Капитал құрылымын оңтайландыру



КІРІСПЕ

I. КОМПАНИЯ КАПИТАЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Компания капиталының түсінігі және мәні
1.2 Компания капиталының сыныпталу ерекшелігі

II. КОМПАНИЯ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ.
2.1 Компания капиталының құрамы мен құрылымын оңтайландыруын талдау.
2.2. Капитал құрылымын оңтайландыруда қаржылық тұтқаны пайдалану.

ІІІ. АҚСАЙ НАН.ТОҚАШ КОМБИНАТЫ ЖШС.НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
3.1. "Ақсай" нан өнімдері комбинаты ЖШС.нің ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер құрамын және динамикасын талдау
3.2. “Ақсай” нан өнімдері комбинаты ЖШС.нің қаржылық тұрақтылығын бағалау

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Коммерциялық ұйымдар және кәсiпорындардың қаражаттары
қаржы жүйесінің негізгі буыны бола тұра, ЖІӨ-нің қалыптасу, пайдалану, бөлу үйлестіру процесстерін қамтиды. Коммерциялық өндірісті және басқа іс-әрекеттеріне қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі, оларды орналастыру мен пайдалану мақсаты, бағытталуы мен тиімді шаруашылық жүргізуші басқа субъектілермен қаржылық қатынастары компанияның қаржы тұрақтылығын, төлем қабілеттілігін сипаттайды. Қазіргі таңда көптеген компаниялар қаржы тапшылығын басынан кешіруде. Сол себепті компаниялардың мақсаты болып компанияның оптималды капитал құрылымын анықтау болып табылады. Компания капиталының ұтымды құрылымы оған басқа компаниялармен бәсекелесуге мүмкіндік және жаңа нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Сондықтан қазіргі таңда компания капиталының құрамы мен құрылымын оңтайландыру өзекті және маңызды тақырыптардың бірі.
Капитал құрылымын оңтайландыру қажеттілігі көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде:
- компанияның мақсаты мен міндеттері;
- қаржы жүйесін оңтайландыруы;
- өндірістік бағдарламасы және т.б.
Компания алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан
Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни компанияның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Нарықтық экономика жағдайларында компаниялардың өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында кәсіпорындар қаржылық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда мемлекеттің және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді. Алайда нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені кәсіпорындардың өз иықтарына жүктеп отыр.
Компаниялардың меншікті және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде қалыптасқан капитал құрылымы оның қызметінің тиімділігін, бәсекелсетік ортадағы өміршеңдігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табылатын табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады. Әрине, кәсіпорындар өз қызметі барысында меншікті капиталға арқа сүйейді. Олардың кәсіпкерлік табыстан алған табысы – бизнестің дамуының бірден-бір көзі болып табылады. Алайда, меншікті капитал кәсіпорындардың экономикалық-әлеуметтік дамуы мәселелерін шешу үшін жеткіліксіз, сол себепті кәсіпорындар өз қызметі барысында шеттен қаражаттар тартуларына мәжбүр болады. Дәлірек айтсақ, қарыз қаражаттар тарту кәсіпкерлікті дамытудың басты шарты болып табылады.
Компаниялар үшін оңтайлы капитал құрылымын қалыптастырудағы ең маңызды сұрақтар – бұл қажетті қаржы ресурстарын қандай бағамен тарту керек екендігі. Компанияның нарықтық экономика жағдайларындағы басты стратегиялық мақсаты өзінің ағымды және келешектегі нарықтық құнын арттыру және оны қолдау болып табылады, ал бұл жетістікке жетудің бірден бір жолы – капиталдың құнын тиімді басқару. Капитал құны неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын қызметінің тиімділігі де соғұрлым төмендей береді және керісінше. Сол себепті компанияныңның қаржы менеджерлері капитал құрылымын қалыптастыру, оңтайландыру көздерінің құнын анықтауға үлкен назар аударулары қажет. Міне, осы соңғы мәселе курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – компаниялардың капитал құрылымын және оның құрамын анықтаудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, оңтайлы капитал құрылымын қалыптастыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өз алдына келесідей негізгі сұрақтарға жауап табуды міндет қойып отыр:
- компаниялардың капиталының экономикалық негіздерін қарастыру;
- компаниялардың капиталының құрылымын және құрамын бағалау және талдау әдістемелерін игеру;
- қазіргі таңдағы қазақстандық компанияларда капиталды
қалыптастыруды оңтайландыру тәсілдерін жетілдіру жолдары.
Аталған міндеттерді орындау үшін жұмыс үш тарауға бөлінген. Бірінші тарауда компания капиталының экономикалық негіздері, компания капиталының түсінігі мен жіктелуіне, сыныпталу ерекшелігі және компания капиталының маңыздылығына арналады.
Екінші тарау барысында компания капиталының құрамы мен құрылымын талдау және оңтайландыру игеріледі.
Үшінші тарауда қазақстандық кәсіпорындардағы капитал
қалыптасуының бүгінгі таңдағы ерекшеліктері мен оны оңтайландыру тәсілдерін жетілдіру жолдары мәселелерін қарастыратын боламыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Р.Қ.Ниязбекова, Б.А.Рахметов Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. Алматы. Экономика, 2008 жыл.
2. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы , 2001 жыл.
3. Н.Н.Кадерова Корпоративтік қаржы. Оқу құралы.Алматы. Экономика, 2008 жыл.
4. www.google.kz
5. www.mail.ru
6. Ковалев В.В., «Қаржылық анализ», Москва, 2002 жыл
7. Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы , 2003 жыл.
8. www.yandex.kz
9. Үмбетәлиев А., «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», Алматы, 2002 жыл.
10. Шеремет А.Д., «Теория экономического анализа», Москва, 2003 жыл.
11. Шим Джей. К, «Қаржылық менеджмент», Москва, 2003жыл.
12. Тургулова А.К., «Особенности формирования заемного капитала на практике казахстанских предприятий», Финансы Казахстана, 2004, №6
13. Турганалиев Е., «Управление стоимостью капитала в системе корпоративного финансового управления», Финансы Казахстана, 2002, №6
14. Э.С.Мадиярова, С.Н.Сүйеубаева Қаржылық менеджмент. Оқу құралы. Алматы. Экономика,2009 жыл.
15. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Автор: Қ.К. Кеулімжанов, Н.А. Құдайбергенов. Алматы: "Экономика" баспасы, 2006жыл
16. www.aksaynan.kz
17. Бухгалтерлік есеп принциптері. Автор: Ниддз Б., Андерсон М. 2000 жыл
18. Кәсіпорындағы қаржылық және басқару есебі. Автор: Радостовец В.К.
Алматы, 2003 жыл.
19. http://revolution.allbest.ru/finance/
20. Р.О.Смағұлова, Қ.Ә.Мәдіханова, Ә.Қ.Тұсаева, Ж..Сатыбалдиева. Қаржы, ақша
айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы. “Экономика” 2008.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Капитал құрылымын оңтайландыру [30 бет]

КІРІСПЕ

I. КОМПАНИЯ КАПИТАЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Компания капиталының түсінігі және мәні

1.2 Компания капиталының сыныпталу ерекшелігі

II. КОМПАНИЯ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ.

2.1 Компания капиталының құрамы мен құрылымын оңтайландыруын талдау.

2.2. Капитал құрылымын оңтайландыруда қаржылық тұтқаны пайдалану.

ІІІ. АҚСАЙ НАН-ТОҚАШ КОМБИНАТЫ ЖШС-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

3.1. "Ақсай" нан өнімдері комбинаты ЖШС-нің ағымдағы және ұзақ мерзімді
активтер құрамын және динамикасын талдау

3.2. “Ақсай” нан өнімдері комбинаты ЖШС-нің қаржылық тұрақтылығын бағалау

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Коммерциялық ұйымдар және кәсiпорындардың қаражаттары
қаржы жүйесінің негізгі буыны бола тұра, ЖІӨ-нің қалыптасу, пайдалану, бөлу
үйлестіру процесстерін қамтиды. Коммерциялық өндірісті және басқа іс-
әрекеттеріне қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі, оларды
орналастыру мен пайдалану мақсаты, бағытталуы мен тиімді шаруашылық
жүргізуші басқа субъектілермен қаржылық қатынастары компанияның қаржы
тұрақтылығын, төлем қабілеттілігін сипаттайды. Қазіргі таңда көптеген
компаниялар қаржы тапшылығын басынан кешіруде. Сол себепті компаниялардың
мақсаты болып компанияның оптималды капитал құрылымын анықтау болып
табылады. Компания капиталының ұтымды құрылымы оған басқа компаниялармен
бәсекелесуге мүмкіндік және жаңа нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Сондықтан
қазіргі таңда компания капиталының құрамы мен құрылымын оңтайландыру өзекті
және маңызды тақырыптардың бірі.
Капитал құрылымын оңтайландыру қажеттілігі көптеген факторлармен
анықталады, соның ішінде:
- компанияның мақсаты мен міндеттері;
- қаржы жүйесін оңтайландыруы;
- өндірістік бағдарламасы және т.б.
Компания алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан
Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де сол
ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай
түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни компанияның
капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да
көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп
отырады. Нарықтық экономика жағдайларында компаниялардың өзінің қаржылық-
шаруашылық қызметін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз
мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында кәсіпорындар
қаржылық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда мемлекеттің
және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді. Алайда
нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені кәсіпорындардың өз
иықтарына жүктеп отыр.
Компаниялардың меншікті және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде
қалыптасқан капитал құрылымы оның қызметінің тиімділігін, бәсекелсетік
ортадағы өміршеңдігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табылатын
табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады. Әрине,
кәсіпорындар өз қызметі барысында меншікті капиталға арқа сүйейді. Олардың
кәсіпкерлік табыстан алған табысы – бизнестің дамуының бірден-бір көзі
болып табылады. Алайда, меншікті капитал кәсіпорындардың экономикалық-
әлеуметтік дамуы мәселелерін шешу үшін жеткіліксіз, сол себепті
кәсіпорындар өз қызметі барысында шеттен қаражаттар тартуларына мәжбүр
болады. Дәлірек айтсақ, қарыз қаражаттар тарту кәсіпкерлікті дамытудың
басты шарты болып табылады.
Компаниялар үшін оңтайлы капитал құрылымын қалыптастырудағы ең
маңызды сұрақтар – бұл қажетті қаржы ресурстарын қандай бағамен тарту керек
екендігі. Компанияның нарықтық экономика жағдайларындағы басты стратегиялық
мақсаты өзінің ағымды және келешектегі нарықтық құнын арттыру және оны
қолдау болып табылады, ал бұл жетістікке жетудің бірден бір жолы –
капиталдың құнын тиімді басқару. Капитал құны неғұрлым жоғары болса,
кәсіпорын қызметінің тиімділігі де соғұрлым төмендей береді және керісінше.
Сол себепті компанияныңның қаржы менеджерлері капитал құрылымын
қалыптастыру, оңтайландыру көздерінің құнын анықтауға үлкен назар
аударулары қажет. Міне, осы соңғы мәселе курстық жұмыстың зерттеу объектісі
болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – компаниялардың капитал құрылымын және оның құрамын
анықтаудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, оңтайлы
капитал құрылымын қалыптастыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осы
мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өз алдына келесідей негізгі сұрақтарға
жауап табуды міндет қойып отыр:
компаниялардың капиталының экономикалық негіздерін қарастыру;
компаниялардың капиталының құрылымын және құрамын бағалау және талдау
әдістемелерін игеру;
- қазіргі таңдағы қазақстандық компанияларда капиталды
қалыптастыруды оңтайландыру тәсілдерін жетілдіру жолдары.
Аталған міндеттерді орындау үшін жұмыс үш тарауға бөлінген. Бірінші
тарауда компания капиталының экономикалық негіздері, компания капиталының
түсінігі мен жіктелуіне, сыныпталу ерекшелігі және компания капиталының
маңыздылығына арналады.
Екінші тарау барысында компания капиталының құрамы мен құрылымын
талдау және оңтайландыру игеріледі.
Үшінші тарауда қазақстандық кәсіпорындардағы капитал
қалыптасуының бүгінгі таңдағы ерекшеліктері мен оны оңтайландыру тәсілдерін
жетілдіру жолдары мәселелерін қарастыратын боламыз.

Компания капиталының экономикалық

негіздері

1. Компания капиталының түсінігі және мәні

Капитал – қаржы менеджментінің ең өзекті, ең жиі қолданылатын
ұғымдарының бірі болып табылады. Компанияның құрылуы мен мен дамуының ең
негізгі экономикалық базасы бола тұра, компания өзінің қызметі кезінде
жұмысшылардың мемлекеттік қызығушылығын қамтамасыз етеді. Қаржы
менеджменті көзқарасынан қарастырғанда капитал компанияның активіне
(мүлкіне) салынған қаражаттың ақшалай, материалдық және материалдық емес
нысанындағы жалпы қордың құнын білдіреді. Корпаративтік қаржы көзқарасынан
қарастырғанда капитал компания мен басқа да шаруашылық жүргізуші
суъектісінің арасында оны қалыптастыру мен пайдалану қатысында туындайтын
ақшалай қатынасын білдіреді. Осындай ақша қарым-қатынасы заңды тұлға
ретіндегі компания (акционерлік қоғам), мен оның акционерлері (инвестор),
кредитор, жеткізуші, өнім (қызмет) сатып алушы, қор нарығына мекемелік
қатысушы және мемлекет (бюджеттік жүйеге салық және жиын төлеу) арасында
пайда болады.
Капитал – өзін ұлғайту (өзін-өзі үлкейту) үшін пайдаланылатын
байлық, сондай-ақ өндірістің негізгі факторы болып табылады.
Компания алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан
Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де сол
ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай
түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни компанияның
капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да
көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады
[1].
Компанияның өндірістік процесті дамытуға бағытталған қаржы
ресурстары оның ақшалай нысанындағы капитал болып табылады. Капиталды
өндірістік-сауда процесіне инвестициялау кәсіпкердің пайдасын
қалыптастырады. Өндіріске инвестицияланған қаржылық капитал қоғамның әл-
ауқатының негізін құрайды. Қаржы ресурстары кәсіпорынның жалпы
қаражаттарының жиынтығы болса, капитал – осы қаражаттардың өндіріс барысына
салынған бөлігі. Осыдан келе, кәсіпорын капиталы дегеніміз – бұл
кәсіпорынның өндірістік айналымына салынған және осы айналымнан табыстар
алып келетін ақша қаражаттары болып табылады. Қаржы ресурстары мен капитал
арасындағы басты айырмашылық – кәсіпорынның қалыптасқан қаржы ресурстары
оның капиталынан көп немесе тең болады. Қаржы ресурстары мен капиталдың тең
болуы кәсіпорынның барлық қаржы ресурстары өндіріске инвестицияланғанын
және оның ешқандай қаржылық міндеттемелерінің жоқтығын білдіреді.
Сәйкесінше, егер қаржы ресурстары капитал көлемінен үлкен болса, онда
кәсіпорынның тартылған қаражаттары өндіріс барысында толық қолданылмай
жатқандығының куәсі болады.
Капитал компанияны құрудың және дамытудың басты экономикалық
базасы болып табылады, өйткені ол кәсіпорын активтеріне инвестицияланған
материалдық, материалдық емес және ақшалай қаражаттардың жалпы құнын
сипаттайды. Өндіріс барысында қызмет етуі арқылы капитал компания
иелерінің, басшыларының, жұмысшыларының, сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін
қамтамасыз етеді. Сол себепті де ол компанияны басқарудың негізгі
объектісі болып табылады, ал оны барынша тиімді қолдану қаржы
менеджментінің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Капитал құрылымы өзінің шаруашылық қызметі кезіндегі компанияда
қолданылатын, меншікті және қарыздық қаржылық қорлардың қатынасын
білдіреді.
Компанияда қолданылатын капитал құрылымы оның қаржылық, операциондық,
инвестициялық қызметіндегі көптеген аспектілерді анықтайды, оның қызметінің
қорытынды нәтижесіне белсенді әсер етеді. Капитал қрылымы меншікті капитал
мен активтің тиімділк коэффициетіне әсер етеді, төлем қабілеттілік пен
қаржылық тұрақтылық коэффициентінің жүйесін анықтайды және соңында
компанияның даму кезіндегі тәуекел мен табыстылық санатының қатынасын
құрайды. Капитал басқару компанияның шаруашылық қызметінің әр түрінде он
тиімді қолдануды қамтамасыз еткмен және әр түрлі көздерден
белсендіқұрылумен байланысты басқару шешімдерін шығару және құру тәсілдері
мен принциптерінің жүйесін көрсетеді [2].
Компания капиталының экономикалық мағынасын қарастыра келе, оған
мынандай сипаттама беруге болады:
- компанияның капиталы өндірістің негізгі факторы болып
табылады;
- капитал табыс әкелетін компанияның қаржылық ресурстарын
сипаттайды;
- капитал меншік иелерінің қаржылық жағдайын құрудың негізгі
көздері болып табылады;
- компанияның капиталы, оның нарықтық құнының өлшемі;
- компаниядағы капиталдың динамикасы оның шаруашылық
қызметіндегі тиімділік деңгейінің маңызды барометрі болып табылады.
Сөйтіп, капитал – компанияға кіріс әкелетін қаражат көзі.
Капитал
оның иелерінің (меншік иелерінің) ағымдағы және келешектегі кезеңде әл-
ауқатының негізгі көзі ретінде болады. Капитал – фирманың (компанияның)
нарықтық құнының негізгі өлшеушісі болып табылады. Бұл ең алдымен таза
активтің мөлшерін анықтайтын меншікті капиталға қатысты. Сонымен бірге
пайдаланылатын меншікті каиталдың көлемі қосымша пайда әкелуі мүмкін
тартылатын қарыз капиталдың параметрін білдіреді.

2. Компания капиталының сыныпталу ерекшелігі

Компания капиталы әр түрлі белгілері бойынша бірнеше топтарға
сыныпталады. Ол белгілері компанияға тиесілігі бойынша, пайдалану мақсаты
бойынша, инвестициялау нысаны бойынша, инвестициялау объектісі бойынша,
өндірістік процеске қатысуы бойынша, меншік нысаны бойынша, пайдалану
сипаты бойынша, тарту көзі бойынша, ұйымдастыру-құқықтық нысаны бойынша
бөлінеді.
Компания капиталының құрамы оның бірнеше белгілері бойынша
жіктелуімен сипатталады (1-кесте).

1-кесте. Капиталдың сыныпталуы
Дереккөзі: Н.Н.Кадерова Корпоративтік қаржы оқулығы [3].
1. Компанияның тиісілігі бойынша меншікті және қарыз капиталы
болып бөлінеді. Меншікті капитал крмпанияға меншік құқығында тиісілі және
активтің айтарлықтай бөлігін қалыптастыру үшін пайдаланылады. Қарыз
капиталы компанияны қаржыландыруға арналған қайтарылатын және ақылы негізде
тартылатын ақшалай қаражатты білдіреді. Қарыз капиталының барлық нысаны
компания белгіленген мерзімде өтеуге тиіс міндеттемесіне жатады.
Кәсіпорынның меншікті капиталының құрылуы негізгі екі мақсатқа тәуелді:
1. Айналымнан тыс активтердің көлеміне қажетті мешікті капиталды
құруға. Компаниядағы меншікті капиталдың сомасы меншікті негізгі капитал
терминімен сипаталады. . Компания меншікті негізгі капиталдың сомасын
келесі формуламен есептейді:

МАК=АТА – ҰҚКАТА,
1)

мұнда МАК – меншікті негізгі капитал сомасы;
АТА – компанияның айналымнан тыс активтерінің жалпы сомасы;
ҰҚКАТА – компанияның айналымнан тыс активтерін қаржыландыру үшін
қолданылатын ұзақ мерзімді қарыз капиталының сомасы.
2. Айналым активтерінің көлеміне қажетті меншікті капиталды
құруға. Компанияның меншікті капитал сомасы келесі формула бойынша
есептеледі.
МАК=АА - ҰҚКАА – ҚҚК,
(2)
Мұнда МАК – меншікті негізгі капитал сомасы;
АА – компанияның айналым активтерінің жалпы сомасы;
ҰҚКАА – компанияның айналымнан активтерін қаржыландыру үшін қолданылатын
ұзақ мерзімді қарыз капиталының сомасы.

2-кесте. Меншікті және қарыз капиталдарының параметрлері
Мазмұны Капитал түрі
Меншікті капитал Қарыз капиталы
Компанияны басқару құқығы береді бермейді
Пайданың бір бөлігі мен қалдық принципі ең алдымен
компания мүлкін алу құқығы бойынша
Күтілетін табыстылық қалқымалы көп жағдайда анық
Инвесторға капиталдың белгісіз келісімшарт бойынша
қайтарылу мерзімі
Салық бойынша жеңілдіктер жоқ бар

Дереккөзі: www.google.kz сайты [4]
Қарыз капиталы – бұл компания капиталының оқшауланған бөлігі.
Қарыз капиталының бірнеше қайнар көзі бар, олар:
- қосымша құн бөлігінң қорлануы;
- амортизациялық қорлардың жабдықтары;
- амортизациялық төлемдер;
- жалақыны төлеуге арналған ақшалар;
- компания пайдасы, қарыз пайызы, рента және басқалары.
Меншікті және қарыз капиталдары белгілі параметрлер бойынша бөлінеді. Ол
келесі кестеде берілген (2-кесте).
2.Капитал пайдалану мақсаты бойынша өндірістік, несиелік және жалдаптық
(спекулятивный) болып бөлінеді. Жалдаптық капитал қайталама қор нарығында
айналымдағы акцияның құны әжептәуір көтерілуі салдарынан пайда болады.
Жалдаптық капитал компанияның сатып алу – сату операцияларында, яғни баға
айырмасына негізделген операцияларында қолданылады. Өндірістік капитал
компанияның өндірістік активтеріне салынған қаражаттарын сипаттайды.
Несиелік капитал компанияның инвестициялық қызметі барысында қолданылатын
қаражаттарын (банктерге депозиттер салу, облигациялар сатып алу және
т.с.с.) сипаттайды.
3. Инвестициялау объектілері бойынша негізгі және айналым капиталын
бөлуге болады. Негізгі капитал кәсіпорынның негізгі құралдар мен
материалдық емес активтеріне салынған қаржы ресурстары болып табылады.
Айналым капиталы, сәйкесінше, кәсіпорынның қаржы ресурстарының айналым
қаражаттарына салынған бөлігі болып табылады.
4. Инвестициялау нысаны бойынша шаруашылық серіктестік пен қоғамның
жарғылық капиталын қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақшалай, материалдық
және материалдық нысандағы капитал болады.
5. Меншік нысаны бойынша мемлекеттік, жеке меншік және аралас капитал
болады.
6. Қызметтің ұйымдастыру-құқықтық нысаны бойынша акционерлік, үлестік
және отбасы шаруашылығна тиесілі жеке капитал болады.
7. Капитал өндірістік процесте қатысу сипаты бойынша қолданыстағы және
әрекетсі капитал болады.
8. Меншік иесінің пайдалану сипаты бойынша тұтынылатын және
жинақталатын капитал болады. Тұтынылатын капиталға дивиденд және әлеуметтік
сипаттағы басқа да төлемге жұмсалатын сома жатады. Жинақталатын капиталға
есепті және өткен жылдың бөлінбеген пайдасы жатады.
9. Ел экономикасына тарту көзі бойынша отандық және шетелдік
капитал болады.

Өндірістік процеске қатысу нысанына қарай капиталдың жіктелу
механизмі түсінікті түрде 1-суретте берілген.

1-сурет. Капиталдың өндірістік процеске қатысуы
Дереккөзі: www.mail.ru сайты [5]

Өндірістік процестің бірінші кезеңінде ақша нысанындағы капитал
кәсіпорынның ұзақ мерзімді және айналым активтеріне инвестицияланады,
осылайша ол өндірістік нысанға ауысады. Екінші кезеңде
өндірістік капитал өнім өндіру барысында тауарлық нысанға ауысады. Үшінші
кезең – өнімді сатуға байланысты тауар нысанындағы капиталдың
ақша нысанындағы капиталға ауысу кезеңі болып табылады. Сонымен
қатар капитал қозғалысының нысандары өзгерген сайын оның құны
өзгеріске ұшырап отырады.
Қорытындылай келгенде, компанияның өндірістік процесті дамытуға
бағытталған қаржы ресурстары оның ақшалай нысанындағы капитал болып
табылады. Капиталды өндірістік-сауда процесіне инвестициялау кәсіпкердің
пайдасын қалыптастырады. Өндіріске инвестицияланған қаржылық капитал
қоғамның әл-ауқатының негізін құрайды. Қаржы ресурстары кәсіпорынның жалпы
қаражаттарының жиынтығы болса, капитал – осы қаражаттардың өндіріс барысына
салынған бөлігі. Осыдан келе, кәсіпорын капиталы дегеніміз – бұл
кәсіпорынның өндірістік айналымына салынған және осы айналымнан табыстар
алып келетін ақша қаражаттары болып табылады. Қаржы ресурстары мен капитал
арасындағы басты айырмашылық – кәсіпорынның қалыптасқан қаржы ресурстары
оның капиталынан көп немесе тең болады. Қаржы ресурстары мен капиталдың тең
болуы кәсіпорынның барлық қаржы ресурстары өндіріске инвестицияланғанын
және оның ешқандай қаржылық міндеттемелерінің жоқтығын білдіреді [6].
Сөйтіп, капитал – өзін ұлғайту үшін пайдаланылатын байлық, сондай-ақ
өндірістің негізгі факторы болып табылады.

II.Компания капиталының құрамы мен құрылымын оңтайландыру.

1. Компания капиталының құрамы мен құрылымын оңтайландыруын
талдау.

Компания капиталының құрылымын оңтайландыру дегеніміз (capital
structure optimization) – нарықтық экономика жағдайында компанияның
нарықтық құнының максимилизациялануы, компания қаржылық тұрақтылығы мен
төлемқабілеттілігі, компания капиталының рентабельділігін компанияның
меншікті және қарыз капиталдарының арасындағы арасалмақ негізінде есеп
айырысуы.
Капиталдың құрылымын оңтайландыру қаржы менеджментін басқару
процесіндегі ең күрделі тәртіптеменің бірі болып табылады. Ол меншікті
капиталдың кірістілік нормасы мен берешек коэффициенті арасындағы ең тиімді
өзара байланысты қамтамасыз ететін меншікті және қарыз капиталының
арақатынасын білдіреді.
Капитал құрылымын оңтайландырудың міндеті бизнес құнын
барынша көбейту және компания капиталы құнын барынша төмендетуді
қарастырады [7].
Капитал құрылымын оңтайландыру процесі мына қисынды дәйектілікпен
жүзеге асырылады:
1. Капиталдың бірқатар кезеңдігі (тоқсан, жыл) құрамын талдау,
сондай-ақ оның құрылымының өзгеру үрдісін талдау. Талдау процесінде қаржы
тәуелділігінің коэффициенті, берешек, қауырттылық, қысқа және ұзақ
мерзімді міндеттеме арасындағы арақатынас сияқты параметр қарастырылады.
Бұдан кейін актив пен меншік капиталдың айеналымдылық пен кірістілік
көрсеткіші зерделенеді.
2. Капиталдың құрылымын анықтайтын факторды бағалау. Аталмыш факторға:
- корпорацияның шаруашылық қызметінің салалық ерекешеліктері
(даяр өнім сипаты, өндірістік және қаржы сатысының ұзақтығы, сатып алушы
мен жеткізушімен жасалынатын есеп айырысу нысаны және т.б.);
- тауарлық және қаржы нарығындағы іскерлік ахуал;
- компанияға жүктелетін салық жүктемесі;
- акционерлік капиталдың шоғырлану дәрежесі (капитал иелерінің
акциялардың бақылау пакетін сақтап қалу әрекеті);
- компанияның өміршеңдік кезеңінің сатысы (өнімі бәсекеге
қабілетті және жаңа технолргиясы бар жас компания даму үшін қарыз капитлын
көбірек тартуы мүмкін, ал жетілген компания көбінесе меншікті қаражатты
пайдаланады).

3-кесте. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның меншік капиталын оңтайландыруын бағалуы
Меншік капиталдың кластары
Компания капиталы
«компания капиталының құрылымын оңтайландыру»
Корпорация капиталының құны мен құрылымы
Компания капиталының құрылымы мен құны
Нарық жағдайында қаржыны басқаруды жетілдірудің қажеттілігі
Компанияның қарыз капиталын басқару
Кәсіпорын қаржысы
Кәсіпорын капиталы
Пәндер