Эксперттік жүйелер пәні бойынша электрондық оқулық


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
- Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияларОқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдануОқытудың компьютерлік оқу құралдарының оқулық туралы түсінікЭлектрондық оқулықтар құруға қойылатын талаптар
- Эксперттік жүйелер пәні бойынша электрондық оқулықОқулықтың құрылымыБілімді бақылау
Қорытынды
ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Информатиканың актуальді бағыттарының бірі - ақпараттық технологияларды интеллектуалдау болып табылады. Бұл қолданушы компьютерлік технологияларды қолдана отырып тек деректерді өңдеу кезіндегі мағлұматтарды алып қоймай, сонымен қатар сұрағын шешуде арнайы мамандардың жинаған тәжірибесін және білімін қолдана алады.
Интеллектуалды жүйелер және технологиялар арнайы мамандар тәжірибесін тарату үшін және күрделі ғылыми, өндірістік және экономикалық есептерді шешу үшін қолданылады. Білімді өңдеу және модельдеу үшін арнайы модельдер қолданылады және білім қоры құрылады.
Күрделі мәселелерді шешу және ойлау қабілетін модельдеу үшін адам санасының жасанды бейнесін салу идеясы бұрынғы заманнан бері айтылып келеді. Ең алғашқы болып оны тұжырымдаған Р. Лулий.
Жасанды интеллекттің ғылыми бағыт ретінде дамуы ЭЕМ жасалып шыққаннан кейін ғана мүмкін болды. Жасанды интеллект термині 1956 жылы Станфорд университетінде өткен семинарда ұсынылды. Семинар логикалық есептерді құруға арналды. Жасанды интеллект жүйелерін құру жөніндегі зерттеулер 60-жылдардан бастап жүргізілуде. Мұндағы негізгі мақсат - түрлі қолданбалы және теориялық мәселелерді шешу үшін адамның ойлау процессін математикалық және бағдарламалық модельдеу құралдарын құрастыру. 80-жылдарға қарай мұндай жүйелердің тиімділігі оларда бар білімге байланысты екендігі арқылы түсіндірілді.
1. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
1. 1 Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану
Білім беруді ақпараттандыру - оқыту процесіне жаңа ақпараттық технология құралдарының енуі - қазіргі қоғамды ақпараттандыру процесінің бағыттарының бірі болып табылады.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы - білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз - берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары.
Білім беру жүйесін ақпараттандыруды ұйымдастыру деп ғылыми- зерттеу, ғылыми- техникалық және материалды- техникалық жобалардан тұратын ғылыми- техникалық бағдарламалар жүйесін айтады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің негіздерінің бірі болып білім алу саласына ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстары саналады, бірақ бұл негіз ақпараттандыруды басқаша түсіну қаупін туғызып, оны көптеген жағдайларда тек техникалық құралдармен жабдықтауға ғана әкеліп соқтыратыны белгілі. Міне осы тұрғыдан білім беру мәселесін алға тарта отырып ақпараттандыру ісінің мақсатын информатика терминдері арқылы емес, білім саласының мақсаттары мен терминдері арқылы өрнектеуіміз қажет.
Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтармен әрекеттесуі және олардың бір-біріне әсер етуі толық бейнеленеді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі мынадай зерттеу бағыттарынантұрады:
- қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық коммуникация жағдайында оқушы тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың ұйымдық түрлері мен әдістерін, білім беру мазмұнын таңдаудың әдіснамасы мен стратегиясын жетілдіру;
- оқушының ақыл-ой әлеуетін дамытуды, оқу ақпаратын жинау, өндеу, сақтау, беру, өндіру ісіндегі әртүрлі дербес әрекет түрлерін жүзеге асыра білуді қалыптастыру бойынша оқу әрекетін қамтамасыз ететін педагогикалық технологияны, оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
- бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық коммуникациялар базасында жұмыс істейтін «виртуалдық» білім беру мекемелерін дүниеге әкелу, коммуникацияға қол жететін ашық білім беру жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарының әлеуетін пайдалану;
- оқу- тәрбие ісін ақпараттық - әдістемелік қамтамасыз ету үрдісін және оқу орнын (оқу орындары жүйесін) ұйымдық басқаруды автоматтандыру негізінде білім беру жүйесін басқару механизмдерін жетілдіру, ғылыми - педагогикалық ақпараттық мәліметтер базалары мен банктерін, ақпараттық- әдістемелік материалдарды, коммуникациялық желілерді пайдалану;
- есептеу техникасы, ақпараттандыру және коммуникация құралдарын білім беру саласында тиімді әрі қауіпсіз қолданудың педагогикалық- эргоноикалық шарттарын анықтау;
- оқушының ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші, диагностикалаушы әдістемелерін жасап пайдалану.
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғарғы оқу орындарында (ЖОО-да) қолданылады.
ЖОО-дағы ақпараттандырылған жоғарғы білімдер ақпараттық ресурстың қомақты саны жинақталуы тек қана қажетті жұмыс пен нақты оқу орындарына ғана емес, сонымен бірге барлық білім жүйесіне пайдалы. Электронды оқулықтар, көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық программалық шаралар бұларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады. Электрондық форма ғылыми практика мен әдістемелік жетілдіруде қолданылады. Әрі қарай даму оқыту қызметінің жаңа форма алуы көптеген жаңа ақпаратты технологияға негізделген, соның ішінде бірінші кезекке аралық білім жатады.
Ақпаратты технологияны кеңінен қолдану қазіргі ЖОО-да ұйымдастыру- басқару қызметі болып табылады. Оның көптеген автоматтандырылған программалық жүйелері мен талдауларын және де электронды деканаттары тәрізді сабақ жоспарлы, бухгалтерлік есеп жүйелері, студенттер мен оқытушылар туралы электрондық қоры көптеген оқу жүйелерінде қолданылады.
Көптеген ақпараттық ресурстар компьютерлік желі арқылы әдістемелік оқу білімімен ғана қамтамасыз етіп қоймай, білім саласының жеткілікті болып, оның жүйелі түрде жоғарылауын қамтыған болар еді.
Бірақ, іс жүзінде ойдан шыға бермейді. Атап өтуге тура келетін жағдай, кейбір жүйелердің болмауына байланысты практикада ақпараттық ресурстар қолданылмайды.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде кейбір ЖОО-да принципті түрде әртүрлі әдістемелік және технологиялық салаларында білім мен талаптардың орындалуына күш салатын болса, оқу процессінің жоғарылығына керісінше әсер етеді. Сондықтан да ақпарат сапасы теория мен практикада тек қана ЖОО-да ғана емес, сол сияқты колледждер мен мектептерге де жетіспейді.
Көпртеген зертеулерге қарағанда ақпараттық технология негізгі жоспарланған және модельденген жаңа дамушы орта болып есептелініп “Ақпараттық білім ортасы” - деген атаққа ие болып отыр.
Ақпараттық білім беру ортасы түсінігі бойынша оның аумағын көптеген ережелеріне қарамастан нақты белгілермен жазылады. Осыдан ақпарраттық білім беру ортасынла мынадай тұжырымға келуге болады: жоспарлы коммуникатциялық ортада компьютер техникасын қолдану оқушылар, оқытушылар, ата - аналар және оқу орындарында ақпарратты алу үшін үлкен маңызын тигізеді. Сондықтанда оқуда және одан тыс шараларға пайдалану көлемін үлкейтуге бағыт алу керек.
Қазірде республика бойынша осы тәрізді ақпарат комплексі теқ қана жеке кафедра, факультет, ЖОО-да ғана пайдаланылады. Осы салдардан ақпараттық білімді ақпараттық білім беру ортасында жеке облыстар мен республика деңгейінде біріктіру өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты ҚР басшылығының 2001 жылдың 6-шы тамызында № 1037 “2002 - 2004 жылдарды ҚР-да білім жүйесін ақпараттандыру консепциясы туралы” қаулысы қабылданды.
Адамдар барлық жинақтаған білімдерін қолданбай фундаментальды сапалы білім алуы мүмкін емес. Осыған байланысты кез келген оқу ғимраттары ақпараттық білім беру кеңістігінде кітапхана қарастыруы керек. Электронды кітапхана ортасы салыстырмалы түрде жанама ортаның барлық компоненттеріне білімді сақтаушы және келесі негізгі тапсырмаларды шешуші роль атқарады:
- білім жинақталуы (ақпаратты жинақтау және сақтау) ;
- білімді архивтеу (ақпарат көзін анықтау, тез қамту және қажетті көп аспектілі деректерді іздеу) .
ЖОО-ның оқу процесінің кітапхана қорымен жанама түрде байланыстылығы ақпараттық білім беру ортасындағы “оқу процесінің” компоненттері мен электронды кітапхананың ақпараттық -технологиялық интеграциясы заңдылығына сәйкес болады. Оларға электронды оқулықтар, лабораториялық практикумдар, анықтамалар және де басқа университеттің оқу процесінде қолданылатын электронды мәліметтер жатады.
1. 2 Оқытудың компьютерлік технологиясы
Практикада оқытудың ақпараттық технологиясы деп арнайы техникалық- ақпараттық амалдарды қолданатын барлық технологияларды айтамыз. Мысалы, ЭЕМ, аудио, видео, кино.
Оқытуда компьютерлер көп қолданыла бастағанда «оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы» термині пайда болды. Жалпы айтқанда, кез келген педагогикалық технология - бұл ақпараттық технология, себебі технологиялық оқыту процесінің негізін ақпарат және оның өзгерісі құрайды. Компьютер қолданылатын оқыту технологиясына «компьютерлік технология» термині дәл келеді. Компьютерлік технологиялар программалап оқыту туралы идеяларды дамытады, қазіргі компьютерлер және телекоммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты жаңа, әлі зертелмеген технологиялық оқыту түрлерін ашады. Оқытудың компьютерлік технологиясы - бұл компьютер арқылы ақпаратты дайындау және беру процесі.
Компьютерлік технология төмендегі үш жағдайда орындалады:
І - «ойына жету» технологиясы ретінде (компьютерлік оқытуды жеке дидактикалық есептер үшін жеке тақырыптар, бөлімдер арқылы пайдалану) .
ІІ - қолданып отырған технологияның ішіндегі ең маңыздысын анықтайтын негізгісі ретінде.
ІІІ - монотехнология ретінде (бұл жағдайда барлық оқыту процесстері, барлық оқыту процесстерін басқару, диагностиканың барлық түрлері, мониторинг компьютерді қажет етеді) .
Технологияның классификациялық параметрлері:
- Қолдану деңгейі бойынша: жалпыпедагогиклық.
- Философиялық негізі бойынша: бейімделгіш + технократиялық.
- Дамудың негізгі факторы бойынша: социогендік + психогендік.
- Игеру тұжырымдамасы бойынша: ассоциативті - рефлекторлы.
- Тұлға құрылысына бағдары бойынша: ақпараттық + операциялық.
- Мазмұнының сипаты бойынша: ойға жету кез келген мазмұн үшін жарамды.
- Танымдық қызметті меңгеру типі бойынша: компьютерлік.
- Ұйымдық формалар бойынша: даралық + кішкене топтар жүйесі.
- Оқушыға сәйкестігі бойынша: қызметтестік.
- Басым әдіс бойынша: ақпараттық + операциялық, диалогтық + программалап оқыту.
- Модернизация бағыты бойынша: ұйымдастыру мен басқарудың тиімділігі.
- Оқушылардың дәрежесі бойынша: барлық категориялар.
Мақсаты:
- Ақпаратпен жұмыс жасай білуді қалыптастыру, коммуникативтік қаблетті дамыту.
- Ақпараттық қоғам мүшесін дайындау.
- Оқушыға мүмкіндігінше көп материалдар беру.
- Зерттей білушілік, тиімді шешім қабылдай алушылық қасиеттерін қалыптастыру.
Концептуалдық жағдайы:
- Оқыту - бұл оқушының компьютермен қарым-қатынасы.
- Бейімділік принципі: оқушының даралық ерекшелігіне компьютердің бейімделуі.
- Оқытудың диалогтық сипаты.
- Басқарылуы: кез келген уақытта оқыту процесінің оқытушысымен қатынасуы мүмкін.
- Оқушының компьютермен қарым-қатынасы барлық тип бойынша орындалады: субъект-объект, субъект-субъект, объект-субъект.
- Жеке және топтық жұмыстардың тиімді сәйкестігі.
- Оқушының компьтермен қарым-қатынасы кезіндегі психологиялық сая күйін қуаттау.
- Шектелмеген оқыту: мазмұны, оның интерпретациясы және қосымшалары өте кең.
Мазмұнының ерекшеліктері:
Компьютерлік технология педагогикалық программалық тәсілдерде көрсетілген және компьютер жадында сақталған мазмұнның кейбір формализациялық моделін қолдануға және телекоммуникациялық жүйе мүмкіндігіне негізделген.
Білім мазмұнының фактологиялық жағының негізгі ерекшелігі қат-қабат үлкейту, қазіргі деңгейде ақпараттық базасы бар компьютерлік ақпараттық орта, гипертекст және мультимедиа, микромирлер, имитациялық оқыту, электрондық коммуникациялар, эксперттік жүйелер болып табылады.
Әдістеменің ерекшеліктері:
Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог “жүргізу” қаблеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.
Компьютерлік технологияның І және ІІ варианттарында компьютер мен басқа технология элементтерінің арасындағы байланыс туралы сұрақ аса маңызды.
Компьютер оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің, ұжымның қызметін, ойын ортасын.
Мұғалім қызметінде компьютер:
- оқыту ақпаратының көзі (мұғалімді және кітапты жартылай немесе толық алмастыра алады) ;
- көрнекі құрал (мультимедиа және телекоммуникация мүмкіндіктерімен сапалы жаңа деңгейде) ;
- дербес ақпараттық кеңістік;
- тренажер;
- диагностика және бақылау құралдары.
Жұмыс құралдарының қызметінде компьютер:
- тексттерді дайындау және оларды сақтау құралы;
- тексттік редактор;
- графиктер тұрғызушы, графиктік редактор;
- үлкен мүмкіндіктері бар есептеуіш машина;
- модельдеу құралы.
Оқыту объектісі қызметінде компьютер:
- берілген процессте компьютерді программалауды оқытуда;
- программалық өнімдерді құруда;
- әр түрлі ақпараттық орталарды қолдануды жүзеге асырудағы құрал.
Компьютерлік технологиядағы мұғалімнің жұмысына келесі функцияларды енгізуге болады:
- Барлық класс және пән деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру (оқу процесінің графигі, сыртқы диагностика, қорытынды бақылау) .
- Классішілік белсенділікті және келісімділікті ұйымдастыру (жұмыс орындарын орналастыру, инструктаж, классішілік жүйені басқару және т. б. ) .
- Оқушыны жеке бақылау, жеке көмек көрсету, оқушымен жеке қарым-қатынас. Компьютердің көмегімен визуалды және есту түрлерін қолданатын даралық оқытудың жақсы варианттарына жетуге болады.
- Ақпараттық ортаның компоненттерін дайындау (оқыту, демонстрациялау құралдарының әр түрлі, программалық құралдар және жүйелер, көрнекі құралдар және т. б. ), оның белгілі бір оқу курсының пәндік мазмұнымен байланысы.
- Оқытуды информатизациялау мұғалімдер мен оқушылардан компьютерлік сауаттылықты талап етеді. оНы компьютерлік технология мазмұнының ерекше бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Компьютерлік технология (компьютерлік сауаттылық) мазмұнының құрылымына мыналар кіреді:
- информатика және есептеуіш техниканың негізгі түсініктерін білу;
- принципті құрылысын және компьютерлік технологияның функционалды мүмкіндіктерін білу;
- қазіргі операциялық жүйелердң және олардың негізгі коммандаларын білу;
- қазіргі программалық қабықшаларды және жалпы бағытталған операциялық жүйелерді және олардың функцияларын білу;
- ең болмағанда бір тексттік редакторды білу;
- программалаудың алгоритмі, тілі және пакеті туралы алғашқы түсінік;
- қолданбалы программалардың практикалық бағыттағы алғашқы тәжірибелері.
Оқушының ғылыммен және мәдениетпен қарым-қатынасы үшін бірден бір мүмкіндікті бүкіләлемдік компьютерлік Internet жүйесі береді.
- Жер бетінің әрбір бөлігіндегі адамдармен хат алмасу;
- Барлық банктерден, мұражайлардан, әлем қоймаларынан ғылым және мәдениет жаңалықтарын алу;
- Интерактивті қарым-қатынас, халықаралық серверлер арқылы болып жатқан оқиғаларды бақылау.
1. 3 Электрондық оқу құралдарының классификациясы
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Олардын мақсаты оқыту процесін мүмкіңдігінше дидактикалық жағынан тиімді ұйымдастыру. Дидактикалық тиімділікке қол жеткізу үшін қазіргі замандағы ақпараттық және телекоммуникациялық технология құралдарын комплексті түрде зерттеу, өз бетінше жұмыс жасау, білім алу сияқты әр түрлі салаларда қолдану қажет.
Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жузеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Көп функционалды электрондық оқулықтар:
- Оқушылардын өз бетінше білім алу қызметің ұйымдастыруға;
- Әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесіңде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіңдіктерін пайдалануға;
- Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипертекстік және гипермедия жүйелерін пайдалануға;
- Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;
- Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесің автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне қарай тапсырмалар беруге;
- Оқушылардын өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
- Қазіргі заманда телекоммуникациялық орталарда жұмыс жасауға, ақпараттық ағындарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіңдік береді.
Оқытушы электрондық құралдарды компонеттері ретінде мыналарды қарастыруға болады:
- Сервистік программалық құралдар;
- Оқушылардың білім деңгейін, іскерлігі мен дағдыларын бақылау мен тексеруге арналған программалық құралдар;
- Электрондық тренажерлар;
- Математикалық және имитациялық моделдеу үшін прграммалық құралдар;
- Автоматтандырылған оқтушы жүйелер (АОЖ) ;
- Экспертті оқытушы жүйелер (ЭОЖ) ;
- Интелектуалдық оқытушы жүйелер (ИОЖ) ;
Оқушылардың білім денгейін бақылау және тексеруге арналған програмалық құралдар құрылу жеңілдігіне байланысты кең қолданыс тапты. Тіпті, программалау негіздерімен таныс емес кез келген оқытушы өз пәні бойынша сұрақтар мен мүмкін болатын жауаптарын енгізе алатын бірқатар инструментальді жүйелер бар. Оқушының есебі ұсынылатын жауаптардын ішінен дұрысын тандау. Бұндай программалар оқытушыларды бақылау тапсырмаларын беріп, олрадың дұрыстығын тексеру жұмысынан босатады. Оқу материалын бекіту үшін бұл программаларды бір неше рет қолдануға болады.
Электрондық тренажерлар практикалық іскерліктер мен дағдыларды бекітуге арналған. Сонымен қатар олар есепті шығару іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді . Бұл жағдайда олар теориядан қысқаша ақпарат алып, әр түрлі денгейлерде өз бетінше жұмысты ұйымдастыруды қамтамассыз етеді.
Математикалық және имитациялық моделдеу үшін арналған программалық құралдар, тәжірибелік және теориялық зерттеулерді кеңейтіп, физикалық тәжірбені есептеуіш тәжірибемен толықтыруға мүмкіндік береді. Бір жағдайларда зерттеу объектілері, екіншісінде - өлшеуіш тағайындаулар модельденеді. Бұндай құралдар қымбат лабораториялық құрылғыларды сатып алуға кететін шығынды азайтуға мүмкіңдік береді, оқу лабораторияларындағы жұмыс қауіпсіздігі төмендейді.
Автоматтандырылған оқыту жүйелері оқушыларды теориялық материалмен таныстырып, білім деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін шағын көлемді оқытушы программалар.
Интеллектуалдық оқытушы жүйелер жоғарғы денгейлі жүйелерге жатады және жасанды интелект идеясында жүзеге асырлады. ИОЖ есептің қойылымынан және оны шешу принципін іздеуден бастап, шешімнің тиімділігін бағалауға дейін, оқу есебінің барлық сатыларында басқаруды жүзеге асыруға мүмкіңдік береді. Бұндай жүйелер қарапайым тілге жақын тілде өзара диалогтық түрде қарым-қатынас ұйымдастыруға мүмкіңдік береді. Диалог барысында тек орындалатын әректтер дұрыстығы ғана емес, сонымен қатар шешімді іздеу стратегиясы әрекеттерді жоспарлау және т. б. талқылануы мүмкін.
Білімді ақпараттандырудың актуальді есептерінің бірі білім беруші электрондық құралдарды классификациялау проблемасы болып табылады. Бұндай классификация бірнеше әр түрлі критерийлер негізінде жүргізілуі мүмкін.
Жалпы оқу жүйесіне қатысы оқытушы электрондық құралдарды(ОЭҚ) келесі түрлерге бөлуге болады:
- Стандарттарға сәйкес дәстүрлі жүйеде оқытуға арналған ОЭҚ;
- Факультатив жұмыстарға арналған ОЭҚ;
- ОЭҚ - үй репетиторлары;
- Оқу қызметінің нәтижелерін бақылаушы және бағалаушы ОЭҚ;
- Анықтамалық және энциклопедиялық сипаттағы ОЭҚ;
Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқытушы электрондық құралдарды қолдануға арналған программалық құралдардын барлық типтерін қамтуы мүмкін. Сонымен қатар, дәстүрлі оқыту жүйесі ОЭҚ-ды оқушылардын өз бетінше жұмысында қолдануға үлкен мүмкіндіктер береді.
Факультатив жұмысында қолдануға және бір пән бойынша білімін тереңдетуге арналған ОЭҚ дәстүрлі оқыту жүйесіне бағытталған ОЭҚ- ға ұқсас. Негізгі ерекшелігі ҚР БМ стандарттары мен программаларынан тыс оқу материалдарының болуы.
Әдістемелік қызметіне қарай ОЭҚ-дар мен олардын компоненттерің былай классификациялауға болады:
- Оқытушы (білімдерді хабарлайды, іскерліктер мен дағдылар қалыптастырады) ;
- Тренажерлар (Өтілген материалды қайталау немесе бекітуге арналған) ;
- Бақылаушы (Оқу материалын меңгеру деңгейің бақылауға арналған) ;
- Ақпараттық іздеу және ақпараттық анықтамалық (ақпаратты жүйелендіру бойынша мәліметтер беріп, іскерліктер мен дағдылар қалыптастырады) ;
- Демонстрациялық (зерттелетін объектілер мен құбылыстарды визуализацилайды) ;
- Имитациялық (құрылымдық функционалдық сипаттарын зерттеу үшін нақты бір шындық аспектісін бенейлейді) ;
- Моделдеуші (зерттеу мақсатында объектілерді, құбылыстарды және прцестерді моделдеуге мүмкідік береді) ;
- Есептеуіш (есептеулерді автоматтандырады) ;
- Оқытушы-ойындық (оқушылардың қызметін ойын түрінде ұйымдастырады) ;
- Ойындық (жадыны, назарын дамытуға арналған) .
Сабақты ұйымдастыру формасына қарай да ОЭҚ-рды топтауға болады. Оларды дәріс, лабороториялық, практикалық сабақтарда, ғылыми зерттеу жұмысында курстық және дипломдық проектілерге пайдаланылатын деп ажыратады.
Электрондық оқулықтарды дидактикалық ерекшеліктеріне қарай білімді қалыптастыру, мәліметтерді хабарлау, іскерліктер қалыптастыру, білімді бекітудің дидактикалық бағытталуына қарай классификациялауға болады. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды құруда технологиялық тұрғыдан негізделген танымдық әрекеттің төмендегідей сатылары ескерілуі керек:
- Қабылдау;
- Білімді бекіту;
- Жеке тәжірибені қалыптастыру(іскерліктер, дағдылар) ;
- Зерттеу және іздеу қызметі.
Электрондық оқулықтар және оларға қажетті материалдар дидактикалык денгейіне байланысты негізгі төрт топқа бөлінуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz