Статистика пәнінен тезистік лекция конспектілері
ТАҚЫРЫП 1: Статистика пәні мен міндеттері.
ТАҚЫРЫП 2: Статистикалық бақылау
ТАҚЫРЫП 3: Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау.
ТАҚЫРЫП 4: Абсолютті және қатысты шамалар.
ТАҚЫРЫП 5: Орташа шамалар және вариацияның көрсеткіштері.
ТАҚЫРЫП 6 Ішінара бақылау
ТАҚЫРЫП 7: Динамикалық қатарлар
ТАҚЫРЫП 8: Индекстер
ТАҚЫРЫП 9: Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу
ТАҚЫРЫП 10: Халық және еңбек ресурстарының статистикасы.
ТАҚЫРЫП 11: Ұлттық шоттар жүйесі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
ТАҚЫРЫП 12: Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы.

Статистика – бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Ондағы сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік–экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады.
Қазіргі кезеңде «статистика» термині төмендегідей әртүрлі мағынады қолданылып жүр:
– статистикалық органдар арқылы көптеген қоғамдық құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу;
– статистика – статистикалық жинақтарда, анықтамаларда, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандық көрсеткіштер;
– статистика – қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым.
Статистика қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды және оның даму кезеңдерінің өзінше тарихы бар. Статистика ғылымының даму процесін, бастамасын ХVII ғасырдың аяқ кезінен Англиядан бастайды. Оның негізін ағылшын ғалымдары Джон Граунт (1620 – 1674) пен Вильям Петтидің (1523 – 1687) «Саяси арифметика» атты еңбегі қалады.

1. Громыко Г.Л. «Статистика». Издательство МГУ, 1976
2. Гольдберг А.М., Козлов В.С. «Общая теория статистики». М. 1997
3. Елисеева И.И., Юзбашев М.М. «Общая теория статистики». М. Финансы и статистика, 1996
4. Ефимов М.Е., Рябцев В.М. «Общая теория статистики». М. 1991
5. Левин А.Е. «Статистика». М. 1984
6. Ряузов Н.Н. «Общая теория статистики». М. 1979
7. Ряузов Н.Н. «Практикум по общей теории статистики». М. 1979
8. Рожков В.С. «Автоматизированные системы обработки экономической информации». М. 1988
9. Рябушкин Т.В., Ефремов М.Р. «Общая теория статистики». М. 1981
10. Сураганова С.К. «Общая теория статистики». Астана. 1998
11. Шмойлова Р.А. «Практикум по теории статистики». М. Финансы и статистика, 2000
12. Ызғарбек Әміре-ұлы «Статистиканың жалпы теориясы». Алматы. Экономика, 1998

Тезистік лекция конспектілері
ТАҚЫРЫП 1: Статистика пәні мен міндеттері.
1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.
2. Статистика пәні мен міндеттер. Статсиканың негізгі ұғымдары мен
катеориялары.
3. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері
4. Статистикалық әдіснаманың ерекшеліктері
5. ҚР мемлекеттік статистиканы ұйымдастыру
Дәрістің мақсаты: Статистика туралы жалпы түсінік, оның дамуы және
әдістері мен зерттеу кезеңдері туралы студенттерге жалпы мәліметтер беру
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: статистика, жиынтық бірлік, сандық
белгі, сапалық белгі, статистикалық бақылау, статистикалық топтау,
жинақтау, өңдеу, статистикалық қорытынды, талдау.
Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Статистика – бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт
өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіліп, толығып отырады.
Ондағы сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және
әлеуметтік–экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге
болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған
талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға
толық мүмкіндік туады.
Қазіргі кезеңде статистика термині төмендегідей әртүрлі мағынады
қолданылып жүр:
– статистикалық органдар арқылы көптеген қоғамдық құбылыстардың
өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу;
– статистика – статистикалық жинақтарда, анықтамаларда, мерзімді
баспасөздерде жарияланатын сандық көрсеткіштер;
– статистика – қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән
жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым.
Статистика қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды және оның даму
кезеңдерінің өзінше тарихы бар. Статистика ғылымының даму процесін,
бастамасын ХVII ғасырдың аяқ кезінен Англиядан бастайды. Оның негізін
ағылшын ғалымдары Джон Граунт (1620 – 1674) пен Вильям Петтидің (1523 –
1687) Саяси арифметика атты еңбегі қалады.
Статистика дамуының екінші бір бастауы Саяси арифметикамен бір
мезгілде шыққан неміс ғалымы Г. Конрингтің (1605 – 1681) еңбектерінде
қалыптаса бастаған мемлекеттану ғылымында жатыр.
Статистиканың одан әрі дамуына көптеген ғалымдар өздерінің ғылыми
еңбектерімен атсалысты. Олардың ішінде мына ғалымдардың аттарын атамай
кетуге болмайды: неміс ғалымы Г. Ахенваль (1719 – 1772), бельгия ғалымы А.
Кетле (1796 – 1874), англия ғалымы А. Боули (1869 – 1957) және тағы
басқалары.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында статистика ғылымы
қарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің сіңірген
еңбектері дәлел бола алады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық
теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілі
анықталады. Бұл салада П.Л. Чебышев, А.А. Марков, А.М. Ляпунов, С.Н.
Бернштейн сияқты атақты математиктер елеулі еңбек етті.
2 сұрақ. Статистика – қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру
процестерін, ондағы сандық қарым – қатынастар мен заңдылықтарды сапалық
тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде
болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым. Сонымен бірге әлеуметтік – экономикалық
құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне табиғи және техникалық факторлардың
тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған
ортаға тигізген әсерін анықтайды.
Табиғатында, статистика – жаппай қоғамдық құбылыстардың құрамы мен
өзгеру процестерін зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Қоғамдық ғылым
ретінде, республикамызда болып жатқан жалпы әлеуметтік – экономикалық
құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтары мен есептеу, талдау сияқты
әдістемелерін анықтайды. Сонымен, статистика әлеуметтік – экономикалық
құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау
әдістерін үйретеді және бұл тәсілдерді басқа ғылымдарда да қолданады.
Статистиканың негізгі қасиеті – қоғамдық құбылыстар мен процестердің
өзгеруін сандық тұрғысынан қарастыра отырып, оның сапалық мәнін де
анықтайды. Сандық пен сапалық көрсеткіштер бірімен – бірі тығыз байланыста
болады. Сапа деп әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде берілуін
айтады. Демек, сандық көрсеткіштерді айтсақ, онда оның сапасын бірге
көрсеткеніміз немесе керісінше, сапасын көрсете отырып, оның сандық мәнін
анықтағанымыз.
Статистика қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеу барысында
біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштерді қарастырады. Бұл элементтер
жиынтық бірліктер деп аталады және олардың әрқайсысын сипаттайтын ортақ
қасиеттерін статистика тілінде белгі деп атайды.
Белгілер сандық және сапалық болып екіге бөлінеді. Сандық белгілердің
жке мәндері сан өлшерінде беріледі. Ал сапалық белгілердің жеке мәндері
белгілі бір анықтама, ұғым түрінде беріледі.
Статистика мемлекетіміздің әлеуметтік – экономикалық дамуы мен үрдісін
сипаттайтын мәліметтерді жан – жақты зерттейді. Басқару органдарына
статистикалық мәліметтер мен ақпаратты қажетіне қарай беріп отырады.
Халықаралық деңгейде көрсетілген көрсеткіштердің дұрыстығы мен есептеу
әдістерінің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді.
3 сұрақ. Статистика әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен
процестерге статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық
ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына, яғни құбылыстарды танып
білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Бірақ, басқа ғылымдар сияқты
статистиканың да өзіне тән ерекшеліктері мен зерттеу әдістері бар. Ол
әдістер өздерінің қолданылуына және бірінен соң бірінің жалғасып келуіне
қарай үш сатыға бөлінеді. Олар мыналар: 1) статистикалық бақылау, яғни
бастапқы мәліметтерді жинау; 2) жиналған мәліметтерді өздеріне тән
ерекшелігіне қарай топтау, өңдеу және жинақтау; 3) жинақталған, өңделген
мәліметтерге талдау және қорытынды жасау. Осы көрсетілген әдістер жиынтығын
статистикалық әдістемелер немесе зерттеу кезеңдері деп атаймыз.
Статистикалық бақылау – статистикалық зерттеудің бастапқы сатысы. Мұнда
әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтер
алдын – ала жасалған бағдарлама бойынша жиналады. Статистикалық бақылаудың
негізгі мақсаты қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізген әрбір
фактіні өздеріне тән белгісіне қарай анықтау және нақты шындықтың
қамтылуын, анық, нақты, дәл әрі керекті мәліметтерді жинау.
Статистикалық бақылау әрқашан да кең көлемді, толық жүргізіледі. Демек,
бақылау кезінде жиналған мәліметтер неғұрлым көп болса, көрсеткіштер
соғұрлым толық және айқын болып келеді.
Статистикалық көрсеткіштерді топтау, өңдеу және жинақтау. Бұл
–статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып саналады. Осы әдісті қолдану
кезінде статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер өздеріне тән
жекелеген белгілері бойынша біртекті топтарға және іштей жіктерге бөлінеді.
Бірақ, олардың әрқайсысы статистикалық жеке көрсеткіштер жүйесіне сай
сипатталады. Сондықтан, зерттеудің бұл кезеңінде қоғамдық құбылыстар мен
процестердің топтық көрсеткіштері ірілендіріледі, жекелеген топтардың
сапалық айырмашылығы анықталады және талдау, қортынды жасау үшін сандық
көрсеткіштері есептеледі.
Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау. Бұл
статистикалық зерттеудің соңғы, яғни үшінші сатысы. Мұнда жинақталған,
топталған, өңделген статистикалық көрсеткіштер біртектес топтық белгілері
бойынша жеке қарастырылады. Олардың бір–бірімен байланысы анықталынады.
Сондай – ақ қорытындылаушы көрсеткіштер орташа, қатысты шамалар немесе
өсіңкілік қатарлар, индекстік әдістер арқылы есептеледі. Олар статистикалық
кестемен көрсетіледі немесе график арқылы бейнеленеді. Сонымен,
статистикалық мәліметтерге талдау жасау деп жинақталған, топтастырылған,
өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау және солар арқылы ғылыми
тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауды айтады.
Жоғарыда көрсетілген статистикалық зерттеудің бұл үш сатысы арасында
қоладанысына қарай өзара айырмашылығы бар. Бірақ, олар бірінен – бірі
бөлінбейді. Мысалы, бақылаусыз топтау болмайды, ал топтаусыз талдау немесе
қорытынды жасалынбайды. Демек, статистикалық зерттеудің бұл үш сатысы бір –
бірімен тығыз байланысты. Соған орай оларды әр түрлі мамандар жүргізеді.
4 сұрақ. Нарықтық экономикаға өту кезеңінде республикада болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы және олардың даму
немесе кему жағдайьн анықтау
үшін; жалпы мемлекеттік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз
ету үшін; көп салалы халық шаруашылығын басқару үшін түрлі
статистикалық мәліметтер кажет. Мұндай мәліметтер кәсіпорындардың,
ұйымдар мен мекемелердің, шаруашылықтардың, кооперативтер мен
фермерлікшаруашылықтардың және т.б. әр түрлі есептеу жолдары арқылы,
яғни оперативтік жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп беру
жүйелері арқылы жинақталады, өңделеді және оған талдау жасалынады.
Бірақ, осы аталған есеп түрлерінің әрқайсысының алдарына койған мақсаты мен
есептеу әдістемелеріне қарай өздеріне тән ерекшеліктері болады. Төменде
осы есептердің ерекшеліктерін жеке-жеке қарастырайық:
Оперативті жедел немесе оперативті-техникалық есеп. Оның
негізгі мақсаты сол кәсіпорындардың, шаруашылықтардың, бірлестіктер мен
ұйымдардың бөліктері мен цехтарында болған жұмыс көрсеткіштеріне, яғни
өндірілген дайьн өнімдер мен оның сапасына; жартылай даярланған
фабрикаттар мен тетіктердің дайындалуына, шикізаттар мен материалдың
жұмсалуына; еңбек құралдарының қолданылуына және т.б. операциялардың
жүргізілуіне күнделікті бақылау жасау үшін жүргізіледі. Оперативті жедел
есеп арқылы алынған көрсеткіштер күнделікті орындалған шаруашылық
операцияларының жұмыс бабын, олардың дұрыстығын қадағалап отыру және
басшылық жасау үшін қолданады. Егер жүмыс барысында түрлі себептер мен
кемшіліктер кездесетін болса онда оны түзету үшін арнайы шешімдер
қабылдауға және оны жүзеге асыруға көмектеседі.
Оперативті есептің көрсеткіштері бастапқы құжаттар бойынша немесе
телеграф, телефон арқылы жинақталады және онда бухгалтерлік есеп
беру формасында анық көрсетілмейтін негізгі мәліметтер
қамтылады. Сондықтан оны дер кезінде берілетін жедел есеп деп те
атайды.
Бухгалтерлік есеп. Есептің бүл түрі барлық кәсіпорыңдарда, мекемелер
мен ұйымдарда, шаруашылықтар мен бірлестіктерде, шағын жөне жеке
кооперативтер мен ұжымдарда жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп арқылы әрбір
кәсіпорындар, мекемелер және т.б. бойынша ақша қаржыларының қозғалысын,
өндірілген өнімнің өзіндік құнын, материалдық шығындар мен оның
пайдалануын, еңбекақы мөлшерін, кіріс пен шығыс жене т. с. с.
көрсеткіштердің нақты есебі жүргізіледі. Бұл есепте көрсетілетін
көрсеткіштер ресми қүжаттарға сүйеніп жинақталады және оған экономикалық
талдау жасалынып, қорытындыланады. Басқа есептермен салыстырғанда, оның
ерекшелігі қүжаттылығында және ондағы көрсеткіштердің барлығы
ақшалай өлшем бірлігіне айналдыру арқылы көрсетілетіндігіңде.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты жүйелі түрде бірыңғай ережелер
мен әдістерді қолдана отырып, шаруашылық операциялары туралы
мәліметтерді жинақтайды. Басқаруға қажет болатын көрсеткіштерді өз
ішінде қолданады және сол арқылы белгілі бір шешімдер қабылдауға
көмектеседі. Есептің бүл түрінің негізгі әдістері мыналар: бухгалтерлік
баланс, тіркеу, бағалау, калькуляциялау. Ең бастысы, қүжаттылық принципін
сақтай отырып, екі жақты жазу ережесіне сай жүргізілетіндігі.
Бухгалтерлік есепке әдістемелік жағынан көмек көрсетіп, басшылық ету
жұмысы республика Қаржы министрлігіне жүктелген. Ол Қазақстан
Республикасының Ұлттық статистика агенттігімен келісе отырьш бухгалтерлік
есеп айырысу шоттарын жөне олардың жоспарын, есеп беру формаларының типтік
үлгісін, оларды жүргізу, толтыру әдістері туралы нұсқауларды бекітеді. Оның
іс жүзінде қолданылуына бақылау жасап отырады.
Статистикалық есеп. Бұл есепте қоғам өмірінде болып жатқан әлеуметтік-
экономикалық құбылыстар мен процестердің барлық сандық көрсеткіштері мен
сапалық жақтары есепке алынады, жинақталады, өздеріне тән белгілеріне қарай
әр түрлі топқа бөлінеді жөне оған талдау жасалынады. Бұл есептің негізгі
мақсаты халық шаруашылығы салаларын дұрыс басқарып, материалдық игіліктерді
өндіру және бөлуге бақылау жасау үшін қажетті мәліметтерді жинақтап, өңдеп,
дер кезінде Үкімет қарауына беріп отыру. Статистикалық есепте көрсетілетін
көрсеткіштер бухгалтерлік жөне оперативтік жедел есептер арқылы тиісті
қүжат бойынша жинақталады. Егер, бұл есептерде кейбір қажетті көрсеткіштер
жоқ болса, онда оны жинау үшін арнайы статистикалық бақылау жүргізіледі.
Статистикальщ есептіц басқа есептермен салыстырғанда өзіне тән
ерекшеліктері мен есептеу әдістері бар. Олар: мәліметтерді жинау, топтау,
өңдеу, талдау жөне нақты, қатысты, орташа шамалармен бірге индекстік,
графикалық, баланстық, корреляциялық әдістерді қолданатындығында.
Бухгалтерлік және оперативтік есептер әрбір кәсіпорындарда больш
жатқан жеке фактіні тіркейді. Ал статистикалық есеп жалпы жиынтықтың
қорытындысын шығарады. Сондықтан бұл қорытындылаушы есеп болып саналады
және берілген көрсеткіштердің маңызына қарай түрлі (табиғи, ақшалай және
еңбек) өлшем бірліктерімен өлшенеді. Сонымен бірге, қатысты шама ретінде
коэффициентпен немесе процентпен көрсетіледі.
Бухгалтерлік, оперативтік және статистикалық есеп жүйелері бірімен-
бірі тығыз байланыста болады және олардың арасында ешқандай да қайшылық
болмайды. Осыған орай, бұл үш ecen жүйесі халық шаруашылық салаларын жан-
жақты зерттейтін біртұтас есеп жуйесін, яғни халық шаруашылығы есебін
құрайды.
Сонымен, есеп пен статистиканың біртұтастығын төменде берілген
заңдылықтардан көруге болады:
барлық кәсіпорындарда жүргізілетін есеп жұмыстары мен оны
толтыру әдістемелерінің бірегей болуы. Мысалы, барлық
кәсіпорындарда өндірілген өнімнің көлемін есепке алу бір әдіспен, бір
бағдарлама бойьшша жүргізілетіндігі. Егер, осы көрсеткіштерді әр
түрлі тәсілдермен есептейтін болсақ, онда оларды бір-бірімен
салыстыруға болмайды;
есептің бүл үш түрі әрқашанда бірін-бірі толықтырып отырады және олардың
арасында алалық, қайшылық, параллелизм (жарыспалылық) жоқ, олардың
арасында көрсетілген көрсеткіштер бірімен-бірі тығыз байланыста болады;
бастапқы eceп құжаттарының біркелкілігі және оның негізі ретінде барлық
есептер үшін бастапқы құжаттар арқылы көрсеткіштер есепке алынады.
Демек, біртұтас есеп жүйелерінің жоғарыда көрсетілген зандылықтарын
толығымен сақтаған кездерде ғана осеп жұмыстары дұрыс жүргізіледі.
5 сұрақ. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік статистика жүйесінің құрылымы
төменде берілген 2.1-суретте бейнеленген:
Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігіне қарайтын облыстық, қалалық,
аудандық статистика органдары өз жүмыстарын жергілікті атқарушы;
органдармен үйлестіреді. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі жайында
оларды дүркін-дүркін хабардар етіп отырады. Статистикалық есеп жұмыстарында
жіберілген кемшіліктерді жоюға, оны болғызбауға бағытталған ұсыныстар
беріп, дер кезінде көмек көрсетіп тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агеттігі және оған қарасты
ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
1-сурет. Қазак,стан Республикасының Ұлттық статистика жүйесінің
құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996-жылғы 18-қаңтардағы қаулысы
бойынша Казақстан Республикасының статистика және талдау жөніндегі
мемлекеттік комитеті (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Ұлттық
статистика агенттігі болып оқылады) туралы Ереже бекітілген. Осы
көрсетілген Ережеге сәйкес статистика органдары өз жүмыстарын ұйымдастырып
және мұнда оның негізгі міндеттері мен атқаратын қызметтерін анықтайды.
Төмендегі ережеде оның міндеттері, қызметтері және құқықтары берілген.
Ұлттық статистика агенттігінің міндеттері. Қазақстан Республикасының
Ұлттық статистика агенттігінің негізгі міндеттері мыналар: статистикалық
мәліметтерге сүйене отырып республикада болып жатқан экономикалық және
әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдісін жан-жақты зерделеу, қорыту
мен талдау; статистика саласындағы жалпы мәліметтік саясаттың жүргізілуі
мен орындалуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасын егемен мемлекет ретінде сипаттайтын
статистикалық көрсеткіштердің тұтастығы, объективтілігі мен жеткіліктілігін
қамтамасыз ету;
халықаралық ережелер мен стандарттарға сай статистикалық деректердің
әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жузеге
асыру;
мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын, қоғамға жүйелі
түрде республикада болып жатқан әлеуметтік-экономикалык
процестер мен қүбылыстар туралы мәліметтер, статистикалық ақпаратты тарату,
халықаралық статистикалық ынтымақтастық орнықтыру және өзара статистикалық
ақпарат
алмасып отыру.
Ұлттық статистика агенттігінің атқаратын қызметі. Қазақстан
Республикасының Ұлттық статистика агенттігі жоғарыда жүктелген міндеттерге
сәйкес мына шараларды жүзеге асырады:
- республикада қолданыльш жүрген статистиканың құқықтық негізін
қамтамасыз ететін заңдар және нормативтік актілердің жаңа жобаларын
жасайды және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Үкіметке ұсыныстар түсіреді;
- Ұлттық статистика агенттігі бекітетін бағдарламалар мен
статистикалық нысандар негізінде мемлекеттік есеп беру, бір жолғы
есепке алу, елімізде санақ және ішінара бақылау түрінде
жүргізілетін статистикалық бақылауды ұйымдастырып, өткізеді;
- елдегі статистикалық қызметті үйлестіреді;
- Статистика агенттігін жетіддіру жөніндегі мемлекеттік
бағдарлама шараларының орындалуын ұйымдастырады;
- республиканың мүдделі министрліктерімен, мемлекеттік комитеттерімен
әрі өзге де орталық және жергілікті аткарушы огандарымен келісімге
сәйкес статистикалық және ұйымдастырушылық жұмыстарының регламенты
әзірлейді жене оны жыл сайын Үкіметке бекітуге ұсынады;
- бекітілген регламентке сәйкес статистикалық жөне экономикалық
ақпаратты жинауды, қорытуды, оны тарату мен сақтауды, оны
"Қазақстан Республикасының Статистика жене талдау жөніндегі
мемлекеттік комитетін құрылымдық қайта құру туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995-жылғы 12-маусымдағы № 813
қаулысының 9-тармағында көзделген шарттармен Президентке,
Парламентке және Үкіметке, министрліктерге, мемлекеттік комитеттер
мен өзге де орталық және жергілікті атқарупіы органдарға жөне басқа
да заңды тұлғаларға, сондай-ақ ТМД-ға мүше мемлекеттердің
статистикалық органдарына және халықаралық ұйымдарға түсіруді
жүзеге асырады;
- статистика жөніндегі халықаралық әдістемелік ұсыныстарды елдің
жағдайына қарай бейімдейді, жаңаларын әзірлейді, оларды
статистикалық қызметтің тәжірибесіне енгізеді;
- көрсеткіштердің ен шағын құрамын белгілейді әрі мемлекеттік және
ведомствалық статистикалық есептің нысандарын және оларды жасау мен
мемлекеттік статистика органдарына түсіру тәртібі туралы тиісті
нұсқаулар мен нұсқаулықтарды бекітеді;
- ғылыми әдістеме жөне статистикалық бақылаудың прогрессивті
әдістерін, компьютер техникасын, ақпарат тарату құралдары мен
полиграфиялық жабдықтарды кеңінен қолдануга негізделген қазіргі
ақпараттық технологияларды енгізу негізінде статистикалық
ақпараттың ақиқаттылығын дұрыстығы мен тұтастығын қамтамасыз етеді;
- белігіленген тәртіппен статистикалық жинақтарды, бюллетеньдерді,
экономикалық шолуларды жоне басқа да статистикалық материалдарды
бастырьш шығарады жөне таратады; қалың жұртшылық үшін басылымдарға
жиынтықталған статистикалық ақпаратты әрдайым жариялап отырады;
- министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен өзге де орталық және
жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен
мекемелердің қызметкерлерімен статистика мәселелері жөніндегі
семинарлар мен кеңестер өткізеді;
- мемлекеттік статистика органдарының алдында есеп беретін
кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелерді қажетті статистикалық
құралдармен қамтамасыз етеді;
- белгіленген тәртіппен мемлекеттік құпияның сақталуын, бастапқы
статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
- қазіргі мемлекеттік келісімдер шеңберінде халықаралық экономикалық
және статистикалық органдарымен және шет елдердін статистикалық
қызмет орындарымен ьнтымақтастықты жүзеге асырады;
- статистикалық ақпарат жүйесінің дамуы мен өркендеуінің, оның
еліміздің және халықаралық ұйымдардың ақпарат жүйелерімен өзара іс-
қимылының аса манызды проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу және
жобалау жұмыстарын ұйымдастырады;
- есеп және статистика қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және
кәсіби мамандарын арттыруды ұйымдастырады.
Ұлттық статистика агенттігінің құқығы. Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген зандарына сәйкес, алдына қойылган міндеті мен жүктелген
қызметіне қарай Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігінің мынадай құқы
бар:
- қаржы, банк, кеден, құқық қорғау және өзге де органдар мен қызмет
орындарын қосқанда, меншік түрі мен ұйымдар құқықтық нысанына
қарамастан, ел аумағында жұмыс істейтін заңды тұлгалар мен жеке
кәсіпкерлерден, одан тысқары жерлерден жұмыс істейтін
резиденттерден статистика агенттігі белгілеген көлемі мен
мерзімінде дұрыс статистикалық деректер алуга;
- халық арасында статистикалық бақылау жүргізуге және азаматтардан
статистика мақсаты үшін қажетті деректерді алуға;
- қажет болған жағдайда бастапқы және жиынтықты статистикалық
деректердің дұрыс-бұрыстығын тексеруге кұқы бар. Олардың
бұрмаланғаны анықталған жағдайда заңды тұлғалар мен жеке
кәсіпкерлерге міндетті түрде оны жою туралы нұсқаулар беруге,
жиынтықты статистикалық деректерге тиісінше дәддіктер енгізуге;
- шаруашылық шарттары бойынша бейімділік тақырьштама статистикалық,
талдамалық, ақпараттық-есептеу және өзге жұмыстарды жүрізуге,
сондай-ақ белгіленген тәртіппен статистикалық ақпараттың заңды және
жеке тұлғаларга өткізілуін жүзеге асыруға;
- мемлекеттік статистикалық бақылауларды жүргізуге белгіленген
тәртіпен лауазымды адамдарды тартуға;
- дәлелденген бұрмалаушылықты жойғанға дейін Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген зандарына қайшы келетін
мемлекеттік және ведомствалық статистика мәселелері жөніндегі
ведомствалық актілердің қолданылуын тоқтата тұруға;
- заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика мәселелері
жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға;
- республика министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де
орталық және жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ меншік
түрі мен ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, кәсіпорындардың,
мекемелер мен ұйымдардың мемлекеттік статистика мәселелері
жөніндегі Қазақстан Республикасының зандарын орындауына бақылауды
жүзеге асыруға;
- мемлекеттік статистиканы жетілдіру және қызметін үйлестірудің
неғүрлым маңызды проблемаларын шешу үшін олар бойынша
ведомствоаралық ғылыми-әдістемелік кеңестер, сондай-ақ, мүдделі
министрліктер мен өзге де орталық жәие жергілікті атқарушы
органдары, басқа да ұйымдар мен мекемелері (халықаралықтарын қоса)
өкілдерінің қатысуымен уақытша жұмыс топтарын құруға;
- өз құзыреті шегінде республиканың министрліктеріне, мемлекеттік
комитеттері мен өзге де орталық және жергілікті атқарушы
органдарына, ел аумағындағы кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға
және шет жерде қызмет ететін резиденттерге, олардың меншік түрі мен
ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан. мемлекеттік статистикалық
есеп берудегі бұрмалаушылықты жою туралы олардың орындауы үшін
міндетті тұжырымдама беруге;
- белгіленген тәртіппен статистика мөселелері жөнінде республиканың
барлық министрліктерінің мемлекеттік комитеттері мен өзге де
орталық және жергілікті атқарушы органдарының, кәсіпорындардың,
мекемелер мен ұйымдардың орындауы үшін міндетті қаулылар,
нұсқаулықтар мен нұсқаулар шығаруға қуқығы бар.
Қорытынды:
Қазіргі кезеңде статистиканың Қазақстан Республикасында алатын орны
ерекше. Ол білімнің ғылыми саласы ғана емес, сонымен қатар практикалық
қызметтің түрі болып табылады. Сондықтан оның маңызын, қажеттілігін, даму
процестерін және зерттеу кезеңдері мен әдістерін оқып – үйрену әрбір
жоғарғы білімді азаматтың алдына қойған мақсаты деп айтсақ та болады.
Дәріске әдістемелік нұсқау:
Статистиканың практикалық жағын оқып – үйренбес бұрын оның теориялық
жағын жете меңгеру қажет. Сондықтан, дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау
барысында негізгі анықтамаларға аса назар аудару қажет, мысалы: статистика,
жиынтық бірлік, сандық белгі, сапалық белгі, статистикалық бақылау,
статистикалық топтау, жинақтау, өңдеу, статистикалық қорытынды, талдау. Ол
үшін берілген әдебиеттерді мұқият оқып, тест сұрақтары және бақылау
сұрақтары бойынша теориялық біліміңізді тексеріңіз, СӨЖ тапсырмасын
орындаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Громыко Г.Л. Статистика. Издательство МГУ, 1976
2. Гольдберг А.М., Козлов В.С. Общая теория статистики. М. 1997
3. Елисеева И.И., Юзбашев М.М. Общая теория статистики. М. Финансы и
статистика, 1996
4. Ефимов М.Е., Рябцев В.М. Общая теория статистики. М. 1991
5. Левин А.Е. Статистика. М. 1984
6. Ряузов Н.Н. Общая теория статистики. М. 1979
7. Ряузов Н.Н. Практикум по общей теории статистики. М. 1979
8. Рожков В.С. Автоматизированные системы обработки экономической
информации. М. 1988
9. Рябушкин Т.В., Ефремов М.Р. Общая теория статистики. М. 1981
10. Сураганова С.К. Общая теория статистики. Астана. 1998
11. Шмойлова Р.А. Практикум по теории статистики. М.
Финансы и статистика, 2000
12. Ызғарбек Әміре-ұлы Статистиканың жалпы теориясы. Алматы.
Экономика, 1998
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Статистика пәні неге қоғамдық пән болып есептеледі?
2. Статистикалық әдістемелерге нелер жатады?
3. Статистикалық зерттеу сатыларын түсіндір.
4. Статистикалық жиынтық дегенді қалай түсінесің.
5. Статистика дегеніміз не және нені зерттейді?
6. Жиынтық бірліктер дегеніміз не?
7. Сандық бірліктер дегеніміз не?
8. Сапалық бірліктер дегеніміз не?
9. Өзгермелік (вариация) дегеніміз не?
10. Статистика қоғамдық пән ретінде қай уақытта пайда болды?
Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары:
ТАҚЫРЫП 2: Статистикалық бақылау
1. Статистикалық бақылау түралы түсінік. Статистикалық бақылауды өткізу
кезеңдері.
2. Статистикалық бақылауды ұйымдастыру түрлері және негізгі нысандары
3. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.
4. Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік мәселелері.
Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі мәселелері.
5. Статистикалық бақылау қателері. Статистикалық бақылаудың мәліметтерін
тексеру әдістері.
Дәрістің мақсаты: Статистикалық есеп жүргізу кезінде оның ең алғашқы
сатысы статистикалық бақылаудың маңыздылығын ашу. Бақылау бағдарлмасындағы
сұрақтардың маңыздылығын түсіну. Статистикалық бақылаудың нысандарын,
түрлерін, тәсілдерін түсіну. Бақылау кезінде жіберілетін қателіктерді
анықтай білу және оларды тексеру тәсілдерін меңгеру.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: статистикалық бақылау, бақылау
бағдарламасы, бақылау зерзаты, бақылу бірлігі, статистикалық бланк,
статистикалық есеп беру, жаппай бақылау, жартылай бақылау, ішнара бақылау,
бақылаудың тәсілдері, статистикалық қате, репрезентативті қате, тіркеу
кезінде жіберілетін қате.
Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген
құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын–ала
жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау
тәсілі айтылады.
Статистикалық бақылауды жүргізу, оның бағдарламаларын дұрыс
ұйымдастыру–өте күрделі және көптеген білікті мамандар мен ғылыми
мекемелердің қатысуы арқылы жасалынатын жұмыс.
Жалпы алғанда статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты–зерттеліп
отырған зерзаттар туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін, ғылымға
негізделген, сапалы мәліметтерді белгіленген мерзімде жинау. Бұл жөнінде
статистикалық бақылаудың алдында төмендегі талаптар толық орындалуы тиіс:
1. Халық шаруашылығы үшін зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен
процестердің негізгі мақсаты, ғылыми және тәжірибелік бағалылығы
жоғары болуы керек.
2. Жалпы жиынтыққа әсерін тигізетін себептерді анықтау қажет және
қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы ұдайы өзгерісте болатын
сапалы мәліметтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
3. Статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты, дәлдікті
көрсетуі үшін оның сапалылығы жан–жақты ұқыпты түрде, әрі өз уақытында
тексерілуі тиіс. Өйткені бақылау көрсеткіштеріндегі орын алған
жетіспеушіліктер, кемшіліктер, ауытқушылықтар өңдеу процесінде толық
түзету жасауға мүмкіндік бермейді.
4. Статистикалық бақылау ғылыми негізде, алдын–ала жасалынған бағдарлама
негізінде ұйымдастырылған түрде жүргізілуі тиіс және одан алынған
мәліметтер дұрыс шешім қабылдау үшін қолданылуы керек.
Сонымен статистикалық бақылау кезінде бастапқы жиналған көрсеткіштерде
көптеген кемшіліктер кездесетін болса, онда бақылау жұмысының қорытындысы
нәтижесіз болып шығады және алдына қойған мақсатына жете алмайды. Мұның
барлығы бақылау бағдарламасы мен ұйымдастыру жұмыстарының дұрыс жолға
қойылмағандығынан туындайды.
Статистикалық бақылау - нәтижесінде сандық көрсеткіштер алынатын қандай
болмасын статистикалық жұмыстың ең бірінші этапы.
Ұйымдастыру жұмыстарының ішіндегі ең негізгісі - статистикалық
бақылауды жүргізудегі алдына қойылған мақсат, оның өзі сол жүргізілетін
зерттеудің мәні мен маңызына байланысты. Бұл дегеніміз бақылауды не үшін
және қайда жүргізетінімізді, кандай мәлімеггердің жиналатындығын, қалай
өндеу керек екендігін, қолданылатын кестенін пішінін және есептеу
төсілдерін аныктау болып табыладьі. Сол себепті ста-тистикалық бақылауды
ұйымдастыру жөне оның бағдарламасының жасау мағынасы жағынан өте күрделі
жұмыс болып есептеледі.
Статистикалық бақылау зерзаты (объектісі). Статистикалық бакылаудың
бағдарламасында зерзаты мен бақылау бірліктері дұрыс анықталуы тиіс.
Статистикалык бақылау зерзаты дегеніміз - зерттеуге жататын әлеуметтік
қүбылыстар мен процестер жиынтығы. Мысалы, өнеркәсіпті зерттеу керек болса,
онда бақылау зерзатына Қазакстан Республикасындағы онеркәсіп орындары, ал
ауыл шаруашылығын зерттеу қажет болса, онда ұжымшарлар мен кешендер
жиынтығы жатады. Ал халық санағын жүргізу қажет болатын болса, онда бақылау
зерзатына республикамызда тұратын белгілі бір шекті мезгілдегі бүкіл халық
жатады.
Статистикалық бакылау жұмыстарын ғыліыми жүйеде ұймдастыру кезеңінде
ең бастысы - бақылау зерзатының шегін дұрыстап анықтау. Егер бақылау
зерзатының шегі дұрыс анықталмаған болса, онда оның кейбір бөліктерінің
зерттеуден тыс қалуы немесе зерттеуге жатпайтын мүлде басқа зерзаттардың
кіріп кетуі де мүмкін. Соңдықтан бақылау зерзатының шегін дүрыс анықтап алу
зерттеу кезіндегі мәліметтердің анық та, қанық больш шығуына әсері өте зор.
Мысалы, өнеркәсіптің бақылау зерзатын анықтау ушін оның құрамына жататын
өнеркәсіп орындарды басқа салаларға жататын кәсіпорындардан айыратын,
өздерінің өндіретін өнімдерінің түрлеріне қарай бөлуге болады.
Статистикалық бақылаудың зерзаттары бөлек элементтерден тұрады және
оны нысандарына қарай бір-бірінен ажыратуға болады. Сондықтан, ол
статистикалық бақылау жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Оны
статистикалық бақылау бірлігі деп атайды.
Бақылау бірлігі деп, бастапқы статистикалық мәліметтер жиынтығын
зерттеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігін айтады. Бақылау
бірлігін аңық,тау - зерттеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алдына
қойған мақсатына, аткаратын міндетіне байланысты. Мысалы, ауыл шаруашылығын
зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде әрбір ұжымдар мен кеңшар
немесе жеке шаруа қожалығы алынады. Егер енбек өнімділігін зерттеу керек
болса, бақылау бірлігі ретінде өндірілген өнімнің көлемі, ал жалақы қорын
зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде жұмысшылардын тізімдік саны
алынады. Сонымен, бақылау бірлігіне әрбір кәсіпорын, мекеме, ұжым, оку орны
немесе әрбір жұмысшы, қызметкер, ұжымшар мүшесі, оқушы жатады, яғни ол
қандай зерзаттардың зерттеуге жататындығына байланысты.
2 сұрақ. Статистика органдары бастапқы мәліметтерді жинауда
ұйымдастырудың негізгі екі жолын, яғни формасын қолданады. Біріншісі - есеп
беру, екіншісі- арнайы ұйымдастырылған бақылау.
Статистикалық есеп беру деп кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар,
ұжымшарлар мен кеңшарлар және т.б. өз жұмыстары туралы міндетті түрде
арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген уақыт аралықтарында
керекті мәліметтерді статистика органдарына немесе тиісті органдарға
тапсырып отыруды айтамыз.
Осыған орай статистикалық есеп беру екі формада жүргізіледі:
0. жалпы мемлекеттік есеп беру, яғни барлық кәсіпорындар, мекемелер,
ұйымдар және шаруашылықтар өз жұмыстары туралы керекті мәліметтерді
міндетті түрде тапсырып отырады. Бұл мәліметтер статистика органдарына
бастапқы құжаттар және бухгалтерлік есептер арқылы жинақтастырылады,
өңделеді, ал содан кейінмемлекетімізді басқару үшін қолданылады;
1. ішкі ведомствалық есеп беру, яғни әрбір ведомстваның, министрліктердің
өздерінің ішкі істерін басқару үшін қолданылатын мәліметтер жинағы.
Оны кейде оперативтік-жедел есеп дейді.
Мемлекеттік және ведомствалық есеп беру формаларыны қолданылуына қарай
бір үлгідегі және мамандандырылған болып бөлінеді. Барлық халық
шаруашылығы салаларына бір үлгідегі есеп беру формасында көрсетілген
көрсеткіштер ортақ, яғни бірдей болады.
Мамандандырылған есеп беру формасында әрбір кәсіпорын, мекеме ұжым
немесе шаруашылық өздерінің өндіретін өнімдерінің түрлеріне байланысты
ондағы көрсетілетін көрсеткіштер де өзгеріп отырады. Мысалы, Алматы
токыма жене темекі фабрикаларының өндіретін өнімдерінін, түрлеріне
карай олардың есеп беру формаларында (үлгілерінде)
көрсетілетін көрсеткіштердегі айырмашылықтың бары немесе өнеркәсіп
пен ауыл шаруашылық арасындағы есеп беру формаларында (үлгілерінде)
өзгерістердің бар екендігі анык көрсетіледі.
Есеп беру мерзіміне байланысты мәліметтер тапсыру төмендегідей
түрлерге бөлінеді: шұғыл (бір күндік, бес күндік, он күндік, он бес
күндік), айлық, тоқсандык, жарты жылдық және жылдық. Жылдық, есептен
баскасының барлығы ағымдагы есеп беру түріне жатады. Есеп беру
мерзімінің аралығы неғүрлым алшақ болатын болса, соғұрлым ондағы
көрсетілетін көрсеткіштер көбірек болады немесе керісінше болып
келеді. Сонымен бірге әрбір ecen беру формасының тапсырылатын
келісімді мезгілдері дәл көрсетіледі және дер кезінде орындау әр
көсіпорынның негізгі міндеті больш саналады.
Ecen беру формаларындағы мәліметтердің келіп түсуіне, жеткізілуіне
қарай почталық және телеграфтық болып екіге бөлінеді. Негізгі, мәліметтер
құжат түрінде почта арқылы жеткізіледі, ал телеграф, телетайп, телефон
арқылы тек көрсеткіштер ғана беріледі де, соңынан құжаттармен
куәландырылады.
Әрбір есеп беру формаларында төмендегідей риквизиттер міндеті түрде
көрсетілуі қажет:
1) есеп беру формасының мазмұнын толық көрсететін аты;
2) статистика агенттігінің бекіткен уақыт мерзімі және нөмірі;
мәліметтердің есепке алынған уақыт мерзімі, кезеңі;
есеп берудің кесімді уақыты;
есеп беру формасы жіберілетін мекеменің аты, мекен-жайы;
6) есеп беру формасын жіберген мекеменің аты, мекен-жайы;
7) мекеме, кәсіпорын және шаруашылық бағынатын министрліктің аты;
8) есеп беру формаларында көрсетілген көрсеткіштердің
дұрыстығына, нақтылығына жауап беретін адамдардың қолдары мен аты-жөндері
толық көрсетілуі керек.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды толығымен орындау есеп жұмыстарын
басқару және оның дұрыс ұйымдастырылуы үшін өте қажет. Нарықтық экономикаға
эту кезеңінде Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі Қаржы
министрлігімен бірлесе отырып, республикамыздағы қолданылатын
(жүргізілетін) есеп беру формаларына айтарлықтай өзгерістер енгізуде және
сандық, сапалық (тиімдік) жақтарын қарастыруда. Барлық мемлекеттік
органдарға, қоғамдық ұйымдарға, сонымен бірге кәсіпорындардың,
мекемелердің, ұжымдардың басшыларына бекітілмеген есеп беру формалары
арқылы мәліметтер жинауға рұқсат етілмейді. Мемлекеттік статистика
орыңдарына заңсыз түрде пайдаланылған есеп беру формаларын жоюға жөне оны
қолданғандарды жауапқа тартуга құқық берілген. Сондықтан, кез-келген
зерттеу жұмыстары үшін мәліметтерді жинауда қолданылатын есеп беру
формалары статистика органдарының келісімі бойынша ғана жүргізілуі тиіс.
Қазіргі кезде, республикамыздың егемендігі өз қолыа тигеннен бастап
статистика органдарының алдарына үлкен міндеттер қойылуда. Яғни
статистикалық мәліметтерді жинаудың, топтаудың, өндеудің және қолданатын
орындарга дер кезінде жеткізш берудің жаңа технологаялық әдістерін жоғары
дәрежеге көтеру олардың басты бағыты болып табылады. Бұл - eceп жуйесін
жетілдірудегі жаңа талапқа байланысты автоматтандырылған мәліметтер
қоймасын (АМК), автоматтандырылган статистикалық ақпараттар жүйесін (АСАЖ)
және ғылыми негізге сүйене отырып, осы заманғы компьютерді кеңінен
қолдануды іске асыру деген ұғым.
Арнайы ұйымдастырьшган бақылау. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен
процестер туралы маңызды да мәнді мәліметтер есеп беру формаларында толық
көрсетілмеген жағдайларда, немесе есеп беру арқылы жинауға мүмкіндік жоқ
болса, онда сол керекті мәліметтерді жинау үшін арнайы ұйымдастырылған
статистикалық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, әр отбасындағы бала
санын немесе әр отбасының азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын тұтынуы
туралы мөліметтерді тек арнайы ұйымдастырылған бақылау арқылы ғана жинауга
болады.
Кейінгі кезде біздің республикамызда әр түрлі арнайы ұйымдастырылган
статистикалық бақылау жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, оған халық санағы,
орнатылмаған құрал-жабдықтар санағы, мал санағы, құнды материалдарды түген-
деу, жұмысшылардың, қызметкерлердің және ұжымшар мүшелерінің отбасы
бюджетін зерттеу және т.с.с. жатады. Осының ішіндегі ең негізгісі - 9-10
жылда бір рет жүргізілетін халық санаңы. Осындай арнайы ұйымдастырылган
статистикалық бақылау жұмыстарының арқасында біз есеп формаларында
көрсетілмеген көптеген қызықты мәліметтерге кез боламыз. Оны
мемлекетіміздің болашағы үшін әлеуметтік-экономикалыіқ жағынан бағдарлама
жасауға, басқару істеріне толығымен қолдана аламыз.
Кейбір жағдайларда арнайы ұйымдастырылған бақылау аркылы есеп беру
формаларындағы көрсеткіштердің дұрыстығын тексеруге де болады. Бұған мысал
ретінде кәсіпорыннын, мекеменің немесе ұжымның құнды заттары мен бағалы
бұйымдарын түгендеуді (тізімге алуды) айтуга болады. Демек, әрбір
жүргізілетін арнайы ұйымдастырылган бақылау жұмыстарының жоғары сапалы
болып өткізілуі оған дейінгі жүргізілген даярлық жұмыстардың дәрежесіне
және оның дер кезінде орындалуына тығъгз байланысты.
3 сұрақ. Керекті мәліметтерді қандай жолмен жинаудың тәсілін анықтау
сгатистикалық зертгеу жүмыстарын үйымдастырудың ішіндегі ең күрделі мәселе
болъш табылады. Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолы бар, олар
тікелей қатысу, іс- құжаттар және сұрақ-жауап арқылы болып үш түрге
бөлінеді.
Тікелей қатысу арқылы жинау. Егер бақылаута жататын зерзаттың әрбір
жиынтық бірліктерін арнайы адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын,
тіркейтін болса, онда оны тікелей сұрау арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп
атайды. Мысалы, құнды тауарлар мен бағалы бұйымдарды түгендеу (тізімге
алу), тағамдарды санау және т.б. Бұл тәсіл статистикалық зерттеудің
жетілген түрі болып саналады және одан алынған мәліметтер нақты, толық
больш келеді.
Құжаттар арқылы жинау. Егер статистикалық бақылау жүргізу кезінде
қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәландырылса, яғни есеп беру
формаларының негізінде жиналған болса, онда оны құжаттар арқылы мәліметтер
жинау тәсілі деп атайды. Біздің қоғамымызда статистикалық мәліметтер
негізгі есеп, беру формаларын толтыру арқылы жиналады. Және ондағы
көрсеткіштер халық шаруашылығы салаларында больш жатқан жалпы өзгерістерді
толығымен, жаи-жақты суреттейді. Сондықтан, статистика органда-рына әрбір
кәсіпорын, мекеме, ұжым міндетті түрде және белгіленген уақытта қажетті
мәліметтерді тапсырады, ал олар оғaн талдау жұмыстарын жүргізеді.
Сұрақ-жауап арқылы жинау. Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді
тікелей өлшеу, санау немесе құжаттар арқылы жинауға мұмкіндік болмайды.
Ондай кезде керекті мәліметтерді жинау үшін сұрақ-жауап тәсілдері
қолданылады.
Статистикальщ сұрақ-жауап тәсілі деп керек мәліметтерді
сұралушы адамдардың айтқандары бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарына
жазып алу арқылы жинауды айтады. (Мысалы, халық санағы кезінде есепші
санақ қағазда адамдардың өз аузымея айтқандары бойынша толтырады. Сұрақ-
жауап арқылы мәліметтер жинау ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі және
оның экспедициялық, тілшілік, сауал-сұрақтың және өзін-өзі тіркеу сияқты
бірнеше жолдары бар.
Экспедицаялық тәсілмен мәліметтерді жинау кезінде арнайы дайықдықтан
өткен адамдар (санақшылар немесе тіркеушілер) сұралушымен келісілген
уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы санақ немесе
сұрақ қағаздарына толтырады да, сондықтан оны статистика мекемелеріне
өткізеді. Бұл тәсіл тікелей халық санағын жүргізу кездерінде қолданылады
және оған мемлекет тарапынан көптеген қаржы жұмсалынады. Сонымен қатар, бұл
тәсіл қажырлы еңбекті қажет етеді жөне соған орай жиналған мәліметтердің
сапасы өте жоғары болады.
Өзін-өзі тіркеу төсілі. Бұл тәсілмен мәліметтер жинау үшін статистика
мекемелерінің қызметкерлері (есепшілер, санақшылар, тіркеушілер)
сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздарьш таратып береді, оны қалай
толтыру керек екенді-гін түсіндіреді. Содан кейін толтырған бланкілерді
жинап алады да, сол жерде дұрыстығын тексереді, жіберілген қателері болса,
түзету енгізеді, соңынан оны статистика органдарына тапсырады. Бүл тәсіл
көбіне жұмысшылардың, қызметкерлердің және ұжымшар мүшелерінің отбасы
бюджетін зерттеу немесе түрлі санақтар жүргізу кездерінде қолданылады.
Тілшілік тәсілімен қажетті мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері
арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Оның ерекшелігі сол, мұнда статистика
мекемелері мәліметтер жинау үшін арнайы іріктеліп алынған адамдардың мекен-
жайына сұрақ қағаздарын және оны қалай толтыру керектігі туралы нұсқауларды
байланыс бөлімшелері арқылы жібереді. Кейіннен толтырылған бланкілер
келісімді мезгілде статистика мекемелеріне қайтарылады. Тілшілік тәсілмен
мәліметтер жинауға жұмсалынған шығындар басқа тәсілдермен салыстырғанда
барынша аз алады және -олар тез жиналады. Бірақ, камту деңгейі толық
болмайды. Сонымен қатар, мұндағы жиналған мәліметтердің дұрыстығын сол
жерді тексеруге ешқандай мүмкінішліктің жоқ екендігіне байланысты, оның
сапалық жағы басқа тәсілдермен салыстырғанда төмендеу болады.
Сауал-сұрақтық тәсілмен керекті мәліметтерді жинау сұралушының
келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі. Оны жүргізу үшін сұралушылардың
белгіленген тобына сұрақ қағаздары таратылып беріледі және ол жедел
толтырылады. Бірақ, мұнда жіберілген бланкілердің санына қарағанда,
толтырыльш қайтарылғандарының саны біршама аз және сапасы жағынан төмен
болады. Себебі, кейбір сұралушылар сұрақ қалпында көрсетілген сұрақтардың
жауабын дұрыс толтырмай, басқалай жауаптар беруі де мүмкін. Бұл тәсі
ерекшілігі сол, мұнда сұралушы адамның аты-жөні, мекен жайы көрсетілмейді.
Нарықтық экономикаға көшу кезеңіңде бұл тәсілдің рөлі жоғары
көтерілді. Себебі, көптеген ғылыми мекемелер мен қоғамдық ұйымдар
көпшіліктің ой-пікірлерін білу үшін ақпарат құралдары арқылы әлеуметгік
және демографиялық зерттеу жұмысттарын жиі жүргізе бастады. Сонымен бірге
сауал-сұрақтың жауабын пікір алысу арқылы да жинауға болады.
Қазіргі талапқа сай электронды есептегіш машиналар мен кoмпьютepлep
жүйесінің кеңінен енуіне байланысты статистикалық бақылау жүргізу,
оны топтау және қорытындылау жұмыстары жоғары дәрежеге көтеріледі.
Осыған орай мәліметтердің автоматтандырылған қоймасы (банкасы) пайда
болды және көрсеткіштердің сапасы жогарылады.
4 сұрақ. Статистикалық бақылау бағдарламасы деп зерттеу кезінде
бастапқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды , жинақы, ойға қонымды бақылау
бірліктеріне берілетін срақтар тізімінің жиынтығын айтады.
Бақылау бағдарламасына кіргізілетін сұрақтардың тізімін жасау─ аса
күрделі жұмыс. Оны өңдеу және құрау көптеген білікті мамандардың, ғылыми
қызметкерлердің немесе сол зерттеу жұмысына нақты қатысы бар мекемелер
мен ұйымдардың қатысуы арқылы жасалынады. Дұрыс жасалынған бақылау
бағдарламасы ертеңгі күнгі зерттеудің негізгі тірегі болады.
Бақылау бағдарламасын құрастыру кезінде бельгия ғалымы А. Кетленің
ұсынған төмендегі ережесін естен шығармауымыз қажет:
1) Бағдарламаға керексіз, артық сұрақтар кіргізілмеуі және ондағы
көрсетілген сұрақтардың жауаптары бақылаудың алдына қойған мақсатын
анықтауы тиіс;
2) Бақылау бағдарламасына дұрыс және нәтижелі жауап алынатын сұақтардың
кіргізілгені жөн;
3) Бақылау бағдарламасына кіргізілген сұрақтар жауап берушіге кері
әсерін тигізетіндей, яғни оның болжамы бойынша қисынсыз жүргізілген сияқты
күдік туғызбауы керек.
Жоғарыдағы келтірілген нүсқауды орындаганда ғана статистикалық бакылау
бағдарламасы дұрыс болып шығады. Статистикалық бақылаудың бағдарламасы мен
ұйымдастыру мәселелерін карастырған кезде ең үлкен жұмыстың бірі ретіңде
оған кіргізілген сұрақтардың редакциясы болып есептеледі. Атап айтқанда,
зерттеу кезінде жиналатьш, өнделетін мәліметтердің жоғары сапалылыгы,
дұрыстығы, толықтығы және оның нәтижелілігі сол берілген сұрактарға сай
түсінікті, ұғымды және тұжырымды түрде құрастырылуына тікелей байланысты.
Сондықтан көп жағдайларда берілген сұрақтардың түсінікті болуы үшін сол
сұрақтан кейін түрлі қолайлы жауаптары қосымша ретінде беріледі. Мұнда
сұралушы, яғни жауап беруші, өзінің тандауы бойынша, берілген сұрақтың
дұрыс жауабын '"сызу арқылы" көрсетеді. Мысалы, 1989-жылғы халық санағында
халықтың білімі туралы -сұраққа төмендегідей қосымша жауаптар берілген:
жоғары, аяқталмаған жоғары, арнаулы орта, жалпы орта, орталау, бастауыш
және сауатсыздык. Мұндай жауаптар өте дұрыс болып шығады және басқа
жауаптардың қосымша кіріп кетуіне тосқауыл болады. Себебі, берілетін
жауаптардың барлығы толығымен көрсетілген. Осыған орай сұралушы сұрақтың
ретіне қарай, өз қалауы бойынша бір-ак жауапты көрсетуі кажет. Кейбір
сұрақтарға берілетін жауаптар "бар" немесе "жоқ" деген сөздер арқылы
көрсетілуі де мүмкін. Сонымен, жоғарыда көрсетілген жауаптар мәліметтерді
өңдеу, топтау және электронды есептеу машинасына даярлау жұмыстарын
жеңілдетеді.
Статистикалық бланк (формуляр) дегеніміз - бақылау кезінде
берілген сұраққа жауап жазуға жөне керекті мәліметті жинауға
арналған бір бет қағаз (бірнеше бет болуы да мүмкін). Бір мезгілде, бір
тақырыпта жүргізілетін зерттеу бірдей үлгіде болғаны да жөн. Демек
статистикалық бланк (формуляр) - бұл бастапқы мәліметтерді сақтаушы,
таратушы болып табылады. Бірак, статистикалық бақылау формулярлары әр түрлі
атпен аталуы (бастапқы есеп формасы, карточка, бланк, акт, табель, санақ
қағазы, сұрау қағазы және т.с.с.) әбден мүмкін. Әрбір формулярда мекен-
жайлық көрсеткіштер жеке бөлім ретінде көрсетіледі.
Титулдық бөлімінде статистикалық бақылаудың түрі, аты, бекітілген
мерзімі және бекіткен мекеменің аты көрсетіледі. Ал мекен-жайлық бөлімінде
жердің, адамның аты-жөні және толық тұрағы жазылады. Мекен-жайдың
көрсетілуі сол бақылау арқылы жиналған мәліметтердің дұрыстығын тексеру
үшін колданылады.
Статистикалық тәжірибеде формулярдын жеке-дapa, ягни карточкалы және
тізімдік екі түрі қолданылады. Жеке-дара немесе карточкалық формулярда
әрбір бақылау бірліктерінің мәліметтері, жеке бланкіге толтырылады,
Тізімдік формулярда бір бланкіге екі немесе одан да көп бақылау
бірліктерінің мөліметтері көрсетіледі. Мыісалы, жеке немесе карточкалық
формулярға әрбір мекеменің, кәсіпорынның. шаруашылықтың есеп беру формасы,
ал тізімдікке 1989-жылғы халың санағында колданылған жаппай санақ қағазы
жатады.
Жоғарыда көрсетілген екі фор.мулярдың да өздеріне тән кұндылығы мен
кемшіліктері бар. Карточканы формулярдың тізімдікпен салыстырғандағы
артықтылығы сол, мұнда берілетін сұрақтар көп болып келеді. Сонымен бірге,
бұл формулярдың жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz