Махамбет жырлары-ерлік пен елдіктің өшпес рухы



1 Махамбет Өтемісұлы
2 МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ
3 ОТАНСҮЙГІШТІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
4 МАХАМБЕТ ЖЫРЛАРЫ.ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІКТІҢ ӨШПЕС РУХЫ
Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге келді. Жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен. Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп, билік басында отырғандарға қарсы өлеңдер шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен Махамбетті қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала бекшісінің түрмесіңде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды. Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісінде маңызды рөл аткарды, ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері бостандық пен әділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылды. 1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған "енді қайтып бүлікке қатысушы болма" деген ескерту жасап, босатады. Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті асқан опасыздықпен өлтіреді. Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы — әділдік үшін күрес, бостандық, отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді.
1. «Егемен Қазақстан» газеті 2002 ж,3 қазан
2. Кенжалиев И. Махамбет Өтемісұлы, Алматы., 1979 ж.
3. «Егемен Қазақстан» газеті, 2001 ж, 7 тамыз
4. Махамбет «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңдер жинағы, Алматы., 1974 ж

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Махамбет Өтемісұлы
 (1804-1846 жж.)
Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын.
Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге
келді. Жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың
жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел
кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен
адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын
келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен. Есімі қалың
жұртшылыққа  таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп,
билік басында отырғандарға қарсы өлеңдер шығаруына тыйым салғысы келеді.
Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал
Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен Махамбетті қамауға
алғызды. 1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала бекшісінің түрмесіңде
отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды. Махамбет
Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісінде маңызды рөл
аткарды, ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың
езгісіне қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері бостандық пен
әділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету
мақсатында жазылды. 1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын
тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол
көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның
бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар
арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды,
бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған "енді
қайтып бүлікке қатысушы болма" деген ескерту жасап, босатады. Өмірінің
соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан
халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау
қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті асқан опасыздықпен өлтіреді. Ақын
өлендерінің негізгі тақырыбы — әділдік үшін күрес, бостандық, отаршылдық
жүйеге қарсылық болып келеді.

МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ ОТАНСҮЙГІШТІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектепте оқушыларға отансүйгіштік
тәрбие беруде Махамбет Өтемісұлы шығармаларының тағылымдық маңызы зор.
Себебі батыр ақын шығармаларының бәрі дерлік қаһармандық рух сюжетіне
құрылған және де тарихи мағлұматтар реалистік бағытта суреттеледі.
Сондықтан оқушыларға тарихта болған батыр ақын Махамбет Өтемісұлының
тұлғасы нағыз қаһармандық, отансүйгіштік тәрбие берудің құралы болып
табылады.
Тарихи деректерге сүйенер болсақ, Махамбет Өтемісұлының тарихи аренадағы
көзге түскен шағы 1936-1938 жылдардағы көтеріліс уақытын қамтиды. Оны тарих
беттерінде шаруалар көтерілісі деп атайды. Шындығына келгенде Исатай мен
Махамбет батырлар бастаған бұл көтеріліс Жәңгір ханға қарсы күрес қана
емес, ХІХ ғасырдағы халқымыздың трагедиясы – ымыраға келмейтін екі күштің
соғысы, яғни Ресей империясына қарсы күрес екеніне әділ баға бергеніміз
жөн. Мұны біз Махамбет Өтемісұлының өзі айтқандай:
Аттанып шықтық көп үшін,
Дұшпанда кеткен сол көптің
Ежелден бергі кегі үшін...
Арманы бар ма жігіттің
Алысып өлсе жауы үшін... - деген өлең жолдарынан байқаймыз.
Демек, Махамбет Өтемісұлы шығармаларының отансүйгіштік құндылығы жоғары,
себебі оларды оқығанда рухы биік кез келген жас қайрат батырмен бірге
соғысқа араласып, бойға қуат беріп, намысы қозып, ал десе, ереуіл атқа
мініп ел үшін егесуге дайын болар еді. Адамды еліктіріп әкетер осындай
қуат, қайрат, қаһармандыққа толы шығармалар әлі де болса терең зерттеуді,
зерделеуді қажет етеді. Өз еліміз бен жерімізге иелік еткен қазіргі кезеңде
бұл шығармалар бүгінгі оқушыға рухани әсер етіп, қаһармандық бейнені
қалыптастыру үшін таптырмас тәрбие құралы деп айтуға болады. Мұндай
шығармалар жастарымыздың бойында нигилизм мен космополитизмнің белең
алуынан сақтайтын нағыз тәрбие қалқаны болып табылады, себебі Махамбет
батырдың қаһармандық шығармалары қаһармандық, ерлік, отансүйгіштік пен
шынайылықтан тұрады.
Мысалы:
Көнбегенді көндірген,
Қына бешпет кидірген,
Керегесін қиратып
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тақарма;
Сырлы зерен аяқпен
Бал ұрттаған ер едім, - деп, ақын өз замандастарының ерлігіне
оптимистік тұрғыдан сипаттама береді.
Өз заманындағы Махамбет Өтемісұлының бойындағы отансүйгіштік арман-мұрат
оның шынайы келбетін айқындай түседі. Яғни:
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге,
Мал толтырсам деп едім, - деген жолдарды елдіктің, отансүйгіштіктің
символы ретінде бағалағанымыз жөн.
Сондай-ақ бүгінгі ұлт мектебіндегі оқушыларға отансүйгіштік тәрбие
беруде қазақ батырының қаһармандық тұлғасын насихаттауда толеранттық
қасиетті біз Махамбет шығармаларындағы күндіз-түні жорықта жүру, аштыққа,
шөлге, ұйқыға мойымау, терең төзімділікке ие болсақ қана шын мәніндегі ер
азамат болуға бағыттайтынын ақынның өлең жолдарынан мысал келтіру арқылы
байқаймыз:
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығуға.
Қас үлектен туған қатепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қақсатып,
Бір-біріндеп сөксе де,
Қабағын шытпас ер керек,
Біздің бүйткен бұл іске.
Сонымен қатар ер жігітке тән қаһармандық моральдық-психологиялық
қасиеттерді қалыптастыруда ақынның:
Азамат ердің баласы,
Аз ұйықтар да көп жортар,
Арманы бар ма жігіттің
Жау тоқтатып айқаста
Құрбан болса ел үшін, - деген өлең жолдары нағыз отансүйгіштік
тәрбиенің қайнар бұлағы деп айта аламыз.
Демек Махамбет Өтемісұлы шығармаларындағы нағыз қаһармандық идеалдылықты
тануда:
езілген халықтың мүддесін жоғары қоюы, елдікті бағалауы;
атамекен, туған жердің қадір-қасиетін бағалауы;
жанашыр болуы, рақымды, мейірімді болуы;
қаһармандық, ержүректік қасиеттерге ие болуы, үрейді жеңе білуі;
қиын-қыстауда тез шешімге келуі;
төзімділік, т.б. бүгінгі тұлғаның шынайы азамат болып қалыптасуына әсер
ететін ерлік қасиеттердің маңызы зор. Оны біз Махамбет Өтемісұлының жалынды
жырлары арқылы сегіз қырлы, бір сырлы бүгінгі тұлғаны тәрбиелеуге бағыт
береді.
Біздің көзқарасымызша мектеп оқушыларына отансүйгіштік тәрбие беруде
баға жетпес педагогикалық құрал батырлардың қаһармандық бейнесі және оның
қазақ ауыз әдебиетінде, тарихында, көркем шығармаларда сомдалуы болып
табылады.
Қазақ батырының бойында батырға тән қаһармандық қасиеттердің жиынтығы
да, азаматқа тән адамгершілік қасиеттер де, отағасына тән сегіз қырлы, бір
сырлылық та, шешенге тән дуалы сөзділік те, данаға тән білгірлік те, биге
тән көсемдік те, әулиеге тән көрегендік те табылады. Сөзіміз дәлелді болу
үшін Ер Төстіктің қаһармандығын, Бекет атаның бойындағы әулиелігін,
Исатай батырдың ел бастаған билігін, Сырым батырдың шешендігін,
Б.Момышұлының батырлығын айтуға болады.
Қазақ батырлары туралы мағлұмат берудің өзі тарих қойнауындағы ірілі-
ұсақты қақтығыстарға байланысты келіп шығады. Себебі батырдың өзі соғыс
майданында ерлігімен, күшімен, қайратымен көзге түскен және өзін іс-
әрекетімен көрсете білген фигура деп түсінген жөн. Оның мәнісін түсіндірер
болсақ, батыр атағы тектен тек берілмейді, және оның қазақ қоғамында
өзіндік мәртебесі болған: Батыр (парсы т. ﺑﻬﺎﺩﺭ - бахадур – ержүрек,
батыл, батыр) - әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты
шыққан, қаһарман адамға берілетін атақ. Батырлық мирасқорлық жолмен
берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады, - дейді.
Яғни батырдың ерлігімен қоса қаһармандығына да көп мән беріліп отыр. Оның
бір айғағы батырдың күші мықты, ер болғанының өзінде де оның қаһарман,
айлалы, бауырмал, дұшпанына қатал, достарына адал, т.б. секілді қасиеті
болуы қажет. Осындай қырларына байланысты батырларды ұлтымыз құрмет тұтқан
және ерліктерін аңызға айналдырған.
Қасиет деген сөздің өзі қазақ халқында кездесетін киелі ұғым. Мұнымен
байланысты қастерлеу, қасиетті жер, қасиетті сөз, т.б. сөздер
қолданыста бар. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: Қасиет – адам
бойындағы жақсылық, адамгершілік, ар-абырой, қадір, - деп түсінік
берілген. Қазақ халқына тән жақсы қасиеттерді профессор А.Тайжан:
кеңпейілдігіміз, аршылдығымыз, намысшылдығымыз, бәсекешілдігіміз,
жаңаруға, жаңа ортаға құмарлығымыз, тәуекелшілдігіміз, т.б., - деп
көрсетсе, ал ғалым Ғ.Телібаев таптық көзқарастан туған әлеуметтік-
жікшілдік психология, жалтақтық, дінге деген жалаң көзқарас, тілдің
шұбарлануы, маргиналдық психологияның дамуы, т.б. жаман қасиеттерді КСРО
жүйесіндегі социализм дәуірінің таңбасы ретінде қарастырады. Демек қасиет
адамның өмір сүру барысында қоғамдық факторлар негізінде тәрбие арқылы
қалыптасады. Олай болса батырлардың қаһармандық бейнесіндегі отансүйгіштік
қасиеттерді кең мағынасындағы ұғым деп айтуымызға болады. Қасиет ұғымына
философиялық сөздікте мынадай анықтама берілген: свойство – философская
категория, соотносительная категориям вещи и обычно определяемая через них.
Например, Гегель определял свойства вещей как ее определенные соотношения
с другим: свойство имеется лишь как некоторый способ отношения друг к
другу. Қасиет ұғымы философияда категория ретінде жалпы ғылымдар аясында
түсіндіріледі, сондықтан қасиеттіліктің мәні жоғары болып табылады. Сондай-
ақ қасиет - зат, қатынас және солар арқылы анықталатын ұғым. Сапа заттың
өзіндік сипатын, біртұтастығын бейнелесе, қасиет – соның бір көрінісі, -
деп анықтама беріледі. Психология ғылымы қоғамдық ортадағы қасиеттің мән-
мағынасын зерттеумен айналысып келеді: Индивидке тән психикалық іс-
әрекет пен мінез-құлықтың белгілі бір сандық-сапалық деңгейін қамтамасыз
етіп отыратын тұрақты түзіліс, - деп келтірілген. Бұл психологиялық
тұрғыдан жеке тұлғаны жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді. Яғни қасиет
сөзінің мән-мағынасы кең көлемді қамтитын болғандықтан, тұлғаның даму
барысында өзіне тән мінез-құрылымдарымен сипатталатыны анық.
Философ Г.Нұрышева өзінің ғылыми еңбегінде: Намысты болу - өз бойына
сан қырлы биік мағыналар мен асыл құндылықтарды жинақтау, - деп түсінік
береді.
Сонымен қатар, КСРО батыры Б.Момышұлы: Жігерлену дегеніміз – рухани күш
беру, күш-қуаттың тасуы, сергектік күй, - дейді. Яғни, жігерлі тұлғаға
отансүйгіштік тұрғыдан сипаттама береді. Ол қоғамдық ортада өзінің
мейірімділігімен, бауырмалдығымен ерекшеленеді. Мейірімділік дегеніміз – ол
адамгершілік сезім, жеке тұлғаның бойында тәрбие негізінде қалыптасады. Ал,
бауырмалдық дегеніміз - ана сүтімен дарыған асыл қасиет. Сондай-ақ, өнерге
деген көзқарасына байланысты, шеберлік үйрену, білу барысында қалыптасатын
ептілік болып табылады. Халқымыз жігітке жеті өнер де аз деп айтады. Оқу-
білім үйретуде маңызды қасиеттерге зеректік, алғырлық, тапқырлық, т.б.
жатады. Зеректік табиғат берген дарындылықтың білім үйрену барысындағы
көрінісі деп айтамыз. Ал, алғырлық дегеніміз – ерекше белсенділіктің, іс-
әрекеттің жемісі. Мұндай қасиеттердің өзі тұлғаның құрамдас бөлігіне
сипаттама береді. Жалпы адам баласына тән қасиеттердің бірі руханилық
(рухты, иманды, адал, пәк, т.б.) болып табылады. Рухы мықты дегеніміз
тылсым күштердің әсерінен болатын сезім. Кейбір ғылыми еңбектерде рухты
аруақпен қатар түсіндіреді. Нақты деректерге сүйенсек, Аруақ, күш, қуат,
т.б. деген сөздердің ауыспалы мағынасы деп сипатталады. Демек, сегіз
қырлы, бір сырлы ұғымының қолданыс аясы кең болып табылады.
Қорыта айтқанда жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіне
Махамбеттану дәрістерін енгізіп, ерлік сабақтарын жүргізу бүгінгі оқушыға
отансүйгіштік тәрбие берудің басты құралы деп түсінеміз. Қазіргі кезде
қоғамдық әлеуметтік жағдайдың жаңаруына байланысты білім мен тәрбие берудің
де жаңаша бағытта қалыптасуында жеке тұлғаның бәсекеге қабілетті болуына
талап-міндеттер қойылуда. Мұның өзі сана-сезімі жетілген, жан-жақты, елін,
жерін, Отанын қорғай білетін, мемлекеттік рәміздерді қасиет тұтатын тұлғаны
тәрбиелеуді негізге алатын басым бағыттардан тұрады. Отансүйгіштік тәрбие
берудегі басты мақсат жеке тұлғаның бойында рухы мықты, адамгершілік
нормаларды бойына сіңірген, отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру болып
табылады.

Әдебиеттер
1. Өтемісов М. Өлеңдер Құрастырған Б.Аманшин. Алматы: Жазушы, 1979, 136
бет
2. Досмұхамедұлы Х. Исатай-Махамбет. Алматы, 1991, 256 бет
3. Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық. Т.1. Құрастырған М.Мағауин, М.Байділдаев.
Алматы: Жазушы, 1989, 384 бет
4. Өтемісұлы М. Біз ер едік. Өлеңдер. Астана: Фолиант, 2002, 96 бет
5. Ереуіл атқа ер салмай: Өлеңдер Құрастырған Қ.Сыдықов. Алматы: Жазушы,
1989, 144 бет
6. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірі мәні мәселесінің қазақ философиясында көрінісі.
Филос. ғыл. д-ры. дисс.: 09.00.13. Алматы, 2002, 270 бет
7. Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. Алматы: Жазушы, 2002,
480 бет
8. Қазақ тарихынан Құрастырған Е.Ақшолақов. Алматы: Жалын, 1997, 544 бет

          Махамбет Өтемісұлы
Өтемісұлы, Махамбет (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан
облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс жерінде дүниеге келеді. —
1846 ж. 20қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданында
қайтыс болады ) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа
қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың
бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.
Байұлы ішіндегі Жайық-Беріш. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе
Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен
Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан -
төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген
адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі,
әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан
би де, шешен де шыққан.
Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен жастайынан ақындық өнерді, өрлік
пен ерлікті бойына сіңірген көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі.
Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы,
Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес
мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік,
қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған.
Дарыны мен талантына жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды, орақ тілді
сөз шебері ғана емес, сонымен бірге, ол ақберен батырлығы, даналығы мен
дәулескер күйшілігі арқасында да даңққа бөленді. Орыс, татар, араб тілдерін
тәуір меңгерген ол жазған хаттарымен айқын аңғартады.
1836—38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы,
қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.
Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж.
қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге
асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске
шақырады.
Көтеріліс жеңіліспен аяқталғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін
сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл
ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне
қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі
ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған
Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты.
Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске
шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз,
Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған
көтеріліс туралы толғаулар. Жәңгірге, Баймағамбет сұлтанға деген
өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, Мұнар күн
өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның
кеп өлендерінің басты қаһарманы. Тайманның ұлы Исатай, Исатай деген ағам
бар, Исатай сөзі, Тарланым, т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі,
азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.
Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. Өкініш, Қайран Нарын, Жұмыр
қылыш, Терезе, т.б. күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет өлеңдері 1908,
1912, 1925 жж. Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық көрді. Шығармалары
1939—89 жж. арасында 8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға
енді.
Заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаев Махамбет күйлері жайында:
Махамбет күйінің бір бояудан тұрмайтынын қапысыз тани алатын шығармалардың
санатына “Жұмыр қылыш” пен “Қайран Нарынды” жатқызуға болады, - дей келіп,
“Махамбеттің аты өлуші ме еді, сөзі өлуші ме еді, тегі өлуші ме еді.
Ендеше, осындай сұңғыла азаматтың сезімінен сергек дірілін өз үні, өз
тынысымен жеткізгісі келген жүрекжарды сырларының құймасы – күйлері неге
ұмытылсын!”, - деп түйіндейді.  

Махамбет  Өтемісұлы
(1803 - 1846) 
     Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс
Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. –
20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында
жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай
Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім,
қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің
Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы
Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің
тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.
     Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын.
Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге
келді.
     Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан
дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері
ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы,
даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында
болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау
еткен.
     Есімі қалың жұртшылыққа  таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз
еркіне көндіріп, билік басында отырғандарға қарсы өлеңдер шығаруына тыйым
салғысы келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын
ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен Махамбетті
қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала бекшісінің
түрмесіңде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды.
     Осылайша Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде
отырып, 1831 ж. қашып шыққан еді. Одан кейінгі саналы өмірін патша
өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті
жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен
аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ
жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз
болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан
босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді.
Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақовтың
жалдамалыларының қолынан қаза тапты.
     Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске
шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз,
Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған
көтеріліс туралы толғаулар. "Жәңгірге", "Баймағамбет сұлтанға" деген
өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, "Мұнар күн"
өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай - ақынның
кеп өлендерінің басты қаһарманы. "Тайманның ұлы Исатай", "Исатай деген ағам
бар", "Исатай сөзі", "Тарланым", т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі,
азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.
     Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. "Өкініш", "Қайран Нарын",
"Жұмыр қылыш", "Терезе", т.б. күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет өлеңдері
1908, 1912, 1925 ж. Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық көрді.
Шығармалары 1939-89 жылдар арасында 8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар
мен жинақтарға енді. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде Х.Досмұхамедов,
М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Х.Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Ә.Дербісәлин,
Р.Бердібаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, т.б. ғалымдар мен қаламгерлер
зерттеулер, мақалалар жазды, пікірлер айтты. Өтемісұлы Махамбет (1804-1846)
– қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай
Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы
көтерілістің жалынды жыршысы. Туып өскен жері Ішкі Бөкей ордасының Бекетай
деп аталатын өңірі. Бұл қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданына қарайтын
жер. Шежіре дерегі бойынша он екі ата Байұлының бір бұтағы Беріш ішінде
Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады)
туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай
туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып,
Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы
іргелі ауылдардың бірі.
     Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем
тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра
жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар
тұлғаларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет шығармасындағы Исатай бейнесі
Қазақ поэзиясындағы батыр ақын бейнесі
Махамбет поэзиясы
Махамбет ақын туралы әр жылдары жазылған мақалалар, алғы сөздер және баяндамалар
Махамбет Өтемісұлы – бостандық жыршысы
Махамбеттің күй мәдениеті
Тарихи тұлға және көркем бейне - М.Өтемісұлы
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Махамбет Өтемісұлы шығармалары отансүйгіштік тәрбие берудің құралы ретінде
Қазақ фольклорындағы ерлік, елжандылық тақырыптары
Пәндер