Информацияның жеке жағдайлары
КІРІСПЕ
I. ИНФЛЯЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1. Инфляция экономикалық маңызы
1.2. Инфляцияның себептері
1.3 Инфляцияның түрлері
II. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ДЕҢГЕЙІ МЕН ЗАРДАПТАРЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫ ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛДРАЫ.
2.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары.
2.2. Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс.
2.3. Инфляцияға қарсы күрес саясатын бағалау және инфляцияны төмендету жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі уақытта әлемдік экономика ұлттық экономиканың жай жиынтығы ғана емес, бірге әрекет ететін өзара байланысты жүйеге – жаһандық әлемдік шаруашылыққа айналуда. Жаһандану халықаралық сауданы ырықтандыруда, кәсіпкерлік капиталдың ұтқырлығында, ұлттық нарықтың ашықтығында байқалады. Бұлардың барлығы түрлі ұлттық экономикада инфляциялық жағдайлардың қалыптасуына ықпал етпей қоймайды.
Инфляцияға қарсы саясатта ТМД елдері соңғы жылдары қол жеткізген елеулі жетістіктерге қарамастан, инфляцияның жаңа орамының қаупі бұрыңғыша сақталуда. Баға үйлесімсіздігі және өндірістік қуаттылықтарды пайдалану тиімділігінің төменділігімен байланысты инфляциялық әлеует те едәуір ауқымды болып қала береді.

1. Ілиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. Алматы. 2005 жыл. 552 бет.
2. Осипова Г. М. Экономикалық теория негіздері. Алматы. 2002 жыл. 317 бет.
3. Нұрғалиев Ө. Экономикалық теория. Қарағанды. 2003 жыл. 228 бет.
4. Шелекбай Ә. Д., Нарғозиев І. Ж. Инфляцияны ырықтандыру мен экономиканы тұрақтандыруға әлемдік тәжірибе және Қазақстан практикасы. Алматы. Экономика. 2009 жыл. 208 бет.
5. Абдуллаев Ә. Экономикалық теория. Алматы, 2004 жыл., 166 бет.
6. Әубәкіров Я. Ә., К. Нәрібаев, Е. Жатқанбаев, С. Досқалиев, Ж. Нәйшібеков. Экономикалық теория. Алматы. Санат. 1998 жыл, 479 бет.
7. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү. С., Комягин Б. И. Экономикалық теория. Ақтөбе. А-Полиграфия. 2004 жыл. 455 бет.
8. Райханов Н. Қазақстанның экономикалық жолы өзінше. Ақиқат. 1996 жыл. 203 бет.
9. Жүнісов Б. А. Нарықтық экономика негіздері. Алматы. 1994 жыл. 193 бет.
10. Крымова В.Ж. Экономикалық теория. Алматы, 2003 жыл. 120 бет.
11. Мамыров Н.Қ.,Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә.,
Микроэкономика. Оқу құралы. Алматы. «Экономика». 2000 жыл. 420бет.
12. Сахариев С.С., Сахариева А.С. Нарықтық экономикасы. Алматы, «Дәнекер». 2004 жыл. 165 бет.
13. Мәуленова С. С., Бекмолдин С. Қ., Құдайбергенов Е. Қ. Экономикалық теория. Алматы. 2004 жыл. 194 бет.
14. Омарбаева А. К. Қазақстан төлем баланс жағдайына әлемдік қаржы дағдарысының әсері. Алматы. Экономика. 2002 жыл. 366 бет.
15. Сатубалдин С. С. Азиатский кризис: причины и уроки. Алматы. 2000 жыл. 680бет.
16. Сейітқасымов Ғ. С. Ақша, кредит, банктер. Алматы. 2006 жыл. 480 бет.
17. Агапова Т. А. Макроэкономика. 2005 жыл. 96 бет.
18. Мауленова С.С. Экономикалық теория. Алматы. 2004жыл. 197 бет.
19. Чепурин М. Н. Курс экономической теории. Киров. АСА. 2004 жыл. 832 бет.
20. http://www.kaz.stat.kz

Қазіргі уақытта әлемдік экономика ұлттық экономиканың жай жиынтығы
ғана емес, бірге әрекет ететін өзара байланысты жүйеге – жаһандық әлемдік
шаруашылыққа айналуда. Жаһандану халықаралық сауданы ырықтандыруда,
кәсіпкерлік капиталдың ұтқырлығында, ұлттық нарықтың ашықтығында байқалады.
Бұлардың барлығы түрлі ұлттық экономикада инфляциялық жағдайлардың
қалыптасуына ықпал етпей қоймайды.
Инфляцияға қарсы саясатта ТМД елдері соңғы жылдары қол жеткізген
елеулі жетістіктерге қарамастан, инфляцияның жаңа орамының қаупі бұрыңғыша
сақталуда. Баға үйлесімсіздігі және өндірістік қуаттылықтарды пайдалану
тиімділігінің төменділігімен байланысты инфляциялық әлеует те едәуір
ауқымды болып қала береді.
Ақша массасының өсуі инфляцияның себебі ғана емес, оның салдары да
болып табылады. Инфляция монеталық емес факторлармен байланысты, яғни оның
таза техникалық себептерге байланысты өсуі шаруашылық айналымына қалыпты
қызмет көрсету үшін ақша массасы көлемінің ұлғаюын талап етеді.
Шетелдік капиталдың біршама ағыны Қазақстанның макроэкономикалық
дамуына оң әсерін тигізді. Сыртқы қаржыландырудың едәуір көлемін тарту ішкі
несиелеу көлемін кеңейтті.
Екінші деңгейлі банктер жүргізген белсенді несие саясаты ақша
массасынынң және соған сәйкес, негізінен, тұтынушылық сұраныстың артуы
салдарынан айналыста қолма-қол ақшаның көбеюіне негіз болды. Тұрғындардың
тұтынушылық сұраныстың өсуі жалақының жыл сайынғы көтерілуіне байланысты
болды.
Біздің қысқаша талдауымыздан мынадай тұжырым жасауға болады, елімізде
инфляцияға қарсы саясат табысты болу үшін біріншіден, білімімізге
байланысты, біздің халық шаруашылығын құрылымдық қайта құрудың шарттары
мен барысын қамтамасыз ету, және екіншіден, ақша көлеміне бақылау және
келешекте халық тұтынатын тауарлар өндірудің өсуі және олардың бағасын
тұрақтандыру арқылы тізгіндеу мақсатында несие-ақша және бюджет-қаржы
реттегіштерін кең көлемде қолдану керек. Тек, осылайша кешенді жағынан
келу ғана инфляциямен күресте жеңіске жетуді және оның қарқыны қажетті
деңгейде ұстауды қамтамасыз етеді. Біз ақшаның шығуы мен инфляцияның
қағаз - ақша түрінде көрініс табуының басты проблемасын қарастырдық.
Мұның өзі біздің қазіргі заманғы нарықтық экономиканың келесі
проблемасы - баға белгілеу проблемасына көшуге әзір екендігімізді
білдіреді. Бағалардың ұтымды жүйелерін қалыптастыру қатаң ақша- қаржы
икемді салық саясатын көздейді. Мемлекет тапшылықсыз бюджетті
қамтамасыз етудің және инфляцияға қарсы күрестің барлық қажетті шараларын
қолдануға міндетті. Бұл шараларды мемлекеттік шығындарды қысқартудың,
ақылға сыйымды шеңберде бюджеттің салық базасын ұлғайтудың және халық
шаруашылығының барлық салаларындағы тиімсіз өндірістерге жәрдемақы берудің
шұғыл қысқартудың өзара байланысты қадамдары көзделеді. Ал мұндай
шаралар өнім өндірушілердің ешқайысын да жігерлендіре қоймайтыны
түсінікті. Ал, дербес өзіндік, шаруашылық қызметтің нәтижелері үшін толық
жауап беретін бола тұрып, өндірісті дамытуға, өз қызметкерлерін
материалдық жағынан ынталандыруға қажет ақша табу айтарлықтай қиын. Осы
жағдайда, тауарлардың қажетті саны болмағанда бағаның бақылаусыз өсуі
сөзсіз орын алады да, еркін бағаға белгілеу сияқты өзін-өзі реттеу
механизміне қол жеткізе алмаймыз.
Бізде бағаларды үнемі өсіріп отыратын механизм қалыптасатын
және әрекет ететін болады. Жоғарыда көрсетілген шараларды бір мезгілде
және кешенді жүзеге асып жеңу еркін, нарықтық бағалар жүйесін өмірге
енгізуге мүмкіндік береді. Әрине, бұл тез өте қоймайды. Нарыққа өтпелі
кезеңнің бірқатар өнім түрлерінің бағасын әкімшілік жолымен реттеп отыру
оның нарықтық негіздерінің нығайтылуына қарай орталықтан белгіленетін
мұндай бағалар шеңбері тарыла түспек. Болашақта мемлекеттік баға
белгілеуді реформалаудың күрделі де, үлкен әлеуметтік тәуекелге толы
екендігін де мойындаған жөн.
Әрбір едле инфляцияны реттеу негіздері оның тарихи даму
ерешеліктеріне, сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайының
ерешелігіне байланысты алынуы тиіс.
Экономикалық өсу келешегінің нашарлауын дамушы елдер ғана емес, қысқа
мерзімді келешекте экономикалық дамудық бәсеңдеуін күтіп отырған жетекші
индустриялық державалар да бастан кешуде.
Үкімет, әсіресе, құнсызданудың айлық қарқыны қосмәнді саннан асып түссе,
инфляцияны тоқтату қажеттігімен қақтығысады, яғни елдің алдында
гиперинфляциямен күресу проблемасы туындайды.
Егер үкімет дефляция, яғни инфляция қарқынын қысқарту саясатын
жүргізсе, онда экономикалық белсенділіктің құлдырауы мен жұмыссыздықтың
өсуін айтарлықтай болдырмау үшін, негізгі проблема – осы саясатты қарқынды
түрде жүзеге асыру керек.
I. ИНФЛЯЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1. Инфляция экономикалық маңызы
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.
Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз
байланысты деп санады 1,-238 б.. Тұрақсыздығы экономиканың жағдайын
сипаттайтын ең маңызды индикаторлардың бірі – инфляция деңгейі деп санайды.
Инфляция дегеніміз – бағаның орта деңгейінің көтерілу үрдісі 2,–243 б.
Инфляция - көтерілу, өсу деген мағынаны білдіретін латын сөзінен шыққан.
Шындығында да, қауырт жағдайларында мемлекеттік шығындарды қағаз ақша
шығарумен қаржыландыру, ақша айналамының күрт көтеріліп, қағаз ақшаның
құнсыздануына әкеп соқтырады 3,–158 б..
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның
көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл
әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл
атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі
инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның
ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау
қажеттілігімен анықталады.
Инфляция деп бағаның өсу нәтижесінде сұраным мен ұсынымның арсындағы
пропорцияның және басқа да ұлттық шаруашылық салаларындағы пропорцияның
бұзылып, өзгертіп, дисбаланс болғанын айтамыз. Бұл инфляция кезінде, әрине
бүкіл тауар бағасы өседі деген сөз емес. Бір тауар түрінің бағасы өседі, ал
басқа бір тауарлар бағасы сол деңгейде өзгермей қалса, кейбір тауарлар
бағасы, басқаларға қарағанда тез өсуі де мүмкін. Бірақ, кез келген бағаның
өсуі инфляцияға тән емес. Себебі, тауар сапасының артуынан немесе қоғамдық
сұраныстың өзгеруінен және тағы басқа да себептерге байланысты бағаның
көтерілуі мүмкін 3,-158 б.
Инфляция – тауарлар мен қызметтерге қатысты ақшаның құнсыздануы және
бағалардың өсуі. Бағалары белгіленген экономикада ұсыныстың сұранысқа
қатысты туындайтын жетіспеушілігі ашық инфляцияға ұласпай, тапшылық
формасын сақтайды. Кейбір экономистер тапшылықты ашық инфляцияның сипаты
деп жорамалдайды: егер бағаны еркіне жіберсе, онда онда тапшылық тез ғайып
болады, бірақ бұндайда бағаның жалпы деңгейі артып кетеді. Сондықтан
көптеген экономистер тапшылық инфляцияның жасырын түрдегі көрінісі деп
санайды.
Бағалары белгіленген икемсіз экономикада инфляция өндіріс пен
тұтынудың барлық деңгейлерінде дамитын толық тапшылық түрінде көрініс
табады. Мысалы, орталықтандырылған экономикада (әміршілдік-әкімшілік
жүйеде) бөлу, өндіру, тұтыну көлемдері мен бағалар туралы шешімдер бір
орталықтан қабылданады.
Үдемелі тапшылықпен бірге бітпейтін кезектер, тауарлар мен қызметтер
сапасының төмендеуі, бюрократиялық және қара нарықтың ақша бірлігі
ретінде көрінетін тауар бағасы немесе тауарға айырбас ретінде ұсынылатын
қызметтер көлемі тапшылықпен бірге артады. Бұл – инфляцияның жасырын түрі
немесе басылыңқы инфляция.
Керісінше, сұраныс пен ұсыныс арасындағы дисбаланс инфляцияның ашық
түрі болып табылады. Бағаның өсуі сатып алу қабілетінің төмендеуімен және
ақшаның түпкі тауарлар игіліктерге қатысты құнсызданумен қатар жүреді 4,–8
б.. Бұл тұтас сұраным мен тұтас ұсыным арасындағы теңгерімнен шығаруға
әсер беретін ақшалай рыногтың құбылысы 2,–244 б.
Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, ол ұлттық табыстың қайта
бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты, бағалардың
өсу қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан
нақты (реалды) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысы шектеулі
әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.
Инфляция - бұл экономиканың айналым сферасында қажетті қағаз
ақшалардың шамадан тыс толып кетуі. Шығарылған қағаз ақшалардың мөлшері
өзгеріссіз қалып, ал өндіріс көлемі қысқарған жағдайда да инфляция болуы
мүмкін. Бағаның өсуінен халықтың тұрмыс жағдайы, әл-ауқаты нашарлай түседі.
Бұл қаржы процесінің бұзылуынан ойдағыдай өтуге деген, тауарлар мен ақша
арасындағы тепе-теңдік жағдайды қалыптастыру бағытындағы экономикалық
организмінің реакциясы 5, - 91 б..
Ақшаның тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен
салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның
алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама
эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға
сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар
рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция
емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы
экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70-жылдардағы
энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20
есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының
өсуімен байланысты.
Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің
артуына, циклдық және маусымдық талқылауға, ұдайы өндірістегі динамикасы
өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен
депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі.
Енбек өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық
толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып
кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде
баға денгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағанын
инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы
құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын
өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында, баға төмендеуі
тиіс 6,-173 б..
Алайда инфляция экономикадағы барлық бағалар тек өсуге ғана ұмтылады
дегенді білдірмейді. Бағалар бір мезгілде түрлі жылдамдықта салааралық және
салаішілік деңгейде әр түрлі бағытта тербелуі мүмкін. Бағаның әркелкі, яғни
бір секторда бағалар әр түрлі секторда өсіп, ал екіншісінде қысқаратын
инфляцияны балансталмаған инфляция деп атайды. Бағалар бір бағытта және
бірдей дерлік қарқында өзгеретін балансталған инфляцияға қарағанда
балансталмаған инфляцияны анықтау және реттеу өте күрделі. Ашық инфляцияны
анықтау кезіндегі басты мәселе – бағаның жалпы дейгейінің артуын белгілеп
алу.
Бағаның кез келген өсуін инфляция деп ұғынбау керек. Ашық инфляция
ұғымын табиғи өзгерістер (катаклизмдер) мен экономикалық циклдердің
әсерінен туындайтын бағаның өсуімен, сұраныс мен ұсыныстың маусымдық
тербелістерімен шатастыруға болмайды. Айырбастау мен бөлудің тепе-теңдігін
бұзатын игіліктер, тауарлар мен қызметтерді теріс бағалауға қатысы жоқ
басқа себептерден туындайтын бағаның өсуі инфляция болып саналмайды.
Сондықтан инфляцияны бағалау кезінде бағаларды инфляциялық емес
тербелістерден тазарту қажет. Айталық, егер экономикада инфляцияның ай
сайынғы қарқыны 7%-ды құрап, ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің маусымдық
бағалары 1,5%-ға төмендесе, онда осы кезеңде инфляция айына 5,5%-ға дейін
азаяды деп тұжырымдауға болмайды.
Ашық инфляция, әдетте, баға деңгейінің жыл ішіндегі өсу қарқынымен
өлшеніп, пайыз түрінде есептеледі.
Дегенмен, бағаның өсуі өз бетінше инфляциялық көрініс болып
табылмайды. Осылайша, экономикалық өркендеуі, әдеттегідей, бағаның өсуімен
қатар жүреді, бірақ ақшаның салыстырмалы құнсыздануы болмауы мүмкін,
өйткені өндірісті кеңейту олардың қосымша көлемін қажет етеді 4,-9 б..
Сонымен, экономикалық тұрғыдан инфляция дегеніміз не? Инфляция
(латынның inflatio – қампиған деген сөзі) – қағаз ақшаның құнсыздануымен
пайда болатын әлеуметтік-экономикалық процестер жиынтағы. Инфляция жалпы
баға деңгейінің көтерілуімен байқалады. Бұның өзі, барлық жағынан арнайы
көтерілуін көрсетпейді. Олардың баға индексімен өлшенетін жалпы деңгейі
өседі. Инфляция кешенді себептерден туындайды және олардың ең маңыздысы
мыналар болып табылады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оларды жабу
үшін қағаз ақшалар шығарылады; мемлекеттің өндірістік емес шығындар
(әсіресе әскери шығындар) деңгейінің жоғарылығы тұтыну игіліктерін шығаруды
арттырмайтын және адам еңбегі шығынымен тікелей байланысты; тауар
тапшылығы, оның сұранымды ұсыныман алшақтауға алып келуі және осының
негізінде – бағаның өсуі; бірқатар өндірушілердің монополиялық жағдайда
болуы, олардың өзінің өніміне тұтыну сапасын арттырмай-ақ немесе барынша
өте қымбат өнімді шығарумен жүзеге асырылуы; жалақы өсуінің еңбек
өнімділігі өсуінен алшақтығы және басқада бірқатар себептер. Бұл себептер
мемлекеттік тапшылықтың тұрақты ұдайы өндірілуін және артық ақша
эмиссиясының (эмиссия – айналамға ақша мен бағалы қағазды шығару) пайда
болуына көмектеседі 7, - 63, 64 б..
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге
десеңіз, , ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі
болған: қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша
айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек
белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор
сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз
ақша шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады,
айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды
арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды
көтеріп жібереді 9,-50 б..
Қорытындыла келе, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі,
табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік
бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным
ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай
жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл
нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің
бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция
баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын
уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып
инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда
экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның
бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта
және төлем қатынастарын қиындатады.

экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды 8,-91 б..
1.2. Инфляцияның себептері
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті,
күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру,
яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша
сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның
өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты 4,-
14 б..
"Инфляцияны бағаның тұрақты және үнемі өсіп отыруын шығарылған
өніммен салыстырғанда ақшаның артықшылығы нәтижесінде барлық уақытта және
барлық жерде ақшаның феномені ретінде түсінемін"-дейді Нобель сыйлығының
лауреаты Милтон Фридмен. Монетаристік мұндай анықтама инфляцияның басты
себебін айналыс сферасынан іздеуі. Осындай көзқараспен өндіріс
процесіне мемлекеттің шектеулі түрде араласуына мүмкіншілік бар. Бұдан
басқа, кейбір батыс елдерінің теориясының өзгешелігі сол, олар инфляцияны
ұсыным жағынан да, сұраным жағынан да болатын сатып алушылық қабілет
шамадан тыс артық болуынан деп түсіндіреді 10,-56 б.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция – елдегі
баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар
да әсер етеді. Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені
жатқызамыз?
Мысалы, экономиканың конъюнктуралық ауытқуына байланысты
бағалардың өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде
баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы
деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта
шығын инфляциясы деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі
өседі 11,-85 б..
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі диспропорцияға
байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі себептерін қарастырып
көрелік.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның
ішіндегі ең бастыларын атайық.
Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында
қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет
бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің
несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда
бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан инфляцияны
қалыптастыруы мүмкін.
Екіншіден,егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған
әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл
да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.
Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ
ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне
олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер,
ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық нарық бағасына ықпал жасап, өз
өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма – олигополия бағаның өсуін
қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға
деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа
фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен
ұсыным арпасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға
ұмтылады.
Төртіншіден, ұлттық экономикалардың ашыла түсуіне, олардың дүниежүзілік
шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден
екінші елге ауысуы қауіпті артады. Импортталған инфляциямен күресу
мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын
арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап,
ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.
Бесіншіден, инфляцияны тосу деген жағдайда байланысты инфляциялық
процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген
экономистердің пікірінше, инфляцияны тосу психологиясын жеңу
антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.
Инфляцияны тосу механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе
мынада: адамдар біраз уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта
төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар
олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі
тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі 4,-14, 15 б..
Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздысы мыналар
болып табылады:
- Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып
жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын
болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.
- Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.
- Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің
өніміне жоғары баға қою.
- Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының
өсуі.
- Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі
инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады 13,-31 б..
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір
комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін Батыс Еуропа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция
қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі
мемлекет шығындарының өсуі, баға - еңбеқақы, инфляциялық тосу,
инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы және басқалары болды. Бұрынғы
кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау
жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.
Баға денгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық,
бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны
көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың
бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары
баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер
қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы инфляцияның жоғары қарқыны
тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен
сақтанып, алдын-ала өз өнімдерінің бағасын жоғарылатты. Нәтижесіңде Ресей
экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті
бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып
түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің
сан түрлі себептері бар. Алайда бүл құбылысты қоздыра- тын
факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалык жағдайына
байланысты. Айталық Батыс Еуропада II дүниежүзілік соғыс біткеннен соң
инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі
жылдарда инфляциялык құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен
жалакының арақатынасы, инфляцияның баска елдерден келуі және т. б.
факторлар себепші болды. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар,
соңғы жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-
теңсіздік (диспропорция) жатады, ол әміршілдік-әкімшілдік жүйе салдары еді
12,-62 б..
1.3 Инфляцияның түрлері
Инфляцияны әртүрлі белгілері негізінде жіктейді.
Инфляцияның мыныдай типтері болады.
Баға өсуінің қарқыны бойынша:
1.Бірқалыпты – жылына 10% - ға дейін
2.Шоқырақтау – жылына 20% - дан 200% - ға дейін.
3.Гиперифляция – жылына 1000% - ға дейін.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті
жақтаушы экономистер инфляцияның бірқалыпты (баяу) түрін өндірістің дамуына
қосымша оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар
мемлекеттің бірден – бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді.
Бірқалыпты инфляция саясаты өндіріс пен нарық жағдайларының өзгеруіне
сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Шоқырақтау (қарқынды) инфляция – экономика үшін едәуір қиын
жағдай, біраз іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала
ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляция – инфляцияның ұлттық өндіріс пен жұмыс бастылық,
көлеміне күйретерліктей ықпал жасайтындай төтенше тез қарқынды өсуі болып
табылады. Гиперинфляциянда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке
артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың асу қарқыны
айналымға шығарылған ақша көлімінің өсуінен көп есе артып кетеді. Мәселе
мынада, егер бағалар жайлап, тұрақты өсіп келе жатса халық пен кәсіпорын
олардың одан әрі көтеріле түсуіне дайындалады. Сондықтан да, олардың
пайдаланылмаған жинақ ақшасы және ғымдық табыстары құнсызданып кетпеуі
үшін, яғни, болжамдалған баға көтерілуін анықтау үшін, адамдар ақшаларын
дәл қазір жаратуға мәжбүрлі болады. Инвестициялық тауарларды сатып ала
отырып, кәсіпорындар да солай істейді 2,-244 б..
Инфляция ашық және басыңқы деп ажыратылады. Біріншісі – бағаның
өсуі, екіншісі – тауардың жоғарлуы.
Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын
байқалады және ресми түрде есепке алынады. Бірақ, бағалардың деңгейі ресми
түрде өспеген болса да, құнсыздану (инфляция) жағдайы қалыптасуы мүмкін.
Инфляцияның бұл түрлі тауар тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына
байланысты оларды ақшаға сатып алу қиындайды, яғни ақша (табыс)
құнсызданады.
Ашық инфляцияны жіктеу үшін бірніше белгі қажет:
1.Бағаның өсу қарқыны (баға индексі).
2.Әр түрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы.
3.Инфляцияның күтілуі және алдын ала болжануы.
Бірінші белгі тұрғысынан жоғарыда аталып кеткендей бояу, секірмелі
және гиперинфляция деп ажыратылады.
Екінші белгі тұрғысынан инфляцияның екі түрін ажыратады: тең және
тең емес. Тең инфляцияда әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты
–өзгермейді, ал тең емес инфляцияда әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты
үнемі өзгеріп тұрады.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты
және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент
кесімі (ставкасы) де өседі. Нарықта тепе – теңдік (тұрақтылық)
сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке товар топтарына бағы
бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.
Үшінші белгіден күтілетін және күтілмейтін инфляцияны бөледі.
Күтілу факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық
келесі жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар
келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін
инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляция жағдайында бағаның
10%- ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.
Тосылған инфляциясы тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған
инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен
жоспарлайды. Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен
көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады.
Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу
мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта
қалыптасқан жағдай бұзылады, сұраным мен баға бұрынғыдан да тез өсетін
болады. Сонымен бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың
инфляциялық, тосу психологиясын туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның
кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ал нарық жағдайына
қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның
уақытша ауытқуынан қорықпайды; және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама
оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар
бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт табысын
қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді,
бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді
3,-160 б..
Инляция екіге бөлінеді: біріншісі, сұраным инфляциясы – мұнда сұраным
мен ұсыным тепе-теңдігінің бұзылу сұранымының ауытқу салдарынан болады,
және екіншісі, ұсыным инфляциясы – мұнда сұраныс мен ұсыным қатынасының
өзгерісі өндіріс шығынының өсуінен болады.
Сұраным инфляциясы- бұл тұрғын халықтың және кәсіпорындардың ақшалай
табысы, тауар және қызмет көрсетудің нақты көлеміне қарағанда шапшаң өсетін
жағдайда болады. Әдетте инфляцияның бұл түрі қызметкерлердің жұмыспен толық
қамтылуы кезінде көрінеді. Мұндағы сұранымның өсуі мемлекет тарпынан да
(әскери және әлеуметтік тапсырыстар), сондай-ақ кәсіпкерлер (мысалы, тауар
сұранымының артуына байланысты) тарапынан болуы мүмкін. Сұраным инфляциясын
төмендегі суретте егжей-тегжейлі байқауға болады.
1- сурет .
Сұраным инфляциясы
Егер экономика еңбеккерлерді жұмыспен толық қамтуға және өндіріс
қуатын толық пайдалануға жуық десек, онда тұрған халықтың, кәсіпорынның
және мемлекеттің тұтынуға жұмсалатын шығын өсімі сұраным жиынтығының қисық
сызығын жоғары көтереді де, баға өседі.
Ұсыным инфляциясы. Бұл жағдайда өндіріс ресурстары толық
пайдаланылмағандықтан, өндіріс шығыны артып, баға өседі.
Дүние жүзілік практикада сұраным жиынтығы кемінде де бағаның өскені
кездесіп жүр. Шығын өсіміне негізделген инфляция теориясында бір өлшем
өнімге шаққанда жұмсалатын шығынның артуы нәтижесінде бағаның өсуіне
мынадай факторлар әсер етеді. Бір өлшем өнімге жұмсалған шығынның артуы
алдымен пайданы және өндірілетін өнім көлемін азайтады. Олай болса,
кәсіпорындардың сол кездегі баға деңгейінде сатуға ұсынатын тауары да аз
болады деген сөз. Міне, соның нәтижесінде тауар және қызмет көрсету ұсынымы
кемиді де, баға көтеріледі. Бағаның көтерілуі сұранымға байланысты емес,
бұл жағдайда шығынның ықпалы болып отыр.
Ұсыным инфляциясы болуының негізгі себептері еңбек ақының және
шикізат пен энергияға бағаның өсуінен жалпы шығынның артуы болып табылады.
Бұл инфляция Қазақстан Республикасында да кездеседі. Сондықтан да
тереңірек қарау артық емес. Сол үшін ұсыным инфляциясының механизмі
төмендегі суретте берілген.
2-сурет .
Ұсыным инфляциясы
Графикте көрсетілгендей, ұсыным бағасының өсуі (шығынның артуы)
ұсыным қисық сызығын тік жоғары көтереді. Соның нәтижесінде біраз уақыттан
соң сұраным сен ұсыным балансы қайтадан орнай бастайды, бірақ ол жоғары
бағадағы нүкте болады.
Нақты іс жүзінде сұраным мен ұсыным инфляциясы қабат болуы да
кездеседі. Табыс пен шығынның өсу себебі жоғарыда айтылған үш монополияның
(кәсіподақ, мемлекет және фирма) үстемдік жасауы. Мәселен, мемлекет өз
тапсырысын орындағаны үшін кәсіпорынға жоғары бағамен төлем төлейді. Ал
кәсіпкерлер шикізат пен материалдарды жоғары бағамен сатып алып және жоғары
еңбек ақыны төлеуге мүмкіндік алады. Бұған қоса мемлекет қарыз ақшаны
эмиссия жасау арқылы инфляцияны күшейте түседі. Ал, инфляцияны тереңдей
түсу мемлекеттік қаржы тапшылығын өсіруге ықпал жасайды 3,-162 б..
II. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ДЕҢГЕЙІ МЕН ЗАРДАПТАРЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫ ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛДРАЫ.
2.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары.
Тауарлар бағасының өсуіне, халықтың ақшалай жинағының, шаруашылық
субъектілерінің және мемлекеттік бюджет қаржысының құнсыздануынан, халықтың
экономикалық белсенділігінің төмендеуі мен жұмыссыздықтың көбеюінен, ұлттық
валютаны сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі мен басқа валюталарға қарағанда
оның нақты курсының бұрмалауынан, көлеңкелі экономикалық процестердің
белсенді өсуі мен салық төлеуден жалтаруынан және сол сияқты көптеген
процестерден байқалады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына
зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал
мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауына тырысады. Ақшаның
құнсыздануы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетуге әкеп соқтырады.
Инфляциядан өндірісте зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көретілуіне
байланысты еңбекке деген ынтада бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты
себебі. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің
пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта мехинизмі бүлінеді,
елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық
қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, экономикалық
қылмыстар мен астыртын экономиканын дамуын жеделдетеді. Инфляцияның
экономикалық және әлеуметтік зардаптары:
1. Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында
қайта бөліске түседі.
2. Инфляцияның жоғары қорқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын
жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.
3. Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте
түседі.
4. Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды,
жұмыссыздық өседі.
5. Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге
ауысуына әкеледі 15,-442 б..
Инфляцияның зардабы көптеген факторлар әсер ету салдарынан болады:
Табыс пен байлықтың қайта бөлінуі. Инфляция табыс байлықты қайта бөледі.
Мәселен, борышкерлер, кредиторлар есебінен байи түседі. Мұнда дебиторлар
барлық деңгейлердің бәрі де ұтады, өйткені, қарыз алғандағы ақшаның сатып
алу мүмкіндігі сол қалпында қалады, қарыз қайтарылғанды бұл жағдай
ескеріледі, сонда қайтарылғанда, ол ақшаға аз тауар сатып алынады. Сөйтіп,
инфляциядан саяжай меңгеру үшін несиеге ақша алған адамдар қарызды болған
кәсіпорын да, көп қарызды болған үкімет те ұтады. Баға
өсімі неғұрлым шапшаң, әрі күтпеген жағдайда болатын болса, ол нарық
экономикасының бір субъектісіне жақсы, ал екінші біреулерге жаман әсер
етеді. Мысалы, егер кәсіпкер мен кәсіподақ арасында бес жыл мерзімге
ұжымдық шарт жасалған болса, онда бағаның күрт өсімі ескерілмеген жағдайда,
жалдамалы жұмыскерлердің ұтылуы мүмкін. Егер басқа тауарлар бағасы
қымбаттаса, кәсіпкерлер де зардап шегуі мүмкін. Сонымен, кім ақша беретін
болса, соның есебінен инфляция байлық және табысты қайта бөледі. Мұндай
қайта бөлу процесін инфляцияның қарқыны, күтпеген жағдайда кенет болуы,
баланстылық болмауы күшейте түседі. Инфляция қозғалмайтын мүліктер құнын
қымбаттатады. Сол себептерден де өзінің үйі, саяжайы, жері, пәтері бар
жанұялар мен фирмалардың ауқаты арта береді. Ақша
қаржысының материалға айналуы. Инфляция кезінде нарыққа сұранымы бар тауар
мен материалдар бағасы өседі. Сондықтан халық және кәсіпорын өздерінің тез
құнсызданатын қордағы ақшасын құнды материалдық затқа айналдыруға тырысады.
Мұның өзі жалпы қарапайым халықтар мен кәсіпорындар ақша қаржысының
жетіспеушілгі туғызады. Материалдық заттар сатып алу нәтижесі сұраным
инфляциясын күшейтеді. Бұл жағдайды болдырмау үшін мемлекеттің қатаң ақша
саясаты қажет. Ұзақ мерзімді мақсатқа ынтаның төмендеуі. Инфляция ұзақ
мерзімді инфляцияға қаржы жұмсауы ешкімге де пайдалы етпейді. Өйткені, бұл
мақсатқа ақша ақша салғанда оның сатып алу мүмкіндегі бір басқа да, ал ол
инвестициядан табыс алған кезде оның сатып алу күші одан басқа болады. Егер
оның пайдалылығы инфляция өсімінің қарқынынан жоғары болатын болса ғана,
сол инвестиция тиімді болып табылады. Инвестицияның мерзімі неғұрлым ұзақ
болатын болса, соғұрлым көп құнсызданатын болады. Бұған мысалы, жаңа жоба
200 мың теңге инвестицияны қажет етеді делік. Бірінші, жылдың аяғында 100
мың теңге табыс алу, екінші жылда 200 сың теңге, ал үшінші жылдың аяғында
50 мың теңге табыс алу жобалансын. Бұл жағдайда инвестицияға бірден ақша
жұмсау қажет, ал табыс біраз уақыт өткен соң ғана болатыны белгілі. Егер
инфляция қарқыны 15 % деңгейінде болады деп жобалансақ, онда бірінші жылдың
аяғында алынатын табыс 100 мың теңге (1+0,15)=87 мың теңге болуға тиіс. Ал
екінші жылдың аяғында 200 мың теңге табыс алу белгіленсе, уақыт факторына
байланысты нақты алынатыны: 200*(1+0,15) = 151,5 мың теңге. Осыған сәйкес
үшінші жылдың аяғында алынатын табыс: 50*(1+0,15) = 33,3 мың теңге. Сонда
бұл бөлінген қаржыдан барлық алынатыны: 87+151,5+33,3 = ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz