Жердің ішкі құрылысы


Жердің ішкі құрылысы
Жер планетасы бұдан 4, 7 млрд жыл бұрын қалыптасып, оның эволюциясының алғашқы кезеңі атмосфера, гидросфера, литосфераның абиогенді физико-химиялық қалыптасуы мен олардың арасындағы қатынастардың қарқындауы арқылы болды. Вулкандар әсерінен жүретін геологиялық және геохимиялық үрідстер нәтижесінде азот пен көміртегі оксидтері бөлініп шығып, сутегі, метан, аммиак және су буларынан тұратын атмосфераны қалыптастырды.
Жер қабатының құрылымы - диаметрі 6357-6378 км-ге тең эллипстік (дөңгелекке жуық) шаршы нысандас Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар.
Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:
- жер қыртысы,
- мантия,
- ядро.
Жердің физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын өзгереді.
Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Жердің ядросын радиусы 3486 км-дей құрайды. Ол сыртқы және ішкі ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем бар. Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13, 6 км/с-тан 8, 1 км/с-қа дейін кемиді, субядро шегіне тау 11, 2 км/с-қа дейін артады
Жердің келесі қабаты - мантия (гр. mantion-жамылғы) . Мантия жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900-2900 км) мантияға бөлінеді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды. Жоғарғы мантияның 250-300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу, тұтқыр қабат орналасқан, оны астеносфера деп атайды.
Мохоровичич шегі - жер қыртысы мен мантиясы аралығындағы шекара; планета қабықтарын бөлетін бет. 1909 ж. сейсмикалық толқындардың таралу ерекшеліктері бойынша бөлген югославиялық сейсмолог ‘‘А. Мохоровичичтің’’ (1857 - 1936) құрметіне аталған. Мохоровичич беті арқылы өту кезінде бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 6, 9 - 7, 4 км/с-тен 8, 0 - 8, 2 км/с-ке дейін, ал зат тығыздығы 2, 8 - 2, 9 г/см3-ден 3, 2 - 3, 3 г/см3-ге дейін секірмелі түрде артады. Кейбір аудандарда Мохоровичич беті анық білінбей, физикалық параметрі тік бағытта бірнеше километр аралығында біртіндеп өзгереді. Геофизикалық деректер Мохоровичич беті астында құрамы ‘‘ультранегізді’’ (перидотиттер типі) немесе ‘‘негізді’’ (эклогиттер) тығыз тау жыныстары орналасқанын көрсетеді. Саха (Якутия) Республикасы мен Оңтүстік Африка Республикасында атқылама тау жыныстарынан табылған ксенолиттер, мантияның құрамы перидотит пен эклогиттен тұруы мүмкін екенін көрсетеді. Сонымен Мохоровичич беті химиялық құрамы әр түрлі ортаны немесе біртекті ортаның әр түрлі фазаларын бөлетін шек болып саналады. Мұхиттарда 10 - 12 км тереңдікте негізді және ультранегізді тау жыныстарын бөледі, ал белсенді тау жаралу алқаптарында 55 - 65 км тереңдікте орналасып, габброныңэклогитке өтуіне сәйкес келеді. Мохоровичич беті табиғатын анықтау, тау жаралу мен жер қыртысының жалпы даму болжамдарын негіздеуде маңызды рөл атқарады.
Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы - жер қыртысы. Жер қыртысы деп - литосфераның жоғарғы қабаты, жер бетіндегі барлық сулар - гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз. Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғи кешендері материктер мен мұхиттар пайда болды.
Зерттеу барысында жер қыртысының бар болғаны 12 км-ге дейінгі тереңдігі ғана бұрғыланып (Кола түбегіндегі ұңғыма) , оны құрайтын жыныстардың нақты үлгілері алынған. Жердің бұдан тереңде жатқан бөліктері, оны құрайтын жыныстардың құрамы мен қасиеттері жайлы түсшік, негізінен, жер сілкіну кезінде пайда болатын толқындардың қозғалу жылдамдығын, арнайы геофизикалық және сейсмикалық барлау нәтижелерін саралау мен талдау негізінде қалыптасады.
Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы - жер қыртысы. Оның орташа қалыңдығы мұхиттар астында 5 - 10 км, материктерде 35 - 40 км, ал биік таулы аудандарда 70 км-ге дейін жетеді.
Жер қыртысының типтері қалыңдығына, құрамына, құрылысына қарай құрлықтық және мұхиттық болып негізгі 2 типке бөлінеді. Құрлықтық жер қыртысының қалыңдығы тектоник. жағдайына байланысты 25 - 45 км-ден (платформаларда) 45 - 75 км-ге дейін (тау түзілу аймақтарында), ал мұхиттық жер қыртысының қалыңд. 5 км-ден (Солтүстік Мұзды мұхит) 10 - 12 км-ге дейін өзгереді Шөгінді қабаттың астында салмағы жеңіл, гранит пен гнейстерден түзілген шөгінді қабаттың жыныстарымен алмасып отыратын гранит-метаморфты қабат орналасқан. Гранит қабатының қалыңд. жазықтар астында 15 - 20 км, тау жүйелері табанында 15 - 50 км-ге дейін. Мұхиттар түбінде граниттік қабат өте жұқа, не мүлде болмайды. Граниттік қабат Конрад бетімен шектеледі.
Жер қыртысының ең төменгі бөлігінде базальт, габброжәне күшті метаморфтануға (метаморфизмге) ұшыраған шөгінді жыныстардан құралған базальт қабаты орналасқан. Жер қыртысының аралық типтері: субмұхиттық жер қыртысында шөгінді жыныстар мұхиттық жер қыртысындағыдан қалың болады; субконтиненттік жер қыртысы жұқа болады әрі граниттік қабат анық байқалмайды. Геофизикалық деректер бойынша, Қазақстандағы жер қыртысының қалыңдығы Тұран тақтасы, Каспий маңы ойысында 35 - 45 км, Тянь-Шань, Таулы Алтайда 45 - 50 км, Орт. Қазақстанда 50 - 55 км. Жер қыртысының үнемі дамып өзгеруі нәтижесінде геосинклинальдар сияқты қозғалмалы аймақтар платформаларға айналады. Жер қыртысының дамуының басты себептері - Жердің аса терең қабаттары мен жоғарғы мантиясы арасында өтетін процестер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz