Негізгі мұнай мен газ кешендері


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Түрікменстан мұнай - газды провинциясы

Батыс Түрікменстан мұнай мен газ провинциясы Түрікменстан Республикасы оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ол Альпі қатпарлығының жас таулы қыраттары Копет-Дага мен Кіші Балханға және Каспий теңізі акваториясына шектелген.

Тектоникалық тұрғыда ол аттас депрессиямен байланысты болып келеді. Батыс Түрікменстан депрессиясы ауданы мен тереңдігі бойынша өте ірі Оңтүстік Каспий геосинклинальді иілу ауданының шығыс бөлігі болып табылады. Батыс Түрікменстан депрессиясы геосинклинальді табиғаты жайында мәліметті меза-кайнозой қабатының үлкен қалыңдығы, үлкен масштабтағы жаңа тектоникалық құрылымдар болуы, негізгі тектоникалық аймақтардың төмен амплитудасы береді. Меза-кайнозой шөгінді қабаттары тауаралық депрессия қызметін атқарады, орталық бөлігіндегі қалыңдығы 15-20 км құрайды.

Депрессия қимасында төрттік кезеңнің және неогеннің қалыңдығы 5000 м жоғары терригенді шөгінділері кеңінен тараған. Қиманың негізгі бөлігі континентальді қызыл түсті шөгінді қабаттан тұрады. Ол мұнай мен газ провинциясы комплексінің негізін құрайды.

https://pp.userapi.com/c837532/v837532236/34434/CQKFpfVozPY.jpg

1-сурет. Оңтүстік Каспий мұнайгазды провинциясы.

Мұнай-газдылық тұрғысынан Батыс Түрікменстан мұнай мен газ провинциясы ең қарт провинциялар қатарына жатады. Челекен жартыаралында мұнайдың бар екені бұрынғы уақыттан мәлім болған болатын. Провинция аумағының беткі бөлігінде 3 мыңнан көп мұнай кеніштері есептелген. Олар ерте уақыттан бері бұл аумақ тұрғындарымен жарық алу мақсатында жануар майларының орнына қолданған болатын.

Челекен жартыаралының алғашқы мұнай кенорны XVIII ғасырдан бері белгілі. Өнеркәсіптік мұнай игеру жұмыстары 1933 жылы Небитдаг кенорны ашылғаннан бері жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытқа дейін Батыс Түрікменстан провинциясында 30 мұнай мен газ кенорындары ашылып отыр. Батыс Түрікменстан провинциясындағы өнімді қабаттардағы ашылған барлық кенорындар көп қабатты болып келеді. Қимада 2-3- тен 18-19-ға дейін өнімді қабат көзге түседі. Кейбір шоғырлар биіктігі 1500-1800 метрді құрайды. Алайда терең горизонттардың және Түрікменстан экваториялық аумақтарының зерттелуі айтарлықтай жақсы емес. Кенорындардың басым бөлігі тектоникалық бұзылыстармен күрделенген болып келеді. Сондықтан провинция ауқымында блокты, экранды және байланыс бойлық мұнай мен газ кенорындары кеңінен тараған.

Картинки по запросу западно туркменская нефтегазоносная провинция

2-сурет. Батыс-Түрікмен мұнайгазды провинциясындағы мұнай мен газ кенорындарының орналасуының шолу картасы.

Ірі тектоникалық элементтер: Г - Северо-Апшеронская көтерілімдер зонасы, 2' - Артемо-Келькорский иілімі, 3' - Апшероно-Прибалханс-кая көтерілім зонасы, 4' - Южно-Каспийская котловинасы, 5' - Туркменс­кая баспалдағы, 6' - Кызылкумский иілімі, 7' - Гограньдаг-Окаремская зона поднятий, 8' - Аладаг-Мессарианская ступень. Мұнайгазды облыстар : Л - Апшероно-Прибалханская МГО, Б - За­падно-Туркменская ГМО; кенорындар: 1 - Банка Ливанова Восточ­ная, 2 - им. Баринова, 3 - Банкос Лам, 4 - Банка Жданова, 5 - Приче-кенский купол, 6 - Челекен, 7 - Шығыс Челекен, 8 - Котуртепе, 9 - Барса-Гельмес, 10 - Бурун, 11 - Небит-Даг, 12 - Кум-Даг, 13 - Кызыл-кум, 14 - Каратепе, 15 - Куйджик, 16 - Эрдекли, 17 - Гограньдаг, 18 - Экиз-Ак, 19 - Бутдайли, 20 - Ногай, 21 - Оңтүстік Бугдайли, 22 - Кор-педже, 23 - Восточная Камышлджа, 24 - Камышлджа, 25 - Окарем, 26 - Кеймир, 27 - Ак-Патлаух, 28 - Чикишляр

Провинцияда 2 мұнай мен газ облысы анықталған:

  1. Прибалханская мұнай мен газ облысы;
  2. Гограньдаг-Окаремская мұнай мен газ облысы.

Прибалханская мұнайгазды облысы Прибалханская көтерілімі зонасына сәйкес келеді. Бұл зонада көлемді аумақта мұнайгазды аймақтар қатары мен неогенді көтерілімінің мұнайгаз жиналу зонасының құрылымдық типінің болуымен ерекшеленеді. Олардың біріне ең ірі мұнайгазды қосатын Котур-Тепе-Барсагельмесская мұнайгазды жиналу зонасы. Провинцияның негізгі мұнайлы қоры Прибалханская ауданында анықталған (Котур-Тепе, Банка Жданова (3 сурет), Куйджикское, Бар-сагельмес, Челекен, Кум-Даг и др. ) . Прибалханская ауданындағы теңізді аймағында газконденсатты кенорындар кездеседі.

http://konspekta.net/bazaimgstudall2/826496603265.files/image492.jpg

3 сурет. Банка Жданова мұнайгазконденсатты кенорыны. («Туркменнефть» мәліметтері бойынша) :

а - қызыл түсті қабат табанының құрылымдық картасы. б - геологиялық профиль; в - түзілген өнімді бөлігінің қимасы. 1 - сбросы; 2 - лас вулкандар зонасы; 3, 4 - мұнайлы және газды қабаттардың ішкі контуры.

Гограньдаг-Окаремская мұнайгазды облысы газмұнайлы қатарлы аттас көтерілім зонасымен байланысқан. Ол қызыл түсті газды түзілімдері бар брахиантиклиндер қатарымен сипатталады. Бұл кенорындар газдағы конденсаттың құрамы аса мағызға ие. (Камышлджинское, Гограньдаг, Окарем (4 сурет), Чикишляридр. ) Бұл облыстың кенорындарының тектоникалық бұзылыстар дәрежесі Прибалханская облысына қарағанда аз, яғни белсенділігі төмен болып келеді.

http://konspekta.net/bazaimgstudall2/826496603265.files/image496.jpg

4 сурет. Окаремское мұнайгазконденсатты кенорны.

а - структурная карта по кровле горизонта НК-1 горизонты шетінің құрылымдық картасы; б - геологиялық қима; 1 - изогистер, м; 2 - газды контур, 3 - мұнайлы контур; 4 -жарылысты бұзылыстар; 5 - газ; 6 - мұнай; 7 - перспективті түзілімдер.

Мұнай мен газдың негізгі комплекстері қызыл түсті орта плиоцен және жоғарғы плиоцен ақшағыл мен апшерон ярустарымен берілген. Кейбір мұнай мен газ кенорындар жиналымдары қызыл түсті шөгінділер астындағы қабаттарда шоғырланған. Батыс Түрікменстан провинциясы негізгі мұнай мен газ комплексі қызыл түсті шөгінділермен берілген неоген қабатында орналасқан. Қызыл түсті шөгінділер қабатының қалыңдығы 3000 метрді құрайды.

Негізгі мұнай мен газ кешендері келесідей:

Палеоген-төменгі плиоцен мұнай мен газ кешені қалыңдығы 2000 метрді құрайды. Терригенді шөгінді таужыныстармен берілген. Мұнай мен газдың өнімді шоғырлары Ждановск, Челекен, Ливанов және тағы басқа кенорындарда анықталған.

Орта плиоцен мұнай мен газ кешенінің қалыңдығы 800-4000 метрді құрайды. Кешен құмды, алевролитті және сазды қабаттардың жиі ауысымымен күрделенген. Негізін қызыл шөгінді қабат құрайды.

Жоғарғы плиоцен (акчагыл-апшерон) мұнай мен газ кешенінің қалыңдығы 25- 1900 м, алевролитті-сазды шөгінділермен берілген.

Перспективалық қорларды мұнай көлемі бойынша толықтыру, дәстүрлі әдістер жүзеге аспайтын кенорындарға жаңа технологияларды енгізіп, қабаттардың мұнай бергіштік қасиетін арттыру арқылы көзделіп отыр. Жаңа әдістер енгізу мұнай және газ әлеуеті үрдісі және ағымдағы мұнай өндіру дамыған инфрақұрылымы бар Батыс Түркменстан мұнай-газ провинциясы үшін өте маңызды. Бұл жерде білікті кадрлар, кең ауқымды химиялық заттар өндірісіне бағытталған өнеркәсіп, арнайы құрал-жабдықтар мен материалдар шоғырланған.

Бүгінгі күндері жасалып отқан зерттеу жұмыстары келесідей қорытындыға келуге мүмкіндік беріп отыр, Батыс Түркменстан мұнай мен газ провинциясы әлі де ұзақ уақыт бойы тұрақты пайдалы шикізат қоры қызметін атқара алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғимараттар мен құрылыстар техникасы
Мұнай өңдеу және мұнай химиясы технологиялық кешендерінің математикалық модельдер жүйесін құру методологиясы
Батыс Қаратүлей алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылы болашағы мен мұнай-газ кеніштерін іздестіру жұмыстарының жобасы
Мұнай қабатшасын игеру
Құмкөл кен орнынның технологиялық сызбасы
Жаһандық экологиялық проблемалар туралы
Қоршаған ортаның химиялық, радияциялық және биологиялық ластануы
Мұнай кен орындарын құрастыру және игеру жобалары туралы жалпы түсінік
Мобильді бұрғылау қондырғылары
Машина жасау өнеркәсібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz