда) есептелген нақты көрсеткіштерді жалпы алғанда, ұйым бойынша да, қызмет түрлері бойынша да анықтау қажет.
Қаржылық коэффициенттерді талдау ұйымдардың өзара шаруашылық қызметтерінің түрлі абсолютті көрсеткіштерінің ара қатынасын есептеуге негізделеді. Талдаудың осы жүйесін қолдану үдерісінде ақшалай ағындардың жеке көрсеткіштерін сипаттайтын түрлі салыстырмалы көрсеткіштер және де олардың ұйымның қаржылық жағдайының жалпы деңгейіне ықпал ету дәрежесі анықталады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ақшалай қаражаттар табыстылығының көрсеткіштері зерттелетін кезең ішіндегі ұйым құзырындағы (шығындалған немесе алынған) ақшалай қаражаттың бір теңгесіне таза ақшалай ағынның қандай көлемі сәйкес келетіндігін сипаттайды. Таза ақшалай ағын бойынша (таза пайда) есептелген нақты көрсеткіштерді жалпы алғанда, ұйым бойынша да, қызмет түрлері бойынша да анықтау қажет.
Қаржылық коэффициенттерді талдау ұйымдардың өзара шаруашылық қызметтерінің түрлі абсолютті көрсеткіштерінің ара қатынасын есептеуге негізделеді. Талдаудың осы жүйесін қолдану үдерісінде ақшалай ағындардың жеке көрсеткіштерін сипаттайтын түрлі салыстырмалы көрсеткіштер және де олардың ұйымның қаржылық жағдайының жалпы деңгейіне ықпал ету дәрежесі анықталады.
Ақшалай ағындарды басқару жүйесінде талдамалы қаржылық коэффициенттердің келесідей топтары біршама кең таралған:
1. Ақшалай ағындардың өтімділік деңгейін сипаттайтын коэффициенттер. Олар ұйымның қаржылық міндеттемелері бойынша өз уақытында есеп айырысу мүмкіндігін сипаттайды. Мұндай бағалау үдерісіндегі біршама маңызды рөлді келесі көрсеткіштер алады: ----------------
Бұл коэффициент ұйымның теріс ақшалай ағымын оның жиынтық оң ақшалай ағымы қандай дәрежеде жабатындығын көрсетеді. Ақшалай ағымның қажетті өтімділігін қамтамасыз ету үшін оның мәні 1-ден төмен болмауы қажет (1-ден жоғары болуы ақшалай актив қалдықтарының өсуін қарастырылатын мерзім соңына қарай түрлендіретін болады, яғни ұйымның абсолютті төлем қабілеттілігі коэффициентінің өсуіне жағдай туғызады); -------------------------------
Бұл коэффициент ұйымның барлық қысқа мерзімді міндеттемелерінің онда бар дайын төлем құралдарымен белгілі бір мезгілге дейін қаншалықты деңгейде қамтамасыз етілгендігін көрсетеді; ------------------
Коэффициент ақшалай ағымның үдерістік қызметке жеткіліктілігін сипаттайды. Егер ағымдағы төлем қабілеттілігі коэффициентінің мәні 1-ден жоғары болса, ұйым үдерістік қызметтегі өз міндеттемелерін түсімнің шығыстардан асуы есебінен толықтай өтей алады.
2. Ақшалай ағымдар тиімділігінің деңгейін сипаттайтын коэффициенттер. Олар ұйымдағы ақшалай ағымдардың қалыптасуы тиімділігінің жалпылама сипаттамасын береді. Осы көрсеткіштердің негізгілеріне мыналар жатады: --------
Коэффициент ұйымның қосымша ақшалай қаражаттар ағымынсыз орташа есеппен неше күн жұмыс істей алатындығын сипаттайды. Егер ақшалай қаражаттармен қамтылу коэффициенті есептік мерзім соңына қарай 0,1-ден төмен мәнге ие болса, ұйым балансының құрылымы қанағаттандырылмаған, ал ұйым - төлемге қабілетсіз деп танылады;-----------------
мұндағы: ТАА - таза ақшалай ағым; НҚ - ұзақ және қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар бойынша негізгі қарыз төлемінің сомасы; ΔҚтм - қысқа мерзімді активтер құрамындағы тауарлық-материалдық құндылықтар қорының өсімінің сомасы; Д - мерзім ішінде меншік иелеріне төленген дивидендтер.
Егер таза ақшалай ағымның жеткіліктілік коэффициентінің мәні 1-ге тең немесе одан жоғары болса, бұл ағымдағы кезеңнің таза ақшалай ағымы ұзақ мерзімді активтер мен дивидендтер төлемінің құнын арттыруға жеткілікті болғандығын білдіреді; ---------------
Коэффициент ұйымның жалпы ақшалай түсіміндегі таза пайда үлесін сипаттайды. Көрсеткіш мәні неғұрлым жоғары болса, ұйымның шаруашылық қызметі соғұрлым тиімдірек болады; -------------------
Коэффициент ұйымның ақшалай шығындарының теңгесіне сай келетін таза пайданың сомасын көрсетеді; --------------
Коэффициент қолда бар ақшалай қаражат қалдықтарының әрбір теңгесінен алынған ұйымның таза пайдасының мөлшерін көрсетеді;----------
Ақшалай қаражаттардың айналымдылық коэффициенті бір ақшалай қаражат айналымының ұзақтығын көрсетеді. Ол төмен болған сайын, ақшалай қаражаттар тиімдірек айналады, сәйкесінше ақшалай қаражат айналымының циклы қысқа болады.
Ақшала ағымдарды талдау жалпы ұйым бойынша, оның негізгі қызмет түрлері бойынша, жеке құрылымдық бөлімшелер бойынша жүргізіледі. Осы мақсатта ұйымның жеке көздері бойынша оң ақшалай ағымдары көлемінің динамикасы қарастырылады. Осы орайда оң ақшалай ағымның өсу қарқыны өндіріс көлемінің өсу және өнімді өткізу қарқынымен салыстырылады. Ақшалай қаражаттарды ішкі және сыртқы көздер есебінен тарту ара қатынасын зерттеуге, ұйым дамуының сыртқы көздерден қаржыландыруға тәуелділік деңгейін анықтауға ерекше назар аударылады.
Ұйымдағы ақшалай қаражаттардың нақты қозғалысын ашу, түсімдер мен төлемдердің үйлесімділігін бағалау үшін, сондай-ақ алынған қаржылық нәтижелер мөлшерін ақшалай қаражаттар жағдайымен үйлестіру үшін түсімдердің, сондай-ақ олардың жұмсалуының барлық бағыттарын бөлу және талдау қажет. Ереже бойынша, ақшалай қаражаттардың барлық көздердегі қозғалыс бағыттарын негізгі қызмет түрлері саласында - үдерістік, инвестициялық және қаржылық сала бойынша қарастыру қабылданған. Ұйымның барлы қызметін үш жеке салаға бөлу тәжірибеде өте маңызды, өйткені жақсы (яғни, нөлге жақын) жиынтық ағым теріс ақшалай ағымды қаражаттарды түсіру, активтерді өткізу үдерістік қызметінен (инвестициялық қызмет) немесе банк несиелерін тарту үдерістік қызметінен (қаржылық қызмет) алып тастау немесе орнына төлеу есебінен алынуы мүмкін. Бұл жағдайда жиынтық ағымның мөлшері ұйымның нақты залалдылығын жасырады.
Заманауи талдамалы әдебиетте түсім көздерін анықтауға және ақшалай қаражаттарды қолдану бағыттарын орнатуға, сондай-ақ есептік кезең уақытында ұйымның алған ақшалай қаражат қалдықтарының таза қаржылық нәтижелерден ауытқу себептерін анықтауға мүмкіндік беретін құралдар біршама кең таралған.
Түсім көздері және ақшалай қаражаттарды қолдану бағыттары жайында сұраққа жауапты Зерттелетін мерзімдегі ақшалардың түсуі және Зерттелетін мерзімдегі ақшалардың жұмсалуы көрсеткіштерін талдап тексеру арқылы алуға болады. Аталған көрсеткіштер мен олардың қосылғыштары арасындағы өзара байланысты рәсімдеуде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні мен оңтайландыру әдістері
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні
Ақшалай қаражаттардың кәсіпорынның жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызын анықтау және оларды басқару стратегиясын жетілдіру
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқару
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының экономикалық сипаттамасы
Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің құрылымы
Ақша қаражаттар қозғалысы
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
Пәндер