«Баға белгілеу» пәнінің дәріс кешені


5. ГЛОССАРИЙ
1. Амортизация - негізгі капиталдың біртіндеп тозу процесінің нәтижесінде оның құнын өндірілген өнімге тасымалдауы.
2Баға - көп функционалдық экономикалық құбылыс, нарық категориясының бастамасы ( ақшаны тауарға айырбастау эквиваленті) .
3. Бағаны диференциялдау - әртүрлі бағалардың бір тауарға қойылуы
4. Қосылған құн - экономикалық теорияда сатылған фирманың құнынан, материалдар мен сатып алынған, қолданылған өндірістердің құнын алып, нарықтық жүйеге сай үстйне қосуды айтамыз
5. Баға құрудағы заңдық шектеулер - баға құрудың кейбір бөліктеріне шектеу қою
6. Маржа - маркетингте сауда бағасы, өндірістік кәсіпорын бекітеді
7. Баға құру әдісі -бағаны есептеу әдісі, орта, төменгі, жоғарғы кірісті есептеп, сқраныс пен ұсыныс қатынасына бөледі
8. Бағаның ашық процесі -бағаны нарықтық байланысты сатушы мен сатып алушыға берілген жеңілдік
9. Бағаны түсірудің жабық түрі - сапаның жоғарлауы мен тауардың көлемін көбейтудегі өзгермейтін баға
10. Бағаны көбейтудің жабық түрі - сапаның төмендеуі немесе тауар көлемінің азайтылуындағы өзгермес баға
11. Бағаның құрылымы - пайыздық бөлімі күнделікті кірістің бірлігіне сәйкестеліп, жылдық есепке кіруі болып табылады
12. Таксация - тауардың толық бағасының орнатылуына немесе қызметтің төленуі мен еңбек шығынының толық есебі.
13. Өндіріс теориясы - баға құру заңдылығын түсіндіруші факторлар тізбегі
14. Басқарылушы баға құру - тауарлармен заттарға берілген баға үкіметпен белгіленеді негізгі ойда ұстар жайттары:
-бәсекелестердің бағасымен салыстыра келе, берілер баға
-құндылығы ерекшелеу мақсатындағы баға құру
- ағаның нарыққа сай келу
15 . Ынталандырушы функциясы - жұмыскердің еңбек ақысын, оның еңбек үлгісінен кәсіпорынның өндірістік шарттық қызметтің нәтижелеріне және ол бойынша жұмысссыздану өзінің еңбек нәтижесіне тұрақты жақсартуға ынталандыруына байланысты белгіленеді.
16. Бизнес - табыс пен пайда табуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет. Бизнестің негізгі қызметі - қоғамға қажет барлық тауарлар мен қызметтерді өндіру, сонымен қатар ол қоғамның табысын қалыптастырады.
17Бәсеке - жеке және қоғамдық мүдделердің қосылуы, көрінбейтін қол қорларды тиімді қолданудың, шығындарды азайтудың, сапаны өндірудің, ҒТП дамытудың, тез экономикалық өсудің стимулы.
18. Бағаның еркін қалыптасуы - нарық субъектілері үшін ақпарат, сұраныс көлемін, ұсынысты реттеу, қорларды қайта тарату
19. Акция - жыл сайынғы акционерлер жиналысында дауыс беруге, директорды сайлауға және компания пайдасынан өз үлесін дивидент түрінде алуға акция иесіне құқ беретін және компания капиталындағы үлесіне құқығын мақұлдайтын бағалы қағаз.
20. Алтын стандарты - ұлттық валюта бірлігіндегі алтынның белгіленуі арқылы Орталық Банктің ұлттық валютаны алтынға айырбастап сату және сатып алу міндеттемесі.
21. Арбитраж - бір нарықта валютаны және басқа активті сатып алып, оны басқа нарыққа пайда табу мақсатында жылдам сатуды ұсынатын операция.
22. Әлемдік рынок - халықаралық еңбек бөлінісі арқылы байланысқан әртүрлі елдер арасындағы тұрақты тауарлы-ақшалай қатынастар.
23. Валюта айналымы - резиденттер мен бейрезиденттер ешқандай шектеусіз ұлттық валютаны шет елдік валютаға алмастыруы және шет елдік валютаны нақты қаржы активі ретінде қолдануы.
24. Валюта курсы (бағамы) - ұлттық валюта бірлігінің шет елдік валюта бірлігіне қатынасы.
25. Валюта котировкасы - таңдалған рыноктық механизмдер негізінде валюта курсын анықтау.
26. Валютаның паралельді айналымы - мемлекеттің ұлттық валютасымен қатар шет елдердің бір немесе бірнеше валюталарының айналыста қолданылуы.
27. Демпинг - сол елдегі экспорттық бағаны нормалды баға деңгейінен төмендету есебінен сыртқы нарықта тауар қозғалысынан көрінетін сауда саясатының қаржылық бейтарифтік әдісі.
28. Екі жақты арнайы тауарлар мен технологиялар - бұл бейбіт, азаматтық мақсатта, сонымен қатар, қару-жарақ және әскери техника (жаппай қырып-жою қаруларын) өндіруде де қолдануға болатын құралдар, материалдар, шикізат, техникалық ақпараттар.
6. «Баға белгілеу» пәннің дәріс кешені
1-тақырып. Бағалық құрылымның теориялық негіздері
- Баға мен бағалық құрылымды анықтау
- Бағалық құрылымға әсер ететін факторлар
Сабақ түрі: жалпылама дәріс.
Дәрістің мақсаты: бағалық құрылымның теориялық негізі туралы білім жүйесінің қалыптасуына жағдай жасау.
Дәрістің негізгі мазмұны.
- Баға мен бағалық құрылымды анықтау
Баға, бағалық құрылым, баға саясаты бағалық құрылымныі негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Баға сатушы сатқысы келетін, ал сатып алушы тауарды сатып алғысы келетін ақша саласын білдіретін нарық категориясын сипаттайды. Тауардың белгілі мөлшерінің бағасы оның құнын құрайды. Сол себепті, баға - тауардың ақшалық құны. Нақ бірлігі басқа белгілі мөдшерде ауыстырылғанда, соңғысы берілген тауардың құны болады.
Баға - қиын экономикалық категория. Онда қоғамдағы барлық негізгі экономикалық қатынастар көрсетіледі. Бәрінен бұрын, ол тауарларды өндіру мен жүзеге асыруға, олардың құнының қалыптасуына, сонымен қатар ақша қорларын пайдалану мен бөлу, құруға жатады. Баға барлық ақша-тауар қатынастарын құралдандырады.
Бағалық құрылым - тауарлар мен қызмет көрсетуге бағаларды тағайындау процесі. Бағалық құрылымның екі негізгі жүйесі бар: ұсыныс пен сұраныстың әсерлесу барысында қызмет ететін нарықтық юаға құрылымы және орталықтандырылған мемлекеттік бағалық құрылым - мемлекеттік органдармен бағаны тағайындау. Бұл кезде шығындық баға құрылымы шегінде бағаны құру негізінде айналым мен өндірістің шығындары жатады. Барлық сатып алушылар үшін жалпы баға тағайындау - салыстырмалы жаңа іс.
Тарихи бағасын сатушылар мен сатып алушылар бір-бірімен келіссөз кезінде бекіткен. Сатушылар өздері сұрағысы келген бағадан жоғары сұраған.
- Бағалық құрылымға әсер ететін факторлар
Барлық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың алдындағы негізгі сұрақтың бірі ретінде өздерінің тауарлары мен қызметтеріне баға анықтау мәселесі туындайды. Нарық жағдайында бағалық құрылым қиын процесі сипаттайды, көптеген факторлардың әсеріне ұшырайды. Олар өндіріс қызметімен және жекелеген жағдайда басшылықпен байланысты ішкі факторларға, сонымен қатар өндіріске тәуелсіз сыртқы факторларға бөлінеді.
Ішкі факторлар:
- Жарнама (жарнама сәтті, ерекше болған сайын, тауардың бағасы да жоғары) ;
- Өндірілген өнімнің спецификасы (оның өңделу деңгейі жоғарылаған сайын, бағасы да жоғары) ;
- Өндіріс процесінің ерекшеліктері (ұсақ сериялық және жеке өндіріс өнімі жоғары өзіндік құнға ие, ал жалпы өндіріс тауарлары төмен шығындарға ие және бағасы да төмен) ;
- Өндірушінің нарықтық стратегиясы мен тактикасы;
- Өнімнің өмірлік циклінің спецификасы;
- Өндіріс процесінің жылжымалылығы;
- Тауардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі жылжуының ұзақтығы;
- Сатудағы және келесі кезеңдегі сервистің ұйымдастырылуы;
- Ішкі және сыртқы нарықтығы өндіруші имиджі.
Сыртқы факторлар:
- Мемлекеттің саяси тұрақтылығы;
- Қажетті ресурстың жоқтығы;
- Экономиканы мемлекеттік реттеудің сипаты;
- Инфляция деңгейі мен динамикасы;
- Сұраныс көлемі;
- Бәсекелестік деңгейі деп бөлінеді.
1. Негізгі әдебиет
1. М. С. Абротина . Нарықтық экономикадағы бағалық құрылым. Оқулық «Құжат және сервис» 2002. -256 б
2. А. И. Деева. Баға және бағалық құрылым. Оқу құралы- М. Экзамен 2003. - 288 б
3. В. Е. Есипов, Г. А. Маховикова. Қаржы нарығындағы баға құрылымы. Оқу құралы - Питер 2001. - 166 б.
4. С. И. Мумин. Құндылық баға құн Юрист. 20017-80 бет
5. И. А. Желтякова Бағалар және бағалық құрылым. Қысқаша курс. Оқу құралы. Питер 1999. - 112 б
6. И. Х. Салимжанов. Бағалық құрылым. Алматы-2000
2. Қосымша әдебиет
1. Герчикова И. Н. Маркетинг и международное коммерческое дело, -М., Внешторгиздат, 1990
2. Есипов В. Е., Маховикова Г. А., Ценообразование на мировом рынке, учебное пособие, - М., 1996
3. Котлер Ф. Основы маркетинга, - М., Прогресс, 1994
4. Левшин Ф. Мировые рынки и цены, М., 1990
5. Макконнел К. Р., Брю С., Экономикс, -М. Республика, 1993
6. Ноздрёва Р. Б., Цыгичко Л. И. Как побеждать на рынке. Ф и С, 1991
7. Основы рыночного ценообразования, учебное пособие для студентов и слушателей
2-тақырып. Бағаның функциялары
- Өлшеуші, есептік функция
- Реттеуші функция
- Ынталандыру функция
- Қайта бөлуші функция
Оқытудың ұйымдастыру түрі: жалпылама дәріс
Дәріс мақсаты: бағаның қызметі туралы білім жүйесін алу.
Дәріс мазмұны
- Өлшеуші, есептік функция
Баға өлшеуші қызметті атқарады. Баға тауарды жүзеге асырудың айналымына қызмет етеді, сол себепті тауарлық айналымның жеке қатысушыларының экономикалық қызығушылықтарына қызмет көрсетеді: өндіруші-делдал-тұтынушы. Бұл жағдайда ол тауар немесе қызмет көрсету бірлігіге алынатын және төленетін ақша мөлшері (немесе басқа тауар мен қызмет) ретінде сипатталады. Бағаның арқасында сатып алушы төлейтін, ал сатушы сатылған тауар үшін алынатын ақшаның мөлшерін анықтап, өлшеуге болады. Әр түрлі тауарлардың бағасын салыстыру арқылы оларды қымбат және арзан деп бөлуге болады. Егер бағалар қажеттілікті ескерсе, онда бұндай бағалардың қатынасы арқылы әр түрлі тауарлардың қажеттілігі туралы сөз қозғауға болады.
Көрсетілген фактілер бағаның әр түрлі тауарлардың құнын салыстыруға болатын салыстырмалы қызметін атқаратындығын көрсетеді.
Баға есептік қызметті жүзеге асырады. Бағаның көмегімен оның есептік функциясында макро және микро деңгейдегі барлық құндық көрсеткіштер есептеледі: ішкі жалпы өнім, қлттық табыс, тауар айналымының көлемі, өнеркәсіптің, жеке саланың өндірілген және жүзеге асырылған өнімінің көлемі. Баға өндіріс және заттың рентабельділігі, еңбек өнімділігі сияқты сапалық көрсеткіштердің есептеу құралы ретінде де көрсетіледі.
- Реттеуші функция
Баға экономикалық процестердің реттеуші құралы ретінде сипатталады. Сұраныс пен ұсынысты өндіруші мен тұтынушының ақша-төлемдік қабілетімен байланыстыра теңестіріледі. Шектелмеген бәсекелестік нарығында теңестіру бағасы (сұраныс пен ұсыныс теңесуі болатын және сұраныс пен ұсыныс көлемі, баға мөлшері өзгермейтін баға) сұраныс пен ұсыныстың стихиялық әсерлесу нәтижесінде тағайындалады. Тауарландыру жағдайында өндіруші монополист бағаны түсірмей, байырғы бағасын сақтап, тауардың ұсынысын көтере алады. Нәтижесінде баға өзінің сапасын сұраныс пен ұсыныстың стихиялық күшінің нәтижесі ретінде жоғалтады. Оның деңгейі монополиялық тұтынушымен, әлде болмаса мемлекетпен жүргізілетін реттеу элементтерімен анықталады.
Өндіруші ресурс бағасы өндірушілерді қоғамдық масштабтағы арзан өндіріс ресурстарды қолдануға бағыттайды, яғни баға өндіруші ресурстарды бөлуде реттеуші рольді атқарады.
- Ынталандыру функция
Бағаның бұл қызметі оның құнының нарықтық факторлар әрекетінің шеңберінде кері қайтарылуымен байланысты. Баға ұлттық табысты аймақ, экономика салалары, оның секторлары, меншіктің әр түрлі формасы, жинау мен тұтыну қоры, әр түрлі халықтың әлеуметтік т оптары арасында бөлу және қайта бөлу құралы ретінде сипатталады. Бағаның бұл қызметі тауарлардың белгілі бір топтарына акциз, ҚҚС және бюджетке түсетін салықтық сипаттағы алымдардың басқа түрлері ретінде жүзеге асады. Бағаның көмегімен өндіруші мен тұтынушы арасындағы, қоғамның жеке топтары арасындағы құрылатын құн қайта бөлінеді. Ерекше түрде бұл қызмет мемлекетпен реттелетін бағада көрінеді.
1. Негізгі әдебиет
1. М. С. Абротина . Нарықтық экономикадағы бағалық құрылым. Оқулық «Құжат және сервис» 2002. -256 б
2. А. И. Деева. Баға және бағалық құрылым. Оқу құралы- М. Экзамен 2003. - 288 б
3. В. Е. Есипов, Г. А. Маховикова. Қаржы нарығындағы баға құрылымы. Оқу құралы - Питер 2001. - 166 б.
4. С. И. Мумин. Құндылық баға құн Юрист. 20017-80 бет
5. И. А. Желтякова Бағалар және бағалық құрылым. Қысқаша курс. Оқу құралы. Питер 1999. - 112 б
6. И. Х. Салимжанов. Бағалық құрылым. Алматы-2000
2. Қосымша әдебиет
1. Герчикова И. Н. Маркетинг и международное коммерческое дело, -М., Внешторгиздат, 1990
2. Есипов В. Е., Маховикова Г. А., Ценообразование на мировом рынке, учебное пособие, - М., 1996
3. Котлер Ф. Основы маркетинга, - М., Прогресс, 1994
4. Левшин Ф. Мировые рынки и цены, М., 1990
5. Макконнел К. Р., Брю С., Экономикс, -М. Республика, 1993
6. Ноздрёва Р. Б., Цыгичко Л. И. Как побеждать на рынке. Ф и С, 1991
3-тақырып. Баға жүйесі
- Қызмет көрсетілетін айналым сипаты бойынша баға түрі
- Нарықтағы бәсекелестік деңгейіне, мемлекеттік әсер ету тәуекелділігі
- Бекіту, фискациялау әдісі бойынша
- Баға деңгейі туралы ақпарат алу әдісі бойынша
- Нарық түріне тәуелдігі
- Уақыт факторын есепке алу бойынша
- Фирмаішілік бағалар
- Жеткізу мен сату жағдайы бойынша
- Әлемдік баға
Оқытудың ұйымдастыру түрі: жалпылама дәріс
Дәріс мақсаты: бағаларды класификациялау бойынша білім жүйесін құру.
Дәріс мазмұны
- Қызмет көрсетілетін айналым сипаты бойынша баға түрі
Сату мен сатып алудың көтерме бағалары. Көтерме баға болып өнеркәсіп өндірілген өнімді басқа өнеркәсіпке ірі партиямен жүзеге асыратын баға саналады. Көтерме бағасының түріне ауыл шаруашылық өндірушілері өз өнімдерін қайта өңдеу үшін өндірістік өнеркәсіптерге, фирмаларға, ұйымдарға, өнеркәсіптерге сататын бағалары да жатады. Сатып алу бағасының басқа бағалардан ерекшелігі оның құрамына ҚҚС мен акциздердің қосылмауы болып табылады. ҚҚС ауыл шаруашылығына сатылатын материалды-техникалық ресурстардың құнына қосылмайды. Биржалық баға да көтерме баға болып саналады. Бөлшектік баға - бұл халыққа тән ұсақ немесе жеке тұтынушыға сатылатын баға. Қоғамдық тамақтану өнеркәсібіндегі жіберілетін баға - бөлшектік бағаның ерекше түрі. Халыққа қызмет көрсету бағасы да бағаның ерекше түрі болып саналады.
- Нарықтағы бәсекелестік деңгейіне, мемлекеттік әсер ету тәуекелділігі
Нарықтағы бәсеклестік деңгейіне, мемлекеттік ықпал ету, реттеуге тәуелді келесідей баға түріне бөлінеді: еркін /нарықтық/ және реттелетін.
Еркін бағалар - нарықтағы ұсыныстар мен сұраныстар негізіндегі өнім мен қызмет көрсетудегі өндірушілермен тағайындалатын бағалар. Еркін бағаларға жататындар: сұраныс пен ұсыныстар бағасы, өндіріс бағасы. Сұраныс бағасы - сатып алушы нарығында қалыптасатын баға. Ұсыныс бағасы - офертада (сатушының ресми ұсынысында) жеңілдіксіз көрсетілетін нарықтық баға. Өндіріс бағасы - барлық авансталған капиталдың орташа түсімін қосқандағы өндіріс шығындары негізінде анықталатын баға.
Реттелетін баға - басқарудың қатысты органдарымен тағайындалатын бағалар. Реттелетін бағалар кепілденген, ұсынысталған, шектелген, қорғалған бағалар болуы мүмкін. Реттелуші бағалардан мыналарды бөліп көрсеткен:
Шектелетін бағалар - өндірістер өзінің өнімдері мен қызмет көрсетулеріне тағайындалатын бағадан жоғары емес баға.
Фиксерленген бағалар - өзгертілуі олар тағайындалған нарықтың субъектісі немесе органының шешімі бойынша мүмкін, белгілі деңгейде тағайындалатын бағалар.
3. Тағайындау, фиксациялау әдісі бойынша
Тағайындау, фиксациялау әдісі бойынша төмендегідей бөлінеді: тұрақты, жылжымалы, қозғалмалы бағалар. Бағалардың бұл түрі келісім шартта көрсетіледі. Тұрақты бағаларды тұрақты бағалар деп атайды. Бұлар-келісім-шарт кезінде тағайындалып, келісім, шарт бойынша өнімді жеткізу мерзімінде өзгертілмейтін бағалар. Келісім -шартта «баға тұрақты өзгертуге жатпайды» деп ескерпе жасалады.
Тұрақты бағалар мынадай келісім-шарттарда қолданылады:
- Жылдам жеткізу;
- Қысқа мерзім ішінде жеткізу
- Ұзақ жеткізу мерзімін қарастыратын.
Ұзақ мерзімді жеткізу кезінде келісім-шарттартағы «баға тұрақты, өзгертуге жатпайтын ескертпе» міндетті түрде болуы керек.
Қозғалмалы баға - келісім-шартқа отырғандағы баға нарықтағы бағасы өзгергенде қайта қаралуға жататын баға. Бұндай жағдайда келесі ескетпе жасалатындай, келісім-шарттағы баға өзгертіледі. Бұл ескерпе «бағаны түсіру мен өсіру туралы ескертпе» деп аталады.
Жылжымалы баға- келісім-шарт орындалу кезіндегі алғашқы келісілген бағаны өндіріс шығындарын есепке алумен есептелетін баға.
Жылжымайтын баға ұзақ мерзімді дайындалатын тауарлаға тағайындалады, мысалы, қиын өндіріс құралы, соттар.
4 . Баға деңгейі туралы ақпарат алу әдісі бойынша
Баға деңгейі туралы ақпарат алу әдісі бойынша жарияланатын және есептелетін баға болып табылады. Бағаның бұл түрлеріне өнім жеткізушілер мен келісім-шарт деңгейін анықтауда сатып алушылар бағытталады.
Жарияланбайтын бағалар - ақпараттың арнайы және фирмалық қайнар көздерінде жариланатын бағалар. Жарияланатын бағаларға жататында: анықтамалық және прейскуранттық бағалар, биржалық котировкалар, аукциондық, саудалық бағалар. Анықтамалық бағаның қайнар көзі болып экономикалық газет пен журналдар, арнайы бюллетендер, фирмалық кталогтар, прейскуранттар есептелінеді.
Прейскуранттық бағалар-прейскуранттарда, сатушы фирмаларда анықтамаларда жарияланатын анықтамалық баға түрі. Прейскуранттар бағас ы мен кталогтар сатып алушылардың сұранысына жауап ретінде жеткізуш фирмалармен ұсынылады.
Есептік баға жеке тапсырыс бойынша өндірілетін нестандарттық құралдарға қолданылады.
5. Нарық түріне тәуелділігі бойынша
Нарық түріне тәуелділігі бойынша бөлінеді: тауарлық аукциондардың бағасы, биржалық котировкалар, саудалық бағалар. Тауарлық аукцион бағалары сатып алушымен алдын ала қарастырылған тауарлар партиясына (лот) максимальды ұсынылған деңгей бойынша жария сату бағалары. Аукциондар бағасы орман, ауылшаруашылық, балық аулау өнімдеріне, жүн, мех тауарлары, шай, асыл таста, ескі және өнер тастарының саудасында қолданылады. Биржалық котировкалар аукциондармен салыстырғанда массалық, сапалы, өзгертілетін тауарлардың тұрақты қызмет атқаратын, арнайы ұйымдастырылған нарық бағасын сипаттайды.
Биржалық котировкалар шын келісім-шарттардың бағасы болып табылады және олар келісім-шарттар арқылы жүзеге асырылатын тауарлардың бағасын тағайындау үшін бағдар қызметін атқарады. Аукционды бағалар деңгейі мен биржалық котировкалар халықаралық экономикалық ұйымдардың (БҰҰ, МВФ) айлық және жылдық биржалық және аукциондық комитеттерімен шығарылатын арнайы бюллетендерге жарияланады.
Саудалық бағалар- тауарлардың жеткізуге тапсырыстарды беруге немесе арнайы құжатта ерте жарияланған шарттар бойынша белгілі жұмыс өндірісі бүшін рұқсат алуға негізделген арнайы сауданың ерекше түрі. Тендер олардың ұйымдастырушылары үшін келісімнің тиімді жағдайын қамтамасыз ету мақсатында бірнеше өндірушілерден ұсыныс бәсекелестігі қағидасының белгілі мерзіміне әкелуді болжайды.
6. Уақыт факторы есебі бойынша
Уақыт факторы есебі бойынша бфлай бөлінеді: тұрақты, мерзімді, сатылы бағалар.
Тұрақты баға - мерзімі анықталмаған баға.
Мерзімді баға - мерзім уақыт бойынша белгіленген баға.
Сатылы баға - алдын ала анықталған шкала боынша ерте шартталған уақытта өнімге сатылы төмендетілген бағалар тізімі.
7. Фирма ішілік бағалар
Трансфеттік бағалар- өндіріс, фирманың бөлімшелері, сонымен қатар бір ассоциацияға кіретін әр түрлі фирмалар арасында өнімді жүзеге асыру барысында фирма ішінде қолданылатын бағалар. Олар көтерме бағаның бір түрі болып табылады. Трансферттік бағалық құралым мақсаты -фирманың түсімін жоғарлатуға әкелетін фирма бөлімшелерінің түсімін өсіруге ықпал жасау, өні дайындаумен айналысатын «р бөлімшенің жұмыс көрсеткіштеріне әсер ету. Трансферттік баға басқару қызмет көрсетуіне, шикізатқа, жартылай фабрикаттарына, дайын өнімдерге тағайындала алады.
8. Жеткізу және сату шарттары бойынша
Жеткізу және сату шарттары бойынша келесідей баға түрлері көрсетіледі: нетто-баға-сату-сатып алу орнындағы баға; брутто баға /факторлы баға/-сату-сатып алу шартымен анықталады/ тауар салығының түрі мен мөлшері, жеңілдік деңгейі мен түрі, «франко» түрі және сақтандыру шарты/.
Кім сатушы немесе кім сатып алушы екндігіне тәуелді баға диференциациясы«франко» түріне бөлінеді және транспорттық шығындарды көтереді. Транспортты фактор ішкі сауда бағаларында ескеріледі. Сатушы мен сатып алушының міндеттері, әсіресе олардың арасында транспорттық және басқа да шығындарды бөлу тәртібі, «ИНКОТЕРМС 2000 ж» атты құжатта көрсетілген.
9. Әлемдік бағалар
Әлемдік бағалар - белгілі тауарлармен халықаралық сауданың жағдайын сипаттайтын ірі экспорттық және импорттық операциялар жүзеге асатын бағалар. Тәжірибеде әлемдік бағалар экспорттаушы немесе импорттаушы мемлекеттердің бір тауар бойынша баға деңгейімен, биржа, аукцион бағасымен анықталады. Әлемдік баға болып келесі шарттар болса, саналады:
- Бұл тауар бойынша жетекші нарықта жасалынатын ірі экспорт немесе импорт келісімдерінің бағасы;
- Жиі сипатқа ие келісім;
- Еркін валютада төледі қарастыратын келісім.
1. Негізгі әдебиет
1. М. С. Абротина . Нарықтық экономикадағы бағалық құрылым. Оқулық «Құжат және сервис» 2002. -256 б
2. А. И. Деева. Баға және бағалық құрылым. Оқу құралы- М. Экзамен 2003. - 288 б
3. В. Е. Есипов, Г. А. Маховикова. Қаржы нарығындағы баға құрылымы. Оқу құралы - Питер 2001. - 166 б.
4. С. И. Мумин. Құндылық баға құн Юрист. 20017-80 бет
5. И. А. Желтякова Бағалар және бағалық құрылым. Қысқаша курс. Оқу құралы. Питер 1999. - 112 б
6. И. Х. Салимжанов. Бағалық құрылым. Алматы-2000
2. Қосымша әдебиет
1. Герчикова И. Н. Маркетинг и международное коммерческое дело, -М., Внешторгиздат, 1990 2. Есипов В. Е., Маховикова Г. А., Ценообразование на мировом рынке, учебное пособие, - М., 1996
3. Котлер Ф. Основы маркетинга, - М., Прогресс, 1994
4. Левшин Ф. Мировые рынки и цены, М., 1990
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz