Талапты аумағы топырағындағы мырыш (Zn) және қорғасын (Pb) формалары мен кеңістіктік таралуы


КІРІСПЕ

Қоршаған ортаны қорғау мәселесі өзекті мәселе болып табылады. Біздің елімізде қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын тиімді қолдану әлеуметтік-экономикалық міндеттердің құрамдас бөлігіне айналды және қоғамның тұрақты дамуы жолындағы басым бағыттар қатарына жатады.

Қазіргі уақытта адамның биосфераға ықпал етуі жаһандық сипатқа ие, осыған байланысты биосфераға көптеген улы заттардың, соның ішінде ауыр металдардың жоғары концентрациясының жергілікті, аймақтық және жаһандық түрде тарауы мен келіп түсуі өзекті мәселеге айналды.

Қоршаған орта жағдайын реттеу оның ағымдағы жағдайын бағалаусыз мүмкін емес. Мұндай мәліметтерді табиғи объектілер жағдайын зерттеу, бағалау және болжау негізінде алу қоршаған ортаны жаһандық бақылау жүйесінің басты міндетін құрайды.

Бұл ретте аумақтар үлкен қызығушылық тудырады. Мұнда жерлер орналасады (аумақтың сипаттамасын келтіру, онда не орналасқан және не өсіріледі) . Бұл жерлердің барлығы ауыл шаруашылығы бағытына арналған, тұрғындарға ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге қолданылады.

Ауыл шарушылығын дамытуда нақты аймақ маңызды мәнге ие, оның осы мақсаттағы Республика көлеміндегі маңызы арта бермек.

Осының барлығын ескере отырып, аумақтың топырағы құрамындағы мырыш пен қорғасын қосындысының формаларын зерттеу мақсатында біз Талапты аумағын таңдап алдық.

МӘСЕЛЕНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Қазіргі уақытта қоршаған орта объектілері құрамындағы жоғары концентрацияда улы болып табылатын заттарды зерттеу - үлкен әлеуметтік және экономикалық мәселе. Адамның биосфераға техногендік әсерінің күшеюімен байланысты оның қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз салдарының қаупі пайда болды.

Қоршаған ортаны антропогендік ластанудан қорғауға байланысты тәжірибелік мәселелерді шешуде нақты аймақ топырағындағы улы ингредиенттердің фондық мөлшері жайындағы мәліметтер маңызды орын алады. Табиғи ортаны ластаушылардың негізгілері ауыр металдар, әсіресе қорғасын мен мырыш болып табылады. Бұл өнеркәсіптің даму бағыттарымен, сондай-ақ ауыр металдардың физиологиялық-биохимиялық ерекшеліктерімен, олардың уыттылығының жоғары деңгейімен және тірі ағзаларда жинақталу қабілетімен байланысты.

Суармалы топырақтың сортаңдануы жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің өсуіне байланысты, биосфераның барлық компоненттері құрамындағы ауыр металдар мөлшерін бақылаудың ғылыми негіздерін дайындау ерекше маңызды және өзекті мәселе болып табылады; нақты аймақ топырағындағы ауыр металдар мөлшерін зерттеу үлкен ғылыми және тәжірибелік қызығушылық тудырады.

Нақты мәселелер бойынша ақпарат өсімдік тектес өнімдерде көрсетілген токсиканттардың жинақталуын болжауға, олардың таралудың трофикалық тізбегіне түсуін тұрақтандыруға және экологиялық таза өнім өндіру мақсатында бұл түсімді шектеу бойынша іс-шараларды дайындауға көмектеседі.

Табиғи объектілердегі - зерттелетін аймақ топырағындағы ауыр металдар мөлшерін зерттеуді сортаңданған топырақты мелиорациялау бөлімінің меңгерушісі А. Отаровтың басшылығымен У. Оспанов атындағы топырақтану және агрохимия ҚазҰЗИ қызметкерлері бастаған.

Мұндай мәліметтер болған жағдайда, орын алып отырған экологиялық ахуалды бағалаудың объективтілігі жоғарылайды, ластану қарқынын есептеу мүмкіндігі пайда болады. Осы мақсатта жаһандық сипаттағы кларктарды және өзінің химиялық құрамы бойынша әркелкі болып келетін Қазақстанның топырақ жамылғысы жайындағы орташа мәліметтерді қолдану дұрыс емес.

ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ

Ауыр металдардың (Zn, Pb) Талапты аумағының топырағында кеңістіктік таралуының негізгі заңдылықтарын қоршаған ортаны сәтті түрде бақылауды дайындау, топырақты ауыр металдармен ластанудан қорғау негізі ретінде бағалау және зерттеу.

ЗЕРТТЕУ МІНДЕТТЕРІ

Зерттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1. Талапты аумағы топырағындағы Zn, Pb қосылыстары формаларының фондық деңгейін анықтау.

2. Топырақ типтерінің, олардың механикалық құрамының ауыр металдар қосылыстары формаларының құрамына ықпал етуін табу. Ауыр металдардың топырақтық бөлінулер қабатының бағдары бойынша (А+В+С) таралуын анықтау.

3. Ауыр металдар қосылыстарының формалары бойынша зерттелетін аумақ топырағын геохимиялық картаға түсіру. (егер үлгерсек?!)

ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҒЫ

Талапты аумағы топырағындағы ауыр металдар қосылыстары формаларының (Zn, Pb) мөлшерін, таралуын және түрленуін жан-жақты зерттеу алғаш рет жүргізіліп отыр.

Алғаш рет топырақтағы ауыр металдар қосылыстары формаларының мөлшерінің топырақтың физикалық қасиетіне (қарашірік, физикалық балшық, қарабалшықты фракция) корреляциялық тәуелділігі анықталды. Ауыр металдардың топырақтың генетикалық қабаты бойынша таралуы анықталды.

Талапты аумағының зерттеліп отырған топырақ типтерінде мырыштың жылжымалы формаларының аз екендігі белгіленді. Ауыр металдар жоғарғы егіндік қабатта жинақталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талапты аумағы топырақтарының әртүрлі типтеріндегі мырыш пен қорғасын қосылыстарының фракциялық құрамы
Шымкент қаласының қоршаған ортасында қорғасын, мыс, мырыш және кадмийдің таралуы, биологиялық әсері мен экотоксикологиялық бағалануы
Қорғасын (Pb): тарихы, қасиеттері, өндеуі және қолданылуы
Қоршаған ортаның ауыр металдармен (қорғасын, кадмий, мыс, мырыш) ластануы және олардың биологиялық әсерлеріне әдеби шолу
Мырыш электролизін жетілдіру: Өскемен «Қазмырыш» зауытында Pb-Ag-Tl-Ca көпкомпонентті анодтар мен перхлорвинил қапшықтарды қолдану
Мырыш сульфатты ерітіндісінен мырыш электролизінің теориясы мен тәжірибесі
Текелі қорғасын-мырыш кенін байыту фабрикасының технологиялық және жобалау сипаттамасы
Мырыш кектері мен шлактарды вельцтеу және құрамында мырыш бар бөлінген заттарды гидрометаллургиялық өндіру
КИВЦЭТ-ЦС агрегатында қорғасын-мырыш шихтасын дайындауды автоматтандыру: технология, металлургиялық есептеулер және экономикалық-еңбек қауіпсіздігі негіздемесі
Текелі қаласындағы қорғасын-мырыш қалдықтарын сақтау орнының әсер ету аймағындағы топырақ, су және өсімдіктердегі ауыр металдардың ластану деңгейін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz