«Информатика» пәнінен практикалық жұмыстар


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Туран - Астана» университеті
«Инженерлік - экономикалық» факультет
«Ақпараттық технологиялар» кафедрасы
«Информатика» пәнінен СӨЖОБ сабағына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Астана 2010
ӘОЖ 004 (075. 8)
ББК 32. 973 Я7
Құрастырғандар: ф-м. ғ. к., доцент Оспанов Н. М., аға оқытушы Г. И. Серикбаева, оқытушы А. Ж. Анетова.
«Информатика» пәнінен СӨЖОБ сабағына арналған
әдістемелік нұсқау
Астана: «Туран - Астана», 2010ж., 90 бет.
Әдістемелік нұсқау ҚР ғылым және Білім министірлігі оқу-әдістемелік бірлестігі бекіткен жоғарғы оқу орындарының студенттеріне «Информатика» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Пікір жазғандар:
Бакытжан А. Б. - ф. м. ғ. к., доцент, «Туран - Астана» университеті
«Туран - Астана» университетінің әдістемелік кеңесінің шешімі бойынша баспаға ұсынылған.
№___ мәжіліс хатынан 2010ж.
«Туран - Астана», 2010ж.
СӨЖОБ №1
- Информатика және информация
Жұмыстың мақсаты: Информатика пәні және информация ұғымы туралы түсінік беру.
Инрорматика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен әдістерін зерттейтін комплексті ғылым.
«Информация» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін information сөзінен шыққан.
Біз өзімізге қажетті информацияны оқулық пен кітаптардан, газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден ала аламыз. Информация кез-келген түрде бізге белгілі-бір мағлұматтар немесе не болып жатқаны туралы деректер береді.
Түрлі объектілер, құбылыстар мен процестер жөніндегі жалпы мағлұматтарды информация дейді. Информация алу дегеніміз - бізді қоршаған құбылыстар мен объекттердің өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер бере алу деген сөз.
Сонымен, информация - белгілі-бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Информация түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т. б.
Информацияның өлшем бірліктері - бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт. 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары бит деп аталады. Бит ағылшын тіліндегі bit (binary digit - екiлiк танба) деген қысқарған сөз. Компьютерде қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды байт (ағылшынның byte деген сөзінен) деп аталады.
Әрбір таңба компьютер жадынан 1 байт орын алады. Мысалы, әр жолда 60 таңба (бос орындармен қоса алғанда), ал әр парақта 40 жол (1, 5 интервал үшін) болатынын ескерсек, бір стандарт өлшемді параққа шамамен 2400-2600 байт информация сияды.
1 байт=8 бит
1 килобайт=1024 байт
1 мегабайт=1024 килобайт
1 гигабайт=1024 мегабайт
- Дербес компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары. Пернетақтамен танысу.
Жұмыстың мақсаты: Дербес компьютердің (ДК) негізгі және қосымша құрылғыларымен танысу, Пернетақтамен жұмыс істеуге машықтану.
Дербес компьютер мынадай негізгі құрылғылардан тұрады:
Монитор - информацияны бейнелейтін құрылғы.
Пернетақта - информацияны компьютерге қолдан енгізуге мүмкіндік беретін құрылғы.
Жүйелік блок - информацияны сақтауға арналған құрылғы.
Ол енгізілген информацияны сақтайды, өңдейді, құрылғыларды бір-бірімен байланыстырып басқарады.
Сонымен бірге компьютерге мынадай қосымша (периферия) құрылғылар жалғауға болады:
тышқан - компьютермен жұмыс істеуді жеңілдететін құрылғы.
принтер - мәліметтерді қағазға басып шығаратын құрылғы.
джойстик - ойын үшін пайдаланылатын құрылғы.
модем - басқа компьютерлермен телефон желісі арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.
CD ROМ - компакт дискіні оқитын құрылғы
сканер - тексттік және графиктік мәліметтерді тікелей оқып, компьютерге енгізетін құрылғы.
стример - информацияны магнитті лентада сақтайтын құрылғы.
плоттер - сызбаны қағазға шығаратын құрылғы
UPS - үздіксіз ток беруші құрылғы.
аудиоплата - компьютердің дыбыс шығару, сөйлеу мүмкіндігін жүзеге асырушы құрылғы.
желілік құрылғы - басқа компьютерлермен мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.
Пернетақта
Пернелерді қызметіне қарай 5 блокқа бөлуге болады:
1. алфавитті-цифрлық пернелер
2. курсорды басқару
3. қосымша пернетақта
4. функциональды пернелер
5. арнайы пернелер
1-блокта:
а) цифрлар мен таңбалар пернелері, олар жоғарғы қатарда орналасады.
б) латын-орыс әріптері және таңбалары, олар келесі қатарда орналасады.
в) бос орын (Spase) - төменгі қатардағы ұзын перне.
г) - <Enter>- қатардың немесе қандай да бір іс-әрекеттің соңын білдіреді және берілген команданы орындайды.
<Esc> - ағымдағы әрекетті өзгерту немесе команданы жоққа шығару.
<Tab> - курсорды бір панельден екінші панельге өткізу.
<CapsLock> - бас әріптер режиміне өту
<Shift> - символдық пернелермен қатар басу арқылы экранға бас әріптерді шығару
<BackSpase> - курсордың сол жағындағы символдарды өшіру
<Shift>, <Ctrl>, <Alt> - 2 рет кездеседі. Бұларды басқа пернелермен бірге пайдаланып Пернетақтаның мүмкіндігін кеңейтуге болады.
2-блокта:
Жоғары, төмен, оңға, солға бағыттаушы қойылған курсорды басқару клавиштері.
3-блокта:
2 түрлі режимде жұмыс істейтін қосымша Пернетақта NumLock.
а) цифрлық режим
б) курсорды басқару режимі
б-жағдайда цифрлық режим өшірілуі керек.
4-блокта:
Алфавитті-цифрлы пернелердің жоғары жағында орналасқан функционалды пернелер:
<F1>-Help - көмек
<F2>-User - пайдаланушы мәзірін шақыру
<F3>-View - көру
<F4>-Edit - редакторлау
<F5>-Copy - көшіру
<F6>-RenMov - файл атын өзгерту немесе орын ауыстыру
<F7>-MkDir - жаңа каталог ашу
<F8>-Delete - өшіру
<F9>-PullDn - NC мәзірі
<F10>-Quit - NC-дан шығу
5-блокта:
<Insert> - ығыстыра енгізу
<Delete> - өшіру
<PageDown> - текстік файлды төмен қарай парақтау
<PageUp> - текстік файлды жоғары қарай парақтау
<Home> - қатар басына өту
<End> - қатар соңына өту
<PrintScreen> - ағымдағы экранның күйін баспаға жіберуге немесе оны алмасу буфері деп аталатын жедел жадтың арнаулы аймағына сақтауға арналған.
Бақылау сұрақтары
- Информатика ғылымы нені зерттейді?
- Информация деген не?
- Тек қана 0 мен 1 цифрларының бірімен тұратын информацияның өлшем бірлігі қалай аталады?
- Әр таңбаны, әріпті, цифрды кодтау үшін қанша екілік цифр керек?
- Дербес компьютер қандай негізгі құрылғылардан тұрады?
- Дербес компьютердің қандай қосымша құрылғылары бар?
- Пернелерді неше блокқа бөлуге болады?
- Функционалдық пернелер қызметі
- Қосымша пернетақта қызметі
СӨЖОБ №2
Санау жүйесі. Екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйелері
Санау жүйелері дегеніміз - сандарды цифрлық таңбалар арқылы жазу мен оқу тәсілдерінің жиынтығы. Санау жүйелерінің позициялық және позициялық емес болып бөлінетін екі түрі бар. Мұның біріншісі - ерте кезден қалыптасқан ондық санау жүйесі, екіншісі - римдік санау жүйесі. Жалпы алғанда, позициялық жүйе тек ондық санау жүйесі ғана болмауы мүмкін. Егер сан түзетін цифрлар разрядтарының бірліктері оңнан солға қарай есептегенде бір-бірінен тұрақты бір сан есе, мысалы, q есе артып отыратын болса, онда сан q санау жүйесінде берілген деп, ал q осы жүйенің негізі деп аталады. Ондық санау жүйесі үшін q=10. Позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін 0-ден бастап (q-1) -ге дейін бүтін сандар пайдаланылады да, олар осы жүйенің базистік (негіздік) цифрлары деп аталынады.
Дербес компьютер негізінен екілік, ондық, он алтылық санау жүйелерінде жазылған кодтармен не сандармен жұмыс істейді (базистік цифрларын 1-ші кестеден қараңыз) . Он алтылық санау жүйесіндегі А, В, С, D, Е, F әріптері - осы жүйенің сәйкес 10, 11, 12, 13, 14, 15, цифрларын анықтайтын символдар.
q санау жүйесінде n разрядтан тұратын кодтың не бүтін санның жазылу үлгісі (а n а n-1 … а 1 а 0 ) q .
q=2 үшін мұндағы а к цифрлары 0 не 1 болатын екілік санау жүйесінің базистік цифрлары (к=0, 1, …, n) .
1-ереже. Кез-келген жүйеде берілген кодты не бүтін санды ондық санау жүйесінде өрнектеу үшін оны а n * q n +а n-1 * q n-1 +…+а 1 * q 1 + а 0 * q 0 түрінде жазып, есептеуді ондық жүйеде жүргізсе болғаны (q=2, 16…) . Мысалы, латынша А әрпінің екілік кодын (011) 2 ондық кодта өрнектеу тәсілі мынадай (n=7) :
0*2 7 +1*2 6 +0*2 5 +0*2 4 +0*2 3 +0*2 2 +0*2 1 +1*2 0 =65 10
осы сияқты, 2 =255 10 ;
2-ереже. N-ге тең ондық кодты (не ондық санау жүйесінде берілген бүтін санды) q санау жүйесінде өрнектеу үшін, алдымен N-ді q-ге бөліп, оны N = q*р 1 +r 1 түрінде жазып алу керек (р 1 -бөлінді, r 1 -қалдық) . Егер р 1 >=q болса, онда оны да q-ге бөліп, р 1 = q*р 2 +r 2 түріне келтіру керек, т. с. с. Бұл процесті р к < q болған кезде тоқтатып, соңғы бөлінді мен соңынан басталған қалдықтарды бір-біріне тіркеп жазып шықса болғаны, яғни N 0 = (р к q к-1 r к-2 … r 1 ) q ; к>=1, р к <q.
Мысал:
2→10
101011, 101 2 =(1*2 5 +1*2 3 +1*2+1+1*2 -1 +1*2 -3 ) 10 =373/8 10
8→10
241 8 =(2*8 2 +4*8 1 +1*8 0 ) 10 =161 10
16→10
А1 F 16 =(10*16 2 +1*16 1 +15*16 0 ) 10 =2591 10
10→2
1479/2=739 (қалдық 1) -кіші разряд
739/2=369 (қалдық 1)
369/2=184 (қалдық 1)
184/2=92 (қалдық 0)
92/2=46 (қалдық 0)
46/2=23 (қалдық 0)
23/2=11 (қалдық 1)
11/2=5 (қалдық 1)
5/2=2 (қалдық 1)
2/2=1 (қалдық 0)
1/2=0 (қалдық 1) - үлкен разряд
N 2 = 10111000111
10→8
1479/8=184 (қалдық7) -кіші разряд
184/8=23 (қалдық 0)
23/8=2 (қалдық 7)
2/8=0 (қалдық 2) - үлкен разряд
N 8 = 2707
10→16
1479/16=92 (қалдық 7) -кіші разряд
92/16=5 (қалдық 12)
5/16=0 (қалдық 5) - үлкен разряд
N 16 = 5С7
2→8
001 101 011 110
1 5 3 6 = 1536 8
2→16
0011 0101 1110
3 5 Е = 35Е 16
8→2
2 4 1
010 100 001 = 1011 2
16→2
А 1 F
- 0001 = 1012
Тапсырмалар
Вариант
Тапс/р
Вариант
Тапс/р
Бақылау сұрақтары
- Санау жүйесі дегеніміз не?
- Санау жүйелерінің неше түрі бар?
- Позициялық және позициялық емес санау жүйелерін түсіндіріп бер.
- q санау жүйесі дегеніміз не?
- Кез-келген жүйеде берілген код не бүтін сан ондық санау жүйесінде қалай өрнектеледі?
СӨЖОБ №3
MS DOS операциялық жүйесі. Ішкі және сыртқы командалар.
Жұмыстың мақсаты: «Операциялық жүйе» ұғымымен, MS DOS жүйесінің командаларымен таныстыру. MS DOS жүйесінде жұмыс істеуге үйрету.
Операциялық жүйе дегеніміз - пайдаланушы мен компьютер арасындағы байланысты, аппараттық құрал-жабдықтарды басқаруды, программаларды жүктеуді және т. б. функцияларды қамтамасыз ететін программалар жиынтығы.
Компьютер іске қосылғанда операциялық жүйе дискетадан немесе винчестерден оперативті жадыға жүтеледі.
IBM PC компьютерінде Microsoft фирмасының MS DOS операциялық жүйесі пайдаланылады. Операциялық жүйе программалау тілдерімен (Бейсик, Паскаль, Си, Ассемблер) графиктік редактормен, текстік редактормен, сервистік программалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Операциялық жүйе ағылшын тілінде құрылғандықтан қолданылатын командалар да ағылшын тілінде беріледі.
MS DOS операциялық жүйесі дискеттің түпкі каталогында немесе С: дискісінде файлдар түрінде сақталады да, мынадай бөліктерден тұрады:
- BIOS модулі - компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметтерді енгізу-шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль компьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тексеріп, мәліметті енгізу-шығаруға байланысты операциялық жүйенің қарапайым және әмбебап қызметтерін орындайды;
- Операциялық жүйенің жүктеушісі - бұл өте қысқа программа, компьютердің жедел жадында тұрақты сақталып қалатын DOS операциялық жүйе модульдерін компьютер жадына (IO. SYS, MSDOS. SYS) оқуды іске асырады;
- IO. SYS сыртқы құрылғылармен (Пернетақта, дисплей, принтер, байланыс адаптері және динамик) информация алмасудың барлық операцияларын атқарады;
- MSDOS. SYS файлдар даярлауға мүмкіндік береді және ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екені белгілі;
-COMMAND. COM - пайдаланушы жұмысы үшін тағайындалған командалық процессор. Ол ЭЕМ іске қосылған кезден бастап пайдаланушының талабы бойынша процессор орындайтын барлық резидентті немесе ішкі командаларды қамтамасыз етеді. Ал транзитті сыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден соларға сәйкес программалық файлды іздеп, егер табылса, оны жедел жадқа жүктеп, оған басқаруды береді. Программа жұмысы аяқталған соң командалық процессор оны жадтан жойып, экранға әрі қарай жұмысқа даяр екендігін білдіретін шақыру мәліметін (DOS шақыруы) шығарады.
- DOS-тың сыртқы немесе кірме (транзитті) командалары - операциялық жүйемен бірге бөлек-бөлек модульдер түрінде берілетін программалар, кейде утилиттер деп те айтыла береді. Олар кірме командалар ретінде әртүрлі қызметтер атқарады, мысалы, дискетті форматтау, дискілерді тексеру және т. с. с.
- Құрылғылар драйвері - DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шеткері құрылғыларды басқару ісін орындайтын арнайы программалар. Драйверлер компьютердің жедел жадына операциялық жүйемен бірге жүктеледі де, олардың аттары CONFIG. SYS деген арнаулы файлда жазылады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық (құрамдық) файл CONFIG. SYS оқылып құрылғылар драйверлері де жедел жадқа орналасады. Мұнан кейін командалық COMMAND. COM файлы оқылады, ол басқару ісін атқарады. Бұл командалық процессор тағы бір командалық AUTOEXEC. BAT файлын іске қоысп, оның ішіндеегі командалар мен программаларды біртіндеп орындай бастайды.
Операциялық жүйенің негізгі командалары
ОЖ жұмыс істегенде оның негізгі жұмыс құралы - команда. Ол компьютерге белгілі-бір әрекетті орындататын арнаулы программаларды шақыру үшін қолданылады.
Команда формат деп аталатын, нақты құрылымнан тұрады. Команда форматы команданың параметрлерінен тұрады.
Командалардың жіктелуі
MS DOS -тың барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді. Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қосымша COMMAND. COM файлының құрама бөлігі болып табылады. Олар - қарапайым және жиі қолданылатын командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY ЖӘНЕ Т. Б. командалар жатады.
Транзитті (сыртқы, жүктелінетін) кірме командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл топқа мына командалар жатады: FORMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY және т. б.
Резидентті (ішкі) командалар
Каталогтармен жұмыс істейтін командалар
Бұл топқа DIR, CD, RD, MD командалары жатады.
1. DIR командасы - каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді. DIR командасын параметрсіз жай қолданғанда экранға ағымдағы каталогтың мазмұнын шығарады.
Ішкі каталогтың мазмұнын қарау үшін DIR командасын және ішкі каталогтың атын жазсақ жеткілікті.
Параметр деп каталогты немесе кез келген деңгейдегі ішкі каталогты көрсететін маршрутты айтады.
Мысалдар:
а) С:\>dir_student\basic - STUDENT каталогына кіретін BASIC ішкі каталогының мазмұны экранға шығарады;
ә) С:\>student\basic> dir__*. bas - ағымдағы STUDENT\BASIC каталогындағы типі BAS болып келген барлық файлдардың атрибутының тізімін экранға шығарады.
б) A:\>dir_alma. bas - ALMA. BAS файлының атрибуттарын экранға шығарады.
2. MD (Make Directory - каталог жасау) - ағымдағы кез келген каталог ішінен жаңа каталог ашу командасы, мысалы, C:\>md_student - C дискісінің түпкі каталогынан STUDENTатты жаңа каталог ашу;
С:\>md_student\basic немесе C:\Student>md_basic - STUDENT каталогында BASIC ішкі каталогын ашу;
3. RD (Remove Directory - каталогты жою) - ішінде файлдары жоқ бос каталогтар мен ішкі каталогтарды жою командасы, мысалы,
C:\STUDENT\BASIC>rd tecno2 - STUDENT каталогының ішіндегі екінші дәрежелі BASIC атты ішкі каталогының үшінші дәрежелі TECNO2 ішкі каталогын жою;
C:\>rd_STUDENT\BASIC> tecno2 - түпкі каталог ағымда болған жағдайда TECNO2 ішкі каталогын жою;
4. CD (Change Directory - каталог ауыстыру) - бір каталогтан екінші каталогқа өту командасы. Жоғары дәрежелі каталогтарға өту мына параметрлер «. . », «\» арқылы іске асады.
Мысалдар:
a) С:\>cd_student\basic - STUDENT каталогының BASIC атты ішкі каталогына өту;
b) С:\>student\basic>cd. . - BASIC ішкі каталогынан STUDENT каталогына өту;
c) С:\>student\basic\trop2>cd\ - басты (түпкі) каталогқа өту;
d) С:\student\basic>cd. . \lex - BASIC каталогынан STUDENT каталогына қайтып оралып LEX ішкі каталогына өту;
e) С:\student\basic\econom2\cd. . \. . - ECONOM2 ішкі каталогынан екі сатыға жоғары STUDENT каталогына өту;
Файлдармен жұмыс істейтін командалар
Бұл топқа COPY, REN, DELETE, TYPE, DATE, TIME және т. б. командалар жатады.
1. COPY CON - мәтіндік файл құру командасы.
С:\> copy con Uldana. txt
Мәтіндік файлдың ішіне мәтін теріліп болғаннан кейін <Ctrl+Z> немесе <F6> пернелерін басып сақтау керек.
2. COPY - файлдарды көшіру командасы.
а) С:\copy_a:\*. *_c: - A: дискісіндегі барлық файлдарды С: дискісіндегі жұмыс істеп тұрған ағымдағы каталогқа көшіру;
ә) С:\copy_alla. bas_alma. bas - түрі BAS болып келген ALLA атты файлды, өзі орналасқан сол каталогқа ALMA. BAS деген атпен көшіру (екінші көшірмесін басқа атпен алу) ;
3. REN (RENAME) - файлдың аттарын өзгерту командасы, параметрлері файлдардың ескі және жаңа аттары, мысалы,
C:\>ren_port. txt_dora. txt - PORT. TXT АТТЫ файлды DORA. TXT ДЕГЕН атқа ауыстыру;
4. DEL (DELETE) - ағымдағы немесе көрсетілген каталогтағы файлды немесе файлдар тобын жою командасы, мысалы,
C:\del_alla. bas - ALLA. BAS файлын жою;
5. TYPE командасы - мәтіннен тұратын файлдың ішкі мәтінін экранға шығару.
C; \>type_program. txt - PROGRAM. TXT файлының мазмұнын экранға шығару.
6. DATE командасы - үстіміздегі (ағымдағы) ай, күн және жыл мерзімін экранға шығару және оны өзгерту.
С:\date - операциялық жүйеде (компьютер таймерінде) белгіленген мерзімді экранға шығару және жаңа мерзімді енгізуді талап ету. Қайтадан жаңа мерзімді енгізу үшін, пернелерден мына команданы терy керек:
Date_mm-dd-yy
Мұндағы mm - ай нөмірі (1-12), dd- күнi (1-31), yy- жылы.
7. TIME командасы - ағымдағы уақытты экранға шығару және қайтадан өзгерту, бұл команда форматы алдыңғыға - date командасына ұқсас.
С:\time - компьютер таймерінің ағымдағы уақытын экранға шығаруды және ол дұрыс болмаса, жаңа уақытты енгізуді талап ету.
Жаңа уақытты енгізіңіз (HH:MM:SS) мұндағы НН - сағаты (0-23), ММ - минуты (0-59), SS - секунды (0-59) .
8 . PATH (жол) командасы керекті файлдар автоматты түрде ізделетін каталогтар тізімін алдын-ала көрсетуге арналған.
9. CLS (Clear Screen - экранды тазарту) экранды тазартып операциялық жүйенің жұмысқа шақыру жолын экранның сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырады. Бұл команда cls түрінде параметрсіз теріліп, соңынан ENTER пернесі басылады.
Транзитті (сыртқы) командалары.
FORMAT - дискіні форматтау (белгілеу) командасы.
C:\>format_a: - A: дискіжетекке салынған дискетті форматтау.
DISCOPY - дискінің толық көшірмесін алу командасы.
A:\discopy_b:_a: - b: дискісінің мәліметін толық күйде а: дискісіне көшіру.
3. MODE командасы мәлімет шығару құрылғыларының (принтердің) жұмыс параметрлерін өзгерту ісін атқарады, мысалы,
С:\>mode LPT1:132, 8 - қағазға түсетін мәтін жолдарының ара қашықтығын кішірейтеді және бір жолға 132 символды орналастырады.
4. TREE командасы көрсетілген дискінің бұтақ тәріздес каталогтар құрылымын экранға шығарады. Ал /Ғ параметрі каталогтармен қоса олардың құрамындағы файлдарды да көрсетеді.
C:\>tree/f - С дискісінің бұтақ тәріздес каталогтар құрылымын экранда қарап шығу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz