Мұқағали Мақатаев жайында



Мұқағали Мақатаев (9.02.1931, Алматы обл. Райымбек ауд. Қарасаз а.-5.03.1976, Алматы) – ақын. ҚазҰУ-да (1948-49), Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында (1973-74) оқыған. Текес ауданында хатшы, 1952-62ж. Қарасаздағы мектепте мұғалім, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауылында Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында “Советтік шекара” газетінің (қазіргі “Хан тәңірі”) жауапты хатшысы болған. “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде, “Мәдениет және тұрмыс”, (қазіргі “Парасат”), “Жұлдыз” журналдарында әдеби қызметкер, Қазақстан Жазушылар одағында бөлім кеңесшісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала-Әкітай” 1949ж. Нарынқол ауд. “Советтік шекара” газетінде жариялаған. Американ ақыны У.Уитменнің “Шөп жапырақтарын” (1969), ағылшын ақыны У. Шекспирдің “Соннеттерін” (1970), Д. Алигерьидің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімін, орыс ақындары Н.Тихоновтың, Е.Евтушенконың, шотландық ақын Р.Бернстің, Ф.Ансаридің, армян ақындары А.Акопянның, А.Исаакянның, Ф.Моргунның өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Шығармалары өзбек, қырғыз,т.б. тілдерге аударылған. Көптеген өлеңдеріне ән жазылған. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа-тұс келді. Мұқағали 10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлеңдер жазған. Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт болмаған. Қазақстан Жазушылар одағы 1985ж. бері үздік әдеби шығарма авторларына Мұқағали атындағы сыйлық беріліп келеді. Алматы қаласында Мұқағали есімімен аталатын көшеге ескерткіш, тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылған. Қарасаз ауданында Мақатаевтың әдеби мұражай үйі, ескерткіші бар.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым,
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіңе қайтарамын, -
деп ақынның өзі айтқандай, Мұқағали мен халықтың арасында рухани-табиғи байланыс мықты.
Атырауға барсаң да, Арқа мен Алтайға барсаң да алдыңнан Мұқағали шығады. Біресе сәбише шаттанып, біресе қайғысын қара жер де ауырсынғандай кейіпте, енді бірде ақылы мен сезімін көзінен ғана ұқтырған сәл мұңдылау түрінде қарсы алдында батыр тұлғасымен қасқая қарап тұрғандай. Нағыз өнер құдіреті деген осы. Мұндай ақыны болған халық-бақытты халық. Ол өлең боп өмір сүрді, өлең боп өмірден өтті.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мұқағали Мақатаев (9.02.1931, Алматы обл. Райымбек ауд. Қарасаз а.-
5.03.1976, Алматы) – ақын. ҚазҰУ-да (1948-49), Мәскеудегі Әдебиет және өнер
институтында (1973-74) оқыған. Текес ауданында хатшы, 1952-62ж. Қарасаздағы
мектепте мұғалім, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауылында Қызыл отау
меңгерушісі, Нарынқол ауданында “Советтік шекара” газетінің (қазіргі “Хан
тәңірі”) жауапты хатшысы болған. “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен
Қазақстан”) газетінде, “Мәдениет және тұрмыс”, (қазіргі “Парасат”),
“Жұлдыз” журналдарында әдеби қызметкер, Қазақстан Жазушылар одағында бөлім
кеңесшісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы
бала-Әкітай” 1949ж. Нарынқол ауд. “Советтік шекара” газетінде жариялаған.
Американ ақыны У.Уитменнің “Шөп жапырақтарын” (1969), ағылшын ақыны У.
Шекспирдің “Соннеттерін” (1970), Д. Алигерьидің “Құдіретті комедиясының”
“Тамұқ” бөлімін, орыс ақындары Н.Тихоновтың, Е.Евтушенконың, шотландық ақын
Р.Бернстің, Ф.Ансаридің, армян ақындары А.Акопянның, А.Исаакянның,
Ф.Моргунның өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Шығармалары өзбек, қырғыз,т.б.
тілдерге аударылған. Көптеген өлеңдеріне ән жазылған. Ақынның балалық шағы
Ұлы Отан соғысына тұспа-тұс келді. Мұқағали 10 жасынан бастап соғысқа
кеткен әкесін сағынып өлеңдер жазған. Мұқағали үшін өлең жазудан артық
бақыт болмаған. Қазақстан Жазушылар одағы 1985ж. бері үздік әдеби шығарма
авторларына Мұқағали атындағы сыйлық беріліп келеді. Алматы қаласында
Мұқағали есімімен аталатын көшеге ескерткіш, тұрған үйіне мемориалдық тақта
орнатылған. Қарасаз ауданында Мақатаевтың әдеби мұражай үйі, ескерткіші
бар.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым,
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіңе қайтарамын, -
деп ақынның өзі айтқандай, Мұқағали мен халықтың арасында рухани-табиғи
байланыс мықты.
Атырауға барсаң да, Арқа мен Алтайға барсаң да алдыңнан Мұқағали шығады.
Біресе сәбише шаттанып, біресе қайғысын қара жер де ауырсынғандай кейіпте,
енді бірде ақылы мен сезімін көзінен ғана ұқтырған сәл мұңдылау түрінде
қарсы алдында батыр тұлғасымен қасқая қарап тұрғандай. Нағыз өнер құдіреті
деген осы. Мұндай ақыны болған халық-бақытты халық. Ол өлең боп өмір сүрді,
өлең боп өмірден өтті.
    МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ 
    Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны.
Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ
бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы
Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта
мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық
кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері,
жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық Советтік
шекара газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң Социалистік
Қазақстан (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінің (1962-1963), Мәдениет
және тұрмыс (қазіргі Парасат) 1963-1965, Жұлдыз (1965-1972)
журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973)
қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары
шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін,
суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Ильич
(1964), Армысыңдар достар (1966), Қарлығашым келдің бе?, Мавр (1970),
Аққулар ұйықтағанда (1973), Шуағым менің (1975) атты жыр жинақтарын
көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт
тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының
арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас
шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен,
әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән
бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Ол
өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын
байытты. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін туындаған өнер деңгейіндегі ғана
құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін
байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті. Мұқағали
аударма саласында да өзіндік шеберлік шалымымен толымды еңбектер тындыра
алды. Ол Дантенің Құдіретті комедиясының Тамұқ атты бөлімін, Шекспирдің
Сонеттерін, Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Біртуар дара
дарын Мұқағали Мақатаевтың қаламынан туған қанатты жырлар халқымен бірге
мәңгі жасай бермек. 
 

Жылдарым менің, жылдарым.

Жылдарым менің, жылдарым,
Жазылмай қалған жырларым.
Айтылмай жүрген сырларым,
Ақтармай жүрген мұңдарым,
Жылдарым, қайран, жылдарым.
Жылысып өткен жылымды,
Жоғалтқан өмір дер едім.
Айта алмай қамап мұңымды,
Шерменде болып келемін.
Көргенім ылғи өгейлік,
Қуанам неге тоқсынып.
Жыл өткен сайын кедейлік,
Жыл келген сайын жоқшылық.
Кедейдің көңілін жасытып,
Мұң басады екен мұндайда,
Дәулетімді тасытып,
Бақытқа бөлер жан қайда?
Жылдарым менің, жылдарым,
Айтылар ме екен сырларым.
Ашылар ма екен мұңдарым,
Жазылар ма екен жырларым.

Несіне ойланасың

Несіне ойланасың,
Несіне қиналасың,
Қайтесің
Бір жылы сөз қимағасын?
Атаң қазақ ескерткен әлде қашан,
Ешкімде сыйламайды сыйламасын!
Қапаламба, қадірлім, қапаламба
Қауіп – қатер басына тақағанда
Абайыңның басына қамшы ойнатып
Ақаныңның осылар матағанда...

Елім барда

Не сыйлайды, не береді келер күн?!
Неде болса тірі тұрсам көрермін.
Желідегі құлынымын мен елдің,
Көгендегі қозысымен мен елдің.
Не сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.
Таулар – менің таусылмайтын бақытым,
Ал ырысым – ұланғайыр кең далам.
Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты,
Оларды іздеп өткізбесін уақытты,
Мен бақытсыз бола қойман сірә да,
Туған елім болса екен бақытты.
Дәнеңе де сыйламасын келер күн.
Сый көрмей-ақ суалармын, сөнермін.
Туған елім тұғырыңда тұрса екен,
Әрі қарай...
Әрі қарай көрермін...

Әкеме

Сонымен құладың ба, тас қамалым?
Қалмады күйініштен басқа амалым.
Зиратың аяқ асты болмасын деп,
Бұзылған қорғанымнан тас қаладым.
Шынымен құладың ба, шым қорғаным,
Шынымен өртендің бе, нулы орманым?
Әке, сенің өмірінді жалғамасам,
Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным!

Бақытыңды жырлайды

Жыламашы, шырағым,
Күңіренген қобыздың
Бұрамашы құлағын.
Ұмыт болып мына күн, сейіледі мұнарың.
Жыламашы, шырағым,
Шашыратын шырағым,
Мен білемін мына күн шұғыламен тынарын.
Аттанады мына күн, ашылады аспанын,
Шашылады аспанға сенің жаһұт тастарың.
Сонау алыс асқарға асылады шашбауың,
Шашырайды басқа нұр, қосылады бастарың...
Шаттық пенен қуаныш,
Өкініш пен мұң-қайғы
Өмір бақи тұрмайды, алма-кезек зулайды.
Жыла, жаным, жылай бер...
Мен де мәңгі тұрмаймын.
Зарыңды кім тыңдайды?
Ертең келіп басқа ақын, бақытыңды жырлайды.

Шыт көйлек

Еркежан, есімде әлі шыт көйлігін,
Қайда кеттің, сөзімді күтпей менің?
Қайсыбіреу секілді қарсы алдында
Келмегенді сүйем деп тік сөйлегім,
Қайда кеттің, сөзімді күтпей менің?

Сен маған шарпыңды бер.

Сен маған шарпыңды бер, шарпыңды бер,
Сыйыңа сый жасаймын, нарқымды көр.
Қарызыңды мың есе қайтармасам,
Шапалақпен жағымнан тартып жібер.
Сен маған шарпыңды бер, шарпыңды ебр,
Сырдың желі мойнымды шарпып жүрер.
Алатаудың арда өскен тентегімін
Қайырымды құрбының нарқын білер...

Сенің көзің

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған,
Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман.
Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған,
Шашың-сенің жан баспаған жапандағы қара орман.
Қас-кірпігін қарлығаштың қанатындай қап-қара,
Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?!
Әсем-басың әп-әдемі, мүсініңе шақ қана,
Шиедейін еріндерің қызарып тұр, шоқтана.
Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен,
Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен,
Күлкің сенің шашылған нұр, сөзің кәусар, бал ма екен,
Бұл ғаламда сенен артқан жан бар деуге сенбеймін,
Сен солайсың, Ләйлім менің, сенбе маған, сен мейлің.
Бұл ғаламда сенен артқан бір жан болса егерде
Өз көзімді өзім оям, оны мәңгі көрмеймін.

Өзіммен өзім

Өзіммен өзім аса алмай,
Өзімді өзім баса алмай,
Ауыздық салған асудай,
Барар жер, басар ізім жоқ,
Бұғалықтан босанбай,
Байлауда тұрам қашанғы-ай?!
Өзіммен өзім алысып,
Болмайтын жерде қарысып,
Жаны игі жақсы жандардың
Жағасына жабысып,
Жамандықпенен табысып,
Жабыларменен жарысып,
Секілді күндес абысын-
Өләпат менің намысым.
Өзіміді өзім танымай,
Өзгеге көңіл жарымай,
Жақсылығыма қорымай,
Жамандығыма налымай,
Тауыққа шашқан тарыдай
Таусылар болды шаруа-ай!
Өзіммен өзім жүз жыртып,
Өзіме өзім мұз бүркіп,
Өзімнен өскен балуанға
Өз мойнымды үздіртіп,
Табытқан мені тағдыр-ай,
Өзгеге көзді сүздіртіп!...

Кешіріңдер

Кешіріңдер, туыстар,
Кешіріңдер, ағайын,
Өр көкірек бейбаққа өкпеледің талайың,
Кірсіз көңіл ақ туын
Жоғары ұстап, ағайын,
Ақ киімге оранып, алдарыңа барайын.
Кешіріңдер, жараңдар,
Қошақаның болайын.
Сый сұрағам жасыңнан,
Мейір күткем қартыңнан.
Еркелеп ем сендерге,
Емін-еркін шарқ ұрғам,
Екенмін ғой аң тұрған.
Сөз өргізіп артымнан,
Арыла алмай келемін
Бала күнгі қалпымнан.
Кешіріңдер, достарым,
Кешіріңдер, қастарым.
Есім кіре бастады,
Мен-мен емес, басқамын...
Еркелікті тастадым.
Естеріне алғайсың еркін жүрген қалқаны.

Бақыт іздеп

Аспан астын, жер үстін шиырлаған,
Бақыт жүр біреулерге бұйырмаған.
Білемін, бақыт табу қиын маған,
Несіңе бақыт іздеп құйын болам!
Ырыстың дастарханы жиылмаған,
Бірақ ол біреулерге бұйырмаған.
Білемін, бақыт бақыт табу қиын маған,
Әйткенмен, бақыттан да қиын бағам!
Аспаннан бақыт жауса тиылмаған,
Бәрібір біреулерге бұйырмаған,
Өзімнің ырысым бар құйылмаған.
Мен мынау өмірімнің күйін бағам,
Бақыттан басқалары үйір маған...
Аспан асты, жер үстін мекендеген,
Біреулер бақыт тепендеген.
Бақыт іздеп жүріппін бекерге мен,
Қарызымды арқалап өтелмеген,
Ой болсашы бір күні кетем деген.

Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған Отан деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарық шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Эпилог.

... Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым,
Жерді аңсаймын...
Жалғыз-ақ сол – арманым.
Қиын екен, қимасың екі бірдей,
Көз алдында ғайып боп жоғалғанда...
Көрдің бе бір-біріне дөп келуін,
Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін?
Балам-ай, мынау өмір-дариғаның,
Білмейсің қайда екенін өткелінің.

Аққулар...

Аңыз көп қой олар жайлы,
Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды...
Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,
Шошыса, екінші рет оралмайды.

Орнында екен Жетім көл, жоғалмапты,
Ортаймапты, немесе тола алмапты.
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,
Қасиетті аққулар оралмапты.

Қызықпа, қыз!

Ақын жайлы айтады қызықты аңыз,
Бірақ сен қызықпа, қыз!
Қызықпа, қыз!
Рас-ақ, біздер-патша!
Мұжық та-біз, түнерген бұзық та біз!
Ақындарға қызықпа,
Қызықпа, қыз!

Шынымен ақын жанын қалайсың ба?
Шыдайсың ба, шынымен талай сыңға?
Ақын деген бірде қарт, бірде сәби,
Қартты сыйлап, сәбиге қарайсың ба?
Ілікпе, қыз,
Ақынның тұяғына.
Зымиян да осылар...
Зиялы да.

Таңданба, жаным, таңданба.

Орман, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақатаев социализм дәуірінің төл перзенті
М. Мақатаевтың азаматтық тұлғасын өзінің өлеңдері мен поэмалары арқылы сомдау
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығындағы ұлттық болмыс, халықтың салт-дәстүрлері мен нақыл сөздері
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ САЛАСЫ
Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны
Мұқағали мұрасы - сөз маржаны
Мұқағали Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы метафораның қолданыстық ерекшеліктері
Пәндер