Желілік жабдықтың, оптикалық кабельдің технологиясы мен мәліметтерді жіберу



Кіріспе
1 Қазақстан темір жол құрылым тарихы
2 Темір жол байланысы үшін Cisco 3750.X оптикалық байланыс үшін 2.деңгейлі құрылғыны таңдау
3 Cisco байланысының орталық түйіні үшін 3.деңгейлі жабдықты таңдау
4 Офистер үшін оптоталшықтымен мәліметтерді жіберудің Mikrotik маршрутизаторына шолу
5 Темір жол телекоммуникациялық жүйелерінде электрқорегінің істен шығудан қорғау
6 Темір жолына қойылатын қауіпсіздік ережелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Темір жол стансасы – темір жол көлігі аялдайтын, темір жол көлігіне және жолаушыларға түрлі қызметтер: жүктерді қабылдайтын, жүк тиеу-түсіру,сақтау және жеткізу жұмыстары жүргізілетін, локомотивтер мен вагондар құрастырылатын, тағы басқа техникалық қызмет көрсетілетін, тасымал үдерісін басқаратын кәсіпорын. Ол жұмыс сипатына қарай тораптық, аралық, бөліктік, сұрыптау, жүк және жолаушыларға арналған темір жол стансасына, атқарылатын жұмыстың көлемі мен сипатына қарай жоғары және 1 – 5 сыныпты темір жол стансасынана бөлінеді. Қазақстандағы ірі темір жол стансасыналары – Арыс, Шымкент, Тараз, Шу, Алматы-1, Семей, Защита, тағы басқа.
Станса жұмысын реттейтiн негiзгi құжаттарға:
Теміржол стансалары туралы ереже;
Стансаның техникалық-жарлық актiсi (ТЖА);
Стансаның технологиялық жұмыс үрдісі (ТЖҮ) жатады.
1. В.Р. Дмитриев., А.3. Крупицкий., А.Ф. Петров., Ю.Д. Прокопин., А.И. Ушкалов. и др. Нормы технологического проектирования "Устройства автоматики и телемеханики на железнодорожном транспорте", Астана, 2012
2. Сигнализация, орталықтандыру және бұғаттаудың микропроцессорлық құрылғыларын пайдалануға беру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы. Астана, 2014
3.Қазақстан Республикасының темір жол көлігін реформаландыру Бағдарламасының 2001-2005 жылдарға арналған негізгі ережелері. Астана, 2001. 116 б.
4. Сәуірбаев Қ., Темір жолдардың жер төсеміне кабельдерді төсеу ережелері. Астана, 2014
5. Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережелері. Астана, 2006
6. Косенко, С.А., Темір жол [Электрондық ресурс]: оқу-әдiстемелiк құрал / С.А. Косенко, А.К. Ибраимов, З.Д. Тюлюбаева.- Алматы: ҚазККА, 2013.- 178б.
7. Джолдасова, К.К, Организация и планирование железнодорожного строительства.СРСП [Текст]: Методическое указание / К.К. Джолдасова, А.Д. Монастырский.- Алматы: КазАТК, 2008.- 51 с.
8. Аймурзаева, Ж.К., Устройство пути и станции [Электронный ресурс]: учебно-методическое пособие / Ж.К.Аймурзаева, Л.Т. Шарипова.- Алматы: КазАТК, 2012.- 80с.
9. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік.
Т.5.: Энергетика. -Алматы: Рауан, 2000.
10. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік.
Т.6.: Электроника, радиотехника және байланыс. -Алматы: Рауан, 2000.
11. Хасенов, С.С., Релстердің бүлінбеуін бақылау [Мәтін]: оқу құралы / С.С. Хасенов, Б. Апшикур.- Алматы: ҚазҚҚА, 2008.- 200б.
12. Хасенов, С.С., Теміржол II [Мәтін]: оқу құралы / С.С. Хасенов, Б. Апшикур, С.Б. Шаяхметов.- Алматы: ҚазҚҚА, 2007.- 187б
13. Хасенов, С.С., Теміржол [Мәтін]: оқу құралы / С.С. Хасенов, С.Б. Шаяхметов, Б. Апшикур.- Алматы: ҚазҚҚА, 2006.- 140б.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті


БТЖ кафедрасы

Есеп беру
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кәсіптік практика бойынша

Тексерген: Жетекші:

(баға) (қолы,күні)
Орындаған:

(қолы,күні)

Мазмұны

Кіріспе
3
1 Қазақстан темір жол құрылым тарихы
4
2 Темір жол байланысы үшін Cisco 3750-X оптикалық байланыс үшін 2-деңгейлі құрылғыны таңдау
9
3 Cisco байланысының орталық түйіні үшін 3-деңгейлі жабдықты таңдау

14
4 Офистер үшін оптоталшықтымен мәліметтерді жіберудің Mikrotik маршрутизаторына шолу

16
5 Темір жол телекоммуникациялық жүйелерінде электрқорегінің істен шығудан қорғау

17
6 Темір жолына қойылатын қауіпсіздік ережелері
Қорытынды
19
25
Пайдаланылған әдебиеттер
26

Кіріспе
Темір жол стансасы - темір жол көлігі аялдайтын, темір жол көлігіне және жолаушыларға түрлі қызметтер: жүктерді қабылдайтын, жүк тиеу-түсіру,сақтау және жеткізу жұмыстары жүргізілетін, локомотивтер мен вагондар құрастырылатын, тағы басқа техникалық қызмет көрсетілетін, тасымал үдерісін басқаратын кәсіпорын. Ол жұмыс сипатына қарай тораптық, аралық, бөліктік, сұрыптау, жүк және жолаушыларға арналған темір жол стансасына, атқарылатын жұмыстың көлемі мен сипатына қарай жоғары және 1 - 5 сыныпты темір жол стансасынана бөлінеді. Қазақстандағы ірі темір жол стансасыналары - Арыс, Шымкент, Тараз, Шу, Алматы-1, Семей, Защита, тағы басқа.
Станса жұмысын реттейтiн негiзгi құжаттарға:
Теміржол стансалары туралы ереже;
Стансаның техникалық-жарлық актiсi (ТЖА);
Стансаның технологиялық жұмыс үрдісі (ТЖҮ) жатады.
ҚТЖ ҰК АҚ Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамы активтерінің құрамына кіретін, мемлекеттік маңызы бар ірі көлік-логистикалық холдинг болып табылады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ҚТЖ ҰК АҚ негізінде активтер мен құзыреттердің толық спектрі бар ұлттық логистика операторын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін компанияның басқаруына Ақтау теңіз порты, Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы акционерлік қоғамы және Қорғас-Шығыс қақпасы еркін экономикалық аймағы, әуежайлар желісі берілді.
ҚТЖ ҰК АҚ ұлттық логистика операторы ретінде Қазақстан-2050 стратегиясының транзиттік әлеуетті дамыту және Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдарды 2020 жылға қарай 2 есе, 2050 жылға қарай 10 есе ұлғайту жөніндегі міндеттерін орындап жатыр.Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының экономикасындағы жекеше сектордың рөлін дамыту үшін Үкімет мемлекеттік активтердің бір қатарын жекешелендіру бағдарламасына бастама білдірді. Бағдарлама ҚТЖ ҰК АҚ-ның және тұтастай саланың активтер портфелінің құрылымын айтарлықтай өзгертеді.
Президент алға қойған міндеттер шеңберінде Үкімет және ҚТЖ ҰК АҚ Жалғыз акционері Қызметін трансформациялау бағдарламасын әзірлеп, іске асыруда. Қызметін трансформациялау бағдарламасы бойынша міндеттерін ҚТЖ ҰК АҚ ел ішіндегі және ЕАЭО бойынша әріптес елдердегі экономикалық құлдырау жағдайында шешіп жатыр
Сыртқы ортаның өзгергенін және компания қызметі спектрінің кеңейгенін ескере отырып 2015 жылғы 26 қарашада ҚТЖ ҰК АҚ Директорлар кеңесі ҚТЖ ҰК АҚ-ның 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясын бекітті.

1 Қазақстан темір жол құрылым тарихы

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті. Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның қазақстандық 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты. 1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды. 1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды. 1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды. 1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті. Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті. 1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті. Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды. 1936-1939 жылдары Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстырған, Саратовқа шығатын жол телімі - Орал-Елек салынды. 1936-1944 жылдары соғылған, Ембінің мұнай кәсіпшілігін Оралмен байланыстырған, Ресейдің бірқатар аймақтарының арасындағы қатынасты жақсартқан Гурьев (Атырау)-Қандағаш-Орскі магистралі өзінің стратегиялық маңыздылығын Ұлы Отан соғысы кезінде дәлелдеді.1939-1943 жылдары салынған Ақмола-Қарталы желісі Қарағандының көмірін Оңтүстік Оралға жеткізуді қамтамасыз еткен маңызды нысан болып табылады. Сол жылдары Көксу-Текелі-Талдықорған және Атасу-Қаражал телімдері іске қосылды. Қазақстандық шойын жолдың ұзындығы 10 мың шақырымға жеткізілді. Ұлы Отан соғысы кезінде теміржолдың бойында жол шаруашылығын және жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі өндірістік база құрылды. 1950 жылға қарай салынған Мойынты-Шу (440 км) жол телімі соғыстан кейінгі жылдардың өзекті оқиғасы болды. Осылай Транссібір магистралі Түркістан-Сібір жолымен бірігіп, еліміздің барлық жерінен өтетін Петропавл-Көкшетау-Ақмола-Қарағанды -Шу трансқазақстандық темір жолдың меридианды желісін құрайды. Ал 1953 жылы Оңтүстік-Сібір магистралінің негізгі буынының бірі Ақмола (Астана)-Павлодар (546 км) жолы салынды. Оның іске қосылуы Екібастұз көмір бассейнінің және осы жерге жақын аймақтардың тез дамуына жағдайлар жасады. (Тек 1953-1956 жылдардың өзінде Солтүстік Қазақстандағы тасымалдың көлемі 4 есеге артты).
1950 жылдары тың жерлердің игерілуіне байланысты Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде темір жол құрылысы екпінді қарқынмен жүргізіліп жатты. 1955-1961 жылдары Есіл-Арқалық (224 км), 1959 жылға қарай Қостанай-Тобыл, 1960 жылы Тобыл-Жетіқара желілері салынды. 1950 жылдары Қазақстан теміржол жүйесінің тығыздығы екі есеге артты. 1958 жылдың 1 шілдесінде КСРО-дағы ең ірі Қазақ темір жолы құрылды. Ұзындығы 11 мың шақырымнан асатын ол 15 бөлімшелерден құралды және Қазақстанды Сібір, Орал, Волга жағалауы, Қырғызстан және Орта Азиямен қосып, барлық кеңістікті және меридионалды магистральдарды біріктірді. 1960 жылы шөлді өлкенің дамуына себепші болған Мақат-Маңғышлақ және Маңғышлақ- Өзен (жалпы ұзындығы 900 км) телімдері салынды. Қазақстан мен Ресей байланысының жандануына осы кезеңде салынған Гурьев-Астрахан желісін пайдалану зор ықпал етті. 1964 жылы Қазақстанда бірінші болып жолдың Целиноград (Астана)-Қарағанды бөлігі электрлендірілді. Осы кезден бастап темір жолды электрлендіру жұмысы алға басты. Олар негізінен, республиканың солтүстік және орталық облыстарында жүргізілді. 1969-1970 жылдары Қарағанды-Магнитогорскі (1180 км) телімі электр тартымына ауыстырылды. 1980 жылдан бастап оңтүстіктегі Мойынты-Шу, Шенгелді-Арыс, Арыс-Түлкібас жолдарында электрлендіру өріс алды. Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 4 мың шақырымға жетті. 1977 жылы Қазақ темір жолының негізінде үш жол құрылды: Тың, Алматы және Батыс-Қазақстан. Осы жылдары ондаған жаңа вокзалдар қайта тұрғызылды. Байланыс және белгі беру жүйелерінің, жол техникасының, электровоздар мен тепловоздардың жаңа түрлері іске қосылды. 1980 жылдан бастап автоматика және ақпараттық есептеу жүйелері өндіріске белсенді енгізілді. Қазақстан теміржол көлігі тарихының елеулі оқиғаларының бірі: 1986 жылғы 20 ақпанда, әлемде бірінші болып, жалпы салмағы 43,4 мың тонна және ұзындығы 6,5 шақырым болатын жылжымалы құрамға 440 вагон тіркеліп, Тың темір жолы арқылы өткізілді. 1950 жылдардың ортасында Қытай Халық Республикасына қатынайтын теміржолдың дамуына үлкен назар аударылды. 1959 жылы Ақтоғай-Достық телімі салынды. 1956-1960 жылдары қазақстан әрі қытай жақтан екі елдің темір жолын қосатын магистральдың құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстар 1988 жылы кеңес-қытай келісімінен кейін қайта жаңғырды. 1990 жылы болған темір жолдардың түйісуі қазақстандық Достық стансасы мен қытайлық Алашанькоу стансасын қосатын шекара өткелін жасады. Осы жылдан кейін онда жүк құрамдарының қозғалысы басталып, Трансазиялық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі іске қосылды. Сол кезеңде Достық стансасының қайта тиеу және тасымалдау қуаты артты. Республика тәуелсіздігі мен Теміржол көлігі жөніндегі кеңес кезіндегі Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең (1992-1996 жж.) - саланың КСРО-ның таралу салдарына және мүлдем жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі. Екінші кезеңнің (1997-2001 жж.) маңызы үш қазақстандық магистралды өзінде біріктірген, қиыншылық кезден өте алған, саланың ары қарай дамуына негіз салған, бірінші қазақстандық теміржол кәсіпорны Қазақстан темір жолы РМК-нің құрылуы мен дамуы болды. Үшінші кезеңде (2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы қайта құрылымдау басталды. Атап айтқанда, Қазақстан темір жолы ұлттық компания ЖАҚ құрылуы осы реформалардың жүзеге асырылуының бастамасы болды. Олар еліміздің теміржол көлігін қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді салаға айналдыруға бағытталған және әлемдік тасымалдау жүйесіне үйлесімді кіріге отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың талаптарына барынша сәйкес келетін кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды. 2004 жылы Қазақстан темір жолы өзінің айрықша межесіне - 100 жылдығы мерейтойына жетті. Бұл жылы Қазақстан темір жолының мерейтойы 100 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Шойын жол тарихының маңызды кезеңдері аталып өтілді. Темір жолды жаңғырту, әлеуметтік саланы, теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсарту шаралары мен ірі құрылыстар аяқталды. 2004 жылы ақпанда мерейтойлық оқиғалардың басы басталды. Ел Премьер министрі Даниал Ахметов темір жол көлігі саласының ардагерлері тобымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Премьер министр Даниал Ахметов сала жетекшілері мен теміржолға еңбегі сіңген ардагерлер құрамына кіретін "ҚТЖ" ҰК" АҚ жанынан құрылған Консультативтік кеңесінің мерейтойды өткізу жөніндегі шешімімен таныстырылды. ҚТЖ ҰҚ АҚ Консультативтік кеңесі темір жол тарихын санауды ұзындығы 1668 км Орынбор-Ташкент магистралі құрылысының аяқталу уақытынан бастау туралы шешім қабылдады. Премьер министр темір жол көлігінің 100 жылдығы мерекесін атап өту туралы шешіміне наурыздың 12-сінде қол қойды. Мұны респубулика ҚР Президенті де қолдады. Сәуірдің 30-ында Нұрсұлтан Назарбаев мерекелік датаны атап өтуге арналған медал шығару туралы Бұйрыққа қол қойды. Бұл мерекелік медаль төрт мыңнан астам теміржолшыларға бұйырды. Бұл жыл біздің елде өткізілген Еуропа мен Азияның 25 елінің теміржол басшыларының қатысуымен болған Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы Бас директорлары конференциясының 19-шы отырысымен тұспа-тұс келді. Жоғары мәртебелі қонақтардың көзінше Қазақстан темір жолының 100-жылдығына арналған марка салтанатты түрде пошта айналымына енгізілді. Темір жолдың жүз жылдығы қаржылық қызметтің жоғары жетістіктерімен атап өтілді. Бұның бір дәлелі ретінде Мудис инвесторс сервис халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген Қазақстан темір жолы компаниясының ұзақ мерзімдік несиелік рейтингінің жоғарылауы болды. Сарапшылардың бұл шешіміне темір жол көлігін дамытудың және саладағы өндірістік, коммерциялық көрсеткіштердің тұрақты өсуі мен сапалық тұрғыдағы жоғарылауы себеп болды. 2004 жылдың 1 шілдесінде Астанадан Отан пойызы елімізді аралап, сапарға шықты. Екі жарым айға жуық ол шексіз жеріміздің темір жол стансалары мен разъездеріне тоқтап, мерейтойға арналған салтанатты жиындар өткізді. Пойыздың ұжымы ардагерлер мен ең жақсы жұмысшыларды ерекше назарға алды. Оларға Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының мерейтойлық медальдары мен естелік сыйлықтары тапсырылды. Сапар барысында теміржолшылар және олардың жанұяларына берген әлеуметтік көмектің ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылды. Бағдарлама аясында алыс стансаларда тұратын теміржолшыларға олардың отбасыларына медициналық көмектер көрсетіліп, мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерге оқу құралдары, сәбилерге балалар тағамдары табыс етілді. Барлық стансаларда мәдени- сауықтық, спорттық шаралар өткізіліп отырды. Мерейтойлық пойыздың сапары темір жол жұмысшыларының оңды лебізіне ие болды. Бұдан былай осындай шаралар жыл сайын ұйымдастырылатын болды. Темір жолдың ғасырлық мерейтойын мерекелеудің шарықтау шегі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен салтанатты жиналысымен аяқталды. Ол республика астанасында 2004 жылдың 6 тамызында өткізілді. Елбасы өз сөзінде Қазақстан экономикасының қалыптасуында, мемлекет тәуелсіздігін, елдің территориялық тұтастығын және әлеуметтік тұрақтылығын нығайтудағы темір жолдың рөлін жоғары бағалады. Ал теміржолшылар, өз кезегінде, Президентке алдағы уақытта темір жолды салу және жетілдіру, теміржол көлігіне арналған бәсекелеске қабілетті өнімдерді шығару саласындағы бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға уәде берді. Осы жылдың 9 қарашасында Ақтау портынан Құлсары стансасына дейін үлкен көлемді, биіктігі төрт қабаты үйдей жүктерді тасымалдаған қазақстандық теміржолшылар әлемдік рекордты жаңартты. 30-шы қарашада Арқа стансасында мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен Алтынсарин-Хромтау жаңа темір жолдың ашылуы өтті. Бұл жол арқылы көршілес елдердің аумағына кірмей ел іші арқылы жүргізілетін бағдар іске қосылды. Алтынсарин-Хромтау темір жол желісі арқылы жылына 160 миллион доллар көлемінде үнемділікке қол жеткізілді. Сонымен қатар Қазақстанның ішкі жолдарымен жүк тасымалдау қашықтығы 500-ден екі мың шақырымға дейін қысқарды. Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесінде Астана вокзалы алдында тарихи экспонат - Эш 4161 сериялы паровозы орнатылды. Алғашқы бесжылдықтың белгісі, Ұлы Отан соғысының естелігі, соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру кезеңіндегі басты рөл атқаратын Қазақстанның шойын жолы тарихындағы ерен ерліктердің куәсі іспетті мақтаулы жерден орнын алды. Алтынсарин -Хромтау жолымен жолаушылар тасымалдаудың жаңа кестесін 10 желтоқсанда Астана-Ақтөбе пойызы ашты. Жолаушыларды жолдың 15 сағатқа дейін қысқарғандығы, билет бағасының екі есеге азайғандығы қуантты. 132 шақырымдық Павлодар - Екібастұз темір жол телімінде электрлендіру ең ірі жобалардың бірі болып отыр. Павлодар -Екібастұз жобасының жүзеге асуы тасымалдаудың үнемділігі және электровоздардың экологиялық тазалығын сақтауға әкелді. Мәселен, бұл жобаны іске қосу арқылы жылына бір жарым миллиард теңгені үнемдеуге және қоршаған ортаға артық қалдықтардың түспеуіне игі ықпал етті. Бүгінгі таңда Қазақстан Қытай арасындағы мемлекеттік шекаралық өткелі Достық стансасының маңызы зор. 2004 жылы Достық стансасы арқылы 9,5 миллион тонна жүк тасылды. Бұл жылы станцияның әлеуетін арттыруға 3,5 миллиард теңге бөлінді. Осындай қаржы бөлу арқылы 300 метр жол, 64 көтергіш құрал, вагондарды алмастыру орыны жарақталды. Достық-Ақтоғай жол телімінде 102 шақырымдық жолдың үстіңгі қабаты жақсартылып, пойыздың жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жеткізілді. Сол жылы Достық стансасында теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелеріне арнап 11 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2012-2014 жылдары "Жезқазған-Бейнеу" және "Арқалық-Шұбаркөл" жолдары салынып 2014 жылы тамызда ашылды. Жолдардың басты нүктелері - Маңғыстау облысындағы Бейнеу стансасынан, Ақтөбе облысының Шалқар стансасынан, Қызылорда облысының Сексеуіл стансасынан және Жезқазған қаласынан тікелей қосатын жаңа жолдар ашылды. 500 млрд теңге жұмсалып 1200 км жол салынды. Назарбаев Жезқазғанда 500 млрд теңгеге салынған теміржол желісін ашты.

2 Темір жол байланысы үшін Cisco 3750-X оптикалық байланыс үшін 2-деңгейлі құрылғыны таңдау

Белсенді желілік жабдық (БЖЖ) ретінде кейбір интеллектуалды ерекшелігі жүретін жабдықты түсіндіреді, яғни маршрутизатор, коммутатор және т.б. белсенді желілік жабдық болып табылады. Керісінше - қайталағыш (репитер) және концентратор БЖЖ болып табылмайды, себебі топологиялық тармақталу немесе байланыс қашықтығын ұлғайту үшін электрлік сигналды қайталайды жәнеешқандай интелектуалды көрсетпейді. Алайда басқарушы свитчтер белсенді желілік жабдыққа қатысты, себебі қандай да интеллектуалды ерекшелікке ие болуы мүмкін.
Жаңғыртылынған кабельдік желіде белсенді желілік жабдық L2 деңгейлі коммутаторлар және корпоративтік маршрутизаторлар болып табылады.
Коммутатор (switch) - фреймдерді қайта жіберу қажетті, LAN локальдық желі сегменттерін жалғайтын және сегменттерді анықтау үшін МАС адрестерінің кестесін пайдаланатынқұрылғы. Мұндай жұмыс жасау принципі толығымен мәліметтерді жіберу көлемін айтарлықтай кішірейтуге мүмкіндік береді. Коммутаторлар мостқа қарағанда үлкен жылдамдықпен жұмыс жасайды.
2-деңгей (OSI жеті деңгейлі моделі бойынша) Ethernet кадрлеріне сәйкес келеді. Сәйкесінше коммутаторлардың САМ - кестелеріне белгілі олардың жылжуы МАС - адрестерімен сәйкес жасалынады. Хаттамалардың стегі бойынша ешқандай жоғары білмейтін свитчтер 2-деңгейлі коммутаторлар деп аталынады.
Физикалық сегментте түйіндер санының өсуіне байланысты өткізу ортасына деген бәсекелестік күшейеді. Жаңа түйіндерді қосу қолжетімді өткізу жолағында қажеттілікті ұлғайтады және жіберу ортасына қосымша жүктемені еңгізеді. Қосымша трафик қайталап жіберудің үлкен санын тудырып коллизия ықтималдылығын ұлғайтады. Бұл қиындықты шешу үшін Catalyst сериясындағы коммутаторлар көмегімен үлкен сегмент бөліктерге бөлінеді. Қайта жасалынған бөліктер коллизияның оқшауланған домендері болады. Желі құрылымының тұрғызылуына осындай іс-әрекет есебінен коллизия саны төмендейді және инфрақұрылымның сенімділігі жоғарлайды.
Солай бола тұра олар айтарлықтай күрделі операцияларды жасай алады. Мысалы, VLAN таңбаларын қойып және алып тастай алады, приоритеттерді (QoS) тани алады, кезекке кадрларды қоя алады, шабуылдарды анықтай алады, Ethernet-трафигін есептей алады, порттардың номерлері бойынша сүзгілей алады және т.б. L2 "дамыған" классикалық типі ретінде қазіргі таңда шамалы ескірген Catalyst 2924 есептесек болады. Бұл брендтердің келесі моделдері (мысалы Catalyst 2960) келесі деңгейлердің мүмкіндіктеріне ие.
Коммутаторларға қоятын негізгі талаптар кесте 1.1 - кестеде көрсетілінген.

2.1 - кесте. Cisco Systems коммутаторына қойылатын талаптар

Талап
Түсіндіру:
Екінші деңгейлі коммутатор (L2)
OSI арналық (екінші) деңгейде коммутацияны басқару үшін арналған.
1001000Base-SXFX24 порт
1001000Base - SXFXқосарланған жұп және оптикалық кабель негізінде 1001000 Мбит жіберу жылдамдылығымен Ethernet желісі үшін IEEE 802.3u,z спецификасы
Жүйені қорғау UserPassword
Есеп жазбасының құралдары бойынша бапталудың қорғау мүмкіндігі
SSH, Telnet, SNMP
Коммутатормен басқару және оның бапталуының өзгеруі жойылынған.
Коммутатордың порт номеріне IP адресті байлау
Зиянкеспен қолданушы желілік реквизиттерін алмасуын қиылыстыру үшін қажетті функция.
Кіріс және шығыс трафиктерін шектеу мүмкіндіктері
Серверлік машинаға мәліметтер өтпегендіктен, трафикті шектеу коммутаторда тек бұл функцияның құралдарының болуы бойынша мүмкін.
Rapid Spanning Tree
Коллизиядан қорғау. Бұл хаттаманың негізгі тағайындалуы келесіден тұрады: артық қосарлану байланысысыз ЛЕЖ топологиясын құру
VLAN жұмыс жасау
VLAN (Virtual Local-Area Network) - Fast Ethernet функцияларының бірі. VLAN желі конфигурациясын өзгертуге мүмкіндік береді, қолданушыларды бөлек жұмыс топтарына біріктіреді, бөлек алынған порт үшінқолжетімді сегменттерді анықтайды.
Порттардың қауіпіздігі
МАС - адрестері бойынша жалғасу негізінде қосымша қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Қолжетімді баға
Құны 2035000 тенгеден аспауы керек

Cisco Catalyst 3750-X коммутаторларының сериясы - бұл кәсіпорын деңгейіндегі стектік коммутаторлар. CiscoCatalyst 3750-X сымсыз байланыс және бейнені жіберу, IP-телефония сияқты қосымшалар көмегімен кеңейту бизнесінің өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. CiscoCatalyst 3750-X сериясындағы коммутаторлар қолжетімділік, қауіпсіздік, масштабтау, энергия нәтижиелік деңгейінің жоғарлығымен және МАС-адрестері бойынша қауіпсіздік және опциондық желілік модульдер, қосымша қорек блоктары, Cisco Stack Power, Powerover Ethernet Plus (PoE+) сияқты инновациялық мүмкіндіктерін пайдалану қолайлылығымен қамтамасыз етеді. Х сериясының айрықша ерекшелігі тек қана мәліметтер порты бойыншаған емес, қорек бойыншада кеңейтілінген стектелінуі, бұл 64 Гбитс жылдамдыққа дейін өзара алмасатын, 9 коммутаторларға дейін жоғары өнімді бір массивке жинақтауға мүмкіндік беретін Stack Wise технологиясы. Және де 10Гб модулдерінің қосылу мүмкіндіктері. Тапсырмаға байланысты лицензиялар және басқару деңгейі үшіншіге дейін көтеріле алады.
CiscoCatalyst 3750-X сериясындағы негізгі сипаттамалар:
oo Опционалды төрт Гигабиттік Ethernet (GbE) SFP немесеекі 10GbE SFP;
oo 1 rackunit (RU) форм-факторындағы барлық порттарда 30W қорегімен PoE+ саласындағы біріншісі;
oo екі резервтеу, модульдікқорек және вентиляторлар
oo аппараттық құралдарда негізделінген шифрлеу Media Access Control Security (MACsec);
oo келесі жұмыс күніне (NBD) аппараттық алмасумен (LLW) өмірдің жетілдіріліп шектетілінген уақыт кепілдемесі (LLW) және Cisco Technical Assistance Center (TAC) қолдау орталығына 90 күндік қолжетімділік;
oo желі бойынша энергия тұтынуды қысқарту және есептерді жасау, PoE құралдарының нақты энергия тұтынуын өлшеу жолымен оперативтік шығындарды тиімді ету үшін жақсартылынған Cisco Energy Wise. USB Type-A және Type-Bпорт типтері сақтау құрылғыларын қосу үшін және Ethernet қосымша басқару порты мен сәйкесінше консолдар.

Cisco Catalyst WS-C3750X-12S-S
Басқарылушы гигабиттік коммутатор Cisco Catalyst WS-C3750X-12S-S ірі компания филиалдары мен кіші кәсіпорындары үшін жасалынған. Әкімшілеу мен олардың бапталуы, қолжетімділік желіні жылдам жинақтаумен қамтамасыз етеді. Желіні масштабтау кезінде негізгі платформа ретінде қолданыла алады. мультимедиялық мәліметтерді жіберу сапасымен қамтамасыз ету үшін QoS орнатылынған құралдары бар. Статистикалық және динамикалық маршруттауды қолдайды. Модельдің 512 Мб оперативтік жадысы бар, 128 Мб флеш-жадысы және кеңейту модулінің слоты бар. MDIMDIX жалғағыштарының автотануы бар. Тіреуіштік монтаж қажет. WS-C3750X-12S-S техникалық сипаттамасы 2.2 - кестеде көрсетілінген.

2.2 - кесте. WS-C3750X-12S-S техникалық сипаттамасы

Техникалық параметрлер
Порттар
порттың 12 gigabit SFP
Стекке біріктіру мүмкіндігі
стектелетін,9стекте максималды саны
Маршруттау хаттамасы
Static IP routing,RIP-1,RIP-2,HSRP,RIPng
Қашықтықтан басқару хаттамасы
CLI,TFTP,Telnet,RMON 1,SNMP 2,SNMP 1,SNMP 3,RMON 2,RMON 3,RMON 9,SSH,SNMP 2c
Аутентификация әдісі
Kerberos, SSH, RADIUS, TACACS+.
Айрықша сипаттамалары
"ыстық алмасу" қолдау модулі, 2 және 3 деңгейлерінің коммутациясы, IP адрестерінің динамикалық тағайындалуы, автоматтық келісу, транкинг, авто MDIMDI-X,IGMP снупинг, трафикті (trafficshaping) түзету, HighAvailability, BroadcastUnicast&MulticastStormCont rol,DHCP снупинг, MLD снупинг, EIGRP StubRouting;поддержка: DHCP, ARP, VLAN, Syslog, RSTP, DTP,PAgP, ACL,QoS,JumboFrames.
Жады
RAM: 512 МБ

FLASH: 128 МБ
БҚ
Cisco IOS IP Base
Индикация
Порттардың белсенділігі, байланыс белсенділігі, дуплекс, қорек белсенділігі, порттарда жіберу жылдамдылығы, жүйенің белсенділігі.
Кеңейгіштік, интерфейстер
Интерфейстер
12 SFP порттының (mini-GBIC), RJ-45 жалғағыш;

4 USB порт, A типі;

1 мини-USB, B типі- басқару;

1 порт RS-232, жалғағыш RJ-45 - басқару;

1 10Base-T100Base-TX, жалғағыш RJ-45 - басқару;

Желілік стектік құрылғы: 2
Кеңейту слоттары
1 слот
Қорек
Қорек көзі - резервтік - орнатылушы модуль. 1 орнатылынған, 1 қосымша орнатуға болады.
Габариттер
44 х 46 х 4,6 см

2.1 - сурет. Cisco Catalyst WS-C3750X-12S-S коммутаторының сыртқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оптикалық кабельдің қолданылуы
Оптикалық кабельдер
Оптикалық кабельдерді төсеу
Оптикалық таратқыш муфта
Оптикалық кабель
Оптикалық талшықтардың түрлері
Оптикалық тасымалдау желісі
Жергілікті желіні жобалау
Топология - компьютерлерді жергілікті желіге физикалық қосу тәсілі
Оптикалық талшықты кабельдердің түрлері
Пәндер