Қазақстандағы ұлттық-мәдени орталықтар жайлы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Курд ұлттық.мәдени орталығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Татар.башқұрт ұлттық.мәдени орталығы ... ... ... ... ... ... ... .8
3. Корея ұлттық.мәдени орталығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Қазақстанда өзге ұлт өкілдері көп тұрады. Бір жақсысы, бізде ұлттар арасында келіспеушіліктер жоқ. Барлығы тату-тәтті, ынтымақты өмір сүріп жатыр.
Негізі, Қазақстандағы ұлттық мәдени орталықтардың үш статусы болады. Олар республикалық, облыстық, аудандық болып үшке бөлінеді. Мәселен, республикалық ұлттық мәдени орталықтар туралы айтатын болсақ, бүгінгі таңда Әділет министрлігіне нақты тіркелген 28 мәдени орталық бар. Бұл орталықтардың облыста, ауданда өздерінің филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар ұлттық мәдени орталықтардың жергілікті әділет басқармаларына заңды тіркелгендері де, тіркелмегендері де болады. Осы реттен келгенде, еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жалпы саны 820-дан асады. Бұл – тіркелген-тіркелмегендерінің барлығын қосып есептегендегі көрсеткіш. Мысалы, республикалық, облыстық ұлттық мәдени орталықтар заңды түрде тіркеліп жұмыс істесе, аудандық орталықтар тіркелмейді, оларды жергілікті әкімшілік өздері бақылайды. Қарап тұрсаңыз, Солтүстік Қазақстан облысында этно-мәдени орталықтар өте көп. Себебі онда қазақтар аз да, өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған. Олардың әрқайсысы сол жерде топтасып, ансамбль құрып, этно-мәдени орталық ретінде бірлесіп жұмыс жасайды.
Бұл жұмыстың басты мақсаты – Қазақстандағы ұлттық мәдени орталықтардың түрлерін, тарихын, өрлеуін, даму жолдарын және этносаралық қатынастарды жақсартудың жолдарын қарастыру болып табылады.
1. Кабылов А.С. Абдуллина З.А. Саясаттану. Барлық мамандардың барлық бөлімінде оқитын студенттер үшін семестрлік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2011-53б.
2. Балтабаева А. Национальная политика и межнациональные отношения в Казахстане в советский период. – Саясат – Полис. -2009. №12
3. Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н., Исмағанбетова З.Н. Саясаттану. Оқу құралы. Алматы: «Өлке», 2005. – 176бет.
4. http://abai.kz
5. http://www.qazaquni.kz
6. http://www.alashainasy.kz
7. http://kk.wikipedia.org
8. http://www.shuak.kz

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
ЭЛЕКТРЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Саясаттану пәні бойынша
№2 Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: Қазақстандағы ұлттық-мәдени орталықтар
Нұсқа №21

Орындаған: БЭк-10-12 тобы студенті
Утемуратова Калима
Тексерген: Иманбаева С.Ж.

Алматы, 2012
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Курд ұлттық-мәдени орталығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Татар-башқұрт ұлттық-мәдени орталығы ... ... ... ... ... ... ... ..8
3. Корея ұлттық-мәдени орталығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .17

Кіріспе

Қазақстанда өзге ұлт өкілдері көп тұрады. Бір жақсысы, бізде ұлттар арасында келіспеушіліктер жоқ. Барлығы тату-тәтті, ынтымақты өмір сүріп жатыр.
Негізі, Қазақстандағы ұлттық мәдени орталықтардың үш статусы болады. Олар республикалық, облыстық, аудандық болып үшке бөлінеді. Мәселен, республикалық ұлттық мәдени орталықтар туралы айтатын болсақ, бүгінгі таңда Әділет министрлігіне нақты тіркелген 28 мәдени орталық бар. Бұл орталықтардың облыста, ауданда өздерінің филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар ұлттық мәдени орталықтардың жергілікті әділет басқармаларына заңды тіркелгендері де, тіркелмегендері де болады. Осы реттен келгенде, еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жалпы саны 820-дан асады. Бұл - тіркелген-тіркелмегендерінің барлығын қосып есептегендегі көрсеткіш. Мысалы, республикалық, облыстық ұлттық мәдени орталықтар заңды түрде тіркеліп жұмыс істесе, аудандық орталықтар тіркелмейді, оларды жергілікті әкімшілік өздері бақылайды. Қарап тұрсаңыз, Солтүстік Қазақстан облысында этно-мәдени орталықтар өте көп. Себебі онда қазақтар аз да, өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған. Олардың әрқайсысы сол жерде топтасып, ансамбль құрып, этно-мәдени орталық ретінде бірлесіп жұмыс жасайды.
Бұл жұмыстың басты мақсаты - Қазақстандағы ұлттық мәдени орталықтардың түрлерін, тарихын, өрлеуін, даму жолдарын және этносаралық қатынастарды жақсартудың жолдарын қарастыру болып табылады.

Курд ұлттық-мәдени орталығы
Күрдтер - Таяу Шығыс аймағының ірі этносы, тарихшылардың зерттеулері бойынша жаңа дәуірге дейінгі екінші мыңжылдықта тіршілік еткен Оңтүстік-Батыс Азиядағы ежелгі халықтардың бірі. Тілі үндіеуропалық туыстастыққа кіреді, иран тілінің солтүстік-батыс тобына жатады. Тілінде көптеген диалектілер бар. Негізгі солтүстік құрманжы және оңтүстік сорани диалектілерін бөліп айтуға болады.
Қазіргі кезде әлемдегі күрдтердің саны 40 миллионнан асады. Соңғы санаққа сәйкес республикада 60 мың күрд бар, оның 14 мыңы Алматы облысында тұрады.
Осы халық туралы айтқан кезде күрд ақыны Барие Балының: Қайғылы халық, ұясыз құс сияқты... деген сөзі ойға оралмай қоймайды. Ұясыз деген сөзде бір кездері әзірбайжан аумағында автономиясы болған халықтың аллегориялық бейнесі соншалықты тура бейнеленген. 1936-шы жылы сталиндік режимнің орнауымен күрдтер әп сәтте сенімсіз халықтардың қатарына қосылды, сөйтіп олар 1937 жылы Орта Азия мен Қазақстанға жер аударылды. Жер аударылғандардың қайғылы тағдырлары туралы белгілі қазақстандық ғалымдар Н.К. Нәдіров пен К.И. Мирзоевтар көп жазды.
Күрдтерді депортациялау бірнеше кезеңнен тұрды. Қоныс аударудың өзі адам шошырлық қатігездікпен жүргізілді. 1937 жылдың аяғы мен 1938 жылдың басында Қазақстанға адамдар тиелген құрамдар келе бастады. Жолда көпшілігі адам төзгісіз жағдайларға шыдай алмай өліп кетті. 50-ші жылдардың аяғына дейін күрдтер коменданттық сағатпен, түрмеге қамалумен қорқытылып, белгіленген жерлерден ұзап шықпау, арнаулы есепте тұру сияқты қорлық жағдайда болды.
Қазақстанда депортацияланғандарды облыс пен аудандарға бөлді. әрбір ауылға 25-тен отбасы келді. Күрдтердің аға буыны қазақ халқының қамқорлығын, мейірбандығы мен туыстық көмектерін алғыс сезімімен еске алады. Сталиндік жүгенсіздік кезінде күрдтердің рухани байлықтары ғана емес, халықтың бір бөлігі де жойылып, енді біразы хабарсыз кетті. Күрдтерді Күнгей Кавказдан жер аударудың екінші кезеңі 1944 жылдың күзінде жүзеге асырылды. Шаршап, аштықтан бұратылып келген жер ауғандарды қонақжай қазақ елі тағы да жатсынбай қабылдады. Баспана беріп жылытты, азық беріп бауырына тартты, қайырымдылық көрсетіп, адамдарға деген сенімін жоғалтпауға, сөйтіп қиыншылықтан аман қалуға көмектесті. Ұлы Отан соғысынан оралған майдангер күрдтер өз туыстарымен кездесе алмады. Отбастарын іздестіру қиынға соқты, тіпті олардың өздері де арнайы жер аударылғандар бағанына ілікті. 50-ші жылдардың аяғына дейін оларға айына екі рет тиісті органдарда белгіленіп отыру міндеттелінді. Бұл кезеңдері халық қарапайым азаматтық құқықтарынан, өздерінің ұлттық мәдениеттері мен туған тілдерін сақтау, дамыту мүмкіндігінен мүлде айырылды. "Хрущев жылымығы" жеткенде ғана коменданттық қадағалау мен азаматтық құқықтарын шектеу жойылды.
Күрдтердің Қазақстанға қоныс аударуының келесі кезеңі өткен ғасырдың 90-шы жылдарына тұспа-тұс келді. Таулы Қарабақтағы әскери жанжалдың нәтижесінде күрдтер қоныстанған орындарын тағы да тастап кетуге мәжбүр болды. Көптеген күрдтер Ресейге, бұрынғы Кеңес Одағының кейбір республикалары мен Қазақстанға, оның ішінде Алматы мен Талдықорған облыстарына қоныс аударып, осындағы күрд диаспорасын толықтырды.
Күрдтердің мәдениеті өз тамырларын ондаған мыңжылдықтарға бой тартқан тереңнен алады. Көшпенділер мен жартылай көшпенділер пішіні қазақ үйге ұқсайтын, ішкі жағы түрлі түсті жіптерден шеберлеп тоқылған, перде немесе шымылдықтармен бөлінген шатырларда (чадыр) тұрады.
Күрдтер баланың тууы, есімін қою, сүндетке отырғызу, балаларды тіл-көзден сақтау сияқты қатал сақталып отыратын отбасылық дәстүрлерге бай.
Этнос мәдениетінің құрамдас бөлігі - ұлттық киімі. Азия халықтарының киімінен өзіндік бейнесімен өзгешеленеді. Соншама көптүрлілік жергілікті жерлер мен климаттық жағдайларға байланысты қалыптасып отырған.
Дәстүрлі тағамдары көптеген халықтардың тағамдарына ұқсас. әдетте, олар сүт және ет тағамдары, көкөніс пен жемістерден де жиі дайындалады.
Күрдтер - тау халқы, сондықтан да негізгі айналысатындары мал шаруашылығы, тері илеу кәсібі, жүннен бұйымдар (кілем, киіз, тоқыма бұйымдары) дайындау дамыған. Ойпатжазықтағы тұрғындар ауыл шаруашылық өндірісімен айналысады.
Құрбан айтқа қой немесе өгіз шалады. Бұл ырымда міндетті түрде дұға оқылады. Тек күрдтерге ғана тән ұлттық мейрамға Қыдыр-Нәби жатады. Қыдыр-Нәби - туыстар арасындағы жақсы қарым-қатынас пен ауқаттылықтың қорғаушы періштесі, ұлы оразада ол әрбір үйге келеді. Күрд халқының тарихында көптеген тамаша ақындар мен жазушылар өткен. әдебиет мектебінің негізін қалаушы сарай ақыны Мело Джезери (12 ғ.) болды. Облыста да күрд диаспорасының атақты адамдары баршылық. Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім, жасы 80-ге келген ақсақал Надыров Азиз Байлярұлы ең белгілі азамат. Гасанов Можлис, Алиев Айдын, Асланов Сори сияқты көптеген майдангерлердің есімдері елге мәлім.
Мақтан етерлік ғалым-жерлестеріміз Гасанов Халит Мамедұлы - аграрлық университеттің профессоры, бірқатар ғылыми еңбектердің авторы; Мамедов Мамед Мұстафұлы - профессор, әлеуметтік ғылымдардың докторы, ТМД күрдтері туралы ғылыми еңбектердің авторы; Гасан Ходжа Сулейман - филолог, ақын, күрд газетінің бас редакторы, бірқатар әдеби жинақтардың авторы; Мырзаев Мелекша Османұлы - Спорт және туризм академиясының проректоры, профессор.
Облыста тұратын күрдтердің арасында экономикалық, әлеуметтік-мәдени өмірге үлкен үлес қосып жүрген лайықты өкілдер де жетерлік.
2001 жылы облыста Қазақстан Республикасы күрдтерінің Барбанг қауымдастығы Аймақтық бірлестігінің филиалы ретінде ұлттық-мәдени орталық құрылған болатын. Бірлестіктің төрағасы болып Алматы облысының тұрғыны, 1951 жылы туған Гасанов Маликшах Шахмұратұлы сайланды.
Орталықтың табысты жұмыстарының нәтижесінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында жүздеген күрд жігіттері мен қыздары оқиды. Жиана Курд газеті мен Нубар әдеби-көркем журналы шығарылады. Облыстық диаспораның дамуында шығармашылық ұжымдар ерекше рөл атқарады. Алматы облысындағы Ащыбұлақ селосында күрд драма театры құрылған. Күрдістан вокальды-аспаптық ансамблі, Мидия вокалдық тобы мен балалар хоры көрермендер құрметіне бөленген. Ұлттық орталық жанынан құрылған Стерк фольклорлық ансамблі барлық салтанаттардың сәніне айналған.
Ұрпақтан ұрпаққа берілетін дәстүрлері мен мәдениетін қайта жандандыру үшін Қаратал ауданында 1989 жылы алғаш рет күрд мәдениеті қоғамы құрылды. Оны әли Сулойұлы Мамуч-Оғлы басқарды. 1999 жылдың басында ҚР Күрдтер қауымдастығы қайта тіркелгеннен кейін Барбанг (Таңсәрі) дейтін жаңа атымен белгілі болды, 2005 жылдың ақпан айында республикалық қауымдастықтың құрылымдық бөлімшесі ретінде Талдықорған аймақтық филиалы болып тіркелді.
Орталық жұмысының негізгі бағыты: тілдің қайта өркендеуі, күрдтердің ұлттық дәстүрлерімен өлкенің өзге ұлт өкілдерін таныстыру, күрд өкілдерін қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да ұлттардың рухани және мәдени құндылықтарымен таныстыру, күрд диаспорасының білім деңгейін көтеру. Араларында Зинаида Алиқызы Мамуч-Оглы, Хаджо Ахмедқызы Мамуч-Оглы, Айша Дурсунқызы Мамуч-Оглы бар ұлттық-мәдени орталықтың белсенділері барлық мемлекеттік және ұлттық мерекелерге қатысады. Талдықорған өңіріндегі күрдтердің көбі Қаратал ауданында тұратындықтан мәдени-ағарту шаралары негізінен ‡штөбе қаласында және облыс орталығында өткізіледі. Қарттар күніне арналған қайырылымдылық кештерінде дастарқан жаю мен сыйлықтар тапсыру күрд мәдени орталығының дәстүрлеріне айналды.
Ұлт өкілдерінің жас буынымен жүйелі жұмыс жүргізу диаспораның негізгі мақсаттарының бірі болып қала бермек. Мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей біліммен қамтуға көңіл бөлініп, олармен шылым шегудің, маскүнемдік пен нашақорлықтың зияндығы туралы, салауатты өмір жайында жүйелі түрде кеңестер өткізіледі.
Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің қолдауымен Барбанг қоғамдық бірлестігі жастардың бос уақытын және балалардың сабақтан тыс уақытын дұрыс өткізу шараларын қамтамасыз ету, оларды қоғамдық және мәдени қызметтерге тарту, тілді оқытуға, дәстүрлер мен әдеттерге үйрету, спорттық шаралар мен ойындарға тарту жобасын іске асырды. Қазақстандағы ұлтаралық татулық, әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылық - осының барлығы республика халқының, соның ішінде Алматы облысы күрдтерінің әл-ауқатының жоғарылауының негізгі кепілі болып табылады.

1.2. Татар-башқұрт ұлттық-мәдени орталығы

Татарлар түрік тілдес халықтар тобының (орта Жайық пен Еділ татарлары, Астрахань, Сібір, Қырым, Литва және т. б.) қалыптасуы мен дамуы әртүрлі тарихи жағдайларда болған. Татар тілі түрік тобындағы Алтай тілдеріне енеді.
Тарихтың деректері көрсеткеніндей, қазақ пен татар халықтары бір-бірімен 400 жылдан бері араласып келеді. Қазақстанда XIX ғасырда тұратын татарлардың саны едәуір өсіп, 79758 адамға жеткен. 1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 327982 татар тұрады, оның 45811-1 Қарағанды облысында.
Башқұрлар, әуелгі атауы - башқорт. Башқұрт тілі түрік тілдеріне жатады.
1926 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 812 башқұрт тұрған. Бүгінде Қазақстандағы башқұрт диаспорасының саны 23225 адам, олардың көбі Қостанай және Қарағанды облыстарында тұрады (Қарағандыда 5652 адам).
Ұлттық орталықтардың алғашқыларының бірі болып облыс аймағында татар-башқұрт ұлттық мәдени орталығы құрылды.
Облыстық татар-башқұрт мәдени орталығының құры-луы тарихы 1994 жылдың сәуір айынан басталып, осы қоғамдық ұйым тіркелгеннен кейін өз мәртебесіне ие болды. Мәдени орталық белсенділері бірінші күннен бастап Татарстан және Башқұртстанмен байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөледі. 1995 жылы башқұрттардың Уфа қаласында өткен бірінші Дүние жүзілік құрылтайында үкімет деңгейінде "Татарстан білім министрлігі мен Қа-рағанды облыстық білім департаменті арасындағы білімге байланысты ынтымақтастық келісіміне" қол қойылды.
Татар-башқұрт орталығының көркем өнерпаздар ұжымы облыстың барлық ұлттық және басқадай мерекелеріне белсене қатысады. Белгілі ақын, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Мұса Жәлелдің 90-жылдығына арналған әдеби сазды кеш табысты өтті.
Тұрғындардың арасында ертеден келе жатқан көп ғасырлық тарихы бар "Сабантой" ерекше аталып өтіледі. Осы бұқаралық серуеннің бағдарламасына ән, би, татар мен башқұрт халықтарының ойындары кеңінен енгізіледі. Олардың ұлттық мерекесіне барлық мәдени орталықтар мен қала тұрғындары қатысады. Білім беру саласындағы Татарстан білім министрлігі мен Қарағанды облыстық білім департаментінің ынтымақтастығы жөніндегі келісіміне сәйкес Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданының 4 мектебінде татар тілі ана тілі ретінде 1996 жылдан бері оқытылып келеді.Облыстық орталықтың қасында жексенбілік мектеп бар. Руфина Хафизовна Надырова жетекшілік ететін хореографиялық үйірме табысты жұмыс істеуде.
Көркемөнерпаз ұлттық ұжымдары, Абай қаласындағы "Яшлык" жастардың эстрадалық ансамблі, Қарағандыдағы "Муннар", "Суйумбике" ансамбльдері көрермендерден жақсы баға алуда. Қарағанды облысындағы татар-башқұрт диаспорасы қоғамдық өмірге, жыл сайын өткізілетін фестивальдар мен мерекелерге белсенді түрде қатысады.
Татар-башқұрт мәдени орталығының қызметі қазір шырқау шегінде. Бұған жеке ғимарат алу ықпал етті. Орталықтың жанында "Сарман" деп аталатын ұлттық асхана жұмыс істейді. Осы жерде "Аулақ үй" деп аталатын жастар орталығы жұмыс істеп, онда тақырыптық кештер, дискотекалар, кездесулер өткізіледі.
Татарлар - түркітілді халықтарының тобы, (татарлар Орта Поволжье мен Орал, Астрахань, Сібір, Қырым, Литва), дамуы мен қалыптасуы әртүрлі тарихи жағдайда өткен. Татар тілі түркі тобының алтайлық жеті тілдерінің біріне жатады. Қазіргі татарлар монғол тектес белгілерімен жерортатеңіздік нәсілдерге жатады. Татар этнонимі 6 - 8 ғасырларда Байкал көлінің оңтүстік - шығыс жақтарын мекендеген тайпалар. Башқұрт, өз атауы - башкорт.Олардың тарихи отаны Орта Азия болып табылады. Татар этнонимі біздің заманымызға дейінгі 6 ғасырда Байкал өңірінде мекен еткен халық атауын береді. Қазіргі татар халқының ата - бабалары жер аударуға қатысқан, Орта Поволжье жерін иеленген. Б.э.д. 9 ғасырда Ұлы Бұлғария (Болгария) - Поволжье мен Прикамья халықтарының бірінші мемлекеттік бірлестігі таныла бастады. Түркітілді халықтарының мемлекетін құруда - болгарлар (бұлғарлар) маңызды рөл атқарды. Бұлғар хандығы төңірегінде ширин, арғын, барын, қыпшақ өкілдерінен мемлекеттік кеңес құрылды.
Монғол жорықтарының нәтижесінде Бұлғария Алтын Орда құрамына кіріп, ол құлағаннан кейін бұл жерлерге Қазан хандығы құрылды. 1552 жылы Мәскеу князьдігі жасақтары алдымен Қазанды, содан кейін - Астрахань, Сібір хандығын басып алды, соның нәтижесінде татарлар Ресей империясының құрамына кірді.
Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін Татар автономиялы республикасы құрылып, астанасы Қазан қаласы болып белгіленді.(1920) Волга өңірі татарларын Сібір мен Астрахандық татарларын, татар ұлтының бірыңғай құрамды бөлігі деп қарайды. Қазақтардың арасындағы татарлардың төрт ғасырдан астам тарихы бар. Империялық биліктің қысымшылдығы оларды туған жерін тастап кетуге және оларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматылық журналист Галина Дырдинаның айтуынша, бұның себебі қазақ тіліне сұраныстың жоқтығы
ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ЭТНИКАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ТАРИХЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылу тарихы
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Коворкинг орталығы демалыс пен шығармашылық жұмыс жасау кеңістігі
Экологиялық туризм ұғымы
Ұлт саясатының ұғымы
Жастар туризмінің мәні
ҚАЗАҚСТАНДА ЭТНО - МӘДЕНИ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ ӘЛЕУЕТІ
Діни туризмнің даму тарихы
Пәндер