Мемлекет және құқық туралы негізгі түсініктер



1. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
2. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
4. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін, өзінде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың құқықтарын, бостандықтарын, әрі заңды мүдделерін қорғайтын, мемлекеттің өз ішіндегі және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетін институт.
Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп отыратын, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.
Мемлекеттің белгілеріне мыналар жатады:
Мемлекеттік билік - ерекше көпшілік билігі, яғни халық билігі.
Мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді. Азаматтары шекарасы белгіленген әкімшілік-территорриялық аумағынан тұрады.
Ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде тәуелсіз.
Билік жүргізетін органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады.
Заң шығару құқығы болуы және заңдарды мемлекеттің аумағында тұратындардың бұлжытпай орындауы.
Мемлекеттің басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы.
Мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді: басқару нысаны, мемлекеттік құрылымының нысаны және саяси режим.
Басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылу жолдары, олардың қарым-қатынасының принциптері және оларды сайлаудың түрлері мен ерекшеліктері жатады.
Мемлекеттің басқару жолы монархия және республика деп екі түрге бөлінеді. Монархияда жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Мысалы, оған жататындар Англия, Бельгия, Норвегия, Швеция, Жапония және Дания елдері.
Егер мемлекеттерде жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі бір мерзімде құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасы республика деп аталады. Қазіргі кезде республиканың екі түрі кездеседі: президенттік - (АҚШ, Франция, Ресей, Түркия, Қазақстан т.б.) және парламенттік республикалар - (Италия).
Мемлекет нысанының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны жатады. Бұл - мемлекеттің жергілікті әкімшілікке бөлінуі, сол бөлімдердің бір-бірімен қатынасы және мемлекет пен бөлімдердің арасындағы байланыстары. Мемлекеттер осы бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үшке бөлінеді. Мысалы: Қазақстан Республикасы унитарлық мемлекет - оның жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды.
Мемлекеттің нысанының соңғы элементі - саяси режим. Мемлекеттің саяси режимін оның қолданатын әдістерінен, азаматтарды құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдануынан білуге болады. Саяси режим демократиялық, демократияға қарсы режимдер болып бөлінеді.
Енді мемлекеттің қызметтеріне келсек, ол күрделі екі топқа: ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Мемлекеттің ішкі қызметтеріне:
- экономикалық;
- әлеуметтік;
- қаржы реттеу;
- мәдениет бағытындағы;
- экологиялық;
- құқықтық тәртіпті реттеу жатады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
1. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын
қамтамасыз ететін, өзінде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың
құқықтарын, бостандықтарын, әрі заңды мүдделерін қорғайтын, мемлекеттің өз
ішіндегі және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетін институт.
Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп
отыратын, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын,
барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын,
халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.
Мемлекеттің белгілеріне мыналар жатады:
Мемлекеттік билік - ерекше көпшілік билігі, яғни халық билігі.
Мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді. Азаматтары шекарасы
белгіленген әкімшілік-территорриялық аумағынан тұрады.
Ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде тәуелсіз.
Билік жүргізетін органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана басқару
қызметімен шұғылданатын адамдар болады.
Заң шығару құқығы болуы және заңдарды мемлекеттің аумағында
тұратындардың бұлжытпай орындауы.
Мемлекеттің басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік
мәселелерді шешу үшін салық жинауы.
Мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді: басқару нысаны, мемлекеттік
құрылымының нысаны және саяси режим.
Басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының
құрылу жолдары, олардың қарым-қатынасының принциптері және оларды сайлаудың
түрлері мен ерекшеліктері жатады.
Мемлекеттің басқару жолы монархия және республика деп екі түрге
бөлінеді. Монархияда жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл
билік мұрагерлікпен беріледі. Мысалы, оған жататындар Англия, Бельгия,
Норвегия, Швеция, Жапония және Дания елдері.
Егер мемлекеттерде жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен
белгілі бір мерзімде құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасы
республика деп аталады. Қазіргі кезде республиканың екі түрі кездеседі:
президенттік - (АҚШ, Франция, Ресей, Түркия, Қазақстан т.б.) және
парламенттік республикалар - (Италия).
Мемлекет нысанының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны
жатады. Бұл - мемлекеттің жергілікті әкімшілікке бөлінуі, сол бөлімдердің
бір-бірімен қатынасы және мемлекет пен бөлімдердің арасындағы байланыстары.
Мемлекеттер осы бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып
үшке бөлінеді. Мысалы: Қазақстан Республикасы унитарлық мемлекет - оның
жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды.
Мемлекеттің нысанының соңғы элементі - саяси режим. Мемлекеттің саяси
режимін оның қолданатын әдістерінен, азаматтарды құқықтары мен
бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды
қолдануынан білуге болады. Саяси режим демократиялық, демократияға қарсы
режимдер болып бөлінеді.
Енді мемлекеттің қызметтеріне келсек, ол күрделі екі топқа: ішкі және
сыртқы болып бөлінеді.
Мемлекеттің ішкі қызметтеріне:
экономикалық;
әлеуметтік;
қаржы реттеу;
мәдениет бағытындағы;
экологиялық;
құқықтық тәртіпті реттеу жатады. Сыртқы қызметтеріне:
шет мемлекеттермен екі жақты пайдалы қарым-қатынастарды дамыту;
мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту;
мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру;
дүниежүзілік ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру;
мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және т.б. жатқызуға
болады.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан
негізгі мақсаты болған. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон,
Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық,
парасаттылық, әділеттік жолмен дамуын армандайды. Аристотель: заң үстемдігі
болмаса, демократия жоқ - деді. Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы
пікір жан-жақты дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ
ғылыми көзқарас қалыптасты деуге болады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары:
Заңның үстемдік етуі.
Мемлекеттік биліктің бөлінуі.
Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың құқықтық
және әлеуметтік қорғалатындығы.
Саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы.
Азаматтық қоғамның қалыптасуы.
Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен
принциптеріне сәйкес келуі. Адамдар "заңның құлы" болмайынша құқықтық
тәртіп те, демократия да жақсы дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір
тәжірибесінен қалыптасқан өсиет сөз бар:
Заң - мемлекеттің ақылы.
Сот - мемлекеттің жүрегі.
Мәдениет - мемлекеттің тәртібі.
Міне, осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп, қалыптасып және мемлекеттің
ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық қүқықтық нормалар мен
принциптерге сәйкес келсе, елімізде құқықтық мемлекет орнайды. Қорыта
айтқанда, құқықтық мемлекет дегеніміз - жеке тұлға мен қоғам мүддесін
қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.

2. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

"Конституция" деген сөздің латыннан аудармасы "құрылғы", "жарғы", "заң"
деген мағыналарды береді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері
осылай аталған.
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамына кірген одақтас
республикалар егемен, тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп
аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер
қабылданып, жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға
жататындар:
Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.
3.1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конститу-
циялары.
Аталған конституциялық кесімдер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін
жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалады.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат - Қазақстан Республикасының 1995
жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған
Конституциясы (1998 жылғы және 2007 жылдың 21 мамырдағы өзгерістер мен
толықтырулар). Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдардың
қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың
негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының
қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен
бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемле-
кеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді.
Қазақстан Республикасы - егеменді және тәуелсіз мемлекет
Халықтың билік етуі жарияланды. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік
биліктің бірден-бір қайнар көзі - халық. Халыққа, негізінен мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген. Қазақстан халқы тек
қазақ ұлты емес, сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты
басқа ұлттар топтары. Халық дауыс беру, (референдум), талқылау, сондай-ақ
Парламент депутаттарын сайлау арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды
мәселелерін шешуге қатысады. Президентті де тікелей халық сайлайды.
Егемендік және тәуелсіздік жарияланды. Егемендік мемлекеттік биліктің
бірлігін, үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын мемлекеттің мәні болып
табылады. Аталған қасиеттер тығыз байланысты және солардың арқасында
мемлекеттің азаматтарын жалпыға бірдей тең құқықпен мемлекеттік - құқықтық
бірлікке топтастырып отырған Қазақстан Республикасы осындай егемендік
жайында толық сипат бере алады.
Мемлекеттің билігінің біртұтастығы Қазақстанды тәуелсіз, толық билікті
бөліктерге бөлінбейтін бір ғана мемлекеттік биліктің болуы мүмкін және бар
екендігін білдіреді.
Республика мемлекеттік билігінің тәуелсіздігі - оның мемлекет аралық
қатынастағы егемендігі. Қазақстан мемлекетінің басқа бір мемлекеттің
билігіне бағынбауы, оның дербестігін, сөзсіз сыртқы саясаттық құқықтық
субъектілігін білдіреді. Ешқандай басқа мемлекеттің Қазақстанның ішкі
істеріне араласуға құқығы жоқ, өйткені ол - егеменді ел.
Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Мемлекетіміздің
аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының
аумағын күшпен басып, қосып алу, не ыдыратып жіберу халықаралық қауымдастық
тарапынан елдің аумақтық тұтастығына қол сұғушылық және жалпыға бірдей
халықаралық құқық принциптерін өрескел бұзушылық болып табылады. Қай жақтан
шықса да, мұндай озбырлық әрекеттердің кез келгеніне Қазақстан Республикасы
өзінің қарулы Күштерінің барлық қуатымен тойтарыс беруге хақылы. Бұл - оның
мемлекет ретіндегі егемендік құқығы. Сондықтан Конституцияның 2-ші бабында:
"Республика егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының
тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді" - деп атап
көрсетілген.
Конституцияда жарияланғандай Қазақстан басқа көрші елдермен татулық
принципін сақтау және олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы
шешу, бірінші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді.
Біртұтас мемлекеттік биліктің тармақтарға бөліну принциптері –Қазақстан
Республикасының негізге алынатын конституциялық құрылысы, елдегі
билікті күшпен иемденіп кетпеуіне қоғам алдында кепілдік беретін принцип.
Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені оның бірден-бір
бастауы - Қазақстан халқы және мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Әйтсе де,
бұл билік өзінің бөліну принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарына бөлініп, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану
арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 3 - бабы). Осыған орай, Конституция
Парламенттің, Үкімет пен Жоғарғы Соттың міндеттерін дәл белгілеп, шек
қоятын және біртұтас мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді
жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Президентінің
өкілеттілігі қисынды шешімін тапқан.
Республика Парламенті белгіленген жағдайда ел Үкіметіне сенімсіздік
білдіріп, Президентті қызметінен босатуға "қауіп" төндіре алады. Президент
өз тарапынан Парламентті таратып, Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуға,
Парламент қабылдаған заңдарға тыйым салуға және Үкіметтің актілерін
өзгертуге не тоқтатуға құзыры бар.
Үкімет өздері ұсынған заң жобасы қабылданбаған жағдайда, Парламент
Палаталарының бірлескен мәжілісіне Премьер-министрдің бастауындағы Үкіметке
деген сенім мәселесін қоюға құқылы.
Егемендіктің тағы бір белгілері: өз азаматтығының және басқа
мемлекеттермен қарым-қатынас қабілеттілігінің болуы. Азаматтыққа байланысты
мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда, басқа да құқықтық-
нормативтік кесімдерде көрініс тапты. Қазақстан Республикасы Біріккен
Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі, көптеген шет
мемлекеттермен елшілік қатынастарын жолға қойды.
Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңбасы, Туы,
Әнұраны бар. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті. Заңдарда
оларды пайдаланудың тәртібі белгіленген.
Қазақстан - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Демократиялық мемлекет - Қазақстан, ең алдымен Конституция қабыл- дап,
тікелей мемлекет бастышын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен
соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар ел. Сонымен қатар,
демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық
нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық пен
жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да
мүмкіндік береді.
Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін
ұстаудың мемлекеттен бөлектігін білдіреді және бұл жағдай Қазақстандағы
ислам мен православиелік, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты.
Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде
құрылып, жұмыс істейді. Сонымен бірге, әркімнің ар-ождан бостандығына
құқығы бар. Наным немесе атеизм мәселесі адамның жеке басының шаруасы болуы
тиіс.
Қуқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүддесін қорғайтыны, заң
үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Ол прин-
циптер: заңның үстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы
және сот биліктеріне бөлінуі; адам мен азамат құқығы мен бостандығына
халықаралық өлшем деңгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттің өзара
жауаптылығының болуы, т.б.
Әлеуметтік мемлекет - жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес қоғам
мен адамға тұтас қызмет ететін мемлекет. Ол мемлекеттік қаржы көздері
есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер
көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік
теңсіздікті жеңілдетуге әрекет етеді.
Қазақстан өз мемлекетінің әлеуметтік сипатын Конституциясында кепілдік
берілген білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмыс
бастылық, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен
тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік игілік істер арқылы анықтаған.
Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан біртұтас, Президенттік басқару
жүйесіне негізделген мемлекет. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы
халық сайлаған Президент болады да, Премьер-министрдің басқаруындағы,
өзінің алдында жауапты үкіметті тағайындайды.
Қазақстандағы президенттік басқару нысанының ерекшелігі сол билік
бөлісу жүйесінде Президент "билік буындарының үстінен қарау" құқығына ие
әрі олардың келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол Конституциялық тәртіпке сәйкес
Үкіметтің өкілеттігін ғана тоқтатып қоймай, Парламентті де тарата алады,
соттарды тағайындап және қажет болған жағдайда заңдық күші бар жарлықтар
мен заңдар шығарады (Конституцияның 45 - бабы).
Қазақстанның біртұтастығы оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерден
құрылатындығын (облыс, аудан, қала, аудан, ауылдар мен
селолар), автономияға бөлінбеуі. Әкімшілік аумақтық құрылым туралы ерекше
заң бар. Ол Қазақстанның тарихи және қазіргі замандағы ерекшеліктерін
бейнелейді.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі
Қазақстанда сайлау жүйесінің екі түрі қолданылады: төте сайлау және
жанама сайлау. Қазақстан Президенті, Мәжіліс және Мәслихат депутаттары төте
сайлау жүйесі арқылы сайланады. Президентті конституциялық заңға сәйкес
жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың
кәмелетке толған азаматтары дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.
Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау
құқығының негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжіліс
депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің, жұмыс істеп тұрған сайлану
өкілеттілігінің, мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей
өткізіледі.
Жергілікті органдарды - мәслихаттарды жалпыға бірдей, төте сайлау
құқығы негізінде жасырын дауыс беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет пен құқық теориясы пәні және функциясы мен әдісі
Қазіргі кездегі мемлекеттік функцияның түсінігі және жіктелуі
Құқықтық сана түрлері
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
ЗАҢГЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Мемлекет құқық теориясының пайда болуы
Мемлекет құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар
ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ
Құқықтық нормаларды іске асыру және оларға түсінік беру
Пәндер