Суармалы топырақтың құнарлылығының төмендеуі
КІРІСПЕ
1. ЗЕРТТЕУДІҢ ОБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
1.1 Зерттеу объектісі
2. ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАЛДАНУЫ

Қазіргі уақытта суармалы топырақтың құнарлылығының төмендеуінің және алынатын өнімнің сапасының нашарлауының айтарлықтай маңызды факторы топырақтың және суарылатын судың ластануы болып табылады. Ауыл шаруашылығы алқаптарына сырттан келіп түсетін ластаушы заттардың тізімі біршама ауқымды және түрлі қауіптілік топтарына жататын химиялық заттарды қамтиды. Ауыл шаруашылық алқаптарын ластаушылар арасында ерекше орынды ауыр металдар алады. Ластаушылар арасында ауыр металдар ең улысы болып саналады.
Оңтүстік Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктері салдарынан негізгі суармалы алқаптар Сырдария, Іле, Шу, Талас және басқа да өзендердің ірі атыраулы және ежелгі атыраулы аллювилік жазықтарында орналасқан. Бұл аймақтар ашық мұхиттық алаптарға кедергісіз ағыны жоқ тұйық ішкі материктік аумақты білдіреді, және де химиялық элементтердің соңғы геохимиялық ағынының аумағы болып табылады, геохимиялық бағынышты гидроморфтық ландшафттар орын алады, және осының нәтижесінде ластануға бейім болып келеді.
Біздің бұрын жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесі суармалы алап топырағының ауыр металдармен, соның ішінде Pb, Ni и Cu арқылы ластанғандығын көрсетті [1]. Суармалы алаптардың топырақтық-мелиорациялық және экологиялық жағдайларының нашарлауы топырақтың Pb қатысты қорғану мүмкіндіктерінің 3,3 есе және Ni қатысты 4,1 есе төмендеуіне алып келді [2].

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта суармалы топырақтың құнарлылығының төмендеуінің және алынатын өнімнің сапасының нашарлауының айтарлықтай маңызды факторы топырақтың және суарылатын судың ластануы болып табылады. Ауыл шаруашылығы алқаптарына сырттан келіп түсетін ластаушы заттардың тізімі біршама ауқымды және түрлі қауіптілік топтарына жататын химиялық заттарды қамтиды. Ауыл шаруашылық алқаптарын ластаушылар арасында ерекше орынды ауыр металдар алады. Ластаушылар арасында ауыр металдар ең улысы болып саналады.
Оңтүстік Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктері салдарынан негізгі суармалы алқаптар Сырдария, Іле, Шу, Талас және басқа да өзендердің ірі атыраулы және ежелгі атыраулы аллювилік жазықтарында орналасқан. Бұл аймақтар ашық мұхиттық алаптарға кедергісіз ағыны жоқ тұйық ішкі материктік аумақты білдіреді, және де химиялық элементтердің соңғы геохимиялық ағынының аумағы болып табылады, геохимиялық бағынышты гидроморфтық ландшафттар орын алады, және осының нәтижесінде ластануға бейім болып келеді.
Біздің бұрын жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесі суармалы алап топырағының ауыр металдармен, соның ішінде Pb, Ni и Cu арқылы ластанғандығын көрсетті [1]. Суармалы алаптардың топырақтық-мелиорациялық және экологиялық жағдайларының нашарлауы топырақтың Pb қатысты қорғану мүмкіндіктерінің 3,3 есе және Ni қатысты 4,1 есе төмендеуіне алып келді [2]. Қоршаған ортаға антропогендік қысым жасаудың ұлғаюы әсерінен суару көзі болып табылатын өзен сулары барған сайын ластанып бара жатыр [3,4]. Қолда бар мәліметтер бойынша, жер асты суларының құрамында Pb және Ni мөлшерінің ұлғаюы заңды құбылыс болып табылатын оңтүстік облыс суларының экологиялық жағдайы ерекше қауіп тудырады [1]. Мұның барлығы технологиялық тәртіп деңгейінің, жалпы егін шаруашылығы мәдениетінің, топырақтың қолға үйретілу дәрежесінің төмендеуімен қосыла отырып, ақыр соңында күріш салысы сапасының нашарлауына алып келді. Күрішті қайта өңдеу өнімдерінің құрамында Pb және Ni жоғары мөлшерде байқалады. Шиелі күрішті қайта өңдеу зауытында күріш ұнтағы және кебегі құрамындағы Pb және Ni мөлшері ШРК мөлшерінен сәйкесінше 1,8 және 2,8 есе асады, ал осы металдар Қызылорда зауытында ШРК мөлшерінен сәйкесінше, 2 және 2,8 есе асады. Сондай-ақ осы екі зауыттың күріш ұнтағы құрамындағы Zn мөлшері ШРК мөлшерінен 1,1-1,3 есе асып түседі [5,6].
Сонымен қатар, республиканың суармалы алаптарының топырақ жамылғысының алуан түрлілігіне қарамастан, суарылатын топырақ құрамында ауыр металдар және басқа да ластаушылар болуының аймақтық фондық деңгейін орнату мәселесі әлі де шешілмей отыр. Осыларға байланысты суарылатын топырақ құрамында ластаушылардың фондық болуы жайындағы мәліметтерді аймақтық деңгейде зерттеу және жүйелеу суарылатын экожүйелердің жаһандық және аймақтық антропогендік әрекеттерге байланысты орнықтылығын және тұрақтылығын бағалауда біршама өзекті және қажетті болып табылады.
Әдеби және жеке мәліметтерді шолу көрсеткендей, қазіргі уақытта суарылатын алаптардың экологиялық жағдайына байланысты мәселе кенет шиеленісе түскен. Көңді, негізгі қоректік элементтерді жоғалту, топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің нашарлауы есебінен олардың ластаушыларға қатысты қорғаныштық қасиеттерінің төмендеуі орын алады. Осылайша, қазіргі таңдағы суарылатын топырақтың ластануы мәселелері өзекті және өткір болып табылады деп айтуға болады, және оны шешу маңызды, сондай-ақ іс жүзінде мәні бар топырақ және биология ғылымының басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Елдің АӨК Жасыл экономикаға өтуінің басталуына және Қазақстанның азық-түліктік және ауыл шарушылығы өнімдерге қатысты азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған 1994 жылғы Санитарлық және фитосанитарлық (СФС) шаралар жөніндегі келісім қолданылатын Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты Жоба өзектілігі ерекше мәнге ие болады [7]. ДСҰ кіру халықаралық ауқымда танылған және іс жүзінде қолданылатын объективті стандартты қолдануға ұмтылумен байланысты. Адам өміріне төндіретін қауіптерді ғылыми талдаудың нәтижелері негізге алынатын мұндай халықаралық стандарттар халықаралық стандарттарды орнату бойынша беделі зор келесідей ұйымдармен қабылданған: ФАО біріккен бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша Codex Alimentarius Комиссиясы және азық-түліктік қауіпсіздік стандарттары бойынша ДДҰ Комиссиясы [8], Халықаралық эпизоотиялық бюро (ХЭБ), өсімдіктерді қорғау бойынша Дүниежүзілік конвенция. Бұл орайда Жобаның республиканың суарылатын алаптарының сараптамалық әлеуетін жоғарылатуға жағдай туғызатынын айтуға болады. Жобаның сәтті жүзеге асырылуы жағдайында нақты тәжірибені басқа да суарылатын алаптарға таратуға мүмкіндік туады.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сәйкенс, жобаның 2016 жылға арналған негізгі мақсаты Шәуілдір суландыру алабының орталық бөлігінің ақпараттық жүйесін құру, топырақтық-экологиялық түсірме жүргізу және топырақ құрамындағы ауыр металдар мөлшерінің тақырыптық картасын жасау болып табылады.
1. ЗЕРТТЕУДІҢ ОБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
1.1 Зерттеу объектісі
2016 жылдың зерттеу объектісі Шәуілдір суландыру алабының орталық бөлігінің (Отырар ауданы, ОҚО) топырақтық жамылғысы болып табылады. Оңтүстіктегі және оңтүстік-шығыстағы табиғи шекара ретінде Сырдария өзенінің ежелгі жайылма үсті терассасы пайдаланылады, шығыста және солтүстікте Арыс-Түркістан суландыру алабымен шектеседі, батыста Сырдария өзенінің арнасымен шектеседі (1-сурет).
1-сурет - Зерттеу объектісінің сызбасы - Шәуілдір алабының орталық бөлігі
Аумақтың үлкен бөлігі ауыл шаруашылығы жануарларын бағуға арналған жайлау ретінде қолданылады. Суармалы егістік негізінен Арыс және Бөген өзендерінің қарамағындағы аумақта орналасқан.
Алаптың жер бедері аздап толқынды немесе жұтаң және біртектес флоралы көлденең жер беті түрінде сипатталады.
Мұнда жусанның, ащышөптің, жантақтың көптеген түрлері басым болып келеді. Өзен алабы шабындық шөптерге, итмұрын бұталарына бай, мұнда терек және қарағаш тоғайлары кездеседі. Жайылым атыраптарында сортаң жайылымдар орналасқан.
Аудан климаты шұғыл континенталды, шөлді. Қыста температура - 25°С-қа дейін төмендейді. Сырдария әдетте желтоқсан айының басында қатады, мұз наурыз айына дейін болады.
Жетекші дақылдар азықтық - жүгері дәні, жоңышқа, сирек түрде дәндік және бақша өнімдері болып табылады. Соңғы жылдары мақта өсімдігі мүлдем егілмейді деп айтуға болады.
Суарылатын судың негізгі көзі Арыс және Бөген өзендерінің суы болып табылады. Су беруші желі магистральді каналдан және табиғи топыраққа салынған ашық типтің әр түрлі тәртібіндегі суландырушылардан тұрады және күмәнсіз түрде, жер асты суларын толтырудың қосымша көзі болып табылады.
Алқапта орта деңгейдегі жер қабатын алатын және тұздалған жұқа қабатты балшықты және сазды шөгінділерде дәнді-галофитті эфемер және жусанның сиретілген бұталы өсімдіктерінің астындағы минералды жер асты суларының орташа есеппен (4-6 м) тереңдік жағдайында қалыптасатын шалғынды-сұр топырақты тұздалған (сортаң, кейде сортаңдау) топырақ басым болып келеді. Сонымен қатар мұнда эфемердің қатысуымен, сондай-ақ галофитті-жусанды, жусанды-галофитті және галофитті өсімдікке бай орта деңгейдегі жер қабатын және микро рельефті шұңғыманы алатын шалғынды-сұр топырақты (немесе жартылай гидроморфты) сортаңды жерлер кездеседі, сондай-ақ салыстырмалы түрде 20-30 (50-ге дейін) см жететін микро рельефті биіктіктерде, сиретілген галофитті өсімдіктер (басым түрде итсегек) астында орналасқан қалдықты тақырлы сортаң жерлер де кездеседі. Әдетте, мұндағы сор және сортаң жерлер біршама ауыр және тұздалған жыныстарда орташа тереңдіктегі жер асты суларының қатты минералдануы жағдайында қалыптасады. Рельеф шұңғымасына жақын орналасқан жер асты суларында (3 метрге дейін) қалыптасады: әлсіз минералданған суларға өте жақын (1,5 метрге дейін) орналасқан шабынды-батпақты өсімдіктердің астындағы шабынды-батпақты тұздалған топырақтар; әлсіз және орташа минералданған суларға жақын орналасқан галофитті және дәнді-галофитті өсімдіктің астындағы сұр топырақты-шабынды сортаңды сор жерлер; әлсіз минералданған суларға жақын (1,5-3 м) орналасқан галофитті және дәнді-галофитті өсімдіктің астындағы шабынды сортаңдар; галофитті өсімдіктің (сарсазан) астындағы қатты минералданған жер асты суларына жақын орналасқан қарапайым сортаңдар. Кешенге орналастыруда және үйлестіруде сортаңдар әдетте басқа топырақтармен салыстырғанда микро және мезорельефтердің көп аумағын алады [9]. Тұздалудың басым типі хлоридті-сульфатты және кейде қалыпты соданың қатысуымен сульфатты-хлоридті болып келеді. Алаптың барлық топырағы карбонатты және жоғары сілтілік мөлшерімен (рН 8-9) сипатталады. Топырақтың сулы-физикалық, физикалық, физико-химиялық қасиеттері тұздану және сорлану деңгейіне байланысты.
Жер асты суларының қоректену және кету жағдайлары бойынша алап аумағы қарқынды сыртқы келулердің және жер асты суларының күрделенген кетулерінің гидрогеологиялық аймағына жатады және осының әсерінен нақты алаптың топырақтары қайта сортаңдануға бейім келеді. Сондай-ақ бұрынғы ішкі шаруашылық каналдар, коллекторлар және тік дренаждың ұңғымалары басқарусыз, тіпті көбінесе қараусыз болып қалды, олардың көрсеткіштері жобалық көрсеткіштерге сай келмейді, бұл өз кезегінде жер асты сулары деңгейінің көтерілуіне және де сәйкесінше топырақтың қайта сортаңдануына жағдай туғызады. Сонымен қатар суландыру жағдайында топырақтың түзілу үдерістері біршама қарқынды жүреді, және де олар мобилизация және көшу үдерістерінің айтарлықтай жоғары қарқынымен ерекшеленеді. Осыған байланысты суландырылатын топырақтың құнарлылық деңгейін бақылау тұрақты түрде және топырақтың анықталатын қасиеттерінің біршама ауқымды спектрімен жүргізілуі тиіс.
2. Зерттеу әдістері
Жоба геоақпараттық технологиялардың (ГИС) заманауи әдістерін қолдануға және топырақты сандық картографиялауға негізделген - суарылатын алаптың экологиялық ақпараттық жүйесін құру, құрылымын дайындау және кеңістіктік-байланыстырушылық атрибуттық мәліметтер базасын жасау. Сонымен қатар топырақты зерттеудің салыстырмалы-географиялық, бейіндік, топырақтық кілт және т.б. сияқты дәстүрлі әдістері қолданылған.
Топырақтық-экологиялық түсірме ресми түрде бекітілген жетекшілікке және нұсқаулыққа [10,11], сондай-ақ ресми мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жүргізілген [12,13]. Далалық жұмыстар да жаһандық жайғастыру жүйелерінің ең соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарын қолдана отырып жүргізілген. Топырақ сұлбаларын ғарыштық түсірілімдер бойынша нақтылау үшін GPS 18 "Garmin" және ASUS" нетбугы қолданылды, ал бөліну нүктелерінің координатасын анықтау үшін GPS "Garmin 62s" жаһандық жайғастыру жүйесі қолданылды.
Топырақтағы ауыр металдарды және егін шаруашылығы өнімдерін анықтау жалпы және жергілікті ластану кезіндегі топырақты зерттеу бойынша жұмыстарды реттейтін Әдістемелік ұсыныстар талаптарына сәйкес жүргізілді 14,15. Ауыр металдар Shimadzu (Жапония) фирмасының АА - 6200 атомдық-абсорбциялы спектрометрінде атомдық-абсорбциялық әдіспен анықталды. Ауыр металдардың жалпы формасын анықтау үшін топырақ үлгілерін қышқылдық ыдырату қолданылды, ал жылжымалы формалар ацетатты-аммонийлі буферлік рН 4,8 ерітіндімен алынды.
Алынған сандық мәліметтерді статистикалық өңдеу Excel - 2013 және Atte Stat талдау пакеті бағдарламасын қолдана отырып мазмұндалған [16,17] математикалық статистиканың жалпылама әдістері арқылы жүргізілді.
Осылайша, топырақтың сортаңдануы картасын жасау және топырақтың көпжылдық сортаңдануының динамикасын зерттеу үшін барлық қажетті әдістер мен топырақты зерттеудің барлық әдістемелері жұмылдырылды.
2. ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАЛДАНУЫ
2.1 Алаптың ақпараттық жүйесін құру (ГИС) және зерттеу объектісі аумағының топырақтық-экологиялық түсірмесін жүргізу
Қазіргі уақытта топыраққа байланысты мәліметтерді ақпараттық жүйелер (ГИС) негізінде сақтау және талдауды ұйымдастыру топырақтану ғылымы жинақтаған мол, ретроспективті және жаңа мәліметтерге жедел түрде қол жеткізуге мүмкіндік беретін топырақтану ғылымындағы жаңа болашағы зор бағыт болып табылады. Топырақтық ақпараттық жүйе топырақ қасиеттері және олардың аумақтық таралуы жайындағы ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің және қолданудың ең тиімді құралы болып келе жатыр. Топырақтық ақпараттық жүйенің топырақ бақылауын ұйымдастырудағы және жүргізудегі рөлі ерекше маңызды.
Топырақтың құнарлылығының нашарлауын және өсуін бақылау топырақты кешенді бақылау жолымен жүргізілетіндігі белгілі. Топырақты кешенді бақылауда топырақтың экологиялық жағдайын оны тиімді қолдану және қорғау мақсатымен қадағалау жүйесі ретінде топырақтық-экологиялық бақылау маңызды орын алады. Қазіргі уақыт талабы суарылатын алаптардың экологиялық жағдайын (суарылатын судың, топырақтың және алынатын өнімдердің ластануы) басқаруда озық сандық ақпараттық технологияларды қолдануды қажет етеді. Әлемнің көптеген ірі суарылатын алаптарында алаптың экологиялық жағдайын басқарудың ақпараттық жүйелері жасалған және пайдаланылады. Қазақстанда мұндай жұмыстар басталу үстінде немесе мүлдем жасалып жатқан жоқ. Осыған байланысты Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы экологиялық жағдайдың нашарлауы жағдайында жедел және болашағы бар басқарушылық шешімдер қабылдауда қиындықтар туындайды.
Біздің болжауымызша, жасалатын экологиялық ақпараттық жүйе Шәуілдір суландыру алабын жергілікті экологиялық бақылау жүйесін жасаудың бастамасы болмақ. Бұл суарылатын суды, топырақты және алынатын өнімді уақыт және аумақ бойынша шектеусіз түрде мерзімді бақылауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде олардың бұрынғы, қазіргі жағдайын бағалауға, сондай-ақ болашақтағы өзгерістерін болжауға қажетті ақпаратты береді. Яғни, жасалатын ақпараттық жүйе топырақтың қазіргі жағдайын бағалауға, топырақтың құнарлылығының және де ауыл шаруашылық дақылдары өнімділігінің төмендеуінің қандай да бір жағымсыз факторларын анықтауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде топырақтың құнарлылығын және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға байланысты жаңа технологияларды дайындауға және қолда бар технологияларды жетілдіруге жағдай туғызады.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сәйкес, жұмыс алаптың ақпараттық жүйесінің электронды негізін құрудан басталды. 2016 жылдың зерттеу объектісі - Шәуілдір суландыру алабының орталық бөлігінің ақпараттық жүйесін жасау үшін (К42-41, К-42-53) 1:100000 масштабтағы топографиялық карта парақтары қолданылды, оларды сканерлеу және ГИС ортасында MapInfo professional бағдарламасын қолдана отырып цифрлау жүргізілді (2-сурет). Кез келген ақпараттық жүйенің құраушы бөлігі болып табылатын жалпыгеографиялық сипаттағы тақырыптық қабаттар - елді мекендер, жолдар, өзендер, суландыру желілері, суландыратын жерлер, элементарлы аумақтар, ауыл аймақтарының атаулары және шекаралары құрылды.
2-сурет - 2016 жылдың зерттеу объектісінің ақпараттық жүйесінің тақырыптық қабаттары - Шәуілдір суландыру алабының орталық бөлігі
Қазіргі уақытта топографиялық карталардың көптеген парақтарының ескіргені белгілі, көптеген жағдайда, картографиялық жағдай аумақтың ағымдағы күйін ашып көрсетпейді. Сондықтан суландырылатын жерлердің, суландырушылардың, жаңа жолдардың, елді мекендердің және т.б. шекарасын нақтылау үшін бастапқы көздерден айқындығы жоғары ғарыштық түсірілімдер жүктелді және пайдаланылды (цифрланды) (3-сурет).
3-сурет - 2016 жылдың зерттеу объектісінің ғарыштық түсірілім негізінде нақтыланған тақырыптық қабаттары
Осылайша, зерттеліп отырған аумақтың ақпараттық жүйесінің (ГИС) алдағы жұмыстар үшін қажетті электрондық негізі жасалды және әзірленді. Нақты ақпараттық жүйе жоба жұмысының алдағы уақыттағы сатыларында аумақтық аспекті және топырақтың ластануы аспектісі бойынша толықтырылады, және де жобаның аяқталуына қарай Шәуілдір суландыру алабының барлық аумағын қамтитын болады.
Топырақ топырақ-өсімдік-жануар-адам түріндегі азық-түліктік тізбектің негізгі және алғашқы буыны болып табылады, және де азық-түлік өнімдерінің экологиялық қауіпсіз болуы оның экологиялық тазалығына айтарлықтай дәрежеде тәуелді болып келеді. Қазіргі уақытта біздің елімізде және әлемде азық-түлік өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.
Қазіргі уақытта республиканың суармалы алаптарының топырақ қабатының алуан түрлілігіне қарамастан, суармалы топырақ құрамындағы ауыр металдардың және т.б. ластаушылардың аймақтық фондық деңгейлерін орнату мәселесі әлі де шешілмей отырғандығы белгілі. Осыларға байланысты суармалы топырақтағы ластаушылардың фондық құрамы жайындағы мәліметтерді аймақтық деңгейде зерттеу және жүйелеу суармалы экожүйелердің жаһандық және аймақтық антропогендік әрекеттерге тұрақтылығын және орнықтылығын бағалауда біршама өзекті және қажетті болып табылады.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта суармалы алаптардың экологиялық жағдайына байланысты мәселелер күрт шиеленіскені белгілі. Көңнің, негізгі қоректену элементтерінің жоғалуы, топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің нашарлауы есебінен олардың ластаушыларға қатысты қорғаныштық қасиеттері төмендеп отыр.
Осылайша, қазіргі кезде суармалы топырақтардың ластануы мәселесінің өзекті және өткір мәселе екендігін айтуға болады, және оны шешу жолын табу іргелі және іс жүзінде маңызы зор топырақ және биология ғылымының басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге байланысты топырақ құрамындағы ауыр металдар мөлшерін картаға түсіру мақсатымен Шәуілдір суландыру алабының орталық бөлігіндегі (4 ауылдық округ - Талапты, Отырар, Қоғам және Қарғалы) 25011 га. аумақта жер үсті топырақтық-экологиялық түсірілімі жүргізілді. Үш есептелген тереңдіктен - 0-20, 20-50 және 50-100 см-ден топырақ үлгілері таңдап алынды. Осы ретте, жоғарыда айтып өткендей, ғарыштық түсірілімдер бойынша топырақ сұлбасын нақтылау үшін GPS 18 "Garmin" және ASUS" нетбугы қолданылды, ал бөліну нүктелерінің координатасын анықтау үшін GPS "Garmin 62s" жаһандық жайғастыру жүйесі қолданылды. Топырақ құрамында 5 ауыр металдың жалпылама және жылжымалы түрде болуын талдау үшін барлығы 588 топырақ үлгісі таңдалып алынды. Топырақ үлгісін іріктеу нүктелері және нүкте координатасы мәліметтер базасының үзіндісі 4-суретте көрсетілген.
4-сурет - Топырақ үлгісін іріктеу нүктелері және нүкте координатасы мәліметтер базасының үзіндісі
2.2 Зерттеу объектісі топырағындағы ауыр металдардың негізгі геохимиялық көрсеткіштері
Әдетте, тәжірибеде топырақтың химиялық заттармен ластануының қауіптілігін бағалауда олардың топырақ құрамындағы нақты мөлшерін ШРК, ОДК-мен салыстырады, олар болмағанда аймақтық фонмен, әлем немесе Кларк топырағындағы орташа мөлшермен. Осы негізде біз кларк концентрациясының шамасын, суармалы агроценоз жағдайында зерттелетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz