Ресейдегі мемлекеттік-шіркеулік қатынастардың даму және құрылу үдерісін талдау


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ.

1993 жылғы Ресей Федерациясы Конституциясының 14-бабында Ресей Федерациясы зайырлы мемлекет деп бекітілген. Ресейдің Негізгі заңына сәйкес, ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде орнатыла алмайды, діни бірлестіктер мемлекеттен алшақтатылған және олар заң алдында бірдей. Көрсетілген түсініктеме Ресейдің діни емес сипатын айқындайды.

Мемлекеттің зайырлы сипаты мемлекеттік өмір мәселелерін шешу, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметін жүргізу зайырлы заң және зайырлы көзқарас негізінде жүзеге асырылатындығын білдіреді.

Сонымен қатар, зайырлылық қағидасы мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы белгілі бір қарым-қатынас үлгісін, діни бірлестіктердің мемлекеттегі орнын және ролін көрсетеді.

Мемлекеттің Негізгі заңында діни бірлестіктермен қандай да бір қарым-қатынас тұрпатын бекітпес бұрын саяси және мәдени дәстүрді құру, қалыптастыру, дамыту қажет. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекет пен діни бірлестіктер арасында қарым-қатынас орнатпас бұрын заң шығарушы Конституцияны қабылдауға негіз болған тарихи алғышарттарды, мәдени ерекшеліктерді, қалыптасқан дәстүрлерді және қоғамдық салт-сананы талдайды. Мысалы, Ватиканның 2000 жылдың 26 қарашасындағы Конституциясының 1 бабы бойынша Жоғарғы Понтификке заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің толық құқығы бекітілген. 1979 жылдың 3 желтоқсанында қабылданған Исламдық Иран республикасы Конституциясының 5 бабында елді мемлекеттік басқару Исламдық Иран Республикасы Президентінен жоғары тұратын Факих бақылауында екендігі көрсетілген. 1975 жылдың 11 маусымындағы Грекия республикасы Конституциясының 1 бабында Грекиядағы үстемдік етуші дін ретінде Христов Шіркеуінің шығыс-православие діні бекітілген. 1958 жылдың 3 маусымындағы 1 Француз республикасы Конституциясының 1 бабында керісінше, Франция зайырлы мемлекет деп бекітілген.

Осылайша, көптеген факторларға, соның ішінде ұлттық дәстүрлерге, қоғамда қалыптасқан өмір сүру салттарына, тарихи оқиғаларға, мәдени негіздерге, сондай-ақ саяси жағдайларға байланысты мемлекет діни бірлестіктермен қарым-қатынас үлгісін орнатады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1993 жылы қабылданған Ресей Федерациясы Конституциясында зайырлы мемлекет сипатының бекітілуі мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастың жаңа үлгісін көрсетеді. Ресей тарихында ұзақ уақыт бойы діни бірлестіктер мемлекеттік немесе қоғамдық мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігінен айрылған болатын. Мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынасты дінді қоғам мен мемлекет өмірінен тыс деп қарастыратын мемлекеттік идеология анықтады. Осыған дейін Ресей аумағында тарих ғылымында «билік симфониясы» деген атпен белгілі Ресей мемлекеті мен Орыс православие шіркеуінің одағы болған. «Симфония» немесе «одақ» термині Византия құқығында қалыптасқан және мемлекет пен шіркеу арасындағы әріптестікті білдіреді.

Діннің қоғамдағы орны мен рөлі жөніндегі мәселеге байланысты бір-бірінен ерекшеленетін екі түрлі ой, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастың екі түрлі типі, екі түрлі мемлекеттік құрылымның болуы - осының барлығы қазіргі Ресейдің саяси, құқықтық, мемлекеттік институттарына және құқықтық санасына өз таңбасын қалдырды.

Қазіргі уақытта Ресейде мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынаста айқын ауытқу байқалады. Бір жағынан, мемлекеттің зайырлы сипатта болуы діни бірлестіктер мен мемлекет салаларының қызметін бөлек қарастыруды және олардың өзара тәуелсіздігін білдірсе, басқа жағынан - мемлекеттің зайырлылығы Ресей тарихындағы Кеңес дәуіріндегі кезіндей діннің мемлекет пен қоғам өмірінің ажырамас бөлігі екендігін білдіреді. Тәжірибе жүзінде мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынас саяси мақсаттарға жету үшін әріптестік негізде қалыптасады. Мемлекет қандай да бір саяси жайттарды халықтың діндар бөлігіне түсіндіру мақсатында аса ірі діни бірлестіктердің көмегіне жиі жүгініп жатады. Діни бірлестіктер, өз кезегінде, саяси мәселелерді шешуге қатысады.

Ресейдегі мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынастардың мазмұнын ашу көп жағдайда діни бірлестіктердің мемлекеттегі орны жайындағы сәйкес ғылыми және философиялық түсініктерге әсерін тигізеді. Қазіргі уақытта конституциялық құқық және құқықтық қолдану саласында жетекші идеялар және түсініктер ретінде кеңес жылдары шығарылғандар қолданылады. Көрсетілген конституциялық-құқықтық қағиданы толыққанды және жан-жақты ұғыну және оны дұрыс қолдана білу үшін тек қана ғалымдардың кеңес ғылымы кезінде қалыптасқан мемлекеттегі діни бірлестіктердің орны жөніндегі түсініктерін жетекшілікке алу жеткіліксіз болып табылады. Бұдан бөлек, «ар-ождан еркіндігі», «діни сенім бостандығы», «зайырла мемлекет», «дәстүрлі діни бірлестік», «секта» түсініктеріне терминологиялық анықтама беру мәселелеріне байланысты анық олқылықтар бар екенін айта кету керек. Ресей Федерациясының заңнамасы көрсетілген түсініктердің анықтамасын бекітпейді. Осы орайда «қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қолданылатын негізгі терминдер анықтамасының сауатты түрдегі әдіснамасын жасамай, әрбір заңның мағынасын және онда көрсетілген түсінік пен терминдердің мәнін ашумен байланысты тағдыры қиын болмақ» деп топшылаған А. В. Пчелинцеваның пікірімен келіскен дұрыс.

Заңнамада және сот тәжірибесінде қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдердің бірыңғай түсінігінің болмауы діни бірлестіктердің және дін ұстанушы адамдардың құқықтарының бұзылуына әкеліп соғады.

Зайырлы мемлекеттің міндетті белгілерін анықтау маңызды мәселе болып табылады. Ресейдегі мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынастардың қазіргі кездегі даму сатысына сай келетін белгілер тізімін бөліп көрсету - зайырлы мемлекетке барынша сай келетін, яғни конституциялық құқық теориясына да, Конституция нормаларын қолдану тәжірибесіне де сай болатын әмбебап анықтамаға негіз жасауды білдіреді.

Осы орайда «мемлекеттің зайырлылығын қамтамасыз ету тек бұл ұғымның белгілері мен ерекшеліктерін мұқият және жүйелі түрде зерттеген жағдайда ғана мүмкін болады» деп айтқан И. В. Понкинаның пікірін келтірген дұрыс.

Осыған байланысты «мемлекеттің зайырлылығы» анықтамасына түсінікке байланысты жалпы ой қалыптастыру маңызды міндет болып табылады. Берілген қағиданы анықтаудағы және түсінік берудегі белгісіздік зайырлы мемлекет жайлы құқықтық нормаларды қолдануда қиындық тудырады. Зайырлы мемлекеттің және берілген қағиданы жүзеге асыру тәжірибесінің нақты мағынасын түсінбей, заңнамада сәйкес жағдайды дұрыс қолдану мүмкін емес.

Тағы бір міндет мемлекет пен діни бірлестіктер өзара бірге әрекет ете алатын қоғамдық өмірдің мәселелерін анықтау болып табылады. Қазіргі уақытта бір жағынан өз органдарының атынан мемлекет, екінші жағынан, өз өкілдерінің атынан діни бірлестіктер - бір-бірімен тек қоғамдық емес, саяси мәселелер бойынша да бірігіп жұмыс жасауда. Осыған байланысты мемлекет пен діни бірлестіктер зайырлылық қағидасын бұзбай, бірігіп әрекет ете алатын шекара жөнінде сұрақ туындайды. Бұл мәселе ғылыми әдебиеттің зерттеу пәні ретінде бірнеше рет қаралған, алайда оны шешу жолдары ұсынылмаған.

Сондай-ақ міндеттер қатарына мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың немесе діни бірлестіктердің зайырлы мемлекет қағидасын бұзғаны үшін жауапкершілігін қарастыратын құқықтық нормалардың орнатылуын жатқызуға болады. Мұндай жауапкершіліктің болуы мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы зайырлы қатынастар үлгісінің сақталуын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып есептеледі.

Жоғарыда мемлекеттің зайырлылығының конституциялық-құқықтық қағидаларын жүзеге асыру ұғымымен, түсінігімен байланысты сипатталған міндеттер қоғамда болып жатқан құқықтық, саяси және адамгершілік үдерістерімен байланысты Ресейдің конституциялық құрылымының негізі ретінде орнатылған. А. А. Левиннің пікірі бойынша, бұл толықтай түсінікті жайт, себебі жаңа мемлекеттің ұлттық және халықаралық құқық негізіндегі мемлекеттік және қоғамдық институттардың заңдық механизм әрекетін қамтамасыз ететін жаңа құқығы болуы керек. Мемлекеттің зайырлылығының конституциялық-құқықтық қағидасының мазмұнын зерттеу діни бірлестіктердің қоғам өміріне араласу рөлінің артуы, сондай-ақ Ресейдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жағдайларда ерекше мәнге ие болады.

Ғылыми өңделу деңгейі. Мемлекеттік-шіркеулік қатынастар тақырыбы қай кезде де құқықтанушылардың, философтардың, тарихшылардың қызығушылығын тудырған. Зайырлы мемлекет құру идеялары Фома Аквинскийдің, Мартин Лютердің, Николо Макиавеллидің, Юстинианның еңбектерінде қарастырылған.

Зерттеу пәні ретінде Ресейде зайырлылық қағидасы негізінде мемлекет пен діни бірлестіктер қатынасының қалыптасуы көрсетіледі.

Зерттеу объектісі Ресей тарихының нақты бір кезеңіндегі мемлекеттік-шіркеулік қатынастардың ерекшелігі болып табылады.

Зерттеу мақсаты ғылыми, тарихи-құқықтық мәліметтер және қолданыстағы заңнама негізінде Ресейдегі мемлекеттік-шіркеулік қатынастардың даму және құрылу үдерісін талдау, олардың нақты тарихи кезеңдердегі ерекшелігін ашып көрсету және қазіргі уақытта Ресей Федерациясында орын алып отырған мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынастардың теориялық және нормативтік құрылымын анықтау болып табылады.

Зерттеу мақсатының негізінде келесі міндеттер анықталады:

  • Ресей Федерациясында зайырлы мемлекетке сай келетін белгілер жиынтығын анықтау;
  • зерттелетіп отырған конституциялық қағиданың анықтамасын қалыптастыру;
  • ар-ождан еркіндігі және дін ұстану институтын зайырлы мемлекет қағидаларына қатысты талдау;
  • Батыс Еуропа елдері және Америкадағы мемлекеттегі діни бірлестіктердің орны жөніндегі идеяның құрылу және даму тәжірибесін жалпылау;
  • Ресейдегі тарихи кезеңдердегі мемлекет пен шіркеу қатынасын талдау;
  • Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес діни ұйымды дәстүрліге жатқызудың өлшемін орнату;
  • қазіргі әлемдегі зайырлы мемлекеттің конституциялық-құқықтық үлгісін қарастыру;
  • Ресейдегі зайырлы мемлекет қағидасын жүзеге асыру тәжірибесін талдау.

Әдістемелік негізді қоғамдық құбылыстар мен үдерістердің ғылыми әдістерін тану құрайды. Сондай-ақ жұмыста жалпы ғылыми (талдау, жинақтау, индкуция, дедукция, абстракциялау, жалпылау, ұқсастық, топтастыру) және арнайы (құқықтық үлгілеу, салыстырмалы-құқықтық, тарихи, ресми-заңдық, эмпирикалық, теориялық) зерттеу әдістері қолданылған.

Құқықтық реттеу әдісі мемлекет пен діни бірлестік арасындағы қатынас құру секілді әмбебап құқықтық құбылыстың ішкі құрылымын зайырлылық қағидасының белгілерін анықтау арқылы сипаттау үшін қолданылған.

Салыстырмалы-құқықтық әдістің көмегімен мемлекеттің зайырлылығы қағидасына байланысты теориялық және заң шығарушы жағдайлар салыстырылады. Құқықтық тәжірибені реформалау және жетілдіру ұқсас объектілерді немесе құбылыстарды салыстырусыз мүмкін болмайды.

Тарихи зерттеу әдісін қолдану мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынастардың даму заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Ресми түрде заңдық әдіс Ресейдегі мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын құқықтық-нормативтік базаны талдау үшін қолданылады.

Мемлекеттің зайырлылығы жөніндегі идеяның құрылу және дамуын зерттеу, мемлекеттік-шіркеулік қатынастардың тәжірибесін жалпылау, бұл қатынастардың Ресей Федерациясындағы қарама-қайшылықтарын және даму ерекшеліктерін зерттеу - Ресейдің конституциялық құрылымының негізін, адамдар мен азаматтардың негізгі құқықтарын ұстануын және олардың еркіндігін қамтамасыз етудегі негізгі міндетті құрайды.

Зерттеудің нормативтік базасын 1993 жылғы Ресей Федерациясы Конституциясының от 1997 жылғы 25 қыркүйектегі «Ар-ождан еркіндігі және діни бірлестіктер жөніндегі» № 125-ФЗ, басқа да федералды заңдар, сондай-ақ мемлекеттің зайырлылығын жүзеге асыру қағидасын реттеуге байланысты қабылданған құқықтық нормативтік актілер құрайды. Одан бөлек, зерттеудің нормативтік негізін қарастырылып отырған конституциялық құқықтық қатынастарды реттеуге байланысты шет елдерінің нормативтік актілері құрайды.

Зерттеудің эмпирикалық негізін Еуропалық соттың адам құқықтары жөніндегі сотының, Ресей Федерациясының Конституциялық Сотының, сондай-ақ түрлі инстанциялардың дауларды шешу бойынша жалпы құзырет сотының 1993 жылғы Конституция нормаларын және 1997 жылғы «Ар-ождан еркіндігі және діни бірлестіктер жөніндегі» Федералды Заңын қолданумен байланысты сот тәжірибесі құрайды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы тақырыптың ғылыми өңделу деңгейінің жағдайымен анықталады және оның мәні зерттеу пәні ретінде мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынас құрылымы механизмін, оның қоғамдағы орны мен рөлі, оның мемлекеттегі қоғамдық-саяси үдерістерге әсерін заң шығару тұрғысында реттеу бойынша өзекті мәселелер болып табылатындығында.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы қорғауға ұсынылған жағдайлардан көрініс табады.

Қорғауға ұсынылған жағдайлар мен тұжырымдар.

  1. Зайырлылық қағидасының мәні - мемлекеттің діни емес сипатын және олардың бір-бірінен тәуелсіздігін көрсететін мемлекет пен діни бірлестіктер арасында құрылатын қатынастардың құрылуын сипаттау, сондай-ақ мемлекеттің азаматтардың дінге қатынасына қарамастан барлығының теңдігін қамтамасыз ету міндетінің болуы.
  2. Міндеттері мен қызметі қандай да бір діни бірлестіктің қағидасы және ілімі бойынша құрылмаған мемлекет зайырлы мемлекет болып табылады. Зайырлы мемлекетте діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген, өзара тең және олар мемлекеттік органдардың қызметін атқармайды, саясатқа араласпайды, жалпықоғамдық мәселелерді шешуге діни бірлестіктер қатысқан жағдайда мемлекет тарапынан қаржыландыруға ие бола алады; мемлекеттік білім беру, әскери және азаматтық қызметтің діни сипаты болмайды; мемлекеттік органдардың қызметі діни салтанатпен және рәсімдермен жүргізілмейді, мемлекеттің нормативтік-құқықтық актілерінде діни ұйғарымдарға сілтеме жасалмайды.
  3. Зайырлы мемлекет жөніндегі заманауи қағида идеясының ХХ ғасыр бойы дамуы барысында шіркеудің мемлекеттегі орнын анықтауға байланысты көптеген теориялық толықтырулар мен тәсілдер туындады, алайда Еуропа үшін де, Кеңес Үкіметі үшін де заң шығаруға мемлекеттік-шіркеулік қатынастар жөнінде ғасыр басында жасалған формулалар негіз болып қалды.
  4. Автордың пікірі бойынша, Ресейдегі мемлекеттік-шіркеулік қатынастардың қазіргі кездегі даму сатысы үшін зайырлы мемлекеттің міндетті белгісі ретінде 1997 жылғы 26 қыркүйектегі «Ар-ождан еркіндігі және діни бірлестіктер жөніндегі» Федералды заңда көрсетілгеннен бөлек келесі белгілер тән болуы тиіс:
  1. Діни бірлестіктердің қызметін бақылауды және оны қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның болуы;
  2. Мемлекетте шіркеулік соттың болуы;
  3. Мемлекетте діни мерекелердің болуы.
  1. Ресейдің мәдени дәстүрі мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара әрекет етуі болып табылады. Олардың қызмет ету аясы жиі тоғысады, сондай-ақ мемлекет пен діни бірлестіктер бір-бірінің көзқарасын ескере отырып шешетін ортақ тақырыптар да жиі туындайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет зайырлылығының мазмұнын және оның белгілері
Араб шығысы мен Орта Азиядағы және Закавказьедегі саяси ой-пікірлер
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Зәки Уәлиди Тоған
Батысшылдық бағыт.Славянофильдік бағыт
Ресейдегі фармацияның дамуы
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
XІX-XX ғасырдағы Ресейдегі саяси және құқық тарихы
Саясат тарихы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz