Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің әлемдегі және Рунеттегі бірқатар даму беталыстары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің әлемдегі және Рунеттегі бірқатар даму беталыстарын бөліп көрсетуге болады [1] .
Салалық әлеуметтік желілердің дамуы. Желілердің даму деңгейі өзінің шарықтау шегіне жетті, және де қазіргі уақытта біз күн сайын дерлік жаңа әлеуметтік желілердің пайда болуын байқаймыз. Соңғы уақытта бұл салалық жобалар болып келеді: миллионерлер мен топ-менеджерлер үшін, ит асыраушылар үшін, мүгедектер немесе бұл өмірден өткен жақын адамдар естелігі үшін. Бұл қалыпты құбылыс, мұның пайда болуына нарықтың "барлық адамдарға" арналған жалпылама желілермен толуы ықпал етті. Салалық әлеуметтік желілердің басым бөлігінің өзіне тән ерекшеліктері бар, олар өзінің тұрақты пайдаланушыларын табады және нарықта өз орнын алады.
Қолданыстағы желілерді технологияландыру. Әлеуметтік желілер нарығы толығып жатыр, және соның нәтижесінде олардың арасындағы бәсекелестік арта түсуде. Кез келген бизнестегі секілді, мұндағы бәсекелестік күрестің шешуші тәсілдерінің бірі инновациялар болып табылады. Нақты жағдайда, бұл инновациялар әлеуметтік желілердің жаңа функцияларының пайда болуынан көрінеді, көбінесе бұл функцияларды әлеуметтік желілердің әзірлеушілер үшін API (application programming interface - осы желілермен жұмыс істейтін қосымшаларды жетілдіруге мүмкіндік беретін қосымшаларды бағдарламалау интерфейсі) ашуының нәтижесінде пайдаланушылардың өздері жүзеге асырады. API Facebook желісінде біршама танымал, және жақын уақыттан бері біздің "ВКонтакте" желімізде пайда болды. Уақыт өте келе технологияландыру тек өсе бермек, жуық арада, сандық толығу аяқталғаннан кейін, уақыт өте келе бұл беталыстың күшеюін болжауға болады, әсіресе Рунетте. Әлеуметтік желілердің дербестендірілуін, яғни олардың нақты пайдаланушыға икемделуін жеке атап көрсету керек, бұған адамдардың әлеуметтік желілерге кіруі және тек өздері қалаған нәрсені көруі, ақпараттың бұрын анықталған олардың жеке қызығушылықтарына байланысты ұсынылуы, достарының бір ғана шерту арқылы табылуы және т. б. жатады.
Әлеуметтік БАҚ - тіркелген пайдаланушылар толтыратын интернет-ресурстар, олар желінің басқа да қатысушыларының ақпаратын қолданады. Сонымен қатар, мұндай ресурстар бір топ пайдаланушылардың байланысуына мүмкіндік беретін автоматтандырылған мамандандырылған әлеуметтік ортаны білдіреді. Әлеуметтік БАҚ мақсаты - контентті біріктіруге, өзара әрекеттесуге және контент алмасуға ықпал жасау. Әлеуметтік БАҚ құрамына блогтар (livejournal. com), микроблогтар (twitter. com), RSS-арналар, әлеуметтік желілер ("ВКонтакте", "Одноклассники", facebook. com), хабарландыру тақталары, подкасттар (аудиоблог), фото- және бейнехостингтер (flikr. com, Яндекс. Фотки, youtube. com), чаттар, бетбелгі және танысу, онлайн энциклопедия (wikipedia. org) қызметтері жатады.
Қазіргі таңда бүкіләлемдік компьютерлі желі - ғаламтор ең ірі және жалпылама бұқаралық ақпарат құралына айналды. Жаңа БАҚ-тың басты ерекшелігі - барынша қарапайымдылығы және ақпаратты орналастырудың арзандығы: тек компьютер, модем және әлемдік желіге шығуға қажетті телефон желісінің болуы арқылы жеке электронды газетті шығаруды бастауға болады.
Осыған байланысты интернет ресурстардың танымалдылығы күн санап артып келеді, сондай-ақ өзінің діни мәселеге байланысты әр түрлі сипаттағы деструктивті ойын насихаттайтын ұйымдардың саны да артып келеді. Діни тұрғыда бұл ғаламтор көмегімен өзінің ерушілерін белсенді түрде тартатын көптеген тоталитарлық секталардың қызметінен көрінеді.
Бұған кез келген іздеу жүйесіне немесе веб-ресурс жіктеуішіне кіру арқылы оңай көз жеткізуге болады. Діни сайттар рейтингтісінде бірінші орынды дәстүрлі ресми діни ұйымдар емес, күмән тудыратын сайттар алады. Әлеуметтік желілерде балалар мен жасөспірімдерге арналған топтардың және профильдердің таралуы ерекше назар тудырады. Нақты категорияның құндылықтар жүйесі енді қалыптасып келе жатқандығы белгілі, олар көбінесе бұзақылық топтасуға ұқсас, ерекше және динамикалық деструктивті ұйымдарға тап болады. Осылайша сайттардың ықпал етуі әсерінен көптеген адамдар экстремизм жолына өтеді. Қазіргі күнде Қазақстанда діни экстремизм және терроризм насихаттайтын, экстремистік сипаттағы 535 сайт жабылды [1] . Қазақстанда интернет-ресурсты жабу үдерісі біршама күрделі, өйткені сайтты жабу үшін сот шешімі қажет. Мысалға алатын болсақ, РФ-да Ресей тұтынушылық бақылау ұйымына шағым түсіру жолымен сайт жұмысын тоқтатуға болады. Заңға қайшы сипаттағы мәліметтерді өшірмейтін шетелдік сайттар мәселесі біршама қиындық тудырады, өйткені насихаттау жұмыстарын жүргізіп отырған аумақтағы басқа мемлекеттің заңнамалық базасы тарапынан қудалауынан қауіптенбей отырып, олар өздерінің пайдақорлық мақсаттарын жүзеге асырады [2] . Сайттарда тиімділігі жеткілікті түрде жоғары болатын алдаудың түрлі әдістерін қолданады. Мысалы, Павлодар облысында екі жас адам ғаламтордан бейнероликтерді көргеннен кейін «қасиетті джихадқа» аттанған. Әлеуметтк тұрғыда, бұл ересе, толысқан тұлғалар: отбасылы және балалы, осыған қарамастан, саналы түрде басқа елге соғысқа аттанған. Бұл жақсы алдаудың нәтижесі де осы.
Интернет-ресурстар арқылы қолданылатын әдістерді жан-жақты қарастырайық:
Сананы бақылау - бұл ойлауды, жүріс-тұрысты, наным-сенімді, сезімді және адамның шешім қабылдау үдерісін өзгертуде айлалы әдістерді қолдану.
Ойлауды және сананы бақылау техникалары.
- топтық қысым немесе жаны ашу, аяушылық сияқты адами сезімдерді тудыру мақсатымен қысым көрсету. Күмәнге құмарлықты басу және тиістілікке қажеттілікті күшейту. Нақты әдістеменің мақсаты нысандағы адамда дәл соны күткендей, оның ерекше екенін білдіретіндей сезім тудыру.
- Тартушының қолданатын келесі техникасы бұл ұсынылатын ақпаратты салыстырып бағамдауға мүмкіндік немесе ықыластың жоғалуын тудыратын оқшаулау немесе бөлу.
- Ойлауды, біркелкі қайталанатын іс-әрекеттерді тоқтататын техникалар, оларды шектен тыс қолданған жағдайда жоғары иланушылық күйін тудырады.
- Айқын және жасырын түрде қоқан-лоқы көрсету арқылы эмоционалды әлсіздік тудыру.
- Сенсорлық (сезімдік) қайта жүктелу ықтималды жаңа мүшенің бұрынғы құндылықтарын аз уақыт аралығында тексерілуі өте шектеулі болып келетін ақпарат көлемін игерту арқылы алмастыру үшін жаңа доктрина, мақсаттар және анықтамалар кешенін қабылдауды мәжбүрлейді.
- Ақпаратты бақылау (жалған ақпарат ұсыну) . Адамдар ақпарат алу үшін ғаламторға жүгінеді, дәл осы ғаламтор деструктивті ұйымдардың жасыру, шындықты бұрмалау секілді қылмыстарының басты құралы болып табылады.
Желіде кездесетін деструктивті сипаттағы сайтты анықтау өте қиын. Деструктивті ұйымның жағымсыз әсеріне ұшырау өте оңай, өйткені адамның өзі айлакермен қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, көшеде Сіз ешкімге жақындап, қандай да бір нәрсе ұсынуды сұрамағаныңызбен, ғаламтор желісінде Сіз мұны өзіңіз жасайсыз, оны ешкім сайтқа кіруге мәжбүрлеген жоқ, ол оны өзі тапты, ал мұның өзі қызығушылық негізінде жүргізілетін айлакерлердің психологиялық ойынына қатысуды білдіреді, сол себепті егер сайт қызықты, маңызды және өмірлік мәселелерде біршама өзекті болса - бұл сайттың сектанттық болу қаупі өте жоғары. Алынған ақпаратты үнемі тексеру және қайта тексеру қажет.
Мұндай сайттарға кірген адам кез келген жағдайда да не деструктивті ұйымдар тарапынан ықпалға ұшырайды немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ҚР аумағында әкімшілік жазалау 50 және 200 АЕК аралығында . [4]
Ғаламтор желісінің қоғамды біршама ашық, еркін қылатын оң ықпалына қарамастан, мұнымен қатар жаһандық желі қазіргі таңда экстремистік, террористік ұйымдар және топтармен байланысу арқылы дестуктивті идеялар, идеологиялар тарататын көздердің бірі болып табылады. Соңғы 10-15 жылда ғаламтор және басқа да коммуникациялық технологиялар арқасында экстремистік қозғалыстар мен топтар қалалық, аудандық, облыстық аумақтық шекара шеңберінен шықты. «Ресей Федерациясының қауіпсіздік Кеңесі мәліметтері бойынша қазіргі уақытта жаһандық желіде 7, 5 мыңнан аса экстремистік бағыттағы сайттар бар, олардың 150-і - орыс тілді» . [2] Давыдов В. О. бойынша, «компьютерлік желіні қолдану арқылы экстремистік қылмыстар жасаудың екі негізгі топтан тұратын екі әдісі бар: 1 - ресей заңнамасымен тыйым салынған және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қарама-қайшы келетін ақпараттық өнімді азаматтардың жалпы аудиториясына ақпараттық-психологиялық әсер ету мақсатында телекоммуникациялық желілер, ең алдымен жаһандық Ғаламтор желісі арқылы дайындау және тарату (арбау) ; 2 - экстремистік топтар мен қоғамдастықтарды ұйымдастыру және алдағы уақытта олардың қызметін басқару, сондай-ақ экстремистік бағыттағы қылмыстардың жасалуына жағдай жасау мақсатында компьютерлік техниканы және ақпараттық технологияларды пайдалану» [А. А. Әлеуметтік желілер экстремистік материалдың ақпараттық арнасы ретінде// Жас ғалым. - 2014. - №17. - С. 561-564. ]
Қазіргі таңда ақпараттық терроризм мәселесі көп назар тудырып келе жатыр. Бұл ең алдымен, үнемі түрде дамып жатқан техникалық прогресспен, қоғамды ақпараттандырудың өсуімен және әлемдік өркениеттің ақпараттық дәуірге көшуімен байланысты. Қазіргі қоғамды коммуникациясыз елестету мүмкін емес. Ақпараттық жүйелер жұмысының бұзылуы сөзсіз нақты уақытты сезінудің жоғалуын, бейберекетсіздікті, экономикалық, сондай-ақ қоғамдық құлдырауды тудырады.
Терроризмнің өзі жеке түрде көп нәрсеге қол жеткізе алмайды, алайда ол күрделі және қиратушы қоғамдық құбылыстар механизмін іске қосуы мүмкін. Ақпараттық арналар - бұл белгілі бір түрде заманауи қоғамның шешуші күретамыры. Сондықтан да дәл осылардың халықаралық террористер үшін бірінші кезектегі нысан бола алатыны таң қаларлық жағдай емес.
Алайда бұл мәселенің тек алғашқы деңгейі. Ақпарат - бұл ресурс, сондықтан екінші деңгей қиратуға деген шабуылды емес, оқиғалар желісін керекті бағытқа бағыттау мақсатымен ақпараттық ағымдарды шебер қолдануды білдіреді. Ақпараттық дәуір терроризмі мен “ақпараттық” терроризмді тар мағынасында ажырата білу қажет.
ХХ ғ. соңында компьютерлерді механизмнің барлық түріне (автокөліктер, кино және фотокамералар, станоктар және т. б. ) және машиналарға енгізу, сондай-ақ компьютерлерді ортақ тармақталған желілерге біріктіру белең алды. Осылайша, компьютерлік жүйелердің өзі сыртқы әсер етулерге біршама тәуелді болып келетін ұлттық шектік инфрақұрылымға айналды. Өткен жылдың ішінде және қазіргі күнге дейін көптеген әлем елдерінің ақпараттық агенттіктері Таяу Шығыста халықаралық терроризмнің таралуы тақырыбында жарыса жазды. Бұл жөнінде журналистер, сарапшылар және жоғары деңгейдегі саясаткерлер белсенді түрде айтты. Осы уақытқа дейін қарапайым адамдар арасында аты шыға қоймаған жаңа террористік ұйымдар атауларының қатары күнделікті өмір дағдысына бекем түрде орнықты. Қазіргі әлемде «Ирактың және Леванттың Исламдық мемлекеті», «Исламдық мемлекет» (ИГ) ұйымы атауын естімеген адамды табу қиынға соғады. Бұл ұйымның даму жылдамдығы мен оның әрекеттерінің ауқымдылығын қазіргі кезде бар бірде-бір террористік ұйыммен салыстыруға келмейді, сондай-ақ оның идеологиялық және ақпараттық жұмысында қолданатын жаңа технологиялары мен механизмдері біздің дамудың сапалы деңгейіне өте білген терроризмдегі жаңа құбылыспен істес екенімізді айтуға мүмкіндік береді.
Барлық әлеуметтік желілер әр түрлі сипаттағы үлкен көлемді ақпараттарды қамтиды, аспаздықтан бастап экстремизм және терроризм идеологиясына дейін. Топтар қызығушылықтары бойынша жүзден миллионға дейін жететін тұрақты оқырмандарды жинайды, ал ақпараттың көлемі мен таралу жылдамдығы көп жағдайда дәстүрлі БАҚ мәліметтерінен де асып түседі. Қазақстан тұрғындары бейне, аудио және текстік материалдарды жеткізуде әлеуметтік желілерден бөлек, «WhatsApp», «Viber» және «Telegram» секілді телекоммуникациялық месседжерлерді кең түрде қолданады. Біздің елдің азаматтары, әсіресе жастар, әлеуметтік желілерде және месседжерлерде ұлттық, діни сипаттағы араздық тудыратын, қатігездік және жәбір көрсетуді насихаттайтын, терроризмге шақыратын материалдарды таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білуі қажет. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осындай сипаттағы ақпараттарды елге әкелуге, сақтауға және ел аумағында таратуға тыйым салынады.
Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодекстің 453-бабына сәйкес, жоғарыда келтірілген материалдарды сақтаудың өзіне жауапкершілік шарасы қолданылады, сондықтан қатігездік және жәбір көрсету сипаты бар ақпаратты телефоннан және басқа да электронды тасушылардан дереу түрде өшіру қажет.
Ақмола облысының дін істері жөніндегі басқармасына қарайтын ҚМУ «Дінаралық қатынастарды дамыту және талдау Орталығы» 2014 жылдың соңынан бастап тұрақты түрде әлеуметтік желілерге бақылау жүргізеді. Егер 2015 жылы 30-дан астам мекен-жай анықталса, ағымдағы жылдың тек 1-тоқсанында деструктивті жалған діни идеологияны насихаттайтын 11 мекен-жай анықталды. Нақты фактілер бойынша мәліметтер әрі қарай бұғатталуы үшін сараптамаға жіберілді.
Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, виртуалды әлемде жұмыс істеу барысында сақ болыңыздар, ақпаратты, әсіресе, дін саласына қатысты мәліметтерді тек сенімді ресми көздерден ғана алыңыздар.
Жеке қауіпсіздігіңіз үшін келесі ережелерді есте сақтаңыз:
- жәбір көрсету, қатігездік, адамгершілікке сай келмейтін іс-әрекет белгілері бар сайттарға кірмеңіз;
- бейтаныс немесе дұрыс танымайтын тұлғалардан достық өтінімдерді қабылдамаңыз;
- жалған діни сипаттағы мәліметтері бар қоғамдастықтар мен топтарға тіркелмеңіз;
- ғаламтор арқылы ақшалай қаражаттар жібермеңіз (ҚР Қылмыстық кодексінің 258-бабы, терроризмді қаржыландыру) ;
- әлеуметтік желіде жүргізілетін сұрауларға қатыспау (конституциялық құрылымды құлатуды насихаттау, ұлттық, діни араздықты және т. б. күшейту белгілері бар) ;
- күдік тудыратын тұлғалармен тікелей желі арқылы байланыспау;
- өзі және отбасы жайындағы толық ақпаратты желіге салмау.
Менің ойымша, егер біз терроризмге ойдағыдай тойтарыс бергіміз келсе, терроризм идеологиясымен күресуіміз қажет. Терроризм идеологиясы мұсылмандық кеңістікте біршама серпінді саяси және әлеуметтік күш ретінде орын алатын исламдық радикализмге негізделеді. Ол шын мәнінде, діннің және саясаттың синкретін (грек тілінен аударғанда synkretismos - бірігушілік, бөлінбеушілік), яғни саяси дінді білдіреді [4] .
Исламдық радикализмнің дәстүрлі исламмен ешқандай ортақ байланысы жоқ, олардың тек ұғымдары ортақ, осыларды идеолог-террористер адамдардың санасының түбіне жету және оларды өздеріне бағындыру, идеологияны бағындыру үшін, басқаша сөзбен айтқанда, арбау үшін табысты түрде түрлендіріп алады. Ең бастысы, Құранда көрсетілген ұғымдармен мүлдем сай келмейтін өзгертілген ұғымдар мен ұрандарды түсіну оңай және олар терең талдауды қажет етпейді. Осы арқылы террористер идеологиясының барлық жастық категорияларға, балалар мен жасөспірімдерден бастап егде жас топтарына дейін бағытталғаны жөнінде қорытынды жасауға болады.
Көбінесе террористер халықтың осал топтарын, мысалы: жетімдерді, әсіресе, ата-анасынан қандай да бір саяси себептерге, мысалы, ата-анасының лауазымдық міндеттерді орындауы барысында қайтыс болуына байланысты айрылған адамдарды арбайды. Террористер мұндай балалар мен жасөспірімдерді олардың ата-анасынан айрылуына мемлекеттің кінәлі екендігіне және айыптыларды міндетті түрде «жазалау» қажеттігіне сендіреді, осының нәтижесінде өздерін мемлекет игілігі жолында құрбан еткен ата-аналарын мақтан тұтудың орнына бала террористер жетегінде кетеді. Ата-аналарынан айрылған балалар мен жасөспірімдерді қатаң бақылауға алу қажет. Балада «теріс жолға» түсу туралы ой мүлдем туындамауы үшін, оларды барлық жағынан қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар ересек адамдарды да қатаң бақылау қажет. Мысалы, уәкілдік полицияның учаскелік инспекторы аптасына бір рет өз ауданында тұратын барлық жетім балаларды аралап, олармен әңгімелесіп, әңгіме барысында жүріс-тұрысындағы қандай да бір өзгерістерді анықтап отыруы тиіс.
Терроризм өз идеологиясын студенттер арасында да таратады [5] . Көбінесе террористер қарама-қарсылықты барынша аз көрсететін, яғни өмірге деген көзқарасы әлі толық қалыптаспаған студенттерді таңдайды. Шын мәнінде, бұл өз қатарын көбейтудің жеңіл жолы. Қоршаған ортаға деген бекем көзқарасы жоқ адамда өмірге деген «дұрыс» көзқарасты қалыптастыру. Бұл өте қауіпті. Өйткені студент, әсіресе, бірінші курс студенті, оның үстіне бейтаныс, жақын адамдары жоқ басқа қалаға оқуға келген студент «жауыздық» өкілдеріне ұшырасу қаупіне ұшырайды. Менің ойымша, еліміздің барлық ЖОО-да студенттердің бір-бірімен тез танысуына ықпал ететін іс-шаралар кешенін ұйымдастыру қажет. Мысалы, Ростов-на-Дону қаласындағы ЮФУ-да бірінші курс студенті алғашқы күні оқуға келген сәттен бастап оған спорттық жарыстар, «Топ жасақтау» тақырыбындағы ойындар секілді бір аптаға арналған іс-шаралар кешені ұсынылады. Осы арқылы адамдармен оңай танысуға, қызығушылықтары сай келетін адамдарды таңдауға болады. Мұндай сипаттағы іс-шаралар, сондай-ақ конференциялар, әсіресе терроризмге қарсы бағытталған конференциялар, осының бәрі - терроризм идеологиясымен күресудің негізі. Осындай сипаттағы іс-шаралар ерекше рух, қуаныш тудырады, өмірге деген көзқарасты таңдауға көмектеседі, терроризмнің жауыздыққа, қантөгіске, қазаға алып келетінін ұғындырады. Мен ЖОО-да студенттерден құралған және топтардағы, курстардағы, ЖОО-дағы жағдайды бақылап отыратын комитет міндетті түрде құрылуы қажет деп санаймын [6] . Мұндай комитетке әр топтың екі өкілі кіретін болады және курсты басқаратын жетекші бекітіледі. Комитет айына екі рет жиналатын болады. Мұндай комитетке міндетті түрде кәсіби психолог кіруі қажет.
Комитет міндеттері:
- курстың жалпы күйін анықтау;
- Студенттердің қандай да бір жағымсыз әрекеттері байқалса, оны ЖОО басшылығы арқылы студентпен әңгімелесу көмегімен дереу түрде шешу;
- Белсенді іс-шараларды ұйымдастыру;
- Антитеррористік бағыттағы іс-шаралар, конференциялар ұйымдастыруға көмектесу;
- Келесі жиналысқа дейін шешілуі тиіс мақсаттар қою.
Терроризм идеологиясы Ғаламтор желісі арқылы да таралады. Террористер танымал әлеуметтік желілерді қолданады: ВКонтакте, Youtube, Facebook, Instagram [7] . Олар террористік және экстремистік бағыттағы ақпаратты таратады, адамдарды аяусыз жазалайтын бейнежазбалар салады. Осындай сипаттағы ақпараттарды Ғаламтор желісінен өшіретін форумдар құрылып қойған, алайда олар жайында білетіндер аз. Желідегі терроризмнің немесе экстремизмнің көрінуі жөніндегі келіп түскен мәлімдемеге шұғыл түрде жауап беруі нәтижесінде форумдардың жұмысы шын мәнінде, оң нәтижелер беруде.
Менің ойымша, мұндай форумдарды кең түрде жарнамалау қажет, БАҚ арқылы адамдарға жариялау, ақпараттық парақшаларды қоғамдық көліктерде, ал террорды белсенді насихаттаушылармен күресу сипатындағы форум мәліметтерін адамдар көп жиналатын орындарға жапсыру керек. Терроризм идеологиясына қарсы әрекет ету жолдарының бірі террордың барлық теріс тұстары айқын көрсетілетін бейнелері бар карикатураларды жасау және тарату болуы мүмкін. Сол уақытта адамдардың да сақтығы жоғарылайды және терроризмге деген теріс қарым-қатынас күшейе түседі, осының нәтижесінде «керемет және ғажайып» болып көрінетін террор идеологиясының жетегіне ерушілердің көбею қаупі де төмендейді.
Қарсы жау әрекетсіз отырмайды, ол адамдардың санасына жетіп, оған ену үшін және оларды өз қатарларына қосу үшін кез келген сәтті, кез келген мүмкіндікті қолданады. Кез келген саяси, әлеуметтік шиеленіс, өмір деңгейінің құлдырауы, дағдарыс терроризмнің өсуімен және күшеюімен қатар жүреді. Біз адамдарға байлықты және өлімнен кейінгі жұмақтық өмірді уәде ететін, өте қияли негізде құрылған жауыздыққа және оның идеологиясына қарсы күресте бірігуіміз керек. Терроризмнің кез келген көрінісін назардан тыс қалдырмай, ескерген дұрыс, өмірлік ұстанымдарды одан әрі бекіте түсу керек, өртті сөндіргеннен гөрі өрттің алдын-алған дұрыс емес пе?
БАҚ-та антитеррористік бағыттағы материалдарды жариялаумен байланысты аса маңызды тақырыптардың бірі - журналистер пайдаланатын терминологиялық аппарат мәселесі. Олардың қоғамдық санада әдейі түрде бекітуге тырысатын терминдерін террор ерушілері жайындағы ақпараттарда қолдану үзілді-кесілді дұрыс емес, өйткені бұл террор насихаттаушылары мен идеологтарының жетегінде жүруді білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz