Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ИНВЕСТИЦИЯНЫ ТАРТУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНУ
Орындаған: Э-21 қ тобының студенті
Марқабаева М. С.
Тексерген: Шалболова Э. Ж.
Астана
2008
Жоспар
Кіріспе
1. Инвестицияның теориялық - әдістемелік негізі
1. 1. Инвестицияның экономикалық мәні және оның формалары
1. 2. Шетел капиталының артықшылықтары мен кемшіліктері
2. ҚР ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар
2. 1. Шетел капиталын тартудың ерекшеліктері
2. 2. Қазақстанның инвестициялық хал-ахуалы
2. 3. Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу
3. Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесін Қазақстан жағдайында қолдану
3. 1. Инвестициялық іс-әрекетті реттеудің халықаралық тәжірибесі
3. 2. Қазақстанға инвестиция тартудың мәселелері және оны шешуде халықаралық тәжірибені қолдану
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы-«Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану». Менің бұл тақырыпты таңдау себебім инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесіне деген қызығушылық болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі мынада деп ойлаймын. Тәуелсіздік алған және жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өткен кезеңде қоғамда көптеген құрылымдық өзгерістер болды. Ол, ең алдымен, экономика саласына қатысты болды. Осы кезеңдегі негізгі өзгерістердің бірі ел экономикасына отандық және шетелдік инвесторлардың тартылуы болды. Елімізге шетелдік инвестицияның келуі 1993 жылдан басталды.
Қазіргі кезде еліміз ТМД елдері ішінде инвестицияны тарту бойынша жетекші орында. Оң инвестициялық климат көптеген қолайлы факторлар әсерімен қалыптасты. Әйтсе де, инвестицияны тартуда көптеген кемшіліктер мен шешімін таппаған мәселелер бар. Осы мәселелерді шешуде халықаралық тәжірибені қолданып, қолайлы инвестициялық саясат жүргізу- мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі.
Менің осы курстық жұмысты жазғандағы мақсатым - шетел капиталының еліміз экономикасына оң және теріс салдарын қарастыру. Республикамыздың инвестициялық климаты мен шетел капиталын реттеудің халықаралық тәжірибесін талдап көре отырып, еліміздің инвестициялық белсенділігі мен тартымдылығын арттыруда өзімізге сәйкес келетінің қарастыру.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Алғашқы теориялық бөлімде мен инвестиция ұғымына жалпы тоқталып өттім. Сондай-ақ, инвестиция формалары мен шетел капиталының артықшылықтары мен кемшіліктерін қысқаша түрде қарастырдым.
Талдау бөлімін толығымен еліміздегі инвестициялық процеске арнадым. Бұл жерде мен ел экономикасына шетео капиталын тартудың кезеңдері мен ерекшелігіне тоқталдым. Еліміздің инвестициялық хал-ахуалын талдай келе, инвестициялық қызметті реттеуде елімізде атқарылу деңгейі мен шаралары жөнінде қарастырдым.
Соңғы бөлімінде, ең алдымен, инвестициялық саясаттың кореялық тәжірибесі, шетел инвестициясын ынталандырудың американдық тәжірибесі мен Шығыс Еуропа елдерінің тәжірибесі жөнінде баяндадым. Келесі кезекте Қазақстанға инвестиция тартудың мәселелері, оны шешу жолдары, оның ішінде халықаралық тәжірибені қолдануды талдауға тырыстым.
1. Инвестицияның теориялық-әдістемелік негізі
1. 1 Инвестиция және оның формалары
Шетелдік капиталды тартудың тенденцияларын анықтау үшін, олардың ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін басты фактор екеніне көз жеткізу үшін, оларды қолданудың нәтижелілігін анықтау үшін “инвестиция” ұғымының әлеуметтік-экономикалық мазмұнын нақтылау қажет.
Экономикалық әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде көптеген анықтамалар берілген, бірақ әртүрлі авторлар ұсынған ол анықтамалардың барлығы құбылысты күрделі және көп аспектілікке әкеліп соқтырады. Инвестицияның кең тараған анықтамасы - бұл инвесторлардың өз кәсіпкерлік әрекетінің объектісіне салған мүліктік және интеллектуалды құндылықтарының барлық түрлері. Экономикалық мәнінде инвестиция “өндірістік күшті қалыптастыруда өндіріс процесінде жеке еңбектің тұтынуға қарағанда жоғары құнды қалыптастыруы арқасында болатын жеке еңбек пен қоғамдық еңбекті салу процесі” ретінде анықталады.
Экономикалық әдебиеттердің анализі көрсеткендей, “капитал салымдары” термині - ол негізгі қорлар өндірісіне кеткен қаржылық шығындар. Мысалы, Г. И. Хачатуров капитал салымдары астарында негізгі қорлар өндірісіне кеткен шығындарды, олардың көбеюі мен жүзеге асырылуын түсінуді ұсынады. М. И. Кулагин экономикалық мәнде инвестицияны өндіріске, көлік, ауыл шаруашылығы және табысқа ие болу мақсатындағы ұлттық экономиканың өзге де салаларына құралдардың ұзақ мерзімді салымын түсінуді ұсынады(58) .
Бұдан да кең анықтамаларды шетелдік экономистер береді. Соның ішінде, Кейнс инвестиция болып “белгілі бір кезеңдегі өндірістік әрекет нәтижесінде капитал мүлігі құндылығының аралық өсімі” немесе “сол кезең ішінде иелікке алынуда қолданылмаған табыстың бөлігі” табылады деп санайды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы “Инвестициялар туралы” 373-ІІ заңы да “инвестиция” ұғымына анықтама береді. Бұл заң бойынша, “инвестиция” - табысқа ие болу мақсатындағы кәсіпкерлік әрекет объектісіне салынған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі. Заңда көрсетілген бұл мүліктік құқықтардың тізімі жеткілікті дәрежеде кең, мысалы, лицензияға негізделген немесе өзге формада мемлекеттік органмен ұсынылған әрекеттің жүзеге асырылуына қатысты кез-келген құқықты, сонымен бірге Қазақстан Республикасы территориясында инвестицияланған және алынған табысты инвестицияға жатқызады.
Инвестицияларға жылжымалы және жылжымайтын мүлік пен мүліктік құқық, иелік ету құқығы, облигация мен өзге де борыштық міндеттер, акциялар, сонымен бірге комерциялық ұйымдарға қатысудың және инвестициямен байланысты шарт бойынша орындалатын қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етудің өзге де формалары жатқызылады. Бұдан өзге бұл тізімге интеллектуалды әрекеттің нәтижесіне құқықтық, оның ішінде авторлық құқық, патенттер, тауарлы белгілер, өндірістік үлгілер, технологиялық процестер, ноу-хау, нормативті-техникалық, архитектуралық, құрылымдық және технологиялық жобалы құжаттамалар қосылған.
Экономикалық әдебиеттердегі жоғарыда көрсетілген анықтамалардағы және Қазақстан Республикасының “Инвестициялар туралы” заңындағы заң саласы бойынша берілген анықтама тұрғысынан қарағанда “инвестиция” ұғымының өзіндік белгісі болып “табыс алу” белгісінің болуы табылады.
“Инвестиция” ұғымына жасалған талдаудан инвестициялардың мүліктік және мүліксіз сипатқа ие екендігін айтуға болады. Кең аспектіде мүліксіз инвестициялар астарында әдеби және шығармашылық туындыларға құқық, ойлап тапқан жаңалыққа құқық, өндірістік үлгілер, интегралды кестелер типологиясын түсіну керек; сонымен бірге өзіндік ерекшелікке ие технологиялық мәліметтер, өндіріс құпиялары, конфиденциалды коммерциялық ақпараттар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар, яғни интеллектуалдық мүлік, иелік ұғымына кіретіндердің барлығы қамтылады. Инвестицияның бұдан өзге категориялары мүліктік инвестицияларға жатқызылады. Олардың өзіндік белгісі болып материалдылық көрінеді: қаржы, материалды құндылықтар, заттық құқықтар.
Сонымен, инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Инвестициялар әр түрлі формада жүзеге асады. Талдауды жүйелеу мен инвестицияны жоспарлау мақсатында оларды әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болады.
Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестиция классификациясының өзге негізі ретінде инвестициялау объектісін басқаруда инвестордың қатысуы мен қатыспауын санауға болады.
Сондықтан, инвестиция негіздемесін қоржынды инвестициялар деп аталатын тікелей және жанама инвестицияларға бөлуге болады. Тікелей инвестициялар шетелдік, болмаса отандық болып табылатын жүз пайыз инвесторға тәуелді біріккен кәсіпорындар мен кәсіпорындар құруда жүзеге асырылады. Инвестицициялаудың мұндай формасында инвесторлар кәсіпорынды (компанияны) басқаруға тікелей қатысады.
Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді
Тікелей шетелдік инвестициялар (foriegn direct investment) - бір елдің кәсіпорын-резидентінде (тікелей инвестицияларға ие кәсіпорындар) өзге елдің резиденттік қызығушылығына ұзақ мерзімді ие болуы (тікелей инвестор ретінде) .
Қоржынды инвестициялар кәсіпорынды басқаруға тікелей қатысуды көздемейді, шетелдік инвесторлар арқылы акция мен құнды қағаздарға, яғни бұл кәсіпорындарға ақшалай салынған капиталға девидендтер алуды болжайды.
Қоржынды инвестициялар - бұл шетелдік кәсіпорын әрекетіне тікелей бақылау мүмкіндігін бермейтін капитал салымының акция, облигация сияқты өзге формалары. Инвесторлар тек құнды қағаздар жөніндегі бекітілген ережелерге сәйкес табыс ала алады.
Қоржынды инвестициялар - ірі корпорациялар, орталық (мемлекеттік) және жеке меншік банктер шығаратын облигациялық заемдарды қаржыландыруға арналған шетелдік капиталды тартудың маңызды көзі. Шетелдік қоржынды инвестицияның жүзеге асырылуында делдал ретінде, әдеттегідей, ірі инвестициялық банктер бой көрсетеді.
Инвестициялық қызмет формалары сондай-ақ мерзімі, меншік формасы, саласы, аймағы, т. б. белгілер бойынша да жіктеледі(1-кесте) .
Салу мерзімі бойынша қысқа, ұзақ және орта мерзімді инвестиция болып бөлінеді.
Қысқа мерзімді инвестиция дегеніміз 1 жылға дейінгі инвестиция болып табылады. Бұл инвестициялар әдетте алып-сатарлық қасиетке ие. Орта мерзімді инвестициялық салымдар бір жылдан үш жылға дейінгі салымдарды қамтиды. Ұзақ мерзімді инвестициялар үш жылдан жоғары мерзімге салынады.
Инвестициялық ресурстарға меншік формасына байланысты жеке, мемлекеттік, шетелдік, аралас инвестиция болып бөлінеді.
Жеке инвестициялар дегеніміз-жеке инвесторлардың салымдары. Мемлекеттік инвестициялар-биліктің мемлекеттік органдарың, мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындардың инвестициялары.
Шетелдік инвестицияларға шетелдік азаматтар, ұйымдар мен меилекеттердің салымдары жатады.
Аралас инвестицияға отандық және шетелдік экономикалық субъектілердің салымдары жатады.
Аймақтық белгісі бойынша мемлекет ішіндегі және шет мемлекеттегі инвестициялар болып бөлінеді.
Салалық құрылымы бойынша экономиканың түрлі салаларына салынатын инвестицияларды бөледі:өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, байланыс пен транспорт, т. б.
Тәуекел бойынша агрессивтік, консервативтік, біркелкі инвестицияны бөлуге болады.
Агрессивті инвестициялар тәуекелдің жоғары дәрежесімен сипатталады. Олар жоғары табыстылық және төмен өтімділікпен сипатталады.
Біркелкі инвестициялар тәуекелдің орта деңгейімен сипатталады. Консервативтік инвестициялар тәуекелдің төменгі деңгейімен анықталады.
1-кесте
Нақты
Қаржылық
Қысқа мерзімді
Орта мерзімді
Ұзақ мерзімді
Тура
Қоржындық
Өндірістік
Өндірістік емес
Жеке
Мемлекеттік
Шетелдік
Аралас
Ел ішіндегі
Шет мемлекеттегі
Агрессивті
Бірыңғай
Консервативті
1. 2. Шетелдік капиталдың артықшылықтары мен кемшіліктері
Тура инвестициялардың кәсіпкерліктің өзге формаларымен салыстырғанда айырмашылығы оның дербестігінде болып табылады. Тура инвестициядан тура және жанама пайда алуға болады.
ТШИ түсетін тура пайдалар:
*әлемдік шаруашылықтағы ұлттық экономиканың интеграциясын жылдамдатуға бағытталған жоғары технологиялар мен басқарудың озық механизмдерінің трансфертін қамтамасыз ету;
*қолайлы инвестициялық климат жағдайында пайданы реинвестициялау;
*инвестициялық құралдарды максималды тиімді қолдануға деген шетелдік инвесторлардың қызығушылығы, бұдан шығатыны-өнімнің бәсекелестігін тудыру. Ал ол өз кезегінде пайда жоғарылауына әкеледі.
*барлық кезеңдерде күшті біріктіру. Ол өндірістің жоғары технологиясында көрінеді.
*елдің экспорттық әлеуетінің артуы, төлем балансының азаюы және т. б.
ТШИ жанама пайдасы, ең алдымен, динамикалық экономика негізінде әлеуметтік өмірде тиімділікке жетумен байланысты. Сондай-ақ кәсіпорындағы нақтылы реформалармен, атап айтқанда, мыналармен байланысты:
*қосымша инвестициялық капитал ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асуына көмектеседі
*құрал-жабдықтардың және технологиялардың жаңаруы кәсіпорында инвестиция тартудың негізінде жүзеге асады. Оның нәтижесі еңбек өнімділігінің артуы, бәсекеге қабілетті өнім шығару болып табылады.
*өндірістік цикл мен еңбек ұжымын басқарудың озық әдістерін үйрену
*шетел валютасын әкелу негізінде батыс нарықтарына шығуға мүмкіншіліктің пайда болуы, жергілікті мамандарды сәйкес деңгейге үйрету
*экономиканың әр түрлі салаларында қайта құру үдерісінің жылдамдауына жол ашылу
ТШИ екі ұйымдық құрылымда жүзеге асады:фирмалардың филмалдары және біріккен кәсіпорындар. Өндірістік инвестициялар әр түрлі болады: жылжымайтын мүлікке, құрал-жабдыққа, жерге, жаңа өндіріске, жұмыс істеп жатқан өндірісті қайта жарақтандыруға салымдар, кәсіпорынды приватизация үдерісі арқылы сатып алу не концессияға айналдыру.
Филиалдар мен біріккен кәсіпорындар ішкі және сыртқы нарықта қызмет жасайды. Шетелдік инвесторларды әсіресе экономиканың шикізат саласына инвестициялар қызықтырады. Қазақстанда бұл отын-энергетика және тау-кен кешені болып табылады.
Дамушы елдерде тура шетелдік инвестицияларды экономикаға тарту, ең алдымен, ұзақ мерзімді стратегиялық мәселелерді шешуге жол ашады. Капитал импорты өндіріске ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін, озық басқару тәжірибесін енгізуге мүмкіндік береді. Ал бұл инвестицияны ары қарай тартуға және экономикалық өсуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Капитал иесі инвестициялау туралы шешімді тәуекел бағасына, тусетін пайдаға негізделіп қабылдайды. Сызықтық талдау бойынша кәсіпкерді инвестиция тартымдылығының салыстырмалы сәттері қызықтырады. Сызықтық емес талдау бойынша тәуекел мәселесі, мемлекеттік органдармен ынтымақтастық, заңның жетілдірілуі, қоғамның диверсификациясы қызықтырады.
Компаниялар, бір жағынан, ірі капиталмен тәуекел жасамайды, екінші жағынан, импорттаушы мемлекеттің жарғыларымен, ерекшеліктерімен танысады.
Көп факторларға аса көңіл бөлінеді. Мысалы, заңдық базаның жетілдірілуі. Өкінішке орай, ТМД мемлекеттерінде бұл үдеріс баяу жүруде. Заңдардағы жиі болатын өзгерістер мемлекеттік органдардың жұмысының шашараңқылығына әсер етеді. Бұл шетелдік инвесторлар жұмысының белсенділігін төмендетеді.
Бағалар мен валюта бағамының тұрақсыздығы іскерлік жоспарлауды тежейді, инвестициялау кезіндегі тәуекелдікті сездіреді. Батыс инвесторлары үшін шикізат қорлары да үлкен қызығушылық тудырады:мұнай, газ, минералдық және орман ресурстары. Шетелдік инвестицияны тартудың инвестициялық климаттан тәуелділігі сызықтық сипатта болады. Мысалы, 1992 жылы 1. 9трлн. долл. болған барлық инвестицияның 489млрд. Долл. АҚШ-қа, 243млрд. долл. Ұлыбританияға тиесілі болды. Біріккен инвестицияның 100млрд. долл. жапондықтардың АҚШ-қа салған салымы болатын. Нәтижесінде Америкадағы Жапонияның инвестициялық үлесі 23 пайызға жетті. Бұл өте түсінікті жайт, себебі бұл елдердегі инвестициялық климат рейтингісі үнемі алғашқы бестікте келеді.
Шетелдік инвесторларды екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа белсенді кәсіпкерлер жатады. Олар тұрақты түрде жаңа мүмкіншіліктер іздейді. Олар барлық жағдай туралы:өзге елдерде не болып жатқаны туралы хабардар болып отырады, осы нарыққа бірінші болып енуге, оларда басымдыққа ие болуға әрекет жасайды. Екіншілері-белсенді емес кәсіпкерлер. Мұндай инвесторлар өз құралдарын оларға тиімді жоба ұсынғанда ғана салады. Қандай инвесторлар нәтижелі екенін анықтау қиын. Біріншілері нақты ұсыныстармен ерекшеленсе, екіншілері инвестицияның үлкен көлемімен ерекшеленеді.
Қазақстан үшін үлкен салымдары бар, оларды іске асыруға мүмкіндік іздейтін, инвестицияланатын жаңа технология мен басқарудың жаңа жүйесі, интеллектуалдық капитал өте маңызды.
Жаңа технологиямен алмасу әр түрлі жолдармен жүзеге асады. Кейбір мемлекеттерде олардың иелері жоғары бағамен сатуға әрекет жасаса, кейбіреулері технологияны беруді нарықтың белгілі бір бөлігіне иелік етудің құралы деп ұғынады. Көбіне бұл киім, аяқ киім өндіруде болады, ал жиһаздар мен мұнай-химия өнеркәсібінде технология жеке сатылады.
Кәсіпорынның басқару және ұйымдық құрылымы-кәсәпкерлік іс-әрекеттің үнемі өзгеруші және дамушы сфереасы. Адам ресурстарының ынталандыру механизмін білу бәсекелік күресте артықшылықтар береді. ТМД мамандары үшін әлемдік нарықтың мүмкіншіліктері мен құрылымының терең өзгерістерін зерттеу аса маңызды.
Шетел инвесторлары өтпелі экономикасы бар елдерге капитал салу жұмыстарын 1990 жылдардың басында бастаған. ЮНКТАД мәліметтері бойынша өтпелі экономикасы бар елдерге ТШИ 1994 жылы 7 млрд. АҚШ долл. құраса, 2001 жылы ол 150 млрд. долларға жеткен.
ТШИ колемінің жартысы Польша, Венгрия, Ресейге бағытталады. Жеке мемлекеттер ішінде Венгрия, Эстония, Латвия, Чехия алдыңғы орында. Олардың жан басына шаққандағы инвестиция көлемі 1000 долл. асады. Чехияда 2000 долл. тең.
Отандық экономиканы жандандыруда шетелдік инвестиция қандай рөл алады деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа экономикасы қиын жағдайда болды, тіпті бұрынғы жылдардағы Қазақстан экономикасынан да ауыр күйде еді. Онда капитал тарту бастамасы болып «Маршалл жоспарына» көмек болды. Мемлекеттік хатшы А. Маршалмен жасалған бұл бағдарлама 1948-1952 жылдар аралығында жүзеге асты. Бұл жоспар ары қарай даму мен қуатты экономикалық потенциал құруға жол ашты.
Банктік несие шектеулілігі мен мемлекеттің ішкі гарант ретінде көрінуіне мүмкіндік жоқ кезде кез-келген елде шетелдік инвестицияның маңызы айтарлықтай. Инвестицияның мақсаты-өндірістің жетілуі мен өсуіне жол ашу. Шетелдік капитал көмегімен табысты қызмет ететін кәсіпорындар құру тауар, қызмет, жұмысшы күшінің нарығының көлемінің кеңеюіне мүмкіндік береді, ал ол экономиканың жаңаруына жол ашады. Кәсіпорындар мен акцияларды сатып алу арқылы шетелдік инвесторлар қуаттылықты қамтамасыз ете алады.
Инвестициялардың жағымды жақтарымен қатар, жағымсыз жақтары да бар. Мұны әр түрлі сауалнамалардан да көруге болады.
АҚШ-тың қоғамдық пікірі шетелдіктердің пайдасына негізделмеген. 78% пайыз американдықтар бизнес пен жылжымайтын мүлікке шетелдік инвестицияны шектейтін заң қабылдау керек деп есептейді.
Әлемнің көптеген елдерінде шетелдік инвесторларды өз территориясына енгізуге кедергі жасайды. Халықаралық валюталық қордың өз құрамына кіретін 184 мемлекеттін инвестициялық саясатын зерттеуі мынаны көрсетеді: 78. 3% пайызы капитал импортына шектеулер қояды. Шетелдік инвестиция объектісі бола отырып, кез-келген ел белгілі бір ақша сомасын алып қана қоймайды, займдарға қызмет көрсету, қоржынды және тура инвестициялардың салымдарының белгілі бір пайдасын шетелге аударуды есептегенде оны үлкен көлемде қайтарады. Егер займдар өсетін болса, елден табысты сыртқа шығару жүйесі құрылады, ал бұл табыстарды банктік сфераға тартса артық болмас еді немесе жаңа өндіріс құруға, болмаса бар өндірісті модернизациялауға болатын еді. Сондай-ақ шетелдік капиталға бағытталған экономика одан тәуелді болып қалады. Кез-келген инвестициялық құлдырау тепе-теңдіктің бұзылуына, тіпті оның тоқтауына әкеледі. Өкінішке орай, халықаралық бәсекелестікпен салыстырғанда төмен деңгейлі өндірісі бар елдер ішкі нарықта отандық инвесторларға қарағанда импорттық қатысушыларға жағдай жасауға мәжбүр болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz