Инфляцияға қарсы саясаттардың жетілдіру мәселері
Кіріспе ... ... ... ... ... ...2
I. Инфляцияның теориялық аспектісі ... ..5
1.1 Инфляцияның мәні мен жіктелуі ... ... .5
1.2 Инфляцияға қарсы саясаттың құралдары...
1.3 Банктік пайыздың мәні мен түрлері ... .13
II. Қазақстандағы инфляцияны реттеу негіздері және банктік пайызды реттеу шаралары ... ... ... ... ..16
2.1 Қазақстанда инфляцияның пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Банктік пайыздың инфляцияға әсері мен байланысы ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің инфляция мен банктік пайызды реттеу шараларын жетілдіру ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... 33.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың биылғы 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүгінгі таңда тұтас алғанда еліміздегі экономикалық жаңарудың «локомативі» болуға қабілетті дамыған өңірлік орталықтардың экономикалық қызметін жандандыруға, сондай-ақ өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет» - деп жазды/1, 5б/.
Біртұтас қаржы жүйесі — өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин:
а) бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтыгы;
ә) елдің қаржы мекемелерінің жиынтыгы, оларға қаржы мекемелері мен салық қызметінің барлық құрылымдық бөлімдері жатады.

1. ҚР Президенті Н.Назабаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. //Егемен Қаз. №8(137)-3 наурыз, 2006 жыл–5б.
2. Құлпыбаев С. Баязитова Ш. «Қаржы теориясы» -Алматы,2001.-176 б
3. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы»-Алматы,2005–497б.
4. Шеденов Ө.К. «Жалпы экономикалық теория», «А-Полиграфия», Ақтөбе-2004ж-243б.
5. Мельников В.Д.,Ильясов К.К «Финансы» -Алматы,2001.-512 б
6. Берлин С.И. «Теория финансов» -Москва,2000–149б.
7. Сейiтқасымов Қ. «Ақша, несие, банктер» -Алматы,2005–170б.
8. Қазақстан Республикасының заңы: Бюджет жүйесі туралы-Астана,2001– 201б.
9. Сұңғат Әліпбай. Бәсекеге қабілетті болу // «Егемен Қазақстан» – стратегиялық мақсат – 2007, №41–6б.
10. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде», //Хабаршы журналы № 6, 2004 ж–13б.
11. Кушербаев Б. «Банктер және несие алушылар қарым-қатынастарын реттеу» -Қарағанды,2002–168б.
12. Көшенова Б. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.»-Алматы,2000ж– 235б.
13. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы»-Алматы,2005–508б.
14. Мақыш С. «Ақша айналысы және несие» -Алматы,2000ж–102б.
15. Мельников В.Л. «Общий курс финансов» -Алматы,2001ж–155б.
16. Мақыш С. «Қазiргi несиелiк механизм және оны жетiлдiру жолдары» Автореферат -Алматы,1999ж–289б.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
I. Инфляцияның теориялық аспектісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Инфляцияның мәні мен
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Инфляцияға қарсы саясаттың
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..8
1.3 Банктік пайыздың мәні мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
II. Қазақстандағы инфляцияны реттеу негіздері және банктік пайызды реттеу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 16
2.1 Қазақстанда инфляцияның пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .16
2.2 Банктік пайыздың инфляцияға әсері мен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. 19
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің инфляция мен банктік
пайызды реттеу шараларын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .33.
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..35.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың биылғы 2006
жылғы 1 наурыздағы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы атты Қазақстан халқына Жолдауында: Бүгінгі таңда тұтас
алғанда еліміздегі экономикалық жаңарудың локомативі болуға қабілетті
дамыған өңірлік орталықтардың экономикалық қызметін жандандыруға, сондай-ақ
өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы
заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет - деп жазды1, 5б.
Біртұтас қаржы жүйесі — өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды
білдіру үшін қолданылатын термин:
а) бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен
буындарының жиынтыгы;
ә) елдің қаржы мекемелерінің жиынтыгы, оларға қаржы мекемелері мен салық
қызметінің барлық құрылымдық бөлімдері жатады.
Инфляция күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген
дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты
экономикалық проблемаларына айналып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу
қарқынын бәсеңдетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің
шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер
туғызады.
Инфляция мен экономикалық дағдарыстардан осы уақытқа дейін бірде бір
ел тыс қалып көрген емес. XIX - XX ғасырларда дағдарыс пен инфляцияға АҚШ
және Европа ( 1929-1933 ж. 1950-1980ж). Онтүстік Америка (1970-1990),
Оңтүстік-Шығыс Азия (1980-1990ж) ТМД елдері (1990 жылдары) ұшырады.
Бірақ бұл процестің өзіндік жақсы жақтары да бар барлық елдерде ең ауыр
дағдарыс (инфляция) әдетте экономиканың жаңғарумен және өрлеуімен
аяқталады. Сондықтан экономикалық дағдарыс пен инфляция көбінесе
мемлекеттің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуының бетбұрыс кезеңі
болып қаралады. Бұл жөнінде нақты мысал ретінде 1990 жылдардың басындағы
ТМД елдеріндегі, оның ішінде Қазақстандағы дағдарысты айтуға болады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына
инфляция деңгейінің жоғары болуы кедергі болып табылады, сондықтан инфляция
деңгейін және онымен күресу жолдарының маңыздылығын қарастыру болып
саналады. Ұлттық банк еліміздегі жалғыз ақша эмиссиясын жүргізуші
болғандықтан ішкі валюталық тұрақтылықты сақтау осы органға жүктеледі.
Мемлекеттің дамуы мен экономикалық өсуі тікелей елдегі жүргізілетін
саясатардың дұрыстығына негізделеді және соған байланысты болады. Сол
себептен, бұл тақырыптың өзектілігі күмән тудырмайды, өйткені мемлекеттің
қалыпты дамуын, әрі экономикалық өсуін немқұрайлықпен немесе мүлдем
қарастырмай кету үлкен қателік болар еді.
Курстық жұмысты жазу мақсаты: Инфляцияға қарсы саясаттардың жетілдіру
мәселерін қарастыру болып табылады. Саясаттардың тиімді жүргізілуі
жұмысбастылықтың өсуі мен өндірістің жандануы және экономикалық қызып
кетудің алдын алу мен инфляция қарқынын төмендетумен тікелей байланысты.
Елімізде экономикалық өсім мен инфляцияның өсуі байқалғандықтан бұл мәселе
өзектілер қатарына сөзсіз кіретіні анық.
Курстық жұмыстың міндеттері:
– Инфляцияға қарсы саясаттарды ұйымдастыру негіздерін қарастыру;
– Банкттік пайыздың инфляцияға әсер етуін талдау;
– Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің инфляция мен банктік
пайызды реттеу шараларын жетілдіру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Инфляцияға қарсы саясаттардың мемлекетпен
анықталатын болғанмен, оны нақты іске асырушы орган Ұлттық банк болып
табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасындағы
Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясаттарының құралдарын қолдану
ерекшеліктері және олардың бағыттарын іске асыруы алынған.
Курстық жұмыстың жазылу барысында келесідей оқу-әдістемелік
құралдар қолданылды: С. Б. Мақыштың Ақша айналысы және несие, Ғ.
С. Сейітқасымовтың Ақша, несие, банктер оқулықтары, ҚР-ның Ұлттық
банкі туралы ҚР Заңы, Егемен Қазақстан газеті пайдаланылды.
I. Инфляцияның теориялық аспектісі
1.1 Инфляцияның мәні, мен жіктелуі
Инфляция – ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге бағаның
жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Бүгінгі таңдағы
экономикалық әдебиеттерде инфляцияға көбінесе осындай анықтама берілген.
Ақшаның құнсыздануы, оның сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан
белгілі. Оның пайда болуын монета түріндегі алғашқы ақшаның шығуымен
байланыстырады.
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс, ол қағаз ақша
айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің
бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының
қымбаттауы ретінде көрінеді.
Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық феномен, оның пайда болу
себептері көбінесе бір жақты айтылмайды. Бірақ инфляцияның негізгі пайда
болу себептерін экономикадағы барлық нарықтарда (тауар, ақша, тұтынушылық
қызметтер, т.б. нарықтарда) бір уақытта сұраныстар мен ұсыныстардың
арасындағы баланстың бұзылуынан деп есептейді. Басқа сөзбен айтқанда,
инфляция экономикадағы баланстың тепе-тендіктің жоқтығының нәтижесі, ЖҰО
(жалпы ұлттық өнімнің ) құндық өлшемнің (ақшалай эквиваленті) және оның
табиғи заттық құрамының арасындағы сәйкессіздіктің белгісі. 2, 176б..
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі
факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай – монетарлық
факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаршылық
сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдік дамуы, өндірістің
монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси
сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік
қаржының дағдарысы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша
эмиссиясы, сондай-ақ несие жүйесінің кеңейуі, ақша айналысы жылдамдығының
артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады. Инфляцияның көріну нысаны
– ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның
көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдылығының тиісінше
төмендеуі. 3, 497б.
Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар
ауқымының оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде.
Қоғамдық өнімнің құндық және табиғи –заттай құрылымы арасынағы
сәйкессіздік себептері туралы аз еңбек жазылған жоқ. Экономистердің
пікірлері бойынша ресей экономикасының макроэкономикалық құрылымы (сол
сияқты Қазақстанның экономикасы да) ашық түрде инфляцияға бейімделген
болатын.
Бұған сол кездегі ауыр өнеркәсіптің жеңіл өнеркәсіпке қарағанда аса
зор дамуы, өндіруші өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібімен салыстырғанда үлес
салмағының көп артықшылығы, тауар өндірісінің тауар айналымынан, оны
халыққа жеткізуден үнемі алда болуы, жалпы инфрақұрылымдардың барлық
түрлерінің даму деңгейінің аса төмен болуы дәлел болады.
Экономикада инфляциялық құбылыстардың шығу себептерін және оларды
дамытуға ықпалы тигізетін барлық факторларды талдай отырып, экономистер
инфляцияны сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы деп екі типке бөледі.
Экономикалық әдебиеттерде бұларды кейде инфляция түрлері, пайда болу
тәсілдері, және т.б. атаулармен атайды. Бірақ сұраныс, шығын инфляцияны
деген ұғымдар олардың мәнін, тегін толық ашады. Өйткені әрқайсысы
экономикадағы инфляциялық құбылыстарды туғызатын факторлардың жиынтығы
болып табылады.
Сұраныс инфляциясы - өндірістің макроэкономикалық құрылымының
жетілмеуінен, нарықтың аймақтық құрылым талаптарына сәйкес орналаспау
салдарынан пайда болатын (нарық өндірісі, тұтыну өндірісі, ақшамен
қамтамасыздандыру және т.б.) үрдіс. Шығын инфляциясы ХХ ғасырдағы барлық
капитализм дәуіріне тән, бағаның шарықтауына және оның қалыптасуына
олигополиялық орталықтардың әсерін, кәсіпорындардың пайда табу үшін бағаны
өсіру үрдістерін көрсетеді.
Кейде макроэкономикалық деңгейде инфляцияның үш типі қарастырылады:
классикалық, нарықтық және тепе-теңсіздік (дисбалансовый). Классикалық
инфляция деп қағаз ақшалардың аса көп шығарылуына байланысты айналым
саласында олардың шектен тыс көбеюін айтады; нарықтық инфляцияға шығарылған
қағаз ақшалардың сомасы тұрақты болған жағдайда айналымдағы тауар
массасының қысқаруы жатады; дисбаланстік инфляция типіне: экономикалық
дамудың циклдық сипатынан шығатын макро- және микродеңгейде қалыптасқан
үйлесімсіздіктерден туатын баға деңгейінің өсуін жатқызады. Көріп
отырсыздар, инфляцияның типтерін бұлай үшке бөлудің негізіне сұраныс және
шығын инфляцияларының факторлары алынған.
Сұраныс инфляциясы. Айналымдағы ақшаның шектен тыс көбеюінен тауарлар
мен қызметтерге жалпы сұраныстың өсуін сұраныс инфляциясы деп атайды.
Немесе кейбір оқулықтарда көп кездесетін сұраныс инфляциясының
анықтамасы бойынша: шектен тыс көп ақшаның тым аз тауар санына аңға
шығуы. Классикалық экономикалық теория оқулықтарында сұраныс инфляциясының
себептерін былай деп тұжырымдайды.
Мемлекеттік бюджеттің аса үлкен тапшылығы және оны өтеуге үкіметтің
қосымша ақша эмиссиясын жүргізуі. Бюджет тапшылығының негізгі себептері:
мемлекеттік шығындардың тиімсіздігі, қоғамдық өндіріс салаларының
арасындағы құрылымдық және сандық үйлесімсіздік, нарық шаруашылығындағы
басқару жүйесінің жетілмеуі болып табылады. Бюджет тапшылығын жабу
мақсатында мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын шектен тыс ақша эмиссиясы
және халықтың ақшалай табыстарын индекстеу тұтынушылар сұранысының төлем
қабілетінің ұлғаюына, соған орай нақты өнім көлемі мен қызметтердің
бағасының өсуіне алып келеді.
Еңбекақының өсуі еңбек өнімділігінің артуына байланысты емес,
керісінше қоғамдық ұйымдардың бірлестіктер мен кәсіподақтардың үкіметке
өздерінің талаптарымен қысым көрсету нәтижесінде болуы. Бір жағынан алып
қарағанда жалпы адам мүддесіне бағытталған өте қажетті әділ шаралардың өзі,
мысалы, трансферттік төлемдердің мөлшерін арттыру (зейнетақылар,
жәрдемақылар, дотациялар және т.б.) сияқты шаралар сұраныс инфляциясының
өсуіне әкеліп соғалы.
Мемлекеттік шығыстардың (әскери, әлеуметтік, т.б.) өсуі. Кейбір
өнеркәсібі дамыған елдердің экономиканы көбінесе әскери-өнеркәсіп кешенін
қаржыландыруға бағдарланған. бұл экономика секторының өнімдері дәстүрлі
өндіріс пен тұтынушылар сұраныстарының нысандарына жатпайды.
Бірақ әскери тапсырыстарды орындауға кететін ақшалар тұтынушылар
нарығында тауармен қамтамасыз етілмеген сұраныстарды арттырады.
Одан басқа әскери шығыстардың өсуі қоғамдық өндірістің құрамын өзгертеді
және инфляцияға басқа бағыттар бойынша әсер етеді. Ол мемлекеттік борыш пен
мемлекеттік бюджеттің тапшылығын арттыруға әкеледі.
Мысалға, мұндай жағдайда әскери және басқа мақсаттарға бөлінген
ұлттық табыстың бір бөлігі орынсыз жұмсалды. Әлеуметтік тапсырыстарды
орындауға байланысты мемлекеттік шығыстар; дотациялаудың, жеңілдіктердің
алуан түрлері, әлеуметтік төлемдер мөлшерінің артуы нәтижесінде тұтынушылық
сұраныстар өседі.
Сұраныс және шығыс инфляциясы экономиканың дамуына, әсіресе оның макро-
және инфрақұрылымдарына, оларға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларының
тұрақтылығына (саяси, әлеуметтік және т.б.) байланысты түрлі жылдамдықпен
дамиды. Бұл өзі кезегінде инфляцияны келесі үш негізгі түрге жіктеуге құқық
береді, баяу, қарқынды және ұщқыр (гиперинфляция).
Баяу инфляция. Оған тұтыну бағасының орташа жылдық өсімі 8-10 пайызға
дейінгі инфляция жатады. Мұндай инфляция ұзақ мерзімді қарқынмен өсіп келе
жатқан экономиканың дамуына игі әсерін тигізеді деп есептеледі.
Экономикадағы артық ақшалар ондағы әсерін тигізеді деп есептеледі.
Экономикадағы артық ақшалар ондағы құрылымдық өзгерістерді қаржыландырады,
қосымша жұмыс орындарын ашуға жағдай туғызады және банкілердің кредиттік
пайыздық ставкаларын төмендетеді деген тұжырымдар бар. Бірақ инфляция
төменгі деңгейге жеткенде (1 пайыздан төмен) экономикада ақша тапшылығы
туады, шаруашылықтың даму қарқыны бәсеңдейді және ондағы тиісті құрылымдық
өзгерістер тоқтайды.
Сондықтан, көптеген дамыған елдерде ( Англия, Канада, Швеция, ЕВС,
Жаңа Зеландия) баяу инфляцияның деңгейін 1-2,5 пайыздан төмен түсірмейді.
Қарқынды инфляция, бұл жағдайда бағаның орташа жылдық өсу қарқыны 10-
нан 100 пайызға дейін шектеледі. Инфляцияның бұл түріне бағаның қарқындап,
бақылаусыз өсуі тән. Ақшалар өте тез құнсызданып, инфляцияны тізгінде
ұстап, басқарып отыру өте қиынға түседі. Сауда-саттық келісімшарттары
бағамы сенімді шетел валюталармен жүргізіледі немесе тауардың бағасында
болашақта инфляцияның өсу деңгейі ескеріледі.
Ұшқыр инфляция (гиперинфляция). Әр елде ұшқыр инфляцияның критерийі әр
түрлі. Нарық экономикасы дамыған елдерде гиперинфляция деп бағаның жылыны
1000 пайыздан аса жоғарлауын айтады. Ал экономикасы тұрақсыз, даму
үстіндегі немесе өтпелі кезеңдегі елдер үшін гиперинфляцияның басталу
деңгейі бұдан да жоғары. Мысалға, Ресейде 1992 жылы инфляция қарқыны бір
жылда 1353 пайызға жетті, бірақ ресми түрде гиперинфляцияға жақын деп қана
танылды.
Дегенмен көптеген экономистер гиперинфляцияға жылына бағаның 1000
пайызға өскенін қабылдайды. ХВҚ (МВФ) айына бағаның өсу қарқыны 50 пайыздан
асса, гиперинфляция деп есептейді. Бұл инфляция қарқынын жылға есептегенде
13000 пайызды құрайды.
Егер гиперинфляция қарқыны есепке алып отырған айдан бастап алдағы 12 айда
50 пайыздан аспаса, онда бұл инфляцияның ұшқырлығы жойылды, қарқыны
инфляцияның төменгі сатыларына түсті деп есептеледі.
Қазақстанда бағаның ең көп шарықтауы 1992 ж.-3060 пайыз, 1993 жылдың
қарашасында бір айлық инфляция деңгейі-56 пайыз болды.
Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша 1992-1993 ж. экономикадағы
жағдай гиперинфляцияға жақын. Ал батыс экономистерінің сипаттауы бойынша
Қазақстанда 1992-1994 ж. гиперинфляция болды. Халықаралық қаржы
есептемесінің стандарттары (МСФО) бойынша үш жылдағы инфляция жиынтығы 100
пайыз яғни жылына орта есеппен 33, 3 пайыз болса, онда ол гиперинфляция деп
есептеледі. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанда 1992-1995 ж. гиперинфляция
болған 1992-ж.-3060 пайыз, 1993-2265 пайыз, 1994-1258 пайыз, 1995 -160
пайыз. 4, 243б..
Сонымен, инфляцияны жылдамдығы бойынша үш түрге бөлуді абсолюттік
құбылысқа жатқызуға болмайды. Олардың деңгейі мен басқа айырмашылықтары
уақыт талаптарына сай өзгеріп отырады. Мысалға, баяу, қарқынды
инфляцияның деңгейлері әр түрлі тарихи кезеңдерде бір-біріне тең емес.
1.2 Инфляцияға қарсы саясаттың құралдары
Инфляциямен күресте ұзақ мерзімді жалпы экономикалық стратегиямен
қатар ұшқыр инфляцияны шекте үшін үкімет пен орталық банк кезек
күттірмейтін шаралар қабылдайды. Бұл ең алдымен ақша жиынына қатаң бақылау
орнату, оның өсу қарқынын бәсеңдету және ұлғаюына шек қою, ақша реформасын
жүргізу, шок терапиясы сияқты инфляцияға қарсы саясаттарды жүргізуді
талап етеді.
Ақша массасын таргеттеу әдісі. Бұл әдіс айналымдағы ақша массасын
қысқартуға және оның өсуіне шек қоюға бағытталған. Әдіс инфляциямен күресте
қатаң ақша-кредит саясатын жүргізуге, оны шеутеуге сүйенетін монетаризм
идеяларына негізделген. Қойылған мақсатқа жету үшін орталық банкілер
коммерциялық банкілердің міндетті резервтер мөлшерін жоғарылатады, олардың
кредиттеу операцияларына шек қояды және банкілердің ақша эмиссиясын
бақылайды. Үкімет өз тарапынан айналымға артық ақша шығу себептерін жоюға
бағытталған шараларды қолға алады. Бюджет тапшылығын қысқарту
қарастырылады, уақытша халық табысының индекстеуі тоқтатылады, кейбір салық
түрлерінің мөлшерлемелерін жоғарылатады (әсіресе тұтыну салықтары). Әрине,
аталған шаралар халық арасында наразылықтар туғызады, бірақ экономика ұшқыр
инфляцияға ұшырап тұрған жағдайда бұл шаралар инфляцияның жоғарғы қарқынын
тоқтатудың бірден-бір тәсілдері болып табылады. 5, 512б..
Ақша реформлары. Ақша реформасын жүргізу арқылы елде ақша айналымын
тұрақтандыру және оны тәртіпке келтіру ұшқыр инфляциямен күресудің ең
тиімді әдістерінің бірі болып саналады. Әсіресе бұл әдіс 1980 жылдары Латын
Америкасында (Бразилия, Аргентина, Перу, Боливия) болған инфляциялық
дағдарыстар кезінде гиперинфляцияға қарсы күрестің бірден-бір тиімді жолы
екенін өзі танытты. Ақша реформасы сол елдердегі сауданы жеңілдетті, тауар
этикеттерінен көптеген нөлдерді жойды. Ақша реформасы екі түрге бөлінеді:
1) жаңа ақша шығару;
2) ақша жүйесіне өзгерістер енгізу.
Ақша реформасын өткізудің негізгі әдістеріне мыналар жатады:
нуллификация, девальвация (ревальвация), деноминация. Аталған әдістерге
тоқталып өтейік.
Нуллификация – ескі ақшаның орнына жаңа ақша жүйесін енгізу.
Айналымдағы таза құнсызданған ескі ақша айналыстан шығарылып, оның орнына
жаңа ақша белгілері енгізіледі. Айналымнан шыққан ескі ақшалар үкімет
тарапынан төмендетілген бағамен сатып алынуы мүмкін.
Девальвация – ұлттық валютаның ресми бағамының төмендеуі; валютаны
инфляциядан кейін тұрақтандыру әдісі.
Ревальвация – ұлттық валюта немесе халықаралық валюта-ақша бірлігінің
басқа елдердің валютасымен салыстырғандағы бағамының жоғарылауы.
Деноминация – ақша айналымын ретке келтіру үшін және ақшаның құндылығын
көтері мақсатында оны ірілендіру. Деноминацияның негізгі мақсаты
айналымдағы ақша массасының номиналын азайту, ал ол өз кезегінде ақша
айналымын реттеп, есептеуді жеңілдетеді.
Шок терапиясы әдісі. Бұл термин медицинадан алынған, бірақ оны
экономикалық процестерді көрсететін нақты ғылыми термин деп айтуға
болмайды. Сонымен қатар бұл ұғым үкімет жүргізіп отырған кейбір нарықтық
реформаның ерекшеліктерін дәл сипаттайды, сондықтан экономикалық
әдебиеттерде кеңінен тараған. Шок терапиясы - нарықтық экономикаға өтудің
белгілі бір тұжырымдамасы. Оның теориялық негізі бойынша нарықтық
экономикаға өтудің және инфляцияға қарсы саясаттың бірден-бір құралы:
бағаларды бір сәтте ырықтандыру, мемлекеттік шығыстарды күрт қысқарту және
тапшылықсыз бюджетке қол жеткізу болып табылады. Бұл тұжырымдама – американ
ғалымы М.Фридмен мен оның жолын қуушылардың монетаризм иделарына
негізделген ырықтандырылған нарықтық теорияның бүгінгі заманғы нұсқаасы.
Монетаристердің тұжырымдауы бойынша, нарықтық экономиканы өтпелі кезеңде
қайта құру (реформалау) ырықтандыру қажет (бағаларды босату, экономикада
құрылымдық өзгерістер жүргізу). Сонда ғана нарықтың өзін-өзі ұйымдастыруына
және өзінше дамуына жағдай туады деп есептейді.
Шок терапиясы идеясы нарыққа көшу және инфляцияға қарсы саясат
жүргізу құалы ретінде екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін пайда
болды. Бұл идея Шығыс Еуропа, АҚШ, Жапония елдері сияқты экономикасы
жартылай мемлекеттендірілген экономикадан нарықтық экономикаға өту кезінде
қалыптасты.
АҚШ-та шок терапиясын қолдану ешқандай қиындықсыз өтті, өйткені бұл
елде мемлекеттендіру капиталистік шаруашылықтың негізін қозғамаған
болатын Нарық инфрақұрылымы толығымен сақталған, шаруашылықты жүргізетін
кадрлары дайын, ал американ халқы істі жүргізудің нарықтық механизмдерімен
жақсы таныс еді.
Барлығы 1945 жылдың күзінде АҚШ үкіметі мемлекеттендірілген
экономикадан нарыққа шок терапиясын қолдану арқылы көшуге бет бұрғанда
басталды. Капиталистік шаруашылық жүргізудің негізі толығымен
сақталғандықтан, шок терапиясын енгізу 1946 жылдың маусымынан бастап
бағаны әскери бақылаудан босатуға алып келді. Әрине, бұл бағаны күрт
өсірді. Бұл жағдайда бағалардың өсуін көтерме бағалар 1,5 есе өсті)
халықтың жинақтаған ақшасының айналысқа түсу себебінен болды деп есептейді.
Бірақ бағаның көтерілуі (инфляция) көпке созылмады (небәрі екі жыл) және
экономикада ешқандай қауіп тудырған жоқ. Жаңадан пайда болған тауарлар
нарығы тұтынушылар сұраныстарын тез қанағаттандырды. Тек азық-түлік
тауарларына баға босатылғанда кейбір қиындықтар туды ауыл шаруашылығы
өнімдеріне деген болуына байланысты). Халық өзінің наразылығын білдіріп,
шерулерге шықты. АҚШ үкіметі мәмілеге келуге мәжбүр болды, азық-түлік
бағасына бақылау жүргізуді онан әрі жалғастырды шаралар қабылдады. Тек 1946
жылдың тамызында ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның жоғарылау себептері
жойылғанда үкімет барлық азық-түлік тауарларына, оның ішінде ауыл
шаруашылығы тауарларына да бағаны босатты.
Экономикалық саясаттың құралы есебінде әуел баста шок терапиясы
1948 жылы Германияда қолданылды. Соғыстың салдарынан күйзелген елде
экономиканы қалыпқа келтіріп, нарықтық құрылымдарды жаау қажет болды. Ол
үшін реформаның тиімділігін арттырып, қарқындаған инфляцияны тоқтату
бірінші кезекте тұрды. Бұл орайда шок терапиясы ақша массасын шектеу
мақсатымен ақша реформасын жүргізумен басталды. Ол үшін:
1. дефляциялық бағам бойынша қағаз ақшаның көлемі (саны төмендетілді,
шок терапиясы ақша реформасын жүргізумен және ақша массасын
шектеу шараларымен жалғасты;
2. халықтың және экономикалық субъктілердің активтері (ақшалары)
уақытша тоқтатылды (банкілердегі шоттары).
Сонымен қатар ескі ақшаларды жаңа ақшаларға конфискациялық бағаммен
айырбастау жүргізілді. Бұған қосымша ақша массасын қысқарту үшін
мемлекеттің борышы, оның барлық секторының активтері, рейхсмаркалық
банкіаралық талаптар түгелімен жойылды. Халыққа еңбекақыны және басқа
ағымдағы төлемдерді реформаға дейінгі деңгейде рейсмаркамен сақтады (бқл
халықтың жинақтағы ақшаларын тым құнсыздандырып жіберді). Негізінде ақша
реформасы ешбір өтемақысыз, қатаң конфискациялық сипатпен жүргізілді.
Реформаның нәтижесінде елдің экономикасындағы баланс теңсіздігі
(сұраныстар мен ұсыныстар арасындағы) жойылды. Көп ұзамай қарқындап дамыған
орташа және шағын бизнес нарықты тауармен толтырды. Бұл инфляцияның дамуын
төмендетті, нарықтағы алыпсатар саудагерлікті жойды. Германиядағы шок
терапиясы осылайша нәтижелі өтті.
Экономистердің тұжырымдауынша шок терапиясының бұл жеңісі елде
нарықтық құрылымдардың кадрларды қоса есептегенде) сақталуына байланысты
болды. Сонымен қатар елдің іскерлікке қалыптасқан ұлттық ерекшеліктері,
мемлекет тарапынан шаруашылықтың кейбір салаларына көрсетілген қолдаулары
да себеп болды. Тек қана нарыққа сүйенуден нәтиже ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz